Қазақ тілі Пәнінің оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтарға: kYa 1104 қазақ тілі


-тақырып. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер



жүктеу 1,33 Mb.
бет2/8
Дата15.05.2018
өлшемі1,33 Mb.
#13829
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

2-тақырып. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер.


Оқылым.

Үйленуге байланысты салт-дәстүрлер

Қазақ халқы қыз бен жігіттің бас қосып үйленуін о бастан-ақ ата-ана, жақын-жуық, ел мүддесімен, өмірімен өзектес деп қараған. Сондықтан, әр ата-ана балаларын уақытында үйлендіріп, жақсы келін түсіруді мұрат тұтып, бұған тікелей басшы болған. Өйткені болашақ жас келін бір үйлі жанның, тіпті бір ауылдың тіршілігіне ұйытқы болған. Бүгінгі жас келін – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ұрпақ әкелуші ана.

Үйлену және үй болуға байланысты халқымыздың құда түсу, жаушы жіберу, құдаларды қарсы алу, есік-төр көрсету, ұрын келу, жасау беру, т.б.салт-дәстүрлері бар.

Құда түсу – ерте дәуірден күні бүгінге дейін жалғасып кле жатқан жақсы, жарасымды дәстүр. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі. Әке-шешесі ажар-көркіне ғана емес, адамгершілігіне, көргенді, өнегелі отбасынан шыққандығына үлкен мән береді.

Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жол-жоралғысы жасалады. Олар өте көп: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр жеу, т.б. Екі жақтың әкелері, шешелері бір-біріне «бауыздар құда, құдағилар»болады.

Ертеде екі достың әйелдері бір кезде ұл, қыз туса құда болып, «бесік құда» болу дәстүрі де бар.

Егер тұрмысы нашар, төлейтін қалың малы болмаса, қызын жігіт жақтың біреуіне беріп, «қарсы құда» да болған. Халқымыз жеті атаға жейін қыз алыспаған. Бұл дәрігерлер тұрғысынан қан тазарту мәселесіне өте сай келеді деп дәлелденіп отыр.

Жаушы жіберу – қыз айттыруға баратын өкілді жіберу. Ол жөн-жосықты жақсы білетін, сөзге шешен, әзіл-қалжыңға жүйрік адам болуы керек.

Құдаларды қарсы алу – құда түскеннен кейін, қыз әкесінің шақыруы бойынша жігіттің әкесі бастаған он шақты сөзшең, әңгімешіл, домбырашы, әнші-жыршы адамдардың келуі. Осы жолы той жабдығы, қалыңмал мәселесі шешіледі.

Ұрын келу – күйеудің қымбат, бағалы сыйлықтар алып, жанына әнші, күйші, сері жігіттер ертіп қалыңдықтың ауылына келуі.

Қалыңмал – қыз алатын жақтың қыз беретін жаққа төлейтін малы. Қалыңмалдың тұрақты мөлшері болмаған. Бұл әл-ауқатқа байланысты 47,37,27,17 мал тұяғымен есептелген. Кедей адамдар 5-6 малмен-ақ тынған. Осылармен бірге ілу, өлі-тірі, тоймалы деген ырымдар да бар.

Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. Бұл кейде қалыңмалға берілген дүниеден көп болуы да мүмкін. Екі жақта болатын той-томалақ өз алдына әңгіме.
Тыңдалым.

Тапсырма. Сұхбатты оқып, жолдасыңызбен әңгімелесіңіз.
Ерлан: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба? Бүгінгі жоспарыңыз қандай?

Қонақ: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң!Рахмет! Егер мүмкін болса,халқыңыздың қазіргі тұрмыс-салтымен таныссам деп едім...

Ерлан: Өте жақсы. Бүгін менің досымның баласы үйленгелі жатыр. Солтойға келуіңізді сұраймын. Сонда біздің елдің қазіргі жастарының үйлену салтымен жақын таныса аласыз.

Қонақ: Маған ыңғайсыз болмай ма? Біздің халқымызда «Танымайтын жерге шақырусыз қонаққа барма» деген қағида бар.

Ерлан: Өзіңіз де байқаған шығарсыз, біздің қазақ халқы өте қонақжай халық, қонақты еш уақытта жатсынбайды. Қайта Сіздің келгеніңізге қуанып, құрмет көрсетеді.

Қонақ: Дегенмен, ыңғайсызданып тұрмын....

Ерлан: Біздің халқымызда «Қонақтың бөлінбеген еншісі бар», «Құдайы қонақ» (құдай өзі арнайы жіберген қонақ), «Қонақты қусаң құт қашады» деген сөздер бар. Бізде ешқандай ыңғайсыз болып есептелмейді.

Қонақ: Ерлан мырза, Сіз маған былай да көп қызмет көрсеттіңіз. Шексіз ризамын. Мына айтып отырғаныңызға әбден сенемін. Расында, Сіздің халқыңыз өте қонақжай халық екен!

Ерлан: Онда келісітк Кешкі сағат алтыда осында кездесейік. Сонымен, үйлену тойына баратын болдық. Көріскенше күн жақсы болсын!
Жазылым.

Тапсырма. Берілген мәтінге жоспар құрастырыңыз.
Тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін тауып жазыңыз.
Кедей –

Ата –

Қымбат –

Жақын –

Жуық –

Жас –

Ана –

Дос –
Тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.

Қыз, ажар, жігіт, тым, бас қосу, өмір, халық.


Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар.
Неке, неке қию, жас нәресте, ер бала, болашақ келін, жас келін, атастыру рәсімі, құйрық-бауыр, құда түсу, қалыңмал, кит, тыйым.
3-тақырып. Жас отбасы бюджеті.

Оқылым.

Жас отбасы бюджеті

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Жаңадан ортақ өмірді бастаған кезде көбіміз ақша жағын ойлағымыз келмейді. Дәл осы сәттен екі ересек адам өзінің ортақ шаруашылығын жүргізуі тиіс, екеуі шоттарды төлеп және ортақ мақсатқа ақшаны жинаулары керек. Алғашқы көзбен қарағанда оңай секілді. Ал шын мәнінде отбасылық қақтығыстардың көбісі ақшадан болып жатады. Ерлі-зайыптылардың біреуі ақша тауып жатса, ол көбінесе тиімді болады. Кім ақша табатын болса, сол ақшаны қайда жұмсайтынын шешеді. Ал екіншісі «жалданған есепші» ретінде болуы мүмкін. Оның міндеті бюджетті қадағалау, бірақ-та қандай да бір шешімдерді қабылдау жатпайды.

Ал егер екеуі де жұмыс істеп ақша тауып жатса, онда жағдай күрделене түспек. Коммуналдық қызметтерге кім төлеуі керек? Кімнің ақшасына тұрмыстық техниканы сатып аламыз? Қалай «әділ» отбасы бюджетін құруға болады? Қаржы кеңесшілері отбасы бюджетін құруда негізгі үш үлгіні белгілейді: тәуелсіз, ынтымақтас және ортақ.

Отбасы бюджеті: тәуелсіз үлгі

Тәуелсіз үлгіде отбасы мүшелері тапқан ақшаларын өздерінің еріктерімен жұмсайды. Мұндай үлгі кімде табыс деңгейі тең болса, бір-бірінің тәуелсіздігін сыйласа және отбасыдық өмірді жаңадан бастап жатқандарға қолайлы. Егер отбасыда бір ортақ шығындарды төлеп тастау қажеті туындап жатса, онда олар жиналып төлейді. Бірақ-та мұндай жағдайлар жүйелі түрде емес аяқ-астынан болғандықтан, көбінесе ерлі-зайыптылардың қайсысында ақша болып жатса, сол төлеп жатады. Нәтижесінде екеуінде бір-біріне деген реніш пен бүгіп қалған сөздері қалып жатады.

«Алғашқыда жастар талқылау «дөңгелек үстел» басында келісіп алулары қажет. Олар ай сайынғы болатын шығындарды есептеп, соның бәрін тең жартыға бөлу керек. Тура осылай үлкен сатып алынатын заттармен де істеу керек. Сонымен қатар бұрынғыдай да кімде ақша болса, сол төлесін. Ал екінші жұбайлардың бірінде «қарыз» пайда болып, келесі төлем кезінде сол төлесін» - деп кеңес береді қаржы кеңесшісі .

Отбасы бюджеті: ортақ бюджеттің үлгісі

Ынтымақтас үлгідегі отбасы бюджетін жүргізу ол жас отбасыларға ең тартымды болып саналады. Бәрі де түсінікті – барлық табыстар ортақ «қазанға» салынады содан кейін оған не алынады деп белгіленетін болады. Айта кететін жәйт жалғыз бір мүшесінде емес, бүкіл отбасыда бос қаражат қалып, ол қаражатты жинауға, сақтық қорды қалыптастыруға немесе инвестициялауға жіберуге болады. Яғни мұндай тәсіл отбасы бюджетіне жемісті нәтиже береді. Бірақ-та осындай отбасы бюджетінде кемшіліктері де бар.

«Нақты жағдайда отбасы бюджетіне тағы бір шығында бабын қосуға болады – ол жеке мұқтаждықтар. Бұл ақшалар отбасы мүшелерімен өз ықтиярымен жұмсайтын болады. Ең дұрысы жеке шығындар отбасы бюджетінен 20%-30%-дан аспауы керек. Сол кезде ғана ол тиімді болуы мүмкін. Бірақ-та барлығы ерлі-зайыптың қалауы мен табыс деңгейіне байланысты», - деп айтады Елена Харченко
Тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз.
Тапсырма. Қаржы кеңесшісінің берген пікірімен келісесіз бе? Сіздің пікіріңіз қандай?
Тапсырма. Қаржы кеңесшісінің берген үш үлгісінің қайсысы сіздің ойыңызша дұрыс деп санайсыз?
Тыңдалым.

Пікір-талас ұйымдастыру.

Сіз отбасы бюджетін жоспарлай аласыз ба?

Егер сіздің осы уақытқа дейін өз ақшаңызды, атап айтқанда, отбасы бюджетін бөлу жоспарыңыз болмаса, онда асығуыңыз керек. Кез келген жоспарды, оның ішінде қаржы жоспарын саяхатшының жол картасымен салыстыруға болады. Ондай картасы болмаса, адам адасады және көздеген жеріне тез жете алмайды. Сондықтан адам бір орында тұрып қалмай, алға ұмтылғысы келсе, жоспардың болуы – өмірлік қажет талап. Қаржы жоспарын жасау үшін әуелі ағымдағы қаржылық ахуалды талдау қажет. Ол үшін алдымен бір айдағы және бір жылдағы кіріс пен шығыс туралы есеп жасау керек. Одан кейін қолда бар активтер мен пассивтерге талдау жасалуы тиіс.



Жазылым.

Тапсырма. Берілген мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Жас отбасының бюджеті

Мысалы екі адамнан тұратын, отбасылық бюджетті енді ғана бірлесіп жүргізе бастаған жас отбасының қаржы жоспарын қарастырайық. Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды. Мұндай жағдайда бірінші кезекте барлық күшті берешекті жоюға салу қажет. Сондай-ақ отбасылық бюджетті қалыптастыруға арналған тәсілді өзгерту қажет. Егер қазіргі жағдайда оның пассиві көп болса және негізінен отбасының ағымдағы қажеттіліктерінен тұратын болса, болашақта бюджет кіріс әкелетін активтермен толықтырылуы тиіс.



Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай? Бюджеті барынша шектелген жоғарыдағыдай отбасының шығыстарын қысқарту, әрине күрделі болады. Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады. Екінші кеңес: отбасының тұрақты қорын қалыптастыру толық аяқталғанша қарызға ақша алмау және несиеге ірі тауарлар сатып алмау керек. Үшіншіден, отбасы шығын жұмсалатын жерде үнемдеу керек, бірақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.

Кез келген компанияның жетістігі көбіне оның өз ресурстарын қалай жұмсайтынына қатысты болады. Отбасылық экономиканы кез келген кәсіпорынның экономикасымен салыстыруға болады. Қаржы жоспары неғұрлым айқын және жан-жақты болса, компания немесе жеке отбасы соғұрлым табысты болады. Сондықтан шығыстарыңыз бен кірістеріңізді нақты көре білсеңіз, өз ақша ағыныңызды инвестициялау мүмкіндігіңіз бойынша жоспар жасай аласыз. Осылайша сіз өз ақшаңызды тиімді басқара аласыз.


4-тақырып. Тұрғын үй түрлері
Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

«Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қолжетімді баспана мәселесін ерекше атап көрсетті. Әрине, бұл – үлкен мәселе. Қазір Үкімет арнайы бағдарлама дайындап жатыр. Осы бағдарлама бойынша, тұрғын үйлер салынады. Ұзақ мерзімге жалға беріледі. Кейін сатып алуға болады. Жоспар – тұрғын үй алаңын бір миллион шаршы метрге жеткізу, жарты миллион жас отбасыға баспана беру. Бұған мемлекет көп қаржы бөледі. Құрылыс саласын дамытады»,- деді.

«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі өз қызметін мынадай үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:

1) Тұрғын үй құрылысын дамыту

2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру
3) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «2020 жылға дейінгі қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр.
Атап айтқанда, мынадай бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының көлемін өсіру және қолжетімдігін қамтамасыз ету ұсынылады:
1. Жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуы, оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатуы

2. Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу


3. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас отбасылар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу.

4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үй салуы

5. Жеке тұрғын үй құрылысы

6. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу


Тыңдалым.
Тапсырма. Диалогты сәйкес сөйленістермен толықтырыңыз.

-


«Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қолжетімді баспана мәселесін ерекше атап көрсетті.

-

Жоспар – тұрғын үй алаңын бір миллион шаршы метрге жеткізу, жарты миллион жас отбасыға баспана беру.



-

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «2020 жылға дейінгі қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр.


-

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту.


-

«ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі өз қызметін мынадай үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:


Жазылым
Тапсырма. Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша орын тәртібімен қойыңыз.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үй салуы

Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас отбасылар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу. Жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуы, оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатуы.Жеке тұрғын үй құрылысы,

5-тақырып. Жылжымайтын мүлік орталығы
Тыңдалым.

Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз.


жылжымайтын мүлік

недвижимое имущество

сату бөлімі

отдел продажа

кредитке рәсімдеу

оформлять в кредит

жер телімдері

земельные участки

қала орталығындағы пәтер

квартира, находящиеся в центре города

қалаға жақынырақ

ближе к городу

талапқа сәйкес

соответствуют к требованиям

қаладан шеткерірек

подальше от города

ие болыңыз

приобретайте

тез таптың ба ?

быстро ли нашел?

адасқан жоқпын

не заблудилась

ұзақ уақыт алу

занимать долгое время

жеке үйлер

частные дома

дәм тату

угощаться

шу естілмейді

шума не слышно


Оқылым.

Бұл жылжымайтын мүлік орталығы. Мұнда пәтерлер мен үйлерді сату бөлімі және үйлерді кредитке рәсімдеу, ипотека бойынша сату бөлімдері бар. Осы бөлімдерден жылжымайтын мүліктер – жер телімдері, тұрғын үйлер, пәтерлер туралы толық ақпараттар алуға болады. – Маған қала орталығынадағы я қала орталығына жақынырақ, жұмысыма да жақын, бағасы қымбаттау емес, тынышырақ жерден пәтер алу керек. Қазіргі пәтерім жұмысымнан алыстау, қаладан шетірек әрі қыста салқындау. Бөлмелері де тарлау, ас үйі қазіргі жаңа үйлердікінен кішірек. Терезелері де кіші, жарық аздау түседі. Бірақ қазіргі үйім балаларға ыңғайлырақ. Мектеп, емхана, балабақша пәтерімізге жақындау жерде. – Біздің сату бөлімімізде қала орталығына жақындау жердегі жеке үйлер бар, ал жақсы пәтерлер қала орталығында бар. Мына пәтерлер барлық талапқа сәйкес: қала орталығында, сіздің жұмысыңызға жақынырақ, сіздің бұрынғы пәтеріңізден бөлмелері кеңірек, қыста бірқалыпты жылы, жазда салқындау, терезелері үлкендеу, жарық көбірек түседі, жеке үйлерден бағасы арзанырақ, жол бойында емес, көше шуынан алысырақ, - деді сату бөлімі қызметкері.



  • Пәтеріңіз тамаша екен! Ойланайын!

  • Жақсы! Тезірек пәтерге ие болыңыз!


Жазылым.

Тапсырма. Диалогты сәйкес сөйленістермен толықтырыңыз.

- …………………

- Пәтерім үшінші қабатта.

- …………………

- Пәтерім жұмысымнан алыстау.

- …………………

- Көлікпен он бес минутта тезірек жетуге болады.

- ...................................

- Қыста салқындау.

- …………………

- Иә, жазда ыстық.

- …………………

- Мектеп үйге жақындау жерде, ал емхана алыс.
Мектеп үйден алыс па? Жұмысқа жету ұзақ уақыт ала ма? Қыста жылы ма? Жұмысыңызға жақын ба? Жазда ыстық шығар? Пәтеріңіз қай қабатта?

Диалогты тыңдап, сөйлемдерді орын тәртібімен қойыңыз.


  • Рақмет! Пәтеріміз осы! Бөлмелері көп әрі кең, жарық, бастысы, орталықта. Мынау – жатын бөлмелері. Жатын бөлмелерінің терезелері көше жақта емес, көше шуы естілмейді. Қонақ бөлмесі жатын бөлмелерден кеңірек.

  • Сәлеметсің бе, Айша!

  • Охо! Пәтерлерің қандай тамаша! Енді ішінде той көп болсын!

  • Сәлем, Сая! Үйді тез таптың ба?

  • Менің пәтерім орталықтан алысырақ. Бірақ тыныштау жерде, көше шуы азырақ. Бөлмелері көп емес. Жатын бөлмесі де, қонақ бөлмесі де сендердікінен кішірек. Ал ас үйі кеңдеу. Бәрінен жұмыс кабинетім жақсы. Кітап сөрелері көп. Балконы кеңдеу. Жұмыс кабинетімнің терезелерінде көкшіл жалюзи. Ыстықта жақсы көлеңке.

  • Рақмет, Сая! Өзіңнің пәтерің қай жерде?

  • Иә, иә! Дәм татайық.

  • Адасқан жоқпын. Пәтерің құтты болсын, Айша!

Дұрыс екен! Маған ақшыл жалюзилер ұнайды. Жарайды, дастархан басына барайық.
Тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

тар - тар........., тар..........; қызыл – қызыл.........., қызыл........; ақ – ағ......, ақ......., ақ .......; биік – биіг......, биік........; аласа – аласа....., аласа.....; ыстық – ыстығ ......., ыстық ......; жақсы –жақсы....., жақсы.......; нашар – нашар....., нашар......; әдемі - әдемі....., әдемі........ ырақ, ірек, рақ, рек, лау, леу, дау, деу, тау, теу, шыл, шіл



Тапсырма. Бағаналардағы антонимдерді тауып, оларды бір-бірімен сызықтар арқылы қосыңыз.

Ағырақ кемдеу

Жақсылау қысқарақ

Ұзынырақ қаралау

Арзандау жамандау

Артықтау қымбаттау


Тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздер мен тіркестерді қойыңыз

Біздің бұрынғы үйіміз .......... жақсырақ. Қазіргі пәтеріміз ......... жылырақ. Көршіміздің үйі ...... кеңдеу. Қонақ бөлменің терезелері ........ үлкенірек. Жатын бөлмеміз .......... кішірек. Жеке үйлер ......... қымбатырақ.



пәтерлерден; бұрынғы пәтерімізден; жатын бөлменікіне қарағанда; біздікінен; қазіргі үйімізден; қонақ бөлмеден.
Тапсырма. Тұрғын үй бағдарламасы бойынша қосымша ақпаратпен танысыңыз.
6-тақырып. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Оқылым.

Мәтінді оқып, әңгімелеуге тырысыңыз.
Адам – жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философиясы, әлеуметтану, психология, физиология, педогогика, медицина т.б. ғылымдардың объектісі болып табылады.

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады. Алайда, өмір қарама-қайшылықтарға, қиындық, қайғы-мұңға да толы болғандықтан, ол жақсы да, жаман да адамның мінез-құлқына әсер етіп, адамда қандай мінез басым болса, сол мінез иесін басқарып, өктемдік жүргізеді.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Қазіргі заманның іскер адамы болу үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай білген адамның ісі де өнеді, табысы да көбейеді, бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады.

Басшы ең алдымен жантанушы, содан кейін ұйымдастырушы болуға тиіс. Өз басқаруындағы ұжым мүшелерінің мінез-құлқын, іскерлік қабілетін, көңіл-күйін өзгеге айтқызбай-ақ өзі сезімталдықпен байқайтын басшы адамдарды ұжымдастырып, істі ілгері жүргізе алады.

Адамның басшылық беделін көтеретін фактор, сөз жоқ, ең алдымен оның кәсіби біліктілігі. Дегенмен, кәсіби біліктілігі, білімі, іскерлігі таңдай қақтырып, таңғалдырғанмен осы сапаларына сырт келбеті, жүріс-тұрысы, мәдениеті, киім киісі келіспей жатқан әйел басшының ұжым мүшелерінің сеніміне кіре қоюы қиын.


Жазылым.

Тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз.
Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, ауыспалы осы шақта қолданып сөйлем құрастырыңыз.
Тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеңіз.

Жоспарлау, пайдалану, тырысу, мән берілу, жұмыс істеу, жүргізе алу.



7-тақырып. Замандас келбеті

Оқылым.

Мәтінді оқып, әңгімелеуге тырысыңыз.
Қазіргі заманның іскер адамы болу үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс күнін дұрыс жоспарлай білген адамның ісі алға басып, табысы көбейеді, бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. Өз жұмысын жақсы көретін және қоғамға пайда келтіретін адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады.

Қазіргі кездегі қызметте әйел адамның қоғамдық роліне үлкен көңіл бөлініп отыр. Тек қана әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар да, іскер әйел басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар да бар. Білімі, іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті жағынан ер адамдармен бірдей көрінетін әйелдер аз емес.

Басшы ең алдымен жантанушы, содан кейін ұйымдастырушы болуға тиіс. Өз қарамағындағы адамдардың мінезін, іскерлік қабілетін, көңіл-күйін бірден байқайтын басшы әйел адамдармен тіл табысып, істі алға жүргізе алады.

Әйел адамның басшылық беделін көтеретін – оның кәсіби біліктілігі. Дегенмен, кәсіби біліктілігі, білімі, іскерлігі жоғары болып, оған сырт келбеті, жүріс-тұрысы, мәдениеті, киімі келіспесе, онда әйел басшының қарамағындағы адамдардың сеніміне кіруі қиын болады.


ісі де өнеді, табысы да (алға басып, табысы)

кәсібін шын сүйетін, (жұмысын жақсы көретін)

пайдалы іс тындырғысы(пайда келтіретін)

жаңа еңбек қарым-қатынастарында (Қазіргі кездегі қызметте)

айырықша мән берілуде. (үлкен көңіл бөлініп отыр)

Бірыңғай әйелдер (Тек қана әйелдер)

ер адамдардан кем түспейтін (ер адамдармен бірдей көрінетін)

Өз басқаруындағы (Өз қарамағындағы адамдардың)

өзгеге айтқызбай-ақ өзі сезімталдықпен (бірден байқайтын)

адамдарды ұжымдастырып (адамдармен тіл табысып)

ілгері жүргізе алады. (алға жүргізе алады)

фактор, сөз жоқ, ең алдымен (оның)

таңдай қақтырып, таңғалдырғанмен (жоғары болып, оған)

ұжым мүшелерінің (қарамағындағы адамдардың)

сеніміне кіре қоюы қиын. (сеніміне кіруі қиын болады)
Тыңдалым.

Іскер адам болу үшін ...............

Қай сатыны таңдайсыз?


жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау