60
61
дегенді білдіреді. Сондықтан ұғыну интерпретаторға қойылған
сұрақпен тікелей байланыста жүріп отырады. Сөйлемді түсіну
– әлгі қойылған сұрақты түсіну. Сөйлем ойды білдіреді. Ой –
концептілік жүйенің көрсеткіші.
1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана
отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырды.
«Концепт – жадының, концептуалды жүйенің, адам
психикасында көрініс тапқан әлемдік бейненің, ментальді
қордың оперативті бөлшегі» болғандықтан, оның негізінде
тіл біліміне концептуалды жүйе, концептілік аясындағы
ұғымдарда қалыптасып, кеңінен қолданыс тауып отыр.
Тілшілер концептуалды жүйені„ адам арқылы меңгерген
барша тұжырымдар жиынтығының ментальді деңгейі”
деп сипаттайды. [51, 15-16] Ол тілдік құрылымдар арқылы
айқындалатын концептілер тізбегін 2 түрлі бағытта қарастыруға
болады деп атап көрсетеді:
• дүние туралы мағлұматтарды ұсыну, көрсету бағытында;
• адам санасында белгілі бір мазмұнға сәйкес және
әр түрлі жағдайларға қатысты деректерді жинақтау
бағытында.
Аталған мәселелерді талдай келе, сөйлемнің логика-
грамматикалық сипатын сезімдік таныммен байланыстыра
отырып анықтауға болады. Сезімдік таным айналадағы заттар
мен құбылыстардың адам қажеттілігін өтеуі барысында пайда
болатын ұнамды, ұнамсыз сезімдер негізінде қалыптасады.
Заттар мен құбылыстар адамдардың тек қажетіне жарап
қоймай, олардың қызығуына, қуануына, қайғыруына,
ашулануына,
ызалануына,
құмарлануына,
шошуына,
наздануына, қорқуына, үрейленуіне, т.б. ықпал етіп, адамдарға
тән эмоционалдық қасиеттерді айқындайды. Бұл құбылыс
жекелеген индивидтердің психикасында, жан-дүниесінде,
миында өмір сүріп, адамның дүниені тануына арқау болады.
Дүниені тану оның өмірлік ұстанымын айқындауға мүмкіндік
береді. Солардың бірі – тілдік логика. Бұл – сезім арқылы пайда
болған танымды тілдік қажеттілікке пайдаланудан туындаған
антропологиялық категория. Мәселен, бір нәрсе туралы
сөйлегенде сол затқа қатысты жағымды әсер қалдыру үшін
өзімізге ұнамды сезім қалыптастырған заттар мен құбылыстарға
сүйенеміз. Мысалы, Ай, бал бөбек, бал бөбек, балдайсың, Атқан
жазғы арайлы таңдайсың. Күлгеніңде көктемдегі күндейсің,
Күн нұрымен құлпырып гуілдейсің. (Қ.Аманжолов) дегенде,
балаға деген сүйіспеншілік сезімді жеткізуге, оятуға адамға
ұнамды сезім қалыптастыратын бал, арайлы таң, көктемгі күн,
күн нұры сияқты заттар мен құбылыстар арқау болған. Сезімдік
таным мен тілдік логиканың сабақтастығынан пайда болған
мұндай қолданыстар сөздің экспрессиялық, эмоционалдық
қуатын арттырып, қабылдаушының қызығушылығын оятады.
Сезімдік таным мен тілдік логиканы сабақтастыра отырып,
жаңа мағына тудыру – кез келгеннің қолынан келе бермейтін
іс. Бұл адамға ерекше әсер ететін заттар мен құбылыстарды
тану және оларды өңдеп, сұрыптап, жаңартып, соның негізінде
мида жаңа бейнелер жасаудың көрсеткіші болып табылады.
Дәлірек айтқанда, шығармашылық еңбектің нәтижесі. Бұл
ойлаумен бірге алдын ала болжау, жаңа нәрсе жасау, іске асқан
нәрсені елестету сияқты ой еңбегін қажет етеді. Адам басында
осы үдеріс жүзеге асып жатса, шындық өмірге байланысты
орамды ойды білдіретін көркем образдар қалыптасып, олар
көркем сөйлеудің көрсеткішін анықтайды. Көркем сөйлеу
қиялдың қызметінен туындайды. Қиял – дүниені жаңа қырынан
танытып, заттар мен құбылыстарды жаңартып, түрлендіріп
айтуға арқау болатын адамға тән дара қасиет. Бұл адамдардың
болашақтағы қалауын, арманын, тілегін танытады. Арман-
тілекті мақсатқа сай дұрыс қиялдау адамға зор қуат беріп,
жаңа іске талпындырады. Осындай жаңа істің бірі адамдардың
сөйлеу әрекетінде де көрініс табады. Солардың бірі – көркем
сөйлеу.
Көркем сөйлеу шығармашылық қиял және қайта жасау
қиялы арқылы жүзеге асады. Шығармашылық қиял – адамға
туа біткен физиологиялық ерекшелік. Мұндай адамдар көрген,
білген нәрселерінен үнемі әсер алады. Сондықтан олардың
62
63
басында (миында) есепсіз мол бейнелер үздіксіз пайда болып
отырады. Сол бейнені сурет салу немесе сөйлеу арқылы
жарыққа шығарады. Бұл туа біткен дара қасиет болғандықтан,
оны жарыққа шығару аса қиындық тудырмайды. Мұндай
адамдар, негізінен, суретші, ақын, жазушы болады. Олар
білімін толықтырып, өзін өзі дамытса жеке тұлғаға, тілдік
тұлғаға айналады. Абай Құнанбайұлын жеке тұлға ретінде
тануға туа біткен дарындылығы, ерекше бақылампаздығы,
ой-өрісінің кеңдігі, күшті зейіні мен қайраты, ақыл-ойының
сыншылдығы арқау болса, тілдік тұлға ретінде танылуына
сезімдік таным мен тілдік логиканы сабақтастыра отырып, тың
образдар жасауы, жаңа мағына тудыруы арқау болған. Осындай
жеке тұлғалар әрбір сөздің әр тарапты мағыналық ажарын
ашып, олардың қолданылу аясын кеңейткен. Көркем сөйлеудің
түрін қалыптастырған. Олар суреттеген әрбір образ оқушының
қызығушылығын оятады. Халық оны үйренуге, зерттеуге
ден қояды. Нәтижесінде көркем сөйлеуге тән амал-тәсілдер
анықталады. Осы амал-тәсілдер көркем сөйлеуге үйренудің
жолдарын көрсетеді.
Ата-бабаларымыз да көркем сөйлеудің небір үлгісін жасап
кеткен. Оны сонау ХҮ-ХҮІ ғасырдан бастау алатынын тілдік
деректер дәлелдеп отыр. Жардай атан, оташығы бұзаудай, боз
сазан тоқтыдай, мұздай үлкен көбелі, сұлтандайын жүрісті,
бекіре менен жайындай, қарағай мен қайыңдай, т.б. сияқты
теңеулер, балығы тайдай, бақасы қойдай сияқты гипербола,
әсірелеу; Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хош! немесе Қайырылып қайыр қылуға,
Қылғаның жоқ ұнаған, Қайратым қанша қайтса да! дегендегі
аллитерация, Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін!
Ат құйрығын кесермін! Ат сауырсын берермін! Алыста дәурен
сүрермін! т.б. сияқты ассонанс деп атап жүрген амал-тәсілдер
ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, өз жалғасын табуда. Алдыңғы
буын өкілдері қалдырған үлгі негізінде көркем сөйлеуге
үйренуге болады. Оған адамның қайта жасау қиялы арқау
болады.
Қайта жасау қиялы дайын үлгілерді пайдалана отырып,
тың образдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дәлірек
айтқанда, дайын үлгі негізінде көркем сөйлеуге қажетті тілдік
қолданыстар жасау деген сөз. Бұл – заңдылық. Қандай өнер иесі
болмасын, олар да өзіне дейінгі жеке тұлғалардан өзіне қажетті
қолданыстардың үлгісін алып отырады.
Көркем сөйлеу тәсілдері тыңдаушыға әсер тудыру мақсатын-
да қолданылады. Тілдегі әр сөздің мәніне, сөйлемдегі алатын
орынына зор көңіл бөлініп, олардың астарында сезімдік таным
көрініп тұрады. Сөйлеушінің тілдік логикасы, шығармашылық
қабілеті негізінде қалыптасқан тілдік қолданыстар көркем
сөйлеудің тілдік нормасын айқындайтын көрсеткіштер ретінде
тіл жүйесінде орнығып отырады. Қазіргі таңда тілімізде
жүйеленіп, нормаланған тілдік қолданыстар қатарына теңеу
тәсілін, тіл ұстарту тәсілін, топ түрлерін жатқызуға болады. Тіл
білімі сөздігінде теңеу (салыстыру) – (ағыл. Соmparasion) ортақ
қасиеттеріне негізделген ұғымның өзге ұғымға логикалық
теңестірілуі. Құбылыс, зат қасиеттері көрінуінің қатыстық
деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылады... Теңеу түрлі
амалдармен – троппен (метафорамен), морфологиялық форма-
мен (Үстеу және сын есімнің салыстырмалы шырайларымен),
синтаксистік құрылымдармен (салыстырмалы мағынаның
көмектес септік формасымен, салыстырмалы оралымдармен
салыстырмалы бағыныңқымен, т.б.) беріледі делінген [3, 360
б.]. Теңеу, негізінен, белгілі бір заттар мен құбылыстарды және
оларға тән белгілерді (қимылын, сынын, т.б.) екінші бір затпен
немесе оған тән белгілермен салыстыруға негізделіп, сөздердің
ауыспалы, келтірінді, салыстырмалы мағыналарда жұмсалуына
негіз болады. «Ауыспалы мағына заттар мен құбылыстардың
қандай да бір ұқсастығына, шектестігіне байланысты сөздің
тура мағынасынан өрбиді. Мысалы, айығу – аурудан жазылу,
күннің ашылуы, жүйрік – жүйрік ат, жүйрік ой»,- дейді Ғ.Қалиев
[4, 41 б.]. Ал, келтірінді мағына заттар мен құбылыстардың
экспрессивті сипаты мен эмоционалды қызметінен пайда
болған мағына. Ақындардың түйені шөл кемесі деп, комбайнды