Қазак, орыс тілдерінің қалыптасуындағы ерекшеліктер


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 2,5 Mb.
бет11/11
Дата29.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#18276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.

  • Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  • Етістіктің грамматикалық категориялары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

15 тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Дәріс жоспары:
1. Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем

2. Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлем.



Мақсаты: Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдің жасалуы.Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлемдерді анықтау.

Мазмұны: Құрамындағы бағыныңқы, басыңқы сыңарларының алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері:



  • Мезгіл бағыныңқылы;

  • Себеп бағыныңқылы;

  • Қарсылықты бағыныңқылы;

  • Шартты бағыныңқылы;

  • Мақсат бағыныңқылы;

  • Қимыл-сын немесе амал бағыныңқылы;

  • Түсіндірмелі;

  • Салыстырмалы.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін, болу уақықытын көрсетеді: Ет желініп бола бергенде, Сәмет кіріп келді.

Бағыныңқы сөйлемдегі басыңқының себебін анықтайтын сөйлемді себеп бағыныңқылы сөйлем деп атаймыз: Қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққ тән.

Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс, оқиға мазмұнына қарама – қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлем қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем деп аталады: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмас, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем баяндалған іс-қимылдың мағыналық жақтан бір-бірімен өзара байланысы негізінде жасалады: Енді жол түссе, ол орманды толық игеруге елдің күші жетеді.

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас деп атаймыз: Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

Бағыныңқы сабақтас басыңқыдағы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлем қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Жұлығынан аяғы шығып, алба–жұлба болып, бүрсеңдеп, бір әйел кірді.

Көпшілік сабақтастың бағыныңқы компоненті өз басыңқысын әр түрлі мағыналық жақтан сипаттай келсе, түсіндірмелі сабақтаста мұндай көрініс керісінше болады, айқындылық, түсіндірушілік қызмет басыңқының үлесіне тиеді. Мысалы: Бастан-аяқ мәнін ойласа, бұл өзі – Жігітектен кешірілу сұраған сөз. Мұнда біріші сөйлемнің баяндауышы әрқашан шартты рай тұлғасында жасалады, екі қанаттағы баяндауыштар да осы шақтық ұғымда болады.

Компоненттеріндегі берілген оқиғалар мен жай-күйлер өзара салыстырыла келген сабақтастың түрін салыстырмалы сабақтас деп атаймыз: Ауыл қандай әбігер болса, Жұлдыз да сондай әбігер.

Ал, енді орыс тіліндегі сабақтастың түрлеріне тоқталатын болсақ.

Толықтауыш бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными обстоятельственными) екі түрге бөлінеді: 1. мекен бағыныңқылы сабақтас кеңістіктегі қатынастарды білдіреді: Там, где ветры слизали снег, земля по ночам гулко лопается; 2. мезгіл бағыныңқылы сабақтас мезгілдік қатынастарды білдіреді: Пока ему заваривали крепкий чай, он сидел и молчал, продолжая думать.

Шартты бағыныңқылы сабақтас ( СПП спридаточной частью условия) сөйлемдерде реалды және ирреалды қатынастар берілуі мүмкін. Реалды шарт сөйлемдерде если, коли, когда, раз жалғаулықтары арқылы беріледі: Когда командир не робеет, солдаты за ним в огонь и в воду пойдут. Ирреалды шарт сөйлемдерде если бы, когда бы жалғаулықтары арқылы беріледі: Если бы мне предложили что-нибудь из двух: быть трубочистом в Петербурге или быть здешним князем, то я взял бы место трубочиста.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными цели) сөйлемдерде соңғы сөйлем алғашқысына чтобы, для того чтобы, с тем чтобы, затем чтобы жалғаулықтары арқылы байланысады: Я разбудил Пашку, чтобы он не свалился с дрог.

Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде (СПП с придаточными сравнения) реалды (как, подобно тому как) және болжамды салыстырулар (как будто, будто, словно, точно, как если бы) орын алады: Мелкие листья ярко и дружно зеленеют, словно кто их вымыл.

Себеп бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными прчины) сөйлемдерде себептік мағынаның түрлі реңктері берілуі мүмкін. Бағыныңқылар себеп мәндегі жалғаулықтар арқылы бекітіледі: потому что, оттого что, так как, из-за того что, вследствие того что в связи с тем что, поскольку, ибо және т.б.

Жол беруші бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными уступительными) сөйлемдердің бағыныңқысында басыңқыда айтылған оқиғалардың нәтижеге әкелу мүмкіндігін айтады, бірақ ол гәтиже болмайды. Оның жалғаулықтары – хотя, несмотря на то, что; невзирая на то, что; пускай, пусть, даром что. Мысалы: Он выглядит чистым и опрятным, несмотря на то, что одежда его изрядна поношена.

Нәтиже бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными следствия) сөйлемдерде бағыныңқы сөйлемдер басыңқыға так что жалғаулығы арқылы байланысып, әрдайым екінші позицияда болады. Мысалы: Снег становился белее и ярче, так что ломило глаза.

Бағынышты-жалғастырушы бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными подчинительно-присоединительными) сөйлемдерде бағыныңқы басыңқыға отчего, почему, кейде зачем есімдіктері арқылы байланысады. Мысалы: Пала роса, что предвещало завтра хорошую погоду.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де құрмалас сөйлемдер көп бағыныңқылы болып бөлінеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлемдер үнемі екі жай сөйлемнен ғана құралмайды, олардың ішінде екі, үш не одан да көп сөйлемдерден құралатыны да аз кездеспейді. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған–ды. Көп бағыныңқылы сабақтастың екі түрі бар:


  1. Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Көрік өзі қызып, балға өзі соғылып, жлғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр.

  2. Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара, бір-біріне тізбектеле, өзімен тетелес тұрған бағыныңқылы сөйлемдермен құрмаласатын сабақтастың түрін сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік.

Орыс тілі де осыдан алшақ кетпейді. Бағыныңқылардың неге байланысты екені және өзара қандай қарым-қатынаста болғандығына байланысты олардың негізгі екі типі анықталады.

1.Сатылай байланысқан бағыныңқы сөйлемдері бар көп компонентті сабақтас сөйлемдер: Скажи ему, чтобы держался до тех пор, пока не дам приказа отступать.

2. Бір басыңқыға қарайтын көп компонентті бағыныңқы сабақтас сөйлемдер. Мұның екі типі бар: а) біртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Но кажется, что песня все еще длится, что ей не будет и конца. ә) әртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Те из молодогвардейцев, которых водили на пытки последними, что в тюрьму приехал обербургомистр.

Қазақ тілінде сонымен қатар көп басыңқы сабақтас құрмалас сөйлем деген түрі де бар. Бір бағыныңқы сөйлемге бірнеше басыңқы сөйлемдердің әрқайсысы өз бетімен тікелей байланысуы арқылы жасалған сабақтас көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Әттеген-ай, ең болмаса, енді бір он бес күн артқа салсақ, құтырған қазатарға қанды көбік жұтқыза шайқасар едік, Орынбор әскері де заулап жетер еді.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің аралас құрмалас деген түрі де бар. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Аралас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері:



  1. Аралас құрмалас сөйлем білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады.

  2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа және сабақтаса құрмаласқан үш және онан да көп сыңарлардан жасалады.

Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

  1. Ешбір жалғаулық шылаусыз: Кеше іңірде жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік ауылынан құйғытып шыға келген жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты.

  2. Жалғаулық шылау арқылы байланысады: Қарттардың айтуынша, ол жаққа ешкім барған емес, сондықтан бұрынғы жолы өшіп, тек сорабы қалған.

Орыс тіліндегі жалғаулықсыз сөйлемдер.

Жоғарыда айтылып өткендей, көптеген жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердің мағынасы нақтыланбай, семантикасы жалғаулықтардың болмауынан анық болмайды. Дегенмен, бұлар өзіндік құрылысы мен грамматикалық мағыналары арқасында бірнеше құрылымдық-семантикалық түрлерге жіктеледі.

Санамалау мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай сөйлемдер екі топқа бөлінеді: 1. бір мезгілде: Катятся ядра, свищут пули, нависли хладные штыки. 2. әр мезгілде: Лошади тронулись, колокольчик зазвенел, кибитка полетела.

Таралушы-жалғастырушы мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай типтегі екінші бөлік кеңейтеді: 1. алғашқысының бір мүшесі; 2. толық алғашқы сөйлемді. Мысалы: Мы остановились у ворот, там был пост.

Салғастыру мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұнда алғашқы сөйлемдегі хабар мен екінші сөйлемдегі хабар салғастырылады: Справа был болотистый лес, слева – красноватые столбы утесов.

Түсіндіру мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай типтегі сөйлемдерде алғашқысының жай – күйін екінші сөйлем түсіндіреді. Мысалы: Предметы теряли свою форму: все сливалось сначала в серую, потом в темную массу.

Шартты және мезгіл мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Бұл сөйлемдер бірінші және екінші сөйлемдердің баяндауыштарының модальді формаларының қатынасымен сипатталады: Досидела бы до конца- он бы тебя до дому проводил.

Объектілі мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Сөйлемнің алғашқысында сөз, ой, сезімнің қабылдануымен байланысты сөздер айтылып, екіншісінде оның мазмұны ашылып, объектісі айтылады. Я тебе определенно скажу: у тебя есть талант.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.

  • Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  • Етістіктің грамматикалық категориялары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
3-бөлім СОБӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау
1.Тақырыбы: Салғастырмалы фонетика.

Мақсаты: Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихына шолу жасау, фонетика және оның зерттеу нысаны туралы мағлұмат алу.

Сұрақтары:

  1. Орыс миссионерлердің зерттеулері.

  2. А.Байтұрсынсынұлының қазақ тілі фонетикасының зерттелуі.


Есеп беру түрі: конспект

Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінің зерттелу тарихына шолу жасағанда ең басты зерттелу тарихына толық шолу жасау керек. Әр ғалымның фонетиканың зерттелуіне қосқан үлесіне мұқият назар аудару.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

2.Тақырыбы: Салғастырып отырған тілдердегі фонемалардың көрінісі..



Мақсаты: Салғастырып отырған тілдердегі дыбыс және фонема, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Әріп туралы, әріп пен дыбыстың ара қатынасы.Ақтив және пассив сөйлеу мүшелері.

Сұрақтары:

1.Фонема туралы ұғым.

2.Актив және пассив мүшелері.
Есеп беру түрі: конспект.

Әдістемелік нұсқау: Бұл тапсырманы орындауда студенттер ең басты дыбыс пен әріптің айырмашылығын, әріп пен фонеманың өзара айырмашылығы туралы түсіну керек.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

3- Тақырыбы: Екі тілде көркем шығармаға фонетикалық талдау дыбыстар.

Мақсаты: Дауысты дыбыстардың жасудағы жақтың қатысы. Құранды дауыстылардың ерекшеліктері. Кейбір дауыстылардың дифтонг сапада айтылуы.

Тапсырмасы::

1.Дауысты дыбыстардың жасудағы жақтың қатысы.

2. Құранды дауыстылардың ерекшеліктері.

3. Кейбір дауыстылардың дифтонг сапада айтылуы.


Есеп беру түрі: мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқау:. Дауысты дыбыстардың жасудағы жақтың қатысы. Құранды дауыстылардың ерекшеліктері. Кейбір дауыстылардың дифтонг сапада айтылуы.
Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

4.Тақырыбы: Салғастырмалы сөзжасам. Тілдегі сөзжасамдық жұрнақтар..



Мақсаты: Салғастырмалы сөзжасам. Қазақ және орыс тілдеріндегі өнімді , өнімсіз жұрнақтарды анықтау.Тілдегі сөзжасамдық жұрнақтар

Сұрақтары:

1 Салғастырмалы сөзжасам. Тілдегі сөзжасамдық жұрнақтар.




Есеп беру түрі: конспект.

Әдістемелік нұсқау: Салғастырмалы сөзжасам. Тілдегі сөзжасамдық жұрнақтар

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
5.Тақырыбы: Сөзжасамдық талдау.
Мақсаты: Сөзжасамдық талдау

Сұрақтары:

Сөзжасамдық талдау



Есеп беру түрі: талдау

Әдістемелік нұсқау: Мәтінге сөзжасамдық талдау жасау. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтарды көрсету. Аггютинативті қазақ тіліндегі және флективті орыс тіліндегі сөздердің жасалуы.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

6.Тақырыбы: Салғастырмалы морфология.



Мақсаты: Салғастырмалы морфология. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптарын салғастыру.

Сұрақтары:

Салғастырмалы морфология..


Есеп беру түрі: реферат..

Әдістемелік нұсқау: Салғастырып отырған тілдердегі сөз таптарының айырмашылықтары.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

7.Тақырыбы: Морфологиялық талдау..



Мақсаты: Қазақ және орыс тіліндегі сөздерге морфологиялық талдау жасау.

Сұрақтары:

: Морфологиялық талдау

Есеп беру түрі: талдау

Әдістемелік нұсқау: Қазақ және орыс тіліндегі сөздерге морфологиялық талдау жасау..Екі тілдегі сөздерді талдаудағы ерекшелігі көрсету.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

8.Тақырыбы: Екі тілдегі фактілерін негізге ала отырып, бір құрамды сөйлемнің сөз тіркесінен, атаулы сөйлемнен, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдерден айырмашылығын және олардың бір-біріне ұқсас жақтарын көрсету.



Мақсаты: Екі тілдегі фактілерін негізге ала отырып, бір құрамды сөйлемнің сөз тіркесінен, атаулы сөйлемнен, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдерден айырмашылығын және олардың бір-біріне ұқсас жақтарын көрсету.

Сұрақтары:

  1. Сөз тіркесі.

  2. Жай сөйлем.

Есеп беру түрі: пікір-талас.

Әдістемелік нұсқау: : Екі тілдегі фактілерін негізге ала отырып, бір құрамды сөйлемнің сөз тіркесінен, атаулы сөйлемнен, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдерден айырмашылығын және олардың бір-біріне ұқсас жақтарын көрсету.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

4-бөлім СӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау
1.Тақырыбы: Салғастырмалы фонетика Фонетика мәселелерінің зерттелу тарихына шолу жасау.
Мақсаты: Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихына шолу жасау, фонетика және оның зерттеу нысаны туралы мағлұмат алу.

Сұрақтары: Салғастырмалы фонетика Фонетика мәселелерінің зерттелу тарихына шолу жасау.
Есеп беру түрі: конспект

Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінің зерттелу тарихына шолу жасағанда ең басты зерттелу тарихына толық шолу жасау керек. Әр ғалымның фонетиканың зерттелуіне қосқан үлесіне мұқият назар аудару.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
2.Тақырыбы: Қазақ және орыс тілдердегі дауысты және дауыссыз дыбыстар

Мақсаты: Дыбыс және фонема, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Әріп туралы, әріп пен дыбыстың ара қатынасы.Ақтив және пассив сөйлеу мүшелері.

Сұрақтары:

1.Фонема туралы ұғым.

2.Актив және пассив мүшелері.
Есеп беру түрі: конспект.

Әдістемелік нұсқау: Бұл тапсырманы орындауда студенттер ең басты дыбыс пен әріптің айырмашылығын, әріп пен фонеманың өзара айырмашылығы туралы түсіну керек.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

3.Тақырыбы: Сөз таптарын салғастыру.



Мақсаты: Салғастырмалы морфология. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптарын салғастыру.

.

Тапсырмасы: Салғастырмалы морфология. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптарын салғастыру.


Есеп беру түрі: ауызша

Әдістемелік нұсқау: Салғастырмалы морфология. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптарын салғастыру.
Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

4.Тақырыбы: Жай сөйлемнің күрделену жолдары



Мақсаты: Жай сөйлемнің күрделену жолдары

Сұрақтары:

1 Жай сөйлемнің күрделену жолдары.


Есеп беру түрі: конспект.

Әдістемелік нұсқау: Жай сөйлемнің күрделену
Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
5.Тақырыбы: Сөйлемнің түрлері

Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлемнің түрлері анықтау.

Сұрақтары:

1. Жай сөйлем.

2. Құрмалас сөйлем.

Есеп беру түрі: реферат.

Әдістемелік нұсқау: : Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлемнің түрлері анықтау.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
6.Тақырыбы: Жай сөйлем синтаксисі.

Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемнің түрлерін анықтау. Қазақ және орыс тілдердегі жай сөйлемдердің айырмашылықтарын және ұқсастықтарын анықтау.

Сұрақтары:

1.Толымды, толымсыз сөйлем.

2. Жалаң және жайылма сөйлем.

3. Бір құрамды, екі құрамды сөйлем.

4. Жақты , жақсыз сөйлем.
Есеп беру түрі: реферат..

Әдістемелік нұсқау: Толымды, толымсыз сөйлем. Жалаң және жайылма сөйлем. . Бір құрамды, екі құрамды сөйлем.

Жақты , жақсыз сөйлем.



Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

7.Тақырыбы: Құрмалас сөйлем синтаксисі



Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлем түрлері.

Құрмалас сөйлемнің сабақтас және салалас түрлері.Қазақ тіліндегі аралас сөйлемнің ерекшелігі. Орыс тіліндегі жалғаулықсыз құрмалас сөйлем.



Сұрақтары:

  1. Қазақ тілінде құрмалас сөйлем.

  2. Құрмалас сөйлемнің түрлері.

  3. Екі тілдегі құрмалас сөйлемнің ерекшелігі және ұқсастықтары.

Есеп беру түрі: мәтінмен жұмыс..

Әдістемелік нұсқау: Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлемнің сабақтас және салалас түрлері.Қазақ тіліндегі аралас сөйлемнің ерекшелігі. Орыс тіліндегі жалғаулықсыз құрмалас сөйлем.
Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

Салғастырмалы грамматика пәні бойынша сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер

  • Орыс тілдегі түрік сөздер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі зат есімдер

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімдер

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сан есімдер

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі септік категориясы

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.

  • Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  • Етістіктің грамматикалық категориялары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

  • Салыстырмалы фонетика нені зерттейді

  • Орыс және қазақ тілінің қалыптасуынлағы ерекшеліктер.

  • Түркі тілдерінен орыс тіліне енген сөздер.

  • Орыс тіліндегі вокализмдер және консонатизмдер.

  • Қазақ тіліндегі вокализмдер және консонатизмдер.

  • Орыс және қазақ тіліндегі буынның түрлері.

  • Екі тілдегі фонетикалық процестер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемдер

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлемдер

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер



Салғастырмалы грамматика пәнінен тест сұрақтары:


  1. Қазіргі орыс тілінде неше дауысты дыбыс бар?

а) 4; б) 6; в) 7; с) 8; д) 9

  1. қазіргі қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

а) 4; б) 6; в) 7; с) 8; д) 9

  1. Қазақ тіліне ғана тән еріндік дауыстыларды көрсетіңіз?

а) о,у ; б) ө,ү; в) ә,і; с) а,и; д) ү,і

  1. Қазақ тіліне ғана тән езулік дауыстыларды көрсетіңіз?

а) а,ә; б) і,ә; в) ү,ө; с) о,ү; д) и,ы

  1. Қазақ тіліне ғана тән қысаң дауысталарды көрсетіңіз?

а) о,у; б) ө,ү; в) ә,і; с) а,и; д) ү,і

  1. Орыс тілінде дауысты дыбыстардың қалай жіктелуі жоқ?

а) еріндік-езулік; б) ашық-қысаң; в) жуан-жіңішке; с) лабиалды-лабиалды емес; д) төменгі-ортаңғы-жоғарғы тіл деңгейіне байланысты

  1. Тек орыс тіліне тән дауысты дыбыстарды көрсетіңіз?

а) а,о; б) у,и; в) э,о; с) ө,у; д) ы,е

  1. Қазақ тілінде неше төл дауыссыз дыбыс бар?

а) 18; б) 19; в) 20; с) 21; д) 22

  1. Қазіргі орыс тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

а) 24; б) 26; в) 27; с) 28; д) 35

  1. Қазақ сөзінің соңында кездеспейтін дауыссыз дыбыстар

а) б,в,ж; б) б,д,з; в) д,з,ғ; с) д,ғ,г; д) р,л,в

  1. Қазақ сөзінің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстар

а) б,в,ж; б) б,д,з; в) й,ң; с) д,ғ,г; д) р,л,в

  1. Қазақ тіліне ғана тән дауыссыздарды көрсетіңіз

а) ғ,у; б) қ,ү; в) т,д; с) р,и; д) ү,і

  1. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз

а) ғ,у; б) қ,т; в) т.д; с) р,и; д) ү,і

  1. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз

а) ғ,у; б) қ,т; в) т,д; с) р,и; д) з,ж

  1. Үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз

а) ғ,у; б) қ,ү; в) т,д; с) р,и; д) у,й

  1. Орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қандай оппозициясы қазақ тілінде кездеспей ді?

а) қатаң-ұяң; б) жуан-жіңішке; в) шұғыл-ызың; с) ерін-тіл; д) тіл алды-тал арты

  1. Орыс тілінде жуан-жіңішке жұптары бар дауыссыз дыбыстар

а) ш,ч; б) ж,щ; в) г,к; с) с,т; д) х,ц

  1. Орыс тілінде тек жіңішке болатын дауыссыз дыбыстар

а) ш,ч; б) ж,щ; в) г,к; с) с,т; д) х,ц

  1. Орыс тілінде тек жуан болатын дауыссыз дыбыстар

а) ш,ч; б) ж,щ; в) г,к; с) с,т; д) х.ц

  1. Орыс тілінде неше жуан-жіңішке жұп бар?

а) 18; б) 19; в) 12; с) 15; д) 14

  1. Орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке жұптасуы қандай құбылыс?

а) фонематикалық; б) вариациялық; в) комбинаторлық; с) сингормониялық; д) спонтандық

  1. Тек қазақ тіліне тән ұяң дауыссыз дыбыстар

а) ш,ч; б) ж,з; в) г,к; с) с,т; д) ғ,һ

  1. Буынның бірыңғай жуан не жіңішке болып келуі

а) аккомадация; б) ассимиляция; в) диссимиляция; с) сингормонизм; д) спонтандық

  1. Көршілес дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық тұрғыдан бейімделуі

а) аккомадация; б) ассимиляция; в) диссимиляция; с) сингормонизм; д) спонтандық

  1. Қазақ тілінде б,г,ғ,д дыбыстарына біткен сөздерге қосымша қалай жалғанады?

а) қатаң; б) ұяң; в) үнді; с) қыстырынды ы,і дыбыстарымен; д) тек дауыстыдан бастап жалғанады

  1. Регрессивті ассимиляцияны көрсетіңіз

а) шашсын; б) жат бол; в) жас дос; с)книжка; д) молодежь

  1. Тоғыспалы ықпалды көрсетіңіз

а) тамағым; б) сшить; в) одна; с) Жанкелді; д) жат бол

  1. Қазақ тілінің морфологиялық құрылысына тән басты ерекшелік

а) оморфты; б) аналитикалық; в) агглюфтинативті; с) флективті; д) қопармалы

  1. Орыс тілінің морфологиялық құрылысына тән басты ерекшелік

а) оморфты; б) аналитикалық; в) агглюфтинативті; с) флективті; д) қопармалы

  1. Орыс тілінде қандай грамматикалық категория жоқ?

а) шақ; б) жақ; в) септік; с) тәуелдік; д) род

  1. Қазақ тілінде қандай грамматикалық категория жоқ?

а) шақ; б) жақ; в) септік; с) тәуелдік; д) род

  1. Түбірдің алдында келіп сөз тудырушылық, сөз түрлендірушілік қызмет атқаратын морфема

а) приставка; б) постфикс; в) суфикс; с) аффикс; д) интерфикс

  1. Префикс арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз

а) дружба; б) пароход; в) малшы; с) приход; д) иінағаш

  1. Суфикс арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз

а) тарақ; б) жауап; в) садақ; с) друг; д) списать

  1. Күрделі сөздің сыңарларын байланыстыратын дауысты дыбыс

а) аффиксоид; б) суффикс; в) префикс; с) интерфикс; д) аффикс

  1. «Краевед, Татарстан, Языковед» сөздерінің құрамындағы «вед, стан»

а) аффиксоид; б) суффикс; в) префикс; с) интерфикс; д) аффикс

  1. Туынды негіздерді көрсетіңіз

а) кітап, книга; б) көп, много; в) малшы, скотник; с) жер, земля; д) көк, синий

  1. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз

а) ұлтарақ; б) вертихвостка; в) ұшқалақ; с) книжный; д) породистый

  1. Орыс тілінде жеке бөлінбейтін сөз табы

а) зат есім; б) сын есім; в) еліктеу сөздер; с) етістік; д) одағай

  1. Орыс тілінде септелмейтін сөздер

а) алоэ, метро; б) дело, герой; в) сосна, дядя; с) ель, путь; д) темя, семя

  1. Лагерь находится за городом сөйлемдегі қарамен жазылған сөз қай септікте тұр?

а) творительный; б) родительный; в) дательный; с) винительный; д) именительный

  1. Смотреть с трибуны қарамен жазылған сөз қай септікте тұр?

а) творительный; б) родительный; в) дательный; с) винительный; д) именительный

  1. Передать записку қарамен жазылған сөз қазақ тіліне аударғанда қай септікте тұрады?

а) атау; б) барыс; в) жатыс; с) табыс; д) ілік

  1. Терезе әйнегі қарамен жазылған сөз қай септікте тұр?

а) атау; б) барыс; в) жатыс; с) табыс; д) ілік

  1. Құстарды мылтықпен атты көмектес септігінде тұрған сөз орыс тіліне аударылғанда қай септікте тұрады?

а) творительный; б) родительный; в) дательный; с) винительный; д) именительный

  1. Отцовы заботы курсивпен берілген сөз қай сөз табына жатады?

а) зат есім; б) сын есім; в) еліктеу сөздер; с) етістік; д) одағай

  1. Шырай категориясының супплетивті тәсіл арқылы жасалуын көрсетіңіз

а) самый добрый; б) қызылырақ; в) плохое – хуже; с)қап-қара; д) строжайший

  1. Асырмалы шырайды көрсетіңіз

а) доброе; б) қызылырақ; в) плохое – хуже; с) көкшіл; д) строжайший

  1. Салт етістіктерді көрсетіңіз

а) күлу, ходить; б) табу, найти; в) ойнату, стирать; с) ойнау, управлять; д) тарау, зайти

  1. Мальчик купивший книгу курсивпен берілген етістік қай формада тұр?

а) понудительный залог; б) страдательный залог; в) действительное причастие; с) страдательное причастие; д) деепричастие
жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау