«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет26/34
Дата19.11.2018
өлшемі0,72 Mb.
#20547
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34

102

103


4.Ұлжан Абайға кім болып келеді?  (анасы)

5. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

б. Абайдың руы?   (Тобықты)

7.  Абай  қай  жерде  дүниеге  келді?  (Шығыс  Қазақстан 

облысы, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақта)

8. Абайдың 1886 жылы шыққан өлеңі. (Жаз)

9. Абайдың аяқталмай қалған поэмасы?   («Әзім әңгімесі»)

10. «Теректің сыйы», «Тұтқындағы батыр» шығармаларын 

кімнен аударған? (М.Лермонтов)

11.Абайдың қандай күйлері бар? («Май түні», «Желдірме»)           

12.Абайдың неше поэмасы бар?  (3)

13. Абай кімнің ертегісін тыңдап өсті? (Әжесінің)

14.Абай «Приходская школада» неше жыл оқыды?    (2 

жыл)


15.Әбдірахман  Абайдың  қай  әйелінен  туған  баласы?     

(Ділда)


III. «Сен маған, мен саған»   (Сөзжұмбақ шешу) 

ІV. Шығармашылық жұмыс.

М.Әуезов Абай шығармаларын     

5 түрге жіктеді 

Абайдың шығармаларын сен 

неше түрге бөлер едің?

Абайдың жас шағындағы өлендері 

 

Абайдың лирикасы 



 

Абайдың поэмалары 

 

Абайдың аудармалары 



 

Абайдың қарасөздері 

    V. «Шебер қолдар». Мұнда әр оқушы Абайдың шығармалары 

бойынша сурет салады. 

VІ.БББ стратегиясы. Бұл тапсырма дәптерге орындалады.

Үйге  тапсырма:  «Менің  сүйікті  ақыным»    тақырыбына 

эссе жазу.

VII.  Сабақты  бекіту  (Желсіз  түнде  жарық-ай»  өлеңін 

хормен айту. 

VIII. Білімді бағалау.



Г.КАРМЕНОВА,

№3 жалпы орта білім беретін мектеп.

Семей қаласы.



АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІНІҢ 

БІРІ - ӘРІП ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ

 

ХХ  ғасыр  әдебиетінде  орын  алған  қазақтың  көрнекті 

ақыны  Әріп  Тәңірбергеновтің  (Шын  аты-Мұхаммедғарып) 

өмірі мен шығармашылығын зерттеген  Қайым Мұхамедханов 

“Мен Әріп ақынның шығармаларын жинап, зерттеумен 1939 

жылдан шұғылдана бастағам. Әріп ақынның шығармаларын 

ең  көп  білетін  шәкірті  Шұғыбан  Қауметов  еді”  деп  жазды 

1995  жылы  шыққан  “Абайдың  ақын  шәкірттері”  деген 

еңбегінің 3- кітабында.  1969 жылы Әріп ақынның “Жазушы” 

баспасынан  “Ұмытпаңыздар  мені”  атты  тұңғыш  жинағы 

жарық  көреді.  Ә.Тәңірбергеновтың  шығармашылығының 

толық  зерттелмей  келу  себептерін  алақұйын  заманның  

кесірі екенін ғалым Қ.Мұхамедханов баса айтады. 

Қазақ  халқының  әлеуметтік  тіршілігі,  күйзелген 

шаруашылығы,  титығы  жеткен  тұрмысы  Әріп  ақынның 

намысын оятып,  Абай дүниетанымы негізінде халқымыздың 

тарихы мен мәдениетін оқып, үйрене отырып, өз тұжырымын, 

байлауын  ортаға  салады.  Нәтижесінде  ойы  мен  пікірі 

қарапайым халықтың талғамына сай келіп, шығармалары  ел 

жадында сақталып қалған. 

1936 жылы “Социалистік Қазақстан” газетінде ақынның 

екі  өлеңімен  Т.Қасенұлының  “Әріп  ақын”  атты  мақаласы 

жарық  көрген.  Кеңестік  кезеңнің  сынына  ұшыраған 

шығармалары  жарық  көрмей  жатса  да,  ақынның  ақындық 

таланты,  терең  парасаты  қазақ  поэзиясында  нақтыланып 

қалады.  Халық  әдебиетінің  қайнарынан  сусындап  өскен 

ақын  туған  халқының  мәдениеті  мен  тарихына  деген 



104

105


 

сүйіспеншілігін өлең-жырына арқау еткен.

1856  жылы  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Жарма 

ауданы, Үш биік ауылына қарасты Еңірекей елді мекенінде 

дүниеге  келген  ақын,  мұсылманша  алған  діни  білімі,11-12 

жасында  Семей  қаласындағы  миссионерлік    мектептен 

алған  терең  білімі,  орысша  білуі  ақынның  білімге  деген  

құштарлығын аңғартады. 1877 жылы 21 жасында Семейдегі 

училищеге оқуға түсіп, аса қабілетті үздік оқушы болғаны, 

ақындық  қабілетімен  қоса,  ауылдағы  мұғалімдік  еңбегі 

де  бос  кетпей  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінен 

көрнекті  орын  алған  Әріп  Тәңірбергенұлының  еңбегінің 

жандана түскенін айқындайды. 

Шәкір Әбенов:   Туыпты Абайдан соң Әріп асыл,



                             Жаратып Құдай артық ғазиз басын,

                             Сынасын сөзінен-ақ милы қазақ

                             Қандайлық десе білім дәрежесін, 

                             Жатқа айтып, қара сөздей сөйлеуші еді. 

                       Құранның отыз пара мағынасын,

-  деген  сөзінен  Әріптің  қадір-қасиетін,  терең  білімін, 

табиғи  дарынын  шәкірттері  де  тебірене  жырлаған  екен. 

Көкбай ақынның: Семейге Абай келсе бізге думан,



           Ән салып, босамаймыз айқай-шудан.

          Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,

          Секілді бір ғылымның жолын қуған.

         Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,

         Өзгелер отырады аузын буып,

       Бір  барсаң, мәжілісінен кеткің келмес, -деген өлең 

жолдарынан Абайдың соңынан ерген бір топ шәкірттерінің 

бірі Әріп те осындай жиындардан қалмаған. Бұл - Әріптің 

Семей училищесінде оқып жүрген кезі.Осы уақыттан бастап 

өлеңмен қатар, оқиғалы шығармалар  «Қожа Ғафан», «Қисса 

Таһир», «Қисса-Зияда-Шаһмұрат» дастанын жаза бастаған. 

Сапарғали  Әлімбетов  (1889-1956).  «Жастайымнан 

тәңірдей  құрметтеп  оқығаным  Абай  болды,  онан  соң  мені 

Әріп ақындыққа баулып тәрбиеледі.” (Есмағанбет Исмаилов 

–“Атамұра”,  1956ж,  Алматы,  297-бет)  деуі  сол  кездегі 

ақындардың    сөзге  жүйрік  ақындардан  үлгі  ала  отырып, 

ақындық  дәстүрді  жалғастырып,  әдебиетіміздің  дамуына 

шоқтығы биік шығармалар жазып қалдыруы еді. 

Семейден алтын ойлы Абай туып,

Күрескен көп наданмен белін буып,

Абайдың үлгісімен барлық ақын

Сөзінің тазалаған кірін жуып.

Абайдың бас шәкірті ақын Әріп,

Атағы кеткен жүйрік жерді жарып.

Бір ол ма барлық қазақ ақынына

Шынында Қыдыр болған Абай дарып

-  деген  жолдарынан  Әріптің  де  Абай  соқпағына  өз  ізін 

салып кеткенін көреміз.

Әріп ақын жайында  М.Әуезов “Абай мектебіне кейіннен 

қосылған  елеулі,  ірі  талантты,  үлкен  ақындардың  бірі- 

Әріп...”  “... Абай аты аталып, жазылған өлеңдерінің мазмұны: 

ғылым, еңбек туралы, елді зорлаушы жуан содырлар туралы 

сыншыл, сатиралық шығармалардан құрылады,”-деп жазған.

А.Нұрқатов  “Абайдың  ақындық  дәстүрі”    еңбегінде 

“Абайды әділет пен шындықтың жыршысы, адамның адал 

қасиеттерінің жыршысы деп білген Әріп оның тұлғасынан, 

рухынан көз жазған жоқ. Ол қашан да Абайға шын ақындық 

үлгісі  шығармашыл  авторитет  ретінде  қарады,-”  деп 

бағалаған.

Бауыржан  Ердембеков  «Әріп  Тәңірбергенұлы-қазақ 

әдебиеті бетінде ешкімге ұқсамайтын оқшау, өзіне ғана тән 

өрнек қалдырған күрделі тұлға»- деп баға береді.

“Шәкірті  Сапарғали  ақын    Әріптің  Абайдан  үлгі–өнеге 

алғанын айта келе өзіне қалай әсер еткенін жазады.



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау