15 тәжірибелік жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
Мақсаты: тәлімдерді жобалаудың негізгі әдістерін және әр түрлі күрделі екі өлшемді сызбаларды жасауға үйрету. Казіргі AutoCAD 2000 автоматтандыру жобалау жүйесімен бірге техникалық сызбалардың пайда болуының, өңделуінің, қайта құрылуының негізгі принциптурін зерттеу.
15.1 №1 тәжірибелік жұмыс «Сызбаның геометриялық элементтері»
Жұмыстың орындалу мақсаты – AutoCAD жүйесімен танысуға керекті базалық түсініктемелерді алу. Қарапайым сызулық элементтерді (примитивтерді) сызу – кесінділер, көпбұрыштар, шеңберлер.
Тапсырма. А4 форматының рамкасын және негізгі жазылымды құру, негізгі жазылымды толтыру. Сызбаның бос өрісінде сызбаның геометриялық элементтерін құру.
№1 тәжірибелік жұмыстың орындалу мысалы А нұсқауында көрсетілген.
№1 тәжірибелік жұмыстың орындалу тізбегі:
1 AutoCAD жүйесін жүргізу (5 бөлім);
2 Жаңа сызбаны құру және жүйенің параметрлерін орнату (6 бөлім);
3 А4 форматының рамкасын құру (8 бөлім);
4 Негізгі жазылымды құру (11 бөлім);
5 Негізгі жазылымды толтыру (13 бөлім);
6 «ORTHO» режимінде «Линия» командасын қолдана отырып, әркелкі тағайындалған және ұзындығы 50 мм қалыңдығы бар сызбаның төрт тызығын жүргізу (43 сурет). Объект сызығының түрін өзгерту үшін оны бөлу керек, стандартты менюсіне кіріп, «Свойства» командасын таңдау, пайда болған диалог терезесінде «Тип линий» пунктін таңдау, жебесі бар бастырманы басу, ол бөлінген элемент тізімінің оң жақ бағанасында орналасқан, сызық түрінің тізімі ашылады. Онда керекті сызық түрін таңдау.
Сызық қалыңдығының өзгеруі сызық түрінің өзгеруіне ұқсас.
43 сурет
7 «Рисование» панелінде орналасқан «Окружность» бастырмасы көмегімен не түсуші «Черчение» менюсінің «Окружность» пункті көмегімен шақырылатын «Окружность» командасын қолдана отырып, берілген диаметрдің шеңберін құрамыз.
Командасы: «Окружность»
Сұраулар:
Specify Center point for circle or [ 3P/ 2P/ Ttr (tan tan radius)] : (Егер экранның кез келген жерінде тышқанның сол жақ бастырмасын басып, нүктені көрсетсек, онда ол шеңбердің центрі болып саналады) Specify radius of circie or [Diameter]: (берілген шеңбердің немесе диаметрдің радиусын енгіземіз).
Егер R әрпін енгізсек, онда радиус таңдалған болады, егер D әрпін енгізсек, онда диаметр таңдалған деп саналады және сонда диаметрді енгізу сұрау туады.
Шеңбердің орталық сызықтарын құру үшін түсетін «Размер» менюсіне кіріп немесе экранға «Размеры» панелін (14 бөлім) шығарып, «Метка центра» командасын таңдап, шеңбердің центрін белгілейміз және ол арқылы орталық сызықтарды жүргіземіз.
Осы панельде «Диаметральный размер» командасын таңдап, берілген шеңбердің диаметрін енгіземіз (44 сурет).
44 сурет
8 «Линия» командасын қолдана, берілген өлшемдер бойынша тікбұрышты ұшбұрышты құрамыз. Одан кейін «Рисование» панелінде орналасқан «Отражение» командасын қолдана, тік катетке қарағанда, осы ұшбұрыштың айналы көрінуін құрамыз.
Командасы: «Отражение»
Сұраулар;
Select objects: (айналы көрініс үшін объектті таңдаймыз)
Specify first point of mirror line: (көрініс осінің бірінші нүктесін көрсетеміз)
Specify second point of mirror line: (көрініс осінің екінші нүктесін көрсетеміз)
Delete source objects ? [Yes/No] : (сұраққа: ескі объектті жоямыз ба, иә немесе жоқ деп жазып береміз).
«Линейный размер» командасын қолдана отырып, үшбұрыштың өлшемдерін енгіземіз (45 сурет).
45 сурет
9 «Многоугольник» командасын қолдана отырып, берілген өлшемдер бойынша алтыбұрыштыны құрамыз.
Командасы: «Многоугольник»
Сұраулар:
Polygon Enter number of sides <4>: (көпбұрыштының жақтар санын енгіземіз)
Specify center of polygon or[Edge]: (тышқанның сол жақ бастырмасымен экранның бос жерінде басу)
Enter an option [Inscribed in circle / Circumscribed about circle] :(жазылған немесе түсіндірілген, таңдап, Enter басамыз)
Specify radius of circle: (берілген шеңбердің радиусын белгілейміз)
Алтыбұрышты үшін симметрия осін жүргізу үшін «Линия» коиандасын және «Середина» объектті байламды қолданамыз (9 бөлім).
«Линейный размер» командасын қолдана, алтыбұрыштың өлшемдерін енгіземіз (46 сурет).
46 сурет
«Линия» командасын қолдана, берілген өлшемдер бойынша алтыбұрышты құрамыз.
Одан кейін, «Рисование» панелінде немесе түсетін «Черчение» менюсінде орналасқан «Штриховка» командасын қолданамыз. Осы команданы шақырғаннан кейін «Штриховка» терезесі шығады.
Берілген команда тұйықталған сызықтармен шектелген контур ішінде нүктелерді қарапайым көрсету жолымен аймақты жолымен, бұл үшін «Выбрать точки» командасын таңдаймыз, немесе объектті таңдау жолымен «Выделить объекты» командасын таңдаймыз.
Команда контурды автоматты түрде анықтайды және контурдың ьелгісі боп саналмайтын примитивтерді анықтайды.
Ескерту! Штрихталатын объекттің контуры міндетті түрде тұйық болу керек!
«Структура» батырмасын басқан кезду ANSI31. Сонымен қатар көлбеу бұрышын және эталонды көрініске қарағанда штрихтау масштабын орнатуға болады. Масштаб үлкейген кезде штрихтау сызықтарының арасындағы қашықтық үлкейеді, төмендеген кезде – төмендейді.
Командасы: «Штриховка», диалог терезесінде ANSI31 штрихтау түрін таңдап, «Выбрать точки» бастырмасын басамыз.
Select internal point: (ішкі нүктені таңдау:) штрихпен толтыру жобаланатын аймақтың ішкі нүктесін көрсетеміз, Enter басамыз, пайда болған терезеде «ОК» бастырмасын басамыз, AutoCAD терезені жабады және сызбаның көрсетілген аймағына штрихті жасайды.
«Линейные размеры» командасын қолдана, тіктөртбұрыштың өлшемдерін енгізу (47 сурет).
47 сурет
11 Сызбаны құрудың соңғы этапы оның үстінен жүргізу болып саналады. Сызық қалыңдығын өзгерту үшін оны басу керек, стандартты құралдар панелінің «Свойства» пиктограммасын таңдаймыз немесе тышқанның оң жақ бастырмасы арқылы «Свойства» командасын таңдап, пайда болған диалог терезесінде «Толщина линий» пунктін таңдап, жебесі бар бастырманы басамыз, сызықтардың келетін қалыңдық тізімі ашылады. Сызықтын қалыңдығын AutoCAD жүйесінің жұмыс үстелінде орналасқан «Строка свойств объектов» арқылы өзгертуге болады (1 сурет).
12 Сызбаны сақтау (12 бөлім).
№ 1 тәжірибелік жұмыстың сызбасының дайын түрі А нұсқауында көрсетілген.
Өздік бақылауға арналған сұрақтар
1 AutoCAD сызулық жүйенің қандай мүмкіндік спектрі бар?
2 AutoCAD сызбасының құру принципі қандай?
3 AutoCAD жүйесін қандай әр түрлі әдістермен жүргізуге болады?
4 AutoCAD-та жұмысты орындау кезінде қандай өлшем бірліктері қолданылады?
5 AutoCAD жұмыс столына жұмысқа керекті қосымша құралдар панелі және жеке бастырмалар қалай шығарылады?
6 AutoCAD сызбасының жұмысын орындауға кіріскенде, қандай сызулық примитивтерді зерттедініз?
7 AutoCAD сызбаларының өңделуі қандай әдістермен іске асады?
8 AutoCAD негізгі жазылымның тастырылуы қалай орындалады?
15.2 № 2 тәжірибелік жұмыс «Техникалық бөлшектің сызбасы»
Жұмыстың орындалу мақсаты – күрделі сызбаларды құрудың тәжірибелік білімдерді алу, AutoCAD жүйесінде өңдеудің күрделі командаларын қолдану. Өлшемді стильдермен және штрихталған аймақты жасау жұмысы.
Тапсырма: Берілген өлшемдер бойынша екі проекцияда (бас түрі және сол жақтан түрі) техникалық пішіннің бөлшегін құру. Бөлшектің бас түрі кескінмен қиылысады. Сол жақтан түрді сызбаның бос жерінде орындау. Өлшемдерді енгізу. Жұмысты А4 форматта орындау.
№ 2 тәжірибелік жұмыстың орындалуы Б нұсқауда көрсетілген.
№ 2 тәжірибелік жұмысты орындау бойынша нұсқаулар
№ 2 тәжірибелік жұмысты № 1 тәжірибелік жұмысты орындалған экранда орындалған қолайлы, өйткені AutoCAD жүйесі орнатылған (өлшемді стильдер, текстің стилі және т.б.).
Формат рамкасын және негізгі жазылымды көбейтуге болады бұл үшін «Редактирование» құралдар панелінде «Копировать объект» бастырмасын басу керек немесе тышқанның оң жақ бастырмасы арқылы, одан кейін шақырулар артынан: объектті басу, базалық нүктені белгілер және объектті экранның бос орнына ауыстыру.
Тәжірибелік жұмысты орындау тізбегі
1 Рамка мен негізгі жазылуды көбейту, негізгі жазылуды толтыру;
2 Осьтік және орталық сызықтарды құру;
3 Бөлшектің бас түрін 1 нүктеден бастап, бөлшектің сыртқы түр жағынан сызады, ORTHO режимдегі «Линия» командасын қолданады (48 сурет).
Бұрышы 30 (градус) болатын қиынжиекті құру үшін жағдай сызығындағы «Поляр» бастырмасын басып, осы бастырмада тышқанның оң жақ бастырмасын басу, «Параметры» пункті бар терезені шақыра, аяғында «Параметры привязки» диалог терезесі пайда болады, онда «Шаг угла» («Бұрыш қадамы») 30 орнатамыз.
Бұрышы 45 болатын қиынжиектің құрылуы жоғарыда қарастырылған (10 бөлім). Керек емес сызықтарды не «Обрезать» командасымен не қалам көмегімен өшіруге болады (10 бөлім).
48 сурет
ORTHO режиміндегі «Отражение» команда көмегімен горизонтальды симметрия осін көріну осі ретінде таңдап, алынған сызбаны көрсетеміз (49 сурет).
49 сурет
TRIM (ОБРЕЗАТЬ) және ERASE (СТЕРЕТЬ) командалары көмегімен бөлшектің кескін жағынан барлық керек емес объектілерді жоямыз және бөлшектің ішкі бөлігін құрамыз.
Кеңістікпен қиылысатын бөлшектің барлық бөліктерін «Штриховка» командасы көмегімен штрихтайды. «Линия» командасын қолдана, штрихталу объектінің контуры тұйық болу үшін сол аймақты тағы бір рет үстінен жүргіземіз.
Құрылудың нәтижелері 50 суретте көрсетілген.
50 сурет
Бөлшектің бас түрінде призманың бөлікті ары қарай құру үшін «Многоугольник» және «Окружность» командаларын қолдана, бөлшектің сол жақтағы түрін құру керек (51 сурет). Конусты призмалық бетінің өту сызықтары (50 сурет) «Рисование» құралдар панелінде орналасқан «Дуга» командасын қолдана, құрамыз;
51 сурет
4 Сызбаны құрудың маңызды этапы боп өлшемдердің қойылуы саналады. Өлшемдерді ережелеріне қарап енгізу керек, сол сияқты берілген нақты бөлшектің ерекшеліктерін және өндіру технологиясын ескеру. Өлшемді пайда болдыру командалары – бұл «Размеры» меню командалары. Осы командаларымен тиімді жұмыс істеу үшін дұрыс орнату және жүйенің өлшемді стильдерін активті қолдану керек.
Біздің бөлшегіміздің өлшемдерін қою үшін шрифт биіктігі 3,5 мм болатын алдын-ала өлшемді стильді (14 бөлім) пайда болдыру керек.
Кескінмен бірлескен бас түрде өлшемдерді қойған кезде кескінге келетін барлық өлшемдер сызбада кескін жағынан, ал түрге келетін өлшемдер түр жағынан болып келетінін ұмытуға болмайды.
Өлшемнің бір шығыңқы сызығын және бір жебені жою арқылы «Свойства» командасын таңдап, пайда болған диалог терезесінде «Линии и стрелки» пунктін таңдау, рұқсат берілген командалар тізімі ашылады. «Стрелки» пукнтін таңдап, жебесі бар бастырманы басып, «нет» пунктін таңдау, нәтижесінде бір жебе жойылады. Өлшемнің бір шығыңқы сызығын жою үшін әрекеттер ұқсас.
5 Сызбаны құрудың соңғы этапы боп оның үстінен жүргізу саналады (15.1 бөлім).
6 Сызбаны сақтау.
Сызбаның дайын түрі Б нұсқауда көрсетілген.
Өздік бақылау үшін сұрақтар
1 AutoCAD-та қандай объектті байламдар бар, олардың тағайындалуы?
2 AutoCAD-та сызық түрлерін, сызық қалыңдығын қалай өзгертуге болады?
3 AutoCAD жүйесінде штрихтау қалай жүзеге асырылады?
4 Өлшемді стиль дегеніміз не және AutoCAD жүйесінде ол қалай жасалады? Сызбамен жұмыс істеген кезде неге өлшемді стильдің болуы керек?
5 AutoCAD-та өлшемдердің қойылуы қалай жасалады?
15.3 № 3 тәжірибелік жұмыс «Электрлік және энергетикалық принципиалды сұлбалар»
Жұмыстың орындалу мақсаты – принципиалды электрлік және энергетикалық сұлбаларды оқуда тәжіребелік білім алу және оларды AutoCAD жүйесінде орындау.
Тапсырма. Берілген варианттар бойынша «Микросұлба. Электрлік принципиалды сұлба» сызбасын орындау.
Жұмысты А3 форматта орындау.
№ 3 тәжірибелік жұмысты орындау мысалы В нұсқауында келтірілген.
№ 3 тәжірибелік жұмысты орындау бойынша нұсқаулар
Электрлік және энергетикалық сұлбалардың мәліметтері талаптары, тапсырма варианттары 3 келтірілген.
AutoCAD жүйесінде электрлік сұлбаларды тез және сапалы құрылуы үшін 3 сәйкесінде сұлба элементтерінің шартты сызулық белгілерінің шаблонын пайда болдыру.
Тәжірибелік жұмыстың орындалу тізбегі:
1 Жаңа сызбаны құру және жүйенің параметрлерін енгізу;
2 А3 форматтының рамкасын құру;
3 Негізгі жазылымды көбейту және оны толтыру;
4 ORTHO режиміндегі «Линия» командасын және «Массив» командасын қолдана, 3 сәйкесінде сыртқы шығулардың кестесін құру;
5 «Текст» командасын немесе «Параграф» командасын қолдана, сыртқы шығулардың кестесін толтыру;
6 ORTHO режиміндегі «Линия» командасын қолдана, 3 сәйкесінде сұлбаның барлық байланыс сызықтарын жүргізу (52 сурет).
52 сурет
7 «Редактирование» құралдар панелінде орналасқан «Перенести» командасын қолдана немесе тышқанның оң жақ бастырмасы арқылы және объектті байламдар режимін қолдана, жасалған шаблоннан шартты сызулық элементтерді сұлбаға алмастырамыз.
3 сәйкесінде шартты сызулық элементтерді белгілеу (53 сурет).
8 Сызулық элементтермен белгіленген «Микросұлба. Электрлік принципиалды сұлба» дайын сызба В нұсқауында көрсетілген.
53 сурет
4>
Достарыңызбен бөлісу: |