«Аєылшын филологиясы» мамандыєына арналєан


Грамматикалық тақырып. ЖАЛПЫЛАМА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕР



жүктеу 1,19 Mb.
бет2/7
Дата10.12.2017
өлшемі1,19 Mb.
#3791
1   2   3   4   5   6   7

Грамматикалық тақырып.

ЖАЛПЫЛАМА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕР


(Общеупотребляемые слова и термины)
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа, тамақ, үй, нан т.б.

Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.


Терминдер – ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды.

Термин сөздердің жасалу жолдары:


  1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б.

  2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.

  3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төлқұжат (паспорт), әнұран (гимн) т.б.

Терминдердің ұғымы мен мағынасы

Сөздің лексика-семантикалық топтарының бірі арнаулы лексика. Қоғамдағы әр түрлі кәсіп пен қызмет салаларына негізделген, шектеулі қолданысқа ие сөздер-арнаулы лексика ретінде танылады. Ғылым, техника, өндіріс, ауыл шаруашылығы, басқару органдары, мәдениет пен өнер, әскери атаулар т.б. - арнаулы лексиканы құрайды. Ол термин сөздер мен кәсіби сөздерге бөлінеді.

Терминдер табиғатына тән нәрсе - бірмағыналылық, дегенмен бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола бермейді, өйткені төл тілдік бірліктер арқылы термин жасау барысында, лебіздегі оның алғашқы негізгі мағынасы қолданыста болады. Термин сөздердің негізгі ерекшелігі - ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады, ерекше анықтамасы беріледі; логикалық жүйеге негізделген нақты семантикасы, лебізде келісілген қолданысы болады. Яғни термин сөз бен оның таңбалап тұрған ұғымы арасында үлкен танымдық байланыс болады. Терминнің мазмұны - оның әуелгі терімсөздік түсінігі де, мағынасы - термин ретіндегі сипаты.Терминнің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнын ашуы тиіс.
1-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз.

Өзгеріс, құбылыс, дарынды, қабілет, тұлға, жантану, қызу, тілалғыш.


2-тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты термин сөздерді теріп, анықтама беріңіз (50 термин сөз).

№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Практикалық сабақ №6

Кірме сөздер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6



Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. басқа тілден енген сөздер туралы өткенді қайталау, кәсіби тәжірибеде қолдану.


Әдістемелік нұсқау

Жаһандану және гендер мәселесі (мамандық бойынша мәтін)

Дәл қазіргідей жаһандану кезеңінде елімізде болып жатқан әлеуметтік өзгерістер гендер мәселесін шешуге жаңа ғылыми тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Гендер мәселесін зерттеген кезде ең алдымен әйел мен еркектің қоғамдағы әлеуметтік орындары жан-жақты талқылануға тиіс. Кеңес Үкіметі кезінде бұл мәселе бір жақты шешілген болатын. Ал, Тәуелсіздік алғалы бері, әлі экономикасы тұрақтала қоймаған жас мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарында дамуы үшін әйелдер де еркектермен бірдей өз Отанының, өзұлтының, өз елінің жанашыры ретінде өз білімдерін ортаға салса дейміз.

Әрбір қоғамның, әрбір мемлекеттің жеткен биігі, мәдениетінің деңгейі, оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді деген ғой. Біздің әйелдеріміздің де қоғамдық белсенділігі олардың тек өз қамдары ғана емес, туған елге, Отанға деген жанашырлықтан, сүйіспеншіліктен бастау алып отырғаны анық. Бұл екі жаққа да, мемлекет үшін де, әйелдер үшін де тиімді.

Ең алғаш гендер теориясы осыдан 30 жылдан астам бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның ең басты ережелерінің бірі – гендер және жыныс түсініктерінің айырмашылығы. Жыныс – адамның биологиялық, физиологиялық құрылымын білдіреді. Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рөлдерінің, эмоционалдық мінездерінің арасындағы айырмашылықты білдіреді. Содай-ақ гендер жыныстардың әлеуметтік қатынасын сипаттайды. Гендерлік айырмашылықтардың негізінде иерархия жатыр, оның түсіндіруі бойынша, маскулиндік басымдық, ал феминдік бағыныштылық деп берілген. Нәтижесінде, әйелдер де, еркектер де гендерлік таптаурынның мөлшер жүйесінің «құрбаны» балып қалады. Сондықтан да гендер теңдігі мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу қажеттілігі басым болар. Ал, халыққа түсінікті болу үшін қарапайым тілмен айтқанда, әйел мен еркектің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі мәселе жаңа тақырып емес, бірақ бұл мәселені көптеген беделді халықаралық ұйымдар қазіргі кезеңдегі ғаламдық мәселелермен бірдей қоюда.

Батыстың дамыған елдерінде кез келген мәселені міндетті түрде гендерлік теңдікті ескере отырып шешуге тырысады. Әйтпесе, жыныстық, нәсілдікбелгілер ескерілмеді, яғни шектелді деп санап, түрлі жанжалға, соттасуға дейін апаратын дауға айналады.

1991 жылы еліміз егемендік алғаннан кейін бұл мәселеге онша көңіл бөлінбейқалғаны халқымыздың тұрмыс жағдайын әлдеқайда әлсіретіп жіберген, саяси, әлеуметтік – экономикалық қиындықтардың біразына кездесуіне байланысты бұл мәселе екінші орынға жылжып еді. Осы жағдайда да Қазақстан өзінің дүниежүзілік қоғамдастықтың адам құқығы мен бостандығы туралы негіз қалаушы принциптерін жақтайтынын көрсетті.

1. Әйелдер мен еркектердің теңдік принципі Қазақстан Республикасы заңының негізі болып табылады. Конституция бойынша, «адам құқығы мен бостандығы әркімге туғаннан бастаптиесілі және ешкімнен тартып алына алмайды» және «адам, азамат құқығы мен бостандығы орындалар кезде басқа адамдардың құқығы мен бостандығын бұзбау керек (12 – бап).

2. Қазақстанда әйелдердің бағытта жоғарылатылуы мен құқығын қорғауға арналған арнайы иституционалдық механизмдер құрылды. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, 1998 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия өз ісін бастады. Бұл мекеме министрмен басқарылады және үкімет мүшесі болғандықтан, шешімдері ең жоғары саяси деңгейде шешуге қатысуына мүмкіндік береді.

3. Бүгінгі күнге, Қазақстан адам құқығ қорғайтын 30-ға жуық халықаралық келісімдерге қол қойды. Оның ішінде нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы Конвенция, қорлау және басқа да адамның қасиетін төмендететін қорлаудың түрлерін жою мен жазалауға қарсы конвенциясы (1984 ж), балалар құқығын қоғайтын конвенция (1989 ж), Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар коонвенциялары және т.б.

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы (33-бап) бойынша, барлық азаматтар жыныстық белгісіне қарамастан сайлауға, мемлекеттік және жергілікті үкімет органдарына сайлануға, референдумдерға қатысуға құқығы бар. 1999 жылдың аяғында болып өткен Парламентке және жергілікті өкілдікті үкімет органдарына - мәслихатқа сайлауға өте белсенді қатысты. Парламентке айлану үшін қатаң бәсекелі сайыста 10 әйел жеңіп шықты және үшеуін сенатқа өз құқығын пайдаланып Президент тағайындады. Парламен құрамында барлығы 13 әйел, бұл барлық депутаттардың жалпы санынан алғанда 11% құрайды. Салыстыру үшін, маслихатқа сайлау бұдан жақсырақ өтті. 639 әйел депутат болып сайланды. Әйелдер мен отбасы мүдделерін Парламентте қорғау үшін құрамына екі палатадан 30 депутат кіретін «Отбасы» атты депутаттық топ құрылды. Сонымен қатар, Мәжілісте әйел, отбасы, жастар, туризм және спорт жөніндегі кішігірім комитет құрылды. Бұл комитет әйелдер және отбасы мәселесін қарастыратын заң жобаларының жылжытылуына себеп болатын үлкен жұмыс атқаруда.

5. 2000 жылдан бастап Қазақстан мемлекттік қызметтің жаңа үлгілері жүзеге асуда. Бұл үлгілер барынша қолы жететін принципке негізделген, яғни, мемлекеттік қызметке және өзінің қабілеті мен кәсіби дайындығына байланысты өсуіне барлдық азаматтардың құқығының теңдігі, 2000 жылы бос қызмет орындарына жарияланғанконкурстарға қатысқандардың жартысы әйелдер болды. 4,2 мың жеңіске жетті. Тағы 419 әйел (жартысы) кадрлік резервке енгізілді. Сонымен қатар, Президенттің тапсырмас бойынша, министрліктер мен ведомстволарда және облыстарда әйелдерді шешім қабылдайтын деңгейлерге жылжыту үшін ашылған әйел кадрлар резерві бар.

6. Қазіргі күнге Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны 60,5 мың адамнан тұрады, оның ішінде 33 мыңы әйелдер, яғни 54%. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі әйелдер саны 40%-ға жетеді. Осы құрам еліміздің сот корпусында да байқалады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының басқа елдердегі елшісі болып үш әйел істейді – Франция Республикасындағы, Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшілері және Қазақстанның БҰҰ-ғы тұрақты өкілі. БҰҰ-ның басқармасы осы орынға әйел затының екінші мәрте сайланғанын ереше атап өтті.

7. Қазақстанда білімді әйелдер саны еркектерге қарағанда басымырақ. Жоғары және орта білімі бар мамандар ішінде 62% әйелдер. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарының студентері ішінде жартысынан көбі қыздар. Босану немесе бала күтіміне байланысты оқуын тоқтатуға мәжбүр болған жас әйелдерге акдемиялық демалыс беріледі және демалыс біткеннен кейін оқуын жалғастыра аладыү

8. Бизнеспен айналысатын әйелдердің да жағдайын ойлайтын уақытша шаралар қабылданған. Мысалы: Үкімет әйелдерге жеңілдікті несие беру туралы «әйелдер кәсіпкершілігін қолдау» қаулысын шығарды.

9. Қазақстандағы әйелдер мен еркектердің әлеуметтік және тәртіп үлгілері халықаралық талаптарға сай. Бірақ біздің халқымыздың қалыптасқан ділі (менталитеті), жыныстық рөлдер мен стереотиптері де сақталады. Мысалы, Қазақстанда әйелдер еркектерге қарағанда әлдеқайда көп (51,8) және еркектермен бірдей құқылы болып тұрып, сайлауларда көбінесе ер адамдарға дауыс береді. Бұл әйелдердің өкілеттік үкімет огандарындағы санының кемдігінің бірден-бір себебі.

10. Балаларды гендерлік теңдік принциптеріне негізделген әлеуметтік және мәдени тәрбие үлгілеріне баулу мақсатымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында үлкен жүмыс жүргізілуде. Мұнда барлық мамандықтар бойынша «гендер», «құқық негіздері», адам және қоғам», «отбасы этикасы мен психологиясы» және т.б. пәндер оқытылады. Сондай-ақ, ҚазМемҚызПИ-дің гендерлік ғылыми зерттеу институтында БҰҰДБ-ның техникалық көмегімен «гендер теориясына кіріспе және жоғары оқу орындарына арналға бес методикалық оқу құралы әзірленіп шықты.

11. Жыныстық стереотиптерді жою және гендерлік теңдік ұғымын баршаға жария етуде бұқаралық ақпарат құралдары үлкен жұмыс атқарууда. «Егемен Қазақстан» орлалық республикалық газетунде әйелдерге арналған «Сырғалым» атты қосымшаны жарыққа шығару ұйымдастырылды. «Казахстанскай правдв» газетінде «Әйелдер әлемі» деп аталатын арнайы беті бар. Ұлттық комиисия «Әйелдер: Шығыс – Батыс» деген өзінің қоғамдық саяси журналынбасып шығарып жүр. Одан басқа «Қазақстан әйелдер», «Айна», «Мезгіл», «Амазонка» атты әйелдер журналы шығарылады.

12. Әлі күнге дейін жетігінен зертелмеген проблемалардың бірі: әйелдерді жезөкшелікке пайдалану мақсатымен заңсыз әдістерді пайдаланып шетке шығару (әйелдер траффигі). Бұл құбылысты зерттеу үшін «Қамқор» дағдарыс орталығында 2001 жылдың қыркүйегінен бастап сенім телефондары істеп жатыр. Әйелдер ішіндегі заңсыз миграция себептерінің бірі – біразының қоғамдық мәртебесінің төмендігі жұмысқа тұрудың мүмкіндіктерінің кемдігі.

13. Конституцияның 24-ші бабы бойынша, әркімнің еңбек бостандығына, мамандық таңдауына және қызмет көзін қалауына құқығы бар. Әркім қауіпсіздік, гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына, ешбір кемсітушіліксіз еңбегіне ақы алуына жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғанудан толық құқылы. Сарапшылардың берген бағасына сүйенсек, жалданып істейтін жұмыскерлердің саны 3,4 мон жетеді. Оның тең жартысы - әйелдер. Көбіне әйелдер істейтін білім беру және денсаулық сақтау салаларында 2002 жылдан бастап жалақы көтерілді.


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау