автоматтандырылған зерттеу әдісі ақпарат жинауға адамдарды қатыстырмай-ақ, жолаушы ағыны туралы өңделген түрдегі ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған зерттеу әдісі түйісті(к о н т а к т і л і ) , т ү й і с с і з ( к о н т а к т і с і з ) , ж а н а м а ( к о с в е н н ы й ) , а р а л а с болуы мүмкін.
Түйісті(контактілі) әдіс жолаушылардың техникалық құралдарға тікелей әсер етуінің нәтижесінде жолаушы ағыны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл әдісте тұрғындар көп жиналатын вокзал, сауда орталығы т.с.с. орындарға экраны мен клавиатурасы бар құрылғылар орнатылады. Потенциалдық жолаушылар құрылғының тиісті түймесін басу арқылы, өздерінің көлік жәрдемінде жылжуға деген қажеттілігі мен сұранысы туралы ақпарат бере алады.
Түйіссіз(контактісіз) әдісте жылжымалы құрамның есіктеріне орнатылатын фотоэлектрлік приборлар қолданылады. Мұндай приборлардың жәрдемінде әрбір аялдамада қанша жолаушы көлікке отырып, қаншасы көліктен түскенін анықтайды. Кемшіліктері: приборды реттеу күрделі және
«пик» сағаттарында прибор үлкен (25% ке дейін) қателікке жол береді.
Жанама (косвенный) әдісте рессор жастығына орнатылған тензометрлік датчиктер жәрдемінде барлық жолаушылардың массасы тұтас өлшенеді де, кейін жолаушының орташа массасына (70 кг) бөлу жолымен, жолаушы саны анықталады. Зерттеу нәтижесі маршрут учаскелері бойынша жолаушы ағынының эпюрасы түрінде алынады.
Аралас әдісте бірнеше автоматтандырылған әдістерді бірге қолданады. Мысалы, жанама және түйіссіз(контактісіз) әдістерді бірге қолдану. Бұл әдіс жиналатын ақпараттың толықтығы мен дәлдігін арттырады.
Жолаушы ағынын автоматтандырылған әдіспен зерттеу, оған өте көп адамды тарту қажеттігі болмағандықтан, біршама аз шығынмен, тасымалдау көлемі туралы тұрақты және үздіксіз ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді.
Желілердің жылжымалы құрамын таңдау
Желілерде қозғалысты ұйымдастыру үшін жолаушы ағынының қуатына сәйкес келетін тиімді жылжымалы құрам түрін таңдау қажет. Таңдау кезінде көліктің әр түрі экономикалық, техникалық және эксплуатациялық тұрғыдан салыстырмалы түрде бағаланады. Бірінші кезекте жылжымалы құрамның сыйымдылығын анықтап алу керек. Сыйымдылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескереді:
бір бағыттағы жүктелімі ең үлкен болған участоктағы жолаушы ағынының қуаты;
тәуліктің сағаттары бойынша және желілердің учаскелері бойынша жолаушы ағынының біркелкі еместігі;
тәуліктің сағаттары бойынша тиімді интервал;
жол жағдайы;
тасымалдаудың өзіндік құны.
2.1-кестеде кейбір әдебиеттер ұсынған жолаушы ағынынына сәйкес келетін автобустардың түрі және сыйымдылығы келтірілген[2].
2.1-кесте
Жолаушы ағынына сәйкес келетін автобус түрі
Жолаушы ағынының қуаты, жолаушы/сағ
|
Автобус түрі
|
Сыйымдылығы
|
< 1000
|
Кіші
|
40
|
1000 – 1800
|
Орта
|
70
|
1800 – 2600
|
Үлкен
|
90
|
2600 – 3200
|
Үлкен
|
90
|
>3200
|
Өте үлкен
|
160
|
Мысал 2.1. 2.2-кестеде келтірілген деректерді пайдаланып, тәуліктің сағаттары бойынша жолаушы ағынының эпюрасын сызыңыздар және жолаушы ағынының біркелкі еместік коэффициентін анықтаңыздар[4].
2.2-кесте. Тәуліктің сағаттары бойынша жолаушы ағыны, жолаушы
Тәуліктің сағаттары
6-7 7-8 8-9 9-10 10-11
|
11-
|
12-
|
13-
|
14-
|
15-
|
16-17 17-18
|
18-
|
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
|
19
|
600 1000 1200 1100 1000
|
800
|
800
|
600
|
500
|
900
|
1100 1300
|
800
|
Ш е ш у і . 2.2-кестедегі берілген деректерді пайдаланып, тәуліктің сағаттары бойынша жолаушы ағынының эпюрасын сызамыз (2.5-сурет). Жолаушы ағынының біркелкі еместік коэффициенті (2.1) өрнегінен анықталады[3]:
ηн = Qmax/Qср,
мұндағы Qmax – тәуліктің сағаттары ішіндегі ең үлкен жолаушы ағыны;
Qср – тәуліктің ішіндегі жолаушы ағынының орташа мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |