Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері
Аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құралы (дәріс кешені)
Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 81я7
КБЖ 81’25(07)
А 91
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
гуманитарлық-педагогикалық факультетінің
оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
Пікірсарапшылар:
З. К. Курманова – филология ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразиялық университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы;
О. К. Жармакин – филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ шетел филологиясы кафедрасының профессоры.
Құрастырушы Ергазинова Г. Д.
A 91
|
Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері : аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы (дәріс кешені) / құраст. Г. Д. Ергазинова. – Павлодар : Кереку, 2012. – 85 б.
|
Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – болашақ мамандарды аудармашының кәсіби ісінің негізгі дәйектерімен таныстыру.
Оқу-әдістемелік құралда аудармашы және аудармашы емес позициялары тұрғысынан мамандық жөнінде негізгі түсініктер, аудармашының негізгі қасиеттері мен мамандықтың негіздері, аудармашыға қойылатын қазіргі заманғы талаптар, заманауи аударманың техникалык құралдары қарастырылады.
Оқу-әдістемелік құралы типтік бағдарламаға сай «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 81я7
КБЖ 81’25(07)
© Ергазинова Г. Д., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы студенттерге «Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері» пәнінен мағлұмат алуына көмектеседі. Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – болашақ мамандарды аудармашының кәсіби ісінің негізгі дәйектерімен таныстыру.
Оқу–әдістемелік құралда аудармашы және аудармашы емес позициялары тұрғысынан мамандық жөнінде негізгі түсініктер, аудармашының негізгі қасиеттері мен мамандықтың негіздері; өзін-өзі жетілдіретін түрлі оқу стильдері, аудармашыға қойылатын қазіргі заманғы талаптар, заманауи аударманың техникалык құралдары қарастырылады.
Осы курстың шеңберінде студенттерде өздік ғылыми іздену үрдісінің алғы шарттары қалыптастырылады.
1 Аудармашы емес кісінің көзқарасымен аудармашы мамандығы жайлы түсінік
Дәрістің тезисі. Аударманы сырттан бағалауға болады: тапсырыс берушінің немесе басқа аударма тұтынушының көзқарасы тұрғысында және ішінен: аудармашының көзқарасы тұрғысында, сондықтан, не және неге тапсырыс берушіге, тағы басқа аударма тұтынушыларға қажет, аудармашы білу керек.
Жоспар: 1) ішкі және сыртқы түсініктер;
2) сенімділік;
3) мәтін аудармасының сенімділігі;
4) аудармашыға деген сенімділік, аудармашының қасиеттері мен оған қойылатын талаптар;
5) аударманың дер кезінде жасауы;
6) аударма ақысы;
7) ымыра.
Ішкі және сыртқы түсініктер
Әр адам«аударма» ұғымын әр түрлі түсінеді.
Аудармашы емес кісінің пікірі бойынша, аударма – ең алдымен, мәтін.
Аудармашының ойынша, бірінші кезекте, аударма – үрдіс.
Әлде Энтони Пим жазғандай, сыртқы бақылаушыға аударма мәтін, бірақ «ішкі бақылаушыға» – әрекет болып көрінеді (мәтін жарыққа шығару үшін орындалатын).
Іштен
Аудармашы аударма туралы ойлайды және айтады, бір уақытта үрдіс ішінде болып, ол қалай аударма жасалады, онымен байланысты келелі мәселелер туралы, оларды қалай шешуге болады әлде не оған кедергі жасайды, тәжірибелік білімдер меңгереді, біледі. Аудармашы түсінеді, ешқандай аударма түпнұсқа туралы мүлде сенімді үғым бермейді.
Сырттан
Аудармашы емес кісі, тек қана бір тілді білетін, тіке әлде жанама аударманы төлейтін оқырман, аудармаға тапсырыс беруші әлде кітапты сатып алушы атап айтқанда, аударма туралы ойлайды және айтады, бір уақытта үрдіске қатыспай, аударма қалай жасалатынын білмейді, бір көргеннен таниды, Сэмюэл Джонсон бір күні ағаш шебері емес кісі туралы айтқандай, шебер жасалған қобдиша.
Аудармашының көзқарасы бойынша, ең маңызды әрекет: кәсіби дағдысын жию барысы, нақтылы тапсырыс алу және оны орындау, зерттеу өткізу, Интернетте жұмыс істеу, түпнұсқаның стилін сақтау, сөздердің, құрылыс орамдардың аударуы, аударманы редакциялау, жұмыс берушіге аударып біткен мәтіннің жеткізілімі, істелінген жұмысына баға қою, ақша алу. Мәтін – үрдістің маңызды, тіпті мүмкін ең маңызды бөлігі деп саналады, бірақ жалғыз ғана емес.
Аудармашы емес кісінің көзқарасы бойынша маңыздылауы нәтиже әлде тауар сияқты қабылданатын мәтін, сондықтан орынды болады мыңа тәсілмен ішкі пікір арасындағы айырмашылығын көрсету үшін қысқаша сыртқы бақылаушының көзқарасы туралы баяндаумен тоқталып қалу.
Дәстүр бойынша аударма теориясы мен аударуға оқыту көбінше сыртқы көзқарасына негізделген, әдетте мәтінге назар аударылатын, немесе, мүмкін, аудармашы емес кісіге аса қызық болып көрінеді. Ол ауытқы соншалық үлкен, «сыртқы көзқарас» көп жағынан тіпті басым болады.
Қызықты, аударманың дәстүрлі түсінігі белгілі мәтіндегі тапсырыс берушінің – аудармашы емес кісінің – талаптарына бағыттылған оның тек қана бір қажеттілігіне, сенімдікке ынтасына ерекше назар аударылады. Бірақ, аудармашы емес кісінің көзқарасын түсінсек, мерзімді уақытында жасалған аударманың және оның бағасының маңыздылығы кем емес. Сенімді, тез, қымбат емес аударманы алуға тырсатын сыртқы бақылаушыға маңызды аударманың үш аңықтауларын толықтау қарапшығамыз.
Сенімділік
Аудармаға тапсырыс берушілер оған сенім арта алу мүмкіндігіне ие болулары керек. Олар аударманы өз қызметінің сенімді негізі ретінде пайдаланғылары келеді. Олардың пікірінше, аударманы қолдану арқылы түпнұсқа туралы барлық қажетті ақпаратты алады және сол арқылы сәтсіздікке ұшырамайды деп сенім артады. Бұған қоса тапсырыс беруші аудармашының келісілген мерзімде сенімді аударманы тапсыратынына шек келтірмеуі тиіс. Керек болған жағдайда одан көмек алу, икемділігін көрсету, әр адамның бабын табу, ол барлығы тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін керек. Осы екі сенімділік аспектілерін жеке-жеке қарастырайық.
Мәтін аудармасының сенімділігі – тапсырыс берушінің сенімділігін немесе оның қабілетін басқа аударманың дұрыстығына сенімін білдіреді. Басқаша айтқанда, егер аударма сенімді, тапсырыс беруші аудармамен түпнұсқаның арасында байланысы бар екенін түсінеді.
Мысалы, егер тендерге қатысуға шақыруының аудармасы жөнінде сөз болса, онда ол шақыруды алған компания тапсырыс беруші ретінде болады. Ондай жағдайда «сенімділік» ол аударма оның барлық реңкілерін дәл көрсетуін білдіреді. Аударма компанияға сенімді негізі ретінде керек.
Әдеби шығарманың аударуына оқытушы әлде студент тапсырыс беруі мүмкін. Сенімділік тапсырыс берушінің аударма түпнұсқамен бірдей сенімділігін білдіреді, егер сабақ әдебиеттану бөлімінде әлде қазақ тілі бөлімінде ұйымдастырылса, ол үшін аударма бастапқы мәтін аударма тілінде сияқты жазылған еді болу керек. Егер жоғарғы курстың студенттері, магистрлер аудармашы болса, олардың аудармасы түпнұсқаның синтаксистік құрылымына сәйкес келеді және түпнұсқаның тілінде жазылған күрделі мәтінді оқуға көмектеседі. Ондай жағдайда сөзбе-сөз әлде жолма-жол аударма қажет, егер аударманың әрбір сөзі тура түпнұсқаның тиісті сөзінің астында жазылса.
Жарнамалық хабарландыру аударылғанда, тапсырыс беруші ретінде өндіруші немесе жергілікті сатушының маркетинг бөлімі болуы мүмкін; аударма тапсырыс берушіге тауар әлде қызмет сатуға көмектеседі, орындалмайтын, іске аспайтын, заңсыз уәделер мұндай аудармада кездеспейді. Жарнаманы аударуға ықтимал тұтынушы да тапсырыс беруі мүмкін. Оған, яғни ықтимал тұтынушыға, аударма жарнамалайтын тауардың немесе қызметтің ең анық сипаттауы маңызды, оларды сатып алғаннан соң аударма тауар және қызмет туралы жалған ақпарат берген болып шыққаны орынсыз.
Жоғарыда атап өткеніміздей, мәтіннің сенімділігі әдетте “дәлдік”, “эквиваленттік”, “дұрыстық” деп аталатын сипаттармен байланысты. Дегенмен барлық осы терминдер тапсырыс беруші жолбасшылыққа алатын сенімділікті талап етудің тек қана кең жиынтығының қысқаша белгіленуі. Мәтін сенімділігінің алуан түрі болады, бірақ осының өзінде, сенімділіктің бір ғана анықтамасы жоқ, осы сияқты абстрактті семантикалық, синтаксистік туралы айтпағанның өзінде эквиваленттіліктін бірыңғай қарапайым өлшемінің барлық жағдайда оңай пайдаланатын анықтамасы жоқ.
Аудармашы емес кісі – тапсырыс беруші үшін мәтін аудармасының сенімділігі өзі күткен мүмкін саналы түрде емес дәрежеде болғаны ғана маңызды. Біреулерге дәлдік, екінші біреулерге – тиімділік, ал енді біреулерге осы қасиеттердің қандайда бір ара қатынасының үлесімі қажет. Біреулер дәлме-дәл анықтылық, ал енді біреулер қабылдаудың жеңілдігіне ұмтылады, ал өзгелерге осының барлығының жиынтығы қажет. Ал жалпы алғанда мәтін сенімділігі тапсырыс берушінің нақты тапсырмаларына негізделуімен анықталады.
Тапсырыс берушінің тілектерін қанағаттандыратын мәтінді, ол “жақсы” аударма деп есептейді, басқа тапсырыс беруші, басқа тілек – талаптармен, оны “жаман” аударма деп есептеуі мүмкін. Кейбір тапсырыс берушілер аударманы өте нашар дейді, себебі ол оның талап-тілегін қанағаттандырмайды, десе, оны өте жақсы, көрнекті, дәл аударма деп басқасы айтуы мүмкін.
Өкінішке орай, норма мен стандарттарды бір топ тапсырыс берушілердің талаптарына сайма-сай келетіндей не ситуацияларды басқаларға да аудару, шындығында солай болады.
Мысалы, кейбір тапсырыс беруші сөзбе-сөз аударуды талап етеді, кең тараған түсінік бойынша басқа аударманың болуы мүмкін емес, ал кейбір тапсырыс берушілерге семантикалық аударма керек, Семантикалық түпнұсқадан ауытқуы мүмкін емес. Балалар классиканың бос мазмұнын айтып беруді аударма демей, бейімделу дейді. Көрушілер мен оқырмандарға әсер ету үшін жарнама, хабарландыру аудармасын түпнұсқадан ауытқан түрде жаңа мәтінмен аударады, алғашқы жарнаманы аудармайды.
Әр тапсырыс беруші, өзінің нақты жағдайымен байланысты шектелгендіктен, оның талаптары мұқтажы жағдаймен байланысты емес, аударманың талаптарына байланысты болады деп ойлайды. Барлық аудармашылар осы не басқа сапаларға сай болуы керек, себебі осы аудармада осы сапалар болады. Аудармалардың арасында айырмашылықтар бола ма? Аудармалар бір-бірінен белгілі дәрежеде айырмашылықтары болады, бұл көбіне тапсырыс берушінің ойына да кірмейді, олар өздерінің талап-мұқтаждары басқа адамдардың талап-мұқтаждарымен бірдей деп ойлайды.
Бұл өтірік түсінік, “дұрыстығы” – дәлме-дәлдігі түпнұсқа мен аударма арасында болуы аудармашының жалғыз міндеті деген кең тараған түсінік көзі болып табылады. Бұндай түсініктің басым болуы, аударманы тек қана өнім не тауар (үрдіс не қызмет деп қарамай) деп қарағанда және өнімнің сенімділігі эквиваленттік термин деп түсінеді. Сенімді аударма көптеген жеңіл түрде редакцияланған белгілі дәрежеде түрленген, онда “нақты” не “дұрыс”дегендері екеуінің ортасындағы аударма нақты аударма осы олқылықтарды жабады.
Мамандандырылған аударманы тек қана тура мазмұнды нақты аударма деп тұжырымдауға болмайды, сондықтан аудармашыдан редакциялауды, андатпа жазуды, қорытындылауды не мәтінді алғашқы қалпында қайта жазуын талап етуге болмайды. Тапсырыс берушіге түсіндіруге тырысу бір жағынан дұрыс сияқты, аудармашы тапсырыс беруші нені білгісі келетінін өзі ойлап тауып, оған соны көрсетеді, күткені әр түрлі және анық болжауға болмайтынын анықтап береді.
Кейде клиенттің талаптары шындыққа жанаспайды, ақылға симайтын не тіпті орындалмайтын, мысалы, маркетингтің басшысы жарнама ұрандары әр түрлі 14 тілде түпнұсқамен дәлме-дәл болуын талап етеді, аудармашылар барлық 14 тілде осы талаптарды сақтап, өздерінің кері аудармасын ұсынулары керек. Осындай жағдайларда аудармашы осы жұмысқа кірісіп, орындауға дайын екенін шешуі керек және шындыққа жанаспайтын талаптарды толық орындауға мүмкіндігі жоқ болса да, клиенттің талаптарын қанағаттандыратын әдістері бар жоғын шешуі керек.
Өкінішке орай, аудармашылар өздерінің терең ішкі түсініктерімен аудармашы емес кісілердің сыртқы көзқарастарын жоққа шығарып, өзіне ерік береді, шынтуайтқа келгенде, бұл табыс табудың көзі болып табылады.
Энтони Пим кекесінмен мынаны айтқан: «Сұраныс берушімен сөйлескенде, кезкелген аудармада шығармашылық өңделген бөліктер болатын айтудың керегі жоқ, бұл тек қана түсінбеушілік тудырады». Клиенттің көзқарасымен шығармашылық өңдеу дегеніміз түпнұсқаны өрескел ауытқыту соның нәтижесінде мәтінге сенімсіздік туады.
Аудармашының көзқарасымен шығармашылық өңдеу мәтінді кезкелген өңдеу, белгілі дәрежеде өзгерту, соның арқасында шығармашылықтың үлесі болып табылады, сол сияқты әр аудармашыға белгілі сезу, ол аударма тілі белгілі шамада оның қызметіне қарсылық тудырады. Аудармашы емес кісілерге ұран: “Дәлме-дәлдік өзі аз нәрсені көрсетеді”. Майкл Бенис.
“Дәлме-дәлдік – жақсы аударманың бұлжымас қасиеті, ол өзінен-өзі оның тиімділігіне сенім бермейді”.
Әр елде техникалық басшылық баяндамалар, жарнама хабарламаларының мазмұнын жеткізу үшін әр түрлі стилдер қабылданған, оқырмандардың күткендері де әр түрлі болуы осымен түсіндіріледі. Сондықтан керекті икемделусіз нақтылығы мен айқындығы аудармада бұзылуы мүмкін. Аударма үрдісі кезінде бейімделуді орындау белгілі пайда береді, дәл айтқанда құралдарды үнемдеу, ең бастысы сенімділік, мәтінді қалыпқа келтіру, оны түпнұсқадан алыстатпай, "бұзылған телефон" әсерін болдырмауға әкеледі. Жай аударма құнынан, бұның құны жоғары болады. Қазіргі қаныққан нарықта, өнімге дұрыс сипаттама жасаса, оны оған ұқсастар көпшіліктен ерекшелесе, икемделген аудармаға жұмсалған қосымша инвестиция өзін ақтайды. Дұрыс берілген ақпарат атақ құруға маңызды мағына береді. Оны сенімді қолға беріңдер!
Достарыңызбен бөлісу: |