Аєдарбеков Т


ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ КЕЗЕҢДЕРІ



жүктеу 2,32 Mb.
бет8/14
Дата25.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#16933
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

60. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ КЕЗЕҢДЕРІ
Құқықты қолдану өте күрделі процесс және бірнеше кезеңдерді қамтиды. Бірізділіктегі, қарым-қатынастағы кезеңдер, оларға өкілеттілігі бар мемлекеттік орган мен нақтылы істі қарау және шешу жатады.

Бірінші кезеңде фактілер негізінде, істің жағдайын белгі-лейді. Бұл заңды ақпараттар жинау, оны зерттеу және бағалау.

Екінші кезеңде нақтылы өмір кезеңдерін заңдық сараптау жүргізіледі, оны әрекеттегі құқық нормасы жағынан бағалай-ды. Яғни сол жағдайлардың заңды фактілерге сай маңыздылы-ғын анықтауға бағытталған және салыстыру мен тіркеуде кө-рінетін олардың белгілерінің, заңды фактілердің белгілерімен, құқық нормасын таңдайды, оның шындығын тексеріп (шындығын, әрекетін) мазмұны мен мәнін айқындайды.

Құқықты қолдану процесінің соңғы кезеңінде істің негізгі шешімі шығарылып, оның документальді құжаттандырылуы соған сай қолдану құқығының актісіне жазылады (жекелеген құқықтық акті): әкімшілік құқықбұзушылық туралы протокол жасалады, рұқсат беру іске асырылады, іс бойынша шешім шығарылады. Мұндағы соңғы кезеңге шығарылған шешімнің орындалуын ұйымдастыру мен оның жөнді орындалуын қолдану бақылау жатады.

Сонымен, құқық нормасын қолдану – калпындағы барлық операциялардың нақтылы белгіленген құқықтық және субъективтік кездердің жиынтығы, құқықты қолданудың қатаң жағдайындағы процесте өтеді – мазмұнды және логикалық уақытта және кеңістіктегі өкілетті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды істі шешуі, ол құқықты қолдану актісін шығарумен шектеледі.

61. ҚҰҚЫҚТЫ ҚОЛДАНУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Өзінің маңыздылығы мен құқықты қолдану субъекті-лерінің билік өкілеттілігі болғандықтан құқықты қолдану әрекеті бірнеше талаптарға сай өткізіледі.

Бұл кезде құқықты қолдану қағидалары негізгі идеялар ретінде көрінеді және құқықты іс жүзіне асыру аясында, міндетті бағыттардың бастаушыcы:



  • заңдылық (құқықты қолданудың заңды негізіне);

  • негізделетіндік (дәлелденгендік) нақты істің негізі туралы.

  • ыңғайлылық (қоғамдық қатынастарға тиімді ықпал жасау мақсатында);

  • әлеуметтік адалдық (қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету бағыттары), т.б.



62. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АКТІЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Құқық нормаларын қолдану актілері – бұл заңды іс бойынша өкілетті органның нақтылы жағдайлар мен жекеше белгіленген адамдарға құқық нормаларының негізінде арнайы шығарылатын ұйғарымдар.

Құқықты қолдану актілері қандай кезде болмасын, шығарылғаннан кейін маңызды нәтижелерін көрсетеді. Олар нақтылы құқықтық қатынастарды туғызады не болмаса нақтылы құқықтық қатынастарды өзгертеді.

Құқықты қолдану актілері түрлеріне қарай әр түрлі:


  • Құқықты қолдану актілерінің түрлерінің белгі-леріне байланысты бөлінеді: реттеуші актілер және құқыққорғау актілері. Олардың алғашқы-лары қоғамға және жекеленген адамдардың қатынасын тәртіпке келтіруге бағытталған, ал екіншілері субъектілердің құқыққа қарсы тәртіптеріне тыйым салып жазалау үшін қажет;

  • Бұл актілердің сыртқы белгілеріне байланысты келісімдерге бөлінеді: актілер-құжаттар (бұйрық, ұйғарым, үкім, анықтау, шешім, қорытынды) және әрекет актілері (вербальные-словесные, кон-клюдентные-жестовые, акты-символы-знаковые);

  • Құрастыру жолдарының белгілеріне байланысты ұжымдық (комиссия шешімі) және жекешеленген (бастықтың бұйрығы).

Құқықты қолдану актілеріне жеткілікті түрде қатаң талап-тар қолайлы, оның ішіндегі мыналарды айтуға мүмкіндік бар:

  • олардың шығару негізіне жататын нормативтік актілерге сай келуі;

  • олар құқықты қолданатын субъектінің өкілеттік шегінде шығарылуы міндетті;

  • олардың белгілі құрамы болуы міндетті (кіріспе, сипатталуы, негіздемесі, нәтижелік бөлімі);

  • қатаң түрде негізделінуі міндетті, яғни барлық фактілер негіздері және формальді жағдайлардың есепке алынуы.


63. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН

ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ АКТІЛЕРІНІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Нормативтік-құқықтық және жекешеленген-құқықтық актілердің арасында сәйкестік бар: олар категориялық және билік сипатта, мемлекеттік мәжбүрлеудің күшімен өздеріндегі бар ұйғарымды орындатуды қолдайды; оларды қатаң түрде арнайы белгіленген ортадағы соған өкілеттігі бар адамдар шығарады (қабылдайды); олардың нақты құрамдары мен талаптары бар, ол талаптар орындалмаған жағдайда оларды дұрыстыққа жатқызбайды; олар тікелей қоғамдық қатынастарды реттейді; қатынастарды тәртіпке салуға, заңдылықты бекітуге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін бірдей бағытта болады.

Сонымен қатар, кардинальді (маңызды) өзгерістер бар. Нормативтік-құқықтық акті-субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттері туралы, сол не басқа нақты кездерде белгіленген тәртіп жолдары (Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Кеден кодексі, т.б.) алатын қайнар көзі. Әр уақытта есте ұстайтынымыз – нормативтік-құқықтық актілердің құқық нормасын ұстайтындығы (жалпылама, жекешеленген, өзінің әрекеті туралы, уақытпен тежелмеген ережесімен), нақтылы-жекеленген істерді шешудің негізі ретінде қызмет етуші.

Құқықты қолдану актісі – нормативтік-құқықтық актілердің негізінде құралған құжат, бірақ нақты адамдардың және фактілердің болған уақытын көрсетеді (мысалы, Қылмыстық не Кеден кодекстері және сот үкімі не тәртіптік сөгіс беру; мемлекеттік марапаттаулар туралы және көтермелеу туралы бұйрық; Орта және арнайы білім беру туралы Ереже, соның негізінде азаматтың оқуға құқығы болады (білім алуға), және нақтылы жоғарғы оқу орнына белгілі курс пен топқа тіркеу туралы бұйрық). Сонымен қатар, құқықты қолдану актілерінің бірмезгілдік қана әрекеті бар, себебі қатаң түрде белгіленген кезде есептелген. Бұл актілер тек акті үшін міндетті нормативті мазмұндағы жазбаша нысанда болмай, солай айтылатын конклюденттік әрекетте көрінуі болады (реттеушілік). Олар тек өкілетті мемлекеттік лауазымды органдар және адамдармен ғана шығарылуы мүмкін (мекемелер, ұйымдар) және басқадай жекешеленген коммерциялық құралдар.

* * *
ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ
64. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Құқық нормаларын талқылау – бұл мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың құқық нормаларының мазмұндарын, мәнін түсіндіру әрекеттері; бұл әрекет құқықтың қайнар көзінде көрсетілген мемлекеттік ерікті ашуға бағытталған, мақсаты оны дұрыс және тиімді іс жүзіне асыру.

Талқылаудың қажеттілігі (заңды герменетика/экзегеника) былай қамтамасыз етілген:



  • құқық нормалары жалпылама, бөлінбейтін (жекешеленбеген) сипатта болады, сол уақытта құқық ұйғарымдарын іс жүзіне асыру нақтылы өмір жағдайында қалпына кірмесе де;

  • құқық нормаларының сыртқы көрінісі әр уақытта абстрактылы, мәтіні өте қысқа және ыңғайлы, сондықтан құқық нормаларының мазмұнын толық түсіндірмейтіндігіне екі мәнділігі және белгісіздігі көңіл аударады.

  • құқық нормалары күрделі заңдық конституция, заң шығару техникасының қатаң жолына сай құрылған, сондықтан оларды құрастыру ойлануды талап етеді;

  • Заң тілінің жетілмегендігінен нормалардың мәтіні нағыз құқықтық ұйғарыммен әріпті сәйкес келетін кездері болады.



65. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖОЛДАРЫ

ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Талқылау заңды әрекеттің арнайыланған түрі ретінде екі кезеңнен тұрады: түсіну және түсіндіру.



Талқылау-түсіну құқықтық ұйғарымның мәнін түсіну – бұл интеллектуальді еріктегі әрекет, құқық нормасының мәні мен мазмұнын интерпретатордың талқылаушының өзінің табуына бағытталған. Бұл «өзі үшін» талқылау.

Талқылау жолдарын (әдісін) түсіну:



  • Грамматикалық (лексикалық, лингвистік) – ондағы дәл құрастыруды белгілеу мақсатында нормативтік актінің мәтінін (текстік) түсіну;

  • Құқық нормаларын логикалық талқылау жолына, формальді және диалектикалық логиканың жолын пайдаланып, нормалардың мәнін оның басқа нормалармен логикалық байланысын анықтау және олардың бір-бірімен, құрам бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастарды талдау;

  • Көлеміне қарай талқылау: әріптік (құқық норма-ларының мәні мен мазмұнын мәтіндігі көрінісіне сайлығы), тежеушілік (құқық нормаларының мәтіндік мазмұнын талқылау, кеңіректеу (ұйғарымның мәні мен мазмұнын құқық нормаларының мәтінін кеңірек талқылау);

  • Жүйелі әдіс – құқық нормаларының мәнін, оның соған сай нормативтік-құқықтық актілер жүйесіндегі орнын білу арқылы, сонымен қатар сол қоғамдық қатынастарды реттеуші басқа салалардың нормасымен қатынасын ашу арқылы білу.

  • Құқықтық нормаларды талқылаудың тарихи жолы – құқық нормаларының мәні мен мазмұнын қазіргі әрекеттегі нормалармен және бұрынғы сондай реттеушілікті салыстырудың көмегімен түсіну;

  • Құқықтық ұйғарымдардың мәнін түсіндіру нақтылы тарихи (саяси, экономикалық, идеологиялық) жағдайларды талдау негіздегі олардың қабылдауын білдіру.

  • Құқық нормаларын арнайы-заңдылықпен талқы-лау – құқық нормасының мәнін арнайы заңды атаулардың (терминдер) мазмұнын заң ғылымдарының және құқықтық шығармашылық-техниканың көмегі-мен ашу.

  • Құқық нормаларын телеологикалық талқылау – құқық нормаларын талқылаудың жолы, берілген норманың мәні мен мазмұнын оны қабылдаудағы мақсатына қарай түсінуге жатады.

  • Талқылау-түсіндіру – бұл интеллектуалды-ерікті әрекет, интерпретатормен құқықтық ұйғарымның мәні мен мазмұнын, құқықтық қатынастардағы қызығушы субъектілерге жеткізу. Мұндай талқылау (басқалар үшін) әр түрлі субъектілермен берілуі мүмкін (жоғарғы өкілетті билік органдармен, құқықты қолдану органдарымен және жекеленген адамдармен).

Заңдылық күштеріне байланысты арнайыланған және арнайыланған емес талқылауларға бөлінеді.

Арнайы (легальді) құқық нормаларын талқылау, соған де-ген өкілдігі бар субъектілердің, мемлекеттік органдардың, ла-уазымды адамдардың қоғамдық ұйымдардың құқық нормала-рын белгілеуге, онда көрсетілген мемлекеттік ерікті атайтын әрекеттері. Басқа субъектілері үшін міндетті маңыздылығы бар соған сай актілерді іс жүзіне асырушылардың әрекеттері.

Арнайы талқылаулардың мынандай түрлері бар: ауден-титтік (авторлық) – сол құқық нормасын шығарған органдар-дың талқылауы; легальді – нормаларды талқылау өкілеттігі басқа органға беріледі; нормативтік (жалпылама) – құқық нормаларының талқылауға түсетіндердің, барлық кездері үшін; казуальді (жекешеленген) – нақтылы іс бойынша түсіндіру.

Құқық нормаларын арнайы талқылау актілері (интер-претациялық актілер) – бұл өкілеттілігі бар мемлекеттік ор-гандардың және лауазымды адамдардың шығаратын құқық-тық актілері, онда құқық нормаларын түсіндірушілік бар.

Құқық нормаларын арнайы талқылау, нақтылау, белгілі құқықтық ұйғарымның мәнін түсіндіруге бағытталған. Олардың барлық басқа құқықтық актілерден өзгешелігі сонда, олардың өзіндік маңыздылығы жоқ; құқықтық жаңа нормасын белгілемейді, әрекеттегілерді өзгертпейді, заңды күші бар және тәжірибеде, ол тек талқыланатын нормалардың әрекет ететін кезінде ғана маңызды; сондағы тапсырма, әрекеттегі заң нормаларын қалай түсінумен қолдану туралы; мемлекеттік міндеттілігі бар; субъектілерге емес, әрекеттері талқыланатын құқық нормаларымен реттелетін құқықты қолдаушыларға бағытталған.



Құқық нормаларын арнайы емес талқылау – бұл субъектілердің құқық нормаларының мәні мен мазмұнын түсіндіру әрекеттері, міндетті заңды маңыздылығы жоқ және заңды биліктен аластатылған.

Соған сай талқылау-түсіндірудің бұл түрінің императивті сипаты жоқ және заңды күші жоқ. Ол тек құқықты қолдау әрекетіне көмектесуге қажет.

Арнайы емес талқылаудың түрлеріне мыналар жатады: доктриналдық (ғылыми) талқылау – бұл ғалым-теоретик-термен және тәжірибелі заңгерлермен берілетін түсіндіру; эмпирикалық (күнделікті тұрмыстық) талқылау жекеленген құқық нормаларының мәнін және мазмұнын түсіндіру не құқықтық қолдану актілерін, арнайы заңгерлік білімі жоқ адамдармен түсіндіруде көрінеді. Маманданған (өкілдігі бар) – тәжірибелі заңгерлердің, мемлекеттік аппараттың лауазым-ды адамдарының және басқа сондай адамдардың пікірлері.


66. ҚҰҚЫҚТАҒЫ АҚТАҢДАҚТЫҚ ЖӘНЕ

ЗАҢДЫ АНАЛОГИЯ
Құқықтағы ақтаңдақтық – нақтылы қатынастың соған сай құқық нормаларымен реттелмеген кезі не оның жоқтығы мен толық болмауы.

Құқықтағы ақтаңдақтықтың болуына әр түрлі факторлар-дың болуы себеп болады. Олардың ішіндегілерге жататындар: толық қарамау, заң шығарушының қателігі; қоғамдық қатынастардың даму динамикасынан, заңдар деңгейінің төмен болуы, қалып қоюы. Заң шығарушының қажеттіліктері мен дұрыс қарамағандықтары; құлықсыз заң шығару (құқықтық шығармашылық) техникасын пайдалану; субъектілердің құқықтық шығармашылығындағы құқықтық мәдениеттің төменгі деңгейі.

Ақтаңдақты тек жаңа нормативтік актілерді қолдану арқылы толтыруға болады. Бірақ бұл процесс көп уақытқа созылатын болғандықтан тәжірибе құқықтағы ақтаңдақты толтырудың бір жолы ретінде заңдық аналогияны қолдануды ұсынады.

Заңды аналогия – бұл құқықпен реттеліп шешілмеген кездегі сипатына сай ұқсас қатынастарды реттеуші кезде құқық нормаларын қолдану арқылы (заң аналогиясы) не жалпылама (қағидалардың) не құқықтың (құқық аналогиясы) бастауы негізінде шешу.

Аналогия қылмыстық және әкімшілік құқық аясындағы әрекетіне қатаң тыйым салынған, бірақ азаматтық заңдармен алдын-ала белгіленген.

Жалпы тәртіп бойынша, құқықтың және заңның аналогиясын пайдалану белгілі талаптар кезінде ғана мүмкін. Сондай талаптар қатарына жататындар: аналогияны пайдаланудың қажеттілігін қатаң түрде негіздеу және заңмен оған рұқсат бергендігі; сондай кездерді тікелей реттейтін нормалардың жоқтығы; берілген құқық саласының не институтының құқық қағидаларына тұтасымен сайлығы; мемлекеттің құқықтық саясатының мақсатына сайлығы.

67. ЗАҢ НОРМАЛАРЫНЫҢ КОЛЛИЗИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ
Заңды коллизия – бұл бар құқықтық актілер және олармен реттелетін қоғамдық қатынастардың арасындағы қарама-қайшылық; жекелеген нормативті-құқықтық актілер-дің арасындағы және бір ғана аралас қоғамдық қатынастардың арасындағы қайшылықтың болуы; бірнеше құқық нормала-рының болуы бір ғана нақты кездегі шешу үшін, бірақ қарама-қайшы мазмұнымен; құқықты қолдану процесіндегі пайда болатын қарама-қайшылық және өкілетті органдармен, лауазымды адамдармен өздерінің өкілеттілігін іс жүзіне асыру.

Коллизияның себептері әр түрлі: халықаралық нормалармен ұлттық нормалардың арасындағы келіспеушілік; заң шығарушының қажеттігі; қоғамдық қатынастардың тездетіп дамуы және өз уақытында заңдарды жаңаламау; жаңа актілерді қабылдағанда «ескілердің» сақталуы, құқықтық мәдениеттің және заңды техниканың төменгі деңгейі; коньюнктуралық мүдделердің күресі, т.б.

Заң нормаларының коллизиясы кезінде міндетті түрде кейбір міндетті жағдайлар әрекет етуі тиіс. Мысалы, құқықты қолданушы өз ісінде приоритетті (алғашқылық) ұстауы керек: халықаралық құқықтың ішкі мемлекеттіктен жоғарылығы; арнайы нормалардың жалпы нормалардан, нормалардың жоғарғы органнан шыққандығынан федералдық заңдардың Федерация субъектілердің заңдарынан жоғары болуы.

* * *
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
68. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Құқықтық қатынастар – бұл мемлекетпен қорғалатын қоғамдық қатынастар оңды құқық нормаларының адам тәрбиесіне ықпал етуде пайда болады және субъективтік құқықтарының болуымен және оның қатысушыларындағы заңды міндеттермен сипатталады.

Қандай болмасын құқықтық қатынастардың арнайы-ланған белгілері болады:



  • заңдық нормалардың негізінде құрылады, құқықтық қатынастардың нысанымен мазмұнын белгілейді;

  • екі жақтың өзара субъективтік құқық пен заңды міндеттердің болғанына негізделген;

  • бұл ерікті қатынастар себебі құқық нормаларынан басқа қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың еркі қажет. Мұнда ерік екі жаққа бірдей (неке, сату-сатып алу) не біржақты (алдын ала тергеу процесінде қылмыстық іс қозғау – мемлекеттің еркі);

  • әр уақытта мемлекетпен қорғалады.

Нақтылы құқықтық қатынастарды туғызуға қажетті белгілі жағдайлар керек алғышарттар: құқықтық қаты-настардың материалдық алғышарттары (әлеуметтік-экономикалық, мәдени жүйе және сол не басқадай құқықтық реттеу қажеттілігі, қоғамдық қатынастарды объективті қамтамасыз ететін жағдайлар); заңдылық қажеттілік (қажетті формальді-заңдылық жағдай, солардың болуына байланысты (өзгереді, тоқтатылады) құқықтық қатынастар пайда болады.

Ондай құқықтық қатынастардың алғышарттарына мыналар жатады: құқықтық қатынастардың қатысушыларын заңды құралдармен, құқықпен, міндеттілікпен толықтырады; заңды фактілер, яғни құқықтық қатынастар, құқықтық субъективтік, құқықтық қатынастарға белгілі қатысушылары ретінде пайда болатын жағдайлар; өкілеттілігі бардың мүддесі және құқықтық қатынастардың қатысушыларының тәртібі.




69. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ

(ОНЫҢ СУБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІСІ)
Қандай болмасын қатынастар, құқықтық қатынастар жеткілікті түрде күрделі құбылыс белгілі элементтерден тұрады. Олардың болуы өте қажет және құқықтық қатынастардың өзінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Көптеген бар құқықтық қатынастардың көптігіне қарай, олардың бәрі оларды құратын элементтерден құралады: субъектілерден және объектілерден. Мұнда құқықтық қатынастардың заңды мазмұны ретінде субъективтік құқық пен міндеттер көрінеді.

Құқықтық қатынастың құрамы – бұл қажетті элементтердің жиынтығы берілген үлестеріне сай, субъектілер мен субъективтік құқықтар және заңды міндеттер және белгілі объектілер, сол туралы олардың әрекеттістікке кіруі.

Құқықтық қатынастардың субъектісіне, құқықтық қатынастардың қатынасушылары, субъективтік құқығы мен заңды міндеттері болса ғана кіреді: физикалық және заңды тұлғалар.

Физикалық тұлғаға – индивидтерге құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде жататындар: мемлекеттің азаматтары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, егер олар егеменді мемлекеттің аумағында өмір сүрсе. ҚР азаматтарына жататындар: ҚР азаматтығы бар адамдар жатады және ҚР заңына сәйкес азаматтық алғандар...

Құқықтық қатынастардың субъектісі болу үшін индивидтер не ұйымдардың құқықтық-субъективтігі болуы қажет, яғни құқық субъектісі болатын қабілеттігі болуы керек не субъективтік құқығы мен заңды міндеттері болып оларды өздерінің әрекеттерінде іс жүзіне асыруы керек.



Құқықтық-субъективтік, құқықтық қабілеттіліктен және деликт қабілеттілікпен қалыптасады.

Құқықтық-қабілеттілік – бұл заңдарда бекітілген өз әрекетімен құқықты алу және құқықты міндеттілікті іске асыру, оларды пайдалану және орындау. Физикалық адамның қабілеттілігі тікелей жасына және психологиялық, физикалық денсаулығының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Жалпы тәртіп бойынша қабілеттілік толығымен кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ғана болады.

Әр түрлі негіздемелерге байланысты қабілеттілік толық болмауы да мүмкін. Ондай жағдайлар бар құқықтың көлемін (тежеу) субъектілердің ерекшеліктеріне байланысты: жекелен-ген қабілеттілік (14 жасқа дейінгі жасөспірімдер шектелген құқықты пайдаланады, яғни тұрмыстық ұсақ-түйек заттармен келісім жасау, одан артыққа құқықтарды шектеуге рұқсат жоқ); шектеулі қабілеттілік сотпен ғана белгіленеді (маскү-немдерге, нашақорларға және түрмеде отырғандарға), олар ке-лісім жасауда шектеледі, бірақ субъектілердің өз міндеттерін орындауға және өз әрекеті үшін жауапкершілікте болуы шек-телмейді; толық қабілетсіздік (алты жасқа дейінгі балалар, есінен ауысқандар), оларға өз еркімен келісім жасауға заң арқылы тыйым салынады және заңды жауапкершіліктен босатылады.

Қабілеттілік заңды тұлғалардың тіркеу кезінде ғана пайда болады, мұнда ол құқықтық қабілеттілікпен дәл келеді.

Деликтоқабілеттілік – бұл заңмен мойындалған, субъектінің заңды жауапкершілікті алып жүруімен қатар өзінің құқыққа қарсы тәртібін саналы мойындау қабілеттілігі.

Азаматтың құқықтық субъектілікке ие болуы, яғни бостандық құқығы мен міндеттіліктің жиынтығы құқықтық статус деп аталады (құқықтық жағдайы).



Заңды тұлға құқықтық қатынастар субъектісі ретінде ұйымдар болады, олардың жекелеген меншікті мүліктері болуы қажет және оны басқаратын оперативтік жағдайына байланысты өз мүліктері бойынша міндеттеріне жауапкершілігі болуы қажет және өз атынан мүліктік және жекеше мүліктік емес құқықты иемденуге, міндеттілікті көтеруге арыздануға және сотта жауап беруге құқығы болады.

Құқықтық қатынастардың екінші элементтеріне объект жатады.



Құқықтық қатынастардың объектісіне кіруге мүмкін-дігі барларға материалдық және материалдық емес табыстар жатады, оларды көрсетумен не пайдаланумен құқықтық қатынастардың өкілеттігі бар жақтарының мүдделері қанағаттандырылады. Сонымен, құқықтық қатынастардың объектілері сол құқық нормаларының әрекетіне бағытталған шын мәніндегі оның қатысушылардың тәртібі.

Сол негіздерге байланысты әр түрлі құқықтық қатынастарда әр түрлі объектілер болуы мүмкін: материалдық табыс (ақша және басқадай мүліктер, яғни алып-сатуға арналған мүліктер, айырбастау, сыйлыққа беру, қарыз, т.б.), жекелеген мүлік емес, құқық не материалдық емес табыс (өмір, денсаулық, жеке не отбасылық құпия, автор болуға, ақпарат алуға, т.б.), құқықтық қатынастардың қатысу-шыларының тәртібі (олардың әрекеті не әрекетсіздігі); тәртіптің белгілі нәтижесі; рухани шығармашылықтың жемісі (әдеби, ғылыми, искусстволық).




70. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ: СУБЪЕКТИВТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ МІНДЕТТЕР
Құқықтық қатынастардың мазмұны – бұл өзара құ-қықтық қатынастардың жақтарында бар, олардың субъектив-тік құқықтарымен заңды міндеттерін іс жүзіне асыру.

Субъективтік құқық – бұл құқықтық қатынастарға қатынасушылардың тәртіптерінің нақтылы материалдық не материалдық емес табысқа жетуге жеткілікті мүмкіндік шарасы, заңды міндеттермен берілген құқықтық қатынас-тардың басқа қатынасушыларын қамтамасыз етуші.

Субъективтік құқық адамның нақтылы заңдылық күші ретінде әрекеттегі абстрактылы және жекешеленбеген заңды нормалардың негізінде пайда болады. Заңдылық қамтамасыз етілу субъективтік құқықта мына мүмкіндіктен көрінеді:



  • белсенді тиімді әрекеттер,

  • міндетті жақтардан соған сай тәртіпті талап ету;

  • басқа жақпен өз міндеттері орындалмаған кезде, мемлекеттің мәжбүрлеу күшіне жүгінуі;

Заңды міндеттілік – бұл құқық нормаларымен алдын-ала белгіленген міндетті жақтың түрі және қажетті тәртіп мөлшері, мақсаты құқықтық қатынастардың өкілетті жақтарының мүддесін қанағаттандыру.

Заңды міндеттер мынадан тұрады:



  • заңмен алдын ала белгіленген белсенді, тиімді әрекеттерді, құқықтық қатынастардың басқа жақтары үшін жасалу қажеттілігі (міндеттілігі);

  • белгілі әрекеттен ұстанымдылық жасау қажет-тілігі (міндеттерді);

  • алдын-ала белгіленген әрекетті орындамағандығы үшін жауапкершілікке тарту міндеттілігі.



71. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Белгілі негіздерге байланысты құқықтық қатынастарды мынандай белгілермен әр түрлі түрлерге бөлуге болады:

- құқықтың функциясына: реттеуші құқықтық қатынас, субъектілердің бірізділік тәртіптерінің қалпында қалыпта-сатын және күзетушілік субъектімен құқық нормаларын бұзған кезінде пайда болатын;

- өздерінің қалыптасатын құқықтың саласына байланысты құқықтық қатынастарды, мынаған бөлуге болады: еңбектік, отбасылық, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілік-құқықтық және басқа құқықтық қатынастарға;

- өмір сүру уақытына байланысты болатындар созылмалы (жоғарғы оқу орнының студенті және әкімшілік, жұмыскер және жұмыс беруші) және уақытша не мезгілдік (мысалы, сайлаудағы дауыс беру актісі);

- өзінің сипатына байланысты құқықтық қатынастар мынандай да бола алады, материалды-құқықтық, тікелей субъектілердің қарым-қатынасын реттейтін, оларға соған сай құқық пен міндеттілік беру арқылы және процессуалдық ұйымдастырушылық, басқарушылық сипаттағы процес-суалдық нормалар негізінде пайда болатын, субъектілердің құқықтары мен міндеттерін іс жүзіне асыру процедурасын алдын ала белгілейтіндігі.

- жақтардың қатынастарының белгіленуіне байланысты болатындар: қарапайым (бір субъектіде – құқық, ал басқада – міндеттілік (қарыз келісімі); күрделі – әр түрлі құқықтық қа-тынастардың қатынасушыларында құқық және міндеттілік бар (жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім); абсо-люттік құқықтық қатынастар, мұнда өкілдігі бар жақта қарсылықта тұрған белгісіз көлемдегі көп пассивті міндетті-ліктегі субъектілер (мысалы, меншік құқығы); салыстырма-лы құқықтық қатынастар, барлық ондағы қатынасушылар қатаң түрде жеке адамдарға бөлінген және оңашаланған, яғни нақты белгіленген не аттары аталған (сатушы-сатып алушы);

- іс жүзіне асырылатын ортасына байланысты құқықтық қатынастарды былай бөледі: жекешеленген-құқықтық (келі-сімдер) және көпшілік-құқықтық (бұйрық-басқарушылық),

- Пайда болу негіздемесін есепке алуына байланысты жалпылама құқықтық қатынастар (тікелей заңнан пайда болады), өзінің шын мәніндегі өмір сүруіне байланысты жеке адам мен нақтылы құқықтық қатынастар (заңды фактілер негізінде пайда болады, қылықтардың, нақтылы тәртіптің актілері).



жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау