Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



жүктеу 11,41 Mb.
бет25/46
Дата07.02.2018
өлшемі11,41 Mb.
#8938
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46

Туған күн кешінде

Зада жазғы демалысында атасы мен әжесінің ауылына барды. Ауылдағы ағасы мен жеңгесі қалаға жұмыстарымен жол жүріп кеткен еді. Ауылдағы бауыры Әлидің ертең туған күні, ал оның ата- анасы кеш келетін болды. Ертемен Зада бауырын туған күнімен құттықтады. Оның көңілсіз түрін көріп:

- Әли, туған күніңе достарыңды шақыр, мен сенің құрметіңе жақсы кеш ұйымдастырамын - деді.

Әли қуанғанынан әпкесінің бетінен сүйіп алды. Зада дүкеннен керекті азық- түлікті сатып алып келді. Ол тұшпара, құймақ және торт пісірді. Туған күн кешінің дастарханы да дайын болды. Кешке жиналған туыстар мен достар жақсы тілектер айтты, ән салып, би биледі, ойын ойнады. Кеш өте көңілді өтті. Атасы мен әжесі Заданың бауырмалдығына сүйсініп, ризашылығын білдірді.





  1. Тапсырма. Әнді тыңдап, оқыңдар.

Туған күн кешінде

Сөзі: Мұхтар Шахановтікі

Әні: Шәмші Қалдаяковтікі

Тойыңа гүл алып,

Келіп ем қуанып,

Қарсы алдың күлімдеп көктемдей.

Жүзіңе нұр толып,

Кетіпсің құлпырып,

Бір бақыт сәулесін сепкендей

Қайырмасы:

Сен туған күн, мерекеміз,

Ән бастайық, кел екуміз.

Ұмытпа сен, құрбым,



Есте қалсын мәңгі бұл күн.

(Мұхтар Шаханов)





  1. тапсырма.Тиісті септік жалғауын қойып, көшіріп, жазыңдар.

Жомарт сен туған күн кеші... сыйлық алдың ба? Гүлдерді үстел... ортасына қойыңдар.

Қонақтарға сусын... беріңдер. Сіз қонақ... жиі барасыз ба?




  1. Тапсырма. Сөздерді жұптастырыңдар.

Салтанат орталықтар

Демалыс орталықтары

Сауда сарайлары

Зәулім үйлер



мәдени орындары

17 сабақ

Досымның туған күні





1- тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Бүгін менің досым Оляның туған күні. Ол он үш жасқа толды. Оля туған күніне достарын шақырды. Мен оған сыйлыққа әдемі қобдиша сатып алдым. Сағат бесте мен оның үйіне келдім. Олардың пәтері екінші қабатта. Мен келгенде барлық достары жиналыпты. Барлығымыз дастархан басына отырдық. Оляның анасы үлкен торт пісіріпті. Торттың үстінде он үш кішкентай майшам жанып тұр, Оля бәріміздің қолдауымызбен майшамдарды үрлеп өшірді. Біз оған жақсы тілектер айтып, сыйлығымызды ұсындық. Туған күн кеші өте әсерлі болды.


2- тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.

1.Сіздің туған жылыңыз қай жыл? 2. Анаңыздың туған күні қашан? 3.Досыңыз қай жылы туған? 4. Атаң биыл неше жасқа келді? 5. Інің былтыр неше жаста болды? 6. Әкең қай жылы туған? 7. Әпкең қай жылғы?


3- тапсырма. Дос, сыйлық, дастархан сөздерін септеңдер.
Атау: _________ Жатыс: ________________

Ілік: _________ Шығыс: _______________

Барыс: _________ Көмектес: ______________

Табыс: __________



4- тапсырма. 3- тапсырмадағы сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

18 сабақ

Досыма тілек







  1. тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.




  • Бүгін менің досымның туған күні. Қандай сыйлық сыйлайын?

  • Досың неше жасқа толады?

  • Досым он екі жасқа толады.

  • ...




  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.



Досыма тілек

Алыстағы досыма сағыныш толы хатымды жазып отырмын. Оны көрмегелі бір ай болды. Ол Астана қаласында тұрады. Қарашаның онында ол он үшке толады. Мен оның туған күніне бара алмаймын. Сол себепті досыма деген ақ тілегімді қағаз бетіне түсірдім. Ақжарқын, әзілқой досымның болашақта бақытты болуын, білімді азамат болып өсуіне тілектеспін. Достығымыз бұзылмасын деп тіледім.


3- тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар.

Алмаз: Балалар, Гүлімнің туған күнін қалай атап өтеміз?

Қанат: Гүлім бізді туған күніне шақырды ма?

Алмаз: Ол біздің ортамызға биыл келді.

Аружан: Біз оны өз ортамызға тартуымыз керек

Қамбар: Мен «Туған күн кешінде» әнін орындап беремін.

Аружан: Жақсы тілек болса!

Алмаз: Туған күніне арнап 4 жол өлең шығарсақ деймін.

Аслан: Мен шығарамын!

Арман: Онда мен Гүлімге гүл жасап, сыйлаймын.

Алмаз: Дұрыс, келістік!
4- тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңдар.

Туған күніне барсаң, .... . Қонақтар жиналып болса, ... . Қонақтар гүл әкелсе.... . Достарың сыйлықтар берсе... .Кеш көңілді өтсе... .



5- тапсырма. Құттықтау хатты оқыңдар. Құттықтау хат жазыңдар.

19 - сабақ

Ең үлкен сыйлық







1- тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақ қойыңдар.
Туған күніме анам мен апам «Айгөлектің» бір жылға жазылған түбіртегін сыйлағанда, қатты қуанып кеттім. Ал апайым Мөлдір - осы журналдың тілшісі. Шіркін барлық аналар балалары үшін осындай сыйлық жасап берсе, баласы бір күн емес, бір жыл қуанар еді- ау! Мәнді сыйлық иесі болғаным үшін өте қуаныштымын.


  1. тапсырма. Жұптастырыңдар және тексеріңдер.

Мықты еңбек

Ұзақ махаббат

Баянды денсаулық

Қажымас қайрат

Табысты өмір

Мөлдір бақыт
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңдар.
Мен бұл кітап... жазда оқы...м. - ды

Ол Әсем... шығарып сал... . - ді

Сен сол көңіл... сәттер... ұмыт...ң -ты

Олар орман ... тауға шық... . - ті

Біз атақ... кісілер... еске ал ... қ.
4- тапсырма. Бос орындарға адам аттарын қойып, сөйлемдерді оқып, жаттығыңдар.

туған күнін

мерейтойын

мүшел тойын атап өтті

мерекені

салтанатты жағдайды



ІІ Әлеументтік – мәдени ая.

І модуль

Астанамен танысу. Астананың көрікті жерлері
1 сабақ

Атамекенге саяхат



жүктеу 11,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау