57
Әрбір көркем шығарма – белгілі бір дәуірдің жемісі. Мысалы ХІІ
немесе XV ғасыр туындыларының тілі өзгеше, оны сол уақыттың
тілімен бүгінгі күнге түсінікті әрі көркем, сапалы жеткізу – өте
ауыр іс. Сондықтан оны сол үлгіде немесе біздің сөйлеу тілімізге
салып аударып жеткізуге болмайды.
Тілдік материалды грамматикалық, лексикалық, стилистикалық
және басқа құралдарды шығармашылық түрде аудармада дұрыс
пайдалану түпнұсқаның идеялық-көркемдік мазмұнын дәл
жеткізуге мүмкіндік береді.
Жоғарғы дәрежедегі жақсы аударма жасау аударма тілінің
тазалығымен, биік мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Бірінші
кезекте ол түпнұсқа деңгейінде аудармада пайдаланылатын барлық
лексика-фразеологиялық және стилистикалық құралдардың табиғи
түрде қажеттілігіне қатысты. Аудармада әдеби тіл нормалары
сақталып, барлық грамматикалық түрлері талапқа сай тиімді
қолданылуы тиіс. Әрбір тілдің өзіндік заңдылығы, қолданылу
ерекшелігі бар. Мұны аудармашы мұқият ескеруі керек.
Аудармашының басқа да ерекшеліктерімен бірге, терең
теориялық білімі, әрі филолог маман, зерттеуші, сыншы ғалым
болу міндеттілігі де аударылатын әдеби шығарманың көркемдік
құндылығына жету талабынан туады. Аудармашы аудармадағы
әрбір сөздің, тіркестің тілдің логикасы мен эстетикасына бағынуына
көңіл бөліп, оқырманның түпнұсқаны ана тілінде жазылған төл
туындыдай әсерде қабылдайтындай дәрежеге жеткізуі керек.
Басқаша айтқанда, аударма түпнұсқа тәрізді оқырманға
көркемдік-идеялық мазмұнымен ғана емес, эстетикалық тұрғыдан
ықпал етуі тиіс. Аударма тәжірибесінде түпнұсқа тілі және аударма
тілінің жалпы және қызметтік өзгешелігін білу маңызды. Бұл
аудармашыға аталған тілдерде анағұрлым сәйкес, баламалы сөз,
тіркес түрлерін дұрыс сұрыптауға мүмкіндік береді. Ол бір тілдің
механикалық тасымалын екінші тілге апарудан, аударма тілінің
нормасын бұзудан сақтандырады. Сөйтіп, түпнұсқаны аударуда
соның көркемдік құндылығына сәйкес сөз мәдениетінің деңгейіне
жетуге ықпал жасайды.
Тіл мәдениеті әрбір ұлттық тіл заңдылығында оны орынды
пайдалануды талап етеді. Аударма мәтіні әдеби тілдің нормасына
лайық үйлесімділікке жетуі тиіс. Түпнұсқадағы автор ойын
58
жеткізу үшін соған сәйкес сөздер мен тіркестер, балама табу, тілдік
құралдарды дұрыс сұрыптап, қолдана білу маңызды. Аударма
тәжірибесінде ойды жеткізуде бейтарап тілдік құралдарды
пайдалану кездеседі. Бұл авторлық мазмұндауға өзге тілді
араластыру болып шығады. Мұның өзі түпнұсқаны аударуда
сәйкессіздік және түсініксіздік туғызады.
Сөз мәдениеті аудармадағы орфографиялық ережелер мен
тілдің орфографиялық бірлігіндегі нормаларды сақтауды талап
етеді. Оны бұзу сөздің мағынасын бұрмалауға әкеп соғады. Бір сөз
атауы әртүрлі тілде әрқалай бейнеленеді, айтылады. Сөз – адам
жандүниесінің кілті, ол адам мінез-құлқын, жаратылыс бітімін,
мәдениетінің деңгейін, ұлттық ерекшелігін, сондай-ақ болмыс
даралығын танытады.
Эмоционалды-экспрессивті және бейнелеу құралдары –
көркемдік шығарма түрлерінің қажетті бөліктері. Олар шығарманың
эстетикалық құндылығын арттырумен бірге, көркемдік ықпалын
күшейтеді, сондай-ақ автор алдына қойған негізгі стилистикалық
мақсаттың жүзеге асырылуына қызмет етеді.
Сөз мәдениеті – бұл тілдік құралдарды орынды, шебер, мақсатты
түрде пайдалану, қажеттілігінше дәл қолдана білу. Аударма жасау
барысында немесе аударма шығармаларын редакциялау кезінде
мұның өзіндік ерешелігі мен мән-маңызы айқындала түседі.
«Қалауын тапса қар жанар» демекші, аударма шығармашылығында
әр сөздің өзіндік ерекшелігін біліп, оны түпнұсқа мәтініне сәйкес
таңдау, дәл де ұтымды қолдану мәні айрықша.
Сөз мәдениеті эстетикалық ықпалды күшімен адамның ғылыми
және көркемдік ойларын жетілдіру ісінде маңызды рөл атқарады.
Ол ойлардың өзара жалғастығы жағдайында, логикалық ережелер
мен әдеби тілдің нормаларына сәйкестік негізінде тілдік бейнелеу
құралдарын шебер, орынды пайдалануды талап етеді. Сөз мәдениеті
– адамның жалпы жоғары мәдениеттілігін, оның туған тіліне деген
сүйіспеншілігін айқындайды. Сөз мәдениетін құрметтеу арқылы
аудармашы өз тілінің бұрмаланбауына, аудармада қалай болса
солай, орынсыз, қарабайыр түрде қолданылып кетпеуіне зор көңіл
бөледі. Аудармадағы тіл байлығы, сөздік қордың молдығы сөз
мәдениетінің жоғарғы дәрежесін көрсетеді.
Көркем аудармада да жалпыхалықтық әдеби тілдің қолданыс
59
ауқымы кең. Көркем аударма тілі мен төл әдеби тілдің арасында
айқын айырмашылық бар. Жекелеген жазушылардың сөз
қолданысын әдеби тілдің мүмкіндігін көрсетудің үлгісі деп санауға
болмайды.
Көркем аударманың міндеті көркем тілдің барлық байлығын
пайдалана білу және сол арқылы түпнұсқаның көркемдік
құндылығына жету болып табылады. Аудару процесінде негізінен
бірінші түпнұсқа мәтіні, екінші аударма мәтіні жүзеге асырылады.
Аударманы іске асыратын тіл – аударма тілі. Ал көркем аударма
шығармасында аударма тілінің мәнерлі, жүйелі қолданылуы,
баламалардың сәтті таңдалуы аударылатын шығарманың
мазмұндылығын, көркемдігін, эстетикалық әсерін арттырады.
Түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінінің мағыналық түр жағынан
сәйкестігі балама саналады. Жақсы аудармашы шығарманы халық
тілінің бар байлығымен әдемі, мәнерлі жеткізуді көздейді.
Аударма тілінің нормасын сақтау Европа ғалымдарының
үнемі назарында болды. Мәтін аударылатын тілдің нормасына
сәйкес келуі керек деп есептелді. Шекспир трагедияларының
классицистикалық аудармаларында поэзия мен проза араласты,
комикалық жағдайлар трагедиялыққа ұласты, шығарманың
көркем, бай тілі орнына қатал да қарапайым сөйлеу лексикалары
қолданылды. Сөйтіп трагедиялардағы уақыт, орын және іс әрекет
бірлігі бұзылып кетті.
Кез келген аударма түрлері, мейлі әскери, ақпараттық, ғылыми,
саяси, тарихи немесе көркем аударма болсын екі тілдің өзара
байланыс заңдылықтарына сүйенеді, аударма мәселесі әркез
тіл білімі саласында шешіледі. Аударма теориясы кей жағдайда
әдебиеттануға, әдебиет тарихы мен теориясына да жақындайды,
осы байланыс бойынша ол лингвистикалық пән ретінде оның
қызметін ауыстырмайды. Аударманың да лингвистикасы
бар. Жалпы, аударманың жақсы жасалуы – екі тілді оның
лексикологиясын, синтаксисін, грамматикасын, стилистикасын
терең меңгеруде.
Аударма ісінде ең үздік тілдік құралдарды таңдау түпнұсқаның
көркемдік элементтерін қайта жасап шығуға негізделген.
Аудармашы ең алдымен түпнұсқаның тілдік ерекшелігін емес,
автор тәрізді шығарманың көркемдік-идеялық негізін беруге
Достарыңызбен бөлісу: |