Қазақ тілі Пәнінің оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтарға: kYa 1104 қазақ тілі



жүктеу 1,33 Mb.
бет4/8
Дата15.05.2018
өлшемі1,33 Mb.
#13829
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Оқылым.

Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Ол ХІХ ғасырдың басында, Батыс Қазақстан өңірінде, Орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер – халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым-бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.

Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.

Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты. Құрманғазы күйлері Қазақстан сазгерлерінің шығармашылығынан кең орын алды. Республика сазгерлері күйшінің күйлерін, үлкенді-кішілі шығармаларында пайдаланды. Би де қойылды, спектакльдер де, кинофильмдер де, хор музыкасы болып та пайдаланды.

Қазіргі таңда көптеген оқу орындарының, музыкалық ұжымдардың, аудандардың, көшелердің аттары Құрманғазы есімімен аталады.


Тапсырма. Мәтінге сұрақтар қойыңыз.

Жазылым.

Тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз.

Наставник, известный, повлиять, великий композитор, творческий успех, достижение, актуальные проблемы, посвящать.


Тыңдалым.

Тапсырма. Әңгіме қозғайық:

1. Қандай музыкалық аспаптарды білесің?

2. Қайсысын ұнатасың? Неге?

3. Сен ұнататын музыкалық аспап қай ұлттыкі?

4. Өзің ойнайсың ба?

5. Белгілі бір музыкалық аспапта ойнайтын қандай атақты музыкантты, күйшіні білесің?

6. Музыкалық аспапта ойнағанның адамға әсері бар ма?
Жетігеннің 7 әуені
...Ертеде өмір сүрген бір шалдың 7 ұлы болыпты. Бір жылғы жұтта әлгі шалдың қолындағы бар малы қырылады. Суық үйдің берекесі кетеді. Киіз үйдің шаңырағында бақытсыздық орнап, 7 ұлы бірінен соң бірі өледі. Өлгеннің артынан жоқтау айтып, ас беруге еш қаражаты, лажы жоқ шал кепкен ағаштан ойып «Жетіген» жасапты.

Үлкен ұлы өлгенде оған бір ішек тағып, тиек орнатады. «Қарағым» деп атап, жоқтау күйін тартады.

Екінші ұлы өлгенде екінші ішек тағып «Қанат сынар» күйін орындайды.

«Жұт 7 ағайынды» дегендей ұлдары бірінен соң бірі өлген шал бір-бір ішектен таға отырып, «От сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды», «7 баламнан айрылып құса болдым» деген жаңа күйлер шығарыпты. Сөйтіп «Жтігенге» 7 ішек пайда болыпты дейді...

(Б.Сарыбаев)

Тапсырма. Мәтінге сұрақтар қойыңыз, пікір алысыңыз. «Жұт 7 ағайынды» дегенді қалай түсінесіз?
14-тақырып. Ұлттық мәдениет тамыры

Оқылым.

Мәтінді түсініп оқыңыз.
Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Олардың ең көне музыкалық аспаптары — ұрмалы даңғыра, қурайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған.

Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі:



Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.

Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрін сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты күйлері жатады.

Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.
Тапсырма. Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Көшпелілердің музыкалық аспаптарын атаңыз. 2. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын неше кезеңге бөледі? 3. Бірінші кезең қай уақыттарды қамтиды және оған қандай шығармалар жатады? 4. Қорқыттың "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая" күйлері қай кезеңге жатады? 5. "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау қандай болды? 6. "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі" шығармалары қандай тарихи кезеңге байланысты туған? 7. Бесінші кезеңге кімнің күй, әндері жатады?

Оқылым.

Қазақ музыка өнерінің болмысы

Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері әлі жақсы зерттелмеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен аталып жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжан қыз", "Бозінген", "Сәулем-ай", "Кербез сылқым", "Қос алқа". Ескі билер қатарына "Алқа қотан", "Ұтыс би", "Киіз басу", т.б. жатады.

Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар", т.б. жатады.

Жар-жар — келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.

Беташар — жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәлем бергізу, жас келінге ақыл-нақыл айту өлеңі. Оны бір адам орындайды.

Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын, сонымен қатар тойдың соңында әр дастарқанда отырған тойшылардың тойға арнап айтатын әні.

Сыңсу — қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.

Бесік жыры — бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні үлкен.

Жоқтау — елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы аталған ғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады.

Қазақ музыка өнері өзінің болмысы жағынан біртұтас дүние.


Тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелесіңіздер.

Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем ойлаңыздар.

Қазақ би өнері, жаңа түскен келін, қыз ұзату, бесік жыры, тәрбиелік мән, сәлем беру, тойға арнау, музыкалық мұра, күй тарту, ән айту.



8 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Оқу орнында практикалық жүргізу студенттерді оқытудың негізгі ұйымдастыру формасының бірі болып табылады. Студенттерді практикалық сабақтарда теориялық білім алуға бағыттап, мемлекеттік тілде өз ойын еркін баяндауға, болашақ мамандығына қажетті термин сөздерді меңгертуге, оларды ауызекі тілде қолдана білуге үйрету.

Қандай да болмасын тілді оқу, тану екі жақты сипатта болатыны белгілі. Біріншіден, оқылатын тілдің құрылымы, яғни оның фонетикалық ерекшеліктері, лексикалық құрамы, грамматикалық категориялары. Екіншіден, тілді оқу – оны үйренумен байланысты болады. Бірінші жағдайда тілді танушы сол тілдің жүйесімен танысса, екінші жағдайда ол сол тілде өз ойын білдіруді, сөйлеуді үйренеді. Осы жайтты мақсатқа ала отырып, әр сабақта оқыту әдістемесінің әртүрлі әдіс-тәсілдері, әсіресе соңғы жылдары етек жайып келе жатқан оқыту саласындағы жаңа технология әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Әр сабақта сөйлеу, сұхбаттасу басты мақсатқат алына отырып, грамматика саласы да қарастырылады.

Тыңдалымда: студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын

мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 2-2,5 минут және бір рет тыңдалады. Мәтінде 2-3 таныс емес сөз кездесуі мүмкін. Диктордың мәтінді оқу (сөйлеу) қарқыны минутына 170-200 буын. Диалогқа түсу жағдайында сұхбаттасушы сөзінің мазмұнын мұқият тыңдап, түсіну және жауап қайтаруға әзір болуы тиіс. Диалог күнделікті және әлеуметтік-мәдени салада қарым-қатынас жасау үшін қажетті тақырыпта болуы мүмкін. Диалог көлемі: 8-10 сөйлемнен тұруы мүмкін.



Оқылымда әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Студент мәтін бойынша түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп бере білуі қажет. Бұдан студенттің мәтіннің мазмұнын түсінген-түсінбегенін және сөздік қорының ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіннің түрлері: әңгіме, баяндама, сипаттама, нұсқау, дәйектеме, ауа райы туралы мәлімет, хабарлндыру, т.б. мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін

тыңдап, сұхбат құра білуі тиіс. Мұнда олардың рухани танымдары тексеріле

келіп, осыған тыңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескертіледі:

Студенттің берілген тақырып бойынша көлемі 400-500 сөзден тұратын

мәлімдеме жасау, сұхбат құру, серіктесін қоштау, т.б. бағыттарды білім, білік, дағдысы болуы қажет. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтік сөйлеу болса, айтылым уақыты – 2-3 минут, қарқыны – минутына 140-160 сөз болуы тиіс.

Монологтік сөйлеуде студент берілген тақырып бойынша әңгіме құрай

білуі, оқыған немесе тыңдаған мәтін бойынша қатысымдық бағытта репродуктивті негізде мәтін түзе құрастыра білуі; мәтінде берілген оқиға, ондағы кейіпкерлерге өз көзқарасын айта білуі тиіс.

Диалогтік сөйлеуде айтылым қарқыны – минутына 130-150 сөз.

Диалогтік сөйлеуде студент мыналарды білуі қажет:


  • айтушы әңгімесінің мазмұнын түсіну, өткен тақырыптар бойынша сөйлесе

білу;

- сөйлеушінің репликасына жауап қайтару;

- диалогті аяқтай білу, өзінің ойын айта білу;

Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн. Мұның өзі студенттің қазақ тілін қалай меңгергенін, оның қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Әрине, жазба жұмысы студенттердің сөздік қорын ғана емес, сонымен қатар олардың сауатты жазу қабілеті, сөйлемдегі сөздердің нормаға сай байланыстыруы тұрғысынан бағаланады. Жазба жұмыс (эссе-шығарма) 400-500 сөз көлеміндегі мәтінмен берілуі тиіс. Оқиғаны хабарлдау, суреттеу, баяндау түріндегі мәтіндер әдеби тіл нормасына сай болуы қажет.

- тапсырманы орындалу жоспарын ойлау;

- орындалған шешімге қорытынды жасау;

- берілген мәтінді бірнеше рет дауыстап оқып, мазмұнын есте сақтап айтып беру;

Әр сабаққа жан-жақты дайындалу студенттің белсенділігін арттырады және сонымен қатар студенттің жауапкершілігі, ынтасы, тілге деген сөйлеу дағдысы қалыптасады.

13 Практикалық лингвистика кафедрасының

қазақ тілі сабағын өткізу бойынша мамандандырылған дәрісханалардың, кабинеттердің, лабораториялардың тізімі


Рет



Корпус

Аудитория №

Пәнді оқытуда қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету, құралдар мен жабдықтар

1

№1 ғимарат

240 аудитория

Интерактивті тақта, мультимедиялық комплекс.

2

Білім орталығы

Лингофонды кабинет, интернет залы, компьютерлік сынып.

Мультимедиялық комплекс,интерактивті тақта, теледидар,лингофон.

3

№ 2, 3

ИТФ, 318, АБФ,403, ВжМШТФ, 305

Мультимедиялық комплекс.

Құрастырушы

Лауазымы ________________________________________

___._________20______ж.



ІІ семестр

8 Тәжірибелік сабақтардың жоспары.
1-тақырып. Хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздері

Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870-80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйеде жазылған: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — қара сөздері; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты.

Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Тапсырма. Жоғарыда берілген мәтінге жоспар құрастырыңыз.

Қара сөзде айтылған ой

Тапсырма. Мәтіннен Абайдың сөздерін тауып, мағынасын ашыңыз.
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:

«... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,» – деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

«Адам болам десеңіз.. Бес нәрседен қашық бол..., Бес нәрсеге асық бол,» – деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":

«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,» — деп жоғарыдағы өлең үзіндісіндегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

2-тақырып. Шәкәрім шығармаларындағы имандылық. Жай сөйлемнің түрлері. Жақты, жақсыз сөйлем
Оқылым.

Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Шәкәрімнің шығармаларындағы имандылық

Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Атасы Құнанбайдың, соңынан ағасы Абайдың тәлім-тәрбиесін алады. Өзінің «Мұталғанның өмірі» атты ұзақ өлеңінде бес жасынан ауыл молдасынан сабақ алып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Сөйтіп, өз бетімен орысша үйренеді, ғылым-білім жолына түседі. Шәкәрім Гетені де, Пушкинді де өзіне жақын тартқан. Ол Абайдан көп үлгі-өнеге алған, оны ұстаз тұтқан. Ойшыл ақын Аллаһты тануға шақырады. Дін бұзушыларды қатты сыңға алады: «Көнбеймін дінді теріс бұзғаныңа, сопының бара қойман құрбанына». Шәкәрім тарихпен де айналысқан. «Меккенің де, Мединенің де тарихтарын ақтардым», - дейді өзі. Бұл саладағы басты еңбегі – «Шежіре».

1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкәрім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған. Акынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік-біртұтастықты танытады.Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса –Тәнірі сол» дейді.

Өнер – білім, ғылым үйрену мәселесін ойшыл ақын халықтың мүддесімен, биік адамгершілік, әділеттілік, махаббат, адал еңбек ете білу, талаптылық, жігерлілік секілді қасиеттерді үлгі тұтады. Бұл қасиеттер мейірімділік, имандылық арқылы толысып, жетілетінін атап айтады.

Адамдық борышың

Халқыңа еңбек қыл,

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

деген сөздерінен, халықты имандылыққа ұйуға, ұлттық құндылықтарымызды түсінуге, ақылға ерекше мән беріп, не нәрсені болса да терең пайымдап түсінуге, ойланбай, азғырғанға ермеуге шақыратынын аңғарамыз. Шәкәрім өлеңінің әр шумағының «Бір Аллаға сыйынған арам өлмес» деген тармақтан басталуы кездейсоқтық емес. Шәкәрім поэзиялық шығармаларында адалдық, имандылық жолын қашан да шамшырақ етіп отырған.
Мәтінге арналған сөздік:

Бейімділік склонность; способность

Таныту учить

Жақын тарту считая близким; считая родным

Дін религия

Бұзушы разрушитель

Қажылық совершивший паломничество в Мекку

Көзқарас точка зрения; воззрение

Сапар шегу путешествовать

Осылай так

Мүдде интерес

Діншілдік религиозность

Хадис хадис (предания, рассказы о деяниях и изречениях пророка Мухаммеда)

Жаратушы Создатель; Творец (о Боге)

Кездейсоқтық случайность

Бірлік единство; единение

Біртұтас единый

Сансыз бесчисленный; несметный; несчетный;

Жаратса создал

Пайымдау разуметь; рассуждать; соображать; понимать

Азғырғанға ермеу не поддаваться на подстрекательства

Сыйыну поклоняться; преклоняться

Тармақ пункт
Жазылым.
Жақсыз сөйлем — сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы, “Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді”. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:


  1. Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”);

  2. “-ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”);

  3. Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”);

  4. Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”);

  5. Тұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады.

Тапсырма. Жай сөйлем түрін ажыратыңдар. 
1.Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді. Жомарт мектептің жоғарғы қабатына көтеріліп келеді. Сұлтан жайлауды екі күн аралады. Сабақ оқу – оқушының міндеті. Мен онымен емін-еркін сөйлестім. Кеш болғанын білмей қалыппын. Бізге әзірге уақытты ұту керек. Менің туыстарыма баруыма тура келді. Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың. Олар орманға қарай асығыс аттанды. Кешке қатысуға менің құлқым болмады. Ауылға біз түске таман жеттік .Оқушылар мектепке ерте жиналды. Біз дүкенді аралап көп жүрдік. 
Ағай бізді өзенге алып келді. Оқушылардың қасында әнші апай жүр еді. 
Ол барлық сұраққа тез жауап берді. 

  Тапсырма. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге , жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.



Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Абай отыр. Хамит күндегісінен ерте тұрды.

Семантикалық кесте

  р\с           

            Жай сөйлем түрлері

Жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

1

 Үлкендерге құрмет көрсету керек

 

  

 

  

2

 Қар жауды

       

 

   

 

3

Өзеннен балық аулаймыз

       

 

   

 

4

Біз мақтан тұтамыз

       

  

 

 

5

Жеті жұрттың тілін біл

       

 

 

  

6

Ұрлық түбі-қорлық

       

 

   

 

7

Оқыған озады

       

 

   

 

8

Менің    бұл сөзге қосылғым келмеді

 

  

 

   

 9

Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген

       

 

 

   

10

Маған сабақтан қалуға болмайды

 

  

 

   



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау