Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ хандығының даму тарихының құқықтық-теориялық аспектілері (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.) жөнінде қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Кұнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері өз ойларын айтқан. Ш. Уәлиханов ұлы державалық шовинизмге қарсы шықты, ал шовинизмді мейлінше жан сала қорғаушылар Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы, мемлекеттілік пен державашылдылыққа тандаулылардың құқығы туралы еуропентршіл идеясымен қаруланған еді. Қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орнын анықтай келіп, Ш. Уәлиханов кейбір ресейліктердің қазақ көшпелілері туралы «мал сияқты тұрпайы варварлар» деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске шығарды. «Біздің әдеттен тыс жабайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір, - деп жазды ол, - қырғыз-қайсақ деген сөздің ауызекі варваризміне ғана негізделген. Шынын айтқанда, қазақ халқы орыс қоғамының бейбітшілік сүйгіш, демек, онша жабайы емес бұратаналары қатарына жатады».
Ә. Бөкейханов орыстардың Орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік миссиясы туралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан-ашық әшкереледі. «Өлкені бағындырған соң, - деп жазды ол, -орыстар мәдениетті жұмысқа көше алмады, өйткені бастапқыда жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды және алғашқы жаулап алушылар мәдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі әмірі күмәнді, дөрекі, надан адамдар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар бұратаналардан жетілгендеу болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң саналы түрде бейбіт мәдени жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жұмсаған жоқ. Керісінше, олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа әдісін — бағындырылған бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын таңдады». Автор еріктілердің ендей кіруіне империяның мүдделі болғанын нақтылай келіп, еріктілер мен үкіметтік отарлау үрдісін ажырағысыз бірлікте қарастырады. Біріншіден, ол орыс отарлауының алдыңғы тобы болды, екіншіден, ол империяның ішкі өміріндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. 1917 жылдан кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялық саясаты жөнінде келтірілген бейбітшілік сүйгіш сипат беру Ресейдің алысты көздейтін агрессиялық жоспарларын қарастыра отырып, Орта Азияға аяқ басқанда, өзінің отаршылдық басып алушылық жөніндегі батыс еуропалық бақталастарынан, ең алдымен Англиядан қатты қорыққандығын көрсетеді.
Бұл тақырыпқа қатысты көптеген отандық ғалымдардың еңбектерін атап кетуге болады М.Қ. Қойгелдиев, М.Қ. Қозыбаев, К.Н. Нурпейісов, М. Омарбеков, Ж. Артықбаев, Қ. Алдажұманов, М.С. Мұқанов, С. Өзбекұлы, М. Құл -Мұхамедті және т.б. атап кетуге болады. Бұл авторлардың еңбектері XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы тарихи-әлеуметтік жағдайларды, экономикалық, мәдени, саяси өзгерістердің барысын сол кездегі тарихи тұлғалардың қызметін бітім - болмысын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |