§1. Жалпы ережелер
298. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық операциялар осы Ережені сақтап орындалады.
299. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қажетті құрылғылармен, аспаптармен және құралдармен жарақталған арнайы бөлінген орындарда (посттарда) жүргізіледі.
300. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарының орналасуы, осы посттарда қойылған автокөлік құралдарының арасындағы, сондай-ақ автокөлік құралдары мен ғимараттар конструкцияларының арасындағы қашықтық автомобиль көлігі кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың тиісті нормаларымен анықталынады. Негізгі қашықтықтар осы Ережеге 13-қосымшада келтірілген.
301. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына жіберілген автомобильдер жуылады, кір мен қардан тазартылады. Автомобильдерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына қою жауапты тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылады.
302. Автомобиль техникалық қызмет көрсету және жөндеу постына қойғаннан кейін ол міндетті түрде тұрғызу тежегішімен тежеледі, от алдырғышты өшіріледі (дизельдік отыны бар автомобильде отын беру тоқтатылады), берілістерді (бақылаушы) ауыстырып қосу рычагы бейтарап күйге қойылады, доңғалақтардың астына екеуден кем емес арнайы тіреулер (башмактар) қойылады. Руль доңғалағына: "Қозғалтқыш іске қосылмасын - адамдар жұмыс істеп жатыр!" деген жазуы бар тақтайша қойылады. Қозғалтқышты іске қосатын қосарлы құрылғысы бар автомобильдерде осындай тақтайша осы құрылғының жанына қойылады.
303. Көтергіштегі (гидравликалық, электрлік) автомобильге құралына қызмет көрсету кезінде, көтергіштің басқару пультінде: "Тиіспеңіз, автомобильдің астында адамдар жұмыс істеп жатыр!" деген жазуы бар тақтайша қойылады.
304. Гидравликалық көтергіштің плунжері жұмыс күйінде (көтерулі), көтергіштің өздігінен түсіп кетуі мүмкін еместігіне кепілдік беретін тіреумен (штанга) сенімді түрде бекітіледі.
305. Автомобильдердің толассыз қозғалысы бар техникалық қызмет көрсету үй-жайларында, қызмет көрсету желісінде (тексеру жыраларында, эстакадаларда және басқа) жұмыс істеушілерді автокөлік құралының посттан постқа қозғалысының басталған сәті туралы уақтылы ескертетін сигнал беру (жарықтық, дыбыстық немесе тағы басқа) құрылғысы міндетті түрде қажет.
306. Автомобильдерді посттан постқа жылжыту үшін конвейерді қосуға, диспетчер немесе арнайы бөлінген адам сигнал бергеннен (жарықтық, дыбыстық) кейін ғана рұқсат етіледі. Посттар конвейерді авариялық тоқтатуға арналған құрылғылармен жабдықталады.
307. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарында автомобильдің қозғалтқышын іске қосуды айдап әкелген жүргізуші, слесарьлардың бригадирі немесе бұйрықпен тағайындалған және нұсқаудан өткен слесарь ғана жүзеге асырады.
308. Иінді және карданды біліктерді айналдыруға байланысты жұмыстарды жүргізудің алдында от алдырғыштың өшірілуі (дизельді автомобильдер үшін отын беруді тоқтату), берілісті (бақылағыш) ауыстырып қосу рычагының бейтарап күйге қойылуы қосымша тексеріледі; тұрғызу тежегішінің рычагы босатылады.
309. Қажетті жұмыстарды орындағаннан кейін автомобиль тұрғызу тежегішімен тежеледі.
310. Автомобильдерге қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізетін қызметкерлер тиісті жарамды саймандар және құралдармен қамтамасыз етіледі.
311. Тексеру орынан, көтергіштен, эстакададан тыс тұрған автомобильдің астында жұмыстарды орындау қажет болған кезде қызметкерлер жатақтармен қамтамасыз етіледі.
312. Автомобиль бөлігін тұрақтыдан басқа көтергіш тетіктермен (домкратпен, тальмен және тағы сол сияқтымен) көтерген кезде, алдымен көтерілмейтін доңғалақтардың астына арнайы тіреулер (башмактар) қойылады, одан соң автокөлік құралын іліп қойылады, ілінген бөліктің астына тіреуіш қойып және олардың үстіне автомобильді түсіру қажет.
313. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша операцияларды жүргізу кезінде:
1) еденде (жерде) жатақсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді;
2) тұрақтыдан басқа бір ғана көтергіш тетіктермен (домкратпен, тальмен және тағы басқамен) ілінген автомобильде (тіркемеде, жартылай тіркемеде) қандай бір жұмыстарды орындауға;
3) ілінген автомобильдің (тіркеменің, жартылай тіркеменің) астына тіреуіштердің орнына доңғалақтардың дискілерін, кірпіштерді және басқа кездейсоқ заттарды салуға;
4) автомобильдердің (тіркемелердің, жартылай тіркемелердің) барлық конструкциялары мен үлгілерінде рессорларды, оларды шанақтың массасынан алдын ала түсірмей, шанақты, оның астына тіреуіштер немесе автокөлік құралының рамасын қойып көтеру арқылы алуға және қоюға;
5) қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде, жүргізу технологиясы қозғалтқыштың қосылуын қажет ететін жұмыстың жеке түрлерін қоспағанда, автомобильге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуге;
6) автомобильді буксирлік құралдарға (ілгектер), оны тростармен, шынжырмен немесе көтергіш тетіктің ілгегімен ұстау арқылы көтеруге (ілуге);
7) салмағы, осы көтергіш тетіктің тақтайшасында көрсетілгеннен артық жүктерді көтеруге (қысқа уақытқа болса да);
8) агрегаттарды, оларды троспен немесе арқанмен байланған кезінде алуға, орнатуға және тасымалдауға;
9) трос немесе шынжыр қиғаш тартылған кезде жүкті көтеруге;
10) жарамсыз жабдықта, сондай-ақ жарамсыз саймандармен және құралдармен жұмыс істеуге;
11) саймандар мен бөлшектерді тексеру жырасының шетінде қалдыруға;
12) өзіаударғыш автомобильдің, өзі түсіретін тіркеменің көтерулі шанағының астында арнайы қосымша тіреусіз жұмыс істеуге;
13) арнайы қосымша тіреудің орнына кездейсоқ тұғырықтар мен төсемелерді пайдалануға;
14) зақымдалған немесе дұрыс қойылмаған тіреулермен жұмыс істеуге;
15) шанақ көтерулі кезде қозғалтқышты іске қосуға және автокөлік құралын жылжытуға;
16) өзіаударғыш автомобильдің, өзі түсіретін тіркеменің көтерулі шанағының астында, оны алдын ала жүктен босатпай жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
17) карданды иінді сүйменмен немесе монтаж күрегімен бұруға;
18) шаңды, үгіндіні, жоңқаны, ұсақ қиқымдарды сығылған ауамен үрлеуге рұқсат етілмейді.
314. Өзіаударғыш автомобиль шанағының, өзі түсіретін тіркеменің көтергіш тетігін жөндеу, ауыстыру немесе оған май толтырып құю, көтерулі шанақтың астына, шанақтың құлау немесе өздігінен түсу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы қосымша тіреу қойғаннан кейін жүргізіледі.
315. Автобустарды және жүк автомобильдерін жөндеу немесе қызмет көрсету кезінде жұмысшылар төсеме тақталармен немесе саты-жеңіл баспалдақпен қамтамасыз етіледі. Тіремелі сатыны қолдануға рұқсат етілмейді.
316. Төсеме тақталар орнықты және тұтқасы мен сатысы болады. Төсеме тақталардың металл тіреулері өзара сенімді байланады.
317. Төсеме тақталардың тақтайлары саңылаусыз қойылады және мықты бекітіледі. Тақтайлардың шеті тіреулерде болады. Төсеме тақтаның тақтайларының қалыңдығы 40 мм кем болмайды.
318. Тасымалданатын ағаш саты-жеңіл баспалдақтың кемінде 150 мм ойылған басқыштары болады.
319. Саты-жеңіл баспалдақтың ұзындығы, сатының жоғарғы жағынан кемінде 1 м қашықтағы басқыштан қызметкер жұмыс істей алатындай болады. Сатының төменгі жақтарында, оның тайғанауына кедергі жасайтын ұштықтары болады.
320. Жұмыс орнында шаңды, үгіндіні, жоңқаны, ұсақ металл қиқымдарын щеткамен ғана жинауға рұқсат етіледі.
321. Айналдыру стендіндегі (аударғыштағы) жұмыс кезінде автоавтомобильді алдын ала мықтап бекітеді, отын бактерінен отынды және салқындату жүйесінен және басқа жүйелерден сұйықтықты құйып алады, қозғалтқыштың май құятын ауызын тығыз жабады және аккумулятор батареясын алып қояды.
322. Салмағы 15 кг және одан артық (әйелдер үшін - 10 кг және одан артық) бөлшектерді, тораптарды және агрегаттарды алу және қондыру үшін арнайы құралдармен (қармауыштар) жабдықталған көтеру-көліктік тетіктер пайдаланылады.
323. Тасымалдауға арналған арбалардың агрегаттарды құлаудан және платформа бойынша өздігінен жылжудан сақтандыратын тіреулері мен тірегіштері болады.
324. Сұйықтықтың ағып кетуі мүмкін болғанда, автомобильдің қоректендіру, салқындату және майлау жүйелерінің тораптары мен агрегаттарын ағытардың алдында, алдымен олардан отынды, майды және салқындатқыш сұйықтықты, олардың төгілуіне жол бермей арнайы ыдысқа құйып алады.
325. Жеңіл тұтанатын, жарылыс қауіпі бар уытты және сол сияқты жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын автомобиль-цистерналар, сондай-ақ оларды сақтауға арналған резервуарлар жөндеудің алдында жоғарыда аталған өнімдердің қалдықтарынан толық тазартылады.
326. Этилденген бензиннен, жеңіл тұтанатын және улы сұйықтықтардан босаған цистернаның немесе резервуардың ішінде тазарту немесе жөндеу жүргізетін қызметкер арнайы киіммен, шлангалы газқағармен, жібі бар құтқару белдігімен қамтамасыз етіледі. Резервуардың сыртында арнайы нұсқау алған көмекші болады.
327. Газқағардың шлангасы люк (саңылау) арқылы шығарылады және жел жағынан бекітіледі.
328. Резервуардың ішіндегі жұмыс істеушінің белдігіне, бос жағы люк (саңылау) арқылы сыртқа шығарылған және мықты бекітілген берік жіп байланады. Үстінде тұрған көмекші жұмысты бақылайды, сақтық үшін резервуарда жұмыс істеушінің жібінен ұстайды.
329. Отын бактерін, құю колонкаларын, резервуарларды, сорғыларды, коммуникацияларды және жанғыш сұйықтықтардан босаған ыдысты, бензиннің қалдығын толық кетіргеннен және осы Ереженің 435-тармағына сәйкес зиянсыздандырғаннан кейін ғана жөндеуге болады.
330. Автомобиль-рефрижераторлардағы тоңазыту қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жасаушы зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес мамандар орындайды.
331. Автомобильдерді диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына, тежегіштерді тексеруді қамти отырып айдап келу үшін арнайы жүргізуші (айдап келуші) немесе ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалатын басқа тұлға бөлінеді.
332. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағында:
1) жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен (бензинмен, еріткіштермен және басқа) автомобильдерді сүртуге және агрегаттарды жууға;
2) жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды және жанғыш материалдарды, қышқылдарды, бояуларды, кальций карбидін және тағы басқа аусымдық қажеттіліктен басқа мөлшерде сақтауға;
3) автомобильдерге отын құюға;
4) ысқылайтын таза материалдарды пайдаланғандармен бірге сақтауға;
5) стеллаждардың арасындағы жолдар мен үй-жайлардан шығатын жолдарға материалдарды, жабдықты, ыдысты, алынған агрегаттарды және басқа үйіп тастауға;
6) пайдаланылған майды, отыннан және жағармай материалдарынан босаған бос ыдысты сақтауға рұқсат етілмейді.
333. Төгілген майды немесе отынды құмның немесе үгіндінің көмегімен дереу кетіру қажет, оларды пайдаланғаннан кейін үй-жайдан тыс қойылатын темір жәшіктерге салған дұрыс.
334. Пайдаланылған сүрту материалдары (майланған шүберек қиқымдары және тағы басқа) тығыз қақпақтары бар темір жәшіктерге дереу салынады, ал жұмыс күнінің соңында өндірістік үй-жайлардан арнайы бөлінген орындарға әкетіледі.
335. Ұйымнан тыс жүргізілген техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде де, осы Ереже сақталады.
§2. Газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік
құралдарына техникалық қызмет көрсету және
жөндеу кезіндегі қосымша талаптар
336. Газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, диагностикалау және жөндеу, сұйық отынмен жұмыс істейтін автомобильдермен бір үй-жайда, осы Ереженің 32, 33-тармақтарының орындалуы шартымен жүргізіледі.
337. Газ отынымен жұмыс істейтін автомобильдер техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына, оларды бензинмен (дизельдік отын) жұмыс істеуге ауыстырғаннан кейін ғана кіреді.
338. Қозғалтқыштың жұмысын бензинге ауыстыру үшін шығыс вентильдерін жабады және қоректендіру жүйесінен газды толық шығарады (қозғалтқыш толық тоқтағанға дейін), одан кейін магистральдық вентильді жабады және бензин беруді тоқтатады. Газ-дизельді отыннан дизельді отынға ауыстыру үшін түймені (рычагты) басу арқылы қозғалтқышты дизель отынымен жұмыс істеуге ауыстырады, ал содан кейін газ беретін кранды жабады.
339. Шығыс вентильдері толық ашық немесе толық жабық болады.
340. Кіру алдында арнайы постта қоректендіру газ жүйесінің герметиктігін тексеру қажет. Герметикті емес қоректендіру газ жүйесімен үй-жайға кіруге рұқсат етілмейді.
341. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
1) желдету үшін капотты көтеру;
2) газ аппаратурасын алу, орнату және жөндеу бойынша жұмыстарды арнайы құралдардың, сайманның және жабдықтың көмегімен ғана орындау; газ аппаратурасының агрегаттарын суыған күйде (бөлшектер бетінің температурасы 60оС аспаған кезде) ғана алуға рұқсат етіледі;
3) қоректендіру газ жүйесінің герметикалығын сығылған ауамен, азотпен немесе инертті газдармен шығыс вентилі жабық және магистральдық вентиль ашық кезде тексеру;
4) газ жабдығын кірлеуден және механикалық зақымдалудан сақтау;
5) штуцерлардағы шлангаларды қамытшалармен бекіту қажет.
342. Дәнекерлеу, бояу жұмыстары, сондай-ақ қоректендіру газ жүйесінің ақаулықтарын жоюмен немесе оны алумен байланысты жұмыстар жүргізілетін автомобильдің баллондарындағы газды, арнайы бөлінген орында (постта) алдын ала толық құйып алады (шығарады), ал баллондарды сығылған ауамен, азотпен немесе басқа инертті газбен үрлейді.
343. Тікелей автомобильде қоректендіру газ жүйесінің аспаптарын реттеу басқа үй-жайлардан қоршаулармен (қабырғалармен) оқшауланған және осы Ереженің 32, 33-тармақтарында жазылған талаптарды қанағаттандыратын арнайы жабдықталған жеке үй-жайда жүргізіледі.
344. Жоғарғы және төменгі қысым редукторларының, электр магнитті тиек клапанының кез келген ақаулығы кезінде шығыс және магистральдық вентильдерді жабады, ал жарамсыз тораптарды автомобильден алады және арнайы шеберханаға (мамандандырылған учаскеге) тексеруге жібереді.
345. Газ құбырлары жасаушы зауыттың техникалық талаптарына сәйкес келеді.
346. Газ отынымен жұмыс істейтін автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу кезінде:
1) оймалы қосылған жерлерді тартуға және қысыммен тұрған газ аппаратурасының бөлшектері мен газ құбырларын автомобильден ағытуға;
2) сығылған газды ауа кеңістігіне шығаруға немесе сұйытылған газды жерге төгуге;
3) шлангаларды және жүктерді бұрауға, жапыруға және бүктеуге, майлы шлангаларды пайдалануға;
3) қолдан жасалған газ құбырларын орнатуға;
5) магистральдық және шығыс вентильдері ашылған және жабылған кезде қосымша рычагтарды қолдануға;
6) шлангаларды бекіту үшін сым немесе өзге заттарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
347. Газ отынымен жұмыс істейтін автомобильдерді күрделі жөндеуге тапсырудың алдында баллондардағы газ толық пайдаланылады (шығарылады, құйылып алынады), ал баллондардың өздері газсыздандырылады. Қажет кезде баллондар газ аппаратурасымен бірге алынады және сақтау үшін қоймаға тапсырылады.
348. Сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ аппаратурасына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және толтыру кезінде, дененің ашық бөліктеріне газдың тиюінен сақтану шаралары қатаң сақталады.
§3. Автокөлік құралдарын, агрегаттарды
және бөлшектерді жууға қойылатын талаптар
349. Автомобильдерді, агрегаттарды және бөлшектерді жуу мынадай талаптарды сақтай отырып, арнайы жабдықталған жуу үй-жайларында жүргізіледі:
1) автомобильдерді механикаланған жуу кезінде жуушының жұмыс орны су өткізбейтін кабинада орналасады;
2) ашық шлангамен (қолмен) жуу посты, ашық тогі бар өткізгіштер мен кернеулі жабдықтан оқшауланған аймақта орналасады;
3) жуу учаскесінде (постта) тоқ өткізу сымдары, жарықтандыру көзі мен электр қозғалтқыштары герметикалық түрде жасалады;
4) жуу қондырғысының агрегаттарын электрмен басқару тетігі төменгі вольтті (42 В-тен артық емес) болады.
350. Жуу қондырғыларының магнитті іске қосқыштарын және басқару түймелерін мынадай жағдайларда кернеуі 220 В электрмен қоректендіруге рұқсат етіледі:
1) шкафтардың есіктерін ашу кезінде магнитті қосқыштардың механикалық және электрлік бұғатталуын орнату;
2) іске қосу құрылғылары мен сымдарды судан оқшаулау;
3) қозғалтқыш қораптарын, кабиналарды және аппаратураны жерлестіру немесе нөлге келтіру.
351. Автомобиль агрегаттары мен бөлшектерін жуған кезде мынадай шарттар сақталады:
1) этилденген бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың бөлшектері, қорғасын тетраэтил шөгінділерін керосинмен немесе басқа залалсыздандырғыш сұйықтықтармен залалсыздандырылғаннан кейін ғана жууға рұқсат етіледі;
2) сілтілі ерітінділердің концентрациясы 2-5 % аспауы тиіс;
3) сілтілі ерітіндімен жуғаннан кейін ыстық сумен шаю қажет;
4) салмағы 15 кг артық (әйелдер жұмыс істеген кезде - 10 кг) агрегаттар мен бөлшектерді жуу постына жеткізеді және механикаланған тәсілмен жуу қондырғыларына салады.
352. Технологияда көзделген, керосинмен және басқа жуғыш заттармен жуу ванналары жуу аяқталғаннан кейін қақпақтармен жабылады.
353. Автокөлік құралдарын, агрегаттарды және бөлшектерді жуу кезінде:
1) жанар сұйықтықтары бар бөлшектерді жуатын үй-жайда ашық отты пайдалануға;
2) автомобильді сүрту және бөлшектерді жуу үшін бензин қолдануға рұқсат етілмейді.
354. Жуу посттарындағы аппарельдердің, траптардың және жолдардың тегіс емес (кедір-бұдырлы) беті болады.
§4. Автокөлік құралдарының шанақтары мен
контейнерлерді санитарлық өңдеуге қойылатын талаптар
355. Адамдар тасымалдайтын автомобильдерді жуу үшін тиісті жабдығы бар бөлек бөлме көзделеді.
Тасымалдармен айналысатын автомобиль салонын дымқыл жинау жүргізу жиелігі, ауысымда екі реттен кем болмау керек.
356. Тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын басқа тасымалдарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
357. Тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автокөлік құралдары белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беруі тиіс және белгіленген тәртіппен берілген санитарлық паспорты болуы тиіс.
358. Тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автомобиль шанақтары мен контейнерлерді санитарлық өңдеу қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге және нормаларға сәйкес жүргізіледі.
359. Тамақ өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары мен контейнерлердің санитарлық жай-күйін бақылау үшін мамандардың ішінен жауапты адам тағайындалады.
360. Жуғыш және дезинфекциялағыш ерітінділерді сақтау және дайындау үшін құлыппен жабылатын арнайы үй-жай бөлінуі тиіс, оның кілті автокөлік құралдары мен контейнерлерді санитарлық өңдеу үшін жауапты тұлғада сақталады.
Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар пайдаланылады.
361. Жуғыш және дезинфекциялағыш ерітінділерді дайындауды және санитарлық өңдеуді, арнайы киім мен басқа жеке қорғану құралдарын (қорғаныш көзілдірік, тұмсыққаптар) міндетті түрде қолдану арқылы арнаулы тағайындалған қызметкерлер орындайды.
362. Химикаттармен және дезинфекциялағыш ерітінділермен жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жуу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |