Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



жүктеу 350,49 Kb.
бет36/46
Дата11.01.2022
өлшемі350,49 Kb.
#32175
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Қазақ тіл білімі тарихы

Рақыш Сәтұлы ӘМІР

 

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында Жамбыл ауданы Аса ауылында Сәт мұғалім отбасында дүниеге келіп, бүгінде сексен бестің сеңгіріне шығып отырған Рақыш Сәтұлы қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның ғылымдағы ізі айқын, анық, өйткені оның ғылыми ойлары мен әдістемелік еңбектерін ой елегінен өткізгеннің өзінде жасалған ізденістердің ғылыми тереңдігініне, ойының салмақтылығына, тұжырымдарының тұшымдылығына риза боласыз, тереңдігіне таңырқайсыз да, қабылдайсыз, бағалайсыз. Ғалым қаламынан туған ғылыми зерттеулердің шоғыры мол, айтары терең, жаңалығы айқын, бастысы, аға буын қазақ корифейлері қалыптастырған сара жолды сәтті жалғастырып, өз айтарын ойып айтқан тұлға. Рақыш Сәтұлы университетті бітіріп, еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастапты. Ұстаздық қызмет университетпен жалғасын тауып, үлкен жауапты қызметтермен ұласып жатса да, күні бүгінге дейін сол мектепте басталған істі жалғастыра дамытып, арнап бірнеше оқулықтар жазған екен. Мектеп бағдарламасына арналып жазылған еңбектері: «3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық», «10-класқа сөз құрамын оқыту», «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде», «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы», «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту», «Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау», «Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау», «1-класта қазақ тілін оқыту»; «1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»; «Грамматика, емле, тіл дамыту»; «Қазақ тілі»; «Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық»; «Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті» 1-класына арналған»; «Қазақ тілі. 2-класқа арналған»; «Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған»; «2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау»; «Қазақ тілі орыс мектептері үшін»; «Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы»; «Қазақ тілі. 3- класқа арналған»; «3-класс. «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)»; «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған)»; «Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық»; «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған» т.б. еңбектерін тізудегі мақсатымыз,  ғалымның тынбай жасаған еңбекқорлығына тағы бір шолу жасау.



Рақыш Әмір 1990-1992 жылдары мектептегі білімі реформасының ғылыми-теориялық негіздерін дайындауға қатысты. Білім министрлігі құрған Ғылыми комиссия құрамында «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің концепциясын» (1990 ж.), «Қазақ орта мектебіндегі білім мазмұнының тұжырымдамасын» (1990 ж.). жасады. «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформаларына сай жетілдіру концепциясын» дайындады (1992 ж.), қазақ тілінен 9-шы сыныпқа арналған жаңа тәжірибелік оқулық жазды. Мұндай ауқымды жұмыс ғалымның өзіндік ғылыми‑әдістемелік тәжірибесінің, үлкен ғылыми‑теориялық ізденістің нәтижесі екені сөзсіз.

Ғалым: «Тілші маман болып қалыптасуыма Ыбырайым Мамановтың ықпалы себеп болды», – дер еді ауызша әңгімелескенде, ‑ «Ы. Маманов – студенттермен қоян-қолтық араласып жүретін көпшіл кісі болған. Ол кісі 1‑курстан бастап курс жұмысы ретінде тақырып беріп, үйінен сирек ұшырайтын ғылыми кітаптарды әкеп беріп, таныстырып, тіл біліміне қызықтыратын». Қазақ мемлекеттік университетінде М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ы.Маманов, Е.Исмайлов сияқты  ұстаздардың шәкірті  болғанын Әмір Рақыш тағдыр берген зор сыйлық деп есептейді.

Р. Әмір қай жұмысында болмасын, мәтінге, мәтінді дұрыс оқуға көп көңіл бөледі: “Оқушы қандай болмасын тексті дұрыс оқуға дағдыланбайынша, оның білімдік және тәрбиелік мәнін де жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын қадағалап отыру керек. Оқушының шығармасы я тексті қатесіз оқуы деген сөз:


  • оқып отырғанда сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не сөзді қалдырып кетпей оқуы;

  • кейбір буынды не жеке сөзді қайталап оқымауы;

  • кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы;

  • орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы;

  • текстегі сөздердің мағынасына қарай, лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуы” [1.3].

Мәтінді бірінші сыныпта дұрыс оқу деген сөз, ертең дұрыс сөйлей білу екеніне тәжірибесі мол тәлімгер ұстаз ерекше назар аудара келіп, «Егер тексте бір сөзді қайта-қайта қайталап оқыса, ол жерде екі не үш рет жазылмағанын ескертіп айту; Оқушы жылдам оқу мақсатына беріліп, сөзді сөйлемді дұрыс оқымайды. Сондай кезде қайтадан қайталап оқыту, қатесін ескерту; 1-2 сынып оқушылары үшін оқылуы қиындық келтіретін сөздерден қате жібергенде, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау тәсілін қолдану; Кейбір оқушының қатесін түзету үшін қатесіз оқитын оқушымен бірлесіп хор ретінде оқыту; Шылауларды (-да, -де, -та, -те, -мен, -пен), сұраулы, лепті сөйлемдерді, қос сөз, қаратпа сөздерді қосып оқып жібереді. 2-сынып оқушысы грамматикалық ұғым алмағандықтан, олардың дұрыс оқылуын талап ету; Енді бір оқушылардың тарапынан жіберілетін қате қазақ тілінде кейбір біріккен сөздердің оқылуы мен жазылуындағы өзгешелікке байланысты. Мұндай кезде сол сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүзеге асыруға болатынын» ‑ ерекше ескертеді.

Сөйлеу тілінің қыры мен сырын терең меңгеріп, коммуникативті грамматиканың теориясын жасаған ғалымның мәтін мазмұнын дұрыс түсініп, тыңдаушыға дұрыс ықпал ету үшін, оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен мәнерінің де зор маңызы бар екеніне көңіл бөлуіне бүгінгі ұстаздар қауымы ерекше мән беруі қажет. Өйткені ғалым меңзеп отырған отырған мәтін теориясында мәтіннің мәнін ерекше бөлу, оның мазмұнындағы бүтіндікті және берілетін ақпараттық мақсатты, осы ақпараттық мақсатты таңбалаудағы ішкі мәнді танудың ерекшеліктерін анықтау маңызды.

Ғалым оқушылардың сөйлеу тілін дамытуды бастауыш сыныптардан бастау керектігіне мән беріп, мынадай жайттарға көңіл бөледі:


  1. Логикалық екпін – мағына жағынан мәні басым сөзге ерекше екпін түсіре айту. Ондай сөз оқылғанда басқа сөздерден өзгешерек, өзі не болып тұрған мәнін аңғартарлық дауыстың болуын тілейді.

  2. Мәнерлеп оқуға үйретудегі керекті құрал – паузалардың (кідіріс) орынды болуы. Тыныс белгілеріне байланысты паузалар әр түрлі болып келеді.

  3. Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір керекті нәрсе – оқу қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқудың жөні осы деп, қандай шығарманы оқыса да, сөздерді бір-бірінен ажырата алмайтындай, үстемелеп оқыса, біріншіден, түсініксіз болса, екіншіден, құлаққа жағымсыз болады. Сонымен қатар тым сылбыр, баяу оқу да сөздердің және текстің ұғыну мүмкіндігіне нұқсан келтіреді, дауыстың дұрыс шығуына, жақсы естілуіне де кемістік келтіреді. Сондықтан тексті оқығанда оқушыны орынсыз асығудан және тым сылбыр, кібіртектеп оқудан сақтандырып отыруы керек.

Байқап отырғанымыздай, ұстаздардың ұстазы сөздің «құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиюіне» ерекше зер салады.  Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмыстарына ерекше назар аударған ғалым, қазақ тілін оқытудың, ең алдымен, сөз бағасын танумен, сөз мәнісін білумен байланысты екенін ескертеді. Бала алғашқы оқу жылдарынан бастап‑ақ, қазақ сөзінің мәнін түсінуге талаптанып, сөзді бағалай білсе, қазақ тілінің болашағы мығым, қазақ сөзінің  өз тыңдаушысы  мен айтушысы бар деуге негіз бар. Әдіскер ғалым сөзіне ден қояр болсақ. Оқушының ауызша жақсы сөйлей білуі шағын өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш жаттап айтумен машықтанбақ. Білгені мол, айтары бар ғалым ұлағаты баланың ауызекі сөйлеу тілін, яғни лебізді терең меңгеруін талап етеді. Демек, коммуникативті тіл білімінің бастапқы баспалдағын мектеп оқулықтарында негіздеген Р.С. Әмір еңбегін ‑ бүгінгі жастардың сөйлеу тілін дамытудағы жасаған ерен еңбегі мен ғылыми қызметі, халқының алдындағы жасаған игілікті ісі деп түсіну абзал.

Қазақ тіл білімінде коммуникативті тіл білімі саласына  кеңінен назар аударылып, лебіздегі сөз мағынасы мен мәні, тыңдаушының қабылдауы мен сөзді ұтымды қолдану жолдары ғылыми тұрғыдан терең зерделеген десек, бұл саланың бастауында профессор Р. Әмір есімі тұруы заңды. Ғалымның «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» атты зерттеу еңбегі бұл сөзіміздің айғағы [2].

Формальды тіл білімінде қалыптасқан «Сөйлем біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы» сияқты ережелерден өзгеше, ауызекі сөйлеу тіліндегі сөйлемнің маңыздылығын ең алдымен, адамның күрделі ойлау жұмысымен, пікір құрау ісімен байланыстыра қарайтын ғалымды өз замандастарынан ерекшелейтіні де зерттеу аспектісінің жаңалығы болатын. Сөйлемнің басты белгісі тек ойды білдіру үшін бірнеше сөздер тобының бірігуі емес, сөздердің қызметтік қарым‑қатынасы екенін алдыңғы шепке шығарған ғалым сөздердің бір‑бірімен байланысы мен сөйлемдердің бір  мәтінге еніп, ойды білдіруі, ең алдымен, мағына жағынан тығыз байланысты болып, айтылатын пікірді нақтылай жеткізе білуінде екеніне ерекше назар аударады.

Мәтін – мән мен грамматикалық, семантикалық байланыстардың бірлігінен құралған лебіздік бірлік. Бірлік болғанда да кешенді, әрі күрделі, өзіндік терең құрылымдық сипаты бар, мол ақпараттық жүк арқалайтын мәні бар лебіздік бірлік. Сондықтан соңғы кездегі мәтінге деген ғылыми қызығушылық артуда, әрі мұның өзі лебіздегі мән мен мағынаны іздеуден туған құлшыныс. Мәтін бірнеше ғылыми бағытта қарастырылуы мүмкін: филологиялық, таза әдеби және лингвистикалық, философиялық, психологиялық, әлеуметтік, т.б.

Мәтінді тіл білімі тұрғысынан қарастырудың өзіндік ерекшелігі мен заңдылығы бар, өйткені сөз мағынасы мен сөздердің бір-бірімен байланысы, лебіздегі дауыс ырғағы, екпін, тыныс белгілерінің қойылысы т.б. ғылыми мәселелердің дұрыс шешілуінің мәтіннің ішкі өзекмәні мен өздікмәнін анықтауда аса маңызды саналатын факторлар. Тыныс белгілерінің өзінің мәтіннің ішкі мәнін анықтаудағы маңызы өте зор. Үтір немесе сызықшаның орынды қойылып, дұрыс түсіндірілуі өзі мәтіннің басты мазмұнындағы ойдың дұрыс танылып, ұғынылуына толықтай әсер ете алады.

Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисін зерттеген ғалымның «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығындағы «үндеу амалына» қатысты айтқан тұжырымдары да маңызды саналады [3]. «Сөйлемнің мазмұны тек пікір білдірумен тынбайды. Сөйлем пікірді сөйлеушінің түрлі эмоциясын қосып атайтыны да белгілі» дей келіп, үндеудің басты қызметі тыңдаушыға жеткізілетін хабардың нәтижелі, анық болуын қамтамасыз ететінін талдайды [3.95]. Үндеу, әрине, ауызекі сөйлеу тілінде көрініс табады. Үндеу үшін жұмсалатын қыстырма сыңарлардың автор алты түрін көрсетеді. Мұның барлығы да ойдың астарлы қабатынан шығатын пікірдің грамматикалық болмысын танытудан шыққан тұжырымдар. Сөйлеудің коммуникативтік міндетіне сай ерекшеленетін тұлғалық көрініс – лебіздің мәнін анықтау үшін, әрбір айтылар ойдың тыңдаушыға нақты да анық жеткізілуіне қызмет етері даусыз.

Мәтінді бағалауда мынадай мәселелерге де ерекше көңіл бөлу қажет:

Лингвистикалық бағытта:



  • құрылымдық композициясы;

  • уақыт пен кеңістікте өту сипаты;

  • сөз мағыналарының негізгі немесе ауыспалы мағынада жұмсалу ерекшелігі;

  • тұлғалардың синтагматикалық байланысы;

  • сөздердің валенттілігі;

  • тыныс белгілерінің қойылысы.

Біздіңше, Р. Әмір зерттеулерінде мәтіндегі тұлғалардың синтагматикалық байланысына, сөздердің валенттілігіне ерекше назар аударылады. Сондықтан да, «Жай сөйлем синтаксисінде» сөз тіркестерінң ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктері терең қарастырылып, барлық деректер мәтінмен әдіптеліп, дәлелденеді. Сөйлемдердің сөйлеу мақсатына сай топтастырылуын да осы бағытта бағалаймыз. «Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы қатынас жасауы пікір, ой айтумен қатар, екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатынаа да байланысты болады», ‑ деп жазады зерттеуші [3.58].

Ауызша мәтін де, жазбаша мәтін де лебіздің әртүрлі сипаты ретінде шындық болмыстың әралуан мазмұнын көрсетуге, тануға арналады. Адамдардың бір-бірімен қарапайым пікір алысып, сөйлесуінің өзінде де шындық болмыстың көрінісі жатады, адам ойы мен ішкі көңіл-күйі, қуанышы мен реніші, сүйініші мен мұңы аралас келіп, ішкі жан дүниесінен хабардар етеді. Сондықтан қандай да бір мәтін психологиялық бағытта қарастырыла алады. Мәтін болмаған жерде ой да көріне алмайды. Ал ой болмаса, ойлану да жоқ. Ойдың негізгі таңбаланатын жері, зерттеу нысаны ретінде көрінетін тұсы – тек мәтінде, лебізде. Шындап келгенде, зерттеудің қандай мақсаты болса да, оның ең басты және негізгі, алғашқы бастауы мәтіннен басталады. Профессор Р. Әмір еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдардың қайсысы болса да мәтінде берілетін ақпараттарға сай қолданылатын грамматикалық тұлғаларды танытумен, олардың мағыналық сипатын ашумен байланысты. Сондықтан да, еңбектің бүгінгі таңдағы маңыздылығы арта түспек.

Ғалым еңбегінің басты тұғырлы теориясы коммуникативтілік болса, біздіңше, қазіргі заманғы оқулықтарға жетпейтіні де осы бағыт деп болжаймыз. Қазақтың зиялы азаматтарының оқып, білімін көтерген, қазақ тілі корифейлері (К.Аханов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, С.И.Исаев, А.С.Аманжолов, Р.С.Әмір) жазып кеткен оқулықтардың бергені  де, берері де мол деп білеміз. Қазақ тілінің негізгі теориялық мәселелерін қамтыған оқулықтардың ең басты жетістігі тілдік деректерді нақты талдауы, оқушыға таныс материалдар бойынша тапсырмалар мен жаттығуларды таңдай алуы, баланың деңгейіне сәйкес грамматикалық мәселелер мен теорияны шақтап беруі, грамматикалық теорияның ауызекі сөйлеу тілінің деректерімен қабысып, функционалдық бағытта берілуі болса керек.

Коммуникативтік, функционалдық жүйе бойынша лебіздің грамматикалық құрылымының мағыналық қырын оқыту басты назарда болса, бүгінгі қазақ тілін оқыту алға басады. Қазір жалпы тіл білімінде, соның ішінде қазақ тіл білімінде де сөздің функционалдық‑семантикалық жүйесін кешенді түрде зерттейтін ғылыми еңбектер бар. Мәселе осы ғылыми зерттеулердің негізінде мектеп оқулықтарын жазу. Мектеп оқулықтарын жазуда басты назар сөз мағынасын айқындауға арналуының ізін профессор Р. Әмір еңбектерінен танып, тауып, ілгері дамыту біздің, яғни кейінгі ғалымдардың міндеті болмаққа керек.

 

Әдебиеттер:



  1. Әміров Р. 1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар. Алматы. 1957.

  2. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. – Алматы: Қаз.мет. оқу пед. баспасы, 1959. – 70б.

  3. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. – Алматы: Мектеп, 1977.

  4. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, «Санат», 1998.

  5. Рақыш Әмір: Өнегелі өмір. –Алматы, «Қазақ университеті». 2014.

 

Тапсырма:

 

Р. Әмірдің зерттеулерін оқу, зерделеу.



Р. Әмірдің субстантивтену құбылысы туралы ойлары.

Р. Әмірдің сөз тіркесінің түрлерін бөлудегі өзіндік көзқарасы.

 


жүктеу 350,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау