«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет17/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

64

65

жер  кемесі  деп  жырлауы  (поэтикалық  метафора)  келтірінді 



мағынадан  туындайды.  Салыстырмалы  мағына  бір  затты 

екінші  затпен  салыстыруды  білдіреді.  Мысалы,  Бұрын  Әділ 

барда, Ермек барда құрқылтайдың ұясындай ғана сүп-сүйкімді 

бөлме еді (Ш.Мұртаза. Қара маржан) деген сөйлемде бөлмені 

құрқылтайдың ұясына теңеуден салыстырмалы мағына туындап 

тұр. Егер сөйлеу үстінде сөздердің бірі осындай мағыналардың 

бірінде  жұмсалса,  онда  сөйлеудің  бұл  түрі  көркем  сөйлеуге 

жатады.  Тіл  ұстарту  сөйлеушінің  тұрақты  тіркестерді 

құбылтып  қолдану  мүмкіндігімен  айқындалады.  Бұл  жөнінде 

Ә.Құрышжанов былай дейді: «Тұрақты сөз тіркестерінің басқа 

түрлі сөздерден гөрі басты ерекшелігі  олар кісінің айтайын 

деген ойын ықшамды да, тұжырымды формада ылғи тап басып, 

дәл жеткізеді, «көңілден шыққан көрікті ойдың» өң-шырайын 

қашырмай,  мақамын  келтіре  толғай  айтуға  мүмкіндік  береді. 

Ол сөйлемнің әрін келтіреді... Қанатты бүтін сөздерді туғызуда 

Абай ең алдымен халық тілінің сөлін сығып, нәрін алған, дарын 

құдіретін соларға артқан. Мысалы, оның: Екі кеме құйрығын. 

Ұста ─ жетсін бұйрығың! деген толғамы «Екі кеменің басын 

ұстаған суға кетеді» деген халық нақылымен астасып жатады. 

Халық тіліндегі тұрақты тіркестің кейбір сөздерін (суға кетеді) 

басқа  сөздермен  (бұйрығың  жетсін)  әдейі  ауыстыру  арқылы 

Абай халық афоризмінің жаңа түрін (Абай тілінің өзіндік түрін) 

жасап  отыр.  Халық  тілін  жақсы  білетін  қазақтың  құлағына 

бұл сияқты жаңа сөз орамдарының түрпідей тимейтіні былай 

тұрсын, қайта оның құрышын қандырады. Оның басты себебі 

мынада:  халық  суға  кетеді  деген  тіркес  арқылы  «екі  кеменің 

құйрығын  ұстаған»  адамның  өз  түбіне  өзі  жететінін  айтып 

тұр» [5, 122-123. б]. Абай қолданған мұндай тәсілді тіл ұстарту 

тәсілі деп атауға болады.  Дәлірек айтқанда, халықтың қанатты 

сөздерін құбылтып қолданудың тәсілі. Фразеологизмдерге тән 

коммуникативтік мағынаның бір түрі образды тұрақты тіркестер 

арқылы берілетін болса, оны құбылтып қолдану арқылы көркем 

сөйлеудің  бір  тәсілін  анықтауға  болады.  Көркем  сөйлеудің 

тағы бір амалы троп түрлерін қолдану болып табылады. Олар 



 кейіптеу, астарлау (символ), алмастыру (метонимия), меңзеу 

(синекдоха), кекесін (ирония), ұлғайту (гипербола), кішірейту 

(литота),  әсірелеу  (гротеск)  [6,  230-244  б.]  тәсілдері  арқылы 

жүзеге  асады.  Г.  Қосымова  троптың  қызметі  туралы  былай 

дейді:  «Бұл  көркемдеуіш  элементтер  шешендік  сөздерді  жай 

сөзден  ажыратып  тұратын  тілдік  белгілер  болып  саналады. 

Фразеологизмдер  мен  мақал-мәтелдерді  орынымен  қолдану 

ойды бейнелі және түйіндеп жеткізудің құралы болса, троптың 

түрлері  өмірдің  шындығын,  құбылысты  кісінің  көз  алдына 

елестететіндей  етіп  суреттеуге  көмектеседі.  Троп  гректің 

«йін»,  «иірім»  деген  сөзі  болса,  фигура    латынның  «келбет, 

бейне» деген сөзі. Троптың түрлерінің бәрі ауыспалы мағынада 

қолданылады» [7, 227 б.].

Көркем  сөйлеуге  тән  ерекшеліктердің  бірі  шындық 

болмыстағы  жансыз  нәрселерге  жан  бітіре  сөйлету  болып 

табылады.  



Күлімсіреп аспан тұр

Жерге  ойлатып  әрнені  деген  Абайдың  өлең  жолдарын 

З.Қабдолов  былайша  талдайды:  «Осы  жолдарды  оқығанда 

біздің  маңымызда  әдеттегі  жансыз  табиғат  емес,  әлде  бір 

тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс 

елестеп кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езу тартып, «күлімсіреп» 

тұр.  Жер  жай  жатқан  жоқ,  әлгі  бір  жадырап,  жайнап  күлген 

аспанның қылығына елтіп, бір түрлі «ойланып» жатыр. Осының 

бәрін  біз  көзімізбен  көріп,  көңілімізбен  сезінетін  секілдіміз. 

Аспан  күлімсіреп  тұр  дегенде  Абай,  әрине,  аспанның  ашық, 

нұрлы екенін айтып тұр. Бірақ аспан ашық деген сөздің әсері 

аспан күлімсіреп тұр дегендей болмас еді. Өйткені алдыңғысы 

әшейін хабар, ауызекі айтыла салған сөз ғана да, соңғысы сөзбен 

айтылған сурет» [6, 90.] Көркем сөйлеу арқылы берілген осы 

сурет те сезімдік таным мен тілдік логиканың байланысынан 

туындаған. Аспандағы күн сәулесі жерге жеткенде, топыраққа 

жылу  тарап,  жер  бетінде  жаңа  тіршілік  пайда  болады.  Көк 

шалғын шөптер, сан алуан гүлдер өсіп, жердің беті құлпырып 

кетеді.  Аспан  әлемі  болмаса,  жерде  мұндай  құбылыс  болмас 




66

67

еді.  Осы  құбылысты  көрген  адамның  бойында  ұнамды  сезім 



қалыптасады.  Бусанған  жерді,  шалғын  көкті,  сан  алуан 

гүлді  көргенде  адам  еріксіз  күлімсіреп,  осы  құбылыстың 

пайда  болуына  не  себеп  екен  деген  ойға  қалады.  Осы  үдеріс 

барысында  сезімдік  таным  мен  тілдік  логика  сабақтасады. 

Адам өз сезімін өзіне әсер еткен құбылыспен байланыстырып, 

оны тілдік қажеттілігіне пайдаланады. Нәтижесінде тың образ 

жасалады. Бұл тыңдаушыға ерекше әсер тудырады.

Көркем сөйлеудің түрін айшықтайтын тәсілдер сөйлем ішін-

де  қолданылады.  Сондықтан  көркем  сөйлеуде  қолданылатын 

сөйлемдердің  де  өзіндік  ерекшеліктерін  атап  өткен  жөн. 

Мұндай сөйлемдерді бейнелі сөйлемдер деп атаймыз. Бейнелі 

сөйлемдердің  құрамында  ауыспалы,  келтірінді  мағынада 

жұмсалған  сөздер,  троп  түрлері,  тіл  ұстарту  заңдылықтары 

қолданылады. Бейнелі сөйлемдердің мәнін анықтайтын тілдік 

қолданыстардың қай түрі болмасын семантикалық жағынан да, 

грамматикалық  жағынан  да  үйлесім  тауып,  танымдық  әдіске 

негізделуі шарт. Сонда ғана ол қабылдаушыға түсінікті болып, 

әсерлі суретті бейнелейді. Көркем сөйлеудің жөні осы екен деп 

сөйлем  ішінде  көріктеу  амалдарын  орынсыз  қолдана  беруге 

болмайды.  Мұндай  сөйлемдер  қабылдаушының  ұғымына 

қиындық тудырып, жалықтырып жібереді. Бейнелі сөйлемдерді 

қолдана  білу  сөздердің  семантикалық  қабатында  жатқан 

астарлы мағынасын аша білу болып табылады. 

Көркем  сөйлеу  тек  ақын-жазушыларға  ғана  қажет 

нәрсе  емес,  ол  сезімді  тіл  арқылы  білдірудің  жолы  ретінде 

әлеуметтік-коммуникативтік,  лингвомәденитанымдық  қызмет 

атқара  алады.  Мәселен,  көркем  сөйлеудің  амалын  көрсететін 

тәсілдердің бірі – кекесін (ирония), мысқыл (сарказм).  Олардың 

астарында сын, сықақ, юмор жатады. Осы тәсілді әлеуметтік-

қоғамдық  ортадағы  сөйлеу  этикетінің  нормаларына  енгізуге 

болады.  Қызмет  бабында  әр  түрлі  жағдаятқа  байланысты 

адамдарда  жағымсыз  эмоциялар  туындап  жатады.  Жағымсыз 

эмоция  тіл  арқылы  көрініс  тапқанда  ол  сауатты,  парасатты 

түрде  жарыққа  шықаны  жөн.  Мемлекеттік  қызметкерлер 

жағымсыз  эмоциясын  бір-біріне  балағаттау  арқылы  шығарса, 

ар-намысқа  нұқсан  келеді;  кейіп,  ренжіп,  ұрсып  айтса  өзінің 

жүйкесіне кері әсер етеді; сын, сықақ, юмор арқылы жеткізсе 

екі жаққа да тиімді, әсерлі, нәтижелі болады. Қорыта келгенде, 

көркем  сөйлеу  тілдің  қоғам  мүддесін  өтеудегі  қызметі  мен 

адамдардың  дүниетанымдық,  психологиялық  жай-күйін 

саралауға  мүмкіндік  беретін  лингвистикалық  категориялар- 

дың бірі болып табылады.



Сәулеш РЫСБЕКОВА,

№43 орта мектептің мұғалімі.

Ақмола облысы, 

Целиноград ауданы.

НҰРҒАЛИ ОРАЗ  

ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АДАМ МЕН 

ТАБИҒАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Адамның  (адамзат  қоғамының)  табиғатпен  қарым-

қатынасы,табиғи  негізі,  табиғатпен  (кеңірек  –  ғарышпен) 

байланысы,  бұл  табиғи  жүйеде  өзінің  орыны    ғасырлар 

бойы  адамзатты  ойландырған,  толғандырған,  таңғалдырған 

мәселелер  және  табиғатпен  қарым-қатынасының  сипаты 

үнемі өзгеріп отырды. Тарихқа үңілу – бұл  көзқарастардың 

өзгерістерін  кеңінен  қарауға  мүмкіндік  береді.  Ежелгі  дәуір 

философиясында,  адам  –  дүниенің  бөлшегі,кішкене  ғарыш 

(микрокосм),    бірақ  ол  үлкен,  ұлы  ғарыштың  (макрокосм) 

негізгі,  орталық  нысаны  болған  жоқ.  Ортағасырлық  дәуірде 

– жан мен тәннен тұратын адам, екі қарама-қарсы күштердің 

–  жарық  пен  қараңғының,  ақ  пен  қараның,  жақсылық  пен 

жамандықтың,  т.б.  күрес  орыны  ретінде  қарастырылды.  Бұл 

жүйе бойынша адам, оның тағдыры – жасаған Құдайдың еркін-



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау