Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі


-тарау. Егістіктерді арамшөпмен ластануын есептеу және болжау әдістері



жүктеу 1,17 Mb.
бет7/7
Дата09.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#44622
1   2   3   4   5   6   7
АРАМШӨПТЕР

6-тарау. Егістіктерді арамшөпмен ластануын есептеу және болжау әдістері

63. Біржылдық арамшөптер: Көк гүлкекіре (Centaurea cyanus L), Шырмауық таран (Palygonum convolvulus L.), Қызыл таспа таран (Palygonum aviculare L.), Егістік қыша (Sinapis arvensis L.), Ноғай қарақұмығы (Fagopurum tatarcum Gacrtn), Орташа жұлдыз шөп (Stellaria media Vill) Қарасора арамшөбі (Cannabis ruderalis Janisch), Тауық тарысы (Ecfinochloa crusgalli L.), Ақ алабұта (Cfenopodium album L.), Кәдімгі қара сұлы (Avena fatua L.), Дәрілік бақ-бақ (Taraxacum Yulgareo Schrank), Кәдімгі жұмыршақ (Capselia bursa pastoris Moench), Жабайы шомыр (Raphanums raphanistrum L.), Дәрілік кестежусан (Matricaria indora L.), Кәдімгі сораң қаңбақ (solsola ruthenica Iljin), Көк итқонақ (Setaria virides L.), Мысыққұйрық итқонақ (Searin glausa), Егістік ярутка (Thluspiarvense L.), Татар көкпегі (Atriplex tatarica) Дала тегеурінгүлі (Consolida regalis), Дәрілік сарыбасқурай (sisumbrium officinale), Кәдімгі гүлтәжі (Amaranthus retroflexus L.), Кәдімгі ошаған (Xanihium strumalium L.), Жабысқақ қызылбояу (Galium aparine), Далалық буглосойдес (Buglossoides arvensis)


64. Екі жылдық арамшөптер: Қара мендуана (Hyoscyamis niger L;), Сары (дәрілік) түйежоңышқа (Melilotus officiali L;), Кәдімгі кәріқыз (Lappula squarrosa)
65. Көпжылдық – тамырөркенді, тамырсабақты, кіндіктамырлылар: Егістік сары қалуен - (Cirsium arvense Scop), Тышқан сиыр жоңышқасы - (Vicia cracca), Далалық шырмауық (Convolvulus arvtnsis L.), Теңіздік түйнекті өлең (Bolboshoenus maritimus (L) Pala), Қызылот арпабас – (Bromopsis inermis Leyss), Татар ақсүттігені (көк қалуен) (Lacuca tatarica (L) C.A. Mey), Талшықты сүттіген (Euphorpia wirgata Waldst. Et Kit), Егістік (Сары калуен) (Sonchus arvensis L), Қарақоңыр нонеясы (Nonea pulla), Үлкен жолжелкен (Plantago vajor L.), Ащы жусан (Artemisia absinthium L.), Жатаған бидайық (Agropurum repens RB), Салалы қарашағыр (Cynodon dactylon Pers.), Алептік құмай Гумай (Sorghum halepense Pers.), Түйнекті ноғаттық (Lathyus tuberosus), Кәдімгі сурепка (Barbarea vulgaris R.Br.), Кәдімгі қамыс (Piragmites australis Trin), Кәдімгі мыңжапырақ (Achillea villefolium L), Дала қырықбуыны (Equisetum arvense L.), Бұйра қымыздық (Rumex crispus L.).
66. Егістіктердің арамшөптермен ластануын есептеу әдістері және болжамдары:
1) Ауылшаруашылық дақылдар егістіктеріндегі арамшөптердің тығыздығын және таралуын анықтау, келешекте олардың аса зиян келтіретін түрлерінің залалданған деңгейін, жалпы шығынды, егіншіліктің өнімділігін анықтап оперативтік ақпарат алу үшін өте маңызды болып табылады;
2) Арамшөптерге қарсы күрес шараларын жүргізуін тиімді жоспарлау ауылшаруашылық жерлердің ластану болжамын ғылыми негізде атқарылуын көздейді. Егістік арамшөптермен ластану болжамы – бұл арамшөптердің нақты ластану мәліметтері, ауа-райының ықпалы, жоспарланған агрошаралар және қорғау жүйелеріне байланысты олардың агрофитоценазда болашақ даму үдерістерін (түрлер құрамы және өсімдік саны немесе тұқым саны) болжайды;
3) Көпжылдық болжам – арамшөптердің биологиялық топтары және кейбір экономикалық зиян келтіретін қауіпті түрлерінің нақты егістікте, шаруашылықта, аймақта келешекте таралу деңгейінің адамдардың өндірістік қызметі, даму болашағы, арамшөптердің қорғау жүйелерін жүргізуіне байланысты сипаттайды. Бұл болжамда арамшөптердің биологиялық топтарының және кейбір бөлек түрлерінің таралуының орташа көрсеткіштері, түрлі деңгейдегі көлемдердің ластануы, көрсеткіштердің өзгерту шектері анықталады;
4) Ұзақ мерзімді болжам (жылдық немесе маусымдық) – бір жылға немесе маусымға жасалады. Бұл болжам келесі жылда немесе маусымда арамшөптердің жалпы биологиялық топтардың, түрлерінің нақты егістікте, шаруашылықтағы дақылдарда ауданда, облыста, республикада популяциядағы тығыздықтарын ескере отырып күтілетін ластану дәрежесін көрсетеді. Бұл болжам арамшөптерге қарсы агротехникалық шараларды, химиялық күрестерді жоспарлауға және жүргізуге бағытталған;
5) Қысқа мерзімді (фенологиялық) болжау – бір, екі күннен бір ай кезеңді қамтиды, арамшөптердің ауа райының ықпалына, дақылдың өсіп-дамуына, агрошараларға байланысты нақты жағдайларда ластануын айқындау үшін қажет және тиімді күрес жүргізуді анықтайды. Дақылдың және арамшөптің нақты күй жағдайын болжау (популяцияның тығыздығы, түрлер құрамы, дақылдың және арамшөптің өсу кезеңі) – тиімді күрес әдістерін, шаралардың жүргізу мерзімдерін, гербицидтердің қолдану жағдайын (түрі, қолдану тәсілі, гектардағы мөлшері), дақылдарға зиянсыз және ең тиімдісін пайдалануына ықпал жасайды;
6) Қорыта келе ластанудың барлық болжамдары – арамшөптердің зияндылығының бағасын беру және күрес шараларының мақсатқа сәйкес жүргізілуіне бағытталған. Сондықтан, болжам жасалғанда биологиялықпен қоса кең түрде шаруашылық ұйымдық, экономикалық және экологиялық ақпараттар қолданылады;
7) Арамшөптермен ластану болжамының ақпараттық негізін ауылшаруашылық жерлердегі арамшөптердің таралу мәліметтері, топырақтың ластануы, биологиялық өзгерістерін ескеру, арамшөптердің популяциясына табиғи факторлардың әсері, агрошалар, күресу тәсілдері органикалық тыңайтқыштарды қолдануында, егін суаруда, тұқымдық материалдан арамшөптер қорының толу мәліметтері құрайды;
67. Гербологиялық мониторинг негізінен үш кезеңнен тұрады:
1) Бірінші кезең – арамшөп басу мөлшерін қысқа мерзімдік болжау және химиялық отау жұмыстарын жүргізу үшін егістердегі арамшөптердің өсу кезеңінде, яғни көктем-жаз мезгілдерінде тексеру;
2) Екінші кезең - ұзақ мерзімдік болжау және агротехникалық сондай-ақ, химиялық қорғау шараларын жоспарлау үшін жиын-терін алдындағы жазғы-күзгі тексеру;
3) Үшінші кезең - топырақтың жыртылатын қабатын талдау әдісімен егістердің арамшөп тұқымымен ластануын нақтылау үшін жүргізілетін күзгі тексеру;
4) Шұғыл тексеру нәтижелері бойынша арамшөптердің түр құрамы, әрбір нақты егістің арамшөптену дәрежесі нақтыланады.
68. Танаптардың арамшөп басуын анықтау әдістері:
1) Көз - мөлшерлеп есепке алу тәсілі - ауыспалы егістің әрбір егісі мен агрофитоценоз дақылдарының егісінде жүргізіледі.
Өндіріс жағдайында қолжетімді, еңбек шығыны аз жұмсалатын болғандықтан және шұғыл атқарылатынына байланысты Мальцев шкаласы бойынша көзбен көріп есепке алу анағұрлым кең қолдау тапты.154-қосымша
2) Әрбір тексерілетін егісте тексеруші оны қиғашынан кемінде 2-3 рет бірдей қашықтықта жүріп өтіп, арамшөптің басым 3-4 түрі бойынша баллмен баға береді. Тексеру нәтижелері осы Әдістеменің 155-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
3) Сан - мөлшерлік есепке алу – егістердің арамшөп басу дәрежесі жайлы анағұрлым толық ақпарат алу үшін жүргізіледі.
4) Бұл кезде әрбір тексерілетін егіс үлкен қиғаш (диагональ) бойынша өтеді және тең аралық арқылы тұтас себілген дақылдар үшін 50x50 см мөлшердегі есепке алу кішкене қаңқа сондай-ақ, отамалы дақылдар үшін 125x20 см кішкене қаңқа (рамка) қойылады, қажет болған жағдайда, арамшөптердің салмағы анықталады. 100 гектарлық егістерде (телімдерде) кішкене қаңқалар 8 нүктеге, 100- 120 гектарлық егістерде - 12, 200-300 гектарлық егістерде - 16 нүктеге, 300-400 гектарлық егістерде 20 нүктеге қойылады, әрбір түрге жататын барлық арамшөптерді санайды. Тексеру нәтижелері арамшөптердің санының көлемін бағалау ведомостына осы Әдістеменің 156-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
5) Алайда арамшөп басуды әлгінде берілген градациямен есепке алу өте күрделі, сондықтан өндірістік жағдайда негізінен үш градация қолданылады:
аз - 1 шаршы метрде 3-ке дейін көпжылдық және 15 біржылдық арамшөп болады;
орташа - 1 шаршы метрде 6-ға дейін көп жылдық және 50 біржылдық арамшөп болады;
қатты - 1 шаршы метрде 7 және одан да көп көпжылдық және 50-100 біржылдық арамшөп болады.
6) Арамшөптердің санын біржылдық және көпжылдықтарға бөлмейінше гербицидтердің қандай түрін (топыраққа, өсу кезеңінде және көпжылдық немесе біржылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын) қолдану керектігі бойынша негізделген ұсыныстар беру мүмкін емес.
69. Топырақтың ластануына баға беру:
1) топырақ сынамасы - топырақтың айдалатын қабатынан, конструкциясын Шевелев пен Калентьев және тағы басқалар жасап шығарған арнайы бұрғымен алынады. Бұл бұрғы екі жез цилиндрден және солардың ішіндегі екі ұшты тескіш темірден тұрады. Тескіш темір тұтқасын бұраған кезде топырақ ішкі цилиндрге толады да, сонымен бірге алынады. Сыртқы цилиндр жерде қалып, бұрғы скважинасының жиектеріне құм түсірмейді. Осы сыртқы цилиндрді құрсаулап, оған ерекше қысқыш винтпен қысылған цилиндр өзінің сыртында белгіленген сынама алу тереңдігін реттеуге мүмкіндік береді;
2) Калентьев бұрғысымен топырақтың 0-10,10-20 және 20-30 см-лік қабаттарынан үлгілер алынады. Сынамалар (кемінде 10) әрбір зерттелетін телімнен қиғашынан тең аралықта алынады. Үлгіні алған кезде бұрғы топырақтың 0-20 см тереңдігіне дейін кіреді. Егер топырақ тығыз болса, бұрғы қажетті тереңдікке жеткенше, штангасынан ағаш соққымен соққылайды. Содан соң тұтқасын сағат тілімен бұрып, сынаманы топырақтың төменде жатқан қабатынан алып шығады. Топырақтан шығарылған бұрғы бір бет қалың қағаздың үстіне қойылып, шеңберлі пышақпен арнайы саңылау арқылы сынама бөліктерге бөлінеді;
3) топырақ сынамасын агрохимиялық зерттеулермен біріктіре отырып, өзге де бұрғылармен алуға болады. Бұл үшін алдымен егісті агрохимиялық зерттеулердің әдістемесіне сәйкес әрбір танап шартты түрде мөлтектерге бөлінеді. Арнайы бұрғы жоқ болса, әрбір егістен топырақ үлгісін, 20х25 см мөлшері сынама алаңынан, пышақпен немесе қажетті тереңдікке дейін қуыс күрекпен алу керек;
4) топырақ үлгісін іріктеу күзде жер жыртылып болған соң немесе ерте көктемде жыртылатын қабаттың тереңдігінен 5-10 см сайын қабат-қабат бойынша жүргізіледі. 50 гектарға дейінгі жерден алынатын сынама саны 10-ға, 50-100 гектарға дейінгі жерден - 20-ға, 150 гектардан астам жерден - 25-30-ға тең. Содан соң орташа сынама құрастырылады. Ол үшін зерттелетін егістен алынған әрбір үлгіден, бір телімнің немесе егістің орташа сынамасы 2 кг-нан (шымтезекті топырақта бұл 0,5 кг) болатындай есеппен, топырақ бөлігі алынады. Алынған үлгілер алдын-ала дайындалып, нөмірленген немесе жапсырма жапсырылған қағаз немесе полиэтилен қапшықтарға салынады. Қапшықтарды нөмірлеу немесе жапсырма жапсыру жұмысын белгілі бір жүйемен жүргізу керек. Мәселен, 2 .. Мұндағы алғашқы сан егістің нөмірі, алымы сол егістегі скважинаның нөмірі, бөлімі - сол скважинадағы топырақ үлгісін алу тереңдігі. Алынған топырақ үлгілері зертханаға жеткізіліп, құрғатылады. Содан кейін төменде келтірілетін тәсілдердің бірін пайдалана отырып, арамшөп тұқымдары топырақтан бөлініп алынады, олардың саны мен түр құрамы анықталады.
5) тұқымдарды бөліп алудың бірінші амалында, үлгі саңлауы 0,25 мм елеуішке салынып, қақпақпен тығыз жабылып, ішінде суы бар ыдысқа салынады (елеуіштің жиектері судан жоғары болуы тиіс). Топырақ суға малынғаннан кейін ыдысты айналдырып, сумен жуады. Жуылып болған соң ұсақ шаң тәріздес бөліктері жуылып кетеді де, ірілері және арамшөп тұқымдары түбінде қалады. Оларды жинап алып, кептіреді. Әрбір ыдыстағы арамшөп тұқымдары есептеу және түр бойынша талдау үшін арнайы дайындалған пакеттерге салынады. Жуылып, кептірілген үлгілер астына ақ қағаз төселген әйнегі бар арнайы тақта бетінде арамшөптің түр және сандық құрамын анықтау үшін талданады. Құмды топырақтарда органикалық бөлшектер аз болатындықтан, танаптардан алынған топырақ сынамаларын жуудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда, топырақ сынамалары құрғатылып, саңлауы 3,0; 1,0 және 0,25 мм елеуіштер жиынтығынан еленіп сұрыпталады. 3 мм-лік саңлауы бар елеуіште қалған түйірлерде ірі тұқымдар болады, олар оңай анықталып арнайы пакетке салынады. 1 мм саңлаулы елеуіштен жиналған орташа мөлшердегі түйірлерді сұрыптау тақтасына төгіп, қалақшамен арамшөп тұқымдарын құмды бөлшектерден бөліп алады. Ең астыңғы 0,25 мм-лік елеуіште қалған ұсақ түйірлер мұқият талдауды қажет етеді. Өйткені, оның құрамында арамшөп тұқымдарымен қатар, құмның бөлшектері де болады. Егер бұл елеуіштен жиналған үлгілер аз болса, онда оларды орташа түйірлер сияқты іріктейді. Онда көп мөлшерде ауыр топырақ бөлшектері болса тұқымдарды бөліп алу үшін ауыр ерітінді қолданылады.
6) жуылған сынамалардан арамшөп тұқымдарын минералды қалдықтардан бөліп алу. Ол минералды және органикалық бөлшектердің физикалық қасиеттерінің әртүрлілігіне негізделген. Бұл амалда ауыр сұйықтық пайдаланылады. Егер топырақтың минералды бөлшектерінің тығыздығы 2,3-4,0 г/см3 құраса, арамшөп тұқымдары мен органикалық қалдықтардың тығыздығы 0,3-1,4 г/см3. Сондықтан, ауыр сұйықтықта тұқымдар мен органикалық қалдықтар сұйықтық бетіне қалқып шығады, ал минералды қалдықтар түбіне шөгеді. Ауыр сұйықтық ретінде көбінесе сақар (калий карбонаты) пайдаланылады. Ауыр ерітінді жасау үшін 1 л суға 530 г сақар, 450 г күкірт қышқылды мырыш немесе 265 г ас тұзы алынады. Жылдам еріту үшін сұйықтық қыздырылады. 53% ерітіндінің үлес салмағы 1,56-ға (ареометрмен тексеріледі) тең болуы тиіс. Көлемі 500-750 мл химия стаканына немесе фарфор ыдысқа ауыр ертінді құйылып, оған жуылған сынама салынады. Ауыр минералды бөлшектер ыдыстың түбіне шөгеді, ал өсімдік тұқымдары мен органикалық қалдықтар сұйықтық бетіне қалқып шығады. Ерітіндіні бірнеше рет шыны таяқшамен араластырады. Ауыр ерітіндіні қағаз сүзгі салынған воронка арқылы сүзеді. Сүзілген сұйықтықты сүзілгеннен және қажетті қоюлыққа дейін булап, кейін екінші рет пайдалануға болады. Ал сүзгіде қалған тұқымдарды ауыр ерітінді жуылғанша бірнеше қайтара жуып, кептіреді.
7) құрғақ тұқымдар мен органикалық қалдықтарды астына ақ қағаз төселінген әйнектің үстінде қалақшамен бөледі. Сөйтіп, арамшөптердің тұқымдарын олардың түрлері бойынша және бұрғы алаңын немесе үлгідегі топырақ салмағын есепке ала отырып анықтайды, топырақтың қабаттары бойынша және 1 гектардағы жыртылатын қабаттың жалпы ластануын есептейді. Үлгі алу жолымен топырақтағы арамшөптердің тұқымдарының түрлік және сандық құрамын есепке алу осы Әдістеменің 157-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
8) егіс топырағының жыртылатын қабатының арамшөптердің тұқымдарымен ластану дәрежесін анықтау үшін, оларды талдау барысында анықталған санын (n) аудан бірлігіне (1 га немесе 1 м2) шағып есептейді. Бұл үшін алдымен бұрғының кесу бөлігінің ауданы төмендегідей формула бойынша анықталады:
S= 
Д – бұрғының диаметрі, см немесе м.

9) әрбір бұрғы үшін есептеулерді жылдамдату үшін, аудармалы коэффицент (тұрақты шама) анықталады, ол оның кесетін бөлігінің ауданына қатысты:


K =  
Аудармалы коэффицент қорытындысын алу үшін 1 м2-ді 10000-ға бөлу керек.

10) 1 м2-ден тұқым санын анықтау үшін әр бір алқаптың жоғарғы қабатынан орташа тұқым санын аудармалы коэффицентке көбейту қажет, нәтижені 10000-ға көбейте отырып 1гектардағы тұқым санын анықтауға болады. Қорытынды нәтижесі 158- қосымшада көрсетілген кестеге сәйкес енгізіледі.


11) топырақтан бөлініп алынған арамшөп тұқымдарының өнгіштік белсенділігінің пайызын, әрбір түрдің өніп шығуы үшін қолайлы температура мен ылғалдылық жағдайларын жасай отырып зертхана жағдайында анықтайды. Тұқымдарды Якобсен аппаратында немесе термостатта өсіреді. Әрбір түрдің 100 тұқымын Петри табақшасына ылғалдандырылған сүзгі қағаз төселіп, оған тұқымдарды тізіп қояды. Тұқымдар суға батып кетпес үшін сүзгі қағазды 1-2 қабатты заттық әйнектің үстіне төсеген дұрыс. Анықтау жұмысы төрт қайталаумен жүргізіледі.
12) өнген тұқымдардың санын бес күннен кейін санай бастайды. Әрбір бес күн сайын есептеуді қайталап тұрады. Әрбір санау кезінде өнген тұқымдарды алып тастап отырады. Соңғы есептеу кезінде өнгендерінің жалпы саны шығарылып, олардың өнгіштік белсенділігінің пайызы анықталады. Арамшөптің әрбір түрінің тұқымдары біркелкі өніп шықпайтындықтан, оларды термостатта 15 күн ұстайды.
13) Әрбір түр бойынша өнген тұқымдардың саны журналға жазылады.
14) Топырақтың арамшөп тұқымдарымен ластануына баға беру 159 қосымшада көрсетілген.
70. Арамшөптердің вегетативті көбею мүшелерінің топырақтағы қорын анықтау:
1) Бұл топырақтың арамшөп тұқымымен ластануына сынама алынатын орындарда қазу жұмысын жүргізу жолымен анықталады. Жіңішке тамырсабақты арамшөптерді (жатаған бидайық, қарашағыр, кәдімгі мыңжапырақ т.б.) мөлшері 0,25 м2 алаңда, жуан тамырсабақты арамшөптерді (егістік сарықалуен, егістік қалуен, құмай жүгері және т.б.) 0,5 м2 алаңда жүргізіледі.
2) Біркелкі арамшөп басқан егістікте немесе телімде әр түрлі орыннан 10 алаң жеткілікті. Әрбір алаңды 35 см-ге дейінгі тереңдікте ор етіп қазып, содан соң қыртысты кеседі де, оны абайлап алып, матаның немесе полиэтилен пленканың үстіне орналастырады. Топырақ қолмен үгітіледі, арамшөптің тамырсабақтары мен тамырлары іріктелініп алынып, жас (ақ), қурай бастаған (сары) және қураған (қоңыр) деп бөлінеді, олардың ұзындығы, салмағы және өнген бүршіктерінің саны есептеліп, 1 шаршы метрге келетін жалпы саны анықталады. Топырақтағы арамшөптердің өскіндерінің саны осы Әдістеменің 160-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
3) Топырақтағы арамшөп тұқымдарының саны мен вегетативті көбею мүшелерінің қоры анықталып болған соң, егістердің келесі жылғы арамшөп басуына баға беруге мүмкіндік туады.
71. Органикалық тыңайтқыштардың арамшөп тұқымдарымен ластануын анықтау.
1) талдау үшін тығыз көңнен 1000 тоннадан, ал сұйық көңнен 5000 тоннадан аспайтын органикалық тыңайтқыш партиясынан, қоймадағы тыңайтқыш үйіндісінің 0-10 сантиметр қабаттан арнайы сынама алуға арналған құралмен кемінде 20 шұңқырдан орташа салмағы 1 килограмм сынама алынады.
2) сараптамаға 200 грамм тұқым өлшендісі алынады. Тұқымды бірінің үстіне бірі қойылған үш елеуіштен тұратын құрылғы арқылы сумен шаю арқылы тазартады. Тұқым өлшендісін елеуіштің жоғарғысына қойып қайта-қайта суға салып шайып тұрамыз. Бұл әдісті су таза болғанға дейін қайталаймыз. Елеуіштегі тұқым өлшендісін тақтайшаға қойып кептіреміз. Тұқым санын санаймыз. Тұқымды өсірген соң оның өміршеңдігін анықтаймыз және жоғары дәрежеде шығуын байқаймыз да 1 тоннадағы органикалық заттар қорын білеміз.
3) органикалық тыңайтқыштармен ластану дәрежесін анықтау мақсатында мысал ретінде келесідей шкала қолданылады: төмен дәрежедегі қоқыс көңмен,компостпен ластану – 1 тоннаға 100мың тұқымға дейін. Ылғалдылығы 90 %-ға дейін көң – 30мың дана тұқым, орташа – 100-500 және 30-140, жоғары-500-1250 және 140-360, өте жоғары дәрежеде 1 тоннаға 1250 мыңнан астам – 360 мыңнан астам.
72. Егу материалының ластануы:
1) бұл себілетін тұқымның оның егістік қасиеті нақтыланып, гектарлық нормадағы санына сынамадағы арамшөптің өну мөлшері мен жалпы көлемі есептелінген орташа сынамасын анықтау жолымен белгіленеді;
2) ластану туралы деректер тізімі болжау түріне байланысты. Қысқа мерзімдік болжамға әдетте ауыл шаруашылығы жерлерінің ластануы жайлы деректер, ұзақ мерзімдік және көпжылдық болжамға да топырақтың, органикалық тыңайтқыш пен тұқымдық материалдың ластануы хақындағы деректер пайдаланылады.
73. Егіс танабындағы мөлдектердің арамшөптенуіне баға беру:
1) гербицидтерді егістікте сынағанда арамшөп басуын есептеу салмақтық әдіспен жүргізіледі. Оның мәні - белгілі бір мөлшерде мөлдектерде есептеу алаңын бөлу. Сол алаңдарда арамшөптер (1 м2/дана) саны есептеліп, олардың ылғал немесе құрғақ салмағы (1 м2/грамм) анықталады.
2) дақылдар мен арамшөптерге көктемгі кезеңде қолданылатын гербицидтерді сынағанда арамшөп басуын есепке алу үш мерзімде жүргізіледі: бірінші - препарат шашқанға дейін (бастапқы арамшөп басуы), екінші - 30 тәуліктен соң, үшінші - өнімді жинар алдында. Кей жағдайларда тәжірибе шарттарында гербицидпен өңделгеннен кейін есепке алудың 45 немесе 60 тәуліктік қосымша мерзімі қарастырылған.
3) күздік дәнді дақылдар егісіне гербицидтерді күзде қолданғанда арамшөп басуын есепке алу күзде - гербицид қолданғанға дейін және 10-20 тәуліктен соң (қар түспей тұрып), ал келер жылдың көктемі мен жазында жаздық дақылдарды көктемгі өңдеуде есепке алудың тиісті кезеңіне шамалас мерзімде жүргізіледі.
4) өскін бергенге дейін қолданылатын топырақ гербицидтерін сынағанда есепке алуды өңдегеннен кейін 50-60 тәуліктен соң және өнімді жинар алдында жүргізген дұрыс.
5) арамшөптер әрбір мөлдекте төрт қайталаудан 0,25 м2 мөлшерлі есепке алу кішкене қанқаны өз қалауыңша салу жолымен есептеледі. Есепке алу алаңында барлық мерзім бойынша арамшөптердің әрбір түрінің саны есептеледі. Арамшөптердің өсу кезеңінің басында, өсіп тұрған өсімдіктерге препарат қолданар алдында бастапқы арамшөптенуін анықтағанда арамшөптер салмағын анықтамай-ақ, сандық есеп жүргізеді. Арамшөп басуын анықтаудың бүкіл қалған мерзімінде сандық есепке алу, арамшөптің әрбір түрінің барлық жер бетіндегі қурамаған, яғни жер үсті мүшелерінің ылғалды салмағы анықталатын салмақтық есепке алумен толықтырылып отырады.
6) бүкіл өсу кезеңі бойы арамшөптердің санын және салмағын есепке алумен қатар гербицидтермен өңделген мөлдектер мен бақылау мөлдегіндегі мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің жағдайы көзбен де бақыланады. Олардың зақымдану белгілері (жапырақтарының және олардың ұштарының ширатылуы, өсу нүктесінің қымталуы, сабақтарының қисаюы немесе жуандауы, өсімдік түсінің өзгеруі және т.б.), пайда болу мерзімі мен дәрежесі, арамшөптердің өлу мерзімі немесе олардың қалыпты жағдайға келуі белгіленеді.
74. Гербицидтердің биологиялық (техникалық) тиімділігін анықтау:
1) Гербицидтердің биологиялық (техникалық) тиімділігін анықтағанда арамшөптердің санын анықтаудың сандық-салмақтық және сандық әдістері қолданылады. Гербицидтердің биологиялық тиімділігі арамшөптердің гербицид қолданғаннан кейінгі санының азаюын көрсетеді (бастапқыдағы арамшөп басуы немесе бақылау нұсқасына қатысы пайыз есебімен). Есепті гербицид қолданар алдында, қолданғаннан кейін екі аптадан кейін, бір айдан соң және өнімді жинар алдында жүргізеді. Арамшөптердің есептеу алаңына шаққандағы түр құрамы, олардың ылғалды және құрғақ салмағы анықталады. Есептеу алаңының мөлшері арамшөп басу дәрежесіне байланысты болады. 1 м2-ге 100-150 арамшөптен келсе есептеу алаңы 1 м2-ді құрайды, 1 м2-ге 151-500 арамшөптен келсе есептеу алаңы 0,5 м2-ге дейін азаяды, ал егер арамшөптер саны 500 өсімдіктен асып түсетін болса онда есептеу алаңы 0,25 м2-ді құрайтын болады. Отамалы дақылдарда есептеу алаңы қатардың 0,5 немесе 1 қума метрін құрайды.

Гербицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау үшін мына формулалар пайдаланылады:


• өскін бергенге дейін әсер ететін гербицидтер үшін:
О
Ск = 100 − –––– ∙ 100,
К
мұндағы: Сх - гербицидтермен өңдегеннен кейінгі арамшөптер санының немесе олардың ылғалды салмағының бақылаумен салыстырғандағы кемуі, пайызбен;
О - тәжірибедегі арамшөптер саны (дана/м2) немесе олардың ылғалды салмағы (г/м2);
К - бақылаудағы арамшөптер саны (дана/м2) немесе олардың ылғалды салмағы (г/м2).
• өскін бергеннен кейін әсер ететін гербицидтер үшін:
О2 К1
Ск = 100 − –––– 100 . ----
О1 К2
мұндағы: ck - арамшөптерің саны мен олардың ылғалды салмағының кемуі, пайызбен;
К1 - тәжірибедегі бірінші рет есепке алынған арамшөптер саны (дана/м2) немесе олардың (бастапқы ластануы) ылғалды салмағы (г/м2);
К2 - тәжірибедегі екінші рет (үшінші рет, т.б.) есепке алынған арамшөптер саны (дана/м2) немесе олардың ылғалды салмағы (г/м2);
О1 - бақылаудағы бірінші рет есепке алынған (бастапқы ластануы) арамшөптер саны (дана/м2) немесе олардың ылғалды салмағы (г/м2);
О2 - бақылаудағы екінші рет (үшінші рет, т.б.) есепке алынған арамшөптер саны (дана/м2) немесе олардың ылғалды салмағы (г/м2).
2) Тәжірибедегі бастапқы арамшөп басу бақылаудағы бастапқы арамшөп басумен (О11) тең болған жағдайда формула қарапайымдандырылады:
О2
С'к = 100 − ––––– ∙ 100,
К2
мұндағы cK, О2 және К2 мәндері жоғарыда келтірілген формуладағыдай.
75. Арамшөптерге қарсы қолданылатын қорғау шараларын жоспарлау:
1) жүйелік сыныптау арамшөптермен химиялық күрес жүргізген жағдайда пайдалы. Жарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді айыра білген, қосжарнақты арамшөптерді жарнақты дақылдардың егістігінде жоюға болады, ал жарнақтыларды қосжарнақтылардың егістігінде.
2) арамшөп басудың үш негізгі немесе қарапайым түрі бар. Олар: атпатамырлы, тамырсабақты және қысқа тіршілікті. Сонымен бірге, 4 күрделі типінің де бар екенін айта кету керек. Оған арамшөптердің 2 немесе 3 тобы тән: атпа тамырлы-тамырсабақты, атпатамырлы-қысқа тіршілікті, тамырсабақты-қысқа тіршілікті және атпатамырлы-тамырсабақты-қысқа тіршілікті. Арамшөп басу типі арамшөптер құрамымен бірге арамшөптену дәрежесімен де сипатталады. Арамшөп басу ерекшеліктері ескеріле отырып, әрбір танап пен әрбір телім үшін арамшөптермен күресу жүйесі жасалады. Ол күреске агротехникалық (ауыспалы егіс, топырақты дер кезінде өңдеу, егу, өнім жинау) және химиялық (гербицидтер енгізу) шаралар, тұқымдық материалдың тазалығын бақылау және т.б., карантиндік арамшөптерге қарсы карантиндік шаралар жатады.
3) арамшөптермен күресу шараларын жоспарлағанда, осы Әдістеменің 161, 162, 163 және 164-қосымшаларында көрсетілген егістердің нақты және ықтимал арамшөп басу мәліметтеріне сүйенген жөн. Гербицидтерді қолданғанда да осы мәліметтерге сүйенеді.
4) шараларды жоспарлау жұмыстарында ең алдымен ең тиімді әдістер мен тәсілдер назарда болуы тиіс:
Зерттелген аудандар өте аз арамшөп басқан егіске жатқызылса гербицидтер қолданудың қажеті жоқ. Өйткені, аздаған арамшөптерді агротехникалық амалдармен де (культивация, тырмалау, қатараралық өңдеу және т.б. әдістермен) жоюға болады. Сондай-ақ, мәдени дақылдардың арамшөптерді өсірмей тастайтын қабілеті де ескерілуі тиіс.
Кейбір аудандарда арамшөп басуы аз болғанда, гербицидпен өңдеуді арамшөптер тобында олардың өте зиянды түрлері болса ғана жоспарға енгізген жөн.
Орташа дәрежеде ластанған жағдайда барлық есепті алаңда «Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне» енген гербицидтердің орташа мөлшерін қолдану жоспарланады.
Қатты және өте қатты дәрежеде ластанған жағдайда арамшөптермен күресуде гербицидтер немесе олардың кең спектрлі әсер ететін қоспаларын қолдану ұсынылады.
Егер карантиндік арамшөптер кездескен жағдайда, мұндай алқаптар олардың санына қарамастан гербицидтермен өңдеуді қажет етеді.
Мониторинг ауыспалы eгic танаптарының, шаруашылық, аудан, облыстың егістерінің арамшөп басу дәрежесін, арамшөптер саны мен түр құрамын сипаттайтын егістердің арамшөптену картасын дайындаумен аяқталады. Мұндай карталар агрофитоценоздардағы арамшөптермен күресу шараларын жоспарлау мен ұйымдастыру және күресу әдістерін жасауда негіз болып табылады.
5) Арамшөптердің экономикалық зияндылық шегінің (ЭЗШ) және гербологиялық мониторингтің нақты нәтижелерінің негізінде гербицидтермен өңдеуді қажет ететін алқаптардың болжамы берілген.
76. Дәнді дақылдардың егісіндегі арамшөптердің басымды (доминантты) келетін түрлерінің экономикалық зияндылық шегі 165-қосымшада көрсетілген.
77. Химиялық өңдеулердің биологиялық тиімділігін анықтау әдістері:
1) Өсімдік қорғаудағы биологиялық (техникалық) тиімділік дегеніміз зиянды организмдердің (зиянкестер, кеміргіштер, аурулар, арамшөптер және т.б.) өсімдік қорғау құралдарын қолданған кезде олардың бастапқыдағы санына қарағанда пайызбен көрсетілген азаюы немесе жойылуы.
2) Биологиялық тиімділікті анықтау мерзімі пестицидтердің әсер ету жылдамдығына байланысты. Жылдам әсер ететін препараттар (синтетикалық пиретроидтар т.б.) үшін тиімділік өңдегеннен кейін 3-ші күні анықталады. Ал әсер етуі ұзақ мерзімді (хитин синтезін реттегіштер және т.б.) препараттар бойынша тиімділікті өңдегеннен кейін 7, 10 және 14-ші күндері анықталады. Тиімділікті анықтағанда зиянкестердің тек белсенділерін ғана ескеру қажет. Белсенділігін жоғалтқан (баяу қозғалатын, секіруі нашарлаған, аяғы жоқ) зиянкестер ескерілмейді, өйткені, олар қоректенуін тоқтатқан.
3) Зиянкестердің көпшілігі үшін биологиялық тиімділік мына формуламен анықталады:
Э=(А-Б):А х 100%,
мұндағы: Э - биологиялық тиімділік, %;
А - өңдегенге дейінгі зиянкестер саны, дана;
Б - өңдегеннен кейінгі зиянкестер саны, дана.
4) Ұрпақ алмасуы тез немесе көшу бейімділігі өте жоғары зиянкестерге қарсы өңдеулердің биологиялық тиімділігін есептеу үшін өңделмеген телімдегі (бақылау) осы зиянкестердің санының деректері пайдаланылған формула қолданылады:
Э=100 х 1 - (Б х Ак) : (А х Бк),
мұндағы: Э - биологиялық тиімділік, %;
А - өңдегенге дейінгі зиянкестер саны, дана;
Б - өңдегеннен кейінгі зиянкестер саны, дана;
Ак - бақылаудағы өңдеу алдындағы зиянкестер саны, дана;
Бк- бақылаудағы өңдегеннен кейінгі зиянкестердің келесі есепке алынған күндердегі саны, дана.
5) Ауруларға қарсы қорғау шараларының биологиялық тиімділігі фунгицидтермен өңделген егістер мен бақылау телімдеріндегі (өңдеусіз) залалданған өсімдіктер салыстырыла отырып анықталады:
Э=(Р х Р) : Р х 100%,
мұндағы: Э - биологиялық тиімділік, %;
Рк - бақылаудағы аурулардың даму көрсеткіші;
Ро - өңделген телімдегі аурулардың даму көрсеткіші.
Келесі жылға аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы жүргізілетін өңдеу жұмыстарына болжам көлемдері, республика бойынша осы Әдістемеде 166-қосымшадағы кестеге сәйкес, облыс бойынша 167-қосымшадағы кестеге сәйкес және аудан бойынша 168-қосымшадағы кестеге сәйкес толтырылады.
Келесі жылға зиянды организмдерге қарсы жүргізілетін өңдеу жұмыстарына болжам көлемдері, республика бойынша осы Әдістеменің 169-қосымшасындағы кестеге сәйкес, облыс бойынша 170-қосымшасындағы кестеге сәйкес және аудан бойынша 171-қосымшасындағы кестеге сәйкес толтырылады.
жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау