«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет28/34
Дата19.11.2018
өлшемі0,72 Mb.
#20547
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

110

111


Ішіңнен кіріп кетіп сырды алады.

Сараң бар қолдан тиын шығармайтын

Ай тұрған алдауменен жылды алады.

Опасыз бір сөзінде тұрлауы жоқ

Асап жеп бір жылт етіп жоғалады.

Бәрінен Абай сөзі артығырақ,

Сыры көп, сырты сұлу, тым бағалы

Кей ақынның сөздері маған мәлім

Құрт салған шайдай болып былғанады... (1.122-бет)

Ақынға  қойылатын  талапты  дөп  басып,  өзіндік  өрнегін 

сала сипаттайды.

Ақын  өлеңді  кейінгі  жастар  ойлансын  деп  жазатынын 

“Ғылым туралы” өлеңінде былай деп айтады. 

“Дүние-теңіз,  ғылым-кеме”  теңіз  суы–ащы,  яғни,  дүние 

саған бар тәттісін ұсынып тұрған жоқ, кемесіз, яғни, білімсіз 

терең суға түсем деме, балық бар бұл теңізде неше түрлі,  бұл 

ғылым-білім  түрі  байқамай  қармақ  салма,  яғни,  халықтың 

ой-санасын оятып, өз өміріңнің жарқын беттері үшін өзіңе 

лайық ғылым түрін таңдап ал, “жел қайыққа мақтанба кеме 

десіп,    жел  соғып  көтерілсе  жоқ  боларсың”  дей  отырып, 

кемесіз суға кетер арандаған, білімсіз көрген күнің ұят қой, 

малтумен анда–санда қараңдаған алданып, толқынға,  батып 

кетпей,  яғни,  қиыншылыққа  ыңғайлы  бол,  “Ғылым-кеме, 

көңілдің  тиянағы”  сонда  сен  табасың  дұрыс  жол  деп  ой 

толғайды. Ақын заманның жайын, алдағы күннің арманына 

тек  біліммен  сусындасаң  ғана  жететінін  баяндап  қана 

қоймайды, ғылымды қалай  алуға болатынына жол сілтейді.

Қазаққа келген жанның бәрі төре,

Ақ жүрек аңқылдаған әмір бере.

Көзсіз құлақ сияқты о да тапшы

Жетілген екен деме оны көре.

Теңіздің тереңінде садып пен дүр,

Тілімді ал, қанағат қыл, әдеппен жүр.

Ғылым – дана, өмірде қор болмайсың

Жаманменен жолдас болма, жақсымен жүр, - (118-119- 

бет)  деп  11  шумақтан  тұратын  өлеңін  болашақ  жастарға 

арнап, өнегелі сөзімен аяқтайды.

Абаймен  үндестігі  «Шәкіртіне  айтқаны»  өлеңінен 

байқалады:

Балалар жат та, тұр да білуді ойла,

Үнем түгел тұрмайды мұндай тойда.

Жігіттіктің қадірін білімнен біл

Салқылық, салақтықты былай қой да.

Бір  шумақ  өлеңінің  жалғасындай  «Шәкірттеріме» 

өлеңі  2  шумақтан  тұрса  да,  шәкірттеріне  ішкі  толғанысын  

«ғылымсыз  алға  қадам  басу-қараңғылық,  заман  ағымында 

жұтылып кетесің, «ғылым-жарық, надандық –айсыз түндей» 

метафоралық  тіркес,  теңеу  арқылы  жастардың  мақсатын 

айқын көрсетіп, жол сілтей отырып, өз өкінішін «кедейлікті, 

қол  қысқалығын  айта  келе,  аз  оқығанын,  тұстастарының 

ізденіп  алға  кеткенін  айтып,    шәкірттің  мақсаты  -  тек  оқу 

екенін баса айтады.

Талапты  шәкірті  Шұғыбанға  арнап  жазған  арнау  өлеңі 

Абайдың  «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім»  өлеңімен 

үндес.

Ғылым білсең ашылар кеуде көзің

.....................................................

Әттеген-ай, деп жүрме бірақ өзің.

Күннен де деген сөз бар жарық ғылым,

Жас күнде қалған жақсы білім алып.

Ұлғайған соң түспей қап уысыңа

Өкініп жүрме, балам, қапы қалып.

Талаптан, жас күніңде ғылым ізде

Елірме еріншектік тілге нанып.



112

113


Өлеңінің  сыртқы  қалпы,  ішкі  құрылымы,  тақырыптық 

бітімі,  поэтикалық  тіл  мен  идеялық  ой  тереңдігі  Абай 

поэзиясымен үндесіп жатқанын байқайсың.

Өмір  сүрген  ортасы,  сол  дәуірдегі  қоғамдық  өмірдің 

қайшылықтарын,  әр  түрлі  әлеуметтік  топтардың  мінез-

құлқын бейнелеп көрсетуінде де сабақтастық бар.



Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар,

-деген  Абай  тағылымын  басшылыққа  ала  отырып,  сөз 

құдіретін  арттыра  отырып  кейінгі  толқынға  нақыл,  өсиет 

түрінде  айтқан  әр  өлеңіне  көз  жүгірткен  сайын  ақындық 

талғамы айқындала түседі. 

“Ғылым  туралы”  өлеңі  Абайдың  “Ғылым  таппай 

мақтанба”,  “Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім” 

,“Интернатта  оқып  жүр”  деген  өлеңдерімен  мазмұндас, 

сарындас екенін байқауға болады. 

“Тоқтағанда” 



Ғылымға жас күнімнен еттім талип, (араб сөзі ізденуші, 

талаптанушы) 



Талпынып төрт лұғаттан тағлым алып. 

Бір мен емес, әркімнен өткен өмір

Қарасам  жан-жағыма  назар  салып,  -  деуінен  табиғи 

қабілетінің  арқасында  4  лұғаты    араб,  парсы,  орыс,  қытай 

тілдерін    меңгергенін  көреміз.  Өнер-білімді  насихаттап, 

жастарды білім алуға шақырды.  

Өнегелі  өсиетімен,  құнарлы  сөзімен  бастайтын 

шығармаларын  оқып  өскен  жастар  ел  іргесін  бекем  етуге 

үлес қосары анық.

“Жастар туралы” өлеңінде  төрткөз дүниенің төрт тарабы 

бір  қалыпта  тұрмай  өзгерер,  заманына  қарай  жастарды  өз 

өнері асырайтыны, соған қажет ақыл, қайрат, қызыл тілмен 

шеберлікке қоса, еңбек пен мінез үйлесімділігін жетілдірсе, 

дүниедегі  толып  жатқан  құмарлықтан  бойын  аулақ  салуға 

болатынын  ескертеді.  Мансаптың  шыңына  шығам  деп, 

уақытыңды өткізіп алмау керектігіне болжам жасайды.  

Әріп  Тәңірбергенов  шығармасынан  Абаймен  үндес 

шығармаларын салыстыра отырып,  мектеп бағдарламасының 

курстарына  енсе  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Мектеп 

бағдарламасына  лайықтап,  жергілікті  ақын-жазушылар 

шығармалары кеңінен насихатталып, іс-шаралар арқылы өз 

жүйесін тауып отырса, жастардың ұлттық құндылықтарды 

бағалай білулеріне жол ашар едік.  Қай кезде болмасын Абай 

шығармалары темірқазықтай ұлтын адастырмай алып  келе 

жатса, Абайдың ізін басқан, көзін көріп, көңіліне нұр сәулесін 

құйып алған ақын шәкірттерінен де кейінгі буынның алары 

көп екенін байқаймыз. 

                                   Әдебиеттер: 

1  Әріп  Тәңірбергенұлы  шығармалары  «Информ- 

Арна», -Алматы, 2006.

Мұхаметханов  Қ. 



«Абайдың  ақын  шәкірттері»  

1995ж.


3  Мұхтар  Әуезов.  «Абай  шәкірттері  туралы»  атты 

мақаласы.

4  Кенжебаев  Б.  Әріп  Тәңірбергенов,  «Әдебиет  және 

искусство». 1956ж. №2 

5 Нұрқатов А. «Абайдың ақындық дәстүрі».

6 Ердембеков Б. «Абайдың әдеби ортасы» (монография) 

Өскемен қаласы.



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау