145
ме нен үш жас үл кен. Қы зы бір класс жо ға ры оқы ға-
ны мен, жа сы ере сек, на ғыз бой жет кен. Әмі ре шал көк-
тем шы ғы сы мен-ақ, ау ыл
дың сыр тын да ғы бақ ша сы на
ба рып, күр ке жа сап, со ған кө шіп ала ды. Са ры күз ге
дейін оның қарасын көрмейсің. Сонда мектепті күзету –
ұлы Оңал бек пен әп ке сі Күл дә рі нің ен ші сін де. Ше ше сін
сыр қа ты көп адам дей ді. Өз ба сым көр ген емес пін.
Оңал бек екеу міз дің ымы-жы мы мыз бір бо ла тын.
Өзі аң қау, не айт саң, со ған сен гіш. Бас қа ба ла лар
се кіл ді шы мыр емес, бол быр әрі жуас. Сон дық тан өзі-
нен кіш кен тай лар дан да та яқ жеп қа ла тын. Сон да ғы
ара ша шы мен мін. Ал әп ке сі қи қар, ті лі де қыр шаң қы.
Қыз дан гө рі ер ба ла ға ұқ сас: жауы рын ды кел ген, қол-
ая ғы бал ға дай ақ са ры қыз.
Біз ді жа сы рып мек теп тің іші не кір гі зе тін – Оңал бек
те, кө ре қал са, біз ді тыр қы ра тып қу ып шы ға тын – Күл-
дә рі. Оның қо лы на түс сең, ая май ды. Ұр са бір сә рі ғой,
құр ғы рың шым ши ды. Ұс та ған же рін жұ лып ала ды-ау!..
Айт пақ шы, Күл дә рі бұ ра ған құ ла ғым бір не ше күн
күп боп ісіп кет кен де, әжем олар дың үйі не ба рып,
ша ңын қақ қан кө рі не ді.
...Дү ние ні күй ді ре жал мап тұр ған ыс сы күн нен
қо ры на тын же рің – көл шік. Су ға тү сіп сай ран сал ған да,
ша қы рай ған күн мен егес ке түс кен дей әсер де бо ла сың.
Бұл кү ні, әйт еу ір, көл ші гі міз бұ зыл мап ты. Ер те
бар дым-ау де сем де, бір не ше ба ла су ға тү сіп үл ге ріп,
боз то пы рақ та ау нап жа тыр екен. Кей бі рін та ни мын,
кей бі рін та ны май мын. Танымайтын себебім, біздің кол-
хоздан үш-төрт шақырым жерде тағы бір ауыл бар. Ай -
налдырған он шақты үй. Олар д ы сиыршы дейді. Се бебі
көлікке жігер аты да, мінер көлігі де – сиыр мен өгіз.
Кел дім де, де реу ше ші ніп, су ға қой ып кет тім.
Көп ұза май бұл ара да ба ла лар құ жы нап кет ті. Су ды
шал пыл да тып ша ша мыз, сүң ги міз. Жү гі ріп ба рып
то пы рақ қа ау най мыз, тіп тен та ма ша!
Осы ара да ой ла ма ған жер ден ша тақ шық ты. Су
қы зы ғы мен жү ріп, әб ден тоң ға ным ды біл меп пін.
Ен ді жа ға ға шы ғып, ки ін бек боп, жей дем мен шал ба-
рым ды із де сем, ұш ты-күй лі жоқ. Ша шы лып жат қан
ба ла лар дың ки ім де рі нің ара сы нан да тап па дым. Әб ден
жы лар ман ға ке ліп:
– Ой, әкең нің... Кім тық са... Қо лы сы нып, ау зы на
жет пе сін, бар пә ле кет ба сы нан кет пе сін. Кө зін шел бас-
сын. Ома қа сып, тоң қа лаң ас сын. Мұр ны пұ шық бол сын,
кө зі қы сық бол сын!.. – деп қар ғыс ты жау дыр дым-ай кеп.
Достарыңызбен бөлісу: