Мемлекеттік тілге бірте-бірте көшу
Қостілділіктің Қазақстанда деңгейлері көп: жеке тұлғаның екі тілді білуі; аймақ тұрғындарының екі тілді меңгеруі; ұлттың екі тілді меңгеруі (мысалы, қазақтардың басым көпшілігі, екі тілді); бұқараның қостілділігі. Қазақстандықтардың бұқаралық қостілділік – орыс-қазақ, қазақ-орыс тілін меңгеруі ұзақ тарихи кезең алады. Сондықтан, бүгін қостілді мамандарға ұлтына қарамай жол ашатын уақыт келген сияқты. Сондай-ақ, кейбір аймақтарды да (Атырау, Қызылорда, тағы басқа да облыстар) мемлекеттік тілге аударып, аудармашылардың көмегіне жүгінбей-ақ жұмыс жасайтын мүмкіндік бар. Бұл аймақтарда қазақ тілінде жазатын, ойлайтын мамандарды қай салаға да іріктеп алуға болады. Басқа ұлт өкілдерін де жұмысқа тарту жөн, бірақ оларға мемлекеттік тілді меңгеруге қатаң талап қою міндетті емес. Қазақ тілдік орта оларды тіл білуге бірте-бірте икемдейді. Ең бастысы қазақтың қазақ тілін меңгеруі.
Ұлттық рух
Қазақ тілінің бүгінгі жағдайы қазақ ұлтының әлі де кемшін психологиясы, тарихи санасында жатыр.
Ұлы ақын А.С.Пушкиннің орыстық астамшылығы да зор болған. Кавказды зар еңіреткен генерал Ермоловты қолдап: «Смирись Кавказ: идет князь Ермолов», – деген. Тек князь П.Вяземский шын көңілінен ұлы ақын болса да Пушкинді сынаған: «Что тут хорошего? Что он, как черная зараза, губил, ничтожил племена? От такой славы кровь стынет в жилах и волосы дыбом становятся. Если бы мы просвещали племена, то был бы, что воспеть. Поэзия – не союзница палачей…».
Поэзия ғана емес, тарих ғылымы да қанішерлермен бірлеспеуі керек еді. 2007 ж. Ұзынағаш түбінде басқыншы Қоқан хандығының әскерін талқандағанына 140 жыл толуын атап, «кемеңгер» Колпаковскийге ескерткіш орнатты. Оған Ресейден, алыс шет елдерден казактар мен славян бірлестіктерінің өкілдері қатысты. «Айтпайын десем, ақым кетіп барады, Айтсам ағайынның көңілі қалады» дегендей, айтпауға болмайтын жағдайлар да бар. Өкініштісі, «тойдың» ортасында белгілі ел азаматтары, мәжіліс депутаттары жүрді. Кезінде И.Жансүгіров Колпаковскийдің қалай да Жетісуды орысқа шегелеп ұстауға мықтап күш салғанын айтқан. Кейін Түркістанның генерал-губернаторы Фон Кауфман
Достарыңызбен бөлісу: |