Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Әуеайлақтың деректері және әуеайлақтардың физикалықсипаттамалары



жүктеу 10,41 Mb.
бет2/62
Дата22.05.2018
өлшемі10,41 Mb.
#15764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

2. Әуеайлақтың деректері және әуеайлақтардың физикалықсипаттамалары
Жасанды төсемді әуеайлақтарды және ұшу-қону
жолақтарын сыныптау
      12. Әуеайлақ үшін оның класы және әрбір жасанды ұшу-қону жолағының (бұдан әрі – ЖҰҚЖ) класы анықталуға тиіс.
      Әуеайлақ класы:
      1) бір ғана ұшу-қону жолағы бар әуеайлақтарда – ЖҰҚЖ класымен;
      2) екі немесе одан да көп ұшу-қону жолағы бар әуеайлақтарында – барынша ұзын ЖҰҚЖ-ның класымен анықталады.
      Сонымен қатар, халықаралық ұшуларды қамтамасыз ететін әуеайлақтар үшін кодтық таңба белгіленуі керек.
      13. ЖҰҚЖ класы стандарттық жағдайдағы ұшу-қону жолағының ұзындығымен 1-қосымшаның 1-кестесі бойынша анықталады.
      Халықаралық ұшуларды қамтамасыз ететін әуеайлақтардың кодтық белгілері 1-қосымшаның 2-кестесі бойынша анықталады.
Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдері
      14. Әуеайлақта әрбір ұшып-көтерілу және қону бағытына арналған мынадай ұшып-көтерілу және қону қашықтығы белгіленуға тиіс:
      1) орналасатын екпіндеу арақашықтығы (ОЕА);
      2) орналасатын ұшып-көтерілу арақашықтығы (ОҰКА);
      3) орналасатын үзілген ұшып-көтерілу арақашықтығы (ОҮҰКА);
      4) орналасатын қону арақашықтығы (ОҚА);
      Егер ҰҚЖ-да, ҰҚЖ-ның шетжақтарына жанаспайтын БЖЖ-дан ұшып-көтерілу көзделген болса, онда тиісті ұшып-көтерілу арақашықтықтары орнатылуға тиіс.
      Орналасатын арақашықтықтарды анықтау тәртібі 2-қосымшада келтірілген.
      15. Жабдықталған және жабдықталмаған ұшу-қону жолағы бар ұшу жолағы (бұдан әрі - ҰЖ) егер ҰҚЖ А,Б,В,Г,Д кластары үшін 60 м-ден және Е класты ҰҚЖ үшін 30 м-ден кем болмауға тиіс деп көзделсе, әр ҰҚЖ шегімен және соңғы тежеу жолағымен жалғасып жатуға тиіс.
      16. Жабдықталған ҰҚЖ-ын қамтитын ұшу жолағы (ҰЖ-ның бүкіл ұзына бойымен) көлденең бағытта ҰҚЖ өсінен және оның жалғасынан екі жағына қарай кем дегенде мынадай қашықтыққа созылуға тиіс:
      1) А, Б, В, Г класты ҰҚЖ үшін 150 м;
      2) Д және Е класты ҰҚЖ үшін 75 м.
      17. Жабдықталмаған ҰҚЖ-ын, қосалқы топырақ ҰҚЖ-дан басқа, қамтитын ұшу жолағы ҰҚЖ өсінен екі жағына қарай бірдей көлденең бағытта (ҰЖ-ның бүкіл ұзына бойымен) кем дегенде:
      1) А және Б класты ҰҚЖ үшін 80 м;
      2) В класты ҰҚЖ үшін 70 м;
      3) Г класты ҰҚЖ үшін 65 м;
      4) Д класты ҰҚЖ үшін 55 м;
      5) Е класты ҰҚЖ үшін 40 м қашықтыққа созылуы керек.
      18. ҰҚЖ өсінен (жабдықталған немесе жабдықталмаған ҰҚЖ-ын қамтитын) (ҰЖ-ның бүкіл ұзына бойымен) екі жағына бірдей орналасқан ұшу жолағына әуе кемесінің жете алмай немесе ҰҚЖ шегінен шығып кеткен жағдайда зақымдану мүмкіндігін барынша азайтатындай етіп жоспарлануы және дайындалуға тиіс.
      ҰЖ-ның жоспарланған бөлігі ҰҚЖ өсінен:
      1) А және Б класты ҰҚЖ үшін 80 м.
      2) В класты ҰҚЖ үшін 70 м.
      3) Г класты ҰҚЖ үшін 65 м.
      4) Д класты ҰҚЖ үшін 55 м.
      5) Е класты ҰҚЖ үшін 40 м-ден кем емес қашықтыққа созылуы керек.
      19. Ұшу жолағының жоспарланған бөлігінің беткі топырақ қабаты әуеайлақтағы жасанды төсеммен (ЖҰҚЖ қауіпсіз жол жиегі, бұру-жылжу жолы, КПТ және т.б.) байланысып жатқан жерлерде олармен бір деңгейде орналасуға тиіс.
      20. ЖҰҚЖ-ның бастау алған жеріндегі ұшу жолағының бөлігі ӘК газ ағыны салдарынан тозып кетуін болдырмау мен жерге қонатын әуе кемесін ондағы түрлі соққыдан қорғау мақсатында ЖҰҚЖ енінен:
      1) ЖҰҚЖ А класы үшін 60 м;
      2) ЖҰҚЖ Б және В кластары үшін 50 м;
      3) ЖҰҚЖ Г және Д кластары үшін 30 м кем емес ендікте бекітілуға тиіс.
      Қолданыстағы ҰҚЖ үшін бекітілген шегінің соңында ені ҰҚЖ-ның 2/3 еніне дейін азаятын бекітілуіне рұқсат беріледі.
      21. Ұшу жолағы жоспарланған бөлігінде ҰЖ-да болуға тиіс, ондағы жұмыстарға қажетті жеңіл және сынғыш объектілерден (мысалы, визуалды құралдар, курстық радиомаяктың бақылау антеннасы, қондырғыш радиолокатордың (бұдан әрі – ҚРЛ) бұрыштық шағылыстырғыштары және т.б.) өзге объектілер болмауға тиіс. ҰЖ-ның жоспарланған бөлігінде ұшып-көтерілу не қону үшін ҰҚЖ-ын қолдану кезінде (мысалы қар жинайтын машиналар) жылжымалы объектілер болмауға тиіс.
      Ұшу жолағында уақытша кедергілердің болуы жайындағы нұсқамалық материалдар 3-қосымшада берілген.
      22. Жоспарланған бөлік шегінен ұшу жолағы шегіне дейін, функционалдық арналымы бойынша ҰҚЖ-ға жақын жерлерде болуға тиіс және одан өзге жерлерге қойылмауы керек объектілерден басқа объектілер болмауға тиіс (ГРМ, ҚРЛ, старттық диспетчерлік пункті (СДП), метеорологиялық өлшеу құралдары).
      Осы шектерде жаңасын орналастыру не онда бұрыннан бар объектінің көлемін ұлғайту:
      1) әуе кемелерінің ұшып көтерілуі мен қонуын қамтамасыз ету үшін қажет, немесе
      2) ӘК ұшуларының қауіпсіздігіне қолайсыз жағдай тудырмайтын болуы керек.
      23. ҰҚЖ-ның ені бүкіл ұзына бойында тұрақты және төмендегі мәннен кем болмауға тиіс:
      1) ҰҚЖ-ның А класы үшін 60 м;
      2) ҰҚЖ-ның Б класы үшін 45 м;
      3) ҰҚЖ-ның В класы үшін 42 м;
      4) ҰҚЖ-ның Г класы үшін 35 м;
      5) ҰҚЖ-ның Д класы үшін 28 м;
      6) ҰҚЖ-ның Е класы үшін 21 м-ден кем болмауға тиіс.
      Ұшу қанаттарының құлашы 75 м-ге дейін жететін сыртқы авиашиналары бойынша ізі 10,5 м. және одан аз мөлшерде болатын ӘК пайдалануға арналған ЖҰҚЖ А класы үшін ҰҚЖ-ның ең аз ені 45 м-ге дейін рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда ені осымен шамалас етіп бекітілген жол жиектерінің ЖҰҚЖ өсінен қашықтығы жол жиегінің әр жақтауынан сыртқы жиегіне дейін 30 м-ден артпауға тиіс.
      Ұшу қанаттарының құлашы 75 м-ден артық болатын 7 индексті ЖҰҚЖ А класына арналған ӘК пайдалану үшін, жиектермен бекітілген ЖҰҚЖ-ның жалпы ені 75 м-ден кем болмауға тиіс, ал оның ЖҰҚЖ өсінен сыртқы жиекке дейінгі әрқайсысының қашықтығы 37,5 м-ден кем болмауы керек.
      Бұл ретте, бекітілген жол жиектері, ұшақтың жол жиегінен шығып кеткен жағдайында оған конструктивті зиян келтірмейтіндей немесе жол жиектерімен қозғалатын жер үсті көлігіне қандай да бір зақым келтірмейтіндей етіп, ЖҰҚЖ-мен салыстыруға болатын түрлі ауыртпалықты көтере алатындай болуы керек.
      24. ЖҰҚЖ-ның соңымен шектесіп жатқан БЖЖ жоқ болған жағдайда немесе ӘК-нің бұрылуына мүмкіндік жоқ жағдайда ЖҰҚЖ-ны одан оңға немесе солға қарай кеңейту көзделеді. Кеңейтетін жердегі ЖҰҚЖ-ның ені:
      1) А, Б, В, класты ЖҰҚЖ үшін 75 м-ден кем болмауға тиіс;
      2) Г және Д класты ЖҰҚЖ үшін 45 м-ден кем болмауға тиіс.
      25. Ұшуларды жүргізу нұсқаулығында әрбір ҰҚЖ үшін ҰҚЖ-ның бойлық пішіні нақты еңкіштіктерімен қоса көрсетілуге тиіс.
      26. Ұшу жолағының әр аяқталатын жағында соңғы қауіпсіздік аймағы (СҚА) болуға тиіс. Е класты жабдықталмаған ҰҚЖ-да соңғы қауіпсіздік аймағының болмауына рұқсат етіледі.
      27. СҚА, бойлық бағытта ҰЖ-ының соңына түйісуға тиіс және одан ары 90 м-ден кем емес қашықтыққа дейін созылып жатуға тиіс.
      Көлденең бағытта, СҚА ҰҚЖ-ның осьтік сызығының жалғасынан әр жаққа қарай ҰЖ-ның жоспарланған бөлігі үшін көрсетілгеннен кем емес қашықтыққа созылып жатуға тиіс. Мұндай ендегі СҚА құру мүмкін болмаған жағдайда, СҚА ені ең аз дегенде, ҰҚЖ-ның енінен екі есе артық болуына рұқсат етіледі.
      28. СҚА аумағында функционалдық мақсатқа пайдаланылатын сол жерде болуға тиіс (визуалдық құралдар, курстық радиомаяктың бақылау антеннасы, ҚРЛ бұрыштық шағылыстырғышы және т.б.) сынғақ объектілерден басқа объектілер болмауға тиіс. ҰҚЖ жоспарланған жерлерде ұшу не қону үшін ҰҚЖ-ғын қолдану барысында (мысалы, қар жинағыш машиналар) жылжымалы объектілер болмауға тиіс.
      29. Соңғы қауіпсіздік аумағы - ӘК жерге қонуы барысында ұшып жетпей немесе ҰҚЖ аясынан шығып кеткен жағдайда ӘК-не мүмкіндігінше келтірілетін залалдың аз болуын жоспарлап дайындау керек.
      30. СҚА беті ұшу немесе қонуға кіретін беттің деңгейінен жоғары болмауға тиіс. СҚА бойлық еңістеуінен еңкіштігі 5% құрайтын, ал көлденеңіне 5% құрайтын – көтерілетін немесе төмендейтін еңістіктен астам болмауға тиіс.
      Еңістеулердің өзгерістері, күрт өтулерсіз немесе шұғыл кері еңістіксіз, мүмкіндігінше жатық болуға тиіс.
      31. Еркін аймақ (ЕА) соңғы екпін алу қашықтығы орналасқан жерден басталуға тиіс және оның ұзындығы осы қашықтықтың жартысынан аспауы керек.
      Еркін аймақтарға (ЕА) талаптар енгізілуі әуеайлақта міндетті түрде еркін аймақтар болуын талап етпейді. Еркін аймақтардың қажеттілігі жергілікті жағдайлармен және олардың құрылғыларының экономикалық мақсаттылығымен анықталады.
      32. Еркін аймақ ҰҚЖ-ның осьтік сызығының жалғасынан әр жағына 75 м-ден кем болмайтындай қашықтыққа созылып жатуға тиіс.
      33. Еркін аймақтың беті жоғары көтерілетін 1,25 % қисаюы бар шартты жазықтықтан аспауы керек, мұның барысында осы жазықтықтың төменгі шегі ретінде:
      1) ҰҚЖ-ның осьтік сызығын қамтитын тік жақтыққа перпендикулярлы келетін;
      2) ҰҚЖ-ның осьтік сызығындағы орналасатын екпінеу арақашықтығының соңында орналасқан нүкте арқылы өтетін көлденең сызық болып табылады:
      Кейбір жағдайларда ҰҚЖ-ның, жиектердің немесе анықталған көлденең және бойлық еңістігі кезіндегі ҰЖ жазықтығының төменгі шегі ҰҚЖ-ның, жиектің немесе ҰЖ бетінен төмендеу болуы мүмкін. Бұл осы беттерді тегістеу қажет деген сөз емес. ҰЖ-ның соңына бетімен қатар орнатылған бірақ, ҰЖ-нан төмендеу тұрған бедерді тегістемеуге болады.
      34. Ені ҰҚЖ-ның енінен кем емес созылып жатқан еркін аймақтың сол бөлігіндегі бойлық екпіндеудің сипаттамасы егер, еркін аймақтың орташа еңкеюі елеусіз немесе сәл көтеріңкі болса ҰҚЖ еңістігімен салыстырмалы болуы керек. Еркін аймақтың орташа еңкеюі елеусіз немесе сәл көтеріңкі болған жағдайда (ҰҚЖ еңкеюімен салыстырмалы) еркін аймақтың көтеріңкі еңістігін шұғыл өзгертіп жіберуге жол берілмейді. Мысалы, еркін аймақты қиып өтетін арық, жыра секілді жекеленген жерлердің төменірек түсіп кетуі мүмкін болатын жағдай болмауға тиіс.
      35. Еркін аймақтың беткі жағында қандай да кедергілердің болуына жол берілмейді. Функционалдық маңызды болып табылатын жерлерде мақсатты түрде орналасқан объектілер жеңіл және сынғыш конструкциялы болуға тиіс.
      36. Соңғы тежеу жолағының (СТЖ) ені өзімен жанасатын ҰҚЖ-ның енімен бірдей болуы керек.
      Соңғы тежеу жолақтарына талаптар енгізу - әуеайлақтарда міндетті түрде СТЖ болуы дегенді білдірмейді. СТЖ орнату қажеттілігі мен СТЖ ұзындығы жергілікті жағдайлар мен экономикалық мақсаттылықты ескере отырып анықталады.
      37. СТЖ ұшу аяқталған жағдайда ұшақтың салмағынан болатын жүктемені ешбір зиян келтірместен, көтере алатындай етіп дайындалуы керек.
      38. БЖЖ-ның ені, БЖЖ-ның жиектері, БЖЖ-ның кедергілерден алыстауы сияқты ең төменгі параметрлерді анықтау мақсатында - әуеайлақтарындағы әр БЖЖ үшін осы БЖЖ-да пайдаланылатын ұшақтардың индекстері орнатылуға тиіс. Ұшақ индексі оның қанатының құлашы бойынша және сыртқы авиашиналары бойынша шасси ізіне қарай орнатылады. Ол 4-қосымша бойынша берілген.
      39. БЖЖ-ның ені:
      1) 1 индексті ӘК үшін 7,0 м-ден;
      2) 2 индексті ӘК үшін 10,0 м-ден;
      3) 3 индексті ӘК үшін 13,0 м-ден;
      4) 4 индексті ӘК үшін 17,0 м-ден (сыртқы авиашинасы бойынша шасси ізі 7,5м-ге дейінгі 4 индексті ұшақтар үшін 14 м);
      5) 5 индексті ӘК үшін 19,0м-ден;
      6) 6 индексті ӘК үшін 22,5 м-ден (сыртқы авиашинасы бойынша шасси ізі 9,5м-ге дейінгі 6 индексті ұшақтар үшін 18 м, сыртқы авиашинасы бойынша шасси ізі 12,5 м кезінде 21 м );
      7) 7 индексті ӘК үшін 25,0 (7 индексті ӘК үшін 22,5 м. қанат құлашы 5 тен 75 м-ге дейін жететін сыртқы авиашинасы бойынша шасси ізі 13,5 м-ден) кем болмауға тиіс.
      40. 4, 5, 6 немесе 7 индексті ұшақтардың бұрып-жылжуына арналған БЖЖ-ның екі жағынан жиектер (төсемі бар БЖЖ үшін – бекітілген жиектер) көзделуі керек. БЖЖ мен жол жиегінің жалпы ені:
      1) 4 индексті ӘК үшін 27,0 м-ден;
      2) 5 индексті ӘК үшін 29,0 м-ден;
      3) 6 индексті ӘК үшін 40,5 м-ден (сыртқы қозғалтқыштары осьтерінің арасындағы қашықтығы 27 м-ге дейін 6 индексті ұшақтар үшін 31 м, шасси іздерінің аралығы сыртқы авиашиналары бойынша 12, 5 м-ге дейін 6 индексті ұшақтар үшін 39 м);
      4) 7 индексті ӘК үшін 44,0 м-ден (сыртқы қозғалтқыштары осьтерінің арасындағы қашықтығы 36 м-ге дейін 7 индексті ұшақтар үшін 40,5 м, қанатының құлашы 75-тен 80-м-ге дейін жететін ұшақтар үшін 60 м) кем болмауға тиіс.
      41. БЖЖ-ның осьтік сызығы мен жылжымайтын кедергілердің арасындағы қашықтық:
      1) 1 индексті ӘК үшін 25,0 м-ден;
      2) 2, 3 индекстердегі ӘК үшін 29,5 м-ден;
      3) 4, 5 индекстердегі ӘК үшін 38,0 м-ден;
      4) 6 индексті ӘК үшін 47,5 м-ден;
      5) 7 индексті ӘК үшін 57,5 м-ден (сыртқы авиашиналары бойынша шасси іздерінің аралығы 10,5 м-ге дейін және қанатының құлашы 65-тен 75 м-ге дейін жететін ӘК үшін 55 м) кем болмауға тиіс.
      Көрсетілген қашықтықтар перрондағы бұру-жылжу жолдарына қатысты емес.
      42. Жасанды төсемді және жасанды төсемсіз параллельді БЖЖ осьтік сызықтарының арасындағы қашықтық белгіленген мәндерден төмен болмауға тиіс (5-қосымша).
      43. БЖЖ-ның жасанды төсемінің ҰҚЖ жасанды төсеміне түйісетін жеріндегі дөңгелектену радиусы кем дегенде:
      1) 1 индексті ӘК үшін 10 м;
      2) 2 индексті ӘК үшін 20 м;
      3) 3 индексті ӘК үшін 30 м;
      4) 4, 5, 6, 7 индексті ӘК үшін 50 м болуға тиіс.
      Егер ұшақтың БЖЖ-дан шығатын бұрылысы тек бір жағына қарай орындалатын болса, онда БЖЖ-ның екінші жағынан дөңгелектеу көзделмеуі мүмкін.
      44. Перрондағы бұру-жылжу маршрутының осьтік сызығы мен жылжымайтын кедергілердің арасындағы қашықтық:
      1) 1 индексті ӘК үшін 16,0 м-ден;
      2) 2, 3 индекстердегі ӘК үшін 22,0 м-ден;
      3) 4, 5 индекстердегі ӘК үшін 28,5 м-ден;
      4) 6 индексті ӘК үшін 40,0 м-ден;
      5) 7 индексті ӘК үшін 47,5 м-ден кем болмауға тиіс.
      Егер перронда рульдеу маршруты ретінде перронға белгілі бір бойлықта жалғасып жататын әуеайлақтың БЖЖ-ы пайдаланылса, жоғарыда көрсетілген қашықтық 41-тармағына сәйкес ұлғайтылуға тиіс.
      45. ІІІ В санатты қонуға дәлме-дәл кіру ҰҚЖ табалдырығының алдында радиобиіктік өлшегіштің жұмыс аймағы көзделуға тиіс.
      46. Радиобиіктік өлшегіштің жұмыс аймағы ҰҚЖ табалдырығынан ең болмағанда 300 м-ге және ҰҚЖ өсінің жалғасуынан әр жағына қарай 30 м-ге созылуға тиіс. ҰҚЖ осінен әр жағына қарай ұсынылатын қашықтық 60 м-ді құрайды.
      47. Радиобиіктік өлшегіштің жұмыс аймағы еңкіштігінің өзгерістері барынша аз болуға тиіс. Еңістер бұлтартпай өзгеретін жағдайда олар жатық болуға тиіс. Екі жапсарлас еңістер арасындағы өзгеріс көрсеткіші әр 30 м үшін 2%-дан аспауға тиіс.
      48. Әуеайлақ барлық периметрі бойынша қоршауы болуға тиіс.
Әуеайлақтың жасанды төсемдерінің беріктігі және топырақты
ұшу-қону жолағының көтергіштік қабілеті
      49. Жасанды төсемдер әуе кемелерінің олар үшін арналған тұрақтар мен қозғаласы кезінде туындайтын жүктемелерге төзімді болуға тиіс.
      50. Әр ЖҰҚЖ-ның, БЖЖ-ның, сондай-ақ перронның және ТО-ның ҰЖН-ында (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында) және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жасанды төсемдердің көтергіштік қабілеті анықталуы және жариялануға тиіс.
      51. Салмағы 5700 кг астам әуе кемелерін пайдалану үшін арналған жасанды төсемнің көтергіштік қабілеті «Ұшақтың жіктелу саны - төсемнің жіктелу саны (ACN-PCN)» әдісі бойынша анықталуға тиіс және мынадай мәліметтермен қоса ұсынылады:
      1) төсемнің жіктелу саны (PCN);
      2) төсемнің түрі;
      3) негізінің беріктік санаты;
      4) пневматикадағы қысымның барынша рұқсат етілетін санаты;
      5) бағалау әдісі.
      Іс-қимыл мерзімдері жылдың нақты мезгілімен шектелетін әуеайлақтың жасанды төсемінің жіктелу санының мәндерін (бұдан әрі – PCN) осы шектеудің іс-қимыл мерзімдерін көрсете отырып беруге рұқсат етіледі.
      1. ACN-PCN әдісі бойынша жасанды төсемнің төзімділігі туралы мәліметтер 6-қосымшада көрсетімен.
      2. ACN әуе кемелерінің жіктелу сандары ХААҰ әдістемесі бойынша (DOC-AN/901 3 Бөлімі) есептеледі және әуе кемесін ұшақтарды ұшуда пайдалану нұсқаулығында (бұдан әрі – ҰПН) жасаушы тарапынан СБӘ-де көрсетіледі. ҰПН-да әуе кемесінің ACN мәндері көрсетілмеген жағдайда, аэронавигациялық ақпарат жинақтарында көрсетілген мәндерді пайдалануға рұқсат етіледі.
      3. Жіктелу сандарын анықтау әдісі СБӘ-де көрсетілген.
      52. Егер төсемдердің сыныптау сандары (РCN) пайдаланылатын ӘК сыныптау сандарынан (AСN) төмен болса әуе кемелерін төсемдердің салмағын шектеусіз және/немесе пайдалануға болады.
      Егер PCN мәндері ACN мәндерінен төмен болса, ӘК-нің массасы және/немесе қозғалыс қарқындылығы бойынша шектеулер енгізу қажет.
      Нұсқамалық материалдар 6-қосымшада мазмұндалған.
      53. Әуеайлақта ӘК-тің салмағы және/немесе қозғалыс қарқындылығы бойынша шектеулер енгізілген кезде, сондай-ақ PCN мәндерінің іс-қимыл мерзімдері шектелген жағдайда (мысалы, қысқы маусымда) олар ҰПН-да (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында) және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілуге тиіс.
      54. Салмағы 5700 кг және одан аз әуе кемелерін пайдалану үшін арналған жасанды төсемдердің көтергіштік қабілеті туралы деректер:
      1) ӘК-тің барынша рұқсат етілетін салмағы;
      2) пневматикалардағы барынша рұқсат етілетін қысымды қамтуға тиіс.
      55. Топырақтық ұшу-қону жолағының (бұдан әрі – ТҰҚЖ) көтергіштік қабілетінің көрсеткіштері ҰПН-да (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында) көрсетілген ӘК-тің пайдаланылатын типтері үшін талап етілетін топырақ беріктігіне және тығыздығына сәйкес болуға тиіс.
      Негізгі ҰҚЖ-ға қону және ұшу мүмкін болмаған жағдайда қосалқы ТҰҚЖ пайдалану мүмкін болады.
Әуеайлақтың жасанды төсемдерінің және топырақтық беттерінің
жай-күйі
      56. ҰҚЖ бетінде:
      1) төсемді бүлдіретін бөтен заттардың немесе өнімдердің;
      2) арматураның ашық қалған өзектерінің;
      3) іргелескен бетонтақта қырларының және жарықтар жиектерінің арасында биіктігі 25 мм-ден астам кемерлердің;
      4) биіктігі 15 мм-ден астам мастика қатпарларының;
      5) тереңдігі 25 мм-ден астам ең төменгі өлшемі 50 мм-ден астам шұңқырлар мен ойықтардың;
      6) мастикамен жабылмаған, ені 30 мм-ден асатын және тереңдігі 25 мм-ден астам жарықшақтары бар тақталардың шеттеріндегі нақыштардың;
      7) үш метрлі сырық астынан 25 мм-ден астам саңылау түзетін (жауын суын жинағыш науалар мен қосқұлама пішінді төбелерден басқа) толқын тәрізді түзілімдердің;
      8) төсемдер беттерінің тереңдігі 25 мм-ден астам қабыршақталған бөліктерінің;
      9) ӘК тіректері жүріп өтетін жолда жабын бетінің ұзындығы 10 м-ден астам су іркілетін тұйық төмендеулердің болмауға тиіс.
      57. Халықаралық әуеайлақтарының А, Б, В, класты ЖҰҚЖ-ы үшін ҰПН-да (АНПА) әуеайлақ төсемі түзулігінің жинақталған сипаттамасы (R) анықталуы және жариялануға тиіс. Осы ЖҰҚЖ-ы үшін R мәні 2-ден кем болмауға тиіс.
      58. Жасанды төсемсіз ҰҚЖ-да:
      1) әуе кемелері дөңгелектерінің қопсытылған, тығыздалмаған топырақты учаскелердін ҰПН-да көрсетілген тереңдігі барынша рұқсат етілетін мәннен асатын іздері;
      2) жауын-шашыннан немесе қардың еруінен соң су іркіліп қалатын тегістелмеген учаскелер;
      3) әуе кемесінің басқаруға көнуіне әсер ететін немесе шассидің сынуына әкелуі мүмкін топырақтың шөгулері мен ойықтары түріндегі жекелеген кедір-бұдырлар;
      4) шассидің сынуына әкелуі немесе әуе кемелері қоғалтқыштарының ауатартқыштарына түсіп кетуі мүмкін бөтен заттар;
      5) ӘК тіректері өтетін аймақта ҰҚЖ бойында төселген үш метрлі сырықтың астында 100 мм-ден астам саңылауы бар беттік кедір-бұдырлар;
      6) беттің i5 = 0,030, i10 = 0,022, i20 = 0,015 мәндерінен асатын мезо кедір-бұдырлар болмауға тиіс.
      Мезокедір-бұдыр беттер – бетті 5, 10 және 20 м-лік қадаммен тегістеу кезінде анықталатын және түсіру қадамына көршілес жатқан нүктелердегі биіктіктер айырымының қатыстығы ретінде бағаланатын кедір-бұдырықтар.
      59. Жасанды төсемді ЖҰҚ, СТЖ шетжақтарына жанасатын БЖЖ-ның жасанды төсемдерінің, перронның, ҰЖ-ның бекітілген телімдерінің бетінде:
      1) төсемді бүлдіретін бөтен заттар немесе өнімдер;
      2) арматураның ашық қалған өзектері;
      3) іргелескен тақта қырларының және жарық жиектерінің арасында биіктігі 30 мм-ден астам кемерлер;
      4) мастиканың биіктігі 15 мм-ден астам қатпарлары;
      5) тереңдігі 30 мм-ден астам ең төменгі өлшемі 50 мм-ден астам шұңқырлар мен ойықтар;
      6) бетонтақта қырларының тереңдігі 30 мм-ден астам, ені 30 мм-ден асатын және мастикамен жабылмаған сынықшалары;
      7) ӘК тіректері жүріп өтетін жолда жабын бетінің үш метрлі сырық астынан 30 мм-ден астам саңылау түзетін толқын тәрізді түзілімдер;
      8) төсемдер беттерінің тереңдігі 30 мм-ден астам қабыршақталған бөліктері болмауға тиіс.
      60. ҰҚЖ-ға жанасатын БЖЖ-ның, перронның, ҰЖ учаскелерінің топырақтық бетінде:
      1) ҰПН-да көрсетілген барынша жол берілетін мәннен асатын терең әуе кемелері дөңгелектерінің ізтабандары, топырағы қопсытылған, тығыздалмаған учаскелер;
      2) жауын-шашыннан соң немесе қар еруі кезінде су жинақталып қалатын тегістелмеген учаскелер;
      3) шассидің сынуына әкелуі немесе әуе кемелері қозғалтқыштарының ауатартқыштарына түсіп кетуі мүмкін бөтен заттар болмауға тиіс.
      61. ЖҰҚЖ мен БЖЖ-ның бүйірлік қауіпсіздік жолақтарында (БҚЖ):
      1) төсемді бүлдіретін өнімдер мен бөтен заттар;
      2) арматураның ашық қалған өзектері;
      3) беттің, биіктігі 50 мм-ден асатын кемерлері болмауға тиіс.
      62. ТҰҚЖ мен БЖЖ-ның топырақты жиектерінде:
      1) ӘК қозғалтқыштарының ішіне түсіп кетуі мүмкін өзге заттардың;
      2) әуе кемесін БЖЖ-дан немесе ТҰҚЖ-дан шығарып жылжыту кезінде оның зақымдану қаупін елеулі дәрежеде арттыруы мүмкін тегістелмеген, топырағы тығыздалмаған учаскелер болмауға тиіс.
Кедергілерді анықтау
      63. Әуеайлақта ұшуларды орындау үшін қауіп туғызуы мүмкін кедергілердің орналасуы және биіктігі туралы нақты мәліметтер алынуы қажет, әуеайлақтағы және оған шектес жатқан аумақтардағы кедергілердің есебі қамтамасыз етілуі қажет. Кедергілерді, ҰҚЖ, тұрақ орындарын және перронның, бағыттар мен ұшу процедураларын, келу және қонуға кіруді қоса алғанда навигациялық құралдарың және әуе кеністігі құрылымының элементтерін, анықтау және есептеу үшін қолданылатын географиялық координаттар дәлдігі және шешу қабілеттілігі Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 14 және 15-қосымшаларына сәйкес келетін WGS-84 геодезиялық координаттар жүйесінде болу және Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын сертификаттау талаптарына енгізілу тиіс.
      Кедергілер туралы мәліметтер алу бойынша нұсқаулар СБӘ-де көрсетілген.
жүктеу 10,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау