Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



жүктеу 11,41 Mb.
бет46/46
Дата07.02.2018
өлшемі11,41 Mb.
#8938
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

Құрт

Құртты ашыған айраннан да, сүтті арнайы қайнатып та дайындаған. Ол қой, ешкі, сиыр сүтінен, ал республикамыздың оңтүстігі мен батысында түйе сүтінен қайнатылады.

Оны дайындау үшін ашыған айранды немесе ұйыған сүтті қазанға құйып, отқа қояды. Құртты қайнатады. Құрт әбден қайнап, қоюланған кезде оттан алып, аздап суытады. Сонан соң құртты дорбаға салып, сүзіп алады. Әбден құрғаған соң татымына қарай тұз қосып, түрлі пішінге келтіріп жайып тастайды.
Қатық

Қатық қой, ешкі, сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытылады. Жылқы мен түйе сүтінен қатық ұйытылмайды. Оны әзірлеу үшін сүтті пісіріп, қайнады. Содан соң ұйытқы құйып араластырады, 2-3 сағат ұиды. Қатыққа ешнәрсе қоспай ішеді. Ол әрі тағам, әрі сусын. Кейбір жерлерде оны пісіп сары май алады.


2- тапсырма. Етістіктің болымсыз түрін қолдана отырып мына сөздердің қарама-қарсы мағынасын жазыңдар.
ұйытылады –

пісіріледі -

суытылады -

жабылды -

алынды -
Қазы.

Қазақ халқының ұлттық тағамдары көп. Әсіресе еттен жасалатын тамақтың түрлері: қуырдақ, шұжық, қарта, қазы. Қазыны сыйлы қонақ келгенде немесе ыстық қалпында әкеледі. Жылқының етті, майлы қабырғасын тұздап бір тәуліктей ұстайды. Шеке салынған қазыны тоңазытқышқа сақтап, жаңа сойылған кезіндегі дәмімен беруге болады. Жазға дейін таза, салқын ауада сақтап, сүрлеуге де болады. Онда қазыны «сүр» қазы дейді.


Сөздік жұмысы:

ұлттық тағамдар –

ыстық қалпында –

тоңазытқыш –

сүрлеу -
Тағамдар.

Қазақ «Ас - адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас» деген сөздердің мағынасында астың маңызын дәл көрсеткен. Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың негізгі асы сүт пен ет. Сиыр мен қойдың сүтінен: кілегей, қаймақ, айран, қатық, сүзбе, құрт, ақ ірімшік, сары май басқа тағамдар жасайды. Биенің сүтінен қымыз, түйенің сүтінен шұбат ашытады. Қысқа соғым сойылады. Соғымның еті тұздалып, ысталып сүрленеді. Соғымның кесек еттері сүйегімен сүрленеді де, ұсақ еттерінен шұжық, үлпершектер жасалады.


Сөздік жұмысы:

мағынасы – сойылады -

маңызы – тағамдар жасайды -

көшпелі – сүрленеді -

негізгі –

ашытады -



3 сабақ

Ұлттық ойындар



1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңдар, мазмұндаңдар.
Бәйге

Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату және т.б..

Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – бәйге. Бәйге ойнына қатысу үшін алдымен бәйгеге қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап бағып, күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленген уақытта күн сайын желгізіп, шапқызып, терін алады. Бәйгеге қосылатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуы мүмкін. Олар ат шабатын қашықтықтың өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы-қасында болған бала, осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана емес, ол – спорт, ол - өнер, ол – шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.


2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

  2. Бәйге ойнына қатысу үшін алдымен не істеу қажет?

  3. Бәйге ойнының негізгі шарттары қандай?

  4. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні қандай?



3- тапсырма. Сызбаны толтырып, әңгіме құрастырыңдар.




4 сабақ

Мектеп асханасы



1- тапсырма. Мәтінді оқыңдар, аударыңдар, мазмұндаңдар.

Біздің мектепте үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, тәтті тағамдар және түрлі сусындар сатады.

Мен таңертеңгі асымды үйден ішемін. Ботқа, қуырылған жұмыртқа немесе нан мен май жеймін, шай немесе кофе ішемін.

Ал түсте асханада тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, біріншіге сорпа, кеспе немесе борщ, екіншіге картоп пен ет, палау немесе мәнті, ал үшіншіге компот, шырын немесе шай аламын. Салқын тағамдардан орамжапырақ салатын немесе сәбіз салатын жеймін.

Біздің асханамыз таза, жарық, кең. Асханада даяшы болмайды, әркім өзіне-өзі қызмет етеді, сондықтан тамақты кезекке тұрып аламыз. Асхана қызметкерлері мінсіз қызмет етеді.
2- тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдерді аяқтаңдар.

1 а) Қарныңыз ашса, не жейтініңізді айтып беріңіз.



Үлгі: Менің қарным ашса, мен ... .

ә) Сіз шөлдесеңіз не ішетініңізді айтып беріңіз.



Үлгі: Мен шөлдесем, ... .


  1. тапсырма.

Есте сақтаңдар!

Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпайды. Тамақ арқылы адам ағзалары ақуыз, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі дәрумендермен қамтамасыз етіледі.



Осылардың ішінде ақуыздың алатын орны ерекше. Ғылымда ақуызды протеин деп атайды. Ол «бірінші орын алушы» деген грек сөзі екен. Ақуызсыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық жасушалары осы ақуыздан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей ақуыздан тұрады. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде айран, қаймақ, ірімшік, құрт, жент, қымыз, шұбат ерекше бағаланады. Сондықтан, «Ағы бардың, бағы бар» деп сүті бар үй, бақытты үй болатын.
а) Берілген мәтіннен бірінші үш сөйлемді, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

4- тапсырма. Жолдасыңызбен кімнің нені ұнататынын (ұнатпайтынын) әңгімелеңдер.

- Мен ... ұнатамын(жақсы көремін, жеймін, ішемін).

- Мен ұнатпаймын(жақсы көрмеймін, жек көремін, ішпеймін)
5- тапсырма. Сызбаны толтырыңдар, кімнің нені ұнатып, нені ұнатпайтынын белгілеңдер.

Азық-түлік

Жарас

Ирина

ұнатады

ұнатпайды

ұнатады

ұнатпайды

шай













қымыз













айран













шырын













жеміс-жидек













көкөніс













ет













балық













жұмыртқа













балмұздақ














Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Диктанттар жинағы» Ж.С. Қалиева, Қарағанды 2000ж.

  2. Казахский язык для всех. Алматы «Атамұра» 2004ж. А.Ш.Бектурова, Ш.К. Бектуров.

3. Қазақтың ұлттық ойындары.Алматы «Рауан» 1991 Е.Сағындықова

4.Ана тілі - қанатым. 1-11сыныптарына арналған. Алматы «Рауан» 1997ж. Ү.Несіпбайқызы.

5.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы «Рауан» 1994ж. Ш.Ш.Шаяхметов, Қ.Б.Жарықбаев.

6. Қазақ тілі.Алматы 2004ж. Қ.Ибрагимов.

7. Интернет желісі «Яндекс»

8. «Айгөлек» журналы, 2007-2010 жж.







жүктеу 11,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау