Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі


-тарау. Қорғау шараларын жоспарлауды және ұйымдастыруды болжаммен қамтамасыз ету



жүктеу 1,17 Mb.
бет4/7
Дата09.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#44622
1   2   3   4   5   6   7
АРАМШӨПТЕР

4-тарау. Қорғау шараларын жоспарлауды және ұйымдастыруды болжаммен қамтамасыз ету.

51. Қорғау шараларын ұйымдастыру – өсімдік қорғау мақсатында алдын ала жүргізілетін іс-шаралардың ең маңызды элементтерінің бірі. Қорғау шараларының бірден бір негізгі принциптерінің бірі - атқарылатын шаралардың экономикалық тиімділігі және қажеттілігі. Кезекті қорғау шараларының көлемін жоспарлау жұмысының әдістемесі зиянкестердің жекелеген немесе кешенді түрлерінің санының өзгеруіне және олардың экономикалық маңыздылығына тікелей байланысты.


Осы көрсеткіштер негізінде зиянкестердің қауіпті түрлері үш топқа жүйеленеді.
1) бірінші топ - бұл дақылдың даму кезеңінде жекелеп және өнімнің түзілу кезеңдерінде бірлесе әсер етіп зиян тигізетін түрлері. Бұл топқа әсіресе, жеміс пен көкөніс дақылдарын, жүзім шоқтарын зақымдайтын зиянкестер тобын жатқызуға болады. Сонымен қатар, бұл топқа астық және бұршақ, күріш, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптесін өсімдіктерді зақымдайтын зиянкестер тобы да кіреді.
2) екінші топ – бұлар зияндылығы берік, барлық жылдары зияндылығын танытатын жекелеген түрлері. Олардың зияндылығы әр жылдары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ зияндылық дәрежесі экономикалық зияндылық көрсеткішінен төмендемейді. Бұл топқа сымқұрттар, мақта дақылының кешенді сорғыш зиянкестері мен колорад қоңызы жатқызылуы мүмкін. Бұл топ өкілдеріне қарсы жою шараларын жоспарлау - өңдеу жүргізілетін егістіктің көлемін және оның қаншама қайталануынын анықтау негізінде айқындалады. Мысалы, сымқұрттарға қарсы бір реттік өңдеу жұмысы олардың экономикалық зиянды шегі жоғары болған жерлерде ғана жүргізіледі. Бұл зиянкестердің таралуы мен санының өзгеруі салыстырмалы түрде айтқанда өте баяу жүреді. Бұндай жағдайда жоспарлаудың дұрыстығы арнайы тексеру, есептеу жұмыстарының (зиянкестің танаптарды қоныстануы мен популяция тығыздығы туралы мәліметтердің сапалы болуы) нақты деректермен өрнектелуіне тікелей байланысты болады. Мақта егістігінде сорғыш зиянкестерге (кәдімгі өрмекші кене, бітелер, биттер) қарсы жүргізілетін шаралардың көлемі жыл сайын аздаған ғана өзгерістерге ұшырап отырады. Кейбір ауа райы салқын болған жылдары мақта егістігінде бітелер популяциясы басым дамыса, ал кәдімгі, бірқалыпты құрғақ жылдары кенелер басым дамуы мүмкін. Осындай принциппен колорад қоңызына қарсы өңдеу жұмыстарының көлемі анықталады.
3) үшінші топ – бұлар таралуы мен зияндылық дәрежесі жыл сайын үлкен өзгерістерге ұшырап отыратын зиянкес түрлерінің тобы. Бұл топтағы қауіпті зиянкестер – шегірткелер, шалғын көбелегі, сабақ көбелегі, жерасты кеміргіш түн көбелектері мен жапырақкеміргіш жер үстілік көбелектер, дәннің сұр көбелегі, астық барылдақ қоңызы, сүлікше қоңыздар, бидай трипсі, астық шыбындары, астық бітелері, қант қызылшасын зақымдайтын бізтұмсықтар мен бүргелер және тағы басқалары (тұқымдық қызылшаның жапырақ бітелері). Үшінші топқа жатқызылатын зиянкестерге қарсы жою шараларының көлемін келесі жылға жоспарлағанда, олардың популяциясының жекелеген аймақтарда таралуы мен даму дәрежесін ескерген жөн. Алдын ала, бір жылға жасалған болжауда нақты бір аймақта зиянкес популяциясының санының өзгеруі анықталады. Бұл топтағы көптеген зиянды түрлер популяциясының тіршілік барысында олардың әр фазасында жекелеген аймақтарда қандай стацияларды мекендейтіні және оның саны қандай болатыны белгіленген. Болжау әр аймақта келесі жылға зиянкес популяциясының санының өзгеруін анықтайды. Алдын ала күтілетін зиянкес фазасына олардың таралуы, зияндылық мүмкіндігі, популяцияның морфофизиологиялық жағдайы сәйкес келеді. Жою шараларының оңтайлы көлемін - сол аймақтағы зиянкес популяциясының санының өзгеруінің нақты жылдар аралығындағы жағдайы мен жүргізілген жою шараларының көлемін салыстыру арқылы анықтайды.
4) Сонымен қатар, зиянкестердің шағын тобы бар, олардың жаппай көбеюі өте сирек, бірақ олар алыс жерлерге қоныс аудара алады. Бұл топқа карадринаны, гамма-түн көбелегін, шалғын түн көбелегін, беде және жоңышқа түн көбелегін, капуста күйе көбелегін және тағы басқаларын жатқызуға болады. Бұл зиянкестердің таралуы жіті бақылауға алынған. Әдетте бұлардың саны жоғары ошақтары пайда болса, келесі жылға олардың жаппай көбею мүмкіндігі бар екендігі болжанады.

жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау