«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет9/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

32
жолдарын тапқызу;
б) Емле қателері бойынша сөздерге сөйлем құрату.
5. Шығармашылық тапсырма.
Мәтіннен етістіктің шағына байланысты түрлерін тауып, 
теріп жазыңдар.
Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар:
Қыс  жауған  қар  суы,  жаз  жауған  жаңбыр  –  бәрі-бәрі 
осы жерге келіп үймелейді.
Осыны ескеріп ауыл басшылары Бақанас жайылымына 
малшыларды жыл сайын үш-үштен бөліп, кезек қондырып 
отырады.
6. Ойпаңына сөзіне  фонетикалық талдау жасаңдар.
Жеке  оқушымен  жұмыс.  Алдын  ала  дайындап  келген 
таратпалармен  жұмыс  жүргізу  (Қатесіз  жазған  оқушыға 
жеке  тапсырмалар  беру,  диктантты  қате  жазған  оқушымен 
жұмыс:  қате  жазу  себебін  анықтау,  сол  тақырып  бойынша 
тапсырмалар беру).
«Ең  үздік  жазылған  диктант»  айдарымен  диктантты 
үздік жазған оқушыны анықтау, мадақтау, ынталандыру.
7.  Көрінбей  кетеді,  келгенімен  сөздеріне  морфоло-
гиялық талдау жасаңдар.
8. Мәтіннен есімшелі сөздерді тауып, теріп жазыңдар.
Жібіген,  отырған,  келетін,  емес,  жауған,  тамбайтын, 
айырбастамайтындай, өскен, отырған.
9. Картамен жұмыс. Бақанас көлі туралы түсінік беру.
10. Балалар, өздеріңе таныс әдебиеттен осындай өзен, 
көл атауларына байланысты қандай шығармалады білеміз? 
Қане, кім айтады?
IV.  Үй  тапсырмасы.  Өзен,  көл,  жер-су  атауларына 
байланысты 
ақын-жазушылардың 
шығармаларымен              
танысу, үзінді жаттау.
V. Бағалау.


33
Айымжан МАНКИШЕВА,
К.Меңдалиев атындағы 
жалпы орта білім беретін 
мектептің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы, 
«Жалпақтал» ауылы.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  қазақ  тіліндегі 
тұрақты сөз тіркестері  туралы, тіліміздегі қолданылу аясы, 
ерекшеліктері  жайында  толық  мағлұмат  беру; 
дамыту  –
оқушыларды  еркін  сөйлеуге,  терең  ойлауға,  әдеби  тіл 
байлықтарын дамытуға және  тілімізде тұрақты тіркестерді 
қолдануға  үйрету; 
тәрбиелік  –  тапқырлыққа,  әдемі  әрі 
шешен сөйлеуге, достыққа баулу. 
Сабақтың міндеті.
Мазмұнға  байланысты  міндет:  жаттығу  жұмыстарын 
орындай  отырып,  тұрақты  тіркестерді  еркін  тіркестерден 
айыруға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты 
міндет: тұрақты тіркестерді өзінің сөздік қорында қолдана 
біледі.    Топтық    жұмыс    немесе    тәрбие    әрекетіне  
байланысты  міндет:  топпен  жұмыс  барысында  топта 
айтылған  барлық  пікірлермен  санасу  арқылы  бір-бірін 
сыйлауға үйренеді.
Күтілетін  нәтиже:  оқушылар  тұрақты  тіркестердің 
ерекшеліктерін  біледі,  сөйлем  ішінде  жүйелі  қолдана 
алады. 
Оқытудың  әдісі:  ой  шақыру,  Венн  диаграммасы, 
әңгімелеу,  түсіндіру,  толықтыру,  болжау,  салыстыру, 
сәйкестендіру. 
Типі:  білік  пен  дағдыны  қалыптастыру. 
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, әдебиет. Көрнекілігі: 


34
плакаттар,  суреттер,  тапсырмалар,  оқулық.  Техникалық 
құрал: «ActivInspire» бағдарламасы орнатылған компьютер, 
проектор, интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы.
Психологиялық дайындық.
Бүгінгі  оқу  іс-әрекеттерімізді  изгі  ниетпен,  жақсы 
тілекпен, 
жылы 
лебіздермен 
бастау. 
Мұғалімнің                                        
оқушыларға тілегі, оқушылардың бір-біріне тілек айтуы.
І. Қызығушылықты ояту.
 «Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, 
оған  ажар,  түр  беруге,  оны  әшекейлеп  өрнектеуге  еңбек 
етеді» (Баубек Бұлқышұлы).
-  Ал,  балалар,  Баубек  Бұлқышұлының  бұл  сөзін                               
қалай түсінесіңдер?..
-  Ал  еңбек  ету  үшін,  адамның  ажарлы  өмір  сүруі                                 
үшін не керек деп ойлайсыңдар?..
ІІ. Мағынаны тану.  Сабақтың мақсаты хабарланады.
а)  Үсен  тал  кептірілген  соң  от  жағып,  әуелі  жұмырт- 
қаны отқа салып пісірді. (Ы.А.)
ә)  Сөйтіп  екеуінің  арасына  от  жағалық  деседі  қырық 
уәзір. («Аяз би» ертегісі).
Мысалдар жеке оқылып, мағыналары талданады.
- Балалар, от не үшін жағылады?
- Ас пісіру үшін, үй жылыту үшін жағылады.
- Ал адамдар арасына от жағуға бола ма?
- Болмайды.
- Олай болса, «Хан мен жаманның арасына от жағалық» 
дегеннің мағынасын қалай түсінуге болады?
- Екеуін араздастырайық, айдап салайық деген мағынада.
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары еске түсіріледі.
Оқушылар 
ережені 
өздері 
шығарады, 
мен 
толықтырамын.


35
Тұрақты  сөз  тіркестері  қазақ  тілінде  фразеология  деген 
термин  арқылы  таныс.  Фразеология  деген  термин  гректің 
фразис (сөйлемше), логос (ілім) деген сөздерінен біріктіру 
арқылы  жасалған.  Тіл  ғылымындағы  қазіргі  мағынасы 
«тұрақты сөз тіркесі» деген ұғымды білдіреді. 
Сөздер  бірнеше  тіркестерден  тұрады.  Олар  тіркесе 
отырып,  бір  мағына  береді.  Мысалы:  бет  моншағы  үзіліп 
ұялып,  ит  арқасы  қиянда  қашық,  алыс  жер  мағынасын 
білдіреді.
Тіл  ғылымының  бұл  маңызды  сырын  ашуда  Қазақ  КСР 
Ғылым  Академиясының  академигі  Ісмет  Кеңесбаевтың 
еңбегі зор. Он мыңнан астам тұрақты сөз тіркесін қамтитын 
«Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі»  атты  еңбегі  үшін 
ғалымға Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 
Оқулықпен жұмыс 
111-жаттығу (ауызша). 113-жаттығу (жазбаша).
Мәтіндегі  тұрақты  тіркестер:  үш  ұйықтаса  түсіне 
кірмеген (солай болады деп мүлде күтпеген, ойламаған), су 
сепкендей басылды (лезде тынышталды, тына қалды), құмға 
сіңген  судай  (еңбегі  далаға  кету,  зая  болу),  сөзінің  аяғын 
жұтып (сөзін кілт тоқтатып, айтпай қойды).
Сергіту  сәті.  Сергіту  сәті  барысында  оқушыларды  үш 
топқа бөліп отырғызамын, тапсырмаларды орындатамын.
Тапсырмалар  «ActivInspire»  бағдарламасында  орын-
далады.
Тапсырма  №1.  Еркін  сөз  тіркесі  мен  тұрақты  сөз            
тіркесін ажырату.
Жүрек  жұтқан,  жүректі  емдеу,  жерге  кіріп  кете  жаздау, 
жер  қазу,  ауызша  айту,  үріп  ауызға  салғандай,  құлақ  қою, 
үлгілі бала.
Тапсырма №2. Сәйкестендіру.
1) Қас пен көздің арасында –         батыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау