Аєдарбеков Т


МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕТІГІ (МЕХАНИЗМ, АППАРАТ)



жүктеу 2,32 Mb.
бет4/14
Дата25.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#16933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

21. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕТІГІ (МЕХАНИЗМ, АППАРАТ)

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТЕТІКТІК БЕЛГІЛЕРІ (АППАРАТ)
Көптеген функцияларды іс жүзіне асыруға мемлекеттің ұйымдастырылып әрекет ететін әр түрлі мемлекеттер жүйесінің болуы міндетті

Мемлекет механизмі (аппарат) – бұл органдар мен меке-мелердің жүйесі, солар арқылы мемлекеттің функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік аппаратың белгілерін сипаттауға жата-тындар:


  • мемлекетке өзінің қоғамдағы билігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шын мәніндегі ұйымдасқан материалдық базаның (негіз) болуы;

  • басқару органдарымен қатар күш көрсете алатын мемлекеттердің әскер, полиция, сот, абақтылар болуы;

  • мемлекетпен барлық қоғамның жақсылығы үшін бел-гілеген функцияны орындаушы, өз еңбек ақысын тек мемлекет қаржысынан алатын ерекше қызметкер-лердің болуы;

  • әрбір мемлекеттік органдардың шешімі мен өкімінің бәріне бірдей міндеттілікте болуы;

Мемлекеттік аппараттың әрбір элементтерінің өзіне тапсырылған тапсырманы орындау процесіндегі әрекеті кепілдікке алынады, мемлекеттік мәжбүрлеу арсеналының барлық құралдарын қолдану мүмкіндігі.

22. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫС МЕХАНИЗМІ (АППАРАТТЫҢ): ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МЕКЕМЕЛЕРІ
Мемлекеттің механизмі (аппараты) мемлекет органдары-нан тұрады. Қандай болмасын мекеме не орган осы жиын-тығымен қатаң белгіленген орнында болып, тек өзіне тән функциялар мен мақсаттармен тапсырмаларды орындайды.

Мемлекеттік орган – заңмен дайындалған, ұйымдастыру-шылық және шаруашылықта, құрамдық ерекшеленген мемле-кеттік аппараттың бөлігі, мемлекеттік билік өкілеттігі бар жә-не қажетті материалдық құралдарымен, өз құзіретінің шегінде мемлекеттік тапсырмалар мен функциясын орындайды.

Мемлекеттік органнның мемлекеттік билік сипаты мынадан көрінеді:


  • мемлекет атынан әрекет жасай алатын өкілеттілігі туралы өз билігін әр түрлі органдар арқылы іс жүзіне асырады;

  • құзіретті, яғни оған тапсырылған қажетті заң күшінің жиынтығы;

  • мемлекет органдарының құзіреті, мемлекет алдындағы мақстаттан туындайды, оның көлемі соған сай нормативтік актілерде бекітіледі;

  • құзіретке сай мемлекеттік органдар орындауға міндетті құқықтық актілер шығаруға құқықты (нормативті актілер және құқық нормаларын қолдану актілері) – үкіметтің қарарлары, соттың үкімдері, т.с.с.;

  • құқықтық актілерді орындау міндеттілігі мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі;

  • мемлекеттік органның әрекеті әр уақытта саяси әрекет.

Мемлекеттік органның белгілі құрамы бар (басқару бөлімдері, қызметшілері), материалдық базасы мен қаржысы. Оның әрекеті қызметшілермен іске асырылады, материалдық заттар шығармағандықтан, қоғамның есебінен күн көреді (салықпен).

Мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бөлігін лауазымды адамдар құрайды (өздерінің құзіретіне қарай, заңды нәтиже туғызатын билік әрекеттерін жүргізуге құқықтары бар адам-дар (басқару құқықтық актілерін шығаруға, қаржы құжатта-рына қол қоюға, тіркеу әрекеттерін жасауға, т.б.), сонымен бірге өзіне бағынушылардың әрекеттерін басқарушы адамдар, оларға орындауға міндетті талаптарды қоя алады (мысалы, құрылымдары бар басқару органдарының басшылары).

Мемлекеттік органдарды, олардың басқадай мемлекеттік механизмдердің қалыптасуынан айыра білу қажет себебі, оларға қатынасы, тек көмектесуші бөлімдер ретінде болуында. Оларға мыналар жатады:


  • мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік билікті іске асыру, негізгі қызметіне жатпайтындар, бірақ солар арқылы тәжірибеде өз функциясын іс жүзіне асырады (әдеттегідей, денсаулық сақтау, ғылым, мәдени аяда, т.б.) мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік органдар арқылы әрекет етеді;

  • мемлекеттік кәсіп орындары (мемлекеттік билік өкілеттігінің белгілері жоқ мемлекет механизмінің элементтері. Олар қоғамдық қажеттілікті қанағат-тандыру мақстаныда шаруашылық-экономикалық қызмет көрсетумен шұғылданады);

  • мемлекеттік унитарлық кәсіпорындар (коммерциялық ұйымдар, өзіне бекітілген мүлікке меншік құқығы жоқ, ондай өндірістердің қолындағы мүліктер шаруашылық басқаруға құқығы бар және оперативтік басқаруға мүмкіндігі бар.

  • мемлекеттік ұйымдар (мемлекетпен құрылған құрылымдар, олардың қажетті қорлары бар, өкілетті және комплексті түрде мемлекеттік бағдарламаны іс жүзіне асыратын адамдарды біріктіріп, мемлекетпен белгіленген тәртіп процедурасы негізінде орын-далады).



23. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мемлекеттік мақсаттар мен функцияларының әртүрлілігі, мемлекеттік органдардың әртүрлілігін белгілейді, олар билікті бөлу теориясына сай не өзінің функционалды орнына байланысты (орындалатын мақсаттар сипатына қарай) төмендегідей түрлерге жіктеледі.

Заң шығару органдары (мемлекеттік билік органдары не өкілетті органдар), олар өз өкілеттігінің жиынтығымен, жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актілерді шығаруға құқығы бар – заңдарды және атқарушы биліктің әрекетін тексеретін актілерді шығарады. Ондай мемлекеттік органдар екі топқа бөлінеді:



  1. жоғарғы заң шығару органдары мемлекеттің парламентімен белгіленеді. Парламент – бұл халықтың жоғарғы өкілеттік органы. Ол маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді және заңдарды қабылдау арқылы халықтың еркін көрсетеді, қаржыны қалыптастырады, атқарушы органдар билігі мен жоғарғы лауазымды адамдардың әрекеттерін тексеруші ретінде. Көптеген елдерде жоғарғы өкілетті органдар әр түрлі аталады: Парламент (Англия, Үндістан, Канада, Финляндия, Жапония), Сейм (Польша), Фолькетинг (Дания), альтинг (Исландия), конгресс (АҚШ), Федеральное собрание (Ресей), меджлис (Түркменстан), великий народный хурал (Монғолия), кортестер (Испания), кнессет (Израиль), бундесрат (Германия); бір палаталы парламенттер тұрғындарының біртектес ұлттық құрамы мен егеменді аумақтық құрылымы жоқтарда болады. Әдеттегідей көп елдерде парламент екі палатадан, жоғарғы және төменгіден тұрады (Венгрия, Дания, Греция, т.б.) палаталардың жанында комитеттер мен комиссиялар құрылады.

  2. Федерацияның субъектілерінің, жергілікті билік және өзін-өзі басқару және заң шығару органдарының өкілеттілік сипаты және белгілі, соған сай аумақтардың шегінде (аудан, облыс, край – райондық жиналыс, облыстық Дума, қалалық Дума). Бұл органдар негізінен жергілікті мәселелермен шұғылдану үшін керек (әлеуметтік аямен, көлікпен, жолдармен, жергілікті қаржымен, сумен қамтамасыз етумен және тәртіпті қолдаумен шұғылданады, т.б.).

Мемлекеттің атқарушы органдары (мемлекеттік басқару органдары) заң шығару билігімен қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы – бұл мемлекеттегі ең жоғарғы орган, оның жоғарғы атқарушы билікті алып жүруші және бір мезгілде бүкіл қоғамның сыртқы қарым-қатынасындағы арнайы өкілі (монарх, президент).

Үкімет (министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, ми-нистрлер кеңесі) – төрағасымен басқарылады (премьер-ми-нистрмен, канцлермен, министрлер кабинетінің төрағасымен, мемлекет басшысымен) жоғарғы алқалы, жоғарғы құзіреті бар мемлекеттік биліктің елді тікелей басқаруды іс жүзіне асы-ратын атқару-басқару органдары. Халық шаруашылығындағы жекелеген аяларды оперативтік жолмен не қиын проблемаларды шешу мақсатында, үкіметтің құрамында ведомствоаралық комитеттер мен комиссиялар құрылады.

Сот органдары – әділ сот жүргізу үшін қажет, яғни сот отырысында белгіленген заң жүзінде азаматтық және қылмыстық істерді, заңдылықты және құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайту мақсатында қарайды.

Әр елде әр түрлі соттардың түрлері бар (мемлекеттік, қоғамдық, шіркеулік), бірақ көп жағдайда соттар жалпы-лылыққа және арнайылылыққа бөлінеді (конституциялық, әкімшілік, еңбектік, шаруашылық, отбасылық, кәмелетке жетпегендер үшін, әскери, т.б.).

Ресей Федерациясында соттар өз функцияларын конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және арбитражды сот әділдігінің қалпында іс жүзіне асырады:


  • Конституциялық сот әділдігі жүйесі, РФ Конституциялық сотымен басқарылады – конституциялық сот органдарымен, өз еркімен және тәуелсіз сот билігін жүргізуші, конституциялық сот процесін, конституциялық сот әділдігі арқылы іске асырады. РФ сырт аумақтарында бұл функцияны орындау үшін, конституциялық не жарғылы соттар бар;

  • Жалпылама соттар жүйесі, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қараумен шұғылданады және РФ жоғарғы сотымен басқарылады. Оның құрамдас бөлігіне алқалы қылмыстық және азаматтық істер, әскери алқалар, президиум және пленум жатады. Жалпы соттар жүйесіне РФ субъектілерінің соған сай соттары кіреді (аймақтық, облыстық), аудандық (қалалық), әлемдік, оған қоса округтердің (флоттық) және гарнизондық әскери соттар.

  • Арбитражды соттар, өндірістер, мекемелер мен ұйым-дардың арасында болатын шаруашылық дауларын азаматтық, әкімшілік сот процесінде, РФ консти-туциясымен арбитраждық процессуалдық кодекспен белгіленген жеке басқадай федерациялық заңдардың негізінде шешеді. Бұл жүйеге жоғарғы РФ ар-битраждық, округтік және федерация субъектілерінің соттары кіреді (республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық федералды соттар, федералдық маңыздағы қалалық, автономды облыстық, автаномды округтік).

Жекелеген билік органдарының бөлімшелері, билік органдары есебінде айтылмайды, бірақ құқықтық актілердің орындалуына маңызды тексеру функциясын орындайды. Олардың заңдылығын және арнайы қаржылық тексеруді жүргізеді. Мемлекеттік тексеру – бақылау органдары (әр елде – прокуратура органдары, тексеру палатасы және басқару органы, омбудсмендер, генералды тексерушілер және аудиторлар, парламеттік комиссиялар).

РФ-да ондай органдарға, ең алдымен прокуратураны жат-қызуымыз қажет (бірегей орталықтанған федералдық орган-дар жүйесі, Ресей Федерациясының атынан, өз аумағындағы әрекет ететін заңдардың орындалуын қадағалайды, сонымен бірге, федералдық заңдармен белгіленген басқа да функция-ларды орындаушы;



Есеп (счетную) палатасы (мемлекеттік қаржылық тексерудегі, тұрақты әрекет ететін тәуелсіз орган, РФ Федералдық Жиналысымен құрылып, оның алдында жауапты), т.б.

24. МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТТЕРІ (ҚЫЗМЕТТЕРІ)
Мемлекеттік механизмнің қағидалары (принциптері) – бұл өз әрекетін іс жүзіне асырудағы, негізгі бастамасы. Ондай басталатын сәтке, жататындар:

  • Билікті бөлу: мемлекеттегі барлық билік нақтылы түрде, заң шығару, атқару және сотқа бөлінуі міндетті. Билікті басқа біреу заңсыз иемденбеу үшін «тежеулік» және қарама-қарсылық механизмі әрекет етеді. Бұл механизмді іс жүзіне асыру, мынандай талаптарды белгілеумен және біртіндеп іс жүзіне асырумен жүргізіледі: мемлекеттің билік органдарының функцияларын нақты айыру қажет; мемлекеттің өкілетті, атқару және сот органдарындағы лауазымды орындарға бір мезгілде отыруға тыйым салу; мемлекеттік биліктің негізгі бөліктерін қалыптастыруға әр түрлі тәртіпті белгілеу; үкіметтің әрекетіне, парламенттік бақылау механизмін қамтамасыз ету, яғни жұмысын тоқтатуға дейінгі мүмкіндіктерді қолдану. Парламентпен қабылданған заң шығару актісіне мемлекет басшысының вето құқығын және парламентті тарату мүмкіндігін қамтамасыз ету; заңмен алдын-ала көрсетілген кездердегі, президенттің өз лауазымынан бас тартуын қамтамасыз ету.

  • Ашықтық және көпшілік (барлық қабылданған құқықтық актілер міндетті түрде жариялануы, маңызды нормативтік актілер халықпен талқылануы және мемлекеттік органдардың әрекетін тексеруге және көпшілікпен тексерілуге, сын айтуға, ашық болу міндеттілігі).

  • Демократизм – (барлық азаматтық қоғамның субъектілері мен мүшелері міндетті түрде, мемлекеттің акциясын біліп, оларға белсенді қатынасуы міндетті – сайлау, талқылау және референдумға қатысып, заңдар шығаруға, т.б.)

  • Децентрализация (заңдарда заттарды жүргізу және қандай болмасын органға өкілдік ету (органдар түрлеріне), яғни жоғарғы органдар жағының қатысуынсыз өзі ғана тәуелсіз іс жүзіне асыратын жұмысқа);

  • Саяси плюрализм (әр түрлі саяси және басқадай партиялардың қозғалыстардың әрекетіндегі саяси пікірлерінің бостандығы);

  • Заңдылық (барлық мемлекеттік органдармен және лауазымды адамдармен, барлық құықтық актілерді дәл және бұлжытпай сақтауға, орындауға қойылатын қатаң талап);

  • Есеп беруге міндеттілік (төмендеу органдардың өзінен жоғары тұрған органдарға есеп беру міндеттілігі).

  • Жоғарғы мамандық және мемлекеттік қызметкер-лердің этикасы.



* * *
ҚҰҚЫҚ. ОНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНУШІЛІК
25. ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТІ
Құқық ең қиын қоғамдық құбылыстардың біріне жатады. Оның әрекеті қоғам өмірінің барлық аясына жайылады. Ол меншіктік қатынасты бекітеді; еңбекті және оның өнімін реттеуші ретінде көрінеді; мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен әрекетін жариялайды; бар қоғамдық қатынастар мен оны іс жүзіне асыруға, қол сұққандарға, шаралар мөлшері мен күрес нысанын белгілейді; жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белсенді ықпал етеді; арнайыланған көріну нысаны бар – заң шығаруда, т.б.

Құқық адамдардың мүддесін, жақсылық және жамандық туралы, міндеттілікті және нақты шындықты көрсетеді. Қазіргі кездегі консруктивтік қарсылықта, құқыққа екі көзқарасты (әдісті) байқаймыз: нормативтік және табиғи-құқықтық, сонымен бірге, оларды этатикалық (этатический) ретінде қарауға болады (құқық мемлекеттен шығады және оның универсалды құралы) және либералды (құқықты өзіндің бағалылығына қарай мемлекетті жоғарылау ретінде қарайды). Осындай ерекшеліктеріне байланысты, құқықтың қазіргі көп таралған анықтамасы пайда болды.

Құқық адам баласының адалдығы мен бостандығына сүйеніп, соған сай, қоғамдағы билік іске асырылады, мемлекеттік институттар құрылады және әрекеттенеді; әлеуметтік тұрақтылық қолдау тауып, адамның жөнді өмір сүруі қамтамасыз етіледі.

Құқық бұл заңда көрсетілген, жалпыға бірдей нормалардың жиынтығы (қағидалардың және алдын-ала ұйғарымдардың) әр түрлі топтағы адамдардың жалпы еркін, жекелеген адамның адамдық артықшылығы мен бағалылығын көрсетеді, қоғамдағы бостандық пен жауапкершіліктің (реттеуші) өлшемі ретінде көрінеді.

Құқық (нормативтік концепция) мемлекетпен рұқсат етілген не белгіленген тәртіп нормаларының жүйесі, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті және олардың әрекеттері мемлекетпен кепілденеді.

Құқық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде, басқа адамдық қатынастарды реттеушілерден айырмашылығы бар, яғни діннен, саясаттан, экономикадан, этикадан, т.б.

Құқықтың негізгі белгілеріне, мыналар жатады:


  • Құқық қоғамның еркі. Өз анықтамасында, құқық барлық қоғам мүшелерінің мүдделеріне негізделген, олардың келісіміне және жалпылама еркіне;

  • Құқық адамның бостандығы мен тәртібінің өлшемі. Ол мүмкіндік өлшемін көрсетеді, яғни, жеке адамның құқығы мен бостандығының шындығын және оған мүмкін болатын, құқықтық тежеушіліктің мөлшерін анықтайды;

  • Құқық – бұл жалпыға бірдей міндетті тәртіп нормаларының жүйесі. Жалпыға бірдейлік, формалды белгілілік және құқықтың жүйелілігі, оның маз-мұнына сияқты, құрылымы, көріну нысаны (формы), сипаты құқықты басқадай әлеуметтік нормалардан өзгешелендіреді (моральдан, діннен, т.б.);

  • Құқық – бұл әлеуметтік нормалар, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген. Мемлекет – әр уақытта құқықтың артына тұрып, оның талабын қамтамасыз ететін және бұзылудан қорғайтын күш;

  • Құқық заңмен бірдей емес. Заң шығару (позитивтік құқық) құқық көрсету нысанының бірі. Заң, құқық та-биғатына, оның қағидаларына жекелеген адамдардың бағалылығына жауап бермейді, дұрыс еместігі мойындалады, сондықтан, құқық болып есептелмейді.

Қоғамдық қатынастардың универсалды және оптималды реттеушісі ретінде құқыққа тән, сай келетін саласы болады, оған мыналарды жатқызуға болады:

  • Нормативтік, оның бәріне бірдейлігін, міндеттілігін, тоқтаусыздығын (тіпті белгіленген процедуралық – процесуалдық тәртіпті жоюға дейін) және бар құқықтық белгілеудегі ұйғарымның аумақтық жалпылылығын көрсетеді;

  • Жүйелілік, оның нормаларының бір-бірімен сондай қарым-қатынасы, яғни ол оның тұтастығын қамтамасыз етіп, дербес заңды құрылым ретінде көрсетеді;

  • Динамизм, қоғамдық қатынастардың даму ерек-шеліктеріне байланысты, құқықтың мазмұны жағынан өзгеру қабілеттілігін сипаттайды. Оның жаңалыққа сай көңіл аударып, әр түрлі қоғам өмірінің аясында, бұрынғы қоғамдық қатынастарды өзгертуге не тоқтатуға қабілеттілігі;

  • Сабақтастық (преемественность) – құқықпен, сол не басқа мемлекеттің, өткен жылдардағы жағдайларын не қазіргі кездегілердің құқықтық жүйесін ауыстырып алуы;

  • Тұрақтылық, құқықтың реттеушілік негізінің өзгер-мейтіндігі, оның негізгі қағидаларының, салыс-тырмалы созылған уақыт кезіндегі, ұйғарымдары мен белгілеулерді іс жүзіне асырудағы, мазмұндары мен нысандарының беріктігі.

26. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН АКСИОМАЛАРЫ
Құқықтың барлық табиғаты, қоғамдағы қатынастарды тәртіпке келтіріп, гармонизациялауға бағытталған. Құқық реттеумен, татуластырумен, орнын толтырумен, көтерме-леумен, ал қажетті кезде жазалаумен, тек адамның, адамзат бірлестіктері үшін әрекет етеді. Атап айтсақ, тек сондай идеялар, оны анықтауда құқықтың негізіне берілген.

Құқықтың қағидалары (принциптері) – бұл құқықтың негізгі шығу жағдайы. Яғни, қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығын заң жүзінде бекітушілер.

Құқықтың қағидалары жалпы заң нормаларында арнайы бекітілуге мүмкіндігі бар (нормаларда – қағидаларда), сонда ғана, олар құқықтық қағидалар болып аталады (бұл заңдылық қағидалар, теңдік, кінә, адалдық және қылмыстық құқық гуманизмі (ст. 2-7 УК РФ); заң алдындағы теңдік қағидалары және азаматтық жауапкершіліктегі кінәлі еместік презумциясы (ст. 14-15 КоАП РФ); не құқық нормаларының ішкі мазмұнында өз негізімен құқықтың барлық материясын жарып өтіп, жанама түрінде көрінеді – құқықтық таным қағидалары (мысалы, қайтарылмайтын идеялар және қылмыстық жауапкершілікті жекешелендіру).

Құқықтық қағидалар ішкі және сыртқы функцияларды орындайды. Сыртқы көрініс мынадан тұрады, яғни құқық қағидалары заң нормаларының жүйесіне ықпал етіп, оның қарама-қайшы еместігін және бір-бірімен келісімділігін қамтамасыз етеді; барлық нормативтік ұйғарымдар логикалық жолмен құқықтық қағидалардың мазмұнынан шығуы және толығымен соған сай болуы керек, сонда ғана бірлігімен заң шығарудың максимальді тиімділігі қамтамасыз етіледі. Құқықтық қағидалардың ішкі бағыты, олардың қоғамдық қатынастарға тікелей реттеушілігімен және құқықты қолдануға, заң шығарудағы жетімсіздікті толтыруға ықпал жасауымен көрінеді.

Құқық қағидалары құқық нормаларына олардың таралуына байланысты түрлерге бөлінеді. Сол негіздерге байланысты, төмендегідей қағидалар тобын бөлу көзделген:


  • Жалпылама (жалпықұқықтық) қағидалар барлық құқықтық құбылыстардың негізінде жатыр: адалдық, гуманизм, заңдылық, барлығының заң алдында және сот алдында теңдігі;

  • Салалық (не арнайы құқықтық) қағидалар қандай болмасын нақтылы құқық саласына тән болады. Мысалы, қылмыстық мәжбүрлеу шарасын азайту идеясын және істегені үшін жекелеген адамдардың жауапкершілігін айтуға болады, себебі жеке адамның жуапкершілік қағидасы қылмыстық құқыққа тән және сол қатынастар қалпындағы жазалау, қатаң түрде жеке адамға тән сипат, ал әкімшілік және азаматтық құқықтарда жауапкершілікке тек заңды тұлға ғана жауапқа тартылмайды, солай аталатын үшінші адамдарда тартылады. Бостандық қағидаларына, азаматтық-құқықтық келісімдер мен некелесу бостандығы жатады.

  • Салааралық қағидалар бірнеше жақын салалардың негізі (мысалы, жариялық, бәсекелестік және екі жақтың теңдігі процессуалдық құқық саласына тән);

  • Құқықтың жекелеген институттарының қағидалары (мысалы, жазаны белгілеу, келісім жасау қағидалары және бостандық, құпиялық мұрагерлік институты бойынша мұраның жабықтығы қағидалары, т.б.).

Құқықтық қағидалармен қатар, құқықты іс жүзіне асыруда маңызды рөлді құқықтық аксиомалар ойнайды – көп рет тәжірибеде тексерілген, өзінің көрінісімен және шынды-ғымен белгілі, сондықтан ерекше дәлелдеусіз қабылданатын жағдай (положения). Бұл адам баласының өмір сүргендігі негізделген қағидалар, сонымен бірге, құқықтық сезімнің маңызды қондырғысы, жалғыз ғана құқыққа мүмкіндік береді. Олардың көбісі көне римдік юрис-пруденцияда өңделген, бірақ осы уақытқа дейін өзінің актуальдығын жоғалтқан жоқ.

Ғасырлар бойы тәжірибеде тексерілген мызғымас жағ-дайлардың қатарына мынадай түзеткіштер жатады: субъек-тивтік құқыққа әр уақытта заңды міндеттілік сай келеді; әрекеттің нәтижесін заңсыз белгілеуге болмайды және сол мезгілдегі әрекеттегі заңмен шешіледі; құқық тек нормативтік актімен, құқықтық қатынастарда және құқықтық сезімде іс жүзіне асырылады. Құқық нормаларымен тыйым салынбаған және оның қағидаларына қарсы келтірмейтіндерге рұқсат етілген. Еш адам өз ісінде сот бола алмайды. Алдымен басқа жақ тыңдалуы керек; жеке табыс қоғамдықтың алдында шегінеді; әр адам өзін кінәлауға міндетті емес. Соттың шешімі іске қатынаспағандарға тиіспеуі керек; адамдар бостандықта туады және өз құқықтарында басқалармен тең; бір қылмыс үшін, екі рет соттауға болмайды; ызақорлық қылмысты ақтамайды; егер кінә дәлелденбесе – кінәлі ақталады; кінәліні аяғандар, кінәлі еместі жазалайды; заңмен тыйым сал-мағандарға – рұқсат берілген; жауапкершілікті белгілеуші заң не заңмен белгіленген кінәні ауырлатушы заңның кері күші болмайды. И.А.Ильин ондай аксиомаларға тағы да рухани ла-йықтық, автономияның, заңы, бірін-бірі өзара мойындау заңы.



27. ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ
Құқықтың негізгі және оның қоғам өміріндегі орны туралы әр уақытта саяси проблема ретінде қаралған, себебі оған берілетін жауаптан әрекеттегі биліктің заңдылығы (легитимдігі) тәуелді болған.

Құқықтың рөлі туралы қарағанда, оның талаптық және жалпыәлеуметтік негізі кездейсоқтық емес.

Коммунистік партияның Манифесінде, оның авторлары буржуазияға қарап былай деген: «Ваше право есть лишь возведенная в закон воля вашего класса, воля, содержание которой определяется материальными условиями жизни вашего класса» (К.Маркс, Ф.Энгельс). Кездейсоқ емес, себебі құқық кеңес үкіметі кезінде, үстем таптың белгілеген тәртіп жолдарының жиынтығы ретінде қаралған. Шын мәнінде, «құқықта ең алдымен, билік етушінің еркі көрінеді. Дегенмен, жағымсыз әлеуметтік нәтижеден жасқанып, билікке бағынушылардың мүдделерімен, еріктерімен есептесуге мәжбүр болды» (М.Н.Марченко). Осы көзқарас бойынша, құқықтың жалпыәлеуметтік жағын айтуға мүмкіндік бар. Себебі, құқықта, бір деңгейдегі барлық қоғам мүшелерінің барлық құқық субъектілері тұтасымен, олардың әрқайсысының мүдделері қамтамасыз етіледі. «Сущность права состоит в равновесии двух нравственных интересов: личной свободы и общего блага» (В.С.Соловьев). Осы бағытта құқықтың негізгі орнын мынадан көруге болады. Яғни ол көбірек тиімді әлеуметтік-нормативті реттеуші, жеке адамдардың және ұйымдардың міндетті тәртібінің мүмкін болатын белгілеушісі; Ол шын мәніндегі, қоғамдағы бостандықтың, теңдіктің және адалдықтың кепілі болуы міндетті және соған сай, құқықтағы рұқсат етілген тәртіптің мемлекеттік белгісі (С.Н. Кожевников).

Құқық өзіне белгіленген міндетін орындай отырып, құқық субъектілерінің тәртібіне, қоғамдық қатынастар жүйесіне тікелей жағымды ықпал жасайды. Сол бағыттағы ықпал етушілік оның функциясына сіңген. Оған жататындар – реттеушілік, қорғаушылық және тәрбиелеушілік функциялар.



Құқықтың реттеушілік функциясы – бұл жөнді табиғи және адам мен қоғам үшін тиімді әрекеттерге тікелей ықпал етушілік, яғни бұл жағымды тәртіп жолдарын белгілеу.

Құқық реттеуші функцияны іске асыруда, құқық нормалары арқылы азаматтардың құқықтық қабілеттілігін белгілейді; жекелеген адамдардың құқықтық статусын өзгертеді және бекітеді; заңды тұлғалардың лауазымдылығын және олардың, ұйымдардың өкілдігін белгілейді; заңды фактілерді белгілейді, құқық субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастардың нақтылығын белгілейді (рет-теушілік құқықтық қатынастар); құқықтық реттеудің оптимальді кейіптерін алдын-ала көрсетеді (жалпы рұқсат етілген не рұқсат етушілік), яғни нақтылы қоғамдық қатынастарға тиісті.



Құқықтық қорғау функциясы – оның барлық әрекетте-рінде көрінеді, әсіресе адамға және қоғамдық қатынастарға жағымды жағдайларды зияндыларынан қорғайды. Мем-лекеттік және соған өкілдігі бар мемлекеттік емес құқық қорғаушылық әрекетінен көрінеді (тыйым салуды белгілейді, санкцияны кіргізеді және қолданады).

Тәрбиелік функция – құқықтың барлық әрекетінде, оның болмысында көрінеді, ол адамдарды құқық негізінде әрекет етуге ықпал етеді, азаматтарда құқықты жағымды қабылдауды қалыптастырады.

Құқықтық функциялар сендіру әдісімен және мәжбүрлеу әдісімен іс жүзіне асырылады.



Сендіру – бұл әкімшілік-құқықтық басқару әдісі, оны пайдаланудағы әр түрлі түсіндіру, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық мөлшерін билік астындағылардың еркін қалыптастыру үшін не оны қайта құруда көрінеді.

Мәжбүрлеу – әкімшілік-құқықтық әдіс, ол атқарушы биліктің субъектілерімен құқық субъектілерінің, құқықты бұзуына байланысты қолданылатын, құқық нормаларымен белгіленген мәжбүрлеу шарасы.

жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау