Қазақ тілінің өрісі кеңейді, бірақ…



жүктеу 34,19 Kb.
бет2/6
Дата21.09.2022
өлшемі34,19 Kb.
#39346
1   2   3   4   5   6
Қазақ тілінің өрісі кеңейді

Тілдер нарығы
Тілдер арасында тілдер нарығы, тіл­дер маркетингі деген құбылыс бар. Әр мемлекетте тілдердің өз алдына әлеуметтік топтардың мәртебесін айқындайтын ықпалына байланысты өз «бағасы», өз құндылығы бар. Тіл адамдық капитал ретінде оны меңгергендердің қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси мәртебесін айқындайды, сондықтан, ол тілге сұраныс та жоғары. Негізінен ол қызметті мемлекеттік тіл атқарады.
Бүгін қазақ тілі алуан түрлі бәсеке­лестікке түсіп отыр: экономикалық салада, интеллектуалдық, ғылыми, мемлекеттік қызмет, мәдениет, өнер, БАҚ, құқық, денсаулық, отбасы, дін, әскери қызмет, сыртқы саясатта бәсекелестік күшеюде. Бүгін тіл мәселесін барлық салаларда тек заңмен реттей алмайтындығымызға көзіміз жетті. Мысалы, отбасы, күнделікті тұрмыстық қатынастарда, базар, сауда, көлік, денсаулық, басқа да салаларды қазақ тіліне заңмен икемдеп, жөнге салу қиын. Ол мәдениет, ұлттық намысқа, тәрбиеге байланысты.
Әлемдік тәжірибеде сан жағынан басым ұлттың тілі қолданыста басым тіл де болатыны белгілі, оны мамандар үстем тіл, басым тіл (доминантный язык) дейді. Қазақстандағы жағдай өзгеше, сан жағынан аз халықтың, орыс диаспорасының тілі басым, үстем тіл (доминирующий язык)болып отыр. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі әлі толыққанды, жан-жақты, қоғамның барлық салаларында қолданысқа ие бола алмай отыр. Бірқатар авторлар бұл жағдайды мемлекеттік тіл саясатының сәтсіздікке, дағдарысқа ұшырауы деп бағалайды. Миллиардтаған қаржы босқа жұмсалды, ол қаржыны тиімді жұмсаса, Қазақстан қоғамын тұтастай қазақша сөйлетуге болар еді дейтін пікірлер айтылуда.
Көптеген сарапшылар мемлекеттік тілдің қолданысының тарлығын оқулықтардан, оқу методикасының жетілмегендігінен көреді. Ол сын орынды да шығар. Бірақ ешқандай мемлекетте барлық елдің көңілінен шығатын оқулық та, оқу методикасы да жоқ. Ресей сарапшылары, ғалымдары, мысалы, орыс тілін оқытудың деңгейіне көңілдері толмайды, бірақ олар тілді меңгеруіне емес, орыс тілді білмейтін ресейлік жоқ, тіл мәдениетіне назар аударады.
Бәсекеге қабілетті кеңістік қалыптаспады
Отарлаушы ұлт қай елде де жартылай Құдай, өз айтқандарын істетеді, өз мәде­ниетін, тілін, дінін таңады. Отарланған ұлт өкілдері отаршылардың айтқанын екі етпей тілін, мәдениетін қабылдайды. Тіпті өзінің тілін, мәдениетін кемсітумен, төмен санаумен, менсінбеумен келіседі, тек аз ғана топ қарсылық білдіреді, кейбіреулерінің жүйкесі тозады, өз құндылықтарынан да айрылып қалмауды ойлайды.
Ал отарлаушы ұлт өкілдері отарланған ұлтқа бейімделмейді, оларда астамшылық сана қалыптасады. «Біз» деп өздерін белгілі бір дистанцияда ұстайды, «оларға» менсінбей, мүсіркеп қарайды, «олардың» тілі, мәдениеті, дәстүрінен оқшауланып тұрады, олармен рухани араласуға мүдделі емес. Осылай отарланған елдерде шовинистік, авторитарлық пен меншілдік тұлға қалыптасады. Отарланған ұлт тәуелсіздігінен олар есалаң жағдайға түседі, өздері менсінбеген ұлттың бас көтергенінен қорқады, оларды сыйлап өспеген отаршылар метрополияға қоныс аударады.
Нарциссизм, өзін-өзі сүю, жоғары баға­лауға үйренген отарлаушы ұлттың өкілдері отарланған ұлттың тарихына да астамшылықпен қарай береді. Олардың тарихын кемшін, төмен санау тұрғысынан бағалап, отарлауды мәдениет, өркениетке қол жеткізу деп есептейді, отарлауды отар­лаушы генералдардың, шенеуніктердің, миссионерлердің, ғалымдардың ерлігі деп қабылдап, отарланған халықтың ұрпақтарын соған сендіреді. Сол рухта тәрбиелейді. Тіпті тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де отарлаушы ұлттың тілі, мәдениетсіз тұйыққа тірелетіндей, өз күштерімен мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын психологиялық ахуал қалыптастырады, әлі де өз ықпалында ұстауға тырысады, енді оларды «өз еркімен» отарлануға итермелейді. Батыс зерттеушілері африкандықтарды «ақ нәсілдердің рухани түрмесінде мәңгілік қамалған» деп суреттейді. Еркіндікке қол жеткізу үшін тәуелділіктен арылу ұзақ тарихи мерзімді қамтиды.
Біздің діліміздегі немқұрайдылық, самарқаулық, немкеттіліктің тарихи тамырлары терең. Өткен тарихтың бүгінгі ауыр салдарының әлі де жалғасып жатқаны, ұлт саясатына тілдік ахуалың жағымсыз ықпал ететіндігі, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілетті болмауынан елімізде әлеуметтік-психологиялық орта қалыптаса алмады. Сондықтан да, бәсекеге қабілетті қазақ тілді ақпараттық кеңістік қалыптаспады: ол телеарналарда, радиода, газет пен журналдардан көрініп тұр. Біз Рессейдің ақпараттық отарлығында қалып отырмыз деуіміз осыдан: Бұл қасіреттің басты себебінің бірі – қазақтардың орыстануында. Орыс тілін қазақ тілінен артық білу қазаққа қауіпті екенін енді-енді түсініп келеміз.

жүктеу 34,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау