246
Абайдың көркем аудармадағы еркіндігін автор, негізінен, екі
түрлі себеппен түсіндірген. «Оның біріншісі және ең үлкен себебі,
– дейді ол, – Абай орыс жастарының сезім-сырларынан, өмір түйін
тағдырынан, өзінің жас оқушысына үлгі боларлық тәлім-тәрбие
бермекші болады. Екінші себебі бұл уақытта Абайдың ақындық
аударма турасындағы түсінігі, көзқарасы өзінше, өзгерек болған
тәрізді. «Ескендір» поэмасының тақырып желісін Низамиден
алып, көп өзгертіп жырлағаны сияқты, Абай бұрын өзі білген
жақын шығыс классик поэзиясында қолданылып жүрген «нәзира»
жолын қолдана түскен тәрізді». Бұл жолдың мәнісі – аударылатын
шығарманың өзінде бар «шындық пен сырлардың, халдер мен
қасиеттердің кебін арқау етіп ала отырады да», аудармашы өз
жанынан
тағы да тың арман, мақсаттар қосады.
Абайды бұл әдіске итермелеген, жоғарыда айтылғандай, казақ
жастарына орыс жастарын үлгі етіп ұсынғысы келгендік еді.
«Сондықтан Абай үшін опасыз жігіттің қайғылы, күлкілі халінен
гөрі оның шынымен қателесіп, бар жанымен шын қамығып,
өкінгені қымбатырақ болды. Себебі: ол кезде қазақ жағдайында
жақсы қыздың әзіз жанын ұқпай, мейірімсіз жарақаттап кете
беретін опасыз жігіт былай да аз болмайтын. Ондайлардың
өкінішінен де үлгі шықпас еді. Одан да, қаншалық арман қалдырса
да, опалы шыншыл, қиянатсыз жігіттің өкінішін көрсету абзал
болды» Абай үшін.
Осыдан келіп, автор Абайдың Онегин кейпін өзгертіп аударуы
оның мәніне жетпей ұшқары түсінгендігі емес, өзінің алдына
қойған шығармашылық мақсатына бейімдегендік деп түйеді.
Онегиннің ішкі дүниесін ұғуда Абайдың Белинский тұрғысынан
келгенін автор нақтылы мысалдармен дәлелдейді.
Абайдың Татьяна мен Онегин сырларын шертудегі ақындық,
шеберлік, ізденушілік өнерін Әуезов ерекше жоғары бағалаған.
«Бұл екеуінің хаттарындағыдай соншалық көркем шыққан
туындыны 1889 жылға дейінгі, яғни бұл аудармалардың жасалуына
дейінгі Абайдың өзі жазған өлендерінен де кездестіре алмайсың»,
- дейді ол. Авторды ақынның бұл аудармаларда жаңа түр, жаңа
ырғақтар тапқандығы, ішкі сезім дүниесін толғауға келгенде
небір соны теңеулер мен әсем сөздер қолданғаны, сөйтіп, әр қазақ
ұғымына соншалық шебер үйлестіру арқылы «Татьянаның тілімен
қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіргені» масаттандырады.
247
«Абай өзінің шебер аудармаларымен Пушкиннің бұл
шығармаларындағы орыс топырағынан өрбіген жалпы адам
баласының қасиеттерін ашты, Татьяна мен Онегиннің қай
жерде, қай ортада болса да, сырлас, үндес жандарын табатынын
көрсетті» дейді автор және ол бұл мәселеге де үлкен мән берді.
Сөйтеді де, «Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ жаңағы
айтылғандай, оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді
Абайша жеткізіп, көріктеп беру, көп табыла бермес» деп қорытады
(Сонда,157-бет).
Жеке теңеулерге келгенде М.Әуезов Абайдың кейде Татьяна
мен Онегин шындықтарына үйлеспейтін сөздерді де қолданып
жіберетінін көреді. Мәселен, «Мехрабымсың бас ұрамын»... деп
келетін өлеңдегі «мехраб» деген мұсылман дінінің ұғымындағы
сөзді тең етіп алуына тоқталады да, бұл аудармашы тарапынан
өз оқушыларына екі жастың сезімін жеткізу үшін өз білген
сөз асылын аянбай жұмсағысы келгендік еді», – дейді. Бірақ
«әрине, мұнда діндік ұғым-сөздікті алмай, осындай күшті жайды
білдіретін халықтық ұғым-сөздікті алу әлдеқайда орынды болар
еді» – дегенді айтады.
Сондай-ақ
«Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем», -
дейтін теңеу жайында да бұрынғы пікірін қайталап, дворян қызы
Татьянаға «қазан қырғызып қоюдың» жарасымды емес екенін тағы
ескертеді.
Бұдан кейін автор Абайдың Лермонтовтан жасаған
аудармаларын талдауға көшеді. Абай Лермонтовтан не бәрі
жиырма
жеті өлең, үзінділер аударды дегенді айтады.
Бұл аудармалардың ерекшелігі сол – мұнда Абай «анық шебер
аудармашының өзі болып еңбек етеді». (Сонда, 159-бет). Сонымен
бір айта кететін нәрсе – Лермонтовты аудару арқылы Абай Батыс
классиктерінің де ой әлеміне енуге мүмкіндік тапты.
М.Әуезов Абайдың бұл еңбектерін талдауда шынайы ғалымдық
тереңдік көрсеткен. Ең алдымен ол Абай аудармаларының
түпнұсқалық негіздерін анықтайды, оған қай аудармасының
қаншалық дәл келетінін, қай жерде қаншалық ойысып кететінін
көрсетеді. Сондай-ақ, автор Абайдың Лермонтов сарынымен
жазған кейбір өз өлеңдерінің ішінде орыс ақынының бірен-саран