Autocad жүйесіндегі сызу «Инженерлік және компьютерлік графика»



жүктеу 2,94 Mb.
бет1/12
Дата16.02.2018
өлшемі2,94 Mb.
#9903
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Cәулет-құрылыс факультеті
Кәсіптік оқыту кафедрасы

AUTOCAD жүйесіндегі сызу
«Инженерлік және компьютерлік графика», «Компьютерлік сызба және сызу», «Инженерлік сызба», пәндері бойынша энергетикалық, сәулет-құрылыс мамандықтардың күндізгі, сырттай оқуындағы студенттер үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Павлодар


Кіріспе
Қазіргі өндіріс әр профильді мамандардан техниканың және технологиялық процесті жақсы білуі ғана емес, сондай-ақ жоғары сызбалық мәдениетті қажет етеді. Сондықтан жоғарғы мектептерде сызбалық пәндердің оқытылуы қазіргі педагогика, психология және басқа да ғылымдар деңгейінің сәйкесінде болуы өте қажет сондай-ақ бірінші күннің талаптарына жауап беру керек.

AutoCAD жүйесі құрылысты, машина құрылысты, электронды сызбаларды, технологиялық кестелерді және басқа дайындау аймақтарында кең қолданылады.

AutoCAD жүйесінде суреттер сызбалық примитив құрылымынан жасалады. Примитив – бұл кесінді, дұға, шеңбер, тексті сызық және т.б. Примитивтер дисплей экранында команда бойынша көрінеді. AutoCAD командалары суретке өзгерістерді енгізуге мүмкіншілік береді. Примитивтерді көбейтуге, орын ауыстыруына, өшіруге және т.б. болады. Сурет туралы көмек ақпаратты алуға болады. Суретті кез келген масштабта қағазға плоттер немесе принтер көмегімен шығаруға болады.

Әдістемелік нұсқаулар жобалаудың негізгі әдісін үйренуге және AutoCAD 2000 автоматты жобалау жүйесінің қолданылуымен әр түрлі қиын екі өлшемді сызбаларды жасауға көмек береді.


1 AutoCAD 2000 туралы жалпы мәліметтер


AutoCAD 2000 нұсқасы – алға аттаудың тағы бір қадамы болды, екі өлшемді суреттеуде де, сол сияқты үш өлшемді модельдеуде. AutoCAD ең қолайлы «электронды кульман» болып шықты.

Мұндай суреттеудің үлкен артықшылығы сызбалардың электронды архивін реттеуге мүмкіншілігі болып саналады. AutoCAD жүйесінде құрылған әр суретті жеңіл өзгертуге болады, бұдан сызбаларды тең құруға – сызба бойынша аналогтарды – прототип бойынша болады.

AutoCAD жүйесі тек сызба үшін емес, сол сияқты үш өлшемді модельдерді жасауға болады, сондай-ақ Интернет торабымен байланысты қамтамасыз етеді.

AutoCAD жүйесінің мүмкіндік спектрі өте кең, олар бұл бағдарламаны керекті де танымал етіп жасайды. Оны күрделі сызбалық жұмысты орындау кезінде қолдануға болады, сол сияқты кең және әр түрлі курстық жұмыстарды қолдануға болады.

Берілген бағдарламаны білетін тәлімгер, ол өзі жұмыс істей алады, сондай-ақ одан да сапалы, дәл сызбаларды жасауға мүмкіндігі бар.

Үлкен және көп көлемді жұмыстарды жасау мүмкіндігі сапалы басқа деңгейге шығаруға болады зерттеулік, онда есепті бөлімі Excel орындалса, ал сызбалық – AutoCAD.

Курстық жұмыстарды орындаған кезде әр түрлі суреттерді, сызбаларды, сызуларды AutoCAD тан Word-қа және Excel-ге қойған ең қолайлы.

AutoCAD 2000 – бұл әмбебап сызулық жүйе, ол механизм бөлшектерін жобалайды, ғимараттардың жобаларын құрастырады, аймақтық жоспарларымен жұмыс істейді, киім мен аяқ-кешекті құрылымдайды, дизайн жұмыстарын орындайды.

AutoCAD сызулық жұмыстарының автоматтандыру бағдарламасының пакеті жобалаудың қуатты заты болып саналады, ол генерациясын қамтамасыз етеді. Пакет заттары жұмыста жасалған қателерді жеңіл түзетуге мүмкіндік береді, сол сияқты сызбаны жаңадан бастамай оны өзгертуге болады.

AutoCAD пакетінің көмегімен жасалған сызбаның соңғы варианты толығымен стандарт талаптарына сәйкес және қолмен орындалған сызбаның сапасынан кем емес.




2 AutoCAD-та сызбаның құрылу принципі
AutoCAD жүйесіндегі сызба (сурет) қабат бойынша құрылады, олар бірінің үстіне бірі салынады, оның элементтерін бір бүтінге қосады. Сурет қабатын мөлдір қағазының беттерімен салыстыруға болады. Мысалы, бізде мөлдір қағазының беттері бар: бірінші бетте бөлшек контурының көрінісі көрсетілген, екінші – оның өлшемдері, ал үшіншіде штриховка және т.б. Егер осы үш бетті бірінің үстіне бірін салсақ, онда бөлшек сызбасы толығымен өлшемдер мен штриховкамен жасалады. Мұнда, қабаттар сызбаны құруға қалайлы болу үшін құрылады. Әр қабатта өзінің қасиеттері бар, оларды өзгертуге болады.

Қабат аты – қабат аты 31 белгілерден тұрады, оның ішінде әріптер, сандар және арнайы белгілер. Қабат аты пробелдерден тұруы мүмкін емес.

Көрініс – қабат көрінетін немесе көрінбейтін болуы мүмкін. Экранда көрінетін және қағазға сызылатын примитивтер, олар тек көрінетін қабатқа жатады, бірақ көрінбейтін қабаттағы примитивтер суреттің бөлше болып саналады және регенерацияға қатысады.

Барлық түрлі экрандарда мұздалған/мұздалмаған – қабаттың көрінуін өшірілуін және примитивтердің генерациясынан жойылуын білдіретін мұздалған деп аталады. Мұнда команданың орындалу жылдамдығы көтеріледі: Zoom(көрсету), Pan(Пан).

Блокталған/блокталмаған – блокталған қабатта примитивтер көрінеді, бірақ оларды өңдеуге болады.

Түсі – берілген қабаттың примитив түсін анықтайды.

Сызық түрінің аты – сызық түрін көрсетеді, ол арқылы барлық кесінділер, шеңберлер, оған жататын доғалар сызылады.

Ағымды түрлі экрандағы мұздалған/мұздалмаған – статусты өзгертеді, активті балқушы түрлі экрандарда мұздалған/мұздалмаған.



Жаңа түрлі экрандағы мұздалған/мұздалмаған – статусты өзгертеді, жаңа пайда болған түрлі экрандардағы мұздалған/мұздалмаған.

3 AutoCAD тышқанын қолдануға арналған терминдер
AutoCAD жүйесінде тышқан көмегімен сызылады (сызбаға сызулық элементтерді енгізу). Тышқанның сол жақ нүктесі, Windows сияқты – нұсқаулар, таңдау баcтырмасы болып саналады. Онымен қолданыла отырып, меню пунктілерін, құралдар панельдерінің пиктограммасын таңдауға болады, сызбаның сызулық элементтерін құрған кезде нүктелерді белгілеуге (көрсетуге) болады. AutoCAD 2000 тышқанының екі жақ баcтырмасы Windows басқа көптеген нұсқауларында сияқты экранға контекст менюсын шығару үшін қызмет етеді.

Курсор – экрандағы тышқан көрсетілуі. Курсор түрі оқиғаға байланысты өзгеруі мүмкін және крест, кішкентай тік төртбұрышты (прицел) немесе жебе пішінін қолдана алады.

Прицел – курсор пішіні (формасы), кішкентай тік төртбұрышты болып келеді. Объекттілерді таңдау кезде экранның сызулық зонасында қолданылады.

Қиылысу – курсор формасы, екі қиылысатын кесіндіні көрсетеді (тік және горизонталды).

Көрсету – курсорды сызулық объектте әкеліп және тышқанның сол жақ баcтырмасымен түсіру.

Басу – тең басып және тышқанның сол жақ баcтырмасын жіберу.

Екі рет басу – тең екі басылым орындап, басылым арасындағы интервал ең қысқа болу керек.

Созу – курсордың орнын ауыстыру, оның соңынан кей сызулық объект жүреді.

Басу және созу – тышқанның сол жақ баcтырмасын басып, оны жібермей курсордың орнын ауыстыру, оның соңынан экран бойынша таңдалған объект жүреді.

Таңдауменю пунктінде, құралдар панелі пиктограммасында немесе диалог терезесіндегі басқару элементінде басу.

Пиктограмма – құралдар панеліндегі кішкентай сызулық белгілер.

4 AutoCAD жүйесінің жұмыс столы компонеттері
AutoCAD жүйесінің жұмыс столы (1 сурет) бірнеше элементтерден тұрады.

1 сурет
Түсетін меню сызығы – ең жоғарғы меню сызығы, оған категория бойынша жүйенің барлық командалары енгізілген.



Стандартты құралдар панелі – екінші сызық, оның ішінде файлдармен жұмыс істеу үшін көбірек қолданылатын командаларының баcтырмасы орналасқан.

Объектілер қасиеттер сызығы – үшінші сызық; берілген сызықта қабаттармен басқаратын және объектілер қасиеттер командаларының баcтырмасы орналасқан.

Әр түрлі құралдар панелі – мысалы, экранның сол жағындағы бағаншалары, олардың ішінде командалардың баcтырмалары орналасқан, мысалы, примитивтерді пайда болдыру және объектілерді өңдеу.

Жағдай сызығы – төменгі сызық; берілген сызықта жүйе режимдері және курсор координаттары көрсетіледі.

Командалық сызығының терезесі – жағдай сызығының алдында, бұл терезеде командалар беріледі немесе жүйе команданың орындалу процесінде қосымша сұрауларды шығарады.

Сызулық өріс – экран ортасындағы үлкен бос аймақ.

Меню мен құралдар панелі қолданышуға сызулық элементтерді құру, сызбаларды өңдеу процесінде AutoCAD командаларын енгізуге мүмкіндік береді.

AutoCAD-та тағы да көптеген құралдар панелі бар, оларды керек кезде экранға шығаруға болады - өлшемдер, денелер, тонирлеу және т.б.
5 AutoCAD 2000 пакетін жүргізу
AutoCAD жүйесін екі әдіспен жүргізуге болады:

1 AutoCAD 2000 ярлығында тышқанның сол жақ баcтырмасын екі рет басу керек, сол Windows жұмыс столында орналасады.

2 AutoCAD 2000 баcтырмасын басу, ол үшін:

а) тапсырма сызығында «Пуск» баcтырмасын басу;

б) пайда болған терезеде «Программа» пунктін көрсету;

в) ашылған терезеде параллель орын ауыстыруымен AutoCAD пунктін көрсету;



г) келесі терезеде AutoCAD 2000 баcтырмасын көрсету.
6 Жаңа сызбаны жасау және жүйе параметрлерін орнату
«Файл» менюсінде «Новый...» пунктін таңдау, осыдан экранда «Создание нового рисунка» (2 сурет) терезесі көрінеді.

2 сурет



жүктеу 2,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау