Пайдаланылатын әдебиеттер:
А.Байтұрсынов шығармалары
М..Жұмабаев шығармалары
Ж.Аймауытов шығармалары
М.Дулатов шығармалары
Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)
9- дәріс
Тақырып: ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.
Дәріс мазмұны: С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, С.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
1893 жылы 28 қазанда Омбы уезі, Шағырай облысының Қарауылшұбар ауылында туған. Өзі кедей, 1 жасында шешесі қайтыс балалы, 6 жасында әкесінен оқып, хат таниды. Ауыл молдасынан, Троицк, Семей қаласында білім алады. Ауыр азап пен көп қиыншылыққа төзген, тұрмыс өгейлігін көп көрген болашақ жас ақын ауру- сырқау болады. Бірақ ол мойымайды, жарқын болашақты армандайды. Сауат ашу, хат тану барысында өзінің ана тілін қадірлейді, жақсысын мақтан етеді."Сүйемін " деген өлеңінде ана тілін құрметтеп, сол тілде сөйлеу, сауат ашу, жазу- сызу ең қасиетті нәрсе деп бағалайды:
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген .
Ана" деген сүйгендік сөз Һам менен.
қалжақтап алып- қашып құрлы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шыққан
Өмірден ен далада соққан көркін.
Сол тілменен білгіздім тілегімді
Бірінші сүйген жарға жүрегімді.
Маған қарай тығылып, жаным деген,
Мойнына апарғанда білегімді.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын
Сол тілменен әдепті мен жаттадым
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
С.Торайғыров Шығармын тірі болсам адам болып' деген өлеңінде өз мақсатына, болашағына тек оқу арқылы жететінін айқын суреттейді. Бұл өлеңде "бұл өмірде надан боп жургенше көрде жатқан тыныш" дей келе өз өмірін оқуға арнайтынын баяндайды:
Шығармын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл өмірде надан болып
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? .
Жүргенше бұл өмірде жаман болып.
Мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған
Алуға күнді барып белді буған
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін
Болмасам толған айдай балқып туған.
С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. С.Көбеев Ы.Алтынсарин үлгісіндегі педагог жазушы. Ұстазына еліктеп ол ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы жүзеге асырды. Абай мен Ыбырай негізін салған қазақ әдебиетіндегі демократтык, ағартушылық идеяны әрі қарай жалғастырды және жаңа заманға лаііық дамытты. Спандияр 1878 ж 14 қазанда бұрынғы Торғай обл. Николай уезі, Обаған болысына қарасты N~3 ауылда туған. "Менен бұрын 5 баласы бар ата-ана мен дүниеге келгенде сірә, қуана қоймаған болуы керек" жазушы естелігінде. Ес біліп, етек жапқан кезде анамыз: "Сен әрі ....қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің" деуші еді. Әкесі Көбей мұсылманша хат таныған, қолөнерімен кун көрген адам. Ол балаларын оқыту жағын көбірек қарастырған. Анасы Айтбоз да өте қайратты жөне есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Спандияр мектеп жасына жеткен кезде ,,ЪІ.Алтынсарин мектеп ашты" деген хабар тарап, әкесі баласын осы мектепке орналастыруды армандаған, мектеп ашу созылынкырап кетеді де, Көбей 9 жасар Спандиярды ескіше оқуға береді. 1887 ж Ыбырай мектебі ашылады да; ұлы ағартушының өз көмегімен сол мектепке орналасады. Оны 1892 ж бітіреді. Одан соң қостанай қаласындағы екі класты орыс-қазақ мектебінде (1895-1897) оқиды.
С.Көбеев артына көптеген мұра қалдырды. Крылөвтан аударма жасап 1910 ж "Үлгілі тәржіма" деген атпен басып шығарады. Бұдан кейін өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин мен орыстың атақты педагогы К.Д.Ушинскийдін үлгілері бойынша өзі оқытып жүрген балаларға арнап оқу кітабын жазады. Ол 1912 ж "Үлгілі бала" деген атпен басылады. Ал атақты "Қалын мал" романы 1914 ж басылады.
Спандиярдың Крыловтан аударған "Үлгілі тәржіма" жинагында басылған мысал- өлеңдері мыналар: .Күйеу таңдаған сұлу қыз", "Маймыл мен айна", .Қүмырсқа мен шегіртке", "Екі соқа", .Қаскыр мен кемпір", Аю мен бөрене" т.б. Ақын мысалдарының мағынасы терең, ойы ұшқыр. Мысалы, "Бүркіт пен көр тышқан" деген мысалында патша мен бұқараны сөз етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді. Сол сияқты "Жұрт кеңесі" деген мысалында арыстанның қасқырға қой баққызғанын айтады. Зорлықшыл, жемқор чиновникке болысты, өлкені билетін қойған патшалықты мысқыл етеді. "Патша сұраған бақалар"деген мысалда бұрын бақалардың патшасы дөңбек болады.Бақалар оған риза болмайды, жана патша сұрайды. Жаңа патша болып тырна келеді, ол келе бақаларды бытырлатып жей береді. Бақалар зар қағады, бірақ жаңа патша сұрауға батылдары бармайды. Бұдан да жаман келер деп, қалың сорға шыдай береді.
С.Көбеевтің "Үлгілі бала" деген оқу кітабында балаларға мектеп, оқытушы, адам тіршілігі, қоғам жөнінде қысқа әңгіме, өлеңдер берілген. М: "қайырымды бала", ,,Анасы мен немересі", "Әкесі мен баласы", .Құстың ұясы", "Сауысқан мен қарға", "Екі шыбын", "Балалар мен ғалым" Т.б. Кітапта барлығы алпысқа жуық әңгіме, ертегі, мысалдар, өлеңдер бар.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.
Кенжбаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.
Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)
10- дәріс
Тақырып: 20-30 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері
Дәріс мазмұны: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
С.Сейфуллин (1894-1938) Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Жастайынан оқу-білімне көп ден қояды. Ақмолада, Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқиды. 1920 жылдары Сәкен «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспересс» атты өлеңдер жинағы мен мемуарлық романы «Тар жол, тайғақ кешу», «Жер қазғандар», «Бандыны қуған Хамит» повестері, «Қызыл ат», «Көкшетау», «Маузер» поэмаларын жазды. С.Сейфуллин балалардың сүйікті жазушысы. Оның Маузер(1929), Бандыны қуған Хамит (1922), Балалар (1925), Ананың хаты (1925) деген өлең-әңгімелері балалардың сүйіп оқитын шығармалары.
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, анасы Жамал әңгіме, аңыз- ертекті көп білетін салиқалы ана болыпты. Жастайынан оқу- білімге көп ден қояды. Ақмолада, Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқиды. 1920 жылдары Сәкен „Асау тұлпар”, „Домбыра”, „Экспресс” атты өлеңдер жинағы мен мемуарлық романы „Тар жол, тайғақ кешу”, „Жер қазғандар”, „Бандыны қуған Хамит” повестері, „Советстан”, „Қызыл ат”, „Көкшетау”, „Маузер” поэмаларын жазды. Қым қуат дүрбелең заман шындығы мен романтикасын көрсеткен „Асығып тез аттандық”, „Далада”, „Кел, жігіттер”, „Сағындым”, „Қамаудан”, „Біздің жақта”, „Қашқынның аулы”, „Жас қазақ марсельезасы” т.б. әсерлі өлеңдері мен „Бақыт жолында” драмасын жазды.
Сәкеннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
С.Сейфуллин балалардың сүйікті жазушысы. Оның Маузер (1929) Бандыны қуған Хамит (1922) Бұлшық ет (1923) Балалар (1925) Ананың хаты (1925) деген өлең- әңгімелері балалардың сүйіп оқитын шығармалары.
Бейімбет Майлин (1894- 1938) бұрынғы Торғай облысы, Дамбар болысындағы, Ақтөбе деген жерде дүниеге келген. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жеті жасқа жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағады. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:
Өмірде көргенім күңдік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық?
деген өлең- зарын жанымен ұғады.Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді.
Б.Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды.Содан соң өзі есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен дәріс алады. Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді. 1913- 1914 жж. Троицкідегі „Уазифа” медресесінде, оны бітірген соң Уфа қаласындағы „Ғалия” медресесінде оқиды. Сол жылы медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен бірге „Садақ” атты қолжазба журнал шығарысады. Садақтың әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы үш нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы „Шұғаның белгісін” жариялайды.
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Бала жасынан зерек Ілияс өлеңге, өнерге кішкентай күнінен құмар болады. Орта мектепті бітірген соң Ташкентке барып, мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына түседі. Одан соң Жетісуға келіп, мектепте мұғалім болады. Жастардың сауатын ашуды алдына міндет етіп қояды. Оның „Жастар”, „Жалпы жасқа”, „Жас бұлбұлдар”, „Жастар ұраны”, „Жазғытұрым” т.б. өлеңдері өнер- білімге шақырады. Ол қазақ поэзиясының ірі ақыны, проза, драматургия саласында үлкен еңбек еткен жазушы.Балалар әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі. Қазақ әдебиетін „Жолдастар” атты роман, „Кек”, „Түркісіб”, „Исатай- Махамбет” атты пьесалармен байытты, „Дала”, „Күй”, „Күйші”, „Құлагер” сияқты классикалық поэмалар берді.Б.Майлин – реалист ақын. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық. Оның балаларға арналған шығармалары: Байшұбар, Әлди (Ана жыры), Кемпірдің ертегісі, Өтіріке бәйге (поэма).
І.Жансүгіров жастардың сауатын ашуды алдына міндет етіп қояды. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бұлбұлдар», «Жастар ұраны» өлеңдері өнер-білімге шақырады. Балаларға арналған шығармаларының бірі – «Малта» өлеңі мен «Шәркей» әңгімесінің бала тәрбиелеуде маңызы зор.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.
Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.
Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.
Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)
Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994
11- дәріс
Тақырып: Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
Дәріс мазмұны: М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров т.б. туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Совет халқы өзінің барлық күш-жігерін Отан қорғауға бағыттады. Барлық азаматтармен бірге жазушыларымыз: Қ.Әбдіқадыров, Т.Жароков, Б.Бұлқышев, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин т.б. майданға аттанды. Сол кезде жасы тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Оның „Ленинградтық өрендерім” өлеңі барлық Совет Армиясына үлкен рух беріп, неміс басқыншыларына қатты соққы болып тигені әлемге аян.
Отан соғысы жылдарында балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы азаматтардың қаһармандық еңбектері жайында болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар жасөспірімдерге рухани азық боларлық, олардың жігер – қайратын шыңдай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Б.Бұлқышевтің „Өмір мен өлім туралы”, „Шығыс ұлына хат” (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің осы әңгімелерінің бәрінен де тауы қайтпаған жалынды жастың Отанына беріле қызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. „Ұр да жық ақымақ фрицтер біздің жастығымызды, болашағымызды құртқысы келеді. Біз, әрине бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз!” дейді Баубек Бұлқышев „Өмір мен өлім туралы” әңгімесінде. Олардың Отан қорғау күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақсаттары да осы еді. Отан соғысы жылдарында балалар әдебиеті тақырыбына жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның негізіне құрылған. Мұндай шығармалар балаларға оқиғасының әрі қызықты, әрі үрейлі болуымен әсер етеді, неміс фашистерінің хайуандық, опасыздық істеріне жандары төзбей, ашу, ызаларын төгеді. Жағымды кейіпкерлерге жаны ашып, майданның алдыңғы шебіне кеткендегі оның тағдыры не болар екен деп, абыройлы оралуына тілектестік білдіріп, оқырманның өзін патриоттық рух билеп отырады.
Әбдіқадыров Қалмақанның „Жетім құлын” (1942), Ғали Ормановтың „Бөбек жүрегі” (1944) деген өлеңдерінде майдан өмірінің аянышты халдері суреттелген. Адам түгіл қызыл қанға боялып жатқан туған жердің топырағы да тым аянышты болады. Қалмақан „Жетім құлын” өлеңінде арбаға жегіліп бара жатқан майдандағы қос жылқыға снаряд түсіп қирағанын, соның біреуінің құлыны өліп жатқан енесін иіскеп, шарқ ұрып шауып, кісінеп жүргенін соншалық әсерлі суреттеген:
Ой жануар, құлыншақ,
Майданда аштың көзіңді.
Туған жерді сен аңсап
Шарқ ұрғаның сезілді.
Көзіңді ашқан өрісің
Қымбат болса сен үшін
Туған жерім, қонысым,
Арзан ба еді мен үшін!
Шұрқыраған үніңе
Елжірейді жүрегім.
Сендей жетім елімде
Аз емесін білемін
Қырдан астың құтылдың
Алдың – бейбіт өрісің!
Мен окопта отырмын
Зұлымдықтың кегі үшін.
Қазақ балалар әдебиетінің дамуы тек өлеңдер мен әңгімелер, очерктер көлемінде шектеліп қалған жоқ. Ол өзінің жан – жақты жанрлық табыстарымен көбейді. Балаларға арналып Отан соғысы тақырыбына көлемді шығармалардан повестер мен поэмалар шыға бастады. Отан соғысы тақырыбынан балаларға арнап бірінші рет повесть жазған С.Бақбергенов еді де, поэма жазған М.Хакімжанова еді. Екі рет батыр атағын алған Т.Бигельдиновтың ерлік өмірінен жазылған С.Бақбергеновтың „Талғат”, Жекен Жұмақановтың „Әлия Молдағұлова” атты повестері басылып шықта да, Совет Одағының Батыры Мәншүк Маметова жайында М.Хакімжанованың „Мәншүк” деген поэмасы 1945 жылы жарияланды. Одан кейін Әди Шәріповтың „Партизан қызы” атты повесі жарық көрді.
Ақын М.Хакімжанова өзінің балаға деген аналық сүйіспеншілігін ортаға сала отырып, үлкен патриоттық сезіммен Мәншүк туралы адам жанын тебірентетін поэма жазды. Поэманың алғашқы бетінде – ақ Мәншүктің сәбилік шағын суреттеген балдырған баланың әдемі, сүйкімді кескіні мен қызықты қылықтары көз алдыңа келеді:
Қара шашы қара бұлтпен жуғандай,
Қара қасы аймен егіз туғандай
Желмен ойнап, желбіресе кекілі
Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай
Тұнық көзі төңкеріле қараса
Ұзын кірпік оқтай тізген жараса
Қызыл лента желбірейтін төбеде,
Толқындалған тұлымымен таласа-,
деп балаға тән барлық сипатты, оның барлық мінез - өзгешеліктеріне дейін, тіпті көбелек қуып, мәз – мейрам болған күйіне дейін суреттейді. Поэманың барлық желісінен ана мен бала арасындағы өмір байланысы көрініп, Отан алдындағы азаматтық борыштары, идеялық мақсаттары сөз болып отырады. Кәмелеттікке жаңа жеткен майдандағы қыз баланың дүниені таң қалдырған әрбір ерлік істері біздің өрендеріміздің патриоттық рухын көтеріп, өздерін де Отан алдында Мәншүктей қызмет етуге әрқашан әзір болуға тәрбиелейді. М.Хакімжанованың „Мәншүк” атты поэмасы балалар әдебиеті мұрасына қосылған үлкен үлес.
Майдан тақырыбына жазылған шығармалар әр – алуан. Олардың бәрінде де қайсарлықтың уыттары көрініп отырады. Бірінде атқыштар, пулеметчиктер болса, енді бірқатары партизандар өмірін қамтиды, біреулері танкистердің ерлік істерін сипаттаса, тағы бірі ұшқыштардың қайсарлығын әсерлі суреттейді. Осының бәрі де жас буындардың жігерін шыңдайды. Отан соғысы жылдарында жазылған балалар әдебиеті өзінің идеясы жағынан да, көркемдігі жағынан да бұрынғысынан әлдеқайда нығайып, өсе түсті.
Бастауышта белгілі жазушы, ҰОС батыры М.Ғабдуллиннің осы отты жылдар туралы жазған «Алтын жұлдыз», «Сұрапыл жылдар» т.б. кітаптары бар. Оның Т.Тоқтарыв туралы жазған «Тау қыраны» әңгімесі 4-сыныпта оқытылады. Ерлі-зайыпты майдангерлер А.Хамидулдина, Ә.Хамидулдиннің «Мәншүктің жұлдызды сәті» әңгімесі бар. Олар Мәншүкпен қан майданда бірге жүріп, соғыс тауқыметін бірге көрген қарулас достары. Әлия туралы Ә.Нұрмаханованың «Шығыс шынары» әңгімесі мен С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі оқытылады. Сонымен бірге, ақындардың Мәншүк, Әлия ерлігін жырлаған өлеңдері де бар. М.Ғабдуллиннің Б.Момышұлы әңгімесі 3-сыныпта оқытылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.
Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.
Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994
Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.
12- дәріс
Тақырып: М.Әуезов өмірі, балаларға арналған шығармалары.
Дәріс мазмұны: М.Әуезовтың балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты
М.Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматургі және қоғам қайраткері. Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына шексіз қызмет етті. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арналған «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т.б. шығармалары бар. Қазақ әдебиетінің 19- ғасырдағы асқар белі Абай болса, 20-ғасырдың заңғар биігі- Әуезов. Қазақ даласының тіршілігі мен тағдыры Әуезовтың жан-жақты зер салып, терең таныған дүниесі.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.
Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)
Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994
Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.
13- дәріс
Тақырып: С.Бегалин- балалар жазушысы.
Дәріс мазмұны: «Сәтжан», «Бала Шоқан», «Көксегеннің көргендері» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
Қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атауға болады. Өйткені ол- балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, соның тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы. С.Бегалиннің балаларға арналған: „Қыран кегі” (1944), „Көксегеннің көргендері” (1947), „Тұңғыш” (1948), „Сәтжан” (1950), „Ермектің алмасы” (1951), „Көк бұтақ” (1953), „Ұрпақ” (1954), „Бақыт” (1956) деген шығармалары өз алдына жеке кітап болып басылды.
С.Бегалиннің балаларға арнап жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтап, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.
1. „Сәтжан”, „Көксегеннің көргендері”, „Бала мерген”, „Алданған жолбарыс” деген әңгімелері. Мұның бәрі негізінен аңшылыққа арналған.
2. „Шопан даңқы” (1947), „Төл басылар” (1947), „Сұрапылда” (1946), „Керкиік” (1952), „Будан” (1949), „Қозышы Нұрман” (1952), „Жылқышы” (1945) деген әңгімелерінде мектеп балалары өз оқуын мал шаруашылығымен тығыз байланыстыра жүріп, өмір танығанын көрсетеді. „Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі” деген сөздің төркіні неге байланысты туғанын жазушы мал шаруашылығына арналған бірнеше әңгімелері арқылы суреттей келіп, тәжірибелі шопандардың жұмысын жасөспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
3. С.Бегалиннің балалар әдебиеті саласында көтерген үшінші күрделі тақырыбы Мичуриндік агробиология ғылымын насихаттайтын әңгімелері. Бұған „Жас бұтақ” (1950), „Қант бұршақ” (1954), „Есеннің кірпісі” (1951), „Хат” (1957), „Мектеп бағында” (1950) деген әңгімелері жатады. Мұнда жолдастық, достық мәселесі де елеулі орын алады. М. „Жас бұтақ” деген әңгімесіндегі Жұмақанның апорт алмасын өсіріп, оның жемісін Артекте достасқан жолдастарына жіберуі немесе „Қант бұршақ” атты әңгімедегі Зуфардың Артектегі жолдастары арқылы алдырған қант бұршақ ұрығын Қазақстанда өсіріп, оның жемісін алуы – балалар үшін аса қызық. Өйткені олар өздері істеген жұмысының жемісін көргеніне қуанады. Жсаөспірімдердің арасында достық, ынтымақтың өзі осындай игі істердің арқасында ғана басталып кететінін және мұндай достық – мызғымайтын берік достыққа айналатынын жазушы дәлел ете суреттейді.
4. С.Бегалиннің көтерген төртінші күрделі мәселесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік істерге, Отан қорғау тақырыбына арналған. Оған „Тағы кездесті” (1954), „Машинист” (1952), „Жеткіншектер” (1946), Киіксор” (1952), „Жас шеберлер” (1947) деген әңгімелері жатады.
5. Бұл салада көтерген негізгі тақырыбы – есірген еркелердің олпы – солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етуге, өмірге икемсіздігін мінеуге, оны түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақыруға арналған. Бұған оның „Ойламаған жүріс” (1952), „Ұрыншақ” (1956), „Жершіл шымшық” (1954), „Бес батыр” (1952), „Сымбатты Сима” (1957) деген әңгімелері жатады.
Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті саласында С.Бегалин әңгіме жанрын дамытқан жазушы. Оның өмірді жақсы тани білетін мол тәжірибесі әңгімелерінен айқын көрініп отырады, соның өзі балаларға үлгі - өнеге.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)
Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994
Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.
14- дәріс
Тақырып: Қазіргі қазақ балалар ақындарының шығармалары.
Дәріс мазмұны: Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиевтің т.б. балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
Өтебай Тұрманжанов – 1905 жылы Оңт. Қаз. Обл. Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде дүниеге келген. Тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап шықты. „Таң сырлары” (1925) өлеңдер жинағы, „Ақ алтын”, „Шыршық сыры”, „Тез қадам” өлеңдер жинағы мен „Күміс қылыш” атты әңгімелер жинағы басылды. „Ақ алтын” поэмасы – мақта шаруашылығына арналған, „Шыршық сыры” поэмасы – су құрылысы тақырыбына арналып жазылған шығарма.
Балаларға арналған шығармалары да өз алдына бір төбе. 1952 жылы „Қарлығаш”, 1959 жылы „Сұңқар түлектер” деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда „Қызыл құмның құпиясы”, „Қарлығаш, дәуіт, жылан”, „Жолбарыс”, „Төрт өгіз туралы ертегі”, Жолаушы мен жеті қақыр”, „Аю мен аралар” т.б. көптеген ертегілер, поэма, мысал, өлеңдер бар.
Мұзафар Әлімбаев – 1923 жылы Павлодар обл. Шарбақты ауданы, Маралды селосында туған. Балалар жазушысы деп танылады. Ол „Жұмбақтар” (1954), „Биікке, биікке” (1955), „Менің ойыншықтарым” (1952 – 1961), „Алатау баурайында” (1960), Орақ, олақ” (1962) кітаптары бар.
Ақынның балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ол балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойлайды. Сондықтан да өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтады. Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын „Кім ұтылды, кім ұтты?” өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай таласып жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:
Қиын емес бұл мүлдем,
Теп – тең етіп бөлейік.
Екеуің ал бір – бірден
Мен – ақ соған көнейін.
Не керек сол айтысып,
Сен бер маған жартысын.
Не керек сол тартысып,
Сен бер маған жартысын.
Екеуі оған көніпті,
Жарты – жарты бөлікті
Басу айтқан балаға
Өз қолынан беріпті.
Кім ұтылды, кім ұтты?
Кім ұқпады, кім ұқты?
„Әріптер сыры” өлеңінің мамандық таңдауға жол ашатын сыр – сипаты бар:
„А” – Алатай бала дәрігер,
Аурудан сақтар ол мені.
„Ә” - Әнуар өнер біледі,
Әдемі етік тігеді.
„Б” – Бауыржан сақшы – жауынгер.
Батыр деп сүйген қауым ел.
„В” – Володья мастер мен дейді,
Вагондарды жөндейді.
„Г” – Гүлжамила бақшашы,
Гүлге толған бақшасы.
„Ғ” – Ғажап бояу жағады,
Ғали сурет салады.
„Д” – Дүлдүл аттар баптаған,
Дәрменді жұрт мақтаған.
„Алатау баурайында” поэмасы. Жақы деген жарлының жаман шалашын сұрап алған Перенебек оны үй етемін деп қазып жатқанда алтын тауып алады. Пернебек оны Жақыға сенің үйіңнің астынан шықты сен ал дейді, ал Жақы жоқ сен ал, сенің еңбегің дейді. Ақырында бір дана қарияның айтуымен алтынды халық игілігіне жұмсап, алмалы бақтар орнытыды. Міне, бұл баланы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеясынан туған.
„Егер де...” өлеңі:
Ауланың қарын күрер ем,
Аяғым су болмаса.
Бақшаны баптап жүрер ем,
Үстіме шаң қонбаса.
Суға да мен барар ем,
Егер қарым талмаса.
Отынды да жарар ем,
Ағаш қатты болмаса.
Жұбатар ем Жанатты,
Жылап маза алмаса.
Жақсы оқыр ем сабақты,
Кітап қалың болмаса.
Тұла бойын жаман жолға бастайтын қырсық билеген тілазар жалқау баланы Мұзафар қатты сынаған. Осыдан үлкен қорытынды жасауға, сабасына түсетіндей ой салған. Жаман әдеттен баланы ерте арылтуға үндеген.
Қырық жұмбақ.
Бір күнде үш баийды, үш жұтайды. (Дастархан)
Дүлей үрейді жеп қойды (Қасқыр мен қоян)
Су ішінде желігер,
Құм үстінде демігер. (Балық)
Достарыңызбен бөлісу: |