Аверс – лицевая сторона монеты


Валюта бағамдары бойынша фьючерс



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/4
Дата24.01.2018
өлшемі0,59 Mb.
#7883
1   2   3   4

Валюта бағамдары бойынша фьючерс – болашақта қандайда бір мерзімге валютаның нақты мөлшерiн сатып алу-сатуына шарты.

Валюталық бағамдау — заңды нормаларға және қалыптасқан тәжірибеге сәйкес шетел валюталарының бағамдарын белгілеу. Валюталық бағамдау тікелей және жанама болып бөлінеді.

Валюталық бақылау — валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында валюта зандарының орындалуын қамтамасыз ету.

Валюталық бақылау - резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық құндылықтармен жасалатын валюталық операциялардың, бекітілген заңдылықтар мен нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуін тексеру мақсатында Орталық банк пен кеден ұйымдары тарапынан жүзеге асырылатын бақылау түрі

Валюта котировкасы-валюталық нарық қатысушыларының нақты уақытқа белгілеген курсы.

Валюта қоржыны- валютаның айналымы бойынша валютаның курсын белгілеу, берілген валюта курсы орташа өлшенген құны бойынша анықталады.

Валюта нарығы – шетел валюталарын сату – сатып алу және шетел валютасындағы төлем құжаттары операцияларына байланысты тұрақты экономикалық және ұйымдық қатынастардың жүйесі.

Валюталық айқындама – банкінің шетел валютасымен есептелетін талаптары мен міндеттемелерінің арақатынасы.

Валюталық арбитраж – валютаның уақытқа байланысты бағамының өзгеріп отыруынан пайда табуды мақсат тұтатын келесі және керісінше мәміле бойынша, сондай-ақ түрліше валюта рыноктарында осы валюта бағамының әр түрліліктері есебінен шетел валютасын сату – сатып-алу.

Валюталық бағам— бір елдің ақша өлшемінің екінші бір елдің ақша өлшемімен көрсетілген бағағы, салыстырмалы арақатынас құнының өлшемі. Нарықтық экономика дамыған елдерде халықаралық валжюта өлшемдеріне ұлттық валютаның бағамы қолданады.

Валюталық бағамдардың көптігі – мемлекеттің қолда бар шетел валютасы айналымының шоғырлану шартында барлық тауар айналымы үшін және жеке тауар топтарында экспортты жақсартып, импортты қысқарту мақсатында ынталандыру құралы.

Валюталық блоктар — тәуелді елдердің өтімділік рыногын, шикізат көзі және капиталды салу саласын пайдалану мақсатымен жекелеген мемлекеттердің валюталық басымдылығын қамтамасыз ету үшін құрылған валюталық топтар.

Валюталық интервенция — елдің орталық банкі валюталық нарық пен валюта бағамын реттеу мақсатымен біз кезекте қолданатын қомақты әрекеті.

Валюталық күн – контрагенттің шотына аталған күні келісім шарт бойынша түсуін талап ететін мерзім.

Валюталық қатынастар — әр түрлі мемлекеттер мен олардың жеке және заңды тұлғалары арасындағы ақша айналымы.

Валюталық қоржын - ұлттық және аймақтық валюталардың бағамдарын анықтауға арналған шетел валюталарын котировкалауда пайдаланылатын валюталар жиынтығы.

Валюталық операциялар – меншік құқығы мен басқа да құқықтардың валюталық құндылықтарға өту операциялары.

Валюталық реттеу — мемлекет қызметінің халықаралық валюталық құндылықтарға есептер мен мәмілелер жасаудағы тәртібі.

Валюталық резервтерді диверсификациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындарды сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.

Валюталық саясат - валютаға, валюта бағасына, валюталық операцияларға әсер ету арқылы елдің ішінде және тысқары жерлерде жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясаты мен сыртқы экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.

Валюталық тепе-теңдік — валюта бағамының екінші бір валютаға айырбастаудағы ресми тұрақты түрде бекітілген арақатынас.

Валюталық шектеме — мемлекеттің жоғарғы мемлекеттік органдар арқылы басқа елдерге қойылатын белгілі бір талаптарды мәжбүр ету арқылы қолданылатын валюталық шаралардың жиынтығы.

Вексельдерді есеп алу - 1) вексельді мерзімді төлем күші біткенге дейін нақтылы бағасынан төмен мөлшерге сатып алу; 2) банк тәжірибеде вексельдерді сатып алу (есепке алу) кезіндегі банкпен өндіріп алатын есептік пайыз.

Вексельдік кредит – вексельде көрсетілген соманы күні бұрын төлеу үшін банктің вексель ұстаушыларға несие беру түрі.

Вексель валютасы — вексель төлеуге берілетін валюта; халықаралық айналымда вексельге несие беруші елдің, борышқор елдің, сондай-ақ үшінші бір елдің валютасында вексельді төлеуге берілуі мүмкін.

Вексель дисконты - 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін вексельді номиналдан төменгі бағамен сатып алу; 2) вексельдерді есепке алу барысында банктердің алатын есепке алу пайызы.
Г

Грант-элемент — түрлі несиелер мен қарыздар беру шарттарын салыстыру үшін халықаралық статистикада пайдаланатын көрсеткіш.

Гурт – метал ақшаның түйір беті.
Д

Дебеттік авизо (дебетовое авизо) - банктік шоттан қаражатты шегергені туралы хабарлама.

Дебеттік аударымдар — төлемді жасау үшін бенефициардың ақшаны жөнелтуші банкке төлем құжаттарын беру жолымен жүзеге асатын қолма-қол ақшасыз төлемдер.

Дебеттік карточка - карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.

Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық шотында қаражаты бар, клиент пен банк арасындағы өзара келісімшартқа сәйкес шотгағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Девальвация — басқа елдердің валютасы немесе алтын түріндегі ұлттық валютаның құнсыздануы. Девальвация жүргізуші мемлекеттің бәсекелестік қабілетін күшейтеді.

Деноминация – жаңа ақша бірліктерін шығару, яғни ақша белгілеріндегі нольдерді қысқату арқылы ақша бірлігінің масштабын күшейту.

Депозит (салым) – банк немесе сақтық кассасы уақытша пайдалануға сенім берген ақша сомасы немесе бағалы қағаздар. Салым ретінде ақша құралдарын тартумен байланысты операциялар депозиттік деп аталады.

Депозитарий – бағалы қағаз нарығында құнды қағаздарды сақтау, оларды тіркеу келісімі сияқты қызметтерін ұсынатын банк немесе заңды тұлға. Депозитарий қызметі — бағалы кағаздар иелерін күқықтарын есепке алу және растауға, бағалы кағаздармен мәміле жасауда техникалық жа-ғынан камтамасыз етумен байланысты банктердің кызметі.

Депозитарлық қолхат — депозитар-банкте сақталатын, шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.

Депозиттік сертификат — занды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйқы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Депозиттік сертификат - коммерциялық банкке жедел ақша салу куәлігі. Осындай жағдайда банк ақшаны депозиттегі ставка мөлшерімен қабылдауды жариялайды.

Депорт – саудагерлердің қор биржасында айналыстағы бағалы қағаздар құнын төмендету есебін баға айырмашылығымен алу мақсатында жасайтын келісімшарт мерзімі.

Дербес айырбас құнының формасы - ақшаның қолдануы тауарларды тiкелей сатуға байланысты емес.

«Дерепорт»келісімі – шетел валютасын «своп» шартына сәйкес сатып алуы және бір уақыттағы оның «форвард» шартына байланысты сатылуы.

Дефляция – инфляция кезіндегі қалдық ақша массасының айналымынан алынатын алым.

Диверсификация – әр түрлі жұмсалым объектілері арасында инвестицияны реттеу.

Дивиденд — мүлік иесінің алатын таза кірісі.Таза кіріс акционерлердің жалпы жиналысында қаралып, анықталады.

Дилер - көбінесе өз атынан , немесе өз есебінен тауарларды қайта сататын делдал жеке адам немесе фирма.

Дисконтты(есептік)саясат–Орталық банктің есептік ставкасының өзгеруі,валюталық курсты реттеу мақсатындағы қысқа мерзімді капиталдың мемлекеттер арасындағы қозғалысы.

Дисконттық мөлшерлеме әдісі-қарыз алушы несие берушіден несие сомасын алғанда, көрсетілген пайыз бойынша, пайызды төлегенде жеңілдік алу мүмкіндігі.

Дотация — ұйымдағы, кәсіпорындағы шығындарды жабу үшін немесе басқа мақсаттар үшін беретін мемлекеттің қайтарылымсыз жәрдемі.

Дүние жүзілік банк тобы – ірі қаржылық ұйым болып табыла отырып, өзіне Дүниежүзілік қайта құру мен даму банкін және үш филиалын бекітеді.ДҚҚДБ мамандандырылған институт ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы дамушы елдерге қаржылық көмек көрсетіп, олардың экономикалық дамудың жоспарын жасауға қолдау көрсетіп, өнеркәсібі дамыған елдердің іс-қимылын реттей отырып, дүниежүзілік экономикалық ұйымдардың да қызметін қадағалайтын орган.

Дүниежүзілік банк – халықаралық үш қаржы мекемелерінен құрылған топ. Олар: Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Халықаралық даму ассоциациясы. Бұлардың әр қайсысы өзіндік дербес статусы бар Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері.
Е

Европаның қайта құру мен даму банкі – жергілікті несие беруші банк.1990жылы Орталық және Шығыс Европа елдерінің экономикалық реформаларын ашық экономикалық нарыққа өту мен осы елдерде жеке кәсіпкерлікті даму мақсытында құрылған ұйым.

Егеменді дефолт – егемендi парыздың бөлiгiнде несие берушілералдында өз мiндеттемелерiн орындаудан мемлекеттiң бас тартуы.

Екіжақты валюта жүйесі – алтын және күміс монеталардың ара қатынасы мемлекетпен бекітіледі.

Еншілес банк – меншікті капиталдың 50%ынан артығын бас банк өз пайдасына сатып алған банк, бұл еншіле банктің жарғысында белгіленген.

Ең төменгi тұтынушылық бюджетi – адамның денсаулық және тiршiлiк әрекетiн сақтау үшiн қажеттi материалдық игiлiктер немесе қызметтердiң тұтыну құрылымының ең төменгi көлемінің көрсеткiшi, сонымен қатар бұған жаңа киім, аяқ киім, ұзақ мерзімді тауарлар және демалу шығындары жатады.

Еркін қолданылатын валюталар – резервтегі, қордағы валюта түсінігінің синонимі.

Ерікті сақтандыру – сақтандарушы мен сақтанушы арасындағы сақтанушының ерікті түрді келісімшарттың негізін жасау мен оны іске асыру жөніндегі ерікті келісімі.

Есептік мөлшерлеме саясаты - Орталық банктің коммерциялық банктерге берілетін қарыз бойынша пайыз көлемін реттеуі.

Есептік пайыз (векселдерді есеп алу кезінде) - векселдiң номиналы және вексель бойынша банкпен сатып алған бағасының арасындағы айырма.

Еуро — 1991 жылғы 1 қаңтарында еуропалық валюта болып енгізілді. Еуро әлемдегі негізгі валютаға айналып, доллардың баламасы болды.
Ж

Жабық валюталық ұстаным-активтер мен пассивтер саны бір бірімен сәйкес келетін, жеке шетелдік валютасына қолданылатын валюталық ұстаным.

Жабық факторинг- фактор-делдалға талапты қайта ұсыну туралы, төлеуші білмеген жағдайдағы және оның жабдықтаушымен есептесуді тікелей жүргізудегі түрі.

Жай қарыздық шоттар – банктiк тәжiрибеде көбiнесе бiр жолғы қарызды беруге қолданылады.

Жай пайыздар – несиені пайдаланудың мерзімі бойы ылғи бiр есептелген сомаға пайыз мөлшерлемесінің қолданылуы.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) — елдің ауқымында шығарылатын материалдық өндіріс пен қызмет өрісі салаларының ақырғы өнімінің тұтас құнын білдіреді.

Жартылай айырбасталымды валюта - шетелдiк валютаға тек ұстаушылардың нақтылы дәрежелерi үшiн және қатаң анықталған операциялардың белгiлi бiр түрлерi бойынша айырбасталатын валюта.

Жеке сақтандыру-сақтанушының тікелей өзіне, оның өміріне, денсаулығына, еңбекке деген қабілетіне байланысты қауіп-қатерден сақтану.

Жинақ (депозиттік) куәлік, құжат – банкке енгiзiлген салым сомасын және салымшының (сертификаттың ұстаушысы) белгiленген мерзiмiнiң өтуi бойынша салым сомасын және сертификатта көрсетілген пайыздарды алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
И

И.Фишердiң айырбас теңдеуi - тауарға төленген ақша сомасы тауар деңгейдейіндегі бағасына көбейтілген тауар санына тең келетін есептi тәуелдiлiкті көрсетеді.

Импорт- қайтару міндеті жоқ ҚР территориясына тауар, жұмыс және қызмет, интеллектуалды қызметтің шешімдерін шетелден әкелу.

Инвестиция - күрделі қаржының әртүрлі түрлері, пайда табу мақсатында болашақта кіріс алу мақсатымен капиталды ақшалай, материалдық және материалдық емес түрінде кәсіпкерлік қызмет нысандарына салынатын күрделі қаржылық салым.

Инвестицияларды қаржыландыру – инвестициялық жобалар және бағдарламалардың iске асыруға арналған қаржы қорларын қолданудың әдiстері мен формалар таңдау процессi.

Инвестициялық банк-несие ұйымы ретінде ұзақ мерзімді ссудалық капиталды жұмылдырады, және оны қарыз алушыға облигацияны шығару және оны орналастыру негізінде береді.

Инвестициялық жоба- ірі инвестициялық мақсаттарды, мысалы құрылыс немесе басқа да ірі жобаларды, іске асыратын бағдарлама.

Инвестициялық қызмет-инвестицияны жүзеге асыру үшін қолданылатын қызмет.

Инвестициялық ресурс – инвестициялық қызметтің іске асуы үшін қолданатын барлық ақшалай және басқа да активтердің түрлері.

Инвестициялық саясат – қаржы саясатының стратегиялық аспектісін айқындайды, инвестициялық жобаларға қаржылық ресурстардың ұзақ мерзімді салымдарын салудың тиімді тәсілдерін таңдауда негізделген.

Инвесторлар-өзінің атынан, өз қаржысына бағалы қағаз сатып алушы :заңды тұлға немесе азамат.

Индоссамент – жапсырма жазбасы, әдетте ордерлік бағалы қағаздың артқы жағында жазылады, бұл жазба осы құжат бойынша құқықты бір тұлғадан екінші тұлғаға көшуін көрсетеді.

Инкассо — клиентінің рұқсатымен, банк сол клиенттің құжаттары бойынша төлемдерді алуға және ақшыны клиенттің шотына аудару жауапкершілігін алатын банктің есептік операциясының түрі.

Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануы, бағаның өсуі,ақша айналымының ағымының шамадан тыс артумен байланысты жағымсыз құбылыс.

Ипотекалық кредит — банк және басқа да кредит мекемелерімен қозғалмайтын мүлік – жер, өндірістік және тұрғын үйге арналған ғимараттар кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді кредит.

Ипотекалық несие – жерді, мүлікті, және басқа да өндірістік ғимаратты кепілге қою арқылы берілетін несие түрі.
К

Кадастр — салық салынатын объектілердің тізімдемесі мен бағалануы.

Капитал құрылымының үйлесімділігі - қаржылық менеджменттің негізгі міндеттерінің бірі. Кәсiпорын қызметiнiң меншiктi және қарыздық қаржыландыру көзінің ұтымды қатынасын таңдауы бойынша шешiм қабылдауы.

Касса қалдығының лимиті- жұмыс күнінің аяғында қолма-қол ақшаның көп мөлшері кәсіпорынның кассасында қалып қоюы мүмкін болатын көрініс.

Кассалық есеп айырысу орталықтары – есеп айрысу және басқа да операциялар жүзеге асыруына арналған Ұлттық Банктiң аймақтық мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi.

Кастодиан – клиенттердің өзіне сеніп тапсырған ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардын сақтау және есептеу жөніндегі кәсіби қызмет жасайтын заңды тұлға.

Кәсіпорын активтері — табыс алу мақсатында қолданылатын, меншік түріндегі кәсіпорынның экономикалық ресурстары.

Кәсіпорын бюджеті — қызметтер түрі бойынша кіріс пен шығысты көрсететін, әдеттегідей бір жылға дейінгі аралықта жасалатын жедел қаржылық жоспар.

Кейнсианның ақша-несиені реттеу моделі - «несиені реттеу» атты қағиданы негізге ала отырып, нарық жүйесінің кемшіліктерін ,сонымен қоса еркін кәсіпкерлікті мемлекеттің фискалды және несие саясаты арқылы жоюды мақсат етеді.

Кепілгерлік - қарыз алушының қарыз берушіге қарызын міндетті түрде қайтарып беру міндетін өзіне алатын тапсырыс алушы қызметі.

Кепілзат - міндеттемелерді қамту әдісі, мүлік немесе басқа да құндылықтар несие алу кезінде кепіл зат ролін атқарады.

Кепілденген чек — чек берушінің банк шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.

Кепіл хат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды етеймін деген жазбаша міндеттемесін береді.

Кепілсалымдар нарығы – қаржылық міндеттемелер нарығы, қарыз алушы несиені қамтамасыз ету үшін өз меншiгiн кепілдікке беруі, яғни бұл қарыз берушіге берілетін жылжымайтын мүлiк кепiлдiгі туралы куәлiк.

Комиссиондық-делдалдық банк операциясы – орындалуына ешкандай жауапкершілік бермейтін, тек қана клиенттерінің тапсырысымен ғана орындайтын банк операциясы, бұл жағдайда банк тек қана комиссионерлік сыйақы ғана алады.

Коммерциялық банк – пайда табу мақсатында ақша қаражатын тарту, төлемдік, мерзімдік, қайтарымдылық шарттарында сол ақшаларды өз атынан орналастыру, заңды және жеке тұлғалардың шоттарын ашу мен оларды жүргізумен айналысатын мекеме.

Коммерциялық банк балансы – тартылған және өзіндік қаражаттардың жағдайын, олардың көздерін, кредиттік және өзге де операцияларға орналасуын бейнелейтін бухгалтерлік баланс.

Коммерциялық банктер пайдасының қор жинауы - банктің резервтік және тағы басқа қорларды жылдам жасаудың кейінгі оларды капитализацияландыру немесе алдыңғы жылдың бөлінбеген пайдасын жинақтау меншiктi капиталды молайтудың бір әдiсі.

Коммерциялық банктердің қосымша капитал тартуы - акционерлiк банктердiң қосымша акцияларының орналастыруында және банк қатысушылардың қосымша үлестерiнiң тарту арқылы банктердiң меншiктi капиталын арттырудың әдiсі.

Коммерциялық банктердің резервтері, қорлары – салымшылардың талабын дер кезінде қанағаттандыруға қажетті ақша сомасы; коммерциялық банктердің өздерінің кейбір операцияларын қамтамасыз ету мақсатымен міндетті қор мөлшеріне сәйкес ортылқ банктерде сақтайтын қорлары.

Коммерциялық банктердің функциялары — несиедегі делдалдық; шаруашылықтағы жинақтауларды ынталандыру; жеке субъектілердiң арасындағы төлем делдалдығы; бағалы қағаздар операциялардағы делдалдық ұйымы; ақпараттық - консалтингтік қызмет көрсетуi.

Коммерциялық банктің активтерінің пайдалылығы – банктің жиынтық активтерге алған пайданың қатынасы; ол меншiктi капиталдың тиiмдiлiгiн қоса оның белсендi операцияларының жеке тобын сипаттайтын көрсеткiштермен толықтырыла алады.

Коммерциялық банктің арнайы тағайындау қорлары – банктің таза пайдасынан құрылады және банк қызметкерлерінің материалдық көтермелеу әлеуметтiк қамсыздандыру көзі болып табылады.

Коммерциялық банктің жинақтау қоры – банктің өндiрiстiк және әлеуметтiк дамытуға және жаңа мүлік жасауы бойынша басқа да шараларды қаржылық қамтамасыз ету ретiнде кейiнгіге сақталған банктің бөлінбеген пайдасы

Коммерциялық банктің сақтандыру қорлары – банк қызметінің нәтижесінде қарыздар және бағалы қағаздардың құнсыздануы кезіндегі операциялар бойынша пайда болатын шығындарды жабу үшін құрылатын міндетті резервтер.

Коммерциялық банктің үстеме капиталы – эмиссиялық кіріске, үшінші тұлғадан банктің өз меншігіне қайтарымсыз алған мүлігі,банк мүлік құнының оны қайта бағалау нәтижесінде өсуі.

Коммерциялық емес ұйым – негізгі мақсаты пайда табу болып саналмайтын және қатысушылар арасында алынған табысты бөлмейтін ұйымдар.

Коммерциялық кредит— кәсіпорындарға басқа кәсіпорындарға жеделдік, қайтарымдылық және төлемділік шартында уақытша бос ақша қаражаттарын келісімшарт негізінде ұсынылатын кредиттің түрі.

Коммерциялық несие-сатушыларға сатылған тауарларға төлемдерді кейінге қалдыру, сатып алушыға тауар формасында берілетін несиенің бір түрі.

Коммерцялық банктердің брокерлік операциялары — инвесторлардың тапсырысы және ақшасы бойынша бағалы ақшалардың бастапқы және қайталама нарығында орындалатын операциялар.

Конверсионды операция – белгіленген курс пен белгілі бір мерзімде қолма-қол және қолма-қолсыз бір елдің валютасын, екінші елдің қолма-қол және қолма-қолсыз валютасымен сату сатып немесе сату келісімі.

Конверсия — қарыз тиімділігінің біржақты өзгерісі, яғни кредиторлаға мемлекетпен алынған қарыз бойынша тиімділіктің төмендеуін жариялауы.

Конкурс — тауар сатушы немесе қызмет көрсетушілердің арасынан мемлекеттік келісімшартты ең жақсы жағдаймен орындаушысын анықтау.

Коносомент-теңіз шарттарының талаптары баяндалған құжат.Тауарды бөлуге арналған, қолында осындай құжаты бар адам жүктің иесі ретінде танылуға құқығы бар екенін көрсетеді.

Консолидация-шетелге апарып комиссиондық формада сатылатын тауар.

Контокоррент – клиенттің өз қаражаты есебінен де, банктің кредиттері есебінен де жүргізілетін барлық операциялары есепке алынатын банкідегі шоты.

Корреспонденттік шот — бір кредиттік мекеменің бекітілген корреспонденттік келісім-шарты негізінде басқа кредиттік мекеменің тапсырмасы бойынша және соның есебінен жүргізілген есепайырысулары көрсетілген шот.

Көпвалюталы стандарт - дүниежүзілік ақшалар ретінде: доллар, евро, фунт стерлинг т.б. қолдануын қадағалайтын дүниежүзілік жүйе.

Кредит — қайтару шартында және кәдуілгі пайыздарын төлеп бір тұлғалармен, шаруашылық субъектілермен, кәсіпкерлермен және мемлекетпен басқарылатын уақытша пайдалануға құнын тапсырғанда қалыптасатын экономикалық қатынас.

Кредитор-несиелік қатынасты орнататын (несиелік келісім) ұйым. Кредитор болып банк, мемлекет, кәсіпорын болуы мүмкін.

Кредиттік жол (линия)-белгіленген ақша мөлшерін, белгілі мерзімге қарыз алушының өтініші бойынша,заңды түрде рәсімделген несиені кредиттік мекеменің беруі.

Кредиттік мекеменің банкроты қарызын өтей алмаған борышқор, яғни борышын орындауға мүмкіндігі жоқ, дәрменсіздігі соттың шешімімен расталған кез келген кредиттік мекеме. Егер кредиттік мекеме өзінің міндеттемелерін орындау уақыты аяқталғаннан кейінгі ай ішінде орындай алмаса, ол төлем қабілеті жоқ деп саналады.

Кросс-курс-үшінші тараптағы валютаның қалған валютаны ығыстырғандағы екі валютаның арасындағы байланыс.

Күн көрістің ең төменгі деңгейі, күнелтудің төменгі шегі – адамның денсаулығына және тiршiлiк әрекетiн сақтау үшiн қажеттi азық-түлiк, азық-түлiкті емес тауарлар және қызметтердiң, сонымен бірге міндетті төлемдердің ең аз деген ақшалай мөлшері.

Күн ішіндегі несиелер – корреспонденттік шоттарда төлем құжаттарын төлейтін қаражат болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда, операциондық күн ішінде коммерциялық банктерге Халық Банкпен берілетін несие.

Күрделі пайыздар – алдыңғы мерзiмдегi пайыздардың сомасын есепке алуымен есептелiнеді.

Кірістілік – кіріс пен инвестицияның бастапқы сомасын немесе ағымдық бағамының қатынасын айқындайтын бағалы қағаздардың сандық мінездемесі.
Қ

Қағаз ақша – бағамы мәжбүрлі болатын және мемлекет ақша айналысын ұйымдастыру үшін шығарылатын құнның атаулы белгісі, ақша белгілері мемлекетпен монополизацияланғандықтан, қазіргі уақытта қағаз және кредит ақшалары арасында нақты шек жоқ.

Қайғылы оқиғалардан сақтандыру – қайғылы оқиғалардың нәтижесінде өмiрден кету, денсаулыққа зиян келтіру сияқты түрлерінен тұратын дербес сақтандырудың саласы.

Қайта сақтандыру - сақтандыру ұйымдар арасында қауіп-қатерді бөлісу жөніндегі сақтандыру қатынасының ерекше түрі.

жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау