Қазақ Қаржы экономикалық академиясы



жүктеу 4,95 Mb.
бет17/28
Дата04.12.2017
өлшемі4,95 Mb.
#3095
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Кез келген интерфейстің негізгі мақсаты – пайдаланушы үшін компьютерді неғұрлым мүмкіндікті, түсінікті жасау. Windows графикалық операциялық жүйелері IBM PC платформалы компьютерлерде жұмыс істеуге арналған. Оның негізгі басқару құралдары – манипулятор “тышқан” және пернетақта.

Windows жүктелгенде экранға оның алғашқы беті - Жұмыс үстелі шығады. Жұ мыс үстелі - әр түрлі Windows объектілері және басқару элементтері орналасатын жүйелік объект (графикалық орта). Ол монитор экранын жауып тұрады. Жұмыс үстелінде пайда болатын объектілер жүйенің баптауларымен анықталады, алайда әрқашанда негізгі объектілер және басқару элементтері бар болады. Windows объектілері жұмыс үстелінде өздерінің графикалық кескіндері арқылы беріледі, оларды пиктограммалар немесе жарлықтар деп атайды.

Пиктограмма – объектінің арнайы кішігірім графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Жарлық – объектілерді жылдам іске қосу үшін қолданылатын сілтеме рөлін атқаратын пиктограмма. Оның белгілемесінде ақ түсті оралмалы жебелік бағыттауыш болады.

Windows объектілері екіге жіктеледі:

  1. негізгі объектілер – олар программалар, құжаттар, қаптамалар;

  2. арнайы объектілер – басқару тақтасы, т. б.

Программа (Windows-та қолданба ұғымы қолданылады) – есеп шығаруға, сондай – ақ берілген мәселені шешуге, құжаттар жасауға арналған объектілер.

Құжат – қолданбалы программа көмегімен өңделетін объект, Windows жүйесінде құжатта мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттар болады.

Қаптама (каталог) – құжаттарды, программаларды, сол сияқты басқа қаптамаларды сақтайтын контейнер. Жұмыс үстеліндегі негізгі объектілерге Мой компьютер, Корзина, Мои документы т. с. с. жатады.

Негізгі басқару элементіне - есептер тақтасы жатады. Есептер тақтасы үш қызмет атқарады, олар:

  1. онда Пуск негізгі батырмасы орналасады, ол кез келген программаларды және құжаттарды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтамаға қатынауға және т. б. мүмкіндіктерді береді;

  2. кез келген программа, құжат, қаптама ашылғанда мәселелер тақтасында сәйкес батырма пайда болады. Қажетті батырмаға басу сәйкес объектіні активтендіреді, бірінен біріне жылдам көшуді жүзеге асырады;

  3. сондай-ақ, мәселелер тақтасында әр түрлі индикаторларды (уақыт, тіл, дата, т. с. с.) бақылап отыруға болады.

Интерфейстің ең негізгі элементі – терезе. Терезе – белгілі бір объектіге (программа, құжат, қаптама) графикалық бөлінген экранның белгілі бір бөлігі. Терезелерді негізгі екі түрге жіктеуге болады:

  1. ерікті терезелер;

  2. бекітілген терезелер.

Ерікті терезелер – қолданбалар терезелері, олардың көпшілігі тағы да ішкі терезелерді (мысалы, құжаттар терезелерін) қамтуы мүмкін. Еркін терезелердің бірнеше көрсетім типтері болады:

  • пиктограмма түрінде;

  • қалыпты түрде (экранның белгілі бір бөлігін алады);

  • толық экранды түр (бүкіл экран бетін алады).

Бекітілген терезелер - өлшемдерін, кейде орнын да өзгертпейтін терезелер. Бекітілген терезелерге – диалог, хабарлама, қасиеттер беттері терезелері жатады.

Диалог терезелері – компьютердің пайдаланушымен әрекеттесуін жеңілдететін арнайы терезелер. Пайдаланушыға арналған ақпараттарды бейнелейді және одан жауап күтеді, ол үшін арнайы басқару элементтері қолданылады.

Хабарлама терезелері – диалог терезелерінің арнайы түрі, жүйеге кірістіріліп орналасады және программалармен беріледі (ескерту, анықтамалық ақпарат беру терезелері, т. с. с.).

Қасиеттер беттері – бұл бірнеше қыстырмалы диалог терезелері, бір диалог терезесінде көптеген опцияларды беруге мүмкіндік туғызады. Әрбір бетке өту сәйкес қыстырманы түрту арқылы жүзеге асырылады.

Диалог терезелерінде кездесетін негізгі стандартты басқару элементтері:

  1. статикалық мәтін – пайдаланушымен өзгертілмейтін мәтін жолы;

  2. редакциялау терезесі – мәтін енгізуге және редакциялауға мүмкіндік беретін өріс;

  3. батырма – командаларды шақыру, орындау үшін қолданылатын элементтер;

  4. таңдау батырмалары – топтарға біріктірілген элементтер, олардың тек қана біреуі таңдалуы мүмкін;

  5. ауыстырып қосқыштар – қосылған /қосылмаған (опциялар жалаушалары) жағдайларында болуы мүмкін батырмалар. Олардың кез келген санын қосуға болады;

  6. тізім терезесі – құрамындағы бір немесе бірнеше пунктерді тышқанмен таңдауға мүмкіндік беретін тізім.

  7. аралас терезе – редакциялау терезесімен біріккен тізім. Тізім батырмасына түрту немесе редакциялау терезесінде теру арқылы қажетті параметр мәнін орнатуға мүмкіндік береді;

  8. сызықтық реттегіш – диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;

  9. инкрементті реттегіш – түрту арқылы өсу немесе кему бағытында диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;

  10. сызықтық индикатор – экранда түстік жолақты толтыру арқылы орындалудағы үрдістің күйін бейнелейді.

Стандартты терезелердің негізгі элементтері. Мұндай негізгі элементтерге келесілер жатады:

  • терезе тақырыбы;

  • меню жолы;

  • құралдар (аспаптар) тақтасы;

  • терезе шекарасы;

  • айналдыру жолақтары;

  • жұмыс аумағы;

  • жүйелік меню батырмасы;

  • басқару батырмалары (үлкейту, жималау, жабу);

  • қалып-күй жолы.

Олардың атқаратын қызметтерімен танысуды тәжірибелік сабақтар құзырына қалдырамыз.

Интерфейстің келесі негізгі элементі – меню және меню жүйесі.

Меню – пайдаланушы таңдап алуға ұсынылатын және экран бетіне шығарылатын, осы сәтте орындала алатын іс - әрекеттер тізімі. Олар - команда атаулары, жауап нұсқалары, т. б. Windows меню жүйесін келесі меню түрлері құрайды:

  • горизонталь меню (объектілер стандартты терезелерінің меню жолында орналасатын меню бөлімдерінің тізімінен тұрады);

  • вертикаль (суырмалы) меню (белгілі бір қасиеттеріне байланысты топтастырылған іс-әрекеттер тізімі, меню пунктін таңдағанда шығады);

  • контексті меню (белгіленген ағымдағы объектінің командалар жиынынан тұратын меню, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылады);

  • жүйелік немесе терезелік меню (Windows жүйесінің стандартты терезелері арқылы орындалатын терезе көлемін өзгертіп, оны үлкейтіп-кішірейтетін негізгі іс - әрекеттердің тізімі, ол тақырып жолының сол жақ шетінде орналасады );

  • Бас меню (Пуск батырмасында орналасқан, ол программалар мен файлдарды жылдам іске қосу, іздеу, анықтама алу, т.б. командалардан тұрады).

Меню командаларының кейбір ерекше белгілері:

- команданы таңдағанда ішкі меню ашылатынын көрсетеді;


- команданы таңдағанда диалог терезесі шығатынын көрсетеді;

- ауыстырып қосқышты орнату белгісі;

- тізімнен таңдауды орнату белгісі.



Windows қоршамында басқару. Басқаруды екі құрылғының көмегімен - манипулятор “тышқан” және пернетақта орындайды. Көптеген іс-әрекеттер , әсіресе маман емес пайдаланушылармен манипулятор “тышқан” арқылы орындалады. Тышқан арнайы төсем бетімен жылжығанда экран бетінде активті басқару элементі – тышқан көрсеткіші қозғалады. Тышқан нұсқағышы әртүрлі режімде түрін өзгертуі мүмкін.

Тышқанның негізгі басқару тәсілдеріне төмендегі қимылдар жатады:

  • тышқан батырмасын бір рет шерту;

  • тышқан батырмасын екі рет қатарынан шерту;

  • оң жақ батырманы басу;

  • тасымалдау (drag and drop - жылжытып әкеліп тастау);

  • тышқанды созу (drag) ;

  • тұрып қалу (нұсқау).

Тышқан жұмысы және пернетақтамен жетік танысуды және меңгеруді тәжірибелік сабақтар құзырына жүктейік.

Windows қоршамында файлдық құрылыммен операциялар. Мұндай операцияларға төмендегідей қимылдар жатады:

- файлдық жүйеде навигация;

  • программаларды іске қосу және құжаттарды ашу;

  • файлдар және қаптамалар даярлау;

  • файлдар мен қаптамаларды көшірмелеу;

  • файлдар мен қаптамалардың орнын ауыстыру;

  • файлдар мен қаптамаларды жою;

  • файлдар мен қаптамалардың атауын өзгерту;

  • жарлықтар құру.

Windows қоршамында файлдармен операцияларды Сілтеуіш программаның көмегімен жүргізген дұрыс.

Негізгі әдебиеттер: 3, 6, 7, 8

Қосымша әдебиеттер: 11, 12

Дәріс 7. Мәтіндік ақпаратты өңдеу құралдары

Дәріс сұрақтары

1. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары

2. MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері

1. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары

Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбінесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік редактор – символдық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар. Функционалдық мүмкіндіктерінің әр түрлілігіне, жұмыс істеуді меңгеруіне байланысты мәтіндік редакторлардың жүздеген түрлері бар.



. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты программалар мәтіндерінің редакторлары, құжаттар редакторы, мамандандырылған редакторлар деп 4-ке бөлінеді.



Программалар мәтіндерінің редакторлары программалау тілінің немесе программалар мәтіндерін енгізуге және редакторлеуге арналған. Олармен орындалатын функциялардың саны көп емес – программаны жолға жазу, программа мәтінін сақтау және оқу.

Құжаттар редакторлары құжаттың құрылымы бар, яғни бөлімдерден, беттерден, өрістерден, абзацтардан тұратын мәтіндермен жұмыс істеуге бағдарланған.

Баспа жүйелері жоғары сапалы күрделі құжаттарды (жарнамалық буклеттер, газеттер, журналдар, кітаптар) құруға мүмкіндік береді.

Мамандырылған редакторлар құжаттың құрамында формулалар (математикалық, химиялық) және арнайы символдар (нота таңбалары) кездесетін құжаттармен жұмыс істейтін қолданушыларға арналып құрастырылған.

Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:



  • мәтінді енгізу;

  • редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);

  • құжатты сақтау;

  • жариялау;

  • құрылған құжатты іздеу және ашу;

  • аудару.

Мәтінді енгізу. Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.

Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.

Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.

ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).

RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі - оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.

DOC - бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000 және MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).

HTML (Hypertext Markup Languange) - Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.

Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:

  • құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);

  • электрондық жариялау (электрондық пошта арқылы, тасуышта );

  • Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).

Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:



  • Символ (таңба, әріп, цифр, т.с.с.) – мәтіннің ең кіші негізгі графикалық өлшемі. Символ мынадай параметрлермен анықталады:

  • гарнитура – шрифт түрі;

  • пункт, кегль – шрифт өлшемі;

  • кескіні (ж, к, ч);

  • түсі.

  • абзац - аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.

        • Колонтитул – құжаттың әрбір бітінде қайталанатын элемент (жоғарғы және төменгі колонтитул).

        • Сноска (сілтеме) – белгілі бір ұғымға түсініктеме беру.

        • Мәтіндерді форматтау – символдарды, жолдарды, абзацтарды, беттерді көркемдеу процесі.

        • Символдарды форматтау – шрифтті, өлшемін, кескінін, символдардың ара-қашықтығын таңдау.

        • Шрифтерді форматтау – енгізілген символдардың параметрін өзгерту.

        • Беттерді форматтау - өрістерді орнату, ориентацияны таңдау, қағаз өлшемін таңдау.

2. MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері.

MS Word – MS Office дестесінің құрамына кіретін мәтіндік құжаттарды құруға, қарап шығуға, баспаға шығаруға, модификациялауға арналған Windows басқаруындағы программа.

Қазіргі уақытқа дейін Word программасының келесі нұсқалары шығарылған: Word 6.0, 7.0 (95), 8.0(97), 9.0(2000), 10(ХР), 11(2003).



Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:

  • мәтіндерді интерактивті режімде теру;

  • мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);

  • көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;

  • мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);

  • арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);

  • грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;

  • ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)

  • электрондық поштамен жұмыс істеу;

MS Word процессоры интерфейсінің негізгі элеметтері төмендегі суретте (сурет 10) көрсетілген.

Сурет 10 - MS Word программасының негізгі интерфейс элементтері

MS Word мәтіндік процессоры терезесінің сыртқы түрін баптау.

MS Word мәтіндік процессоры іске қосқаннан кейін терезенің 10-суретте көрсетілгендей стандартты түрі пайда болады. Бірақ оны, Түр (Вид) менюінің сәйкес пунктін таңдау арқылы өзгертуге, кейбір аспаптар панелін, (негізінде «Стандартты» және «Пішімдеу» панелдері), сызғышты, қажетті масштабты орнатуға болады.

Стандартты аспаптар панеліндегі Масштаб элементінің тізімінен қажеттісін таңдау арқылы құжаттың экранда көріну масштабын өзгертуге болады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

Қосымша әдебиеттер: 9, 11, 12

Дәріс 9. Электрондық кестелерді өңдеу құралдары

Дәріс сұрақтары:

1. Электрондық кестелерді өңдеу құралдары



2. MS Excel кестелік процессорының жалпы сипаттамасы

Мәтіндерді өңдеу құралдарынан кейінгі жиі қолданылатын қолданбалы программаларға электрондық кесте процессорлары жатады.



Электрондық кесте – магниттік тасыуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер.

Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы.

Алғашқы кестелерді өңдеу программалары 80-жылдардың басында пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор – MS Excel-ді жасады. Электрондық кестелерді қолдану мәліметтермен есептеу жұмыстарын жеңілдетеді, есептеу қортындыларын арнаайы программалаусыз алуға мүмкіндік береді. Электрондық кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады.



Электрондық кестелер

  • мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;

  • қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;

  • есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;

  • тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;

  • параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;

  • кестелік құжаттар дайындау үшін;

  • берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.

Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын кестелік процессор Microsoft Excel-де жұмыс істеу негіздерін қарастырайық.

Microsoft Excel – мәліметтердің екі өлшемді кестелерімен жұмыс істеуге арналған. Электрондық кестелер құруда келесі қадамдар орындалады:

  • мәліметтерді (мәтіндік, сандық, формула) енгізу;

  • редакциялау;

  • пішімдеулер жүргізу;

  • қағазға басу (жариялау).

Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Microsoft Excel программасы Windows жүйесінде программаларды іске қосудың және жабудың тәсілдеріне сәйкес іске қосылады және жабылады.

Сурет 11 – MS Excel терезесінің негізгі элементтері

MS Excel құжаты Жұмыс кітабы (сурет 11) деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін). Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.

Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы – А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.

Ұяшықтар диапазондары. Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.

Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.



Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК –де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:

  1. бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек;

  2. жолды ерекшелеу үшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек;

  3. ұяшықты немесе диапазонды ерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек;

  4. егер іргелес емес бірнеше ұяшық диапазондарын ерекшелеу қажет болса, мысалы А1:А5 және С1:С5, онда А1:А5 ерекшелеп, сонан кейін CTRL батырмасын басып отырып екінші С1:С5 диапазонын ерекшелейді;

  5. жұмыс бетін ерекшелеу үшін бағаналар аты мен жол нөмірі орналасқан жол мен бағанның қиылысуында кестенің сол жақ жоғарғы шетіндегі ұяшықты тышқанмен түрту керек.

Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б) енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін

  • бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы;

  • автотолтыру (автотолтыру маркері арқылы);

  • прогрессиялы толтыруды қолданады.

MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=) теңдік белгісін енгізуден басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе, онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау командасы да бар. Берілген бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.

Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Үнсіздікте салыстырмалы сілтеме қолданылады, яғни формуланы көшірмелегенде сілтемелердегі адрестер алғашқы ұяшықтың және көшірменің орналасуына сәйкес автоматты өзгереді. Көшірмелеуде ұяшық адрестері өзгермеу үшін абсолютті сілтеме қолданылады, ол жолдың немесе бағанның аты алдына (аралас сілтемеде) немесе екеуінің алдына да $ белгісін қоюмен ерекшеленеді.

Графикалық мәліметтерді көрсету. Сандық мәліметтерді графикалық пішімде көрсету үшін сызықтар, жолақтар, секторлар, диаграммалар және басқаларды, сонымен қатар олардың біріктірілген вариацияларын қолданады. Бұл мүмкіндіктер Диаграмма шебері нұсқауларымен жүзеге асады.

Мәліметтерді сұрыптау. MS Excel кестелік процессорында мәліметтерді өсу реті бойынша сұрыптауда келесі рет қолданылады: сан, мәтін, логикалық мән, қателер мәні, бос ұяшықтар. Кему реті бойынша сұрыптау бос ұяшықтардан басқа ұяшықтарда орындалады. Әдетте, бос ұяшық кері бағытта сұрыпталған тізімнің соңында орналасады.

Көптеген мәселелерді шешуде электрондық кестені тізім түрінде (мәліметтер қоймасы ретінде) қарастырамыз.

MS Excel кестелік процессорында тізім деп, жолдары біртектес мәліметтерден тұратын кестені айтады. MS Excel 97 кестелік процессорында тізімді мәліметтер қоры деп атайды. Жолды мәліметтер қорының жазбалары, ал бағандарды сол мәндердің алаңдары деп атайды.

MS Excel 97 кестелік процессорындағы кестені тізімге немесе мәліметтер қоймасына айналдыру үшін, бағандарға мәліметтер қоймасындағы жазбалардың алаңдарының аты ретінде қолданылатын біртекті атаулар беру қажет.

MS Excel 97 кестелік процессорындағы тізімдерді сұрыптау үшін кестенің нәтижелік қатарынан басқа, сұрыптауға негіз болатын атауларын ерекшелеп алып, Мәліметтер (Данные) менюінен Сұрыптау (Сортировка) командасын орындау керек. Бағандардағы алаң атауларын қоса ерекшелейтін болсақ, сұрыптау кезінде сол алаңдарды сұрыптаудың кілті ретінде бағандардың стандартты аттары алынады.

Сұрыптау (Сортировка) командасы арқылы ашылған сұқбат терезесінде сұрыптау ретін үш кілтке дейін пайдалана аламыз. Сұрыптау алғаш бірінші кілт бойынша, сонан соң, 1-ші кілттегі мәндерге сәйкес келетін 2-ші кілт бойынша, соңында 1-ші және 2-ші кілт мәндеріне сәйкес келетін 3-ші кілт бойынша орындалады.

MS Excel 97 кестелік процессорында тізімдерді сүзгіден өткізу. Әртүрлі белгілер бойынша керекті мәліметтерді таңдау үшін сүзгіден (фильтрация) өткізуді қолданылады. Сүзгіден өткізу жарлығын орындаудың екі түрлі жолы бар: Автосүзгі (Автофильтр) және Кеңейтілген сүзгі (Расширенный).

Автосүзгі (Автофильтр). Автосүзгіні қолдану кезінде тізім тұрған аумақты ерекшелеу қажет. Мәліметтер (Данные) Сүзгі (Фильтр)  Автосүзгі (Автофильтр) командасын орындау барысында алаң атаулары маңында төмен қарай бағытталған тілсызық бейнелі батырма пайда болады. Автосүзгі салыстырудың екі түрін ұсынады:



  • дәл (точное) / шаблондық мәндер бойынша;

  • шарт бойынша таңдау.

Шарт бойынша салыстырудың таңдауда бір-бірімен «Және» , («И»), «Немесе» («Или») логикалық функциялармен байланысқан таңдау критерийлері беріледі.

Excel – дегі кітап оның беттерін көркемдеуге ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.

Excel тек мәтіндік және графикалық жүйелермен ғана «достық қарым - қатынаста» емес, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйелерімен негізгі әрекеттерді қолдайды. Қазіргі кезеңдегі электронды кестелер (Excel, QuattroPro, Lotus) интегралданған программалық жүйелер болып табылады. Сонымен қатар оларда басқа программалық жүйелерден мәліметтерді импорттау және экспорттау аппараттары жақсы дамыған.

Сонымен қатар Excel мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайы құралдар – қондырғылар бар. Олар – Талдау дестесі, Автосақтау, Шешім іздеу, т.б.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8

Қосымша әдебиеттер: 10, 11, 12



Дәріс10. Мәліметтер қорын басқару жүйелері

Дәрістің негізгі сұрақтары:

1.Мәліметтер қорының жалпы түсініктемесі. Мәліметтер қорының негізгі элементтері

2. MS Access, оның негізгі ұғымдары, интерфейсі, қолданылатын мәліметтер типтері

  1. Мәліметтер қорының жалпы түсініктемесі.

Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.

Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.

Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.

Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.

Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.



Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.

Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.

Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар:



  • мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;

  • мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.

МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.

МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде

  • мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ;

  • дербес МҚБЖ

деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.

Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.

  1. MS Access мәліметтер қоры, оның негізгі ұғымдары.

MS Access мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

  • негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

  • кестелер арасында байланыстар орнату;

  • кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

  • туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.

MS Access басқа да Office бағдарламалары сияқты басты менюден іске қосылады немесе Windows ортасында қарастырылған басқа да стандартты тәсілдерді қолдануға болады. MS Access жүктелгенне кейін келесі нұсқаулардың бірін орындау қажет:

МҚ-ның жаңа файлын – программаны өңдеу объектісін (кез келген атауы бар, .MDB кеңейткіші бар файл) құру қажет (Новая база данных);

Не болмаса бұрыннан бар МҚ файлын ашуды (Открыть базу данных) таңдаймыз.

Әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. Өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.



МҚ файлына Access-тің негізгі объектілері – кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, модульдер және макростар енеді.

Кестелер – МҚ-ның негізі болып табылады және бағандар мен жолдардан тұрады. Жолдар біртекті объектінің немесе процестің сипатамасын құрайды. Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Жазба – белгілі бір ереже бойынша ұйымдасқан ақпараттық құрылым. Кестенің әрбір бағаны ақпараттың бір типінен тұрады, ол өріс деп аталынады.

Форма – бір жазбадағы ақпаратты ыңғайлы бейнелеуге арналған.

Сұраныс – берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеп алуға арналған.

Есептер – мәліметтерді баспаға шығаруға арналған.

Макрос – арнайы макрокомандаларды теруден тұрады.



Модуль – Access Basic –те немесе VBA жазылған программа.

Кесте базалық объект болып табылады, ал қалғандары туынды болып есептеледі және алдын ала дайындалған кесте негізінде құрылады.

Әрбір объектінің өз атауы болады. Кез келген объекті атауының ұзындығы 64 символдан аспауы қажет (нүкте мен кейбір қызметші таңбаларды қоспағанда).

Мәліметтер қоры файлын құрғаннан кейін келесі амалдарды орындауға болады:



  • әр түрлі мәліметтер типі бар кестелерді жобалау;

  • кестелер арасында байланыстар орнату;

  • кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

  • енгізілген мәліметтерді формада қарау;

  • әр түрлі кестедегі мәліметтерді байланыстыру;

  • есептер құрастыру.

Ескерту: Access көп терезелі қосымша болып табылады, сондықтан кез келген уақытта 1 мәліметтер қоры ашылуы мүмкін. Сохранить командасы кез келген объект үшін қолданылады.

Access интерфейсі. Access программасының интерфейс элементтеріне мыналар кіреді:

Access-ті шақыру терезесі;



  • Стандартты файлер;

  • Негізгі терезе;

  • Балалық терезе;

  • «Схема данных» терезесі;

  • Көлденең меню;

  • Қалып-күй жолы.

Access-ті іске қосқаннан кейін бірден экранда шақыру терезесі пайда болады. Бұл терезеде келесі нұсқалардың бірін таңдау қажет:

  • Новая база данных

  • Мастера, страницы и проекты базы данных;

  • Открыть базу данных.

Стандартты файлер. МҚ құру немесе ашу командаларының бірін таңдағаннан кейін Стандартты файлер ашылады. Мұнда құрылатын немесе ашылатын файлдың атын және орнын көрсету қажет.

Негізгі терезе. МҚ құрғаннан немесе ашқаннан кейін қосымша терезесінде Негізгі терезе немесе МҚ терезесі ашылады. Негізгі терезе кітаптың мазмұны сияқты МҚ құрылымын көрсетеді.



Бұл терезеде 3 командалық батырма бар:



«Открыть» батырмасы – ағымдағы режимдегі объектіні ашады.

«Конструктор» - объектіні конструктор режимінде ашады.

«Создать» - жаңа объектіні құру үшін қажет.



Балалық терезе (дочернее окно). Негізгі терезеде бірнеше балалық терезелер немесе объектілер терезесі (кесте, форма, сұраныс, макрос терезелері) туындайды. Балалық тереземен немесе объект терезесімен 2 түрлі режимде жұмыс істеуге болады:

Ағымдағы режимде – ақпарат енгізіліп, қарастырылады;

Конструктор режимінде – объектінің құрылымы өзгертіледі.

Схема данных терезесі. МҚ файлына тағы бір құжат енеді, оның да жеке меншікті терезесі болады. Схема данных терезесінде объектілер арасындағы байланыс құрылады, қарастырылады, өзгертіледі, жойылады.

Көлденең меню. Программа туралы, оынң мүмкіндіктері туралы көрініс қалыптастырады. Меню пункттерінің құрамы ағымдағы белсенді құджат терезесіне және типіне байланысты болдаы.

Қалып-күй жолы – программа туралы ақпаратты көрсетеді.

Access МҚ-да қолданылатын мәліметтер типтері. Access МҚ-да мәліметтердің келесі типімен жұмыс істеуге болады:

Мәтіндік - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (ұзындығы 255 символға дейін).

МЕМО өрісі – бірнеше жолдардан тұратын мәтін (ұзындығы 65536 символға дейін).

Сандық –кез келген типтегі сандар.

Күн/уақыт (Дата/время) – күнді/уақыттты құрайтын өріс.

Ақшалық (денежный) – ақшалай шаманы сақтауға арналған.

Санағыш (счетчик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі.

Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип («иә» немесе «жоқ» мәндерінің бірін қабылдайды).



OLE объектілер өрісі - әр түрлі объектілерді (графикалық, дыбыс, мәтін) сақтауға арналған.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7, 8

Қосымша әдебиеттер: 11, 12

Дәріс 11. Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар. интернетпен танысу

Дәрістің негізгі сұрақтары:


  1. Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар

  2. Internet-пен танысу

Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар

Кез-келген жұмысты дербес компьютердің көмегімен-ақ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында қанша бос орын барын білетін ақпарат алғымыз келсе, және де ол ақпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу арқылы тез арада біле аламыз.

Қазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлық компьютерлері әр түрлі телекоммуникация құралдарымен өзара байланысқан.


жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау