Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



жүктеу 350,49 Kb.
бет13/46
Дата11.01.2022
өлшемі350,49 Kb.
#32175
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Қазақ тіл білімі тарихы

СЕЙІЛ ЖИЕНБАЕВ

 

Ахмет Байтұрсынұлы салған ізбен қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздерін зерделеу саласында Т. Шонанов, Ш.Х. Сарыбаев, С. Жиенбаев,            Ғ. Бегалиев сынды ғалымдар еңбек етті. Бұлар  А. Байтұрсынұлынан кейінгі әдіскер ғалымдардың алғашқы шоғыры еді. “Әдістеме” деп аталатын ғылымның бастауында тұрған бұл ғалымдардың еңбектері кеңінен зерделеуді, уақыт пен заман ұстанған саясат астарындағы қиын кездің өзінде тіл туралы толғамды ой айта алғандығын байыптап салмақтауды қажет етеді. Бұл кезең сондай-ақ, жазу таңбаларының үздіксіз ауысып жатуымен де ерекшеленеді.

Тіл білімінің көптеген теориялық мәселелерінің басы ашық болмай тұрған, ғылымның жас кезінің өзінде қазақ тілінің мектепте дұрыс бағытта оқытылуына барынша күш-қайрат жұмсап, оның әуелгі оқу құралдары мен оқулықтарын, бағдарламаларын жасап, кейбір теориялық мәселелерде толғамды да салиқалы ой айта алған ғалымдардың еңбегін өз дәрежесінде бағалау орынды болмақ деп есептейміз.

Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі – Сейіл Жиенбаев. Ол 1896 жылы Орынбор облысының Бөрте ауданында 1-мамыр күні дүниеге келіп, 1945 жылы қайтыс болған.  1910-1912 жылдары екі жылдық Бөрте училищесін, 1928 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1916-1922 жылдары Орынборда, Шымкентте мұғалім болып қызмет істейді. 1931-1935, сондай-ақ, 1937-1939 жылдары Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтында оқытушы болады.

С. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты “Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі”, “Үлкендерге хат таныту методикасы”, “Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы”, “Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы”, “Қазақ тілінің методикасы”, “Грамматикалық таблицалар” т.б. сияқты еңбектер жазған.

Пәнді оқыту әдістемесіне байланысты еңбектерінің негізгі ой-толғамдары автордың 1946 жылы жарық көрген “Қазақ тілі методикасы” атты еңбегінде баяндалады. Грамматиканы оқытудың жалпы әдістерін талдауды мақсат еткен бұл еңбек қазақ тілінің грамматикалық жүйесін оқытуды ғылыми негізде талдаған алғашқы еңбектердің бірі еді. Оқытудың жалпы әдістерін, негізгі ұстанымдарын көрсете отырып, оны нақты материалдар негізінде түсіндіреді.

Сабақты мазмұндап шығу бар да, сол мазмұндаған нәрсені оқушы миына тоқытып, меңгерту бар екенін айта келіп, мынадай мысалдар арқылы ойын сабақтайды. Кезекті тақырыптардың бірі ретінде септік жалғауын алып, оның жеті түрлі септіктен тұратынын, олардың грамматикалық тұлғаларын айтып өтумен іс бітпейді дейді ғалым-әдіскер. Сабақты бұлайша мазмұндау автордың пікірінше, тек догматикалық әдіс қолданғандық. Оқушы септік жалғаудың мәнін терең түсіну үшін, ең алдымен, оның қызметін дұрыс бағамдағаны дұрыс. Септік жалғауының негізгі атқаратын қызметі – синтаксистік қызмет. Екі сөзді бір-бірімен жалғастырып айту кезінде ғана жалғау керек болады, ал сөздердің басын қосып, құрастыру – сөйлем жасау болып табылады дей келіп, септік жалғауының осындай синтаксистік мәнін түсіндіру арқылы, мағынасын айқындауға болар еді деген келелі ой айтады.

Тек септік жалғауды оқытудың жайын баяндауының өзінде автор көптеген теориялық мәселелердің байыбына баланың ойын қалай жетелеу қажеттігін алға тартады. “Бұл мәселенің өзі (септеу жалғаулардың синтаксистік қызметі жөніндегі мәселе) соншалық жалаң мәселе емес. Алдымен морфология құбылысының синтаксистік мәні бар дегеннің өзін толық ұғу үшін адамның грамматикалық ой-өрісі белгілі бір дәрежеге жеткен болу керек. Сондықтан жалғаулардың мұндай қызметін мысалмен көрсетіп, тек қысқаша ұғым беріп алу керек”,- ойын түйіндейді (1946, 9-бет). Жалғаулардың да өзіндік мағынасы бар екенін балаға түсіндіру үшін, оларды алып тастап немесе орнын өзге жалғаумен алмастырып қарауға болар еді. Онда мүлде сөйлем шықпайды, яки мағынасы өзгереді.

С. Жиенбаев еңбегінде кез келген тілдік деректі талдау барысында, оған қандай әдісті, қандай ұстанымды қолдану қажеттігін талдап көрсетеді. Жаңа сабақты өту барысында, оны бекіту үстінде байқау, тексеру тәсілін пайдалануды ұсынады. Тексеру жұмысын оқытушы бір өзі ғана жүргізбейді, оқушылар да белсене қатынасып, олар да бірге ойланып отырады деп бағамдайды. Өздері бірге тексерісіп, бірге талдаған соң, сабақты ұғыну деңгейі де жоғары болатыны сөзсіз. Байқау әдісін қолданғанда негізгі басқарушы мұғалімнің өзі болуы шарт. Жаңа сабақтың басты ғылыми-теориялық мәселелерін баланың мойнына салуға болмайды. Тиісті тілдік деректерді талдау тек мұғалімнің басшылығымен орындалғаны дұрыс. Егер осы талдау барысында шығатын қорытынды мұғалімнің өзі айтпай-ақ байқалып тұратын болса, онда сабақ өзінің мақсатына жеткені саналады.

Автор пәнді оқытудың әдістемелік ұстанымдары тек сабақ жүргізгенде ғана емес, грамматикалық оқулықтар мен оқу құралдарының да құрылысына әсерін, ықпалын тигізіп, оның жалпы барысында сақталып отырылуы қажет деген ой айтады. “Грамматика кітабының құрылу принциптері” атты бөлімінде мектеп оқулықтарын жазуда бірыңғай ғылыми ұстанымдарды ғана сақтамай, әдістемелік ұстанымдарды да жүйелі түрде басшылыққа алып отыру қажеттігін анықтап айтады. Қазақ мектебінің тарихында ана тілінің әдістемесінен жаңадан жол алып, жүйе түзеген теорияшыл педагогтар бола қойған жоқ дей келіп, ғалым алғашқы грамматиканың өзі ХХ ғасырда шықты деп, “Тіл құралды” көрсетеді. Авторын атап айтпаса да, бұл Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі екенін көзі қарақты азамат танитыны түсінікті. Әңгіме – С. Жиенбаевтың 1946 жылдары, яғни соғыстан соңғы қиын кезеңдерде, екінші зоболаңның (репрессия) алдында, қорықпай Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне сілтеме жасай алу ерлігі туралы. Зерттеу еңбегіне сілтеме жасамақ түгілі, атын атау мүмкін болмай қалған тұста, С. Жиенбаев былай деп жазады: ““Тіл-құрал” кітабының сол кездегі ойлау принципінің де, онымен қатар тұлғалық бағыттың да элементтері барлығын көреміз”. Осылайша зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кей анықтамалар мен ұстанымдарға талдау жасайды. Оның негізгі сүйенгені логикалық принцип деген тоқтамға келеді. Еңбектегі талдаулардан              С. Жиенбаевтың Ахмет Байтұрсынұлы еңбегімен жақсы таныстығы, одан мүмкіндігінше мол мағлұмат бере кетуді мақсат еткені анық байқалады.

Грамматикалық категорияның жай-мәнісін түгел меңгеріп алу үшін дағды керек деп есептейді әдіскер-ғалым.  Ал дағды алу үшін оған көп жаттығулар қажет, категорияның түрлі-түрлі тұлғаларын ажыратып көру керек. Бірақ терең білім құр жаттығумен де келмейді деген пайымдаулар жасап отырады.

С. Жиенбаев еңбегінде оқушыларға грамматикалық категорияны танытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Әрине адам баласы өзінің ана тілін грамматиканы оқымаса да біледі, бірақ тілдің құбылыстарын, оның ішкі даму заңдылықтарын терең түсіну үшін тілдегі негізгі категориялармен таныс болу қажеттігін жақсы атап өтеді. Еуропа оқымыстысы О. Есперсеннің зерттеулеріне сүйене отырып, жасаған талдаулары терең де мазмұнды. Тіпті кейінгі зерттеулерде кездесе бермейтін терең теориялық толғамдар бар. Айталық, сөздің мәнісін барлағанда, автор оны тек дыбыстан тұратын бірлік ретінде ғана қарастырмай, ұғымды таңбалаушы ретінде бағалайды. Балаларға анықтама үйретіп, жаттатып шаршаудың қажетсіздігін мұғалімдерге жете түсіндіру шарт деген тұжырым айтады.

“Тұлғашыл бағыттағы оқымыстылар категорияның сыртқы тұлға жағына айрықша көңіл бөліп, мағына мен мазмұн жағын көп елемеген. Шынында, грамматиканы оқытқанда сөздің семантикалық белгісіне зор мән беруіміз керек. Әрі тұлғасын, әрі мазмұнын айырғанда ғана мәселе ұғымды болмақ” – деген көреген ойды С. Жиенбаев еңбегінен табамыз.

Тілдегі құбылыстың тұлғасын көрсетіп, мағынасын ұқтыру – үйретудің негізгі әдісі. Оқытушының айтып тұрғанының барлығын бірдей бала түсінбеуі мүмкін. Бұдан шығар жол – әртүрлі жеңіл мысалдар мен көрнекілікті дұрыс қолдана білу,– деп жазады ғалым-әдіскер. Грамматикалық категорияны түсіндірудің қалыпты жолы – сұрақ қою арқылы ұғындыру екені де талданып жазылған.  Оқыту тәжірибесінде құбылыстарды өзара салыстырып, сол арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқынырақ көрсетуге болатыны белгілі. С. Жиенбаев салыстыру әдісін қазақ тілін зерттеуге, оқытуға қолдануға болатынын айтып, нақты мысалдармен түсіндіре дәлелдейді. Бұл әдістің пайдасы белгілі бір деректерді салыстырып, оның айырмасын не ұқсастығын айыру баланы ынталандырады. Екіншіден, бала себеп пен тұлға, мағына дегендерді көп тексереді. Соның арқасында талданылып отырған екі категорияның өзін меңгеріп алады деп ойын түйіндейді ғалым.

С. Жиенбаев еңбегінің маңызды қыры сөздің ұғымдық, мағыналық жағынан тексерілуі болса керек. Өзінің көп замандастарынан ерекше, зерттеуші тілдің құрылысын ғана емес, оның мағыналық құрылымын, ұғымдық сипатын айқындауға талаптанған. Батыстық семантикалық үлгіде жазылған ғылыми зерттеулерді көп оқып, зерделегені байқалады. Автордың О. Есперсенге,                   Н.Я. Маррға сілтеме жасауы – оның зерттеулерінің негізгі бағыты мағыналық жүйе, функциональдық құрылым екенін аңғартады.

Қазақ тілінде сөз таптарын ажырату орыс тілінен анағұрлым қиын дейді ғалым. Олай болуының себебі қазақ тілінде тұлғасы бірдей, тек мағынасына қарап айырылатын сөздер бар. Шығу тегі жағынан тектес түбірлер болып саналатын есім-етістік жұптарының көпмағыналылықтан жіктеліп шығатыны белгілі жағдай. Қазіргі тілдің синхрондық сипатында бұл сөздер әр түрлі мағыналарға ие. Сөздердің арнайы мағынасы мен олардың қай сөз табына жататындығын, қызметін айқындайтын – контекст, мәтін. Зерттеуші осындай мағынасы сөйлем ішінде айқындалатын лексикалық бірліктердің мағынасын салыстыру әдісі арқылы көрсету дұрыс деп пайымдайды. Тек қана түбір сөздердің мағыналары емес, кейде негіздердің мағыналарын айқындауда да қиыншылық болатыны зерттеуде аталып өтіледі. Олардың ішкі семантикалық  мәнінің тек контексте ашылатыны нақты мысалдар келтіре отырып, балаларға жеткізудің кей әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Ғалымның негізгі ұсынар тәсілі – мысалдарды салыстырып беру арқылы олардың мағыналық ерекшелігіне оқушының көзін жеткізу.

Қазақ тілі оқыту әдістемесінің негізгі көкейтесті мәселелеріне үн қосып, оның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым С. Жиенбаевтың еңбектері өзінің өзектілігін күні бүгін де жоғалтқан жоқ. Оның семантикалық бағыттағы ойлары мен тұжырымдары, оқушыны ойлантуға жетелейтін сабақ үлгілері, ұғымдық, мәндік талдаулары болашақ оқытушылар мен зерттеушілерге бағыт көрсете берері сөзсіз.

1936 жылы орта мектептің Y-YІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтің “Грамматика талдауыш”, “Қазақ тілі әдістемесі”, “Грамматикалық таблицалар” тағы басқа еңбектері жарық көрді. Бұл аты аталған еңбектерді «қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, “мұғалім сабақты беруді” көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба”, – деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталды, ол қазірде де мәнін жойған жоқ.

С. Жиенбаев туралы, оның әдістеме ғылымын дамытудағы орны мен өзіндік қолтаңбасы туралы кезінде И.Қ. Ұйықбаев “Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші” атты шағын жұмысында көптеген құнды мәліметтер келтірген. Осы жұмыста С. Жиенбаевтың қаламынан шыққан 95 еңбектің аты аталады. Мұның ішінде таза педагогика мен әдістемеге арналған еңбегінің саны -29. Бұлардың ішінде “Лекции по педагогике для заочников вуза и педучилища” (1930), “Методика родного языка в НШ” (1934), “Методические материалы для учителей НШ” (1935), Грамматика талдауы “Ауыл мұғалімі”(1936), “Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы” (1939), Грамматикалық категорияларды таныту “Халық мұғалімі”  (1950, №5), “Үлкендерге хат таныту методикасы” (1936), “Қазақ тілі методикасы” (1941) сияқты еңбектерінің мәні үлкен.

 

Әдебиет:


  1. Жиенбаев. Қазақ тілі (1930),

  2. Жиенбаев С С. Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі (1935),

  3. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері (1941),

  4. Жиенбаев С. Үлкендерге хат таныту методикасы (1935),

  5. Жиенбаев С. Грамматика талдауыш (1936),

  6. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Құрмалас сөйлемнің топтастырылуы (1941),

  7. Жиенбаев С. Сөздіктің жасалу мақсаты мен принципі (1945).

 

 


жүктеу 350,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау