Қазак, орыс тілдерінің қалыптасуындағы ерекшеліктер



жүктеу 2,5 Mb.
бет2/11
Дата29.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#18276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




Бағаның әріптік баламасы

Мәні

Ұпайдың сандық баламасы

Пайыздық көрсеткіштері

А

Өте жақсы

4,00

95-100

А-

Өте жақсы

3,67

90-94

В+

Жақсы

3,33

85-89

В


Жақсы

3,00

80-84

В-

Жақсы

2,67

75-79

С+

Қанағаттанарлық

2,33

70-74

С

Қанағаттанарлық

2,00

65-69

С-

Қанағаттанарлық

1,67

60-64

Д+

Қанағаттанарлық

1,33

55-59

Д

Қанағаттанарлық

1,00

50-54

Ғ

Қанағаттанғысыз

0,00

0-49

Рейтинг шкаласы

Бақылау нысаны

Балдары


Ағымдағы

20

Аралық


35

Үйдегі


10

Қорытынды


35

Барлығы


100


2.5. Курстың саясаты мен реті студенттерге пәнді оқу барысында қойылатын әкімшілік талаптарын көрсетеді. (балл бойынша)
* Кешігу

* Сабақты босату

* Аудиториядағы жүріс - тұрысы

* Жұмыстарын кеш өткізгені



  • Емтиханда болмауы және т.б.



Оқытушының талаптары:

Жұмыстың барлық түрін(ең жоғары ұпай, айып және ынталандыру ұпайлары) қамтиды; Сабақты босату – сіздің оқуға ынтаңыздың көрсеткіші, сондықтан курс бойынша қорытынды баға шығаруда есепке алынады. Тапсырма уақытында орындалмаса, әр жолы бағаңыз жарты ұпайға кемітіліп отырады. Оқытушы әрқашан да сабақта кім жоқ екенін біледі. Сіздің міндетіңіз сабаққа қатысу, оқу. Кездейсоқ жағдайлар мен ауырып қалуыңыз ғана себепті деп саналады.

Бұл жағдайда оқытушыға болған жайды хабарлап, алдын-ала тапсырманы өткізуіңіз керек. Телефон шалып, хабарлама қалдырыңыз.

Өз жұмыс орнында болып, міндеттін атқармау да жазаға тартылуға себеп болады. Курс бойынша барлық тапсырмалар кестеде көрсетілген сабақтың басталуына дейін орындалуы керек. Белгіленген мерзімнен кейін өткізілген тапсырмаларға қойылатын баға төмендетіледі де өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді. Сабақ кестесі бойынша дәрісханада орындаған жұмыстарыныз да есепке алынады. Сабақта болмасаңыз, дәрісхана жұмысын орындамағаныңыз және сабақтан қалғаныңыз үшін жазаланасыз.

Курсты игеру белсенді жүзеге асырылуы керек. Үй тапсырмасын орындауға кемінде аптасына 2-3 сағат уақыт бөліну керек. Кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұрыңыз. Оқулықты тек тапсырма орындау барысында емес, курсты игеру барысында үнемі оқып отыру керек. Әр тапсырмаға дайындалу керек. Курсты игерудің табысты болуы көбінесе сіздің дәрісханалық жұмысты орындауға қатысуыңызға байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік таныту, оқытушының тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау аттестация мен емтиханда көмектеседі. Емтихан сіздің теориялық біліміңізді тексеруге ғана емес, тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға жауап бересіздер. Емтихандағы барлық тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді.

Аралық аттестация өтілген материал баршаға міндетті және өтілген тақырып бойынша алынады:



  • біреуден көшіріп алуға;

  • сіз үшін басқа біреудің орындауына;

  • жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізуге;

  • топтық тапсырмаларды орындауға қатыспай, сол үшін ұпай сұрауға және т.б.

Курсқа деген сіздің қарым-қатынасыңыз ЖОО студентіне лайық болады деп ойлаймыз. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды. Материалды талқылап, қажетті сұрақтар қою үшін, тақырыпты ашуға сын көзбен қарап, шешімін табу үшін және болашақ жұмысынызға қажетті білімнің бәрін алу үшін дайындалып келуіңіз керек.

Мазмұны:

  1. Глоссарий-----------------------------------------------------------4-6 бб

  2. Дәрістердің қысқаша мазмұны..........................................7-93 бб

  3. СӨБӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау........94-96 бб

  4. СӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау............97--99 бб

  5. Пән бойынша сұрақтары.................................................... ......100 бб

  6. Пән бойынша тест тапсырмалары..................................101-103 бб


Пән бойынша глоссарий

Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі.

Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі.

Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы.

Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б.

Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.

Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді.



Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі.

Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі.

Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды.

Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.

Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел.

Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» - «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» - «сайлау»).

Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.

Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады.

Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.

Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.

Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.

Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.

Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.

Конверсия (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.).

Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.

Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.

Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс.

Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.

Морфема – (грек. Morrhe - форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді.

Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.

Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.

Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.

Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б.

Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.

Синхрония (грек. Sync – hronos- бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.

Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.

Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі.

Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.

Фонология (грек. phone – дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы.

Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п

Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.

Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.



Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.

Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы.

1- Дәріс Тақырыбы: Салыстырмалы грамматика пәнінің мақсаты, міндеті.



Дәріс жоспары:.

1. Қазақ тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер.

2. Орыс тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер..
Мақсаты: Қазақ тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер.

Орыс тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер..


Мазмұны:

Қай тілді алсак та оның өзінін сөздік құрамы, ерекше фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы болады.

Қазақ және орыс тілдерін генеалогиялық жактан алғанда, әр түрлі тілдік топтарға жатады: қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, орыс тілі индоеуропа тілдерініц шығыс славян тобына жатады. Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар Дунайга дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орта Азия, Сібір, Кавказ, Кіші Азия жерлерін мекен еткен.

Қазақ тілінің түпкі шығу тегі түркі тілдері дамуындағы ең көне Алтай дәуірінен, Хун дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы III - 1У ғасырлар мен біздің заманымыздын V ғасыры аралығы) және одан бергі көне түркі дәуірінен (біздің заманымыздың V - X ғасырлар аралығы) бастау алады.

Алтай дәуірінде негізі бір ата тілден шыкқан түркі және монғол, түнғыс-маньчжур тілдері бір-бірінен ажырай бастаған. Ал Хун дәуірінде монғол, түнгыс-маньчжур тілдерінен түгелдей ажырап болған түркі тілдері өз ішінен шығыс түркі және батью түркі тілдері болып екі салага бөлінген. Қазақ тілі батыс түркі тілдершщ кыпшақ тобына енеді. Қыпшак тілдсрінің, оның ішінде қазақ тілінің қүрылымы туралы моліметтер Махмуд Қашқаридің «Дивани луғат ат-түрк», Юсуф Баласағүниың «Кутадғу билик», Ахмет Иассауидің «Дивани хикмет» т. б. еңбектерінде кездеседі.

XV ғасырдың аяқ кезі мен XVI ғасырдың басыида қазақ тайпалары қыпшақ қауымынан, ноғай ордасынан бөлініп шығып, дербес халык болып бірігеді. Қазақтың біртұтас халық тілінің қалыптасуы XV - XVI ғасырлардан басталып, XIX ғасырдың екінші л<артысына деиін созылды.

Осыған байланысты қазақ тілі қыпшак тілдеріне, оның ішінде қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерғе тән белгілерді сақтай отырып, өзінің ішкі даму заңымен жетіліп отырған. Қазақ тілінің XV - XIX ғасырлар аралығындағы қүрылысы жайында мәліметтер Алпамыс, Қамбар, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Көкше т.б. сияқты тарихи эпостар мен тарихи поэзия жырларында берілген. XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында кітаби тіл элементтерін сақтаған қисса-дастандар, батырлар жайында жырлар пайда болады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілі ұлт тілі болып қалыптаса бастайды.

Қазақ тілінің сөздік кұрамына түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы тел сөздері кіреді. Тарихи тума сездер тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған. Сонымен қатар тілдің сөздік құрамьшың толығып кемелденіп бір ғана өзінің ішкі мүмкіндіктері арқылы жүзеге аспайды. Өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік қүрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз.

Ертеде тәжік, өзбек, татар халықтары арқылы араб-парсы елдерімен, XII - ХІП ғасырларда монғол халқымен тығыз байланыста болса, XVIII ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезенінен (1731 ж.) бастап күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осындай үзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған.



Қазақ тілінің сөздік қүрамындағы кірме сөздер негізінен араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен енген.

Түркі тілдеріне араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі қазақ тілінің біртүтас халық тілі болып қалыптасуынан көп бүрын. орта ғасырлардың алгашқы кезінен басталады. Араб, парсы сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды және оның лексикасын түр-түрпаты, мән-мағына жағыкан да кеңейтіп, кемелдендірген. Яғни, араб-парсыдан ауысқан сөздердің көпшіліп сыртқы түр-түрпаты жағынан да, ішкі мән-мағынасы жағынан да әбден жымдасып, қазақтың тума төл сөздеріндей болып кетсе, кейбіреулерінің мағынасы толық сақталғанымен, сыртқы тұлғасы қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сай кейде түгелдей, кейде жаптылай езгерген (каэс - кесе, фән - пән т.б.).Ал кейбір сөздердің түр-түлғасы ғана емес, мән-мағынасы да жаңарьш, өзгерген (қүн/хун - парсы сөзінің бүрынғы мағынасы ңан, ал қазақ тілінде өлген кісіге төленетін толемақы). Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің бірқатары қазақ тілінде әр түрлі өзгеріске үшыраған. Соның салдарынан бір сөз бірнеше түрде айтылып, кейіннен бір-бірінен алшақтап, дербес мағыналы сөзге айналған (ғылым ~ ілім, қажет - әжет, хаңы -аңы).

Қазақ тіліне монғол тілінен негізінен әкімшілік, ел билеуге байланысты сөздер кірген: улыс, нөкер, жасаң, қүрылтай, аймаң, жарлың т.б. Бүндай сөздердің бір тобы сонау түркі-монғол тіл бірлестігі заманынан қалған болу керек. Екінші тобы XIII - XVIII ғасырларда ауысқан деген пікір бар. Бүл сөздердің аталған екі тобы әлі ажыратылып, зерттелген жоқ. Қазақ лексикасында монгол тіліндегі сөздермен түр-түрпаты, мағыналары үқсас, үйлес сөздер көп кездеседі (төл (төл), қойшы (кончын), ңүнан (хунан) т.б.). Бұлар монғол тілінен ауысты ма, әлде керісінше, монғол тілдеріне түркі тілдерінен енді ме - оны дәлелдейтін мәлімет жоқ.

Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен ерісі ежелден іргелес, көрші елдер. XVI - XVII ғасырларда қоныс араласуымен, сауда-саттықпен байланысты қарым-қатынастар күшейсе, XVIII ғасырдың 30 жылдарынан бастап Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бүл байланыстарды одан әрі нығайта түскен.

Революцияға дейінгі кезеңде ауысқан сөздер баспасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінесе ауызша сейлеу тілі арқылы енген. Сондықтаң болса керек, бүл кезеңдегі кірме сөздер түгелдей қазақ тіліиің дыбыстық заңдарына багынып, әзгерген (ящик - жәіиік, кроватъ - кереует, чайник - іиәйнек, суд — сот т.б.).

Революциядан бергі кезеңде де қыруар термин сөздер ауысты. Бүлардың басым көпшілігі орыс тіліндегі қалпында, түр-тұлғасы мен мағынасы өзгертілмей қабылданды. Ал кейбір орыс тілі терминдерінің қазақща баламасы мынадай жолдармен жасалды:

1. Орыс тіліндегі терминдерге казақтьвд тел сөздері және олардан калька жасау арқылы туынды сездер балама етіліп калыптастырылған (үшқыш - летчик, цондыргыш -надстройка).


  1. Орыс тіліндегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нәтижесінде кейбір дублет сөздерге дербес мағына беріліп, олар бір-бірінен сараланып отырған (білім - знанае, гылым - наука, ілім- учение).

  2. Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір тар мағыналы сөздер активтеніп, олардың белсенділігі арттырылған. Соныц нәтижесінде дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып калыптасты, яғни кейбір сөздердің семантикалық шеңбері кеңіді (фонд, запас, резерв - қор деген бір сөзбен ғана аударылып жүр.)

4. Орыс тіліндегі терминдерге лайықты атаулық
баламалар табу ісінде қолданысқа түспей, қалтарыста калып
жүрген кейбір көнерген сөздер активтеніп, қайтадан іске
қосылған (здание гимарат, тиф сүзек).

5. Кейбір төл сөздер бүрынғы негізгі магынасының
үстіне терминдік жаңа магына қосып алған (сыбага - удел,
жертва - қүрбандық).


6. Қазақ тіліндегі көптеген жүрнақтар, әсіресе -у;
-лық/лік; -ыс/іс; -ма/ме
сияқты жүрнақтардың сөз тудыру

қабілеті мейлінше күшейген (кружок - үйірме, колебание -тербеліс).



7. Көп магыналы терминдердің лайықты балама
табылған мағьшасы аударылып қазакша берілсе, баламасы жоқ
мағынасы орысша қалпында берілген (фаза - кезең, ал физика
ғылымында - фаза деген сөз ез калпында алынған).

  1. Орыс тіліндегі көп мағыналы терминдер қазақ тіліне ауысканда, әрдайым бір мағынасында ғана қолданылады. Мысалы, операция, ассимиляция сөздері орыс тшшде көп мағыналы болғанымен, қазақ тілінде көбінесе дара мағынада жүмсалады. Алайда әскери операция, медициналық операция, ақша операциясы деген тіркестер контексте қолданыла береді.

  2. Орысша туынды терминдерді қазак тіліне қабылдау қажет болгаы жағдайда, олардың түбірі сол қалпында алынып, орысша қосымшасы қазақ тілінің қосымшасымен алмастырылады (нормироваіпь - нормалау, газификация —

  3. Кейбір термин сөздердің орысшасы мен қазақшасы
    жарыса қолданылып жүр (метод - әдіс, форма - тур,
    т
    ұлга).

11. Интернационалдық терминдер, яғни халықаралық
сипаты бар сөздер аударылмай қолданылып жүр (атом,
конституция).


12. 1950 - 60 жылдардан бері қарай орыс сөздерінің
қолданылуын реттеу, мүмкіндігінше қазақша баламасын табу,
егер баламасы болмаса, оны жасанды түрде беру мәселесі
қарастырылып келеді (остановка - аялдама, холодилъник -
тоңазыпщыш).

13. Орыс сөздерінің баламасы калька сөздер арқылы
берілді (акпарат информацня, елтаңба герб, муражай
музей).

Кейде орыс тілі арқылы кірген создерге балама іздестіруде жөнсіз ауытқу да байкалады (галактика - галамшар, рецепт - ішірткі, радио — унжария, газет - ункагаз). Сондықтан кез келген кірме терминді міндетті түрде қазақшалап колдану кажет деген пікірге байқап, байыппен караган жөн сияқты.

Жалпы, қай тіл болмасын кірме создер арқылы байып, толығып, кемелденіп отырған. Мысалы, орыс тілінің лексикасына келетін болсақ, орыс тілі индоеуропа тілдерінін шығыс славян тобына жатады дедік. Ежелгі орыс әдебк тілі X гасырда Русьта христиан діні қабылданған кезден бастаи қалыптасып, көне славян және халық-әдеби тілдері негізінде қальштаса бастаған ("Повесть временных лет" (ХІ-ХІҮ ғғ), «Поучение Владимира Мономаха» (XII ғ.), «Слово о иолку Игореве» (XV ғ.). Ал ХІУ-ХУ ғасырларда бүл тіл дербес 3 тіл болып бөлшеді: орыс, белорус, украин тілдері. Ежелгі орыс тіліне де (древнерусский), үлы орыс тіліне де (великорусский) діни одебиетте қолданылатын кітаби-славян тілі әсер еткен. Кітаби-славян тілі, негізінен, діни әдебиетте, халық-әдеби тілі ресми стильде, көркем әдебиет жанрында колпаңылған.

Орыс тілінің төл сөздеріне индоеуропалық сөздер, яғни индоеуропалык тілдер бірлестігі дәуірі кезінде, біздің дәуірге дейінгі Ү-ІҮ ғасырларда пайда болған сәздер, жалпы славян создері, яғни барлық славян тілдерінің негізін құраған сөздер, УІІ-ІХ ғасырларда Шығыс Еуропада пайда болған шығыс славян лексикасы; XIV ғасырдан кейін қалыптасқан накты орыс пексикасы жатады. Индоеуропалық тілдер бірлестігі дәуірі кезінен бастап пайда болған лексика, ғалымдардың пікірі бойынша, Жайық пен Енисей аралығында, енді бір деректер бойынша, Балкан-Дунай территориясында өмір сүрген тайпаларды біріктірген индоеуропа өркениетінің тілі.



Жалпы славян тілі лексикасы (общеславянская лексика) барлық славян тілдерінің негізі болған Днепр, Буга, Висла жерлерінде өмір сүрген славян тайпаларының тілі. Жалпы славян лексикасынан екі мыңға жуық сез орыс тіліне енген деген пікір бар.

Шыгыс славян лексикасы (восточнославянская лексика) шығыс славяндар тілі негізінде пайда болған. Шығыс славян қауымдастығы VII - IX ғасырда Шығыс Еуропада орыс, украин, белорусс халықтарынан қалыптаса бастаған.

Нақты орыс лексикасы (собственно русская лексика) XIV ғасырдан кейін, яғни орыс, украин, белорусс тілдерінің жеке даму дәуірінде қальштасқан.

Қазіргі орыс тілі XVI - XVII ғасырларда Мәскеу мемлекетінің қүрылуынан бастап қалыптаса бастаған.

Орыс тілінде де сөздік қүрам кірме сөздер арқылы толығып отырған. Соның ішінде көне славян кірме сөздерінің алатын орны ерекше. Бүл Русьқа христиан діні енген кезден бастап пайда болған сөздер (988 ж.). Көне славян тілі діни кітаптардың тілі болған, бірте-бірте шығыс славян гілінің ықпалымен өзгеріп, халық тіліне де әсерін тигізеді [злато, ладья, уста, перст, бог, грех, жертва, блуд т. б.).

Кене славян және орыс тілі сөздерінің кейбір фонетикалық ерекшеліктері төмендегідей:

1. Орыс тіліндегі -оро, -оло, -ере, -еле, -ело морфемаларына көне славян тілінің -ра, -ла, -ре, -ле -морфемалары сәйкес келеді (неполногласие). Яғни сөз басында екі дауыссыз дыбыс қатар келгенде, екеуінің арасына дауысты дыбыс кірігіп айтылады (брада-борода, младость - молодость, чреда - череда, шлем - шелом, млеко — молоко).Орыс тіліндегі -ро, -ло - морфемаларына көне славян тілінде сөздің басында -ра, -ла сай келеді (раб, ладья - робить, лодка).


  1. Жалпы славян тіліндегі ж -ның орнына орыс тілінде з/сд-аффрикаты қолданылады (одежда, надежда, между);

  2. Орыс тіліндегі чі ның орнына щ дауыссызы келеді (ночъ — нощь, дщерь — дочъ).

  1. Орыс тіліндегі о= ньщ орнына сөздің басында е дауыстысы келеді (елень - олень, один - един).

  2. Орыс тіліндегі огё)-ныц орнына жуан дауыссыздьщ алдында екпін түсіп түрған е_ дауыстысы келеді (крест, небо -крёстный, нёбо).

Көне славян тілінен енген кейбір сөздерде көне славян сөзжасамына тән сөз алды қосымшалары мен жүрнақтар, күрделі түбірлер сақталған:

  1. -боз, -из, -низ, -чрез, -пре, -пред - сөз алды қосымшалары (воспетъ, изгнание, чрезвычайный, предсказатъ, преступитъ т.б.)

  2. -стви(е), -ени(е), -ани(е), -знь, -тв(а), -ч(шт),-ущ, -ющ, -ащ, -ящ (пришествие, моление, терзание, казнь, молитва, кормчий, ведущий, знающий, кричащий, разящий т.б.)

  3. Біріккен түбірлер: богобоязненный, благонравие, злоумышление, суеверие, чревоугоқш.

Ал семантикалық, стильдік ерекшеліктеріне қарай көне славян сөздерін төмендегідей классификациялауға болады:

  1. Көне славян сөздерінің көбі кітаби сткльге жатады: младость, брег, дланъ, воспеть, священный, нетленный, вездесущий т.б.

  2. Кейбір көне славян сәздері шығыс славян варианттарына сәйкес келіп, олардың орнына қолданысқа енген (шлем - шелом, сладкий -солодкий, влага - волога).

  3. Көне славян сөздерінің кейбіреулері орыс тіліне енгеннен кейін езгерген магыналарымеп қатар қолданылады (прах - порох, предатъ - передатъ, глава — голова, гражданин — горожанин).Кейбір көне славян сөздері қазіргі орыс тілінде кірме сөздерге жатпайды, өйткені олар орыс тілінің төл сөздеріне айналған.

Түбірі бір славян тілдерінен де орыс тіліне кірме сөздер енген, бірақ олар накты орыс тілінін сөздік құрамынан ерекшеленбейді.

Украин, белорусс тілдерінен шаруашылыққа байланысты сөздер енген: борщ, галушки, вареники, гопак т.б.



Поляк тілінен де сөздер енген: местечко, вензелъ, сбруя, зразы, шляхта. Поляк тілі арқылы чех, басқа да славян тілдерінен сөздер енген: прапор, наглый, угол т. б.

Орыс тілі өзінің сөздік қорын тек түбірі бір славян тілдерінен енген кірме сөздер арқылы ғана емес, баска елдермен саяси, мәдени, экономикалық байланыстар арқылы да толыктырып, жетілдіріп отырған. Атап айтсақ, VIII - XII ғасырларда скандинав тілдерінен (швед, норвег) теңізге байланысты сөздер енген: шхеры, якоръ, крюк, багор т.б..

Финн-угор тілінен балық атаулары енген: сиг, навага, семга, салака, акула, корюшка, сельдь т.б.

Солтүстік халықтарының өмірімен байланысты сөздер де кірген: тундра, пурга, нарты, т.б.

Герман тілдерінен мынадай сөздер енген: броня, меч, панциръ, котел, холм, бук, князъ, бор, свинъя т.б.

Сонымен қатар, Русьтің түркі халықтарымен, оның іпіінде, половецтер, печенегтер және хазарлармен көршілес больш, үнемі тығыз байланыста болғаны белгілі. Олармен болғак әскери кақтығыстар, монғол-татар шапқыншылығы орыс тілінін сөздік корының дамуына әсер еткен, яғни тұркі тілдерінен де сөздер енген. Олар негізінен шаруашылыкқа байланысты сөздер: колчан, аркан, въюк, шалаш, бешмет, куишк, каблук, кисет, сундук, кабала, казна, караул. очаг т.б. Орыс тілінің сөздік күрамындағы алтын, аул, балбес, башка, болван, ералаш, караул, кочеватъ, сургуч, табун, тамга, чекменъ, чулан тәрізді сәздер ертеде түркі халыктарынан ауысқан (Қараңыз: Шипова Е.Н. Словарь тюркизмов в русском языке, Алматы,1976).

Н.К.Дмитриевтің пікірінше, түркі тілдерінін ықпалы славян тілдерінің тек лгксикасына әсер етш қсймаған, славян тілдерінің грамматикасы мен фонетикасына, бір сөзбен айтқанда, жалпы орыс тілінің жүйесіне қатты әсер еткен1.

Орыс тілі сөздік қорының дамуына грек тілі де ықпал еткен. Русь Византиямен сауда-саттық байланыс жасайды, осыған байланысты Русьта христиан діні қабылданбай түрып (VI ғ.), ежелгі орыс тілі лексикасына грек тілінің элементтері ене бастайды, ал X ғасырда христиан дінінің ықпалымен кірме сездердің енуі күшейе түседі. Грек тілінен шаруашылыкка байланысты сөздер, көконіс, жеміс-жидек атаулары, дінге, ғылымға, мәдениетке байланысты сөздер енген: виишя, огурец, кукла, лента, фонаръ, скамья, баня, грамматика, математика, история, философия, тетрадь, алфавит, диалект, ангел, алтаръ, амвон, анафема, архимандрит, антихрист, архиепископ, демон, евангелие, икона, ладан, келья, лампада, монах, монастырь, пономаръ, панихида, логика, психология, кафедра, идиллия, идея, климат, критика, меіпалл, музей, синтаксис, лексикон, комедия, трагедия, сцена, театр т.б.

Орыс тілінің толып, кемелденуінде латын тілінің де ықпалы аз емес. Латын тілі еуропаның көптеген елдерінде әдебиет пен гылымнын, дін мен іс жүргізу тілі болған. XVI ғасырға дейін ғылыми шығармалар латын тілінде жазылған, ал медицина әлі күнге дейін латын тілін қолданады. Осыған байланысты ғылыми терминологияның халықаралық қоры қүрылған және бүл ғылыми терминология барлық еуропа тілдеріне ортақ болып табылады: автор, администратор, аудитория, студент, экзамен, экстерн, министр, юстиция, операция, цензура, диктатура, республика, депутат, делегат, реюпор, экскурсия, экспедицпя, революция, конституция т.б.

Қазіргі уақытта ғылыми терминдердің көбі грек, латын тілдері сездерінің негізінде жасалады: космонавт — [космосәлем + паиіея (теңіз) ~ теңізші], футурология - [лат. /ийіпіт -болашак + гр. һ§оз - сөз, ілім)] т.б.

Еуропа тілдерінің ыкпалы, әсіресе, Петр I дәуірінде айрықша күшейді. Бүл кезеңде, көбінесе, әскери, теңіз терминдері, ғылым мен өнер саласындағы сөздер,

шаруашылыққа байланысты атаулар көптеп енді. Мысалы, неміс тілінен енген сөздер мынадай: бутерброд, галстук, графин, шляпа, контора, пакет, прейскурант, процент, бухгалтер, векселъ, акция, агент, лагеръ, штаб, командир, юнкер, ефрейтор, лафет, патронташ, верстак, никелъ, кварц, вольфрам, картофель, лук т.б.

Голланд тілінен теңізге байланысты мына сияқты терминдер енген: верфь, гаванъ, вымпел, койка, дрейф, лоцман, матрос, рейд, рея, руль, флот, флаг, фарватер, шкнпер, штурман, шлюпка, балласт т.б.

Ағылшын тілінен де теңізге байланысты терминдер енген: бот, бриг, баржа, шхуна, яхта, мичман т.б. Кейін ағылшын тілінен техникаға, спортқа байланысты терминдер, шаруашылыққа байланысты сөздер енген: лидер, департамент, митинг, байкот, парламент, док, бюджет, сквер, коттедж, троллейбус, релъс, макинтош, бифштекс, пудинг, ром, виски, грог, торт, плед, свитер, пиджак, френч, финши, спорт, спортсмен, футбол, баскетбол, волейбол, бокс, крокет, покер, хоккей, жокей, бридж т.б.

Петр I патша дәуірінде, кейін XVIII ғасырдың аяғында, XIX ғасырдың басында, француз тілінен көп сөздер енген: костюм, капот, корсет, корсаж, жакет, жилет, палыпо, манто, блуза, фрак, браслет, вуалъ, этаж, мебелъ, комод, кабинет, буфет, салон, туалет, трюмо, люстра, абажур, сервиз, лакей, бульон, котлета, крем, рагу, десерт, мармелад, пломбир, авангард, капитан, сержант, артиллерия, марш, кавалерия, атака, бреіиь, баталъон, салют, гарнизон, курьер, генерал, лейтенант, блиндаж, рекрут, сапер, корнет, корпус, десант, флот, эскадра, пьеса, актер, суфлер, режиссер, антракт, фойе, сюжет, амплуа, рампа, репертуар, фарс, балет, жанр, ролъ, эстрада т.б.

Бүл заттардың атаулары ғана емес, мән-мағынасы да орыс тіліне толық енген. Ал кейбір француз сөздері орыс тіліне сіңбей, қолданыска енбеген. Мысалы: рандеву, плезир, политес

Француз тілі арқылы итальян сөздері де енген: барокко, купол, мезонин, мозаика, кавалер, нанталоны, бензин, арка,

баррикада, акварель, кредит, коридор, бастион, карнавал, арсенал, бандиш, балкон, шарлатан, баста, балюстрада т.б.

Итальян тілшен орыс тіліне және барлық еуропа тілдеріне музыкаға байланысты терминдер енген: адажио, ариозо, ария, алът, бас, виолончель, бандура, капелла, тенор, каватина, мандалина, либренипо, форте, пианино, клавесин, балерина, арлекин, опера, импрессарио, браво т.б.

Француз тілі арқылы испан тілінен де сөздер енген: гитара, кастаньеты, мантилья, серенада, карамель, ваниль, табак, томат. сигара, лимон, жасмин, банан т.б.

Алайда орыс тіліне басқа тілдерден сөздер ғана еніп қоймаған, кейбір сөзжасам элементтері де кірген. Мысалы, грек сөз алды косымшалары: а-, анти-, архи-, пан-: аморалъный, антипере-строечный, т.б.\ латын сөз алды қосымшалары: де-. контр-, транс-, улътра-, интер- : деградация, улыпралевый, интервокальный т.б.; ла-тын жүрнақтары: -изм, -ист, -ор, -тор іп.б.: гармонист, комбинатор, хвостизм т.б. Бұл сөз алды қосымшалар мен жұрнактар тек орыс тіліне ғана еніп қойған жоқ, олар халықаралык деңгейде де қолданылады.

Сонымен катар орыс тіліне басқа тілдерден енген сөздердің көбі бірте-бірте ассимиляцияга ұшырап, орыс тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделіп, орыс тілінін сөзжасам ережелеріне бағынып, өздерінің ұлттық сипаттарынан айрылған. Мысалы, грек сөзі аеикіа грек тілінде көптік мағынада қолданылады, ал орыс тіліне енгеннен кейін жекеше формада, әйел текте (ж.р.) қолданылатын болды; тагхсһіегеп деген неміс сөзі орыс тіліне енгеннен кейін орыс тілінің -оваіпъ жүрнағы қосылып, маршироватъ деген сөзғе айналған.

Кейбір кірме сөздердің семантикасы да өзгерген, көбі ана тіліндегі шығу тегіне сәйкес мағынасынан айрылған. Мысалы, курорпі. парикмахер деген неміс сөздерінің мағынасы орыс тілінде өзгерген, Неміс тілінде парикмахер - «парик істеуіиі»; курорт — кшіегеп - "емдеу", огі - "орын" деген мағынаны білдірсе, орыс тілінде бүл сөздердің семантикасы басқаша, өзінің түпкі мағынасына сай келмейді.

Кірме создердің кейбіреулері орыс тілінің төл сөздері сияқты кабылданып, әбден сіңісіп кеткен. Мысалы: вишня, тетрадь, партия, шалаш, суп, котлета т.б. Ал енді бір кірме сөздер өздерінің ұлттык сипатын толык сақтап калған, сондықтан олар кірме сөздер ретінде ерекшеленеді. Кірме сөздердің ішінде тек қана бір ұлтқа тән, сол ұлттың өмірі мен үлттык салт-дәстүріне байланысты ғана қолданылатын создер бар. Оларды экзотизмдер деп атайды. Мысалы, сакля деген сөз тек қана Кавказ халыктарының тілдеріне тән.

Кірме сөздер ішінде ерекше аталатын тағы бір топ -варваризмдер. Варваризмдер сөздіктерге енгізілмейді, олар жазылғанда ассимиляцияға үшырамай, өздерінің төл формаларын сактап қалады. Мысалы: аіта таіег, мерси, о'кей т.б.

Жалпы, орыс тіліне енген кірме сөздердің мынадай

фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін атауға болады:

/. Орыс тілінің төл сөздері ешқашан [а] фонемасынан

басталмайды, сондықтан орыс тіліндегі [а] фонемасынан

басталатын сөздер кірме сөздерге жатады (анкета, аббат,



абзац, ария, атака, абажур, арба, ангел, анафема т. б.).

  1. Орыс тілінде [э] фонемасынан да сөз басталмайды, ал грек, латын тілдерінен енген сөздерде [э] фонемасы сөз басында қолданыла береді (эпоха, эра, эпшка, экзамен, экзекуііия, эффект, этажт.б.).

  2. Шығыс славяндарда [ф] фонемасының болмауына байланысты орыс тілінің төл сөздерінде [ф] фонемасы кездеспейді. Сондықтан [ф] фонемасы бар сөздер де кірме сөздер больш танылады (форум, факт, фонарь, софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профиль т.б.).

  3. Орыс тілі фонетикасының заңы бойынша екі және одан артык дауыстылар қатар келмейді. Осыған байланысты бірнеше дауысты дыбыс катар келген сөздер кірме сөздерге жатады (поэт, ореол, аут, теаіпр, вуалъ, какао, радио, пунктуация т.б.).

  4. -Ге, -ке, -хе тіркестері тек кана кірме создерге тән (кедр, герой, схема, агенпг, аскет т.б.).

  5. Орыс тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкес келмейтін кейбір дауыстылар мен дауыссыздардын қатар келуі де кірме сөздерге тән (парашют, жюри, пюре, джип, коммюнике т.б.).

  6. Түркі тілдеріне тән үндестік заңына байланысты тек жуан, не жіңініке дауыстылардан тұратын сөздер де кірме сөздер болып танылады (атаман, караван, карандаш, башмак, аркан, сундук, сарафан, барабан, каблук, кушак, улус, мечеть, бисер пі.б.).

Ал кірме сөздердің морфологиялық ерекшеліктері ретінде олардың септелмеуін, көпше, жекеше формаларының болмауын атауға болады. Мысалы, тпакси, кофе, пальто, мини, макси сиякты кірме сөздер септелмейді, көпше, жекеше формалары жоқ.

Кірме сөздердің сөзжасамға байланысты да ерекшеліктері бар, олар мына сез алды қосымшалары мен жүрнақтар аркылы білінеді: интервал, дедукция, мндивидуализм, регресс, архимандрит, контрацмырш антипоц; деканаш, стуцент, техниқул*, редакто^, литература, нролетариаш, похіупизм, специалггсш, хюпштироватъ т.б.

Кейбір кірме свздер грек, латын, неміс, француз тілдерінен калька жолымен сөзбе-сөз аударыльш, орыс тілінің создік қорына енген. Мыс, ат&еһеп - неміс тілінен сөзжасам тәсілі арқылы аударылып, орыс тіліне выглядеть деп енген (вы - аш, түбір - глядеть - зеһеп). Бүндай калька лексикальщ немесе сөзжасамдык калька деп аталады.

Бүдан басқа семантикальщ калька деген де тәсіл бар. Олар аударылу барысында өз мағынасына коса басқа мағынаны да білдіреді. Мысалы, орыс тіліндегі картина онер шығармасы деген мағынаны білдірсе, ағылшын тілінің әсерімен кинофилъм деген мағынаны да білдіреді., ейткені ағылшык тілінде сурет, өнер шыгармасы, кинофильм деген мағынада беріледі.



Кірме сөздер кейде л<артылай калька жасау жолымен де енеді. Мыс, латын сәзі ҺитагіИа орыс тіліне латыя түбірі гуман, орыс тілінің лсүрнағы -остъ арқылы гуманность болып аударылған.

жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау