СДР (SDR) (Арнаулы өзара қарыз құқықтары) – ХВҚ-да құралатын және оның мүшелері арасында қолдағы резервтік активтерге қосымша таратылатын халықаралық резервтік активтер болып табылады. СДР-мен операциялар ақша-кредитті реттеу органдарының және басқа елдердің қаржылық шоты бойынша жүргізіледі. СДР әрбір иеленушінің басқа да резервтік активтерді, атап айтқанда, шетел валютасын алуға деген кепілдікті және сөзсіз құқығы болып саналады.
Секъюритизация – әр түрлi бағалы қағаздардың банктiк қарыздардың орнын басуы.
Сенімді басқару – бұған банктің сенімді операциясы-клиенттің мүлкін( ақша, құрал-жабдық, бағалы қағаздарды) банк өз атынан, клиенттің өтініші бойынша келісім шарт негізінде атқарылатын қызмет.
Синдикатталған, бірлестірілген несие – екі немесе одан да көп несие берушілердің бір қарыз алушыға беретін несие түрі.
«Спот» келісімі – бiр валюта екiншi жұмыс күнiне ақырғы есептiң мерзiмiмен екінші валютаны сатып алуына қолданылатын үйлесiмдi бүгiнгі бағам бойынша iске асатын операция.
Стагфляция, тоқыраушылық, кері кетушілік, құлдыраушылық – экономикада тоқырау мен ақша құнсыздануының қатар келуі.
Стенд–бай – несие беру шартының жағдайы, оған байланысты банк белгіленген уақытқа келісілген соманы резервте (қорда) ұстайды, ал клиент несие қажеттігіне байланысты оны жарым–жартылай немесе түгелдей пайдаланады.
Субвенция – Жәрдем қаржы – ҚР–ның бюджет жүйесiнiң басқа деңгейiлі бюджетке немесе заңды тұлғаға нақтылы мақсаттық шығындарды жүзеге асыруға арналған тегiн және бiржолата берiлетiн бюджеттiк құралдар.
Субсидия – Жәрдем, демеу қаржы – ҚР–ның бюджет жүйесiнiң басқа деңгейiлі бюджетке немесе заңды тұлғаға нақтылы мақсаттық шығындардың үлестiк қаржыландыру шартына сәйкес берілетін бюджеттiк құралдар.
Сұраныс инфляциясы- сұраныс жағынан туындайтын жалпы сұраныс пен жалпы ұсыныс арасындығы тепе-теңдіктің бұзылуы.
Сыртқы кредит — халықаралық кредиттің негізгі формасы шетелдік кредиттерден алған немесе шетелдік қарыз алушыларға берілетін қарыз. Сыртқы заттық еңбек өлшемі – тауар өндірісіне кеткен еңбектің ақшалай көрінісі.
Т
Тауар – сатып алу-сатуға арналған объект.
Тәуекел – күтiлетiн табысты алмауы немесе қаржылық шығын шегу ықтималдығы.
Тежеумелі (қазыналық) шектелім – экономиканың циклдiк көтеруiн шектейтін қызмет. Мемлекеттiк шығыстардың төмендетуiн және салықтардың үлкеюiн ойластырады.
Тезовратор - қазыналардың жинақтағышы.
Тиімді ту - 1) резидент емес кеме иелеріне ұсынылатын салықтық және тағы басқа жеңiлдiктер орнатылған тәртiп бойынша "Офф - шор" орталықтың бiр түрi; 2) салық салу,теңiз кемелерінің классификациясы және т.б. жеңiлдiктерден қосымша пайда алу мақсатымен теңiз кемелерінің ашық тiркеуi.
Толық айыбасталымды валюта – ешқандай шектеусіз шетелдiкке айырбасталатын валюта.
Толық айырбасталымдылық - сыртқы экономикалық қызметтердің барлық қатысушыларына кез-келген операция бойынша шетел валютасына басқа валютаның еркін айырбасталуы.
Томас Грешем заңы - «нашар ақшалар айналымдағы жақсы ақшаны ығыстырады»(16ғасыр).
Төлем балансы - халықаралық операциялардың баланстық шоты, валюталық түсімдер мен төлемдер формадағы елдiң сыртқы байланыстарының барлық мүмкiншiлiгiнiң ақшалай көрінісі.
Төлем кезектілігі – ұсынылған барлық талаптарды қанағаттандыруға арналған шоттағы ақша қаржыларының жеткiлiксiздiгi кезінде клиентiнiң банктiк шотынан есеп құжаттар төлеуiнің тiзбектілігі.
Трансакциондық салымдар - жедел және талап еткенше дейін депозиттердiң арасындағы аралық жағдай алып жатқан салымдар.
Трассант – несие беруші вексель иесі.
Трассат – борышқор.
Тратта – аудармалы вексель, вексель берушiнiң қарыз алушыға көрcетiлген ақша сомасын мерзiмiне дейін үшінші тарапақа төлеуі туралы бұйрығы.
Тұтыну несиесі – халыққа тұтыну мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатымен кейіннен қайтарылатын ақшадай немесе тауардай несие беру.
Тұтынушылық несие –халық тұтынатын тауарларды ссудаға беретін, ол несие түрінде рәсімделуі мүмкін.
Ұ
ҰБ пен несие ұйымдар арасындағы депозит операциясы – несие ұйымдарының бос ресурстарын Ұлттық банктің депозит шотына аудару.
Ф
Факторингтік операциялар – тауар (жұмыс, қызмет) сатып алушының төлем талап құқығын алуындағы төлемеу тәуекелі.
Фидуциарлық эмиссия – сенімге негізделген алтынмен қамтамасыз етілмеген эмиссия.
«Форвард» операциясы - болашақта нақты күнге iске асырылатын келісімнің мерзімді бағам бойынша бiр валютаны сатып алып, оны басқаға аудару үшін осы кездегi уақытта жасалатын мәміле.
Форвардтық келісімдер, мәмілелер – болашақта алдын ала белгiленгенi баға бойынша базистiк активтiң жабдықтауына стандартты емес келiсiм шарты, биржалық емес құрал.
Форфейтингтік операциялар – сыртқы сауда келісімі бойынша коммерциялық вексельдердің және басқа да борыш талаптарының сатушыға қайта оралмауын қамтамасыз ету мақсатымен экспортты несиелеу.
Франчайз — франчайзинтік келісім шарт (коммерциялық концессия), яғни лицензия.
Франчайзер — франчайз лицензиары, яғни оның құқық иегерi.
Франчайзиат — франчайз лицензиары, яғни оның пайдаланушысы.
Франчайзинг — технологияға және тауарлық таңбаға лицензия (франчайза) сатудың немесе берудің жүйесі. ҚР—ның азаматтық кодексінде франчайзингтiң «коммерциялық концессия» атауы бар.
Франшиза — залал шығындардың бiр бөлiгi сақтандырушымен жабылмайтын, яғни сақтанушының өзімен өтелетін формасы.
Фьючерс шарты - болашақта алдын ала белгiленген баға бойынша базистiк активтiң жабдықтауына биржалық келiсiмшарт активінiң мерзiмдерге, көлемдерге және түрлерi бойынша қатты стандартталуы.
Х
Халықаралық ақша бірлігі – халықаралық стандартқа сәйкес валюталық курс пен паритет бойынша құрылатын валюталық бірлік.
Халықаралық валюталық қатынастар – валютаның дүниежүзілік нарықта қолдану кезінде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтың қызмет нәтижелерінің өзара алмасуына қызмет көрсететін қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Халықаралық валюталық қор-1944 жылы белгіленген, мемлекет аралық валюта-несиелік ұйым.Оның негізгі қызметі:қысқа және орта мерзімге несие беруді жүзеге асыра отырып,қорға қатысушы мемлекеттердің валюталық қатынасын реттеу,жержүзілік сауданы өсіру,және валюталық қаражатта халықаралық бірлесуге ықпал жасау.
Халықаралық валюта жүйесі— мемлекеттер арасында келісілген және тарихи қалыптасқан валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Валюталық келісімдердің субъектілерінің және де тұтасымен мемлекеттің мінез-құлық нормалары.
Халықаралық қаржылық ұйымдардың қаржылық емес несиелері) - конкурстарда тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алудың қайтарымсыз және өтімді неігізінде инвестициялық, құрылымдық реформаларды жүзеге асыру мақсаты үшін халықаралық қаржылық ұйымдардың қатысуымен ақша құралдарын тартудың формасы.
Халықаралық несие- бұл мемлекеттер мен банк, заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға берілетін, халықаралық экономикалық ұйымдардың бір-біріне беретін несие түрі.Олар коммерциялық және банктік несие түрінде, елдер арсындағы қарыз капиталдың қозғалысын көрсетеді.
Халықаралық несие-халықаралық экономикалық қатынастарда қарыз капиталының қозғалысы ол валюталық және тауарлы ресурстарды пайыздық үстемемен қайтару келісім шарты негізінде жасалады.
Халықаралық өтімді активтер – халықаралық икемділікті туғызатын,халықаралық төлем құралдарының қосындысы.
Халықаралық өтімділік- белгілі бір елдің немесе барлық мемлекеттердің халықаралық төлем құралдармен өздерінің халықаралық міндеттерін уақытында өтеу.
Халықаралық төлем құралдары-дүниежүзілік ақшалардың құрылымы:алтын, резевті валюта,евро т.б.
Халыққа трансферттер - халыққа міндетті төлемдерді қаржыландырға арналған бюджеттік құралдар: зейнетақы, стипендиялар, жәрдемақы, өтемақы, заңмен ескерiлген басқа да әлеуметтiк төлемдер.
Хеджирлеу – тауар жеткізу мен келісім арасындағы уақытта бағаның қолайсыз өзгеру мүмкіндігінен қорғау мақсатымен жүргізілетін нақты тауарларды сатуға арналған биржалық фьючерлік мәмілерді сатып алу-сату операциялары.
Ч
Чек – банк шоты иесінің чекте көрсетілген соманы қолма-қол ақшалай төлеу немесе чек беруші шотына ақша аудару туралы жазбаша бұйрығы.
Ш
Шетел банкі – шет елде тіркелген және осы аталған мемлекет заңына сай келетін, ал тіркелмеген мемлекетте сол банк шетелдік болып есептеледі.
Шетелдік мемлекеттер үкіметтерінің, банктер және фирмалардың байланыстырылған несиелері – шетел мемлекет үкіметтерінен, банктер және фирмалар есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтердi сатып алуға арналған қайтарымды және өтемдiк негiзде қаражат тарту формасы, көбінесе несие беруші елiнде.
Шоғырландырылған бюджет — белгіленген территорияларда ҚР-ның бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің бюджеттерінің жиынтығы.
Шынайы ақшалар – бұл алтын және күміс монеталары мына құрамында аталған қасиеттерді қосады:олардың нақты құны оның шынайы құнына сай құнды ақшалар.
Ынталандыратын (қазыналық) экспансия немесе өктемшілік – мемлекеттiк шығыстарды үлкейту және салықтарды төмендету жолымен экономикадағы циклдiк құлдырауды болдырмау жөнінде болашақтағы қысқа мерзiмдi қызмет.
І
Ішкі қарыз — ҚР валютасында бейнеленген қарыздық міндеттемелер жиынтығы.
Ішінара айырбасталымдылық – шетелдiк немесе бұл валютаның меншiк иелерiнiң нақтылы дәрежелерi үшiн немесе валюталық операциялардың жеке түрлерi үшiн валюта айырбастауына тыйым салуын қарастырады.
Э
Экспорт – сыртқы нарықта өткізу үшін тауарларды, технологияларды және қызметтерді шетелге сату және шығару.
ЭКЮ (Еуропалық валюталық бiрлiк) - арнайы Еуропалық бірлестікке ортақ валюта. Еуропалық валюта жүйесіне кірген елдер қолданады.
Эмиссиялық банктер – ақша шығаруға жауапты эмиссиялық орган, әдетте мемлекеттік Орталық Ұлттық Банк.
Эмиссиялық саясат (кәсіпорынның) – қор нарығы арқылы акция, облигация, басқа да қаржы құралдарын шығару жолымен қаржы қорларын тарту бойынша кәсiпорынның саясаты.
Эмитент – айналысқа ақша, құнды қағаздар шығаратын кез келген орган: заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, мемлкеттік банк, несие-қаржы мекемелері.
Я
Ямайкалық валюта жүйесі – 1976 ж. Кингстонда (Ямайка) Халықаралық валюта қорына мүше-елдердің келісімімен заңды ресімделген дүниежүзілік валюта жүйесі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Закон Республики Казахстан от 13 декабря 1993 г. «О денежной системе Республики Казахстан»;
2 Закон Республики Казахстан от 3 1 августа 1995 г.«О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан»;
3 Закон Республики Казахстан от 29 июня 1998 г.«О платежах и переводах денег»;
4 Закон Республики Казахстан от 28 апреля 1997 г. «О вексельном обращении в Республике Казахстан»:
5 Закон Республики Казахстан от 5 марта 1997 г. «О рынке ценных бумаг»;
6 Закон Республики Казахстан от 24 декабря 1996 г.«О валютном регулировании»,
7 Е.Ф. Жуков, Л.М. Максимова, Деньги, кредит, банки –М: Банки и биржи
ЮНИТИ, 2007г.
8 Валютные отношения. Уч пособие под ред. Симионова Ю.Ф. - М. Финансы и статистика, 2005.
9 Деньги, кредит, банки. Учебник под ред. Лаврушина О. И. -М., Финансы и
статистика, 2002;
10 Деньги, кредит, банки. Учебник под ред. Колесникова В -Спб, Питер, 2001
11 Деньги, кредит, банки. Учебник под ред Сейткасимова Г. С.- Алмагы,
Экономика, 2007;
12 Долан Э.Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл Розмари Дж.Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. -М., 1998;
13 Международные валютно-кредитные и финансовые отношения.
Учебник под ред Красавиной Л.Н. - М Финансы и статистика, 2002;
14 Е.Ф. Жуков . Деньги,кредит,банки. Ценные бумаги.-М: ЮНИТИ, ДАНА.
Уч.пособие.2006г.
15 М.В.Романовский “Финансы, денежное обращение и кредит: учебник.
М.:Юрайт – Издательство, 2004г.
16 Деньги, кредит, банки. Учебник под редакцией В.В.Иванова. – М.:
Т.К.Вельби, изд-во “Проспект”, 2003г.
Достарыңызбен бөлісу: |