§ 1. ӘҚҰ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы
263. Авиациялық жердегі радиобайланыс желілері (арналары) жердегі электр байланысы желілерін (арналарын) ұйымдастыру мүмкіндігінің болмауы кезінде ӘҚҰ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін және жердегі электр байланысы желілерін (арналарын) резервте сақтау үшін ұйымдастырылады.
264. ЖЖ радиобайланысының республикалық желісінің құрылымын (басты радиостанцияларын көрсетумен), радиожелі корреспондеттерінің құрамын әуе қозғалысын ұйымдастыру және ұшулар мен байланысты қамтамасыз етудің радиотехникалық құралдарын пайдалану жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын анықтайды.
265. ӘҚҰ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін сөйлесу (телефондық) байланыс арналары ӘҚҰ органдарындағы диспетчерлердің жұмыс орындарына жедел байланыс аппаратурасын орната отырып, тікелей немесе коммутаторлық қосу қағидаты бойынша ұйымдастырылады.
266. Сөйлесу байланысының коммутаторлық арналары ӘҚҚКА өзара іс-қимылы үшін ӘҚҰ қызметімен келісім бойынша қолданылады.
267. Сөйлесу байланысының арналары ретінде тондық жиіліктегі байланыс арналары пайдаланылады. Тондық жиіліктегі байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігі болмаған бағыттарда радиорелелік арналар, ЖЖ радиобайланыс арналары (желілері), спутниктік байланыс арналары, мәліметтер беру желілері ұйымдастырылады.
268. Сөйлесу байланысының арналары ӘҚҰ органдарының байланысты ұйымдастыру схемасына немесе ӘҚБ АЖ жердегі байланысты ұйымдастыру және деректер беру схемасына сәйкес ұйымдастырылады.
269. Авиациялық жердегі электр байланысын ұйымдастырудың үлгі схемаларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
§ 2. Әуежай ішінің электр байланысы
270. Әуежай ішінің электр байланысы ӘҚҰ органдарының, әуежай мен авиакомпаниялар қызметтерінің өндірістік қызметін қамтамасыз етуге және олардың өзара іс-қимылына арналған.
271. Әуежай ішінің электр байланысының желілері жердегі жылжымалы станциялары бар радиобайланыс желілерін қоса алғанда, электр байланысы мен деректерді беру құралдарын пайдалана отырып, әуеайлақ аумағындағы электромагниттік үйлесімділік талаптарын орындауға жауапты кәсіпорын (бөлімше) қызметі әзірлеген және АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы бекіткен схемалар бойынша ұйымдастырылады.
272. Әуежай ішінің электр байланысы:
1) әуе кемелерінің рейстерін жоспарлау, дайындау және қызмет көрсету, тасымалдарды ұйымдастыру және жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету процестерінде ӘҚҰ органдарының, әуежайлар мен авиакомпаниялар қызметтерінің қызметін жедел басқару мүмкіндігін;
2) ӘҚҰ органдары мен әуежай қызметтерінің өзара іс-қимылын;
3) әуе көлігінің қызметтерін пайдаланатын кәсіпорындардың, жолаушылардың және басқа тұлғалардың қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етуі тиіс.
273. Жалпы пайдалану желілеріне қосылу тәртібі, жалпы пайдалану желілерінің трафигін өткізуді реттеу тәртібі және ведомстволық желілер мен жалпы пайдалану желілері арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі байланыс саласындағы заңнамамен реттеледі.
274. Азаматтық авиация ұйымдарының жылжымалы жердегі станцияларымен технологиялық радио байланысы перрондағы жолаушыларға қызмет көрсетумен және әуе кемелерін дайындаумен, арнайы автокөліктердің жылжымалы перрондық механизация құралдарының қозғалысын басқарумен және т.б. шұғылданатын азаматтық авиация ұйымдары қызметкерлерінің жедел байланысын қамтамасыз ету үшін қуаттылығы аз диапазондағы (5 Ваттқа дейін) стационарлық, ұтқыр және қолмен алып жүрілетін ӨЖЖ радиостанциялардың көмегімен ұйымдастырылады.
275. Әуежай ішінің радиобайланысы қызметтердің жұмыс технологиясына сәйкес ұйымдастырылады.
276. Радиобайланысты ұйымдастыру схемасын, радиостанциялардың саны мен түрін АА ұйымының (бөлімшенің) басшысы анықтайды.
277. Әуежайдың, авиакомпанияның әрбір қызметі үшін тиісті шақыру белгілері бар жеке радиожелі (радиобағыт) ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда бірнеше желілерді жеке шақыру белгілерімен бір желіге біріктіруге жол беріледі.
278. Әрбір ұйымда онда барлық радио желілер (радиобағыттар) кескінделіп, радиостанциялар үлгілері, олардың жиілігі мен орнатылған шақыру белгілері көрсетіліп, әуежай ішінің радио байланысының жалпы схемасы әзірленеді.
279. Радиобайланысты жүргізу осы Қағиданың талаптарына, АА байланыс желілері бойынша ашық беруге рұқсат етілген мәліметтер тізбесіне және басқа да басқарушы құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
280. Рұқсат етілмеген жиіліктерде және бекітілмеген шақыру белгілеріндегі жұмысқа тыйым салынады.
281. Технологиялық, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын
жүргізумен, табиғи апатты жоюмен, РТЖБП қызметінің объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда, тасымалданатын радиостанциялар АА ұйымының аумағынан шығарылмайды.
282. Радиостанцияларды техникалық пайдалану, оларды жөндеу, жұмыс істеу қабілетін тексеру, беру және алу, сақтау, жұмысын есепке алу, қызметтер қызметкерлерінің радиостанцияларды алулары мен жұмысқа жіберілуі және олардың жұмысын бақылау тәртібін осы желіні пайдаланушы ұйым әзірлейді.
§ 3. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы
283. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы:
1) Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің өзара іс-қимыл ететін ӘҚҰ орталықтарын (пункттерін) сөйлеу байланысымен қамтамасыз ету;
2) аэронавигациялық ақпараттар және ұшуларды жоспарлау мен әуекемелерінің қозғалысы бойынша ақпаратты, соның ішінде әуе кемелерінің экипажына беруді қамтамасыз ету;
3) деректерді беру;
4) метеорологиялық ақпаратты беру мақсатында ұйымдастырылады.
284. Қазақстан Республикасы мен шетел елдерінің тиісті ӘҚҰ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін тікелей сөйлеу байланысы арналары ұйымдастырылады.
285. Сымды байланысты ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде сөйлеу арнасы басқа құралдармен (радиоарнасы, байланыстың радиорелейлік желісі, спутниктік арна) ұйымдастырылады.
286. Сөйлеу байланысы арналары үшін резерв ретінде АFTN арналары, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісі және басқа да байланыс жүйелері пайдаланылады.
AFTN желісіндегі байланысты ұйымдастыру және жүргізу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық тіркелген электр байланысы желісіндегі жұмыс технологиясында белгіленеді.
Ескерту. 286-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 340 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
287. Өзара іс-қимыл арналарын ұйымдастыру тәртібі мен оларды пайдалану тәртібін мүдделі тараптар белгілейді.
288. Тараптар келісімге қол қояды, онда арналарды ашу мерзімдері мен тәртібі, арналарды алдын ала тексеру мен сынауды жүргізу тәртібі, ӘҚҰ органдары диспетчерлерінің арналарды пайдалану және олардың жұмысын бақылау, төлемдер мен өзара есеп айырысу тәртібі көрсетіледі.
289. Аэронавигациялық ақпарат және ұшуларды жоспарлау мен әуекемелерінің қозғалысы бойынша ақпарат АFTN арналары бойынша беріледі.
290. Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің ӘК халықаралық ұшулары үшін қажетті метеоақпаратты беру мен қабылдау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін реттейтін заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
291. Авиакомпаниялар арасындағы коммерциялық және қызметтік ақпаратпен алмасу АFTN желісінің және халықаралық авиациялық электр байланысы (бұдан әрі - SІТА) қоғамының деректерін беру арналары бойынша және халықаралық абоненттік телеграфтық байланыс желісі бойынша (бұдан әрі - ТЕЛЕКС) жүзеге асырылады.
292. Халықаралық желілердің және электр байланысы жүйелерінің (SITA, АFTN, ТЕЛЕКС, ТЕЛЕФАКС) арналарын пайдалану кезінде осы желілер үшін қабылданған электр байланысын белгілеу мен жүргізу ережелері сақталады.
21-тарау. Авиациялық бекітілген электр байланысының желісі
293. Авиациялық бекітілген электр байланысының желісі осы желі шегінде авиациялық электр байланысы станциялары арасындағы хабарлар алмасуға арналған.
294. Желі АFTN қайта тарату станцияларының жүйесін пайдалану негізінде халықаралық талаптарға сәйкес құрылған.
295. Желіде халықаралық трафикке кіру/шығу нүктелері бар. Желі радиалды-торапты схема бойынша ұйымдастырылады және:
1) хабарлар коммутациясының бас орталықтарынан (бұдан әрі - ХКБО);
2) аймақтардың хабарлар коммутациясы орталықтарынан;
3) аудандардың хабарлар коммутациясы орталықтарынан;
4) хабарлар коммутациясының шеткі орталықтарынан;
5) шеткі АFTN станцияларынан тұрады.
296. Желіні жедел басқаруды КХБО жүзеге асырады.
297. Желіні ұйымдастыру үшін жалдау құқығындағы операторлар байланысы арналары және АА ұйымының меншікті электр байланысы арналары пайдаланылады.
298. Әрбір байланыс бағытындағы арналардың (телеграфтық немесе деректер беру) түрі және саны арналардың өткізу қабілеттілігі мен айналып өту жолдарын ұйымдастыру қажеттілігін ескере отырып, ақпараттардың көлеміне байланысты есептеумен анықталады.
299. АFTN станциялары арасында сымды немесе спутниктік арналарды резервілеу үшін барлық байланыс түрлері қолданылады.
22-тарау. Авиациялық электр байланысы станцияларында жеделхаттар (хабарлар) жазу, жіберу және беру
300. Жеделхаттар беруге арналған АFTN желісін есептемегенде, авиациялық электр байланысының желілерінде жеделхаттар жазу, жіберу және беру осы Қағида талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
301. Жеделхаттар мен хабарлар мыналарға бөлінеді:
1) оларды өңдеу, станциядан өту сатысына байланысты: шығыс -
жіберушіден қабылданған және осы станциядан желіге берілетін;
транзиттік - осы станция арқылы өтетін және онда өңделетін;
кіріс - желіден осы станцияға келіп түскен және осы станцияның адресаттарына жеткізуге жататын;
2) жіберуші жазатын мекенжай жолына байланысты:
бір мекенжайлы - желінің бір адресатына жіберілетін;
көп мекенжайлы - желінің бірнеше адресатына жіберілетін;
айналмалы - желінің барлық станцияларына жіберілетін;
3) мәтініне және өңдеу тәсіліне байланысты:
нысандандырылғандар - қатаң белгіленген нысан бойынша жазылған мәтін;
қарапайымдар, криптограммалар - шифрланған хабарлар;
қызметтік - желінің жұмысқа қабілетін бақылауды қамтамасыз ету үшін станциялар алмасатын хабарлар.
302. Жедел санатына ие жеделхаттар беру кезектілігі желіде белгіленген кезектілікке сәйкес жүзеге асырылады. Жедел санаты жоқ жеделхаттар үшін кезектілігі станцияға жіберу уақытымен анықталады.
303. Хабарды желіге беру қолайлығын анықтау және мәтіннің жазылу дұрыстығы жеделхат жазған адамға жүктеледі.
304. Жіберуші желіге беру үшін дайындаған жеделхат мекенжай бөлігінен, дереккөзден, мәтін мен қызметтік мәліметтерден құрылады.
Жеделхат осы желі үшін анықталған талаптарға сәйкес орыс немесе латын әліпбиінде құрылады.
305. Жеделхатты беру уақыты «күні-уақыты» 6 цифрлы топты құрады, бастапқы екі цифра айдың күнін, ал соңғы төртеуі UTС уақытының сағаты мен минутын білдіреді. Уақыт 24 сағаттық есептеулерді көрсетіледі.
Станция қызметкері жеделхат бланкісінде көрсетілген жіберу уақытының станцияның нақты уақытымен сәйкестігін тексереді. Уақыт арасында айырмашылық болатын кезде, станция қызметкері жеделхаттың жіберілу уақытын өзгерту үшін жеделхат жіберушіге кері қайтарады.
Жеделхатты станцияға жіберілу уақытын көрсетпей жіберуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жеделхаттың жіберу уақытын станция қызметкері жазады және ол жеделхатты станцияға қабылданған уақытына сәйкес келеді.
306. Жеделхат мәтіні қарапайым жалпыға түсінікті сөз орамдарын, сондай-ақ, желі арқылы беруге рұқсат етілген белгілерді қолдана отырып, АА-да қабылданған шартты және кодтық сөйлемдерді қолдана отырып, қысқа, анық құрылады. Мәтін көлемі, қажет болған кезде оны бірнеше телеграммаларға бөлу, желі талаптарымен анықталады. Желіде белгіленген талаптар болмаған кезде, мәтін көлемі және оны бірнеше жеделхатқа бөлу осы жабдықты қолдану бойынша белгіленген талаптармен анықталады. Жеделхаттағы орысша сөздерді латын әріптерімен жазу қажет болған кезде латын әліпбиі әріптерінің сәйкестік кестесі қолданылады.
Жеделхаттар беруге арналған радиотелефон желілері бойынша жұмыс істеген кезде:
1) сөздер мен сөйлемдер радиотелефон арналары бойынша оңтайлы етіп таңдалуы қажет және дұрыс түсіндірмеу себебі болмайды;
2) жеделхат мәтінінде АFTN желісінде қолданылатын орыс немесе латын әліпбиін, цифрлар мен белгілерді қолданады. Радиотелефон желілері бойынша беру кезінде осы белгілер олардың атаулары бойынша айтылады.
307. Жіберу станциясы, осы мақсатта қолдану үшін рұқсат берілген, арна бойынша алынған немесе жіберуші бланкіде жеткізген жеделхаттарды желіге беру үшін қабылдайды.
308. Бланкідегі жеделхаттар жазу қағазының жартысынан кем емес қағазда немесе арнайы дайындалған бланкіде сиямен немесе реңді қанық қаламның сиясымен анық жазылған немесе басылған, қол қою құқығы берілген лауазымды тұлғалар қол қояды. Мәтіннің әрбір белгісі бір мағыналы қабылданады. Жіберушіге жеделхат көшірмесі қажет болған жағдайда ол байланыс станциясына екі данада беріледі.
309. Жіберуші аталған ережелерден ауытқып жазған немесе түсініксіз жазған жеделхатты станция өңдеуге қабылдамайды.
310. Жеделхат мәтінінен кейін шектеу сызығының астына мынадай қызметтік мәліметтер көрсетіледі:
1) жіберушінің қолымен расталған жіберушінің лауазымы және тегі;
2) қажет болса басқа да қызметтік белгілер (жеделхат орындаушының тегі және телефоны, түзетулерді растау және түзету енгізген орындаушының немесе жіберушінің қолы және т.б.);
3) күні (күні, айы, жылы).
311. Жеделхат мәтінінің астында лауазымды тұлғаның тегі көрсетілетін болса, осы жеделхатқа қол қою құқығы тек сол лауазымды тұлғаға беріледі. Егер жеделхат мәтінінің астында бірнеше тектер көрсетілсе, онда шектеу сызығының астында жеделхат жіберушілердің барлығының қолы болады.
312. Станцияға жіберілетін жеделхаттарға қол қою құқығы берілген лауазымды тұлғалар қол қояды. АА ұйымында АА ұйымы (бөлімше) басшысы бекіткен, жеделхаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізімі болады. Бұл тізім станцияда болады.
313. Жіберуші жеделхаттарға өзгерістер жасай алады, толықтырулар енгізе алады, жіберілуін кідірте алады немесе оларды жібермейді. Осы барлық әрекеттер жеделхаттың осы бланкісінде жіберушінің қол қоюымен расталады. Егер жеделхат жіберілген болса, оған түзетулер, толықтырулар енгізу немесе оның күшін жою үшін жіберуші мәтіннің басына «қайта түзетілген» деген белгі қою арқылы жеке жеделхат жібереді.
314. Станцияларда өңдеуге қабылданған жеделхаттардың түпнұсқалары жіберушіге қайтарылмайды.
315. Жеделхатты (хабарды) жібергеннен кейін станция қызметкері бланкіге мынадай жазбалар жазады:
1) хабарды (хабарларды) желіге беру уақыты;
2) станция қызметкерінің қолы.
316. Басқа желіден келген хабарды беру қажет болған кезде, ол станцияға осындай мақсаттарда қолдануға рұқсат етілген бланкіде немесе арна бойынша жіберіледі. Осы жағдайда мұндай хабарды желіге жіберген кезде алғашқы желі нысанының атрибуттары берілмейді.
317. Жеделдік индекстері жеделхаттармен бірдей көрсетілген криптограммалар бірінші беріледі.
318. Хабарларды адресаттарға уақтылы жеткізу ол лауазымдық міндеттеріне енгізілген тұлғаларға жүктеледі.
23-тарау. Радиобайланыс орнату және жүргізу қағидасы
319. Корреспонденттер, АА ӘК арасындағы радиобайланыс осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады. АА ұйымында төмендегідей тәртіп белгіленеді:
1) радиобайланысты орнату;
2) радиограммалар беру және қабылдау;
3) радиобайланыс арналары бойынша келіссөздер жүргізу;
4) радиограммаларды ресімдеу және радиобайланыс бойынша есепке алу құжаттамасын жүргізу.
320. Радиобюрода (жеке радиостанцияларда) радиобайланыс орнату және жүргізу үшін мыналарды қамтитын радиодеректер болады: жиіліктер, шақыру белгілері, корреспонденттердің азимуттары, радиожелілердің (радиобағыттардың) жұмыс кестесі.
321. Қолданыстағы радиожелілер мен радиобағыттардың құрамына кіретін, әуе кемелері мен жердегі пункттердің радиостанциялары оларға белгіленген жиіліктерде үздіксіз тыңдаулар жүргізеді. Байланыс сапасының сипаты осы Қағидаға 20-қосымшаға сәйкес бағаланады.
24-тарау. Авиациялық радиохабар
322. ӘК экипаждарына метеорологиялық және ұшу ақпаратын беруді қамтамасыз ету үшін арнайы радиохабар желілері ұйымдастырылады.
323. Әуеайлақ ауданындағы ӘК экипаждарын ұшу және метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету үшін АТIS радиохабар желілері ұйымдастырылады.
324. Ұшудағы ӘК экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ӨЖЖ немесе ЖЖ диапазондарындағы VOLMEТ радиохабарлар беру ұйымдастырылады.
325. ЖЖ диапазонындағы VOLMEТ радиохабар берудің ақпаратын сенімді қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында бұл желілер 1500-3000 км шегінде бір уақытта бірнеше жиілікте жұмыс істейді.
326. Радиохабарлар беру желілеріне қосылмаған әуежайлардың ауа райы болжамын және нақты ауа райын ӘК экипаждары ӘҚҰ қызметінің диспетчерлерінен немесе осы әуежайлардың радиооператорларынан авиациялық әуе электр байланысы желілері бойынша сұратады.
327. Ұшуда радиохабарлар беру желілері бойынша ақпарат алу үшін ӘК экипаждары аэронавигациялық ақпараттар жинақтарын басшылыққа алады.
328. Метеорологиялық ақпаратты радиохабарлау кезінде гидрометеорологиялық қызмет белгілеген жеке терминология қолданылады. Радиохабарлау үшін метеорологиялық ақпарат радиобюроға коды ашылған түрінде түседі.
329. Халықаралық әуежайлардың және әуе трассаларының экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ағылшын тіліндегі радиохабарлар беру ұйымдастырылады.
330. Радиохабар материалдарының мәтіндерін жасаушы беруге қажет нысанда дайындайды.
331. Радиохабарлар беру көрсетілген жиіліктерде және көрсетілген уақытта жүргізіледі. Барлық радиохабар берілімдерінің бағдарламалары мен жиіліктері тиісті құжаттарда жарияланады. Жиіліктердің немесе беру уақытының кез келген өзгерістері НОТАМ көмегімен нақтылы өзгерістерге дейін кемінде екі апта алдын ала хабарланады. Бұдан басқа, егер ол іс жүзіне асырылатын болса, нақты өзгерістерге дейін 48 сағат бұрын барлық тұрақты берілетін радиохабарларда осындай кез келген өзгерістер туралы хабарланады және осындай хабарлама әрбір радиохабар берудің бір рет басында және бір рет соңында беріледі.
332. Бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін радиохабарлар берілімі (белгіленген тәртіппен жүргізілетін ұжымдық берілімдерден басқа) жалпы шақырылымдағы бағдарламада белгіленген уақытта басталады. Егер радиохабарлар берілімі кешіктірілсе, белгілі уақытқа қысқа хабарландыру беріледі, онда абоненттерге күту ұсынылады және кешіктіру кезеңінің шамасы минуттарда көрсетіледі.
333. Берілімді бірнеше уақыт ішінде күту қажеттілігі туралы белгілі хабарландырудан кейін радиохабар берілімі көрсетілген күту уақыты аяқталмай басталмайды.
334. Радиохабар берілімдері бөлінген уақыт шегінде жүргізілген кезде әрбір станцияда берілім үшін бөлінген кезеңнің соңына барлық материалдардың берілімі бітуіне қарамай дереу аяқталады.
335. Белгіленген кезектілік тәртібімен ұжымдық радиохабар берілімін жүргізу кезінде әрбір станция өз берілімдерін белгіленген уақытта бастайды. Егер қандай да бір себеппен станция белгіленген уақытта өз радиохабар берілімін бастамаса, ол станциядан кейін беруі тиіс станция күтеді және өзінің радиохабар берілімін ол үшін белгіленген уақытта бастайды.
336. Радиохабар берілімін жүргізу үшін жауапты станцияның жұмысында үзіліс болған жағдайда, бұл берілімді алғашқы станцияның жұмысы қалпына келгенше басқа станция жүргізеді.
337. Радиотелефон бойынша жүргізілетін әрбір радиохабар берілімінің бастамасы жалпы шақырылымнан, станцияны тағайындаудан және UTС берілім уақытынан құралады.
25-тарау. Есепке алу және есептілік
338. Есепке алу және пайдалану құжаттамасына шығыс жеделхаттар, радиобайланыс арналарының журналдары, радиобайланыс арналарының борттық журналдары, магниттік, оптикалық және электрондық тасымалдағыштар (дискілер, дискеттер), бақылау орама және ленталық жазбалар, жеделхаттарды (хабарларды) есепке алу және жеткізу журналдары жатады.
339. Электр байланысының арналары бойынша тәулік сайынғы есепке алуға:
1) цифрлық, телеграфтық және телефон арналары бойынша - байланысты бұзушылықтың саны мен ұзақтығы;
2) радиоарналар бойынша - радиобайланыс арнасының аппараттық журналы бойынша берілген және қабылданған хабарлар саны жатады.
340. Магниттік (магнитофондық) жазбалар тасымалдағыштарын сақтау тәртібі осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген.
341. Радиобайланыс арналарының журналдары 30 тәулік бойы сақталады.
342. Байланыс станцияларында журналдарды сақтау мерзімдері соңғы жазбаның күні көрсетілгеннен бастап есептеледі.
343. Құжаттаманы тапсыру немесе жою қабылдау-тапсыру жүк құжатымен немесе жою туралы актілермен ресімделеді.
Азаматтық авиацияда
ұшуды және авиациялық
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына
1-қосымша
РТЖБП қызметі ауысымдық персоналының журналы
20__ жылғы «__»________ басталды
20__ жылғы «__»________ аяқталды
______________________________
(Азаматтық авиация кәсіпорны)
Күні
|
Объектінің (құралдың) атауы, қонудың МК-сы
|
Қосылу уақыты
|
Ажыратылу уақыты
|
Жұмыс ұзақтылығы
|
Ажыратылу себептері
|
ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы бойынша ескертулер
|
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Журналды жүргізу тәртібі
1. Кезекшілікті тапсырған тұлға қонудың МК-сын, күнін, уақытын жазады; барлық бағандарға көлденең кезекшілікті тапсыру сәтіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысының қысқаша сипаттамасын, ауысым бойынша тапсырылуы тиіс басшылықтың өкімдерін көрсетеді: «Кезекшілікті тапсырдым» (қолын қояды), кезекшілікті қабылдаған тұлға - «Кезекшілікті қабылдадым» (қолын қояды) деген нысан бойынша жазулар жазылады.
2. Кезекшілік процесінде журналға ҰРТҚ және авиациялық радио байланысы құралдарының жұмысындағы барлық өзгерістер (қонудың МК ауысуы, автоматтандырылған объектілердің жұмыс істеу қабілеттігін тексеру, істен шығулар мен зақымданулар т.б.) объектінің (құралдың) атауын, қосылу, ажыратылу уақыттарын, ажыратылу себептерін, жұмысқа қабілетсіз жай-күйінің ұзақтығын, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы туралы ұшқыш және диспетчерлік құрамның ескертулерін, ауысым жұмысы жөніндегі ескертулерді, қабылданған шараларды көрсете отырып журналға жазылады.
3. UTC уақыт.
Азаматтық авиацияда
ұшуды және авиациялық
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына
2-қосымша
«Бекітемін»
Азаматтық авиация ұйымының
(бөлімшесінің) басшысы
____________________
«__»_________20__жыл
Достарыңызбен бөлісу: |