2. Қарастырылатын сұрақтар:
Түбір сөздерде фонетикалық принциптің қолданылуы.
Морфологиялық принцип - күллі түркі тілдері үшін қолайлы принцип.
Түбір сөздерде дәстүрлі принциптің қолданылуы.
3. Дәрістің мақсаты: Фонетикалық, морфологиялық және дәстүрлі принциптерді басшылыққа алып жазылатын ережелерді меңгерту.
4. Дәріс мазмұны: Қазақ тілінде түбір сөздердің негізінен фонетикалық және морфологиялық принципке бағынып жазылатындығы, сондай-ақ жазылуы әбден қалыптасқан түбір сөздердің де бар екендігі, көп буынды түбір сөздердің көбінесе бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі, өзге тілдерден енген сөздердің өзгерген күйінде жазылатындығы, көп буынды түбір сөздер аралас буынды болып та келетіндігіне, Һ әрпі естілген орында жазыла беретіндігіне мысалдар арқылы көз жеткізу.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Қазақ тілінің негізгі принципі ?
Фонематикалық принцип дегеніміз не ?
Хабар, халық, хош, хал сөздері қандай принцип бойынша жазылады ?
Екі кейде үш вариантының жазылуы заңды түрде орын алған сөздерге мысал келтір?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 9, 12
7. 1. Тақырыбы: Қосымшалардың жазылуы.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Басқа тілдерден енген сөздерге қосымшалардың жазылуы.
Қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшаларының жалғануы.
рк,рг, ск, кс, нг, лк, нкт, нд, нз, нк, мп, кт, ск, вт, фт, пт, сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зж, кк дыбыстарына біткен сөздерге қосымшалардың жазылуы.
3. Дәрістің мақсаты: Төл сөздер мен өзге тілдерден енген кірме сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғаудың ережелерімен таныстыру.
4. Дәріс мазмұны: Сөзге қосымшалар негізінен сингармонизм заңы бойынша жазылатындығы, орыс тілінен енген қосарлы дауыссыздарға біткен сөздерге қазақ тілі қосымшаларының дәнекерлері арқылы немесе сингармонизм заңдылығы бойынша жазылатындығын мысалдар арқылы дәлелдеу.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Өзге тілдерден енген сөздерге қазақ тілінің қосышасы қалай жалғанады?
Соңғы буынында Ю, Ë, Э дыбыстары келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы және жалпы есімдерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
рк,рг, ск, кс, нг, лк, нкт, нд, нз, нк, мп, кт, ск, вт, фт, пт, сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зж, кк дыбыстарына біткен сөздерге қазақ тілінің қосышалары қалай жалғанады?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 8, 9, 15
8. 1. Тақырыбы: Бірге және бөлек жазылатын сөздер.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
1.Бірге жазылатын сөздер( біріккен, термин сөздер, есімдіктер).
2.Бөлек жазылатын сөздер( күрделі атаулар, күрделі сын есім мен сан есімдер, тұрақты сөз тіркестері).
3. Дәрістің мақсаты: Бірге және бөлек жазылатын сөздерді меңерте отырып, сауаттылықтарын арттыру.
4. Дәріс мазмұны: Түбірді сақтап біріккен сөздердің, тұлғасы өзгеріліп барып біріккен сөздердің, ғылым мен техниканың әртүрлі саласында терминдік мәнге ие болған сөздердің, еш, әр, кей, қай, қайсы, әлдебір деген сөздерге есімдіктермен және үстеулермен тіркесіп келгенде бірге жазылатындығын, сондай-ақ күрделі сан есімдер мен сын есімдердің, тіліміздегі фразеологизмдердің бөлек жазылатындығына көздері жеткізіледі.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Бүгін, апар, әкел, биыл сөздері қандай сөздерден біріккен?
Амангелді, Нұргелді, Ботагөз атты кісі есімдері қандай дыбыстық өзгерістерге ұшыраған?
Әр адам, еш нәрсе, кей жылы сөздерінің жазылуы дұрыс па?
Ғылым мен техниканың әр түрлі саласында терминдік мәнге ие болған бірігіп жазылатын атауларға мысал келтір?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 5, 6, 7, 8
9. 1. Тақырыбы: Қос сөздер мен қысқарған сөздердің жазылуы.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Қайталама және қосарлама қос сөздердің жазылуы.
Басқы әріптерінен қысқарған сөздердің жазылуы.
Басқы буындарынан қысқарған сөздердің жазылуы.
3. Дәрістің мақсаты: Тіліміздегі қос сөздер мен қысқарған сөздердің емлесін меңгерту.
4. Дәріс мазмұны: Қос сөздердің, сондай-ақ екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтардың және қызмет дәрежесін немесе мамандықты көрсететін атаулардың, тең мағыналы немесе қарама-қарсы мағыналы екі сөзден жасалған термин мәнді күрделі анықтауыштар дефис арқылы жазылатындығы, ал күрделі атаулардың ықшамдалған түрінің жазылуында да өзіндік ережелердің бар екендігіне көңіл бөлінеді.
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Дефис арқылы жазылатын мәнсіз қос сөздерге мысал келтір.
Басқы дыбыстарынан қысқарған күрделі атаулар қалай жазылады ?
Қысқарған сөздерді тіл білімінде қалай атайды?
Ауатком, Комсомол, ТАСС, ҚазТАГ сөздерін таратып жаз?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 5, 6, 7, 12, 15
10. 1. Тақырыбы: : Шылау сөздердің жазылуы.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Сұраулық шылаулардың жазылуы.
Демеулік шылаулардың жазылуы.
Жалғаулық шылаулардың жазылуы.
3. Дәрістің мақсаты: Қазақ тіліндегі шылаулардың емлесін меңгерту.
4. Дәріс мазмұны: Сұраулық, демеулік және жалғаулық шылаулардың емле ережелерін меңгерте отырып, айтылуы бір басқа, жазылуы бір басқа, сондай-ақ өзінен бұрынғы сөзден дефис арқылы жазылатын немесе сөзбен бірге жазылатын шылаулардың түрлеріне мән беріледі.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
ды, ді, ті, ті, ау, еу, мыс, міс демеуліктері қалай жазылады?
ше түрінде жазылатын шылау қалай дыбысталады?
Сөзбен бірге жазылатын шылауларды ата?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 5, 6, 7 ,12, 15
11. 1. Тақырыбы: : Бас әріптің қолданылуы.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Жалқы есімдердің, мекеме, ұйым, географиялық атаулардың жазылуы.
Ән-күй, газет-журнал, көше, күрделі жалқы есімдердің жазылуы.
Аң-құс, ғалам атаулары, өлең шумақтарының әр тармағының басқы сөзі, тұрақты эпитеттер т.б.
3. Дәрістің мақсаты: Бас әріптің тілімізде алатын орны, бас әріппен жазылатын сөздер туралы мол мәлімет беру.
4. Дәріс мазмұны: Жалқы есімдердің, мекеме, ұйым, географиялық атаулардың, ән-күй, газет-журнал, көше, күрделі жалқы есімдердің, аң-құс, ғалам атаулары, өлең шумақтарының әр тармағының басқы сөзі, тұрақты эпитеттердің сөйлемнің қай шенінде келсе де бас әріппен жазылатындығы мысалдар арқылы дәлелденеді.
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Тұрақты эпитеттердің бас әріппен және кіші әріппен жазылатын түріне мысалдар келтір?
Ән-күй, газет-журнал атауларымен жай сөйлем құра.
Ғалам атауларынан тұратын күрделі жалқы есімдерді ата?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 8
12. 1. Тақырыбы: Сөздердің тасымалдануы.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.
Екі кейде үш дауыссызға аяқталған сөздерді тасымалдау.
3. Дәрістің мақсаты: Тасымал туралы түсінік бере отырып, сөздерді тасымалдаудың ережелерін меңгерту.
4. Дәріс мазмұны: Тасымал туралы түсінік бере отырып, сөздерді тасымалдаудың ережелерін, тасымалданбайтын жағдайлар, тасымал мен буынның аражігін ажырата отырып, дәлелді ақпарат беріледі.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Тасымал дегеніміз не?
Буын жігі тасымалға сәйкес келе ме?
Үш дауыссызға аяқталған сөздер қалай тасымалданады?
Тасымалданбайтын жағдайларға мысал келтір?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 8, 12
13. 1. Тақырыбы: : Одағайлардың жазылуы.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Көңіл-күй одағайларының жазылуы.
Жекіру одағайларының жазылуы.
Шақыру одағайларының жазылуы.
Қайталанып айтылатын одағайлардың жазылуы.
3. Дәрістің мақсаты: Одағайлардың емлесін меңгерту
4. Дәріс мазмұны: Көңіл-күй, жекіру, шақыру, қайталанып айтылатын одағайлардың емлесін меңгерте отырып, сауаттылықтарын арттыруға көңіл бөлінеді.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздерден қандай тыныс белгісі арқылы ажыратылады?
Қайталанып айтылатын одағайлар қалай жазылады?
Мох-мох, құрау-құрау, бара-бара одағайлары нелерге қаратыла айтылады?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 12, 8, 7, 5, 4
14. 1. Тақырыбы: Қазақ орфографиясының өзге пәндермен байланысы.
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Фонетика
Лексика
Грамматика
3. Дәрістің мақсаты: Қазақ тілінің орфографиясы тіл білімінің басқа да салаларымен өте тығыз байланыста екендігін дәлелдеу.
4. Дәріс мазмұны: Сөздердің дұрыс жазылуы, дыбыстардың үндесуімен, буын, екпін, сөз бен мағына, сөздік қор мен сөздік құрам, күрделі сөздердің жазылу ерекшеліктері мен қосышалардың дұрыс жалғану мәселелері, сөздерді топтастыру принциптерімен тығыз байланыста екендігі көрсетіледі.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Фонетика мен орфографияның байланысын дәлелде?
Орфография мен лексиканың байланысы неде?
Орфография мен грамматика қалай байланысады?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 4, 5, 6, 21, 22, 23
15. 1. Тақырыбы: Қорытынды дәріс
2. Қарастырылатын сұрақтар:
Қазақ орфографиясының сауатты жазуда алатын орны.
Курсты оқи отырып, нені меңгердік, неге қол жеткіздік ?
3. Дәрістің мақсаты: Курсты оқу барысында меңгерген орфографиялық ережелерді сауатты жазуда пайдалану.
4. Дәріс мазмұны: Орфографиялық ережелерді меңгере отырып, сауатты жаза және сауатты сөйлей білуге машықтану, жазба жұмыстарын жүргізу, жаттығу жұмыстарын талдау, көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзден жоғарыдағы ережелерге мысалдар теру арқылы алған білім бекітіледі.
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Орфографияны меңгеру сауаттылыққа жетудің кепілі ме?
Курсты оқи отырып, нені меңгердің ?
Курсты оқи отырып неге қол жеткіздің?
Курстың сізге пайдасы болды ма?
6. Пайдаланатын әдебиеттер: 1-23
6. Семинар (практикалық) сабақтар жоспарланбаған.
ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
Осы курс бойынша аптасына 1 СОӨЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңестік және бақылау
функцияларын атқарады. СОӨЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барысында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағдайда, СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруына пайдаланылады.
ОжСӨЖ
Тақырып 1. Қазақ графикасының қалыптасуы мен дамуы.
ОжСӨЖ мақсаты: Графика туралы түсінік, мақсаты мен маңызын түсіндіру. Графиканың басты мәселелері: Бас әріп, азат жол, басқа графикалық белгілердің қолданылуын, дұрыс жазылуын меңгерту.
Сабақ өткізу түрі: Сұрақ-жауап, салыстыру
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Графика туралы түсінік, мақсаты мен маңызы .
2. Графиканың басты мәселелері: Бас әріп, азат жол, басқа графикалық белгілер.
3. Қазақ әліпбиі, оның пайда болуы, таралуы, әріптердің орналасуы
Әдістемелік нұсқаулық:
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 1,2,3,4
Тақырып 2: Жазудың түрлерін конспектілеу.
ОжСӨЖ мақсаты: Жазудың түрлерін меңгерту, қазіргі қазақ графикасының ерекшеліктерін айту.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Жазудың түрлері.
2. Жазудың ең дамыған, жетілген түрі - дыбыстық жазу.
3. Қазіргі қазақ графикасының басты құралы - әріптер және түрлі тыныс белгілері.
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 1,2,3,4
Тақырып 3: Бас әріптің қолданылатын орындарына сөйлемдер жинақтау.
ОжСӨЖ мақсаты: Бас әріптің қолдану өрісін түсіндіру, мысалдар арқылы дәлелдеу, тапсырмалар беру.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
Тақырып бойынша баяндама әзірлеу
Салыстырмалы карточкалар дайындау
Тест сұрақтарын әзірлеу
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 1,2,7,5
Тақырып 4: Қазақ орфографиясының негізгі принциптеріне 20-20-дан мысалдар теру.
ОжСӨЖ мақсаты: Орфография туралы мәлімет бере отырып, қағидаттарымен таныстыру, мысалдар келтіру, мәтін түрлері бойынша өздігінен жұмыстануға үйрету.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
Зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелері (Сұрақ-жауап).
Графика туралы пікірлер (А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Р.Сыздық, М.Серғалиев, Н.Уәлиев т.б.).
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 1,2,5
Тақырып 5: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жазылуындағы айырмашылықтарды анықтау.
ОжСӨЖ мақсаты: Дыбыстардың алмасуының ерекшеліктерін меңгерту, жазудағы өзіндік қолданысын айту.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Дыбыстардың алмасуының жазуда еленбеуі.
2. Еріндік үндесудің орфографияға қатысы.
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және пысықтау.
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 2,3,1,4
Тақырып.6. Орфографиялық сөздіктен фонетикалық, морфологиялық және дәстүрлі принциптермен жазылған сөздердің таблицасын жасау.
ОжСӨЖ мақсаты: Түрлі қағидаттардың жазудағы басты қызметтеріне шолу жасау, мысалдармен дәлелдеу.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
Дәріс материалдарының сұрақтары бойынша кесте құрастыру.
Интернет сайттарынан қосымша материалдар жинақтау.
Тапсырмалар жасау
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5
Тақырып 7: Орыс тілінен енген сөздерге қосышалардың қосылуына мысалдар жинақтау.
ОжСӨЖ мақсаты: Басқа тілдерден енген сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшеліктерін меңгерту, қазақ тіліндегі басты сүйенетін заңдылықтарға көңіл аудару.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Дәріс материалдарының сұрақтары бойынша кесте құрастыру.
2. Интернет сайттарынан қосымша материалдар жинақтау.
3. Деңгейлік тапсырмалар жасау
Әдістемелік нұсқаулық
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Белгілі бір студенттер орындаған тапсырмаларды түсіндіру; Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5
Тақырып 8: Орфографиялық сөздіктен бірге және бөлек жазылатын сөздерді жинақтау.
ОжСӨЖ мақсаты: 1.Бірге жазылатын сөздер, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын түсіндіру, әр түрлі формада меңгерту.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Тақырып бойынша баяндама әзірлеу
2. Салыстырмалы кестелер, сызбалар, құрылымдар дайындау
3. Тест сұрақтарын әзірлеу
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер:1, 2, 3,4,5
Тақырып 9: Қос сөздер мен қысқарған сөздердің емлесіне байланысты мысалдар жинақтау
ОжСӨЖ мақсаты: Қайталама және қосарлама қос сөздердің жазылуын, басқы әріптерінен қысқарған сөздердің жазылуын, басқы буындарынан қысқарған сөздердің жазылуын, қысқарған сөздердің емлесін меңгерту.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Тақырып бойынша баяндама әзірлеу
2. Салыстырмалы деңгейлік тапсырмалар дайындау
3. Тест сұрақтарын әзірлеу
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5,6, 7,
Тақырып 10: Көркем әдебиеттен шылау сөздердің түрлері қатысқан 20 сөйлем теріп, емлесін түсіндіру.
ОжСӨЖ мақсаты: Сұраулық, демеулік, жалғаулық шылаулардың жазылуын меңгерту.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Сұраулық шылаулардың жазылуы.
2. Демеулік шылаулардың жазылуы.
3. Жалғаулық шылаулардың жазылуы.
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Әдебиеттер: 1,2,3
Тақырып 11: Бас әріптің қолданылуы.
ОжСӨЖ мақсаты: Жалқы есімдердің орфограммасын меңгерту, түсіндіру, мысалдар арқылы дәлелдеу.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1.Жалқы есімдердің, мекеме, ұйым, географиялық атаулардың жазылуы.
2. Ән-күй, газет-журнал, көше, күрделі жалқы есімдердің жазылуы.
3. Аң-құс, ғалам атаулары, өлең шумақтарының әр тармағының басқы сөзі, тұрақты эпитеттер т.б.
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5
Тақырып 12: Сөздердің тасымалдануы.
ОжСӨЖ мақсаты: Тасымалдауға қатысты негізгі ережелерді айту. Мәтін түрлерінен мысалдар келтіру.
Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.
2. Екі кейде үш дауыссызға аяқталған сөздерді тасымалдау.
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдебиеттер: 7,5,1,3
Тақырып 13: Қазақ тіліндегі көңіл-күй одағайларының шығу төркінін анықтау.
ОжСӨЖ мақсаты: Көңіл-күй, жекіру, шақыру одағайларының жазылуын меңгерту. Практикалық маңызын ескеру.
Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Көңіл-күй одағайларының жазылуы.
2. Жекіру одағайларының жазылуы.
3. Шақыру одағайларының жазылуы.
4. Қайталанып айтылатын одағайлардың жазылуы.
Әдістемелік нұсқаулық:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |