Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері


Ақпаратты қабылдау каналдары



жүктеу 1,62 Mb.
бет5/8
Дата18.12.2017
өлшемі1,62 Mb.
#4603
1   2   3   4   5   6   7   8

Ақпаратты қабылдау каналдары

Миға сенсорлық формамен ақпараттың жетуі де маңызды болып табылады.

Нейролингвистиканың бағдарламалау психотерапевттік әдістемеге сүйеніп, Йенсен сенсорлық форманың үш түрін ерекшелейді, оларда біз ақпаратты көру, есту және кинестетикалық түрде қабылдаймыз және олардың әрқайсысында ішкі және сыртқы құрамалар ерекшеленеді.

көру арқылы

есту арқылы

кинестетикалық

Ішкі типті

Сыртқы типті

Ішкі типті

Сыртқы типті

Ішкі типті

Сыртқы типті

визуал

аудиал

кинестетик


1-сурет – Қабылдайтын ақпарат формалары
Көру арқылы қабылдау

Зерттейтін объект бейнесін не оның ойша елестетуін көру арқылы визуалдар үйренеді.

Кейде бір нәрсені түсініп және бағалау үшін абстрактты идеяның схемасын сызғанда жеткілікті болады. Олар көбіне жазатын сөзді ойша көргендіктен қатесіз жазады.

Фотографиялық еске сақтауы бар адамдар да визуалдарға жатады Фотографиялық еске сақтауы аса болмайтын визуалды оқушылар да көрген сандарды, сөздерді және графикалық бейне сүреттерді тыңдаған дәрістерден гөрі жақсы еске сақтайды.

Сыртқы типті визуалдар сөздерді басқа біреу жазғанда, не сол сөздерді өзі жазғанда жақсы еске сақтайды, олар басқа елде сағаттап көшедегі жарнамалар, мекеме аттарын оқиды. Қалыпты символдарды қолданып, ол сөзді транслитерация арқылы визуалды еске сақтауды жетілдіруге болады.

Бұндай адамдар ауызша аударумен сирек айналысады.

Егер аударатын мәтінде диаграммалар не суреттер болу керек болса, олардың болуын талап етеді.

Ішкі типті визуалдар. Бұл типтегі аудармашылар аударатын сөздер мен сөз тіркестерін көз алдына елестетеді. Егер кейбір механизм не процестербейнесі жоқ болса, ойша бейнелерін түсіреді.

Егер аударатын сөз бен сөз тіркестерінің ешқандай көзге көрінетін бейнесі болмаса, мысалы математикалық мәтінде теңдеудің сыртқы түріне сүйеніп не басқа ассоциацияларды пайдаланып жасайды.

Есту арқылы қабылдау

Аудиалдар ақпаратты есту арқылы және айналадағы адамдардың ескертпелеріне ауызша жауап беріп, не ойша айтқан сөздерін де есту арқылы қабылдауға үйренеді. Олар оқу кезінде іштей диалог жүргізеді. Бұл туралы мен не білемін? Онымен айналасу тиімді ме? Бұнымен не істеуге болады? деген сияқты. Олар өте керемет еліктегіштер, қалжыңдар мен әңгімелерді өте дәлдікпен есте сақтайды.

Олар сөйлесудің просодикалық ерекшелігіне көп назар аударады. Тон жоғарылығына, тоналдыққа, ритмге, дауыстың қаттылығына да көңіл бөледі. Еске сақтау процесі визуалдардан өзгеше, яғни уақыт бойынша сызықтық жайылған болады егер визуалды да еске сақтау идеяны бір көзқараспен, кеңістіктік бейнемен толық қамтиды, ал аудиалды еске сақтау біртіндеп іске асады, адамдар реттілігі күйінде осы ретпен қайталанады.

Сыртқы типті аудиалдар бірдеңенің суреттемесін естігеннен кейін оңай еске сақтайды.

Бұндай оқушылар лингафон кабинетте басқа мәдениеттің табиғи жағдайларында оңай үйренеді, сол сияқты оқу диалогтары мен дискуссиялар кезінде өздерін еркін сезінеді.

Негізі олардың тиімді болуы аз қобалжытады, кітапта асты сызылғандардан гөрі, олар айтылып және естігенді керек етеді, оқу және жазуды керек етпейді.

Кейде оларға грамматикалық оқулықтар мен сөздіктер пайда келтіргенмен, көп жағдайда олар қажетсіз болады. Оларға акцентсіз, айтылуы жақсы болғаны маңызды болып табылады.

Оларға шетел тілінде сөйлесуден гөрі, өздері сол тілдің иесі ретінде сөйлегілері келеді.

Оларды көп жағдайда белгілі себептермен ауызша аударуға тартады. Жазбаша аудару жасағанда, олар алғашқы мәтінді және өз аудармаларын іштерінен не дауыстап сөйлейді. Сондықтан оларға фильмдерді дубляждау өте жақсы іске асады, олар актерлердің айтуында мәтін қалай шығатынын алдын ала естиді. Олар үшін жазбаша сөздің ритмі мен ағыны аса маңызды болады . Бірыңғай монотонды мәтіндер оларды тез жалықтырады, ал ретсіз, үзік- үзік мәтін болса, онда одан қозады не жиіркенеді. Алғашқы мәтін авторлары мәтін ритмін есепке алу тұрғысынан алғанда, не аудармаларының редакторлары аударманы түзеп, мәтін ритмін жойып, жібергендеріне таң қалады.

Аудармашылардың бұл категориясы егер ұжымдарда өздерінің ойлау әрекеттерін бейнелеп отыратындарға оңай сініп кетеді, оларға офистік іс-әрекет ұнайды, онда алғашқы мәтінмен бірнеше аудармашы жұмыс істей отырып , бір-бірімен кеңесіп, өз жазбаларын салыстырып, нашар жазылғандарды күлкі қылады.

Ішкі типті аудиалдар өздерімен сөйлесіп, оңай үйренеді. Тіл үйренуді олар лингафон кабинетінде, басқалармен сөйлегенде жақсы үйренеді, бірақ олар үнсіз жаттағандарын міндетті түрде дауыстап сөйлеуі керек.

Сыртқы типті аудиалдар тәрізді олар да тілдің иесі сияқты шет тілде сөйлеулері керек, бірақ ойша айтуға тәуелді болады, үнемі шетел тілінің дыбыстарын және интонациясын ойша жасап жаттығуы керек. Олар ауызша аударумен сирек айналысады, сыртқы типті аудиалдарға қарағанда, себебі баста естіліп тұрған сөзді дауыстап шығаруға ұмтылыстары әлсіз болады. Олар да ритмнің маңызына көп көңіл бөледі, үнемі аударманы және алғашқы мәтінді ойша қалпына келтіріп жасайды. Бұдан басқа олар жұмыс істеп отырып аса қатты емес аспапты музыканы тыңдайды және бір мезгілде аударумен бірге іштей монолог жүргізеді.

Үнемі үнсіз монолог ішкі типті аудиалды алаңдатпай, қайта оның жұмысының өте өнімді, өте ризашылықпен, тез орындалуына көмектеседі

Кинестетикалық қабылдау

Кинестетикаға іс-әрекетті орындау арқылы оңай үйренуге болады. Істің қалай орындалатынын анық білмей, іске кірісіп, орындау барысында білу үйренудің ұнаған әдісі. Жаңа құрылым сатып алған соң, визуал жұмыс істеуге басшылықтың схемасын қарайды, ал аудиал ережелер өз сөздерімен оқып, біртіндеп оларды түсінікті формаға келтіріп, қиыншылық болса, техникалық қолдау қызметіне телефон шалады, кинестетик приборды жұмысқа қосып, барлық кнопкаларын басып көреді. Кинестетиктер аз сөйлеп, көп істейтін адамдар. Олар өз эмоцияларына есеп береді, әр уақытта тексереді, осылай іске кіріспей тұрып жасайды.

Бірақ олар өз сезімдерін нашар көрсетеді, барлық құбылысты да аз дәрежеде көреді не барлығын ойластырып және дұрыс қортынды аудиалдар сияқты жасайды.

Тактилді-кинестетикалық оқушыларға затты қолға ұстау қажет. Олар денесімен үйретеді, қозғалыс пен жанасу арқылы іске асырады. Мұражайларда оларға қолдарыңмен ұстауға болмайды деп ескертеді. Олар экскурсоводтың ұзақ әңгімесін тыңдағаннан гөрі, экспонаттарды алыстан қарап тұруға шыдамдары жетпейді. Оларға “Терезені аш!” деген фразаны айтқаннан гөрі, ол терезеге келіп, оны ашқанда, оңай жаттап алады. Ересектердің 15 % ақпаратты сезіну арқылы қабылдайтындығы дәлелденген.

Тактилді-кинестетикалық аудармашылар аудару процесі кезінде тілдік ағынды сезінеді аудиалдарғадай оларға да ритм мен интонация маңызды болып табылады. Олардың көзқарастарынша мәтінді аудару өз-өзінен жүретіндей, өз импульсы бола тұрып, адамдар тобынан не қағаз бетінен шығатын мәтіндер аудармашы денесіне еніп және өте жоғары күшпен саусақтарынан не оның аузынан ұшып шығады. Аудармашы жұмысын ауызша да, жазбаша болса да олар ағын бағыты деп қабылдайды, ал негізі аудару тіліндегі сөздер мен сөздер тіркестері эквивалентін жасау екенін білмейді. Қиын сөздер не сөз тіркестері ағынды тоқтатып не тежейді, ағаш түбіртегі не тар арна тәрізді. Осы категориядағы аудармашылар қиындықтармен кездескенде, сөздіктерге не синонимдер тізімін қарайды, бірақ олардың бар ұмтылысы ағынды қалпына келтіру. Алғашқы мәтінде пайда болған проблеманы анықтау және аудару тілінде оның шешуін табуға көмектесетін аналитикалық процестер маңызды, бірақ бұл процестер аудиалдар мен визуалдарға қарағанда, терең сублимирленген, сондықтан кейде оларда қиындықтар жойылып кеткендей не олар қиындықтардың шешімі басқа тыс жерден келгендей әсер қалыптасады. Белгілі сөздерді және сөз тіркестерін көз алдына елестету үшін қозғалыс пен жанасу терминдерінде оны жасайды олар өздері заттар алып тұрғандарын елестетеді, оны көтереді, айналдырады, салмақтайды, сипалайды ойша заттарға қозғалады, оны айнала не одан әрі қарайды.

Ішкі типті кинестетиктерге тілдің эмоционалды заряды маңыздылығы сондай, оқушылардың, лингафон курстарының дикторларының және кластастарының жасанды интонациясы, шетелдіктерге шамадан тыс анық еліктеп айтулары жалықтырып жібереді. Джон кешікті деген фразасы эмоционалды көркемделгені ашушаңдықпен, ұнатпауышылықпен, қайғырушылықпен не жасырын табалаушылықпен әсерлегені, оның деңгейіне қарай, оларды қабылдауға болады. Егер фраза сабақта бір ырғақты не магнитофонға жазуы айтылса, олар бұл тіл байланысы бар деп ойламайды. Сондықтан осы категория оқушылары тілді сол елде және осы тілді ана тілі ретінде қолданатын болса, үйренгенді дұрыс санайды.

Немесе оқылатын материал қойылым түрінде оқытылатын сабақтарда үйренеді. Осы категория аудармашылары ауызша аудармадан гөрі жазбаша түрінде орындайды, үйткені әр уақытта ойын айта алмайды. Сүйікті адамымен не досымен сөйлескенде, осы тіл ана тілі болса. Олар тактилді-кинестетикалық аудармашылар ретінде қозғалысты сезеді. Аударма тіліне түпнұсқа тілінің тілдік ағымы өздігінен пайда болады.

Оларда сөздер мен сөз тіркестерін қозғалыс пен жанасу түрінде қиялдайды, бірақ олардың кинестетикалық образдары үлкен нақтылықпен бейнеленеді, сезімдерімен байланысқан, нақты тактилді тәжірибе түрінде болады.

Өңдеу

Әр түрлі адамдар әр түрлі ақпаратты әр түрлі өңдейді. Йенсен ақпаратты өңдеудің 4 түрін қарастырады:



- контекстуальды-глобальды;

- дәйекті-нақтылау;

- концептуальды.

Контекстуальдыглобальды типтегі оқушыларды кейде парашютшілер деп атайды, себебі олар барлық жағдайды түгелдей көреді, ұсақ-түйектерге көңіл аудармайды, ең маңыздысын, негізін меңгеруді көздейді, ал ұсақ- түйектерді содан кейін байқайды. Жаңа бір мағлұматты оқыған кезде, олар ең алдымен оның мәні мен байланысын, қандай салаға жататынын, неге арналғандығын ұғынады, тек содан кейін оларда бұл затқа деген қызығушылық пайда болады. Олар бірнеше жұмыстарды қатар орындауды қалайды, егер де бұл оларды қажытса, олар өзгерістерді қажет етеді. Ақпаратты өндеген кезде, олар өздерінің ішкі ойларына құлақ асады және дұрыс жауапты да содан іздейді. Контекстуальды-глобальды аудармашыларға көбінесе ұсақ-түйектер маңызды болмағандықтан, олар соттық отырыстарда қатысқаннан гөрі, визитерлермен жұмыс істеуді қалайды, ғылыми- техникалық аудармаларға қарағанда, көркем аударманы қалайды. Бұл топтағы аудармашылар ақшаны ойламайды, кейде олар кім төледі, ал кім төлемегенін білмейді. Олар көптеген сөздіктермен және де аударма үшін қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылған, бірақта олар сөздіктерді жаңартуды ұмытып кетеді. Олар сөздің мағынасын интернеттен немесе достарына қоңырау шалу арқылы біледі.

Дәйекті-нақтылау Бұл типтегі оқушыларға оқылып жатқан үрдіс өте маңызды болып көрінеді, олар әрбір ақпаратты нақты орындайды. Карталарды, формулаларды, мәзірді және бақылау тізімді қажет етеді. Олар аналитикалық, логикалық, тура ойлауға, көбіне логика-математикалық ой-өріске ие. Барлық жұмысты нақты, сапалы орындауға талпынады. Бұл типтегі аудармашылар нақты мәтіндерді қажет етеді. Фрилансер жұмысына қарағанда, олар штатта жұмыс істеуді қалайды. Бұл адамдар алдын ала дайындалу үшін, ертеңгі күні не аударатынын алдын ала білгілері келеді. Ауызша аудармамен айналысқан кезде олар конференцияларда алдын ала жазылған мәтіндерді алады.

Концептуальды немесе абстрактты

Концептуальды немесе абстракттыда оқушы мәліметті өте нақты өңдейді. Жұмыс істегенде олар әр түрлі қозғалыстарды, қандай да бір өмірге байланысты сөздерді қолданады. Бұл категориядағы аудармашылар аудармаға байланысты курстарды жек көреді, көбіне өздерінің тәжірибесін қалайды. Курстарда дайындалған кезде өздерінің жағымпаздығын танытады.


Реакция

Қоғамда біз әр түрлі ақпараттарға көңіл бөлеміз. Көптеген ғалымдардың ойынша, мысалы Бернис Маккартидің ойынша ақпаратты қабылдауда бізге көптеген факторлар әсер етеді. Йенсен болса фильтрацияның 6 түрін анықтады.

- сыртқы және ішкі референция;

- сәйкестік пен сәйкестіксіз;

- импульсивті-экспериментальды немесе аналитикалық-рефлективті фильтрация.

Сыртқы және ішкі референция

Бұл саладағы оқушылар қоршаған ортадан түсетін ақпараттарға әсер етеді. Олардың іс-әрекеттері әлеуметтік нормаларға сәйкес. Не істеу керек деген сұрақ оларға ата-анам менен қандай әрекеттер күтеді деген мағынада қабылданады. Мұндай аудармашыларға мәтінде нақты фактілер маңызды болып көрінеді. Өздік референттер өздерінің этикалық анықтамаларын тудырады. Бүған Эзра Паунд, Пол Блекберн мысал бола алады. Венути ойынша, аудармашы сыртқы референттен бас тарту керек. Мысалы, Барбара Годер, Сюзан Лобиньер-Харвуд, Мириам Диас-Диокарец және Сюзан Джилл Левил сияқты феминисттер ер адам жазған мәтіндерді аударуды тіпті де қаламайды, олар бұдан бас тартады.

Сәйкес және сәйкессіздік

Келісушілер сәйкестікке, ұқсастыққа, ұжымдыққа мән береді. Келісушілер эквиваленттік концепцияға сүйенеді. Олардың ең басты мақсаты аударманың эквиваленттік концепцияға неғүрлым жақынырақ болуы.

Келіспеушілер, біріншіден әртүрлілікке, сәйкессіздікке сүйенеді. Олар танымал фактқа және баяғыдан бері келе жатқан дәстүрлерге күдіктенеді.

Аударманың эквиваленттік концепциясы бейтаныс болуы мүмкін. Яғни бұндай аудармада көрсеткіш жоғары болмайды. Оларға тек қана жарнама немесе балаларға арналған аудармалар жатады. Эквиваленттілікті қажет ететін аудармалардан бас тартады. Мысалы, техникалық және медициналық мәтіндер. Бұндай мазмұнды мәтіндерде олар аударманың эквиваленттілік теориясына мән бермейді. Яғни өздерінің теориялық жұмыстарында аударманың эквиваленттік қасиетін жоғалтып, өздерінің ыңғайларына қарай аударады. Мысалы, Энтони Пим былай айтқан. Эквиваленттілік бұл-экономикалық түсінік және оған ешқашанда жету мүмкін емес. Яғни оны белгілі бір сома ақшаға, сәйкес мөлшерде етті сатып алумен салыстыруға болады.

Импульсивтік-эксперименталдық және aналитикалық-рефлективті фильтрация

Нұсқаулықты оқудың немесе маманнан сұраудың орнына, олар жұмысқа кірісіп, көрсеткішке жетуді көздейді.

Импульсивті - эксперименттік аудармашылар ауызша аудармаға сүйенеді әсіресе синхрондық. Өйткені оларға даулы мәселелерді шешу ұнайды. Жазбаша аудармаларды да аударады. Филип Стратфорд өзінің еңбектерінде былай жазған: "Әрі қарай білетіндік оқуды қызықтырмайды. Көбінесе жазушы мен ақындар өздерінің білмейтін жақтарын ашуға тырысады. Бұндай жол оқырмандарды одан әрі қызықтыра түседі. Аудармашының басты мақсаты оқырмандарға, аударған кездегі сезімді жеткізу".

Аналитикалық-рефлективті фильтрацияны оқитындар ақпаратты баяу және байқап тыңдайды.Олардың ұраны "секірудің алдында, жан-жағыңа қарап ал” Аударудың алдында олар білмейтін нәрселерді сұрап алады да,одан кейін ғана аударуға кіріседі.

Аналитикалық-рефлективті аудармашы жұмыс барысында демалуды ұнатады.Техникалық мазмұнды тексттерді аудару қиынға соғады. Аналитикалык-рефлективті аудармашы көбінесе фрилансердің рөлін атқарады. Ұсыныс берушілер аналитикалық- рефлективті аудармашыларды құрметтейді.
4.3 Аудару процесі

Жоспар:

1) тәжірибе мен әдет;

2) абдукция, индукция және дедукция.

Тәжірибе мен әдет. Біз адамның ішкі сезімінде жатқан көптеген жадтың және меңгерудің бірнеше түрлерін білеміз. Біз ақпаратты есте сақтаймыз және әрекеттің қалай орындалатынын білеміз. Егер де біз қандай да бір ақпаратты есімізге түсіргіміз келсе, сол ақпаратты қай жерде қабылдадық, сол жерде оны еске түсіру бізге оңай болады. Ақпаратты пайдалана отырып, аударманың моделін жасай аламыз.

a) ішкі дүниедегі "ағым жағдайы" кезінде аудармашы ешнәрсе жайлы ойламайды, оның қолы мен ауызы ғана аударып жатқан сияқты болып көрінеді;

ә) аналитикалық ішкі дүниелік әрекет. Мұнда аудармашы синонимдерді ойынша іздейді, таныс емес сөздерді сөздіктерден қарайды, грамматикадан кітаптарды қайта оқиды.

Ішкі сезім аудармашыға ақша табуға көмектеседі. Ішкі сезімді мәтінде жеңіл жерлері болған кезде қолданады. Аударма механикалық үрдіс болып табылады.

Тәжірибелік және аналитикалық мәтін қалай сақталады және сұранады. Ішкі сезімде бұл әдетке айналады, ал аналитикалықта бұл әдеттен ауытқып декларативтік жадқа қайта оралады.

Әдет аудармашыға аудару үрдісін тездету үшін кажет, бірақ та олар жаңа бір әсерлерді қажет етеді. Ол аударманы ұнамды жасайды. Мұны Михаий Чиксентмихаий "ағым жағдай" деп атаған.



Американ филисофы, семиотика ғылымының негізін қалаушы Чарльз Сандерс Пирс сезгіштік, тәжірибе және әдет туралы айтқан. Олар триада деп аталады. Ең бірінші орынға ол сезгіштікті, екінші орынға- тәжірибені, ал үшінші орынға -әдетті қойды.

Пирс терминінде аудару процесі басталғаннан кейін аудармашы жаңадан келген болса, түйсік сезінуімен мәтінге кіріседі, бұл мәтінді қалай аудару, одан не болады, оған рақаттылық немесе қанағаттана ма деген сұрақтар туындайды, бірақ бірінші қиындықпен кездескеннен соң, әрі қарай жұмыс құрылымын жетік білгеніне көз жеткізеді. Жұмыс барысында, яғни индуктивті оқығаннан кейін тану мен қателер бойынша үйрене бастайды. Осыдан барып, Пирс терминін Карл Вейк жалғастырды. Ол аудару үрдісі нәтижесінде келесі білімдерін анықтайды:

- аударма: іс-қимыл, мәтінді дұрыс білмеу, түйсіктің көмегімен бір нәтижеге келу;

- редакциялау: істеген істі, яғни аударма жұмысты басынан-аяғына дейін қарап шығып, талдау, қателері болса осы аудару үрдісінде өткізіледі;

- сублимация: аудару үрдісі нәтижесінде аудармашы да өзіне сәйкес емес, яғни мүлдем басқа екінші мінезі пайда болады.

Жоғары аталған қағидалардың арқасында адурмашы өзінің принциптерін өзгерте алады.

Абдукция, индукция және дедукция. Аудармашының тәжірибесі жұмыс істеген процестің тұрғысынан әрине көбірек болып табылады. Оны толық суреттеу үшін, Пирс триадасын алуға болады. Оған абдукция, индукция, және дедукция жатады. Соңғы екі түсініктер логикалық ойлауға жатады: индукция- жекеден жалпыға, ал дедукция- жалпы жағдайлардан жеке шығаратын тәсіл болып табылады.

Осылардың екеуі жетіспейді деген оймен Пирс «абдукция» терминін енгізеді. Пирстің пайымдауы бойынша, не индукция, не дедукция жаңа ойларды болдырмайды. Олардың екеуі де стерильді болып табылады. Олардың екеуі де бастапқы материалмен жұмыс істеуді кажет етеді, индукция үшін бұл жекелеген фактілер, ал дедукция үшін жалпы принциптер (ережелер) болып табылады.

Пирс бойынша, абдукция түсіндірілмеген фактілерінен болжамға әкеледі. Адам көбінесе көп жайттарға сүйенбей біріншіден болжам шығарады (бірінші қадам), кейін болжам индуктивті түрде тексеріледі (екінші қадам), дедукцияның көмегімен біз қорытынды жасаймыз (үшінші қадам).

Сонымен қатар Карл Вейк осыған ұқсас процестің жаңа түрін енгізеді. Ол да үш деңгейді аңғарады: вариация, таңдап алу және қорытындылау.

Эм Гриффин Вейктің ойларын жинақтап, өзінің «Қатынас теориясына кіріспе» атты еңбегінде өз ойларын жеткізеді. Бірінші сатыда сіз бір әрекетті жасайсыз, осыны Пирс абдукция деп атайды. Содан соң таңдау жасайсыз «біріншіден сезіну, ал кейін жоспарлау». Осы әрекет жоспарлаудын алдында жүреді.

Вейк теориясы бойынша, таңдауга жетудің 2 жолы бар: ереже және айналым. Айналымдар әр түрлі болады, бірақ олардың бәрі қажеттіліктер мен байқаудың нәтижесінде болады. Осыны Пирс индукция деп атайды.

Аудармашылар үшін ең маңызды нәрсе үндесу әрекетінің икемделуі.

Және де үшінші деңгей бұл қорытынды немесе бекіту болып табылады. Бірақ Вейк Пирске қарағанда, осы деңгейді соңғы деңгей ретінде қарастырғысы келмейді. Оның айтуынша, әр нәтижеден кейін жаңа әрекет пайда болуы керек. Осыны триада деп атайды.
жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау