Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы


§11. Вулканизациялау жұмыстарына қойылатын талаптар



жүктеу 2,64 Mb.
бет7/16
Дата17.11.2017
өлшемі2,64 Mb.
#1150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
§11. Вулканизациялау жұмыстарына қойылатын талаптар

 

481. Бумен вулканизациялау аппаратымен жұмыс істеген кезде қазандағы судың деңгейін, манометр бойынша будың қысымын және сақтандырғыш клапанның қызметін тұрақты бақылау қажет. Судың деңгейі төмендеген кезде, оны азғана мөлшермен айдауға болады.

482. Қазанның жарылуынан сақтану үшін сақтандырғыш клапан рұқсат етілген шектік жұмыстық қысымға реттеледі.

483. Сорғы жарамсыз (суды айдау мүмкін емес) болған кезде жұмысты дереу тоқтатып, отынды оттықтан алу және буды шығару керек. Отынды сумен сөндіруге рұқсат етілмейді.

484. Шиналар жөндеу алдында шаңнан, кірден, мұздан тазартылады.

485. Бұдырмақтауға арналған станоктар шаңды сорып алу үшін жергілікті ауа тарту вентиляциясымен жабдықталады, сенімді жерлестіріледі және қайрақты шеңбер жетегінің қоршауы болады.

486. Бұдырмақтау бойынша жұмысты қорғаныш көзілдірікпен және жергілікті ауа тарту құрылғысы қосылған кезде ғана жүргізген дұрыс.

487. Бу мульдаларында жұмыс істеген кезде сығылған ауаны дәнекерлеу қабына беру шиналар мен борт жапсырмаларын струбциналармен ақырына дейін бекіткеннен кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

488. Вулканизациялаудан кейін струбцинадан камераны, қалпына келтіру учаскесі суығаннан кейін ғана алуға болады.

489. Жамауларды ойған кезде пышақтың жүзін өзіңе қарай емес, өзіңнен әрі (материал қысылған қолдан әрі) жылжыту керек. Жарамды сабы бар және жүзі өткір етіп ұшталған пышақпен ғана жұмыс істеуге болады.

490. Бензин мен желім бар сыйымдылықтарды, оларды қажет кезде ғана ашып, жабық ұстаған дұрыс. Жұмыс орнында ауысымдық қажеттіктен аспайтын мөлшерде бензин мен желімді сақтауға рұқсат етіледі. Бензин мен желім бу генераторының оттығына 3 м жақын болмайды.

491. Вулканизациялау жұмыстарын орындау кезінде:

1) вулканизациялау аппаратында клапансыз, сондай-ақ жарамсыз немесе пломбаланбаған клапанмен жұмыс істеуге;

2) клапанға қосымша жүк қоюға;

3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен манометрді пайдалануға;

4) жарамсыз вулканизациялық аппаратпен жұмыс істеуге, сондай-ақ қазанда қысым болған кезде оны жөндеуге;

5) дәнекерлеу қаптарынан ауа шығарылып болғанша, струбцинаны босатуға;

6) резеңке желімін дайындау үшін этилденген бензинді пайдалануға;

7) бу генераторы мен вулканизациялау аппаратына қызмет көрсететін қызметкерге, олар жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс орнынан кетуге немесе оларда жұмыс істеуге басқа немесе бөгде тұлғаларды жіберуге рұқсат етілмейді.

 

§12. Шина құрастыру жұмыстарына қойылатын талаптар



 

492. Кәсіпорында шиналарды бөлшектеу және құрау арнайы бөлінген, қажетті жабдықпен, құралдармен және сайманмен жарақталған учаскеде жүзеге асырылады.

493. Доңғалақтар алынар алдында автомобиль арнайы көтергіште немесе басқа көтергіш тетіктің көмегімен ілініп тұрады. Соңғы жағдайда көтерілмейтін доңғалақтардың астына арнайы тіреулер (табандықтар), ал автокөлік құралының ілініп тұрған бөлігінің астына арнайы тұғырық (тіреуіш) қою қажет.

494. Қосарланған дискісіз доңғалақтардың бекіту гайкаларын бұраудың алдында, ішкі доңғалақтың дөңгелекқабы құрсаудан шығып кетпегеніне көз жеткізу керек, басқа жағдайда алдын ала ауаны одан толық шығару қажет.

495. Жүк автомобилі мен автобустың доңғалақтарын алу, жылжыту және қою бойынша операциялар механикаландырылған болады.

496. Шинаны ажырату алдында (доңғалақтың дискісінен) камерадағы ауа толық шығарылады. Шинаны ажырату арнайы стендте немесе ажырату құрылғысының көмегімен орындалады. Шиналарды жолда салу мен ажыратуды монтаж сайманымен жүргізу қажет.

497. Шинаны салудың алдында құрсаудың, ернеу және құлып сақиналарының, сондай-ақ шинаның жарамдылығы мен тазалығын тексеру қажет. Шиналарды толтыруды екі кезеңмен жүргізген дұрыс: басында құлып сақинасының күйін тексеру арқылы 0,05 МПа қысым күшіне дейін, одан соң нұсқауда ұйғарылған қысымға дейін.

498. Доңғалақ дискісіне шинаны салған кезде құлып сақинасы құрсаудың ойығына барлық ішкі бетімен нық кіруі тиіс.

499. Құлып сақинасының дұрыс емес күйі байқалған жағдайда, үрленген шинадан ауаны шығару, сақинаның күйін түзеу, одан соң бұрын көрсетілген операцияларды қайталау қажет.

500. Шиналарды бөлшектеп алмай үрлеуді, егер олардың ішіндегі ауаның қысымы нормадағыдан 40 % аспайтындай төмендесе және бөлшектеудің дұрыстығы бұзылмады деген сенім болса ғана жүргізген дұрыс.

501. Автокөлік құралынан ажыратылған шиналарды кәсіпорын жағдайында толтыру және үстемелеп толтыруды шина салушы осы мақсат үшін арнайы бөлінген орындарда ғана, сақиналардың шығып кетуіне кедергі болатын сақтандырғыш құрылғыларды пайдалану арқылы орындауы тиіс.

502. Шина толтыру учаскесінде манометр немесе ауа қысымын мөлшерлегіш орнатылуы тиіс.

503. Шиналарды бөлшектеу және құрастыруға арналған стендте жұмыс істеген кезде редуктор қаптамамен жабылуы тиіс.

504. Дөңгелекқаптың ішкі бетін қарау үшін спредер (кеңейткіш) қолдану қажет. Шинадан бөгде заттарды алу қажет болған жағдайда, бұрауыш, біз немесе пышақ емес, қысқыш пайдаланған дұрыс.

505. Шина құрастыру жұмыстарын орындау кезінде:



1) вулканизациялау аппаратында клапансыз, сондай-ақ жарамсыз немесе пломбаланбаған клапанмен жұмыс істеуге;

2) клапанға қосымша жүк қоюға;

3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен манометрді пайдалануға;

4) жарамсыз вулканизациялық аппаратпен жұмыс істеуге, сондай-ақ қазанда қысым болған кезде оны жөндеуге;

5) дәнекерлеу қаптарынан ауа шығарылып болғанша, струбцинаны босатуға;

6) резеңке желімін дайындау үшін этилденген бензинді пайдалануға;

7) бу генераторы мен вулканизациялау аппаратына қызмет көрсететін қызметкерге, олар жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс орнынан кетуге немесе оларда жұмыс істеуге басқа немесе бөгде тұлғаларды жіберуге рұқсат етілмейді.

506. Үлкен өлшемді дөңгелекқаптарды жылжыту үшін тұрақты пневматикалық көтергішпен жұмыс істеген кезде көтерілген дөңгелекқапты міндетті түрде тоқтатқыш құрылғымен бекіту қажет.



 

§ 13. Бояу жұмыстарына қойылатын талаптар



 

507. Бояу цехтары мен учаскелеріндегі жұмыстарды тиісті МЕМСТ және осы Ереженің талаптарын есепке ала отырып ұйымдастырады.

508. Бояу цехтарында, учаскелерінде, бояу дайындау бөлімшелерінде вентиляция сөндірілген немесе жұмыс істемеген кезде жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Лак-бояу материалдары бар барлық ыдыста лак-бояу материалының дәл атауы бар биркалар (жапсырмалар) болуы тиіс.

509. Бояу цехында лак-бояу материалдарының қоры жабық ыдыста сақталуы және ауысымдық қажеттіктен аспауы тиіс.

510. Бүріккішпен жұмыс істеген кезде ауа шлангалары мықты жалғануы тиіс. Ауа беруді тоқтатқаннан кейін ғана Шлангаларды ажыратуға рұқсат етіледі.

511. Артық тұман туғызудан сақтану үшін және жұмыс аймағының аэрозольмен, бояулар мен лактардың буларымен ластануын азайту мақсатында бүріккішпен бояған кезде бояу бүріккішті боялатын бетке, одан 350 мм қашықтықта перпендикуляр ұстаған дұрыс.

512. Құрамына дихлорэтан және метанол кіретін лак-бояу материалдарын бояу жаққышпен жұмыс істеген кезде ғана қолдануға рұқсат етіледі.

513. Нитробояулармен жұмыс істеген кезде аса абайлық танытқан дұрыс, өйткені олар жеңіл тұтанады, ал еріткіштердің булары ауамен араласып жарылғыш қоспалар түзейді.

514. Лак-бояу материалдарын бір ыдыстан екіншісіне аудару, ернеулері 50 мм төмен емес металл табандықтарда жүргізілуі тиіс.

515. Электостатикалық өрісте бояу, ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған бояу камерасында жүзеге асырылуы тиіс. Бояудың барлық процесі автоматты түрде жүргізілуі тиіс, қолмен тек қана камерадан тыс бұйымдарды ілуге және алуға болады.

516. Электрлі бояу камерасы қоршалуы тиіс, есіктері жоғарғы вольтті жабдықпен қосылуы тиіс (яғни, камераның есіктерін ашқан кезде кернеу автоматты түрде алынады). Әрбір электрлі бояу камерасын тұрақты көмір қышқылды от сөндіру қондырғысымен жабдықтау қажет.

517. Жабдыққа жоғарғы кернеу беруге автоматты қос сигнал - дыбыстық сигнал мен жалтылдаған "Жоғарғы кернеу қосылған. Кіруге болмайды!" деген кесте ілесуі тиіс.

518. Газбаллонды автомобильді камерада кептіру алдында газды баллондардан толық шығару немесе құйып алу және инертті газбен қалдықтарын толық жойғанға дейін үрлеу қажет.

519. Бояу камераларын мұқият желдеткеннен кейін отырған бояудан күн сайын, ал сепараторларды ең кемі 160 сағат жұмыс істеген сайын тазарту қажет.

520. Бояушы саймандарының (қалақшалар, бояу жаққыштар, пышақтар) саптары күн сайын жұмыс аяқталысымен дымқыл тәсілмен тазартылуы тиіс.

521. Автобустардың шанақтарын, ірі сыйымдылықтарды және жоғары орналасқан жабдықты бояған кезде тұтқалары бар берік қойылған тұғырықтар мен қажетті құралдарды, сондай-ақ баспалдақ-сатыны пайдалану қажет. Автобустың, фургонның және тағы басқа шанақ ішін бояу тұмсыққаппен ғана есіктер, терезелер, люктер ашық кезде жүргізілуі қажет.

522. Еденге төгілген бояулар мен еріткіштерді құм немесе үгінді қолдану арқылы жинау және оларды бояу үй-жайынан шығару қажет.

523. Ас ішу немесе темекі шегу алдында қолды сабынды жылы сумен мұқият жуу қажет.

524. Құрамында қорғасын қоспалары бар бояулармен жұмыс істегеннен кейін қолдарды алдын ала бір пайыздық кальцийленген сода ерітіндісімен жуып алу, одан соң оларды ализаринді сабынмен жуу, содан соң бетті сабынды жылы сумен жуу, ауызды шаю және тісті тазалау қажет. Жұмыс бітісімен душ қабылдау қажет.

525. Бояу учаскелерінде және бояу дайындау бөлімшелерінде, бояу материалдарын және олардан босаған ыдысты сақтайтын орындарда:

1) лак-бояу материалдарымен және еріткіштермен тиісті ЖҚҚ (тұмсыққаптар, қорғаныш көзілдіріктер және тағы сол сияқты) қолданбай жұмыстар жүргізуге;

2) ашық отты (дәнекерлегіш лампалар, қыздырылған дәнекерлегіштер, тамақ пісіру, темекі шегу және тағы басқа) пайдалануға;

3) камераларды, жұмыс орындарын және ыдысты тазалау үшін соққан кезде ұшқын шығаратын сайманды пайдалануға;

4) этилденген бензинді қолдануға;

5) жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ашық ыдыста ұстауға;

6) тамақ өнімдерін сақтауға және ас ішуге;

7) жұмыс үй-жайларында бояулар мен еріткіштерден босаған ыдысты сақтауға;

8) пайдаланылған ысқылағыш материалды түнге қалдыруға;

9) вентиляция сөніп тұрған және жұмыс істемеген кезде жұмыс жүргізуге;

10) құрамы белгісіз материалдар мен еріткіштерді пайдалануға;

11) бояу қыздыратын кеспектегі қысымды жұмыстықтан жоғары көтеруге;

12) бүріккішпен бояу үшін эмальдар, бояулар, топырақты және құрамында қорғасын қоспалары бар басқа материалдарды қолдануға. Ерекшеліктерге, қорғасын қоспаларын зияны аздауымен ауыстыру техникалық себептер бойынша мүмкін болмағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның рұқсатымен ғана жол беріледі, бұл ретте жұмыс істеушілерді қорғау үшін тиісті шаралар қолданылуы тиіс;

13) жиналмалы сатыны пайдалануға үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

 

§ 14. Қаптау жұмыстарына қойылатын талаптар



 

526. Қаптау жұмыстары ауа кіру-ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған және қажетті жабдықпен, құралдармен және сайманмен жарақталған арнайы бөлінген үй-жайда жүргізілуі тиіс.

527. Автомобильдер мен автобустардың отырғыштары мен арқалықтарын бұзу және жинау жергілікті ауа тарту құрылғысымен жабдықталған үстелдерде, арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

528. Отырғыштар мен арқалықтарды жөндеу кезінде серіппелерді қысу қаптау қысқыштарымен немесе басқа арнайы құралдармен жүргізілуі тиіс.

529. Жеңіл автомобильдер мен шағын автобустардың төбелері мен есіктерінің қаптамасын алу бойынша жұмыстарды жүргізген кезде шаңсорғышты пайдалану ұсынылады.

530. Материалдарды пішу жергілікті ауа тарту құрылғыларымен жабдықталған пішу үстелдерінде жүргізілуі тиіс.

531. Жетекті тетікке түскен жіптердің, мата қиқымдарының және басқа заттардың алынуы, сондай-ақ тігін машинасын тазалау мен майлау электр қозғалтқыш сөніп тұрған кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

532. Инеге жіп сабақтауды және инені ауыстыруды электр қозғалтқыш сөніп тұрған кезде жүргізген дұрыс.

533. Тігін машинасында жұмыс істеген кезде:



1) басты машинаға жақын еңкейтуге;

2) жұмыс істеп тұрған машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жанасуға;

3) сақтандырғыш құралдар мен қоршауларды алуға;

4) еденге сынған инелерді тастауға;

5) машинаның айналып тұрған бөлшектерінің жанына қайшы және басқа заттарды қоюға рұқсат етілмейді.

534. Қызметкерлер қолмен тіккен кезде оймақ пайдалануы тиіс.

535. Жұмыс аяқталысымен инелерді бөлінген орынға (қорап және тағы сол сияқты) қою керек. Ине шаншылған матаны жұмыс орнында қалдыруға рұқсат етілмейді.

 

§15. Қазандықтарға қызмет ету бойынша



жұмыстарға қойылатын талаптар

 

536. Қазандарға қызмет етуге жасы 18 кем емес, медициналық куәландырудан, арнайы оқу орнында оқудан өткен және Мемтехбақылау инспекторының (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық мемлекеттік инспекция органы) қатысуымен комиссияда аттестатталған тұлғалар жіберіледі.

537. Кезекшілікті қабылдау кезінде ауысым персоналы қазандардың, жабдықтың және аспаптардың көрсеткіштерін тексеруі және бұл туралы кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналына жазуы тиіс.

538. Кезекшілік кезінде қазандықтың персоналы қазандардың, жабдықтың жарамдылығын қадағалауы және белгіленген жұмыс режимін қатаң сақтауы тиіс.

539. Қазанның ішінде адамдардың болуына байланысты жұмыстар қазандық бастығының немесе қазандарды қауіпсіз пайдалану үшін жауапкершілік жүктелген тұлғаның жазбаша рұқсаты (рұқсат тапсырмасы бойынша) бойынша ғана, қауіпсіздіктің қажетті шараларын қабылдау және кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналында жазу арқылы жүргізілуі мүмкін.

540. Жағар алдында қазан мен оның жабдығының жарамдылығын, сондай-ақ ондағы судың жеткілікті мөлшерде болуын мұқият тексеру қажет.

541. Тікелей қазанды жағу алдында оттық пен газ жолдарының вентиляциясы тексерілуі тиіс.

542. Қазандағы манометрлер жұмыс уақытында журналға жазу арқылы бір ауысымда ең кемі бір рет үрлеп тазартылуы тиіс.

543. Су деңгейін көрсететін аспаптар:



1) жұмыстық қысымы 2,4 МПа дейінгі қазандардағы - ауысымына ең кемі бір рет;

2) жұмыстық қысымы 2,4-3,9 МПа қазандардағы - тәулігіне ең кемі бір рет;

3) жұмыстық қысымы 3,9 МПа артық қазандардағы - жасаушы зауытта белгіленген мерзімдерде үрленіп тексерілуі тиіс.

544. Сақтандырғыш клапандар қазанды жұмысқа қосар алдында және оның жұмыс процесінде:



1) жұмыстық қысымы 2,4 МПа дейінгі қазандардағы - әрбір клапан тәулігіне ең кемі бір рет;

2) жұмыстық қысымы 2,4-3,9 МПа қазандардағы - әрбір қазанның бір клапанынан кезекпен тәулігіне ең кемі бір рет;

3) жұмыстық қысымы 3,9 МПа артық қазандардағы - жасаушы зауытта белгіленген мерзімдерде үрленіп тексерілуі тиіс.

545. Қазан жұмысын автоматты басқарудың барлық құрылғылары жарамды күйде болуы және айына ең кемі бір рет тексерілуі тиіс, ол туралы журналға жазылады.

546. Қазанның, авариялықтан басқа барлық жағдайларда тоқтатылуы, бұған кәсіпорын әкімшілігінің өкімін алғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс.

547. Қазанды тоқтатқан кезде:



1) қазандағы судың деңгейін ортадан жоғары ұстап тұру;

2) отын беруді тоқтату және жағуды аяқтау қажет;

3) қазаннан суды жіберу, ол плюс 25оC дейін немесе төмен салқындағаннан кейін жүргізілуі тиіс.

548. Қатты отынмен жұмыс істейтін қазанды тоқтатқан кезде:



1) үрлеу мен тарту азайған кезде оттықтағы қалған отынды жағып бітіру;

2) үрлеуді тоқтату;

3) оттықты тазарту;

4) түтін қалқалағышты, жағу және үрлеу қақпақтарын жауып тартуды тоқтату қажет.

549. Мәжбүрлі ауа беру арқылы газ отынымен жұмыс істейтін қазанды тоқтатқан кезде шілтерлерге газ беруді азайту, одан соң мүлде тоқтату, осыдан кейін ғана ауаны тоқтату қажет.

550. Инжекциялық шілтерлерді пайдаланған кезде алдымен ауа, ал одан соң газ беруді тоқтату қажет. Барлық шілтерлерді өшіргеннен кейін қазанның газ құбырын ортақ магистральдан ажырату, бұру тетігіндегі үрлеу білтесін ашу, сондай-ақ оттықтың, газ жолдарының және ауа жолдарының ауасын тазарту керек.

551. Қызмет көрсетуші персонал:



1) қазандағы судың температурасы (қысымы) рұқсат етілген деңгейден артық көтерілген, бұл ретте қабылданған шараларға (тарту мен үрлеуді азайту, сумен қоректендіруді үдейту) қарамай өсуді жалғастырған;

2) су жіберіп қойылған (бұл орайда суды үстемелеуге үзілді-кесілді тыйым салынады);

3) сумен қоректендіруді үдейткенге қарамай, қазандағы судың деңгейі жылдам төмендеген;

4) егер қазанды үрлеу оны тез төмендете алмаса, судың деңгейі, су деңгейін көрсеткіш аспаптың көрініп тұрған жоғарғы жиегінен артық көтерілген;

5) барлық су деңгейін көрсеткіш аспаптардың немесе сақтандырғыш клапандардың 50%-ының жұмысы тоқтаған;

6) қазан мен қаптаманың негізгі элементтерінде жарықтар, ісіну, құбырлардың ажыраған жерлері, қатар тұрған байланыстардың екі немесе бірнеше үзіктері байқалған;

7) қаланған немесе шегенделген қабырға, опырылып құлау қаупін туғызып зақымдалған немесе қазанның қаңқасы немесе қабы қызарғанша қызған;

8) қазанның жұмысында, қызмет көрсетуші персонал үшін қауіпті (газ жолдарындағы жарылыстар, арматураның, құбырлардың зақымдалуы және тағы сол сияқты) елеулі кемшіліктер табылған жағдайларда қазанды тоқтатуға дереу кірісуі және бұл туралы қазандарды қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлғаға немесе кәсіпорын басшылығына хабарлауы қажет.

552. Қазанның авариялық тоқталуының себептері кезекшіліктерді қабылдау-тапсыру журналына жазылуы тиіс.

553. Қазандық жабдығымен жұмыс істеген кезде:

1) қазандықтың үй-жайына бөгде материалдар мен заттарды үюге;

2) жұмыс істеп тұрған қазанды бақылаусыз, тіпті қысқа уақытқа қалдыруға және қазандықтың үй-жайына бөтен адамдардың кіруіне;

3) қазанды қатты отынмен жаққан кезде бензинді, керосинді және басқа жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға;

4) қазан жұмыс істеп тұрған кезде қандай бір жөндеу жұмыстарын (жіктерді шегуге, бұрандамаларды қатайтуға және тағы сол сияқты) жүргізуге;

5) жалынды жаңа отын салып немесе сумен сөндіруге рұқсат етілмейді.

 


жүктеу 2,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау