4.4 Сөз мағынасы
Дәрістің тезисі. Абстрактті лингвистикалық құрылымдар мен мәдени келісімдерге қарағанда, адамға деген бейімделу әрқашанда тиімді және өнімді болып келеді.
Жоспар:
1) адамдармен қарым-қатынас;
2) алғашқы сезімдер(абдукция);
3) терең танысу (индукция);
4) психология (дедукция).
Аударма ең алдымен сөздермен байланысты. Олар қандай мағына береді және оларды қалай ыңғайлы қолдану керек. Сөздердің мағынасы адамдар бір - бірімен қарым - қатынас жасаған кезде белгілі бір мәнге ие болады. Австрия ғалымы, философы Людвиг Витгенштейн өзінің «Философиялық зерттеулер» атты еңбегінде: «Сөздің мағынасы – оның тілде қолданылуы» деген екен. Яғни адамдар сөзді қалай және қандай жағдайда қолданса, сөз сондай мағынада болады деген. Сөздер тәжірибеге байланысты болады. Кей жағдайларда біз сөздердің мағынасын білмесек, сөзді басқа бір адамнан естіп сөздің мағынасын ұғынамыз.
Адамдармен қарым-қатынас
Кәсіби болу үшін аудармашы өмір бойы қызықты адамдармен қарым-қатынас жасауы тиіс. Оларды танудан шаршамау керек. Біз сөздерді қалай қолданамыз, сөздерді естіген кезде, бізде сол сөзге қатысты қандай да бір елестер пайда болады. Не болмаса сол сөзге байланысты бір жағдайды немесе белгілі бір орынды еске түсіреміз. Егер де сөз бірнеше тұжырымдамалармен қызығушылық тудырса, онда бұл сөзді көптеген жағдайларда қолдана аласыз. Егер де тілді әр түрлі қолдансақ, аудармамыз да өте жеңіл және әсерлі болып келеді.
Алғашқы көзқарас (абдукция)
Абдукциялық танысу деп- ең алғашқы сезімдер арқылы адамды тану. Адамды толық танып білу мүмкін емес. Біз бір адаммен өмір сүрсекте, күнде-күнде кездессек те біз әр күн сайын оның жаңа жақтарын біле отырып, таң қаламыз. Адамды бір көргеннен танып білу мүмкін емес, осындай жағдайларда көбінесе келесі сөздерді естийміз. Бұл ғашық бір көргеннен болды.Сол кезде менің денемді түршіктіретін бір нәрсе болды. Біз бір - бірімізді өмір бойы танитындай, тез ортақ тіл таптық. Неге екенін білмеймін, бірақ мен оған сенемін, және т.б.
Терең танысу
Сіз адамдармен қарым - қатынас жасаған кезде , сол адамның жаңа жақтарын табасыз деп жоғарыда айтып кеткен болатынмыз.
- Агенттік нені қалайды? Неге ол дәл осы аударманы қалайды? Мүмкін ол тек қана бизнес емес, мүмкін ол лингвистикалық қатынас?
- Кім жазды? Неге? Аудармашы агенттікте жұмыс істеген кезде ол тапсырыс беруші туралы аз біледі. Хат әлде факс па? Басылған ба әлде қолдан жазылған ба? Аударма кезінде басқа адамдар қатысты ма?
- Бұл адамдар сіздің өтінішіңізді қабыл алды ма? Сіз сол адамға қарыздарсыз ба?
- Олар туралы мағлұмат бар ма?
Аударма кезінде аудармашы әр түрлі адамдардың сөздерін аударады. Соған байланысты мәтіндердің авторлары да өзгереді. Аудармашы осындай жағдайда қоғамға түсінікті болу үшін, және сырттай бақылау жасаған кезде аударма көркем болып көрінуіне талпынып, тырысады.
Түйсік туралы тағы да айтып кетсек. Даниел Гоулмен түйсіктің бірнеше түрлерін қарастырған екен:
- эмоционалды ішкі сезім- бір нәрсеге деген көзқарас;
- эмоционалды өзін-өзі ұстау- сіздің эмоцияңыз;
- эмоционалдық уәж- белгілі бір мақсатқа байланысты ынталандыру;
- эмпатия-біреудің эмоциясын түсіну;
- адамдармен қарым-қатынас- сіздің жағдайыңызға тәуелді адамдармен қарым-қатынас жасау.
Психология
Аудармашыға қажетті психологиялық курстар:
- өндірістік психология;
- жарнама психологиясы;
-оқыту психологиясы;
- проблемаларды шешу психологиясы;
- тіл психологиясы;
- топтық динамика;
- қабылданған шешімдер мен жағдайды ушықтырмаудың деңгейлік бағалауы;
- мекемелердің әлеуметтік психологиясы;
- әлеуметтік ерекшеліктер, әлеуметтік жанжалдар мен ақпаратты өңдеу;
- бизнес психологиясы;
- заңгерлік психология;
- тұлға аралық коммуникация;
-халықаралық қатынастарға байланысты курстар;
-халықаралық жанжалдардың әлеуметтік және психологиялық шешімін табу.
4.5 Аударма үрдісінің лингвистикалық ерекшеліктері
Дәріс тезисі. Аударма мен лингвистиканың байланысын келесі көзқарасқа сүйеніп қарастыруға болады: Аудармашы сөздерді емес, сөйлеу әрекеттерін аударады.
Жоспар:
1) аударма және лингвистика;
2) аудармашылық лингвистика (абдукция);
3) сөйлеу әрекеттері (индукция);
4) аудармашы және сөйлеу актілерінің теориясы.
Латынша аударманы басқа жеткізу түрлерінен, мысалы translation studii – «білімді жеткізу, «передача знаний» және translation imperii, «билікті жеткізу», «передача власти» ажырату үшін «тілдерді жеткізу» translatio linguarum, «передача языков») деген ұғымды қолданған.
Сабақта да, баспада да ең бірінші тіл мәселелері аударманы талдағанда қарастырады. Аударма жасай білуді сол тілде оқып, шет тілді түсінудің жетілген формасы деп қарастырған. Аударма теориясы салыстырмалы әдебиеттанудың, қолданбалы лингвистиканың, филологияның арнайы бөлімі деп саналған.
Аудару өнеріне оқыту басқа тілдегі тұтас мәтіннің, сөз тіркесінің, сөздің мағыналарын жеткізу айналасында қарастырылады. Аударма теориясының Цицерон кезінен (біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасыр) бері тарихи негізгі мәселе- мәтінді лингвистикалық бөлшектеу, яғни аударманың негізгі бірлігі қандай болу керектігі. Егер сөз болса, онда аударма сөзбе-сөз болады, не сөз тіркес, сөйлем болса, онда еркін, мағыналық аударма пайда болады. Қазіргі заманның белгілі аударма теоретиктері – Дж. К. Кэтфорд, Корней Чуковский, Валентин Гарсия Йебра, Юджин А. Найда, Жан-Поль Вине және Жан Дарбельне, Питер Ньюмарк, Бэзил Хэйтим және Иан Мэйсон- бұлар лингвисттер, сондықтан көп жағдайда тіпті тұтасынан аударма тілмен жұмыс деп танылады.
Лингвистика өзінің бүкіл даму тарихында тек қана аударманың эквиваленттілігінен басқа кезкелген аударманың сенімділігіне қатысты. Соңғы уақытта лингвист–аударматанушылар эквиваленттіліктің тар аясынан шыға бастады. Егер адам тілді жақсы білсе, ал мәтін синтаксистік және семантикалық ережелерді қанағаттандырса, түсінуде қиындық тумайды.
Үйткенмен, көптеген жағдайлар кездеседі.
Сізбен таза бір тілде сөйлеседі шет тіл Б деп күтіп, оның орнына сізге басқа тілде айтайық, сіздің ана тіліңізде А сөйлесті.
Бұл жағдайда, қашан айтылып жатқан сөзді А тілінде екенін қабылдағанша, ол сөздер Б тілінде шатпақ, былдыр-батпақ шым-шытырақ түсініксіз болып естіледі.
Бұндай жиі кездеседі, сіз басқа елде жүргенде, сізге біреу өз ана тіліңізде, өте сауатты және өте жақсы айтылумен сөйлесе де, сіздің басқа тілді естуге дайындалғаныңыздан, ол сөздерді қабылдау қиын болады.
Тіпті бір тілекті екі үш рет айтса да, сіз оған кешіріңіз, сіз қай тілде сөйлеп тұрсыз деп сұрауыңыз мүмкін. Сізге бұл ана тіліңіз деп айтқан соң ғана түсініксіз дыбыстардан сөздер құрылып, белгілі мағынасын түсінесіз.
Бір-біріне байланыссыз мәліметтерден секірмелі нақты болжамға өтуді абдукция дейді. Бұндай ана тілінде айтылғанды түсіну оңайдың оңайы болса да кездеседі.
Тілді сезінуді тежеуге бастапқы бірдеңеге ұмтылу немесе басқа алаңдату факторлары, мысалы досының, жұбайының сөздерін тыңдап, еске сақтап, бірақ мән мағынасын басқаны ойлағандықтан түсінбейсіз, қабылдамайсыз және онда шапшаң істелетін қарапайым күрделі болып, логикалық секірмелі абдукция қажет болады.
Қиын сөздің аудармасын қағаз және электронды сөздіктерден, таныстар мен достарына қоңырау шалып, олар білмесе де, электронды хаттар мен факстер жіберіп, агенттік пен тапсырыс берушіден көмек сұрап, аудармашы бірнеше сағат уақытын шығындайды.
Жұмыстың бұл бөлігі аудармашыға ұнаса да, ұнамаса да айналасуы керек, бұнысыз бұл мамандықта жұмыс істеуге болмайды. Себебі аудармашы жұмысында сөзге сағаттық жұмысқа қанша төлесе сонша төлейді, дұрыс сөз іздеу үшін материалдық ынталандырма жоқ. Ақшалай пайда жоқ болса да, кейбір себептер іздестіруге мәжбірлейді:
А аудармашы этикасы, кәсіби ынталану аударманы дұрыс, эквивалентті жасауға итереді
Б Өз жұмысына кәсіби мақтаныш, рухани қанағаттану
Аудармашы сөйлеу әрекеттерін өзгертумен айналысады.
Дж. Л. Остин кітабының атынан “Сөйлеу әрекеттерін қалай жасау” және тілді жан-жақты баяндау тіл дегеніміз сөйлеу әрекеттері деген сөздер алынған.
Француз заңгері өз кеңсесінде бір сөйлеу әрекеттер жасайды, жапон заңгері басқа сөйлеу әрекеттерін жасайды, ал франко- жапон аудармашысы құқық саласында маманданған біріншінің де, екіншінің де жұмыстарының жетістіктерін пайдаланған үшінші. Аудармашы бір сөйлеу әрекеттерін басқасына айналдырады.
Түпнұсқа тілін пайдаланып, алғашқы мәтіннің авторы сөйлеу әрекеттерін жасайды, ал аудармашының жұмысы, аудару тілін пайдалану арқылы, белгілі сөйлеу әрекеттерін жасау. Жұмыс барысында сөйлеу әрекеттері түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер шексіз әр түрлі сияқты көрінеді, тіпті оларды стереотипке келтіру мүмкін еместей көрінеді. Әр сөзді, сөз тіркестерін не сөйлемдерді жеке-жеке қарап, ойластырып, таразылап, айтылуына, естілуіне терең талдау жасау керек.
Осындай жолмен жұмыс жасағанда ұқсас трансформациялар әдетке айналады, біртіндеп стереотиптер қалыптасып, ал аударма оңай жұмыс сияқты көрінеді. Ондаған мың өзгерістерді индуктивті араластыруды қашан олар схемаға айналғанша, Карл Вейк бір қарағанда ретсіз болғанмен оларды реттеу үрдісі деп атаған.
Алғашында он – он бес шетел сөздерін баста сақтау қиын болғанымен содан соң сөздер есте қалғанын, бірақ олар жекелеген лексикалық бірліктер түрінде, олар ана тіліне белгілі түрде аударылады, сөйлемдер құрау қиынға түседі, Он – он бес сөздер белгілі сөйлемдерде қолданыла бастайды, егер басқа сөйлемдер пайда болса, олар абракадабраға айналады. Ондай ретсіздік ызаландырады да, оны реттегің келеді. Сөздермен жұмыс қашан олар мазмұнды болғанша жүргізіледі. Мағынасыз құрылымды көріп, аудармашы өз қатесін түсініп, жұмысты басынан бастайды. Сөздермен жүргізілген әрекеттер мағыналы екенін аудармашы өзі түсінеді және басқалар түсінеді.
Аудармашы бұған қалай қол жеткізді. Ол өз сөйлеу әрекеттерін белгілі реттілікке бағындыра, тапсырыс беруші оның аудармасын дұрыс тануына қалай жетті.
Негізінен бөтеннің мәтініне еліктеп жетті. Өзіне керектіні басқалар қалай жасағанын түсініп, соны өзі істеуге ұмтылады. Дәл сондай көшірме жасау мүмкін емес, әрбір көшірме кезінде өзгерістер болады, себебі әр адам жеке тұлға. Ол бөтеннің әрекеттерін жасағанда, қалай тырысса да бәрібір аздап болсын, басқаша екені байқалады.
Аудармашының сөйлеу әрекеттерінің аздаған өзгешелігі алғашқы мәтін авторының сөйлеу әрекеттерін қалпына келтіру екеніне айналасындағы адамдарды сендіру мақсаты тұр.
Мұнда басқаларға еліктеп, қандай сөйлеу әрекеттерін тапсырыс беруші аударманы дәл, нақты және кәсіби деп қабылдағаны керек.
Аудармашылар вербалды құралдардың көмегімен әрекеттер жасайды.
Аудармашының вербалды әрекеттерінің бар бағыты эквивалентілікке ұмтылу болып табылады.
Тапсырыс беруші әр уақытта осыны талап етеді, ал аудармашы әр кезеңде тапсырыс берушінің талаптарын орындауға тырысады.
Эквивалентілікке ұмтылу аудармашының маңызды сөйлеу әрекеттері болып табылады. Аудармашы сөздермен басқа да әрекеттерді жасайды нашар мәтінді түзетуге, оқырманға саяси не моралдық сабақ беруге, әсіресе үгіт материалдарын қажетті әсер туғызуға, жарнаманы не көркем шығарма аудармаларына тағысын тағы. Эквиваленттікке ұмтылу аудармашының вербалды әрекеттерінің өте маңызды, аудармаға бағынатын, жалғыз әрекет емес. Аударма теориясын осыған ғана негіздеуге болмайды. Біз аудармашының лингвистикалық зерттеулерін оның жалпы кәсіби қызметіне қосуға мүмкіндік алдық, сол сияқты оның қызметінің саяси, экономикалық, мәдени контекстіне де қосады.
Аудармашы аударманың эквиваленттілігіне ұмтылу тапсырыс берушінің талаптарынан туындайды, өзінің кәсіби сенімділігін дәлелдеу үшін, жалпы мәдени нормаға сәйкестігін, мәтінде не болу керектігінің дұрыстығын іске асырады. Егер аударманы вербалды әрекеттер жиынтығы деп қараса, онда аударманың лингвистикалық жағы аудармашының нақты өмірдегі басқа да әрекеттерімен бір қатарда тұрады.
Тапсырыс берушіден не агенттіктен аударуға мәтін алғанда, аудармашы мәтін қандай, оның атқаратын қызметі, қандай белгілеріне қарап, тапсырыс беруші аударма сапасын қалай бағалайтынын түсіну керек. Британ жүйесінің бірліктерін метрлікке аудару, форматын өзгерту, айдың күнін басқа ай күнін тағысын тағыларын локализациялау қажеттілігін анықтайды.
4.6 Скопос концепциясы
Жоспар:
1) скопос концепциясы құруының негізгі пікірі басталар жерлері;
2) аудармаға әр түрлі көзқарастар ыңғайлары.
Аударма теориясымен байланысты скопос ұғымы алғаш рет Катарина Райс және Ханс Й. Фермеер еңбектерінде пайда болды. “Grundlegung einer allgemeinen Translationstheorie” шығармасында (1984) олар өз алдына жалпы аударма теориясындағы негізгі пікір басталар жерін құру мақсатын қояды. Осы мәселені зерттеу барысында ғалымдар лингвистикалық және мәдениеттанулық аспекттерге, сондай-ақ мәтіндік лингвистикаға беттейді. Скопос теориясын коммуникативті деп қарастыруға болады, себебі осы тұжырымдаманың аудармасы коммуникативті жағдай шеңберінде өтеді. Бұл коммуникация шеңберінің ерекшелігі оның ішіндегі екі мәдениеттің қатысуында жатыр.
Аударманы қарастырудың әр түрлі ғылыми және тәжірибелік тәсілдерін аудармашылық ойлаудың даму бойымен қарастырып, осы тәсілдерді біріктіретін маңызды фактор ашуға мүмкіндік болады, ол – аударманың түпнұсқасымен баламалылығы.
Баламалылығының белгілері лингвистикалық сәйкестіктен (аударманың лингвистикалық теориялары) адресаттардың реакциялық сәйкестікке (Ю. Найдтың динамикалық баламалылық теориясы), сондай-ақ аударма мен түпнұсқа функцияларының баламалылығына (функционалдық баламалылық теориясы) ауысады (Vehmas-Letho 1999).
Баламалылық ұғымы аудармаға коммуникативті және функциональды ыңғайы салдарынан күрделі мәселердің бірі болды. Ұғымының өзі өте күрделі және жан-жақты. Баламалылықтың типологиялық топтастырудың әр түрлі үлгілері бар. Қазіргі ұғым бойынша баламалылық кең мағынада түпнұсқа мен аударма (немесе олардың бөліктері) арасындағы байланысты білдіреді, дегенмен осы байланыстың сапасы бір мағыналы емес (Reiss & Vermeer 1986).
Коммуникативті және функциональды аударма теорияларының шеңберінде баламалықты ұғыну мәселесі ең алдымен осы ұғымның салыстырмалылығымен әрі баламалылықты эмпирикалық орнату мәселелерімен байланысты.Ұғымның осындай икемділігі теориялық негіздердің өзгеруіне әкелді, мысалы, функционалдық баламалылық теориясында түпнұсқа мен аударма арасындағы функциялардың сәйкестілігін талап етуінен бас тартты, себебі әр түрлі мәдениеттерде және жағдайларда мәтін функциялардың толық үйлесуі мүмкін емес екені айқындалды (Vehmas-Letho 1999).
Скопос теориясының көзқарасы бойынша тағы да бір маңызды ұғымдардың бірі – барабарлық (адекватность). Бұл термин түйсік контекстіндегі аударманың қызмет етуіне, яғни аударманың тілі мен рецепторлармен байланысына нұсқайды. Vehmas-Letho 1999).
Аудармаға әр түрлі көзқарастар ыңғайлары
Коммуникативті және функциональды аударма теорияларының арасында скопос теориясының пайда болуына дейін аударма ұғымы қарым–қатынас жасаудың екі фазалы әрекет ретінде түсінілді: аудармашы түпнұсқанылық мәтінді қабылдап, оны рецептор тіліне дайындап береді. Сонымен, бұл бір тілінен екінші бір тіліне кодтау болып табылады (Reiss & Vermeer 1986). Аударманың осындай түсінуі Катарина Райс пен Ханс Й. Фермеер жеткіліксіз деп санайды, өйткені онда олар лигвистикалық сұрақтардан бөлінбейтін деп есептейтін мәдениет мәселесін жете бағаламайды. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген моделінде аударма қызметінің түпнұсқа қызметінен ерекшелену мүмкіндігі жіберіліп қойылды. (Reiss & Vermeer 1986).
Катарина Райс пен Ханс Й. Фермеер өздерінің теориясында аударманы, ең бірінші, ауызша әрекет, нақтырақ айтқанда, ауызша трансфердің арнайы формасы ретінде қарастырады (Reiss & Vermeer 1986). Екінші, берілген әрекеттегі адресанттың пиғылын білдіру мақсатында Райс пен Фермеер аударма ұғымына хабарлау (информация) ұғымын енгізеді (Reiss & Vermeer 1986). Сонымен, аударма анықтамасы келесідей түсіндіріледі: аударма - бұл түпнұсқа тіліндегі хабардың ұсынуы туралы аударма тіліндегі хабардың ұсынуы.
4.7 Тезаурус (терминологиямен жұмыс)
Тезаурус қазіргі кезде келелі мәселелердің бірі болып саналады және аудармашылар оны өзгеше қатерлі қан сияқты әлсіреген болу қабылдайды. Сөздің синонимдік қатары өте кедей болып көрінеді. Мысал ретінде алатын болсақ жылқы деген сөз әрқашанда жылқы болып аударылады. Айтты деген сөздің орнына жариялады, ойды әдемілеп көрсету қолдануға болады. Чуковский өзінің шығармаларында сөздік қорды байыту мәселесін қозғады. Яғни сөздік қорды классикалық шығармаларды оқумен ғана байытпай, сонымен қатар синонимдік қатарды тауып және әр сөздің тиісті контекстте қолдануын білу қажет.
Яғни аудармашылар өздеріне сай тезаурусты құру керек. Бұл терминді лексикографиялық сөздікте қарасақ, "сөздік өзінің лексикалық мағынасын барынша қамтуға тырысады немесе бір тілдік сөздік" жоғарыда айтылған сипаттамаларды сипаттау. Ең толық сипаттаманы лингвистикалық сөздікте табуға болады. Бұл сөздікте екі негізгі сипаттаманы ескерген жөн:
1) сөздіктің лексикалық құрылымы толық қамтылған, бірақ ешқандай мысалдар келтірілмеген;
2) идеографиялық сөздік, оның ішінде барлық семантикалық қатынастар көрсетілген.
Бірақ та, бұл сөздікте тезаурус көбінесе өлі тілдерге ғана қолданылады. Ең бірінші сөздік 1972 жылы шыққан. Бұл сөздікте тезаурыстың проблемасы лексикографиялық жақтан қаралған болатын.
Ағылшын ғалымы Питер Марк Роже 1852 жылы "Ағылшын сөздердің және тұрақты сөз тіркестерінің тезаурусы" атты кітапты шығарған болатын. Солженицин де "Орыс тілдің сөздігінің кеңейтілуі"атты кітапты шығарды. Ч. Лэйрд "Роженың сөздігі қазіргі кезде үлкен және уақыт өткеннен кейін үлкен болып саналады."
4.8 Коммуникация және оның түрлері
Коммуникация – ақпаратты жеткізу және қабылдаудың әлеуметтік шартты процесі, бұл және тұлға аралық және көпшілік қарым-қатынас, әр түрлі каналдармен коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдарымен іске асады.
Мәдениаралық коммуникация – әр түрлі мәдениет жеке тұлғалары мен топтар арасындағы қарым-қатынастардың әр түрлі формалардың топтамасы.
Коммуникацияға байланысты екі түсінік бар:
- романтикалық – үнемі эволюцияда болатын және айтушының шығармашылық энергиясымен анықталатын динамикалық тілдік феномен деп саналады (Вильгельм Гумбольдт, Александр Афанасьевич Потебня, Фослер);
- cтруктуралистік – алдына ала тапсырылған модельдер бойынша белгілі конструкцияларды дискретті бекітілген бірліктер мен аса күрделі өзгерістерге ұшрамайтын тілде қолданылатын құбылыс(Фердинанд де Соссюр, Р. О. Якобсон).
Монологтық және диалогтық сөйлеу болады. М. Бахтиннің айтуынша, сол мүлде болмайды дейді.
Коммуникация – әр коммуниканттардың өзара кодтау мен өзара модельдеу процесі.
Тыңдаушы мен сөйлеушінің араларындағы ойларын жеткізуге болмайды. Тыңдаушы белгісіз жолмен өзінің когнитивті жағында арақатынасты азайтып, өзі ақпарат түзеді. Кооперативті өзара қатынастың арқасында әр организмнің мінез-құлқы екеуінде қолдауынан консенсус пайда болады.
Коммуникация бұл «айтып тұрған саналар» ара қатынасы деп саналады. Бұл термин академик М. М. Бахтинге тиісті. Кезкелген коммуникация «айтып тұрған саналар» ара қатынасы болады деген. «Айтып тұрған саналар» ұғымы бірнеше түсініктерге бөлінеді, солардың бірі тіл.
Үш түрлі ұғым:
1) тілдің гапамауық түсінігі бұнда кезкелген таңбалы жүйенің аталуы, сол сияқты олардың жиынтығы (музыка тілі, архитектура тілі) болып табылады;
2) тілдің кең түрдегі түсінігі – онда белгілі арнайы белгілер клаcстары, олар фонем, морфем, лексемдерден тұрады, яғни жалпы тіл не бірыңғай универсалды адамзат тілі туралы айтылады;
3) тіл нақты өмірде бар белгілілі жүйесі – кейбір социумда, кейбір уақытта және кеңістікте қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |