есептік-статистикалық зерттеу. Билеттік-есептік парақтар мен сатылған билетттер санына сүйене отырып жүргізіледі. Бұл жерде бірыңғай жүру билетімен, қызметтік куәлікпен, сондай-ақ жеңілдікпен тегін жүретін жолаушылар да ескеріледі;
нақты (натурлық) зерттеу. Жолаушының жылжуы туралы нақты дерек алу мақсатында, онымен тікелей, көзбе-көз өзара байланыс жасау жолымен жүргізіледі. Нақты зерттеу т а л о н д ы қ , к е с т е л і к , к ү з е т у м е н ( в и з у а л д ы қ ) , с и л у э т т і к , с ұ р а қ т а м а л ы қ түрде жүргізілуі мүмкін.
Талондық әдісте әрбір көліктің салонында, есіктің жанында есепшілер отырады. Олар көліктің есігінен енген жолаушыға ол енген аялдама белгіленген талон береді. Жолаушы көліктен түскен кезде одан талонды қайтарып алады да, талонға ол түскен аялдама туралы белгі қояды. Әр маршрут үшін талон әр түрлі етіп жасалады. Егер жолаушы басқа көлікке ауысып отыратын болса, онда талонға белгі салады (корешогын жыртып алады). Соңғы бекетке келген уақытта есепші нақты рейсте қолданыста болған талондарды бақылаушыға тапсырып, орнына жаңа талондар алады.
Кестелік зерттеу әдісін салонның әрбір есігінің жанында отыратын есепшілер жүргізеді. Олар қолындағы алдын ала дайындалған кестелерге әр аялдамада көлікке отырған және көліктен түскен жолаушылар санын белгілеп отырады.
Күзету әдісімен (визуалдық, яғни, көзбен шамалап) зерттеу жолаушы алмасуы едәуір көп болған аялдамалардан дерек жинау үшін жүргізіледі. Бұл
әдісте есепшілер көлік салонының жолаушыға қаншалықты толғандығын көзбен шамалайды да, шартты баллдармен кестеге енгізіп отырады. Мысалы, бос орындықтар бар болса – 1 балл, орындықтың бәрі толған болса – 2 балл, жолаушылар түрегеп тұратын орындарда еркін тұрған болса – 3 балл, номиналдық сыйымдылық толық пайдаланған болса – 4 балл, салон лық толып, жолаушылар симай қалып кеткен жағдайда – 5 балл. Бұл әдіспен зерттеуді жүргізуші мен кондуктор да жүргізуі мүмкін[4].
Силуэттік әдіс визуалдық әдіске ұқсас. Айырмашылығы – баллдың орнына силуэтер қолданылады. Салонның толу дәрежесі қайсы силуэтке тура келсе, есепші кестеге сол силуэттің нөмірін белгілейді.
Сұрақтамалық зерттеу әдісінде көлік ішінде отырған есепшілер көлікке отырған жолаушылардан қайсы аялдамада түсетінін, ауысып отыруларын, жүру мақсатын сұрап, жазып отырады.
|