«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет15/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35

56

57

өзін  сыйлай  алмаған  басқаны      құрметтеп      жарытпайды»   



деген   ұлағатты   ұғымыңа   қарсы   шығып   отырғанымызды 

аңғара  бермейміз.  Міне,  сізге  сыни  тұрғыдан  оқыту  арқылы 

шыңдалған  ойлауға  бағыттау  мен  оқушының  даму  деңгейіне 

байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау. Сол арқылы ұлттық 

құндылықтарға  негізделген  күрделі    мәселелерді      шешуге,   

аса  маңызды,   жауапты   шешімдер  қабылдауға кұштарлық  

туғызамыз.

Сыни    ойлауды    дамыту    технологиясының    дәстүрлі    

оқытудан        басты  айырмашылығы  –  білімнің  дайьш  күйінде 

берілмеуі  болатын  болса,  бір  ғана  «Абай  жолында»  сыни 

тұрғыдан  зерттеушілік  дағды  қалыптастыра  отырып,  жеке 

тұлға тәрбиелей оқытатын мәселелер толып жатыр. Бұл тарихи 

тұлға  және  көркем  образ  мәселесіне  келіп  тіреледі.  «Қодар 

мен  Қамқаның»  оқиғасы,  Базаралы  мен  Балағазды      басқа   

емес,   тура   Абайдың   өзі   итжеккенге   айдатуы,   Әмірдің 

Құнанбайдың теріс батасынан өлуінің себебі Біржан келген соң 

серілік құруы ғана емес екенін айтсақ та жетеді.

Белгілі  ғалым  Дайана  Халперн  «Сыни  ойлау  –  ойлаған 

нәтижеге  жету  үшін  танымдық      техникаларды      пайдалану   

арқылы   шығармашылықпен   әрі   қарай бағыттай ойлану» 

деген  уақытта  сыни  ойлау  –  белгілі  бір  мәселе  туралы  бар 

идеяларды  жинақтап,  оларды  қайта  ой  елегінен  өткізу  және 

шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» 

екенін атап көрсеткен. Осы тұрғыдан келгенде Батыр Баянның 

Ноянды өлтіруі әлем әдебиетіндегі ги де Мопассанның «Студент 

қыз», «Томпыш», Гогольдің «Тарас Бульба», М.Горькийдін «Ана 

кесімі  айнымайды»  шығармаларымен  байланыстыра  отырып 

сыни тұрғыдан оқытуға өзі-ақ сұранып тұрған жоқ па? Немесе 

Әнет  баба,  Кеңгірбай  мен  Еспенбет  Еңлік  пен  Кебекті  дұрыс 

өлтірді,  болмаса  Қалқаман  мен  Мамырдың  жазаға  тартылуы 

өте  дұрыс  деп  неге  оқытпасқа?  Сыни  тұрғыдан  оқытуда 

қызығушылықтарын  ояту,  мағынаны  ажырату,  ой-толғаныс 

деген  секілді  кезеңдері  арқылы  жүретін  жұмыстар  күтіп  тұр. 

Сын тұрғысынан ойланта оқытуда жұпқа және топқа бөлгендегі 

тақырыпқа сай талданатын мәселені даттаушы және жақтаушы 

жақ деп бөлгенде тарихи шындыққа сай сыни әділ шешім  айтқан 

оқушыларды  ізденімпаздық,  ғылыми  шығармашылық    жолға 

бағыттау қажет деп ойлаймын. Сонда ғана шәкірт өз халқының 

тарихы  мен  руханиятына  терең  бойлайды  және  ұлттық 

қасиеттерін  ұлықтай  білетін  жеке  тұлға  болып  қалыптасады. 

Сонда  ғана  өз  келініне  қатысты  Қодар  ісінің  шариғатқа  да, 

«Жеті жарғы» атанған ата заңымызға да жатпайтынын ұғады. 

Сонда  ғана  махаббат  деп  аталас  өз  қарындасына  үйленудің 

және Мағжан айтқан «сұм сұлу» үшін елін сатқандар шыққан 

елде  ешқандай  ұлттық  қасиет  қалмайтынын  түсінеді.  Егер 

дұрыс  бағыттай  алсақ,  сонда  ғана  оқушының  өз  бетінше 

білімді  игеруі  арқылы  шешім  қабылдаумен  аяқталатын                                                                                      

күрделі психологиялық үрдіске қол жеткіземіз.

Біз,  филолог  әдебиетшілер,  шетелдерден  ағылып  келіп 

жатқан  неше  түрлі  антигуманистік  ықпалдағы  ақпараттар 

ағынына  қарсы  қояр  еш  амал  таба  алмай  қалдық.  Тіпті, 

олардың көбі қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесіне қарама-

қарсы  ұғым-түсініктерге  негізделгенін  саралап  та  үлгермей 

жатырмыз. Осы антигуманистік идеялардың кесірінен, К.Маркс 

айтқандай, «сананы тұрмыс билеп кеткен» қазіргі кезде көркем 

шығарманың  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  жетекшілік 

рөлін  қолдан  шығарып  алдық.  Жеке  адам  не  тұлға  тәрбиелеу 

мен  дамытуда  талай  жылдар  бойы  іс-тәжірибеден  өтіп,  өзін 

дәлелдеген дәстүрлі жолдан айырылып қалдық.

Сыни ойлауды дамыту технологиясына байланысты айтатын 

тағы  бір  пікір  –  қазақ  әйелінің  теңсіздігі  деген  мәселеден 

туындайды. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың,   тәжірибенің, 

ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алынған  ақпаратты 

ойлауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім 

болса, бұл соған өзі сұранып   тұр. Осы тақырыпта жазылған 

деп саналатын С.Торайғыровтың, С.Көбеевтің,     Б.Майлиннің 

және  тағы  басқалардың  шығармаларын  оқыту  барысында 

«еліміз  –  Алаш,  керегеміз  –  ағаш»      болғаннан  бергі  ұлттық 

салт-дәстүрімізді  мансұқтай  бергенді  қашан  қоямыз?  Сол 



58

59

қалың мал, сол әмеңгерліктің арқасында сахарамызда жесір мен 



жетімнің, жезөкшеліктің болмағанын неге жоққа шығарамыз? 

Қазақ байларының барлығын неге «Қалың малдағы» Итбайдың 

немесе  Тұрағұл  мен  Жорға  Нұрымның  деңгейінде  бағалай 

беруге  тиістіміз?  Әрқайсысы  бір  ауылды,  тіпті,  бір  руды 

асырап-баққан  оларға  сыни  тұрғыдан  баға  беретін  уақыт 

жеткен  жоқ  па?    Әрі-беріден  соң  сол  байлар  1928  жылы 

кәмпескеленген  соң  халқымыздың  3  млн-ға  жуығы  қырылып 

калды.  Тәуелсіз  тұңғыш  газетіміз  «Қазақты»  5  жыл  бойы 

қаржыландарып   шығарып   тұрған,   соған   жауапты   Ахмет   

пен      Міржақыпты    жандермерия  түрмеге  салғанда  айыбын 

төлеп шығарып алып отырған да солар еді ғой. Сыни тұрғыдан 

оқыту  ұлттық  құндылықтарымызды  ұлықтау  арқылы  жеке 

тұлға  қалыптастыру,  рухани  әлемін  байыту,  дарындылыған 

дамыту,  осындай  негізгі  мәселелер  арқылы  жүзеге  асуы                                           

керек деп санаған дұрыс болмақ.

Мен  мектепте  әдебиет  пәнін  оқытуда  мұғалімдерге  ақыл 

айтудан  аулақпын.  Себебі  ақыл  айтудан  оңай  ештеңе  де  жоқ 

екені  әлімсақтан  белгілі.  Бірақ  кешелері  мектепте  әдебиеттен 

мұғалім,  завуч,  директор  болған  соң  ба,  әлде  әдебиеттану 

ғылымы  саласында  жүргендіктен  бе,  әйтеуір  әдебиеттің 

қазір  сөз  болып  отырған  және  басқа  да  мәселелеріне  бей-

жай  қала  алмайтынымды  жасыра  алмаймын.  Сондықтан,  бұл 

тақырып  сөз  болса,  Қ.Бітібаеваның  «мұғалім  көп,  ұстаз  аз» 

деген   сөзін   қайталап   айтуға тура келеді. Ұлы ағартушымыз    

Ы.Алтынсарин  «Халық  мектептері  үшін  ең  керектісі  – 

оқытушы, тамаша, жақсы педагогика құралдары да, үкіметтің 

ең жақсы бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор 

бақылаулары да оқытушыға тең келе алмайды» деген болатын. 

Мәселе сол шын мәніндегі ұстаздарды ЖОО-да қалай даярлауда 

болып отыр. Педагог аталатын мәртебелі мамандық дайындауға 

дұрыс мән берілмей жүргенінің кесірін айтатын болсам, «сіз де 

жылайсыз, мен де жылаймын». Ал, енді, ол – басқа әңгіменің 

өзегі, сондықтан осы жерден тоқтаған орынды сияқты.

Гүлмира СӘРСЕНОВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің 2-курс магистранты.

ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЛОГИКА-

ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘНІ

Жай  сөйлемдердің  логика-грамматикалық  мәні,  негізінен, 

сөйлеудің  түрлеріне  қарай  ажыратылады.    А.Байтұрсынұлы 

сөйлеуді  «сөздің  жалаң  түрі»,  «сөздің  көркем  түрі»  деп  екіге 

бөледі.  «Сөзді  жалаң  түрде  айтқанда,  күш  көбінесе  зейін 

жағына  салынып,  пайым  терең,  мағына  күшті,  пікір  дәлелді 

болып,  айтылған  сөз  адамның  ақылына  қонуы  көбірек 

көзделеді.  Сөзді  көркем  түрде  айтқанда,  күш  көбінесе  қиял 

мен  қисын  (түйсік)  жағына  салынып,  сөз  әсерінің  күшімен 

көңілге  ұнауы  көбірек  кездеседі»  дейді  [1,  394  б.].  Расында, 

көркем  сөз  –  сөздің  мағыналық  ажарын  аша  білуді  талап 

етіп, ой ұшқырлығын танытатын сөйлеу түрі. Оның өзіне тән 

ерекшелігін  логикалық  тұрғыда  жүйелеуге  болады.  Логика  – 

таныммен байланысты зерделенетін құбылыс. М. Бахтин таным 

объектісі – шындықты екі қатарда қарастыруға болады дейді: 

табиғаттың  таным  субъектісінен  тысқары  жатқан  объективті 

үдерістерінің қатары және адам туралы немесе таным субъектісі 

туралы қатарға бөлуге болады. Олардың біріншісі «әлем туралы 

ой» болатын болса, екіншісі — «әлемдегі ой» болып табылады. 

Біріншісін тануда түсіндіру қажет, ал соңғысында түсіну қажет. 

«Түсіндіруге бір сана, бір субъект қатынасты, ал түсіну үшін, 

ең кемінде, екі сана қажет. Объектіге деген сұхбаттық қатынас 

болуы мүмкін емес, сондықтан түсіндіруде сұхбатқа орын жоқ. 

Ал ұғыну, түсіну қандай да бір мөлшерде сұхбатты қажет етеді».  

[2,  123]  Гуманитарлық  ілімдердің  негізгі  тәсілі  —  түсінудің, 

ұғынудың сұхбаттылығы қазіргі герменевтикада (талдау, түсіну 

теориясында) өзінің жалғасын тауып отыр. Алдымызда жатқан, 

бізге  берілген  сөйлемді  түсінудің,  ұғынудың  қажеттілігі 

бізге,  интерпретаторға,  талдаушыға,  осы  сөйлем  сұрақ  қояды 



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау