Қазақ мемлекетінің ҚҰрылымы жәие оның дамуындағы ерекшеліктер


XVII ғасырдың соңғы ширегі - XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ хандығы: әлеуметтік-экономикалық қатынастар және ішкі-сыртқы саяси ахуал



жүктеу 0,67 Mb.
бет9/15
Дата20.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#29870
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
ҚАЗАҚ ХАНДЫ5Ы МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘИЕ ОНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ДИПЛОМ

1.2 XVII ғасырдың соңғы ширегі - XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ хандығы: әлеуметтік-экономикалық қатынастар және ішкі-сыртқы саяси ахуал

Қарастырылып отырған XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқының өміріндегі ең бір күрделі кезең болып табылады. Осы аралықта бір ру, яки бір тайпа емес, тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түсті. Әсіресе, Қазақ мемлекеті сыртқы және ішкі саясатта, әлеуметгік-экономикалық қатынастарда да аса күрделі қиындыктарды бастан кешірді. Бытыраңкылық пен алауыздық жүздер арасындағы экономикалық және саяси билікке талас қазақ мемлекетін нығайтуға кедергі келтірді. Осындай ретсіздікті жоңғар жаугершілігі одан әрі күшейте түседі. Мыңғыраған мал мен жайылым жерлерден айырылу, көші-қон бағыттары мен дәстүрінің бұзылуы, қолөнер кәсібі мен сауданың құлдырауы Ұлы жүз бен Орта жүздерді шаруашылық күйзеліске ұшыратады. Қол астындағы халық пен территорияның азаюы хандардың билігін әлсіретіп, Қазақ елінің саяси-территориялық жағынан бытыраңқылығын тездетеді.

Ресей империясының күш-қуатының артуы, Қытайда Цинь әулеті билігінің нығаюы, осы екі үлкен мемлекеттің ықпал өрісінің кеңейіп, екі бүйірден қысуы қазақ жері мен Орта Азия аймағындағы халықаралық қатынастарға үлкен әсер етеді. Бұл азулы империялардың әрқайсысы қазақ хандығына қатысты өз бағытын күшейтетін нақты іс-әрекеттік жоспарларын жасай бастайды.

Осындай орасан зор объективтік қиындықтарға қарамастан аталған кезеңдегі көшпелі қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық қатынастарда өзіндік ерекшелігін сақтап өмір сүрді. Бұл қатынастарды себептердің бар екенін тұжырымдауға болады. Өйткені, ірі және ұсақ әлеуметтік топтар қазақтардың өз түсінігінде бастапқыдағы бір отбасының бөлінуі (сегмментация) нәтижесінде пайда болған.

Әлеуметтік қатынастардың бірте-бірте, жіктелуі барысында, әр түрлі туыстық топтардың бірігуі нәтижесінде кей кездері «жасанды» ата-тектік шежіренің жасалуына да жол берілді. Шындығында, тарихи тұрғыдан қалыптасқан бірқатар қазақ руларының бірлестіктері күрделі құрамдағы құрылымдар болды. Сондықтан әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік топтар одағының пайда болу себебін олардың шаруашылық мүддесімен байланыстырып қарауға болады, мұның, өзі ата-тектік байланыстарды көршілік-қауымдық қатынастармен теңестіріп қарастыруға негіз бола алады. Өйткені, мал шаруашылығы өндірісі процесінің өзі - төрт түлік малды үй жағдайына үйретіп, оны жайылымға шығарып бағу, одан әрі шаруашылықтан алынған өнімдерді өндеп, пайдалану сияқты шараларды қамтиды. Мұнда мал мен жер қазақ қауымын негізгі асыраушы құралы ретінде бірдей деңгейде өндіріске қатынасып отырады. Әрбір көшпенді малға да жерге де бірдей қарап, қамқорлық жасайды, өйткені, түптеп келгенде тек жер ғана малшының әл-ауқатының көтерілуіне кепілдік бере алады.

Сонымен бірге, жерге қатысты әр түрлі фактілердің, пікірлердің болуы - қазақтар арасында жерге байланысты феодалдық меншік қалыптасты деп тұжырымдауға негіз бола алмайды. Көшпенділер арасында ежелгі заманда да, жаңа кезеңде де белгілі бір әлеуметтік топтың жерге қатысты монополиялық меншігінің орнығу құбылысы байқалған емес. Көшпенділіктің ыдырауына дейінгі кезеңде жайылымдық жерге жеке меншіктің болмауы - қазақ қоғамындағы өндірістік қатынастар мен өндіріс сипатының өзіндік ерекшелігімен анықталды. Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ қоғамында жайылымдық жерге байланысты жеке меншік қатынастардың болмағандығы жөнінен дәлелді ғылыми тұжырымдар мен тиянақты пікірлерді әйгілі зерттеуші-ғалымдар М.Т. Вяткиннің, В.Ф. Шахматовты4, С.Л. Фукстың, С.З. Зимановтың еңбектерінен таба аламыз.

Қазақ қоғамының көшпелі өмір-салтының сақталуы халықтың басым көшпілігі ешқандай кедергісіз экстенсивті көшпелі шаруашылықты жүргізуте мүмкіндігі бар, көшіп-қонуға қабілеті бар кезеңге дейін мүмкін болды. Қазақтың көшпелі қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың өзіндік ерекшелігінін негізіне - малға жеке меншік пен жерге қатысты ұжымдық немесе қауымдық меншік арасындағы қарама-қайшылық ққбылысын жатқызуға болады.

Осы кезеңдегі қазақ қоғамының бастапқы негізгі шаруашылық ұйымы-көшпелі қауым болды. Дегенмен, көшпелі өндірістің маусымдық сипаты болғандықтан, екі типтегі қауымдықтар - шағын және кеңейтілген қауымдықтардың пайда болуына негіз салды. Көшпелі шағын қауымдық қыс кезінде, ерте көктемгі және күз маусымдарына құрылып, құрамына орта есеппен 5-10 шаруашылықты қамтыды. Шағын қауымдыктың көлемінің аздығы мен көптігі малдың санына қыстау маңындағы жайылымдардың малды азықтандыру мүмкіндігіне байланысты болды. Сонымен, қыс кезінде бөлінген жайылымдық аймағының құнарлығы мен оттылығы шағын көшпелі қауымдықтың көлемін аныктады. Көп жағдайларда шағын көшпелі қауымдықтың құрамына негізінен жақын туыстар біріктірілетін болды, алайда кей кездері басқа да рулық топтың адамдары қосылатын жағдайлары болды. Сондықтан, бірігудің негізіне қандық-туыстық байланыстармен қатар экономикалық қатынастар да ерекше роль атқарды. Өйткені, көшпелі қауымның өмір сүру мүмкіндігі өндірістік процестің барлық салаларын жүзеге асыру үшін, қауымдағы барлык малшылардың еңбек кооперативін құруды құн тәртібіне қойып, көптеген адамдардың күш-жігерін бір арнаға, бір мақсатқа біріктірудің қажеттілігі туындады. Шағын көшпелі қауымдықтың ауқымында малды бағып-күту, оны суатпен қамтамасыз ету, жайылымды қардан тазарту, күйек алу, малды төлдету, малды қырқу сияқты өндірістік процестер іске асырылды. Жазғы жайылым маусымы басталған кезде бірнеше шағын қауымдықтар біріге отырып кеңейген кауымдықтарды құрады. Бұл қауымдықтар негізінен жыл мезгілінің жылы маусымдарында бірігіп, топтасып, өндірістік процестер кезінде пайда болатын барлық мәселелерді тиянақты шешіп отырды, оның ішінде, әсіресе, малды сумен қамтамасыз ету басты орында тұрды. Сондықтан кеңейтілген қауымдыктың көлемі су көздерінің аз-көптігіне, түрлеріне, сапасына байланысты икемделіп отырды. Табиғи су көздері жоқ аймақтарда көшпенділер құдықтар қазу арқылы су шығарып, жасанды су көздерін пайдаланып отырды. Мұндай жағдайларда кеңейген қауымдықтың құрамына 2-3 шағын қауымнан тұратын әлеуметтік топтар кірді. Сондай-ақ, таулы аудандардағы көшпелі қауымның көлемі де шағын болды, мұның негізгі себебі - жер жағдайымен, яғни биік таулы өңірде мал бағудың және оны сумен қамтамасыз ету ерекшелігімен байланысты болды. Ірі көшпелі қауымдастықтар үлкен, табиғи су көздерімен камтамасыз етілген өзен, көл жағалауларында Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс аймақтарында топтасып орналасты.

Егер шағын қауымдықтың меншігіне өзі иеленген қысқы маусымдағы жайылымдық жер ғана қараған болса, кеңейген қауымдықтың меншігіне бәрінен бұрын барып қоныстанған жасанды су көздерімен қатар барлық табиғи су көздері қарады. Одан басқа меншіктің ортақ нысаны ретінде көшпелі қауымдықтарға су көздері айналасында орналасқан жайылымдықтар да қарады.

Сонымен аталған кезеңдегі көшпелі қауымдық дегеніміз тікелей өндірушілердің еңбек іс-әрекетінің, күш-жігерінің ортақтығымен сипатталатын, өндіріс процессі ұжымдық тұрғыда ұйымдасқан және қысқы жайылымдар мен су көздері жалпы меншікте болатын қазақ қоғамындағы шағын әлеуметтік топтардың бірлестігі деп тұжырымдауға болады.

Көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында қауымдардың өзара қарым-қатынастардағы жерді пайдалануға, жайылымдық жерлерді, су көздерін бөлуге және көші-қон бағыттарын анықтау жүйесіне қатысты мәселелерді реттейтін бұдан да жоғарғы деңгейдегі (рулық-тайпалық деңгейдегі) бірлестіктер болды. Бұл әлеуметтік жиынтықты қауымдардың қауымдастығы (ассоциация) немесе қауымдастыктар тобы деп атауға болады. Қауымдастық өз құрамына 20-дан 100-ге дейінгі шағын қауымды біріктіре отырып, оның көлемі ең алдымен мал жайылымының азықтандыру ауқымына, су көздерінің сапалық деңгейіне байланысты болды. Сондай-ақ, қауымдастықтар меншігіне жайылымдықтардың құнарлы-құнарсыздығына қарамай, сол қауымдастықтың тобын құрайтын барлық қауымның көшіп-қонып жүрген территориясы қамтылды.

Біздің пікірімізше, дәстүрлі қазақ қоғамында жерді жеке-дара пайдаланудың, иеленудің немесе қауымдық меншік ауқымындағы мәселеде халықтың ой-санасымен біте қайнасқан бір жақты көзқарас қалыптасқан деуге болады. Олай дейтініміз, қазақ ұғымында жер-бастапқы жаратылыстың бір бөлшегі ретінде саналғандықтан қасиетті деп есептелді. Сондықтан жерге байланысты аяқ-асты көзқарасқа, атап айтқанда, жердің қадір-қасиетін жете түсінбей, оны балағаттау, соққылау, таптап бүлдіру, себепсіз қазып, ластау әрекеттері халық тарапынан наразылықка душар болып, тіпті оның ашу-ызасын туғызып отырған. Қазақтардың шамандық діни сезімі бойынша, олардың жерге деген көзқарасы ерекше болған. «Жер-Ана» деп, оны өмірдің, тіршіліктің алғашқы бастауы деп түсінген, оның құдіретіне бас иіп, табынып, тәубе етіп отырған. Ал, ислам дінінің қазақ арасында насихатталып, таралуы олардың жерге қатысты пікірін өзгерткен жоқ, осы кезден бастап жер - күдіреті күшті бір «Алланың» иелігінде, оны ол өз пенделеріне сыйға берген деген түсінік қалыптасты. Сондықтан, орныққан дәстүр негізінде көшпелі қауымның белгілі бір аймаққа қатысты құқықтык меншігі - сол территорияны иемдену қақындағы ежелден қалыптасқан саналы іс-әрекет дағдысымен, құқығымен немесе бос жатқан жерді кайсысы бұрынырак иемденіп, бұрынырақ коныстанса, соның пайдалану иелігіне өтетін құқықтық ерекшелікпен анықталды. Сонымен, белгілі бір территорияны иелену жөніндегі ұжымдық сананың қазақ арасында тиянақты орныққаны соншалық, сол ру-тайпа қауымы ұрпақтарының ой-санасына мызғымыстай бекіп, орнығып, тіпті ауыз - екі әңгімелерге де арқау болған. Сондай-ақ, белгілі бір аймаққа бұрын барып қоныстанып, иемдену құқығы мен бұрынғы өткен ата-бабаларынан қалған мұра ретінде иелену үрдісі де, қазақ қоғамындағы тайпалық топтардың ұжымдық сана-сезімінде берік орныққанын байқауға болады. Мәселен, этнограф ғалымдар қазақтардың көшіп-қону жүйесінің маңыздылығын ерекше атап көрсетіп, олардың бей-берекет адасып көшіп жүретін алғашқы қауым тайпаларынан айырмашылығы жер мен көктей екенін баса көрсеткен.

Бұл жөнінде қазақ халқының тұрмысын білгірлікпен зерттеген, академик В.В. Радлов былай деп ой толғайды: «В отношении же такого народа, как казахи содержащего столь много скота, не может быть и речи о неплановых переездах племя и племенная подразделения рассматривают какую-то территорию как свою собственность, и не терпит вторжение на нее соседей» [19].

Жайылымдық аумақтарды осындай үрдіспен шектеушілік, ерекше құқықтық ережелермен реттелмеді, керісінше ежелден қалыптасқан қоғамдық ережелер негізінде, ата-тектік (шежіре) құрылымы аясында іске асырылып отырды. Дәстүрлі қоғамдағы кауымдастың топтардың (ру-тайпалардың) маңызды қызметінің бірі - шағын көшпелі қауымдардың арасындағы ішкі экономикалық қатынастарды реттеу, сот төрелігін жүзеге асыру және әдет-ғұрып құқығы нормаларының орындалуын қадағалау болды. Осы тұрғыдан алғанда белгілі бір қуымдастыктын барлық мүшелеріне өзара туысқандық көмек міндеткерлігінің айып төлеу, қалың мал төлеу, жұртшылық, сауын сияқты түрлері толық таратылып, іске асырылып отырды. Сонымен қатар, әр қауымдастық топ өз мүдделерін басқа қауымдастықтың алдына білдіріп, оны қорғап отырды.

Сонымен, аталған кезеңдегі қазақ қоғамындағы дәстүрлі, көшпелі қауымның негізгі сипаты - жерді пайдаланудағы теңгермешілік болмады, оны реттеп, пайдалану үрдісі қауым ауқымындағы тетік (механизм) арқылы іске асырылды. Тайпалардың иелегіндегі жерлер біріңғай, тең болмады, сондықтан шабындық алқап, орманды алқаптың ара-қатынасы туралы мәселелер туындамады. Жердің көлемі малды қамтамасыз ету жағдайына, халықтың сан мөлшері деңгейіне тәуелді болмады. Қазақ малшыларының экономикалық мүдделері оларды кең аймақта шашырап көшіп-қонып, жиі-жиі қоныс ауыстырып жүруге мәжбүр етті, оның үстіне XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ елінің ауқымында әлі де, жерге деген зәрулік құбылысы байқалған жоқ еді. Сондықтан, осы кезеңде көшпелі шағын қауымдарды байланыстыратын негізгі тетік тек экономикалық мүдделер ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар, туысқандық қатынастар да, қауым мүшелерінің өз арасындағы адамгершілік бастауының ролін атқаратын факторлардың негізі болып табылды.

Аталған кезеңдегі көшпелі қауымның маңызды қызметінің бірі - әкімшілік баскару және сот жүргізу ісі болды. Дәстүрлі қауымда бұл екі қызметті де, әдетте, бір адам атқаратын еді. Сонымен, ру басшысының сот ісін жүргізу тұрғысындағы өкілеттігіне қауымның ішкі өмірі жағдайында болып жататын барлық азаматтық істерді қарап, шешіп (тіпті ауыр істерді де), өз қауымының мүдделерін басқа мекемелер мен қауымдардың алдында қорғап, сақтауға міндетті болды.

Әкімшілік лауазымындағы қызметінде ру басшысы ішкі қауымдық тәртіпті қадағалап, реттеп ұстап тұрды, жарлы-жақыбайларға, ауруларға материалдық көмек беру мәселесін шешіп отырды, бір сөзбен айтқанда қауымның қайырымдылық шараларын жүргізу қызметіне мұрындық болып отырды. Әдетте, мұндай ру басшысы аталған лауазымдағы қызметке сайланбады, ол, белгілі, атақты семьяда туып-өсіп, бұрынғы ата-бабалары өз руының мүдделеріне қалтықсыз қызмет еткен фактысы бойынша, мұрагерлік құқығы негізінде бұл қызметті атқара алатын еді. Егер ру басшысы өмірден өтіп, артына мұрагер қалдырмаған жағдайда, қауымның ақсақалдар алқасы жиналыс шақырып кеңесе отырып, қауымның жаңа басшысын сайлайтын болған. Осы тұрғыдан атап өту керек, негізінен ру басшысы лауазымына өзінің жеке басы басқаларға үлгі боларлық, беделді, шешен, акылды және әділеттігімен ерекшелеген кісілер сайланып отырған. Әйгілі қазақ ғалымы Ш. Уәлиханов осы мәселе жөніндегі ойын былайша тұжырымдайды: «Мәселен, Шорманның ата - бабалары ешқашан би болған емес, ол он үш жасында нөпір халық бас қосқан жиында рудың даулы істерін қараған процесте жеңіп шығып, би атанды. Біз, әкелері белгілі би болған көптеген қазақтарды білеміз, бірақ олардың балалары би атағын иеленбеген» [23].

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы шағын қауымның ішкі құрылымындағы тыныс-тіршілігін ақсақалдар басқарды.

Ақсақал - ауыл көлеміндегі ең құрметті, ең беделді әрі сыйлы болды, оның айтқан шешімдері билердің шығарған қаулы-қарарларымен пара-пар болды. Ақсақалдардың құзырында ауыл ішіндегі тәрбиелік, тәлімгерлік қызмет те болды. Атап айтқанда, жас ұрпақтарды әлеуметтендіру мәселесі және қауымға әлеуметтік тұрғыдан бақылау жасау, сондай-ақ ақсақалдар қауым ішіндегі салт-дәстур сенімдерінің орындалуын жіті қадағалап отырды.

Қауымаралық істерді шешу кезінде немесе одан жоғары деңгейдегі өкімет билігі арасындағы қатынастарды реттеуде шешуші, соңғы сөз ру басшысының құзырында болды. Бұл фактіден ру басшысының билігі қауымнан бөлектенген немесе өктемдік принципке негізделген деп қорытынды жасауға болмайды, керісінше ру басшысы туысқандар арасында ру мүддесін жан-тәнімен, барлық бедел билігімен қорғап, әрі реттеп отыратын лауазым иесі болды. Барлық туысқандар онын ордасына өз үйлеріне келгендей емін-еркін кіріп, ашығып-торыққандар болса азық-түлік алып, немесе тамақтанып, мал-жанынан айырылып күйзелгендер болса, «сауын мал» алу арқылы жалданып жұмыс істеп, келесі жылғы төл өсімін өзіне қалдырып қатарға косылуға тырысып отырды.

Қарастырылып отырған кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық жинау қызметінің ерекшелігіне тоқталып кеткен жөн болады. Біздің пікірімізше олар бірнеше түрлерді қамтыды.

Оның алғашқысы - сыртқы шығындар үшін жиналатын алым-салықтар болды. Бұл төлемдер ру басшысының нұсқауы бойынша жүздердің атынан немесе тайпалардың атынан келіссөздер жүргізудегі өкілетті елшіліктердің қызметі үшін жиналып, соларға жіберіліп отырды. Бұл алымдар белгілі мөлшердегі мал есебінде және қауым мүшелерінің бағалы заттарының тиісті көлемімен де анықталып отырды. Екіншісі - әскери шараларға қатынасу үшін жиналатын алым-салықтар болды. Әдетте, мұндай шаралар жаугершілік кездерде іске асырылып, әр қауым материалдық, әл-ауұат деңгейіне қарай өздерінің әскери жасақтарын құратын болды. Кейінірек, бейбіт өмір кезеңінде, билер сотының шешімімен барымта ұйымдастырылатын кезде, бұл принцип негізінен сақталып, тек бұл мақсат үшін жүйрік аттар ғана алынып, суық қарумен жасақталған қауым мүшелерінің шағын тобы жіберілетін болды. Үшінші - сот шығындары үшін жиналатын алым-салық, негізінен ауылдас, рулас туыстарды тұтқыннан босату үшін, құн төлеу үшін, сондай-ақ, «ақ үйлі аманатты» кепілдікке беру мақсатында жиналып отырды. Жалпы, осы тұрғыдан атап өтетін жайт «аманат» институты қазқк хандықтары мен отаршыл Ресей империясының билік жүйесімен арадағы өзара қарым-қатынастарында XIX ғасырдың 50-ші жылдарына дейін сақталғаны белгілі. Оның алғашқы бастамасы Ресей империясының өктемдік етуімен Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың 1731 жылы 10 қазанда Ресейдің кол астына өз еркімен кіру кезінде берген «антына» сенімсіздік көрсетіп ханның немесе сұлтандардың балаларын кепілдікке беріп отыру талабынан туындаған.

Сонымен қатар, қарастырылып отырған кездегі әлеуметтік топтардың арасында дін басылары (қожа, молдалар) «қара сүйектермен» салыстырғанда, саяси-құқықтық және экономикалық тұрғыдан кейбір артықшылықтарды иеленгендіктен, олардың пайдасына «зекет», «пітір»-сияқты алым-салықтарды әрдайым жинап беріп отырды. Кейбір деректер бойынша зекеттің мөлшері төрт түлік малдың оннан бір бөлігін қамтыды. Айта кету керек, діни фанатизмге онша бой ұрмаған қазақ халқы үшін бұл салыктың ауыртпалығы оңайға түспеді.

Қазақ жерінің табиғатының әр алуандығы ежелден қалыптасқан екі түрлі негізгі шаруашылық нысаны-мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жасады. Бұрыннан белгілі егіншілік ошағының негізгі аймағы - Оңтүстік Қазақстан болды. Бұл өңірлерде Сырдария алқабы мен Қаратау, Жетісу таулы сілемдерінен ағып шығатын - Шу, Талас, Іле сияқты өзендерді қамтитын ірі табиғи және шаруашылық-мәдени орталықтардың ерекше маңызы болды. Шағын көлемдегі егін шаруашылығы Қазақ Елінің басқа аймақтарында да жолға қойылып, қалыптасты.

Алайда, XVII ғасырдың екінші жартысы - XVIII ғасырдың басында өзара байланысты бірқатар экзогендік (жоңғар шапқыншылығы, қоқан және хиуа феодалдарымен арадағы қақтығыс) және эндогендік (ішкі феодалдық - рулық тартыс) факторлардың әсерінен қазақ қоғамында дағдарыстық құбылыстар қордаланып, оның дамуына кері әсерін тигізді. Нақтырақ тұжырымдасақ, осы кезеңдегі қазақ халқының, мемлекетінің басына түскен аса ауыр саяси-экономикалық жағдай-тарихи деректерде «Ақтабан шұбырынды», «Алқақөл сұлама» деген атпен белгілі болып, оның қайғылы нәтижесі қазақтарды өздерінің дәстүрлі қыстаулары мен отырықшы - егіншілік қоныстарын тастап көшуге мәжбүр етіп, және соның салдары қазақ қоғамындағы егіншілік пен кала мәдениетінің құлдырауына әкеліп соқтырды. Мәселен, XVII г. бірінші жартысында Отырар қаласында 5 мың халық тұрған болса, XVIII ғасырда не бәрі 200-250 адам қалғанын тарихи деректер растайды. Халық санының күрт азаюы Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран қалаларында да байқалды.

Дегенмен, XVII-XVIII ғасырлар ауқымында қазақ мемлекетінің экономикасындағы егіншіліктің құлдырауы жалпы сипат алған жоқ, өйткені осы уақытқа дейін егіншілік мәдениеті қазақ арасында берік орнығып, дәстүрлі сипат алған еді. Аракідік кездесетін деректерден осы кезеңде егіншіліктің қазақ арасында қандай деңгейде шаруашылық жағынан маңызы болғанын пайымдауға болады. Мәселен, 1695 жылы қазақ хандығына келіп, Тәуке ханның Түркістан қаласындагы ордасында болған орыс елшісі В. Кобияков: «Түркістан қаласының маңында, Тәуке ханның жерінде сан түрлі астық шығады екен, бидай да, арпа да, тары да, күздік бидай да жаздық бидай да егеді екен» - деп жазды.

Сонымен қатар, қазақтардың егіншілікті дамытуға ұмтылған ынтасы қазақ қоғамының ішкі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерімен де байланысты болды, атап айтқанда, осы ауыр кезеңде халықтың тәуелді бір бөлігінің кедейленуі, малдың жайылымдық жерінің қысқаруы сияқты факторлар әсерін тигізді. Осыдан кейін кедейленген халықтың бір бөлігі қарапайым өндірістің әдісін іздеуге мәжбүр болды, өйткені егіншілік кәсібі шаруаның өзін, отбасын асыраудың бірден-бір жолы болды.

Алайда, егіншілікпен айналысу - халықтың тек қана кедейленген бір бөлігі дербес шұғылданатын кәсібі болды деп қорытынды жасауға болмайды. Көзі көргендердің айтуы бойынша ауыл кедейлерінің егшшілікпен айналасуы қазақ қоғамындағы үстем тап өкілдерінің іс-әрекетіне тәуелді болды. Мәселен, Я. Гавердовскийдің айтуынша: «Ауқатты адамдар егіншілікпен айналысуды өздері үшін ұят санайды, сондықтан мұндай кәсіпке қарамағындағы тұтқындарды немесе тамағын асырау үшін жұмыс істейтін кедейлерді жегеді. Сондай-ақ, зерттеуші Н. Балкашин қазақтың егіншілік кәсібінің әлеуметтік құрылымын былайша сипаттайды: «Байгуши занимаются хлебопашеством, а зажиточные кочевые киргизы покупают им зерна для посева, пользуются вместе с ним урожаем по договору, не гоняют скот по близости, остерегаясь потравы». Бұл айтылған пікірлерден байқайтынымыз қазақ қоғамының жоғарғы жік өкілдері негізгі өндіріс құралының құқықтыұ тұрғыдағы меншік иесі ретінде қоғамдық өнімнің көп үлесін өздерінің пайдасына алып отырды, ал егін салушының өзі қысты күні аштан қалмау үшін сол адамның малын бағу үшін бақташы болып жалдануға тиіс болды. Сонымен қазақтардағы егін шаруашылығының дамуы қанаушылықпен қоса жүргізілді. Егіншілік ісімен шұғылданатын халықтың бір бөлігі, тіпті басым көпшілігі егіншілік кәсіпті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен үйлестіріп отырды.

Қазақтардың құнарлы жерлерді өңдеудің, игерудің негізгі сипатына қысқаша тоқтала отырып, бұл мәселені сол кездегі уақыттың ағымымен бағалайтын болсақ, олардың жерді пайдалану мәдениетінің жоғары деңгейде болғанын бағамдаймыз. Бұл жөнінде Я. Гавердовский өз ойын былайша білдіреді: «Киргизы пшеницу и ячмень сеют всегда на таких местах, где за год произрастало проса или просянка. Потом сии отправляют в залог до третьего лета и которое опять их роют и засевают» [24, 59 с]. Бұл пікірден шығатын негізгі қысқаша түйін - қазақ халқының шаруашылық өмірінде егін салу ісінің маңызды орын алғанын көреміз. Осы мәселелер тұрғысындағы пікірлерді нақты қорытындылай келіп, зерттеуші Г.И. Спасскийдің қазақтардың егіншілікті жүргізу ісіне берген лайықты бағасын да айтпасқа болмайды. Осы тұрғыдағы өз ойын ол былай деп тұжырымдайды: «Ни один из кочующих народов Сибири не молсет сравниться в успехах хлебо-пашества с киргизами (қазақтармен). Трудолюбие их самую песчаную землю обращает в плодородную одним словом, землепашество киргизов заслуживает внимания, столько лет и подражания» [25, с 17]. Зерттеуге арқау болып отырған XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ мемлекетінің экономикалық даму барысында жоғарғы деңгейдегі егіншілік ісімен қатар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығын үйлестіріп жүргізумен қатар қазақ халқының өзіне тән үй кәсіптері мен қолтаңбалы қол өнері де жоғарғы деңгейде дамыды. Жылдың төрт маусымын мал соңында өткізіп, көшіп-қонып жүрген, сауда мен қолөнер орталығы болған қалалардан қашық өмір сүрген қазақ қауымы өз тұрмыстарына қажетті киім-кешек, ішіп-жеу, үй-жай, құрал-жабдық, қару саймандардың барлығын өз қолдарымен жасап алуға ақыл-қайраттарын аямай жұмсады. Мұның негізгі шикізаты - мал шаруашылық өнімдері және мекендеген жерлерінің табиғи байлықтары болды.

Қазақ мемлекеті жағдайының қалыптан тыс ауырлауына ішкі алауыздықпен бірге сыртқы шапқыншылық себеп болды, бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісті. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ жеріне үздіксіз басқыншылық шабуыл жасады. Олар оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. «1681-1685 жылдары жоңғар шапқыншылары оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады. Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналыскан аудандарды күйретті. XVIII ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерлерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі орта жүздің шығыс, солтүстік аудандарына басып кірді».

Қазақ мемлекетінің билеушісі Әз Тәуке хан елдің береке-бірлігін барынша күшейтіп, сырткы жауға батыл күрес ұйымдастыру үшін қажырлы қайрат жұмсады. Бұл күреске ақыл-қайрат, күш көмегі тиетіндердің бәрін төңірегіне топтауға тырысты. Ол қырғыздармен, қарақалпақтармен одақтаса отырып та, жоңғарларға күрес жүргізуге ұмтылды. Түркістан маңындағы Тәуке ханның ордасын бұл кезде «әскери адамдардың қоныстары айнала қоршай қонған еді. 1710 жылы жауға қарсы қалай тойтарыс беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық жүздерінің өкілдері бас қосты. Үш жүз өкілдерінен халық жасақтары құрылды, нәтижесінде бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығысгырды. Алайда қазақ жасақтарының бұл жеңісі баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұмса жұдырық, ал қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың билеуші шонжарларының арасындағы алауыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғар шапқыншылары қазақ жеріне шабуылды кайта бастады. Нәтижесінде, 1716 жылы олардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық жасады. Нақ осы кезде жоңғарлардын қосыны Абаканға қарай беттеп Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.

Дегенмен, осы кезеңде субъектілері кең ауқымдағы автономияға негізделген қазақ қоғамының саяси жүйесі ішкі саяси мәселелерді шешуге жақсы бейімделген еді Өйткені, XVII ғасырдың басында жүргізілген реформалардан кейін қауым аралық және сословие арасындағы алауыздықтар өркениетті жолмен - әділеттілік үрдіспен, сотқа шағым беру, талап қою арқылы шешіліп отырғаны аян, бұның өзі ел ішшде қарулы қақтығыстың өрбуіне жол бермеді. Алайда, XVIII ғасырдың басында Қазақ елінің сыртқы саяси ахуалы шиеленісіп кетті. Реформаның нәтижесінде саяси бытыраңқылыққа тап болған қазақ мемлекеті түбегейлі өзгеріске ұшыраған сыртқы жағдайлардың ауыртпалығына дайын емес еді. Оның үстіне «жығылғанға жұдырық дегендей» 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, казақ халқының басына зор зобалаң бұлты төнді. Қазақтың билеуші сұлтандары арасындағы алауыздық, хандық билікке таласқан өзара қырқысқа айналды. Тәуке ханның орнына отырған оның ұлы Болат ханның тек атағы ғана болды. Болат ханның беделінің жоқтығы, ел билеудегі икемсіздігі, дәрменсіздігі және денсаулығының нашарлығы, жүздерді билеген кіші хандардың өз алдына дербестеніп, қазақ мемлекетін саяси жағынан бөлшектенуге әкеліп соқтырды. Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі, Ұлы жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді Әбілқайыр биледі. Бұл хандарға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Ең беделді деген Әбілқайыр ханның билігі де Кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ султан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады. Оның үстіне өзара қырқысып жауласып отырды. Осыны пайдаланған жоңғар билеушілері үрдіс-ұдайы шабуыл жасап, жеңіске жетіп отырды. Мұндағы негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің аскан жауынгерлігінде емес, қазақ хандарының өзара қырқысқан «ала жылан, аш бақалығында» еді. Мұны сол замандағы тарихи жазба деректер дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар біршама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасақтарының жеңілісімен аяқталды. Орыс елшісі Брянцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың жеңілуіне басты себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілқайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген». Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы өзара алауыздықтан болып отырғандығын Орынбор экспедициясының бастығы И. Кириллов та айтқан. Ол: «Егер де жалпы ауыз бірліктері болса, қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды, сөйтіп өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазды [26].

Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында қазақ мемлекетінің бөлшектенуі және қазақ-жонғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті және оның көп жылдық тарихындағы ең ауыр кезең болды.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау