«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет8/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

28
Әсем ПІРІМОВА,
№4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта    
мектептің мұғалімі.
Қызылорда қаласы.
ҚАТЕМЕН  ЖҰМЫС  ЖҮРГІЗУ 
ЖОЛДАРЫ
Қазақ  тілі  сабағында  алған  білімдерін  жазбаша  сауатты 
көрсете  білуде  жазба  жұмысының  алатын  орыны  ерекше. 
Ол  сабақ  құрылымының  үш  түрлі  мақсатына  сәйкес 
грамматикалық  сауаттылығын  тексеріп  қана  қоймай, 
есте  сақтауын,  көркем  жазуын,  ұқыптылығы  мен  өз-өзіне 
деген  сенімін  нығайтады.  7-сыныпқа  арналған  әдістемелік 
нұсқауда қазақ тілі сабағында алынатын диктанттың 12 түрі 
көрсетілген.  Соның  ішінде  бақылау  диктантында  қатемен 
жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Диктанттың  негізгі  мақсаты  оқушылардың  теориялық 
білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, 
қатемен  жұмыс  жүргізудің  мақсаты  жіберілген  қатемен 
сауатты жұмыс болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты 
жазу  үшін  грамматиканы  үйреніп,  талдай  білу  жеткіліксіз, 
сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 
министрлігінің Жалпы орта білім департаментінің нұсқауы 
бойынша диктант нормаларын пән мұғалімі білуі тиіс.
Сыныбы Диктант 
саны
Сөздер
саны
Орфограмма 
саны
 Тыныс 
белгілері
    5
   8
90-100
12
2-3
    6
   6
100-110
16
3-4
    7
   5
110-120
20
4-5
    8
   5
120-150
24
10
    9
   4
150-170
24
15


29
   10
   4
170-190
26
18
   11
   4
190-200
26
18
Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жазба 
жұмысының соңында орфографиялық, пунктуациялық қате 
саны көрсетіліп, келесі жолдың оң жағына диктант бағасы 
қойылады. Мысалы, 1/0 немесе 5/1, т.с.с. Шартты белгілерді 
оқушы білуі тиіс: / –  емле  қатесі; V – тыныс белгі қатесі; 
? – түсініксіз; Z – азатжол. 
Қазақ  тілі  пәнінен  алынған  жазба  жұмыстардағы 
жіберілген  қате  бойынша  саралау  кестесі  әрбір  жазба 
жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде жасалып, 
оқушымен  деңгейлік  тапсырмалар  негізінде  тікелей 
жұмысқа  ықпал  етеді.  Сондай-ақ  жазба  жұмыстарын  бір-
бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді.
Р/с Қате бойынша жасалатын 
жұмыстың бағыты
Оқушының 
аты-жөні
1
Екі дауыссыздың қатар келуі
2
И, й әріптерінен жіберілген қателер
3
Н, ң әріптерінен
4
Ұ, ү, у әріптерінен
5
Жалқы есімнің жазылуы
6
Сөйлем түрлері
7
Тыныс белгілерінен
Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:
1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен 
көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін 
сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;
2.  Қате  жазылған  немесе  оқушыға  таныс  емес  сөздерге 
қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігін  пайдалана  отырып           
мағлұмат беру;
3.  Жіберілген  қате  туралы  өтілген  тақырып  бойынша 
ережені еске түсіру, мысалдар келтірту;
4.  Қате  жазылған  сөзге  фонетикалық,  лексикалық, 


30
морфологиялық талдау жасату;
5.  Оқушылардың  тасымал,  тыныс  белгі  туралы  білім-
дерін нақтылау, бағдар беру;
6.  Диктант  мәтініндегі  тірек  сөздерді  тапқызып                      
сөйлем құрату;
7. Сабақты шығармашылықпен ұштастыра отырып, қате 
жіберілген  сөздердің  прозалық,  поэзиялық  шығармаларда 
қолданылуына  назар  аударту,  нәтижелі  болу  үшін  жатқа 
айтқызуға болады.
Өз  тәжірибеммен  бөлісу  мақсатында  7-сыныпта 
жүргізілген  қатемен  жұмыс  сабағының  үлгісін  қоса  беріп 
отырмын.
Күні:  15/02. Сыныбы: 7  «В». Пәні: қазақ тілі.
Қатемен жұмыс
Сабақтың 
мақсаты: 
білімділік 
 
жазбаша 
грамматикалық  сауаттылығында  жіберілген  олқылықтарды 
жою,  білімдерін  нақтылау; 
дамытушылық  –  ойын,  есте 
сақтауын,  көркем  жазуын  дамыту,  талдау  жұмыстары 
арқылы  білім,  білік  дағдыларын  жетілдіру; 
тәрбиелік  – 
ұқыптылыққа,  аңғарымпаздыққа  тәрбиелеу,  өзіне  деген 
сенімін арттыру.
Типі:  білімді  бекіту.  Түрі:  талдау.  Әдіс-тәсілі:  байқау, 
талдау,  жеке  оқушымен  жұмыс,  салыстыру. 
Көрнекілігі: 
слайд. 
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.
Сабақтың барысы.
I.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен  амандасу,  түгелдеу. 
Сабаққа назар аударту.
II. Сабақтың мақсатын қою. Жазба жұмысын  жазуда 
жіберілген қателермен жұмыс жүргізу. Тілдік талдау арқылы 
теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру.
III. Білімді тексеру кезеңі:
1.  Диктантта  жіберілген  қателерді  көру  арқылы  байқау, 


31
мұғалімнің  түзетуі  бойынша  сол  сөзді  салыстыру  арқылы 
қате және қатесіз түрін табу;
2. Сол сөздің қатесіз түрін көшіріп жазу;
3.  Ортақ  қателер:  ойпаңына,  бос  шөппен,  түгін, 
басшылары,  азатжол,  азда,  молда,  тамбайтын,                  
аспанынан.
Сөздікпен жұмыс.
Ойпаң  –  төмен,  ойлау  жер.  [Қазақ  тілінің  түсіндірме 
сөздігі. 626-бет]
Тасымал туралы түсінік беру.
Тасымал  –  жазу  кезінде  сөздің  жолға  сыймай  қалған 
бөлігін келесі жолға көшіру. Тасымал буынға негізделеді. 
Сөздер мынадай жағдайда тасымалданбайды:
1)  Бір  дауысты  дыбыстан  тұратын  буынды  жолда 
қалдыруға  немесе  келесі  жолға  тасымалдауға  болмайды. 
Мысалы: 
а-та, қар-и.
2) Бір буынды сөз тасымалданбайды.
3)  Қысқарған  өлшем  бірлігін  (см)  өзі  тіркескен  саннан 
(30) бөліп тасымалдауға болмайды.
4) Қысқарған сөз тасымалданбайды.
5)  Й,  у  дыбыстары  бар  сөздерді  буынға  бөлгенде  бұл 
дыбыстар  келесі  буынның  басында  келеді  және  солай 
тасымалданады: 
да-уыс, құ-йын.
6)  Екі  дыбыстан  құралған  я,  ю  әріптеріне  аяқталған  
сөздер тасымалданбайды: қою, күю, ұя.
7) Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқы дыбысы 
ғана  жазылғанда  фамилиясынан  бөліп  тасымалдауға 
болмайды.
4.  Әр  оқушыға  жіберілген  қателері  бойынша  жеке 
тапсырмалар беру:
а) Аспаны сөзін септеу.
ә)  Дұрыс  тасымалданбаған  сөздердің  тасымалдану 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау