* * *
ЗАҢДЫ ФАКТІЛЕР
72. ЗАҢДЫ ФАКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Тараптарда субъективтік құқық пен міндеттерінің болуы құқықтық қатынастарды әлі тудырмайды, себебі бұл құқықтар мен міндеттер әзірше қағазда қалады. Оларды «жандандыру» үшін белгілі арнайыланған әрбір нақтылы құқықтық қатынастар үшін құқық нормаларымен алдын ала белгіленген жағдайы болуы қажет. Ондай жағдайларға не факторларға заңды фактілер жатады.
Заңды фактілер – нақтылы өмірлік жағдайлардағы құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі не күшін жоюы.
Заңды факторларға қарапайым тұрмыстық не экстроорди-нарлық (кәдімгідей емес) кездер жатпайды, тек сол өмірлік кездер жатады, егер оған тікелей заңды нормалар көрсетсе (мысалы, Н-нің жоғары оқу орнына түсуге құқығы бар, белгілі деңгейдегі құқықтық қабілеттілігі бар, бірақ ол мүмкіндікті іс жүзіне асыру үшін бір ғана жағдай жетіспейді, сонымен қатар түсуге лайықты тапсырылған емтиханның жоқтығы).
73. ЗАҢДЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ: ӘРЕКЕТ, ОҚИҒА, УАҚЫТЫ, ПРЕЗУМЦИЯСЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ КҮЙІ
Заңды факторлардың көрінуі көптүрлі, бірақ оларды жіктеуді жалпылама белгілеріне қарай жасауға болады. Құқықтық қатынастардың қатысушыларының еркіне байланысты заңды фактілер бөлінеді: әрекет және оқиға.
Әрекет – бұл құқықтық қатынастардың қатынасушыла-рының еркіне байланысты фактілер. Әрекет құқыққа сай не құқыққа сай емес (құқықты бұзушы) болуы мүмкін.
Құқыққа сай әрекет – құқық субъектілерінің істейтін қимылы, әрекеттегі нормалардың қалпында жасалса. Заңды бағыттарының белгілеріне байланысты құқыққа сай әрекеттер мынандай түрлерге бөлінеді: заңды актілер құқыққа сай әрекет ретінде, қандай болмасын белгілі заңды, маңызы бар нәтижеге жету мақсатында жасау, яғни заңды салдар маңызын туғызушылар (келісім, азаматтардың өтінішін сотпен шешу, сатып алу-сату, орындалған жұмыс); әкімшілік актілер билік органдарының жарлығы, белгілі заңды салдар (өмір сүретін жерді алу үшін ордер беру, әскери қызметке шақыру); заңды қылық заңды салдарды туғызбау мақсатында жасалады, бірақ сол әрекеттің күшімен сондайды туғызады (мысалы, автор болуға заңды құқықтың пайда болуы не қойманы жабу, құқықтық қатынастардан туындайтын қатынастары).
Құқыққа сай емес әрекет – бұл құқық субъектілерінің әрекеті, яғни ол құқықтық ұйғарымның талаптарымен сай келмейді, тікелей оған қарсы келеді. Бұл құқықбұзушылық (қылмыс немесе теріс қылық), олардың құрамы, жалпы ережемен түгелдей белгілі заңдарда тіркелген.
Оқиға – оның пайда болуы құқықтық қатынастарға қатынасушылардың еркіне байланысты емес.
Есте сақтайтын нәрсе сол, оқиға адамдардың қатысуымен болады, бірақ олардың еркімен емес, яғни адамдар не ондай нәтиженің болатынын тілемеген не олардың болу мүмкіндігіне немқұрайды қараған; салыстырмалы оқиға (оқиғаға адамның қатынасы жанама) және абсолютті оқиға (оқиғаға адам әрекеттерінің тіпті қатынасы жоқ найзағай, өрт, су тасқыны, жер сілкінуі, т.б.).
Осы жағдайлардан басқа, заңды актілерге сонымен бірге уақыт та жатқызылады, заңды презумциялар, функциялар жағдайы.
Заңды уақыт – бұл заңды фактілердің бір түрі, құқық нормаларының пайда болуын байланыстыратын белгілі уақыт ортасында өзгеруді не құқықтық қатынастарды тоқтатуды және соған сай заңды салдарды көрсетеді.
Көбірек маңызды заңды уақыттың ішінен мынаны айтуға болады: құқықты өзгертуші уақыт (басталуы не олардың уақытының бітуі, құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін өзгертуге әкеліп соғады); құқықты құраушы (құқықтық қатынастар қатысушыларының субъектілерінің құқықтары мен заңды міндеттерін белгілейді); құқықты тоқтатушы (соған сай субъективтік құқық пен заңды міндеттерді тоқтатады (белгілемейді); талапты (өкілетті адамның тікелей міндетті адамға, өз азаматтық құқығын қорғау туралы жүргізген кезеңі); шегеруші (жасалған келісімнің құқықтық салдарының болатын кезі); табиғи уақыт (бұл уақыт өткенше кредитор міндетті адамнан өз міндеттемесін орындауды талап ете алмайды); заңды уақыттар (заңмен белгіленген және сондықтан жәй ғана өзгерту мүмкін емес); келісілген уақыт (азаматтық-құқықтық қатынастарының жоқтығы белгілеген); абсолютті-белгіленген уақыт (жоқтардың субъективтік құқық-тары мен заңды міндеттерінің нақты уақытының пайда болуы мен тоқтатылуын көрсетеді); салыстырмалы-белгіліктегі уақыт (нақтылы құқықтық қатынастардың арнайыланған күшіне қарай белгіленетін «нормально-необходимые», «разумные», «соразумные», «своевременные» т.с.с.).
Заңды презумция – бұл заңдарда бекітілген, алдын-ала белгілі заңды фактінің болғанына не жоқтығына сай, құқық нормаларының заңды нәтиженің болуын байланыстырады.
Презумцияның бірнеше түрі бар: фактіге байланысты (презумция өмірлік тәжірибеге сүйенген, сондықтан қандай болмасын формалды бекітуді қажет етпейді). Легальді не заңды, яғни тікелей заңда бекітілгендер (кінәлі емес презумциясы, заңды білу презумциясы, азаматтық тәртіптілігі, жоғары деңгейдегі қауіптіліктің қайнар көзінің иесінің, сол қайнар көзбен келтірген зияны үшін кінәсі; жалпылама құқықтық презумция өз әрекетін барлық құқықтық аяға жаяды; салалық, бір не бірнеше құқық салаларында әрекет етуші; салааралық (әкелік презумция, мүлікті бөлу кезіндегі жұбайлардың бөліктерінің теңдігі); қайтарылмайтын (қылмыстық құқық бойынша кінәлі еместігі не азаматтық құқық бойынша кінәлілігі) және қайтарылмайтын презумциялар (заңдарды білу).
Заңды функция – заң шығарушымен мойындалған шындыққа жататын жағдайлар, адамның, құқықтың жағдайына формальді белгілілік кіргізеді сонымен, өзі қатынасуымен қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпал етеді.
Функиялар көп таралған және құқықтық реттеу аясында көптеген көмекші функцияларды атқарады: өлді деп хабарлаған азаматтың өлген күні деп, соттың шешім шығарған күні есептеледі; соғыс жағдайына байланысты хабарсыз кеткендер сотпен өлді деп егер соғыс біткеннен кейін екі жыл өтсе ғана; егер адам хабарсыз бір жаққа ауысып кетсе және ол туралы хабарлама шақыру қағазы (повестка) ақырғы өмір сүрген жеріне апарылады, яғни басқа адамдардың қолына тапсырылса да адресі бойынша тапсырылады деп есептеледі.
Заңды жағдайлар – бұл созылмалы өмірлік жағдай, заңды нәтижесінің болуының негізі ретінде қызмет етіледі. Бұл заңды факторладың күрделі түрлерінің бірі, салыстырмалы тұрақтылықпен және ұзақ кезеңде өмір сүрумен сипатталады, сол уақытта олар (басқа факторлармен байланысып) құқықтық салдардың тез болуына бірнеше рет жағдай жасалуы мүмкін (жынысы, жасы, денсаулығы, отбасылық жағдайы, еңбек келісімдегі жағдайы, түрмеде болу, азаматтық, туыстық, мамандық, жұмыс істеген уақыты, әлеуметтік рөлі, т.б.).
74. НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ (САЛДАРЫНЫҢ) СИПАТЫНА ҚАРАЙ ЗАҢДЫ ФАКТІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Түсетін салдарына байланысты заңды фактілер төмен-дегіше бөлінеді:
құқықты құрушы фактілер – бұл заңды фактілердің түрі, тікелей құқықтың қатынастарын туғызады (азаматтық-құқықтық келісімдер, отбасы құқығына сай некеге тұру, қылмыстық әрекеттер істеуіне байланысты қылмыстық-құқықтық қатынастарды туғызуы, еңбек келісім шартын жасауы, лауазымды орынға сайлау, т.б.).
құқықты өзгертуші заңды факторлар – бұл заңды факілердің түрі, олар құқықтық қатынастарды өзгертушілер (басқа жұмысқа ауыстыру, жақтардың арасындағы еңбек туралы құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертеді, бірақ тұтасымен құқықтық қатынастар сақталады, адамның міндеттілігін өзгерту, тиісті әскери атақты әскерлерге арнайы қызметкерлерге, ғылыми қызметкерлерге беру.
құқықты тоқтатушы заңды фактілер – бұл заңды фактілердің бір түрі адамның өзі субъективтік құқығын іске асыруда не заңды міндетін не басқадай заңдармен белгіленген кездерді іске асырудағы әрекетін тоқтатуды қамтамасыз етуші, келісім шартын тоқтату, есептелген қауіпсіздік ақшасын төлеу).
Кейбір кездерде, барлық осы үш түрдегі фактілер бір актімен туындауы мүмкін. Мысалы, адамның қайтыс болуы, мұрагерлік қатынастың пайда болуына, қарыз бойынша міндеттілікті өзгертуге, отбасылық, еңбектік және басқа құқықтық қатынастардың тоқталуына әкеліп соғады.
75. ШЫН МӘНІНДЕГІ ФАКТІГЕ САЙ (ЗАҢДЫ)
ҚҰРЫЛЫМ (КҮРДЕЛІ ЗАҢДЫЛЫҚ ФАКТІЛЕР)
Кейбір құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және жойылуына, тек бірнеше заңды фактілердің негізінде мүмкіндігі бар. Мұнда олардың жиынтығы, заңды (фактілер негізінде) көрінуі мүмкін. Мысалы. зейнеткерлік құқықтық қатынастар мынандай жағдайлардың жиынтығын талап етеді: соған сай жасы, еңбек өтілі, әлеуметтік қамсыздандыру органының шешімі; жоғары оқу орнына түсу үшін жалпы орта білімді, емтихандыжақсы тапсыруды, бірінші курсқа қабылданғаны туралы ректордың бұйрығын талап етеді.
Сонымен, шын мәніндегі (фактический) заңды құрылым – бұл құқық нормаларымен белгіленген, құқықтық нәтиженің болуына қажетті заңды фактілердің жиынтығы.
Заңды құрылымды, заңды фактілердің жүйесі ретінде қарауға болады, яғни ашық түрдегі фактілік жүйе деп айтуға болады (заңды фактілердің комплексінде, әрекеттегі заңдармен белгіленбеген элементтердің пайда болуына рұқсат етеді, мысалы келісім күшімен, құқықтың мәнінің жалпы бастауын) не фактілер жүйесінің жабылуы туралы (заңды фактілердің комплексінде, элементтік жүйе жеткілікті түрде белгіленген, мысалы құқықты бұзу құрылымы).
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ЗАҢДАРДЫ ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
76. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Құқық жүйесі – бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі – нормалар, институттар және құқық салалары.
Құқық жүйесінің негізгі формалары:
объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.
қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;
құқық жүйесі – бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары);
құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;
басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.
Құқық жүйесінің элементтері – бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық нормалары құқықтың негізгі жүйесі және тек солар, жекешеленген топтарға бірігіп, құқықтық реттеу белгісімен, сол не басқа қоғамдық қатынастардың өзіндік жиынтығымен нақтылы институттар мен құқық салаларының мазмұнын құрайды.
77. САЛАЛАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ САЛА БӨЛІКТЕРІ:
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Құқық саласы – бұл жекешеленген заңды норомалардың жиынтығы, сапалы біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Барлық құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы пәні мен құқықтық реттеу әдісіне байланысты болады.
Құқықтық реттеу пәні қоғамдық қатынастардың біртекті топтағы құқыпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде көрінеді. Құқықтық қатынастар ықпал ететін қоғамдық қатынастар аясы әр түрлі және бір-бірінен өзгеше (мүліктік, басқарылатын, т.б.). Құқықтық реттеу пәнінің белгісіне сай, құқық салаларын отызға бөліп көрсетуге болады.
Құқықтық реттеу әдісіне жалпылама тәртіппен – бұл заңды жол (не әдістердің жиынтығы), яғни белгілі қоғамдық қатынастарға әр түрлі әдістермен ықпал етеді; императивті – билік ұйғарымы (тыйым салу нормалары): қылмыстық, әкімшілік, қаржы құқығы; диспозитивті – субъектілі, заң қалпында тәртіп жолын таңдауға мүмкіндік береді (азаматтық құқық). Сендіру және мәжбүрлеу барлық құқыққа тән. Әдістер құқықтық реттеу пәнімен белгіленеді, яғни құқықтық қатынастардың әртүрлілігімен.
Осы негізге байланысты (пән және әдіс бойынша) құқық салаларын жүйелеуді көрейік.
Көпшілік құқық – мемлекеттің мүддесіне жататындар: мемлекеттік және саяси құрылысты қолдайтын және күзететін, бар қоғамдық қатынастарды бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейтін құқық салаларының жиынтығы (конституциялық, қылмыс, әкімшілік және басқа құқық салалары).
Жекеше құқық – жекеленген адамдардың мүддесіне қызмет етеді: жекеленген адамдардың мүддесін көрсететін және қарайтын құқық салаларының жиынтығы (азаматтық, кәсіпкерлік, отбасылық, патенттік, қамсыздандыру, еңбек құқықтары, т.б.).
Материалдық құқық салалары тікелей қоғамдық қатынастарды реттейді: мемлекеттік құрылысты, мемлекеттік органдардың ережесі мен құрылымын бекітеді, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Процессуалдық сала – материалдық құқық нормаларын іс жүзіне асыру процедурасын белгілейді және соның өзінен шыққан (азаматтық процессуал, қылмыстық процессуал құқық, әкімшілік-құқықтық процесс, арбритраж және конституциялық процесс).
Негіздік құқық саласы өзінің әрекетін барлық құқықтық шындықтағы субъектілерге таратады (конституциялық, қылмыстық, әкімшілік, т.б.).
Арнайыланған (арнайы) құқық саласы салыстырмалы жіңішке, нормалы қоғам өмірінің нысанына арнайыланған, субъектілерге қатысты (еңбек, отбасылық, жер, қаржылық, кәсіптік, экологиялық, т.б.);
Комплексті құқық салалары қандай болмасын белгілі әрекеттегі аяны реттейді, бірақ мұнда әр түрлі құқық салаларына қатынасы бар (ауылшаруашылық, коммерциялық, экологиялық, т.б.)
Әрбір құқық саласының өзгеруінің арнайыланған шекарасы болады және өзіне тән сипаттағы белгілерін, көрсететін және реттейтін қоғамдық қатынастарға байланысты болады. Жекеленген құқық салалары өз ішінде солай аталатын сала бөліктеріне бөлінеді – арнайы құқық нормалары мен институттарының жиынтығы, қоғамдық қатынастардың арнайыланған бөлігін реттеуге бағытталған.
78. ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБИНСТИТУТТАРЫ МЕН ИНСТИТУТТАРЫ:
ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Құқық саласының қалпында заңды нормалар белгілі блоктарға топтасады – институттар және құқықтың субинституттары.
Құқық институты – салыстырмалы жекешеленген заңды нормалардың жиынтығы, құқық саласының ішіндегі сапалы біркелкі топтарды реттеуші.
Құқықтық институт кейбір міндетті белгілердің болуымен сипатталады: қоғамдық қатынастар аясын реттеудегі біржақ-тылығымен; ерікті құқықтық реттеу пәнімен; бір функциямен; берілген қатынастарды ұқсас реттейтін нормалардың болуымен, заңды нормалардың біртұтастығымен, т.б.
Құқық институттары қарапайым не салалық бір құқық саласымен тұрады (мысалы, азаматтық құқықтағы кепілдік институты, келісім институты, әкімшілік құқықтағы, әкімшілік институты, т.б.) және күрделі не комплексті әр түрлі құқық салаларының құрамына кіретін нормалардың жиынтығын өзіне қосып алушы, бірақ бір-бірімен қарым-қатынастағы туысқан қатынастарды реттеуші (сайлау құқығы, мысалы, конституциялық, әкімшілік қылмыстық құқықпен реттеледі; меншік институты өзіне барлық нормаларды қосып оларды конституциялық, азаматтық, отбасылық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да құқық салаларын).
Көбінесе, бір комплексті құқықтық институттарының қалпында құқық нормаларының жиынтығы бөлініп шығады, себебі, олар бір-біріне ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай кезде құқықтық субъинституттардың болғаны туралы айтылуы қажет. Мысалы, отбасы құқығында алименттік міндеттілікте мынандай субъинституттарға бөлі-неді: ата-анасының және балаларының, ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттеріне бөлінеді; азаматтық құқықта өзіне мынадай түрлерін қосып алады: тұрақты рента, өмірлік рента, өмірлік асырау; денесіне жарақат салу институты қылмыстық құқықта былай бөлінеді: жеңіл, орташа және денесін ауыр жарақаттау субъинс-титуттарына, т.б.
79. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ ЗАҢДАР ЖҮЙЕСІНІҢ АРАҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық заңдардың сыртында өмір сүре алмайды, өте кеңірек мағынада анықтауға мүмкін болса, барлық мемлекеттегі нормативтік актілердің жалпы мемлекеттік маңызы, салаларына сай бөлінген органикалық біртұтасығы (жиынтығы).
Құқық жүйесі және заңдар жүйесі – бұл өте жақын түсініктер. Сонымен қатар, олар жеке-жеке әр түрлі құбылыстарды көрсетеді. Егер құқық жүйесі алғашқы сипатта болса, заңдар жүйесі соның негізінде тұжырымдалады; егер құқық жүйесі – құқықтың өзінің ішкі құрылымы, нормалардан, институттардан және құқық салаларынан, ал заңдар жүйесі – бұл нормативті-құқықтық актілерінің жиынтығы, яғни құқықтың қайнар көздерінің; егер құқық жүйесінің алғашқы элементі құқық нормасы болса, онда заңдар жүйесінің негізінде нормативті-құқықтық актінің бабы болады; егер құқық жүйесі жеткілікті тікелей сандағы салалардан қалыптасса, онда заңдар жүйесі өте көп, нақты есепке келмейтін сандағы нормативті-құқықтық актіден тұрады; егер құқық жүйесінің қалпында қандай болмасын салааралық құрылым жоқ болса, онда заңдар жүйесі нақышты және кешенді салалардың болуымен сипатталады.
Заңдар жүйесі – бұл нормативті құқықтық актілердің сырттай топтасып, қарама-қарсылықсыз, келісілген жүйеге бірігуі, қажетті заңды ұйғарымдармен және оларды өз мәнінде іс жүзіне асыруға ықпал етуімен және оны жеңілдетуімен таныстыру.
Заңдар, салалар арасында былай жекешеленеді:
сала заңдары – құқық нормалары мен нормативтік актілердің жиынтығы, сапалы белгіленген қоғамдық қатынастарды реттейді, бір құқық саласының пәнін реттеуші;
ішкісалалық заңдар – белгілі сала бөлігінің нормасын бекітеді не құқық институтын, олар салалық қоғамдық қатынастардың түрлерін реттейді (мысалы, әкімшілік жауапкершілік туралы заңдар әкімшілік құқық қалпында; авторлық заңдар азаматтық заңдар саласының құрамында; тау, су, орман заңдары ішкісалалық элементтер жер заңдары ретінде; банк заңдары қаржы заңдарының құрамында);
комплексті сала заңдары – бірнеше құқық салаларының нормаларынан тұрады, әр түрлі өздерінің көріну мазмұнындағы қатынастарды және салыстырмалы еріктігі қоғамдық қатынастарды құрушы аяны реттейді (мысалы, көлік заңдары, білім беру туралы заңдар, жекеленген тұрғындар тобының құқықтық жағдайын реттейтін заңдар (жастардың, әйелдердің, ардагерлердің, мүгедектердің, т.б.).
* * *
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ (ТЕТІГІ)
80. ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТІ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ, ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Құқықтың әрекеті – бұл құқықтың мазмұны –дина-микалық жағы, оның шын мәніндегі іске асыру қабілеттілігін сипаттайтын реттеушілігі (арнайы-заңдылық), информа-циялық-психологиялық (мотивациялық), тәрбиелік (идеоло-гиялық, педагогикалық) және қоғамдық қатынастар-дың қатысушыларына әлеуметтік ықпал етуі.
Құқықтың әрекеті – жеткілікті түрдегі механизм. Мұнда оның мынандай жағы көрінеді: құқықтық әрекеттің әлеуметтік механизмі (шын өмірдегі құқықтың ерекшелігінің көрінуін белгілейтін барлық жағдайлар); құқық әрекетінің психологиялық жағы (адам тәртібінің психологиялық механизмін есепке алу, оның сол не басқа құқықтық реттеу заңдылықтарын қабылдауы ықпал етеді); бағалы-ориентациядағы құқықтың әрекеті механизмі (заңдық бекіту, адам үшін көбірек маңыздылықты қорғау және қоғамдық бағалылықты қамтамасыз етуді іс жүзіне асыру).
Құқықтық ықпал – бұл нәтижелі нормативті ұйымдас-тырылған қоғамдық қатынастарға ықпал, арнайы жүйе ретіндегі құқықтық құралдар (құқық нормалары, құқықтық қатынастардың, құқық нормаларының актілерін іс жүзіне асыру және қолдану), сала басқа құқықтық құбылыстарды (құқықтық сананы құқықтық мәдениетті, құқықтық қағидаларды және құқықтық шығармашылық процестерді).
Құқықтық реттеу – белгілі қоғамдық қатынастардың аясына мақсатты бағытталған құқықтық ықпал. Мазмұнына арнайы заңды мақсатты әрекеттер мемлекеттік билік берілген субъектілердің қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруге (ұйымдастыруға) құқық нормаларын белгілеу арқылы және қажетті кездерде осы нормаларға сүйеніп маңызды мәселелер бойынша, сондай қатынастар қалпында пайда болғандарға шешім шығаратын (жалпы құқықтық реттеу және жекеше-құқықтық реттеу).
Құқықтық реттеу белгісіне тән ретінде айтуға болатыны, қоғамдық қатынастардың әлеуметтік реттеуге жататындығы, бірақ мұнда бөлінбейтін мемлекетпен байланысты және оның мәжбүрлеу шарасын пайдалану мүмкіндігі.
81. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
Құқықтық реттеуге жататын тек мына қатынастар: адамның еркімен пайда болып, олардың санасымен тексеріледі (бірақ психологиялық ауыру адамның тәртібі емес); маңыздылығы тек жеке адамға ғана емес, адамдардың бірігуіне, солай айтылатын полецейлік мемлекетке тән); нақтылы қатынасушылардың арасында қалыптасады, бірақ әлеуметтік құбылыстарға емес, себебі оған тек ықпал етуге мүмкіндік бар, бірақ реттеуге мүмкіндік жоқ (демографиялық, миграциондық процестер) мысалы, құқықпен реттелуі мүмкін (бірақ достық, махаббат қатынастары емес көбінде, тұрмыс, демалыс әрекеттері); мемлекетке бағынышты және есеп беруші, яғни олар үшін құрылғандарды, мемлекеттік билік ұйғарымдар оның мәжбүрлеу күшін қолданумен кепілденген.
Сонымен маңызды құқықтық реттеу аясына жататындар экономикалық, басқарушылық және құқыққорғаушылықтағы адам өмірі.
Құқықтық реттеу әдісі – қоғамдық қатынастарға ықпал ететін өзіндік жолдары мен әдістерінің жиынтығы. Ондай әрекеттерге жататындар:
диспозитивтік тәсіл – тәуелсіздігімен және жақтардың теңдігімен сипатталады, қарым-қатынастың сипаты мен ерекшеліктерін өздері шешеді, ол негізінен жеке-құқықтық қатынастарды, яғни жекеленген азаматтар мен олардың ұйғарымдарын қатынастарын реттегенде көрінеді. («Все, что прямо не запрещено законами – дозволено» не «не запрещенное законом дозволено»);
императивтік тәсіл – құқықтық қатынастарға қаты-сушылардың ирархиясына (көнелгеніне) негізделеді бір жағын (биліктік) әр уақытта мемлекет көрсетеді, өз органдарының не лауазымды адамдар түрлерімен, ал екінші жағын (бағыныштылық) – азаматтар және олардың ұйымдары көрсетеді; бұл әдіс ұйғарымды орындау үшін, тыйым салуға, міндеттілік пен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану мүддесін көрсетіп қорқытуға негізделген («Все что не разрешено законом – запрещено»).
Құқықтық реттеу әдісін тәжірибе жүзінде іс жүзіне асыру белгілі бір қоғамдық қатынастар аясы үшін, арнайыланған тәсілдер арқылы жүргізіледі.
82. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Құқық қоғамдық қатынастарға екіжақты тәртіп белгілейді: нормативті-жалпылама жекешеленбеген) және жекешеленген (нақтылы) деңгейде. Сондықтан құқықтық реттеу әр түрлі тереңдігіне қарай сол аядағы адамдар ортасына таралады. Соған байланысты былай бөлінеді:
Жалпылама не нормативті-құқықтық реттеу – уәкіл етілген субъектілердің өз қызметі бабының көлемінде қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруге бағытталған әрекеттері. Ол құқық нормаларын құру, өзгерту, толтыру не жою арқылы жүргізіледі, соған сай олардың әрекет ету аясы кеңістікте, уақытта және адамдар ортасында белгіленеді. Шындығында бұл құқықтық шығармашылық әрекеттері.
Казуальдік не жекеше-құқықтық реттеу – субъекті-лерінің қызмет бабы ретінде, заңды маңызы бар, заңды мәселелерді шешумен байланысты, заңдармен белгіленген процедуралық-процессуалдық нысанда өтеді, оның нәтижесі жекеше-құқықтық акт, құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен міндеттері нақтыланады.
Локальдік құқықтық реттеу – субъектілердің қызмет бабы ретінде, әлеуметтік-заңдылық жағдайын шешумен байланысты нормативті және жекшеленген құқықтық реттеудің элементтерін өзіне үйлестіруші.
Атап айтатынымыз, жекеше-құқықтық реттеу соған өкілдігі бар лауазымды адамдармен, құқық субъектілерінің тәуелсіз өзімен іс жүзіне асырылады. Осы негіздемелерге байланысты жекеше-құқықтық реттеудің екі түрі бөлініп шығады:
|