Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің тарихы тереңде



жүктеу 153,68 Kb.
бет2/3
Дата13.11.2023
өлшемі153,68 Kb.
#44309
1   2   3
Несібелі Қазалы отчет дұрысы

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1«Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ


Қ ызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдыш мекемесі «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» Қызылорда облысының батыс бөлігінде Қазалы әкімшілік ауданының аумағында орналасқан. Орман мекемесінің жалпы ауданы-1785550 га құрайды. Орман мекемесінің орталық кеңсесі облыс орталығы Қызылорда қаласынан 360шақырым және аудан орталығы Әйтеке би кентінен 8шақырым жерде Қазалы қаласында орналасқан. Орман мекемесі солтүстіктен оңтүстікке қарай-360шақырым, батыстан шығысқа қарай-150шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 ақпан 2000 жылғы № 198 санды қаулысына сәйкес Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жанындағы Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің 22 ақпан 2000 жыл №66 санды бұйрығымен мекеме Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі болып аталды.


Бұл аумақты қорғауға орманшылық басшылары Айтуған Мұқанов, Оңталап Сары, Тағыберген Оразалиев, орманшылық басшысының көмекшілері Арыстанбек Пірманов, Қайрат Өтегенов, Қайрат Меңдібай, 14 орман шебері және 47 орманшы қызмет жасайды. Орман қорғау инженері Нұрлан Мұстафаев пен орман молықтыру инженері Айгүл Бәшен, мекеме басшысының орынбасарлары Тілепберген Мұқанбетов пен Асқар Рахметов сынды азаматтар Қазалы ауданының экологиялық мәселесінің шешілуіне біркісідей атсалысуда.
– Қарақұм орманшылығының №55 орамында 1 гектар жерге саялы ағаш тұқымбағы жасалып, оның ішінде 0,5 гектар жерге үйеңкі, 0,5 гектар жерге қара ағаш тұқымы себілді. Орман отырғызу жұмыстары барлық агротехникалық талаптары сақталып, мерзімінде орындалды.
Арал теңізінің құрғаған ұлтанына яғни, көлемі 6 мың гектар жерге сексеуіл көшеттері отырғызылды. Өткен күзде 10 гектар жерге уақытша сексеуіл тұқымы себіліп, толық қоршалып, суарылды. Бүгінде мекемеге бекітіліп берген «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» трассасының екі жақ бетінде жасалған 7 гектарға және Әйтеке би кентінің кіреберіс жолында 2,6 гектарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде, – дейді мекеме басшысы.
Мұнымен қоса орманды молықтыру бойынша 102 адамға қысқа мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетілген, яғни, тұрғындарға 55,9 гектар жер беріліп, 2 955,6 мың теңге қаржы түсірілген. Көктемгі екпе жұмыстары кезінде Сыр талының шыбықшаларынан 40 мың дана қаламша дайындалып отырғызылған.Былтыр қосымша 10 гектар жерге түрлі ағаш көшеттерін отырғызу, облыстық бюджет есебінен механикалық тәсілмен 10660 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, орманның табиғи өсуіне жәрдемдесу жұмыстары жүргізілген. Республикалық бюджет есебінен механикалық тәсілмен 31715 гектар сексеуіл тұқымы себіліп, 57786 гектарға арық тартылған. Осы жұмыстарға 6 «ХТЗ-17221» маркалы тракторы сатып алынды.
Орман және жануарлар дүниесін күзету мен қорғау жұмыстары бойынша да бірқатар істер атқарылған. Мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман заңнамасын бұзудың алдын алу үшін 24 рейд ұйымдастырылды.
Орман өртін болдырмау және оның алдын алу үшін аудандық ішкі істер, төтенше жағдай, өрт сөндіру, ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бірлескен іс-шара жоспарына сай жұмыстар жасалып келеді. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, көктемгі егін науқаны кезінде шаруашылықтарға өрт қауіпсіздігін сақтау, алдын алу үшін арнайы ескерту хаттары және үнпарақтар таратылған. Аң аулау заңдылықтарын сақтау, өртті болдырмауды ескерткен 6 аншлаг орнатылды. Жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат, түсінік жұмыстары жүргізілген. Орманды өрттен қорғау үшін 20 шақырым жерге жаңадан минералды жолақтар салынды. Қарақұм орманшылығына 2 бақылау мұнарасы орнатылған.
– Орман және дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қарлаң» тас жолының бойында, Қарақұм орманшылығының №56 оралымында Қазалы аудандық төтенше жағдай, аудандық ішкі істер, өрт сөндіру бөлімдерімен, аудандық жедел жәрдем станциясымен бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Орман қоры және оған іргелес аумақтардағы шөптесін өсімдіктерді бақылап өртеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді.
Биыл 15 қызметкерден тұратын ерікті өрт сөндіру жасағы құрылды. Өрт қаупі бар кезеңдерде мекеме ғимаратына, Қарақұм орманшылығындағы 2 мұнараға кезекшіліктер ұйымдастырылды.

1.2.Табиғи-климаттық жағдайлары


Қазалы орман мекемесінің аумағы орман өсімдіктерінің аудандастыруы бойынша, өзінің географиялық жағдайына байланысты Тұран ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Әйтеке би орталық ауданының солтүстігінде орналасқан учаске Арал маңындағы Қарақұмдарға жатады. Бұл құмдардың сілемінің бедері жағынан ұқсас емес, қалдықты үшінші-борлы үстірттермен, сорлармен, ақ сортаңдармен және тақырлармен көбінеше үзіледі. Қазіргі бедерлер құмдақтардың үзілуінің әсерімен қалыптасқан,олардың жоғарғы учаскелерден ойпаттарға үрленуінен туындаған. Осыған байланысты үшінші-борлы үстірттер абсолютті белгілер бойынша дөңді-тізбектерде, дөңдерде, ұсақ төбелі және орныққан құмдардың астында орналсқан. Құм сілемдерінің өзі әлсіз. Төселінген тұзды құрамдардың жақын болғандығынан ақ сортаңдардың көп болуын көрсетеді.


Арал маңындағы Қарақұмдар топырақ жамылғысының сипаттамасы бойынша қоңыр құмдар топырақтар тармағына жатады. Зоналды қоңыр топырақтар элювий өнімдерінде және делювий үшінші шөгінділерде дамыған. Бұнда қоңыр топырақтар кеңінен тараған және күшті тегістелген құмдақ және әртүрлі құмдар, олар сорланған ақ сортаңдармен араласады.
Көбінесе қоңыр сортаңдар кеңінен таралған, бедерлердің төменгі жағында кездеседі.
Ағашты-бұталы өсімдіктерге сортаңдардың теріс ерекшіліктері құрғақ жағдайда сортаңды кеңістіктің тығыздылығы,оның ылғалдылығы, жұмсақты- ғы және ылғалды кезіңде жабысқақтығы, суды нашар өткізгіштігі, кеңістіктің тұзды бөлігінің жақын орналасқандығынан сілтілі ортаның реакциялығы болып табылады.
Төбелер аралығындағы төмендіктерде тақыр сияқты топырақтар дамиды Оларға тесікті қабаттар, қабық астындағы қабатты-қабақты қабат, кеңістіктің жоғарғы жағында сілтінің жоғарлығы, жоғарғы қабаттың суының тұщы болуымен негізделген.
Тамыр сияқты топырақтардың арасында үрленген құмды жамылғыларда тұздалған саздақтар кездеседі.
Бұл топырақтарда ағашты-бұталы өсімдіктер табиғи қарқынды орналасуы болады.
Арал маңындағы Қарақұмдарда айқын көрсетілген топырақ кеңістігі жоқ,бірақ тығыздалуына байланысты түрлерге бөлінеді.
Қазалы қаласының оңтүстігіне қарай төбелі және ұяшықты-тізбекті кеңістікте Қызылқұм құмдар мәселесі орналасқан. Тізбектер солтүстіктен батысқа бағытталған және көптеген оңдаған шақырымдарға созылып жатыр, ені бірнеше жүз метрден 1,5 шақырымға дейін жетеді. Төбелердің биіктігі 12-15 метр , кейде 20-25 метрге жетеді. Олар ұсақ түйіршікті, дөңгелектенген құм- дармен орналасқан. Жотаның табаны ең жаңа аллювидің қалыңдығына түседі, барлық жерде осы ежелгі құмдар жатыр.
Негізгі жоталарда төбешіктер аз: биіктігі 2-3 метр, ені 10-20 метр, ұзындығы 10-50 метр; олар шығысқа қарай бағдарлана отырып, жоталарға белгілі бұрышпен бағытталған.
Негізгі орман құраушы тұқымдар таза , сонымен бірге аралас алқа ағаштар құрайтын қара сексеуіл және ақ сексеуіл болып табылады.
Өзгергіштердің ұзақ процестерінің нәтижесінде пайда болатын негізгі құм жоталары өсьтерінің бағыты басым желдердің мерзімді бағытына сәйкес келеді.
Климаттық жағдайларды сипаттау үшін Қазалы қаласының метеорологиялық станциясын бақылау деректері пайдаланылды.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап Арал теңізі деңгейі- нің күрт төмендеуі байқалады, бұл 1 миллион гектардан астам аумақта жаңа жердің пайда болуына әкелді.
Қызылқұм ауылынан батысында және Арал теңізінің бұрынғы жағалау- ынан Кәукей ауылының оңтүстігінде Азия шөл геоботаникалық аймағының Шығыс Арал ауданының батыс бөлігін алып жатқан және тұзлы және шөлді-құмды биокешендермен ұсынылған Ұялы Орманшылығы бар.
Рельеф көбінесе тегіс, кейде толқынды құмдар кездеседі. Топырақтың беткі қабаты барлық жерде ұлу қабыршақтарымен жабылған, кей жерлерде балдырлар кездеседі.Жеңіл механикалық құрам және желдің белсенділігі эрозиялық құбылыстарға әкеледі. Орман шаруашылығының бүкіл аумағы дерлік жел эрозиясына ұшырайды.
Топырақтың түзілуі төменгі қалдықтарда жүреді, сол себептен аймақтық топырақтардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Орман шаруашылығы мекемесінің аумағы өте құрғақ және ыстық агроклиматтық аймаққа жатады.
Орман мекемесі аумағының климаты шұғыл континентальды, жаззы ыстық құрғақ және қысы қысқа, қары аз болып келеді. Мұндай климаттық режим орман мекемесінің аумағының Еуразия континетінің шегінде орналасуына, атмосфера айналымының ерекшіліктеріне, жер бетінің табиғатына және басқа факторларға байланысты.
Арал теңізінің іргелес шөлдердің климатына әсері өте шектеулі.Бұл жағалаудың тар жолағында ғана байқалады.және ауа ылғалдылығының шамалы жоғарлауында,қыс айларында ауа температурасының жоғарлауында және жазда төмендеуінде көрінеді.
Аймақтың климаты ауа температурасының жылдық және тәуліктік күрт тырмалы ылғалдылығынаауытқуымен, жауын-шашынның аз мөлшерімен, олардың жыл мезгілдері бойынша біркелкі таралмауымен, құрғақтығылымен және салыстырмалы ылғалдылығымен сипатталады.
Жаз ыстық әрі ұзақ. Шілденің орташа температурасы 30 0 С дейін, абсолюттік максимум +42 0 С дейін жетеді.
Қыс орташа суық бірақ термометрдің -450 С белгіге дейін төмендеген кездері болды. Ауаның орташа жылдық температурасы +9,10С құрайды. Жауын-шашын мөлшері жылына 120 мм құрайды. Жауын-шашынның көп мөлшері көктем мен күзде түседі.
Арал Қарақұм шөлі орман мекемесінің оңтүстік бөлігінен климаттың аз құрғақтылығымен, жазда төмен температурасымен ерекшеленеді.
Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0 0С-тан жоғары болатын кезең 220-240 күнге созылады. Аязсыз кезеннің ұзақтығы 170 күннен, вегетациялық кезеңі 200 күннен асады. Қар жамылғысының пайда болуының орташа күні- 25 қараша, ал қар жамылғысы 5 наурызда түседі. Өзендердің мұздатуының орташа күні- 15 желтоқсан, ал тасқын басталуы- 25 наурыз. Топырақтың мұздату тереңдігі 60 смге дейін.
Орман мекемесінің аумағы жиі соғатын желмен сипатталады. Суық мезгілде солтүстік-шығыс және шығыс желдері басым болады. Аумақтың көпшілігінде орташа жылдамдық 3-4 м/с құрайды.
Қардың аз мөлшерде жабылуына байланысты, боран соғатын күндердің орташа саны бүкіл қысқы маусымда 1-6 күнді құрайды.
Көктемде желдің орташа айлық жылдамдығы 3-6 м/с құрайды.
Шаңды дауыл жазда байқалады. Орман шаруашылығы мекемесінің аумағының көпшілігінде айына 1-ден 5 күнге дейін шаңды дауыл болады.
Теңіздің құрғауы нәтижесінде пайда болған жаңа жағалау белдеуі дауылдың өзегіне айналды. Тұз бөлшектері ұзақ қашықтықта тасымалданады және топырақ бетіне қонып, флора мен фаунаның тіршілік әрекетіне кері әсер етеді.
Жазда солтүстік-шығыс және оңтүстік батыстан соғатын жел 2-3 м/с жылдамдықпен байқалады.
Салыстырмалы ылғалдылық 45% құрайды. Ол айлар бойынша біркелкі емес бөлінеді: жаз айларында ең төменгісі, қыста ең жоғарғысы.
Сырдария өзенінің бойындағыжағалық белдеуінде тоғайлы өсімдіктер тораңғы,жиде ағаштәрізді тал, бұтатәрізді тал, жыңғыл т.б өседі.
Орман шаруашылығын және орман шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезіңде климаттық ерекшіліктерді ескеру қажет.

1.3.Ормандардың экологиялық жай-күйі


Соңғы кезде Қазақстан Республикасының көптеген салаларында, соның ішінде орман шаруашылығында экология сұрағы жоспарлардың маңызды жалғамалы бөлігі боп тұр.Орманшаруашылық қызметін жүргізу кезінде экологиялық нормаларды сақтаудың негізгі мақсаты- ормандарды молайту және орман ресурстарын пайдалану.Ауылшаруашылық ,өнеркәсіп, қорғаныс, табиғат және басқада нысандардың тараптарынан,сонымен бірге орман мекемесінің тарабынан орманға зиянды әсер ететін факторлармен көздерін уақытылы айқындап отыру қажет.


Орман мекемесі орналасқан аймақтың экономикасына жетекші орынды ауылшаруашылық өндірісі алады,оның негізгі бағыты күріш пен мал шаруашылығы болып табылады, сондықтан мұндағы ормандарға антропогендік спектріне көбінесе ауылшаруашылық кәсіпорындар әсер етеді.
Совхоздар мен колхоздардың таратылуы және соның салдарынан бұрын сексеуіл ормандарына жайылып жүрген ұсақ және ірі мүйізді мал санының азаюы қазіргі кездегі ормандарды молықтыру процестеріне жақсы әсерін тигізуде. Алайда Арал тенізінің астынан шыққан жер, зиянды тұздарды эолды шығу нәтижесінде бұл аймақ тұрғындары үшін ғана емес, өсімдік жамылғысы үшін экологиялық апат көзі болып табылады.Байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған ортаға тигізетін кері әсері әлі жеткілікті зерттелген жоқ.
Шаруашылық қызметінен зардап шеккен алқағаштарды далалық зерттеу кезіңде, сондай-ақ жылдық есептердің мәліметтері бойынша тексеру кезеніңде өнеркәсіптік кәсіпорындардан және басқа шаруашылықтардан орманға жойылу және зиянды әсері болған жоқ.
Орман мекемесінің ормандарының экологиялық жағдайы қанағаттанарлық . Ормандардың зиянды өнеркәсіп қалдықтарынан жойылуы байқалмайды.
Тексеру кезеңінде орман мекемесі аумағында алқаағаштардың жойылуы байқалмайды.
Жалпы орман мекемесі бойынша тексеру кезеңінде орманмен қамтылған жерлердің ауданы 8439,0 га немесе 1,0%-ға ұлғайды, жалпы қоры 238,68 мың м3 немесе 14,3 %-ға азайды.
Тексеру кезеңінде орман мекемесінің деректері бойынша басқада кесулер бойынша 13,2 мың м3 кесілді.
Осы орман орналастырумен есепке алынған өтімді қоқстарды жинауға тағайындалған орман қоры 4,76 мың м3 құрады.
Сүрек тұқымдарының тексеру кезеңіндегі жалпы орташа өсімі мекеме бойынша 98,74 мың м3 құрады.
Алынған,жоғалған және кесуге тағайындалған сүректердің жалпы көлемдері 17,96 мың м3, яғни негізгі орман құраушы түұымдардың алқаағаштардың орташа өсімінің 18,2%-ын құрады.
Мұны теріс фактор ретінде қарастырған жөн.Мұның бірнеше себептері бар:
Басты мақсатта пайдалану кесу бойынша көлемдердің орындалмауы кесудің барлық түрлеріне тыйым салуға байланысты алқаағаштардың жасына қарай кебуіне әкеп соқты,бұл сүрекдіңдердің табиғи өсуінің азаюына және табиғи құлдыраудың ұлғаюына әкелді.
Санитарлық кесуді уақытылы орындамау сүректердің жоғалуына әкелді. Орман мекемесі жағдайында экологиялық жағдайды жақсартуға санитарлық, өртке қарсы және орман қорғау іс-шаралары уақытылы орындау ,ағаш кесу мерзімдері мен технологиясын сақтау,ормандарды қорғауды жақсарту және ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының көлемдердің ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Кесте 1.Тексеру кезеңіндегі жойылған және кесілген сүректің және сүректің өнімінің арасындағы қатынасы







Сүрек тұқымдарды қорын алу түрлері

Ағаш түрлері

Барлы
ғы

Сексеуіл
дер

Жұмсақ
жапырақ
тылар

Басқа
да ағаш
тұқымдылар

Бұта
лар

1

2

3







4

5

1.

1)
2)


3)


2.

3.



Кесілген және жойылған сүрек
Кесілгені,барлығы:
Соның ішінде:
Басты мақсатта пайдалану
Аралық мақсатта пайдалану
Басқа да кесулер
Қолайсыз әсерлерден жойылған (өрттен,суланудан, және т.б. фактор-
лардан) және техни
калық сапасын жо
ғалтуына байланыс
ты кесуге белгілен
беген сүректер
Есепке алынған өл
ген ағаштардың қо
ры,осы орман орна
ластыруда белгі
ленген жаппай жә
не санитарлық мақ
сатта іріктеп кесу
лерге және орман
ды өтімді қураған ағаштардан тазарту
Алынған және жой
ылған ағаштардың
барлығы
Сүрек тұқымдарының тексеру кезеңіндегі жалпы орташа өсім
Сүрек тұқымдары
ның жалпы орташа
өсімінен алынған және жойылған сү
рек пайызы

-

-


-

-


-
4,76
4,76

79,5
6,0



-

-


-

-


-
-
-

0,01
-



-

-


-

-


-
-
-

0,03
-



13,2

-


-

13,2

-
-
13,2

19,2
68,8



13,2

-


-

13,2

-
4,76
17,96

98,74
18,2



1.4.Тұқым және орман тұқымбақтары


Орман екпелерінің аудандарын себу үшін 2001 жылдан 2020 жылға дейін мемлекеттік мекемесінің алқа ағаштарында көбінесе Қуандария өзенінің бойындағы қара сексеуілдің тұқымдары қолданылады.


Дайындалған тұқымдардың сапасы жоғары емес, орташа I кл-12,9%, II кл-57,1%, III кл- 30,0 %, бұл белгілі бір дәрежеде құрылған орман екпелерінің жай күйіне әсер етті.
Қажетті отырғызылатын көшеттерді толық қанағаттанарлықты ету үшін және артылғанын өткізу мүмкіндігі үшін алдыңғы орман орналастырумен тұқымбақ құру жобаланған. Кейбір жылдары 2015 жылға дейін мекемемен өнімділік ауданы 1,5 га отырғызылатын көшеттің шығуы 415 мың дана болатын уақытша тұқымбақтар салынған, олар меншікті қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.
Бірақ тұқымбақта отырғызылатын көшеттерді өсіруге арналған қаражаттардың қысқартылуына байналысты соңғы жылдары мекеме аталған жұмыстармен айналыспайды, тұқымбақтың өзі жоқ.
Орман мекемесінің аумағында 5 тұрақты орман тұқым учаскесі және 60 дана артықшылығы бар алқаағаштар бар. Тұрақты орман тұқымдық учаскелер мен плюсті алқаағаштар қазіргі уақытта қолданылмайды, себебі олар 2005 жылы құрылған және қара сексеуілдің пісу жасы 26жас. Сондықтан қазіргі уақытта алқаағаштар кеуіп қалған.

1.5.Орман күзеті


Өткен тексеру кезеңінде орман мекемесі аумағында 12 төменгі орман өрттері шығу оқиғасы тіркелген, жалпы ауданы 530,8 га қамтыған, соның ішінде орманмен қамтылған- 530,8 га өзендердің айналасындағы қамыс өскіндерімен көрсетілінген. Орман өрттерінің шығуының негізгі болу себептері көбінесе адам қолымен жасалған.


“Орман өрттерін есепке алу кітабында” ең аз ауданы 100 га, ең үлкен ауданы 430,8 га (2019) Қызылқұм орманшылығында тіркелген.
Соңғы 5 жылдағы өрттердің орташа жылдық саны 530,8 га алаңда 12 жағдайды құрайды.
12 өрт оқиғасының барлығы төменгі. Бір өрттің орташа ауданы 44 га құрайды.
Орманды орман өрттерінен қорғау орман мекемесінің мемлекеттік орман қорғау күшімен жүзеге асырылған.
Орман мекемесі көлік құралдары,өрт сөндіру құрал жабдықтармен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Өртке қауіпті кезеңде жыл сайын орман мекемесінде Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар комитеті және аудандық өрт сөндіру бөлімшелерімен, ауылдық округ әкімдерімен бірігіп орман өртін өшіруді ұйымдастыру жоспарын жасайды және аудандық әкімшілікпен бекітілген және осыған сәйкес барлық кәсіпорындар бекітілген орман қоры аумағымен таныстырылып шұғыл жоспарлар іске асырылады.
Орман мекемесі қызметкерлері өртке қарсы шаралары бойынша ескерту жұмыстарын жүргізеді: агитвитриналар, аншлаг орнату, орман қорына жақын елді мекендердің тұрғындарымен сұхбаттар мен лекциялар өткізу және басылымдар мен радиолар арқылы жарияланады. Орман өртіне қарсы кезеңде орманшылықтырда үздіксіз кезекшіліктер ұйымдастырылған.
Тексеру кезеңінде техника санының және ЖЖМ жетіспеушілігі орман мекемесінің орман қорғау,күзету шараларын тиісті деңгейде орындалуына кері әсерін тигізеді.
Орман орналастыру кезеңінде орман күзеті жағдайы келесідей бағаланады, тиімділігі аз,әлсіз,күшейтуді қажет етеді. Транспорт жабдықтарымен, өртке қарсы арналған құрал-саймандармен, жабдықтармен және өрт сөндіргіш құрал-жабдықтармен орман мекемесі толық жабдықталмаған, сонымен бірге арнайы киімдер, басқа өрт сөндіргіш және қорғаныш жабдықтармен толық жасалмаған.

1.6.Орманды қорғау


Орман мекемесінің 2019-2020 жылғы есептерінің деректері бойынша ормандардың жалпы санитарлық жағдайы-қанағаттарлық. Орман зиянкестері мен ауруларының салдарынан алқаағаштардың өсуін толық тоқтататын жаппай зақымдауына себеп болатын ошақтары кездеспеді.


Орман мекемесінің ормандарына қажетті санитарлық мақсаттың минимуның ұстау үшін орман орналастырумен жыл сайынғы орман қорғау шаралары жобаланады.
Жыл сайынорманмен қамтылған жерлердің аудандарда 10% құрайтын ағымдағы орман паталогиялық тексерулерді жүргізу бейнеленген.
Орман екпелерін құруға арналған учаскелердің топырағында зауза қоңызының құрттары және басқа орман зиянкестерінің барын анықтау үшін топырақ қазуға 1га-ға 3 шұнқыр қазу қажет.
Жердегі күресудің жойғыш шарасы жобаланбайды. Оларды алдағы тексеру кезеніңде зиянкестердің ошақтары пайда болған кезде қажеттілік керек болған жағдайда жасау ұсынылады.
Алқаағаштардың санитарлық жағдайларын жақсарту үшін сексеуілдерде 1386,5 га-да өтімді қоқыстан тазарту жобаланды.
Орман профилактикасы мақсатында биологиялық күрес әдістері жобаланады-бұл пайда болған ощақтарға зиянды жәндіктерді жейтін құстарды тарту,қолдан жасалған құс ұяларын ілу жолдары.
1.7.Орман мекемесі аумағының ұйымдастырылуы. Атқарылған жұмыстардың көлемі мен сипаты.

Орман мекемесі КСРО Министрлер Кеңесінің 09.10.47 № 3193 қаулысына КСРО Орман шаруашылығы министрлігінің 13.10.47 № 529 бұйрығына және Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрлігінің 16.04.48 № 150 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылған.


1951 жылы орман мекемесінің аумағында КСРО Орман шаруашылығы министрлігінің «Леспроект» Б/Б Ленинград аэрофотобасқару трестінің аэро- визуалды экспедициясының күшімен, мекеменің сол жағалауының 348316 га алаңында аэротаксациялық тексеру жүргізілді.
1961 жылға дейін мекеменің атауы «Қармақшы орман шаруашылығы» болды, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орман шаруашылығы және орманды қорғау бас басқармасының 23.06.61 № 16 бұйрығына сәйкес «Қазалы орман шаруашылығы» болып өзгертірілді.
Алғашқы орман орналастыру жұмыстары 1960 жылы «Леспроект» БОБ- нің Қазақ аэрофотоорналастыру кеңесінің 3 орман орналастыру партияларының күшімен жүргізілді.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің 08.01.71 жылғы № 4 бұйрығымен Қазалы және Арал орман шаруашылықтары «Қазалы» орман шаруашылығына біріктіріліп, оның құрамында төрт орманшылық ұйымдастырылды.
Бұдан әрі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің 25.01.78 жылғы № 10 бұйрығымен Қармақшы орманшылығы базасында 01.03.78 жылдан бастап Қармақшы орман шаруашылығы ұйымдастырылды.
Осылайша 1985 жылы орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезіңде орман шаруашылығының құрамында үш орманшылық болды:
Арал;
Қарақұм;
Қызылқұм;
Орман шаруашылығының аумағы Арал және Қазалы аудандарында орналасқан.
Орман орналастыру бірінші разряд бойынша 5000 га ауданда, орман орналастыру нұсқаулығының талаптарына сәйкес 4 разряд бойынша 843557 га ауданда жер үсті орман инвертаризациялау әдісімен және талдамалы -өлшеу дешифрлауымен зерттеу жолымен (1964) 748734 га ауданда 1-ші орман орналастыру кеңесінің хаттамасымен және «Қазақстанның шөлді ормандарын орналастыру технологиясы» бойынша жүргізілді.
Жұмыстар аэрофотосуреттерді монтаждау арқылы дайындалған 1:25000 масштабтағы фотосхемаларды пайдаланып отырып жүргізілді.
Фототүсірілімдерде кесілетін орам соқпақтардың нұсқалары теодолит арқылы анықталып жүргізілді. Соқпақтарды өлшеу өлшеуіш троспен жүзеге асырылды. Пикетаж 200 м-ден кейін жүргізілді және әр никет фотосхемаларға түсірілді. Соқпақтарды өлшеу орамдар шегінде 1:200 дәлдікпен жүргізілді.
Жұмыстарды орындау кезінде жүріс желісінде шығатын әрбір телімнің желілік таксациясы жүргізілді. Телімдердің шекаралары жүріс желісі бойынша таксациялық көрсеткіштердің әр елеулі өзгеруі кезіңде белгіленді. Фототүсірілімдердің өңі бойынша күрт ерекшеленетін жүріс сызығынан тыс орналасқан телімдерлерде оларға кіру арқылы сипатталады.
Дала жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мекеменің ауданы 1592296 га құрады.
Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрлігінің 31.05.88 № 88 «Қызыл- Орда орман шаруашылығы өндірістік бірлестігін құру және оны еңбекке ақы төлеудің жаңа жағдайларына ауыстыру туралы» бұйрығын орындау үшін Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және орманды қорғау басқармасы 06.06.88 № 56 Қазалы және Қармақшы орман шаруашылықтары базасында Қазалы орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорны ұйымдастырылды. Орман- шылықтарға бөлінбеген Қармақшы орман шаруашылығы Қазалы ОШӨК шегінде жеке орманшылық болды. Қармақшы орман шаруашылығында соңғы орман орналастыру 1984 жылы жүргізілді.
1990 жылы Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрлігінің 04.05.90 жылғы № 70 бұйрығына сәйкес, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 29 қарашадағы № 555 қаулысын орындау мақсатында КСРО Минстрлер Кеңесінің 09.19.88ж № 1110 (Арал және Қазалы аудандарының аумағында) 783954 га ауданда Қасқақұлан орман шаруашылығы ұйымдастырылды.
Орманшылық аумағында орман орналастыру жұмыстарын екі кезең бойынша екі орман орналастыру партиялары 1992 және 1993 жылдары жүргізілді. 1988 жылғы ұшқан аэрофото-түсірілім материалдары пайдаланылды. Орам желілерінің мөлшері натурда 4*8 км құрайды. Планшет- терді жасау үшін 1983 жылғы басылымның топографиялық карталары геодезиялық негіз ретінде пайдаланылды. 1000гектарға таксациялық жүру жолдарының километрлік қашықтығы 8 км құрады.
Қазақ КСР Орман шаруашылығы комитетінің 02.14.91 жылғы № 13 және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және орманды қорғау басқармасы 02.26.91 жылғы № 35 шешімімен Қармақшы орман шаруашылығы құрылды.
Қызылорда облыстық орман бойынша және биологиялық ресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 132 бұй-рығымен Арал ауданында орналасқан Қазалы мекемесінің Арал орманшылығының бір бөлігі Арал мекемесіне берілді.
Жер учаскелерін қабылдау және беру нәтижесінде мекеменің жалпы ауданы 1785822 га болып анықталды.
2001 жылы орман орналастыру жұмыстары «Қазақстан Республикасының Орман кодексіне» (1993 ж), «КСРО-ның бірыңғай мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа» (1986), көрсетілген нұсқаулыққа толықтырулар мен түзетулер (1989) және бірінші орман орналастыру кеңесінің хаттамасына (2001) сәйкес 1785822 га ауданда жүргізілді.
Өзендер, көлдер мен су қоймаларының жағалауындағы тыйым салынған аймақтардың ормандары, жасыл аймақ ормандары, қалалық ормандар және 70000 га орман екпелері дәлдіктің бірінші разряд бойынша орналастырылған. Үшінші разрядта- эрозияға қарсы және шөлейт аймақтардағы басқа ормандар 1715822 га ауданда орналастырылды.
Қазіргі орман орналастыру 2020 жылы Орман кодексіне (2003), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорларына орман орналастыру қағидаларына (2011), Ағаш кесу ережелері (2015), Орманның санитарлық ережесі (2011), Қызылорда облысының орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі негізгі қағидалар (2019) және 2020 жылы 12 шілдедегі 1-ші орман орналастыру кеңесінің хаттамасының шешімімен және басқа да техниалық құжаттар негізінде «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМКҚ-ны 1785550 ауданда 1 және 3 разряд бойынша жүргізілді.
Таксациялық жұмыстар таксациялық көрсеткіштерді өлшемдік таксациямен үйлестіру арқылы әр телімге кіріп,көзмөлшерлік анықтау әдісімен жүргізілген.
Орман орналастыру материалдарын, материалдарды электрондық өндеу бөлімінде арнайы құрастырылған орман орналастыру ақпараттарын SOLI-N бағдарламасымен өнделген.

1.8.Кесу әдістері және басты мақсатта пайдалану мөлшері


Тексеру кезеңінде кесу тәсілдерін жобалануына Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003) және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министірінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген ҚР мемлекеттік орман қорларының учаскелерінде Ағаш кесу қағидалары негіз болды.


Орман орналастыру арқылы жел эрозиясына төзімді топырақтарда өсетін таза және аралас (ақ сексеуілдің 4 бірлігіне дейін қоса алғанда ) қара сексеуілдіде, ақ сексеуілдіде жинау арқылы қара сексеуілді алқаағаштарда жаппай кеспе ағаш кесу және жыңғыл бойынша жаппай тарлап кеспе ағаш кесу жобаланады.
Кеспеағаштарды бөлу Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөлу және кеспеағаштарды таксациялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Кеспеағаш ені 75 метр, жанасу тәсілі-бір белден кейін, жанасу мерзімі – 3 жыл. Кеспеағаштар үстем желдерге перпендикуляр ұзын жағымен, кесу бағыты үстем желге қарсы салынады. Қалдырылған белдеулер кесуге бұдан бұрын ағашы кесілген белдеулерде 1 гектарда 3-5 жастағы 500 данадан астам сексеуіл өскіні болған жағдайда немесе оларды орман көмкерген жерлерге ауыстыруды қамтамасыз ететін сандық нормативтік көрсеткіштер болған жағдайда орман екпелері отырғызылғаннан кейін 3-4 жылдан соң белгіленеді.
Табиғи түлеуді есепке ала отырып, басты мақсатқа пайдалану үшін ағаш кесу белгіленген сексеуіл тоғайларында мал жаю кесуден 5 жыл бұрын тоқтатылды және кесуден кейін 5 жыл бойы жүргізілмейді.
Егер кесілгеннен кейін 3-5 жыл ішінде қалдырылған жолақтарда табиғи түлеп өсуі қанағаттанарлықсыз деп есептелсе, онда бұл жолақтарда орман екпелері тағайындалды.
Сексеуіл алқағаштарында ағаш кесу тұқымдар пісіп жетілгеннен және вегетациялық кезең тоқтағаннан кейін жүргізіледі. Сексеуіл сүрегін дайындау өскіннің жаңаруына нұсқан келтірмейтіндей және ағаш кесілген ағаштардың өскінін, тамырдың түлеп өсуін және тамыр жүйесін зақымдау мүмкіндігін болдырмайтындай тәсілдерімен жүргізілуге тиіс. Мұнда көктем кезіңде кесуге рұқсат етіледі.
Кеспеағаштарды тазарту кесуден өткен ауданға кесінді қалдықтарын шашу арқылы жүргізілуі тиіс. Бұл тұқымдарды кешіктіру және жас көшеттер- ді үрлеуден және күнге күйіп қалуынан қорғау үшін қолайлы жағдай жасайды.
Кеспеағашта шашылған сексеуілдің кесілген қалдықтары ешқандай өрт қаупін тудырмайды.
Ағаш кесілген жерлердегі алқаағаштарды жасанды қалпына келтіру кезіңде сексеуілді сындыру жыл бойы жүргізіледі.
Пайдаланылатын басты мақсатта кесулер:
Орманлардың табиғатты қорғау және сақтау рөлін нығайтуды;
Толысу жасына жеткен және жасаруды қажет ететін алқаағаштарды уақытында ауыстыруды;
Орманды, қоршаған ортаны сақтау және кесілген жерлерді шаруашылық құнды түрлермен орманды қалпына келтіруді;
Ормандардың өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету керек.
Мемлекеттік орман қоры санатындағы тоғай ормандарында тыйым салынған белдеулерде ерекше қорғалатын аумақтарды қоспағанда және егіс және топырақ қорғау ормандардағы жыңғылдарда жаппай тарлап кесу тағайындалды.
Кеспеағаш ені 40 метр аспайтын, жиналу тәсілі-бір белден кейін, мерзімі 3 жыл. Қалдырылған жолақтарды кесу іргеліс кеспеағаштардың түлеп өсуі қанағаттаналарлық болса жүзеге асырылады.
Ағаш тәрізді талда көлемі аз болуына байланысты кеспеағаштар есептелінбеді.
«Ерікті-іріктеп кесу бойынша басты мақсатта пайдалану үшін ағғаш кесудің жыл сайынғы мөлшерін есептеу» 33 кестесі ағаш кесудің осы түрінің болмауына байланысты келтірілмейді.
Осылайша басты мақсатта пайдалану кесудің жылдық мөлшері 2016,0 ауданда, 2,37 мың м3 өтімді сүрек қорын құрайды,оның ішінде: қара сексеуіл ауданы 1374,0 га, өтімді сүрек қоры 0,94 мың м3 және жыңғыл ауданы 1374,0 га өтімді сүрек қоры 1,43 мың м3
Алдыңғы орман орналастырумен тағайындалған кеспеағашты, ұсыныл- ған кеспеағашты салыстырғанда өтімді сүрек қоры 2,2 есе азайған.
МОҚ санаты- тыйым салынған белдеулерде жыңғыл алқаағаштары бойынша жаппай тарлап кеспеағашты кесу үшін басты мақсатқа пайдаланып кесу үшін тағайындалған учаскелердің нақты жиынтығы бойынша жыл сайынғы нақты жинау кеспеағашы ұсынылады.
МОҚ санаты – егіс және топырақ қорғау ормандарындағы қара сексеуілге жаппай кеспеағашты кесу бойынша алғашқы бесжылдыққа басты мақсатқа пайдалану үшін кесуге тағайындалған учаскелердің нақты жиынтығы бойынша жыл сайынғы есептік кеспеағаштар ұсынылады, келесі екі бесжылдыққа орман орналастырумен келесі 2 және 3 бесжылдыққа толысу-ға көшкен және орта жастағы алқаағаштардан қамтамасыз етілетін бірінші жастағы кеспеағашты қабылдау ұсынылады.
Жаппай тарлап кеспеағаш кесу бойынша жыңғыл алқаағаштары үшін нақты жиын бойынша жыл сайынғы есептік ағаш қабылданды.
Жыңғыл бойынша кеспеағаш алғашқы 10 жылда игеріледі, қарасексеуіл бойынша кеспеағаш тексеру кезеңінің алғашқы 5 жылында игерілетін болды.
Қара сексеуіл екпелерінде екінші және үшінші бесжылдықта есептік кеспеағаш осы жобаның 2 және 4 томдарында орналастырылған басты мақсатта пайдалану үшін кесуге арналған учаскелердің қосымша жиынтығының ведомосына сәйкес толысқан алқаағаштардан қамтамсыз етіледі.
Жыңғыл алқаағаштарында үшінші бесжылдықта кеспеағаш бірінші бесжылдыққа кесілгеннен кейін қалпына келген алқаағаштар есебінен қамтамасыз етілетін болды.
Қабылдаған кеспеағаштар ұзақ мерзімге арналған орман пайдаланудың үздіксіздігі мен сарқылмайтындығы қағидатына барынша толық жауап береді.
Жаппай кеспеағаш кесу бойынша орман орналастырумен ұсынылған бастымақсатта пайдалану үшін ағаш кесудің жыл сайынғы орташа мөлшерінің өтімді қоры 0,94 мың м3 ауданы 1377,0 га құрайды. Бірінші бесжылдыққа жаппай кеспеағаш кесу қара сексеуіл бойынша өтімді қоры 0,54 мың м3 ауданы 783,0 га құрайды, екінші және үшінші бесжылдыққа жалпы қоры 3,01 мың м3 ауданы 1674,0 га құрайды.
Сексеуіл бойынша екінші және үшінші бесжылдыққа ұсынылатын есептік кеспеағаш көлемі 1674,0 га ауданда 1,14 мың м3 өтімді сүректі құрайды
Бұл бұрынғы орман орналастыру белгіленген кеспеағаштың 55%-ын құ-райды.Қара сексеуіл бойынша өтімді қордың орташа жылдық көлемі 0,94 мың м3 құрады.
Тексеру кезіңде басты мақсатқа пайдалану үшін ағаш кесудің негізгі көлемі Сарбұлақ және Ұялы орманшылығында жобаланған.

1.9.Қазіргі бет бейне


Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі аң шаруашылығы саласында жабайы аңдар мен құстарды қорғаумен бірге олардың есебін алумен де айналысады. Соңғы үш жылда жабайы аң-құстарды қорғау бағытында атқарылатын биотехникалық шаралар жоспарға сәйкес жүргізіліп, қаралған қаржы толығынан игерілген. Қазалы ауданы бойынша балық шаруашылығына маңызы бар 19 су айдыны тізімге алынған. Оның 17-сі табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге бекітіліп берілсе, 2-уі резервтік қорда тұр.


Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмысы туралы мекеме басшысы Ардақ Кәдір: «Бізге қарасты орман қоры жерінің жалпы көлемі 1 785 579 гектар. Оның ішінде орман басқан алқабы – 896267 гектар жер. Орман қоры Қарақұм, Қызылқұм және Қасқақұлан орманшылығына бөлінеді. Аумақты қорғауға 3 орманшы, 3 орманшының көмекшісі, 6 орман шебері және 36 орман күтушісі қызмет етеді. Мемлекеттік орман қоры 14 айналымға бөлініп, әр айналымның паспорты жасалынып, орман қорушыларына бекітіліп берілген. Жыл басында кезекшілік кестесі жасалып, орман қорушылары Басықара, Қарлаң, Абай және Әлсейіт бекеттерінде көктем мезгілінде тиісті кезекшілікте тұрады», – деді.
Оның айтуынша, мемлекеттік орман қоры жеріне ағаш егу жұмыстарынан Арал теңізінің құрғаған ұлтанына көктем мезгілінде көлемі 1000 гектар жерге 207999 дана сексеуілдің көшеттері отырғызылған. «Ояз бағына» 3 гектар жерге 624 дана алма көшеті егіліп, 0,5 гектар жерге қаламшадан мектеп жасалынған. Қосымша күтіп-баптау, қолмен отау, ағаштарды орман потологиялық зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіледі.
Орман өртін болдырмау және алдын алу шараларын жасау мақсатында, көктемде аудандық ішкі істер, өртке қарсы бөлімдерімен бірлескен іс-шараға сәйкес барлық ауыл әкімдеріне арнайы қосымшаға байланысты өрт болған жағдайда қажетті техникалар мен адамдар бөлуге тапсырма берілген. Көктемгі егіс егу науқаны кезінде шаруашылықтарда өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында арнайы ескерту хаттары мен үнпарақтар таратылған.
– Сонымен бірге орман қоры жеріне орман аң аулау заңдылықтарын сақтау, өрт болдырмау тақырыптарына сәйкес жаңадан 6 аншлаг орнатылды. Жергілікті тұрғындар арасында орман өрті қауіпсіздігін сақтау жайлы үгіт-насихат жүргізіліп, орман қорғау қызметкерлері шалғайдағы 10 елді мекенде түсінік жұмыстарын жүргізді. Орманды өрттен қорғау мақсатында 600 шақырым жердің минералды жолақтары жаңартылып, 20 шақырымына жаңадан жолақтар жүргізілді. Қарақұм орманшылығына 2 бақылау мұнарасы орнатылды.



жүктеу 153,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау