Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
Аударма теориясы пәні бойынша
050207 – Аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған
курстық жұмыстарға
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор ___________ Н.Э Пфейфер
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к, доцент Г.Х. Демесинова
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
Аударма теориясы пәні бойынша
050207 – Аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
курстық жұмысқа
Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»___________, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ ____________ 20__ж. «____» _______________
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің ОӘК мақұлданды
20__ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрағасы _______________ ____________ 20__ж. «____» ____________________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» ____________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ хаттама
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Мамандық бойынша тәжірибелік білімдерді бекіту мен кеңейту және оларды белгілі бір ғылыми мәселелерді шешуде пайдалану.
Курстық жобада талданатын мәселерлерді зерттеу мен эксперименттік әдістерді меңгеру барысында өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Ғылыми- зерттеу жұмысының біліктері мен дағдыларын жетілдіру, зерттеу жұмысының тәртібін меңгеру.
Түпнұсқалық материалдардарға сыни талдау жасап, деректерді өңдеу білігін дамыту.
Ғылыми зерттеудің көкейкесті мәселелерін шешуде жаңашылдық танытуға бейімділікті дамытып, жетілдіру.
1. Курстық жұмысты орындауға қойылатын жалпы методткалық талаптар мен нұсқаулар.
“Аударма теориясы” пәні бойынша жұмыс курстық жоба (жұмыс) немесе шығармашылық жұмыс түрінде орындалады.
Автордың көпшілк алдында қорғау үшін лайықтаған курстық жұмысы негізгі (фундаментальді) немесе жеке пәндердің бірі бойынша орындаған зерттеуі болып табылады.
Курстық жұмыс зерттеу сипатында болуы және қазіргі филологиядағы аударма саласының көкейкесті мәселерлерінің біріне арналуы керек. Курстық жұмыста таңдалынған тақырыптың көкесйкестілігінің негіздемесі, шешілетін міндеттер, қолданылатын әдістер, зерттеу пәнінің теориялық негіздері және эмпирикалық деректердің талдауы көрініс табуы тиіс.
Орындалған жұмыс студенттің тақырыпқа қатысты білімдерді еркін пайдаланғанын, зерттеу мақсаттарын, баяндалған құбылыстардың өзге жағдайлармен байланысын түсінетінін, қазіргі кездегі талдау әдістерін меңгергенін, қажетті қортындылар мен тұжырымдар жасай алатынын, қаралынып отырған мәселенің теориялық болашағын және оның қолданданбалы аспектілерін болжайтынын, ғылыми ситльді меңгергенін көрсете алуы тиіс.
Курстық жұмыс студенттік немесе жас ғалымдар конференцияларында, басқадай да бұқаралық талқыларда, соның ішінде шығарушы кафедра ұйымдастырған алдын ала қорғауда сынақталып, кафедраның қорғауға жіберген рұқсатын алуы керек.
Шығармашылық жұмыс көркем әдебиет немесе ақпараттық (ғылыми-техникалық, заңгерлік, дәрігерлік т.б. ) мәтін түпнұсқасының меңгерілетін бір немесе екі тілден қазақ (орыс) тіліне, немесе қазақ (орыс) тілінен меңгерілетін бір немесе екі тілге аудармасы болып табылады.
Шығармашылық жұмыстың құрамына аударма мәтін, автордың өзіндік аудармашылық шешімдерінің сипаттамасы, тұжырымдары, глоссарий немесе қысқаша терминологиялық сөздік және мазмұндық бет кіреді.
Курстық (шығармашылық) жұмыстың көлемі таблицалар, суреттер, пайдаланылған әдебиет тізімі мен мазмұндық бетті қоса алғанда, екі интервал арқылы мәшінкемен басылған 24 беттен аспауы керек.
ІІ Курстық жұмыстарды таңдауға қатысты әдістемелік нұсқаулар.
Курстық жұмыстарды орындауға дайындықты университеттің мамандандырушы кафедралары ұйымдастырады.
Мамандандырушы кафедралар курстық жұмыстардың тақырыптарын жыл сайын өзгертіп, жаңартып отырады. Тақырыптарды таңдауда оның көкейкестілігі, ғылым саласының қазіргі және болашақта даму деңгейінің талаптарына сәйестілігі ескеріледі.
Университеттің мамандандырушы кафедралары бекіткен курстық жұмыстар тақырыптарының мазмұны мен тұжырымдалуы жалпы бағыттау сипатында болады. Тақырыпты таңдаудың шарты – нақтылығы және оның салада әлі шешілмеген мәселелерінің болуы.
Кафедра студенке ұсынған тақырыптардың біреуін өз еркімен таңдау талап етеді. Бұларға ең алдымен тақырыптың актуальділігі мен сол ғылым саласының қазігі кездегі талаптарына сәйкестігі жатады. Өткізілетін зерттеу жұмыстарына міндетті түрде қойылатын талап – оның жаңалығы.
Студенттік курстық жұмыс түбегейлі ғылыми жаңалықтар ашуды көздемейді, олардағы зерттеулер, әдетте қарапайым болады, дегенмен диплом алушы ғылымның қазіргі даму деңгейі мен оның болашақ бағыттарын айқын түсінуі шарт. Бұл қарапайым болғанымен, өзбетінше жасалынатын, яғни бұрынғы шындықты қайталауға жатпайтын, зерттеу жұмысының орындалуы үшін қажет.
Сонымен бірге студентке ғылыми талдау, жинақтау, қортындылау жасай алу талабы қойылады.
Орындалатын зерттеулерге қойылатын келесі маңызды талап – зертеулердің тәжірибелік мәні, нақты қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жарамдылығы.
ІІІ Студенттің курстық тақырыппен жұмыс істеу әдістемесі.
Жетекшісінен тапсырма алған студент курстық тақырыппен жұмыс істеуге кіріседі. (А- қосымшасын қараңыз.) Тапсырма бойынша талданылатын мәселелердің тізімін ескере отырып, алдын ала керекті әдебиетпен танысудың, барлық мәліметтерді сараптаудың негізнде ол алда тұрған жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды, күнтізбелік жоспарын жасайды. Кезкелген зерттеудің мақсаты алға қойылған мәселені шешудің бағытын сілтейді, ал міндеттер осы мақсатты нақтылайды. Курстық жұмысқа қатысты айтатын болсақ, мақсат мен міндеттеріді айқындау арқылы оны орындаудың сенімді бағыты анықталады.
Күнтізбелік жоспар тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыстың жеке кезеңдерінің орындалуының қисыны мен реттілігін және мерзімдерін белгілейді. (Б-қосымшасы) Бұл мерзімдерді, әдетте, студенттер өздері шамлайды, жетекші қажетінше түзетулер жасайды. (Мерзім зерттеу тақырыбының, мақсаттың және міндеттердің, жалпы уақыттың жұмысты аяқтауға бөлінген мөлшері мен қажетті материалдардың жинақталуы, алдын ала істелінген жұмыс көлемі, орындалынатын тәжірибелік сынақтардың күрделілігі сияқты нақты ерекшеліктерімен байланысты шарттарға тіреледі.)
Күнтізбелік жоспардан басқа студент курстық жұмыстың мазмұнын және оны баяндаудың реттілігін көрсететін жоспар жасауы керек. Ол курстық жұмыстың жоспары немесе курстық шығарманың немесе диплом жұмысына түсінік жазбаның жоспары деп те аталынады.
Курстық жобаның жоспары да күнтізбелік жоспар сияқты жұмысқа кіріскенде немесе кей жағдайларда ең алғашқы кезеңде, әдебиет және басқадай көздерді таңдаумен қатар жасалынады.
Курстық жұмыс жоспарының бірінші нұсқасы бірнеше рет өзгертіліп, кейбір бөлімдері кеңейтіледі, нақтыланады немесе қосымша мәліметтермен толықтырылады және тақырыпты мазмұндаудың түрі (стилі мен синтаксисі) де өзгертіледі. Жоспар қажетті материалдарды жүйеге келтіруге көмектесетіндіктен, оны міндетті түрде құрып, кейіннен курстық жобаның ақтық мәтінін жазғанда негіз ретінде пайдалану керек., өйткені жоспарда тақырыптың барлық бөлімдері көрсетілген.
Курстық жұмыс зерттеудің қарапайым түрі болғандықтан, студенттің ғылыми-зерттеу әдістерімен таныс болып, оларды қажетті деңгейде меңгеруін талап етеді.
Курстық жұмысты орындауға қажетті негізгі әдістер: әдеби және мұрағаттық тағы сол тектес көздерді білу бақылау және өздігінен байқау, эксперимент, жұмыс тәжірибесімен танысу, әңгімелесу сауалнамалар мен сұхбаттасулар өткізу, сандық нәтижелерді математикалық әдістермен өрнектеу.
Аталған әдістерді кешенді түрде пайдаланған тиімді, бірақ пәннің ерекшелігі мен нақты жағдайларға қарай олардың кейбіреулері басымдырақ қолданылуы да мүмкін.
Курстық жұмыс керекті әдебиетті іріктеп алып, танысудан басталады. Курстық жұмыстың нұсқаларында әдебиетті (оқулықты, оқу құралдарын, монографиялар, мерзімді жарияланымдар, шетелдік журналдар, нормаландыру әдебиетін т.с.с.) терең зерттеп білу талап етіледі. Әдеттте, дипломға шыққан студенттер аталмыш мәселе бойнша бибилиография жасау, монографиялық және мерзімдік әдебиетпен т.б. көздермен жұмыс істеуде осыған дейін рефераттар жазу, курстық жұмыстар орындау немесе кафедра оқытушысының басшылығымен зерттеу жұмыстары барысында таныс дағдыларына сүйенеді. Өкініштісі – бұл дағдылардың жетік деңгейде болмауы, сондықтан курстық жобаның жетекшісі студентке жоғарыда айтылған мәселелер бойынша аса үлкен көлемді тапсырмалар мен нұсқаулар беріп, көп салмақ түсіруге мәжбүр ететіндігінде. Сондықтан тақырыппен жұмыстың ойдағыдай ұйымдастырылуы үшін қажетті әдебиет тізімінің дұрыс жасалуының маңызы бар.
ІV. Курстық жұмыстың ресімделуі және құрылуы.
Курстық жобаның ресімделуі мен құрылымы оның орындалуының маңызды бөлшегі және Мемлекеттік емтихан комиссиясының оны бағалауында негізгі факторларының бірі болып саналады.
Курстық жұмыс алдымен қаралай жазба түрінде орындалғаны жөн. Бұл оның мәтініне автордың өзі және жетекшісі тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгізуіне жол қалдырады. Қаралай нұсқадағы жұмыс та жоспарға сәйкес жазылуы керек.
Курстық жұмыстың көлемі үлкен болғандықтан, оны тұтас мәтінмен беруге болмайды. Әдетте ол жоспарға сәйкесетін параграфтар мен бөлімдер бойынша жазылады. Бөлімдерді рим цифрларымен, ал параграфтарды олардың алдында қойылған араб цифрларымен белгілейді. Параграфтар әрбір бөлімге немесе бүкіл жұмысқа бірдей реттілікпен нөмірленеді. Қаралай жазбаның көлемі екі интервал арқылы мәшінкемен басылған 75 беттен (кестелер, суреттер, әдебиет тізімі, мазмұны, қажетіне қарай қосымшасымен бірге) аспауы тиіс
Әбір курстық жұмыста келесі құрылым болуы тиіс:
Мұқаба бет
Мазұндық бет (курстық жұмыс жоспары)
Кіріспе ( кіріспе бөлім)
Жұмыстың негізгі мазмұны (әдетте 2-3 бөлім)
Қортынды (қортынды бөлім)
Пайдаланылған әдебиет
Қосымшалар (қажеттілігіне қарай).
Мұқаба бетте: министрлік, жоо атаулары, студенттің аты-жөні, курстық жұмыстың толық аталымы, ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми лауазымы мен дәрәжесі курстық жұмыс орындалған жер және жыл.
Кіріспеде алынған тақырыптың көкейкестілігі айқын және бірізділікпен дәлелденеді, оның зерттеліну тарихы, мақсаты мен міндеттері тақырыптың хронологиялық және жағрапиялық шеңбері, көздердің талдануы (курстық жұмыстың базасы) орын алады.
Әдетте 2-3 бөлімнен құралатын курстық жұмыстың негізгі бөлігінде қарстырылған мәселенің теориялық негіздері мен қысқаша тарихы мазмұндалып, өзбетінше жианақтаған материалдың объективті және жан-жақты сараптамасы беріліп, жалпы тұжырымдар жасалынады. Әбір бөлімнің соңында автор қысқаша қортынды мен түйіндеулер бере алады, бірақ олар кейін қортынды бөлімде қайталанбауы тиіс. Мәтінге сызба және көрнекі бейне материалдар енгізуге болады, бірақ олардың саны шамалы ғана болғаны дұрыс, ал бірқатары қосымша бөлімде берілгені жөн.
Қортынды бөлімде жұмыстың жинақтық нәтижесі, автордың негізгі тұжырмдары беріледі. Қортындыға қойылатын аса маңызды талап – оның қысқаша түрде жеткілікті мазмұнды қамтуы және онда кіріспе мен негізгі бөлімдердің қайталнбауы.
Курстық жұмыста келтірілетін пайдаланылған әдебиет тізімі зерттелінген мәселе бойынша зерттеудің деңгейін, диплом жазушы студенттің әдеби көздерді қаншалықты толық қамтығанын көрсетеді. Пайдаланылған барлық әдебиеттің тізімі нөмірленіп тізімге төмендегідей реттілікпен жазылады:
Мұрағат көздері
Статистикалық жинақтар
Құжаттар мен материалдар
Энцилопедиялар
Кітаптар
Мақалалар
Мерзімді басылым (Гәзеттер мен журналдар)
Пайдаланылған әдебиет цитаталардың енгізілу ретімен беріледі. Тізімде әдеби көздер (жеке тараулар бойынша емес) жалпы нөмірленеді.
Цитаталарды (немесе мысалдарды) пайдаланғанда олардың соңында тізімдегі әдебиеттің реттік нөмірін және цитата алынған бетті жақша ішінде көрсетсе жеткілікті, мысалы: [14,35]. Егер көздің толық сипаттамасы берілсе, оның тізімдегі нөмірі ғана көрсетіледі, мысалы: [7].
Жоғары талаптар курстық жұмыстың тек мазмұнына ғана емес, оның сыртқы пішініне, жазылу стиліне де қойылады. Жұмыс сауатты. әдеби тілмен қисынды жазылуы тиісті.
Әрбір сөйлемнің мұқият құрылып, ойды қысқаша және түсінкті жеткізе алатындай болуына назар аудару керек. Курстық жұмыста бір сөзді немесе сөз тіркесін қайталап қолданудан аулақ болу қажет. Сонымен бірге тұрақталған терминдердің, шартты белгілердің, символдардың, қысқартулардың біркелкілігін сақтауға тырысу керек. Автордың өзі енгізген символдар мен сирек кездесетін қысқартуларға түсіндірмелер жасау керек. Олар туралы бірінші рет сөз болғанда атаулары толық жазылып, жақша ішінде қысқартылуы қатар беріледі, ал кейінгі жолдары тек қысқартулар пайдаланылады.
Курстық жұмыста бірінші жақта жекеше “ Мен ...есептеймін” немесе көпше
“Біздің байқауымызша” деген сияқты оралымдарды қолдануға болмайды. Дұрысы “Курстық жұмыс авторының пікрінше...”, “Мұрағаттық көздерді. зерттеу ... көрсетеді” сияқты үшінші жақтағы немесе жақсыз сөйлемдерді пайдалану.
Курстық жұмыс мазмұны бір стильмен, ешқандай емлелік қатесіз, қолданыстағы тілдік нормалар тұрғысынан синтаксистік және стилистикалық сауаттылықпен баяндалуы керек.
V. Мәтіндік материалды ресімдеуге қойылатын талаптар.
(МИ ПМУ 4.01.3-09 ОҚУ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫН РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ. Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар қараңыз)
V. Курстық жұмысты қорғауға әзірлену және қорғау
Әзірленген курстық жұмыс жетекшіге мемлекеттік емтихан басталуға кем дегенде үш күн қалғанға дейін тапсырылуы тиіс. Тәжірибе аталған уақыттың дипломды дайындауға жеткілікті ең қысқа мерзім екендігін көрсетті.
Сол қағидаға сәйкес жетекші орындаушыдан жұмысты қабылдағаннан кейінгі 10 күн ішінде тексеріп, құптаған жағдайда, ол туралы пікірін жазып, қолын қойып, кафедра меңгерушісіне көрсетуге дайын етуі тиіс.
Жетекші студенттің орындаған жұмысына барлық бөлімдері бойынша баға беріп, олардың жақсы және олқы жақтары атап, автордың өзбетінше теориялық және эксперименттік ізденістерінің, ғылыми әдебиетпен жұмыс дағдыларының деңгейлері, қол жеткізген нәтижелері мен қортындыларының дәлелділігі, құндылғы, олардың істе пайдалануға жарамдылығы туралы пікірлер жазып, оған диплом қорғауға рұқсат беру жөнінде ұсыныс енгізеді.
Курстық жұмыстар қорғалау комиссияның ашық мәжілісте қорғалынады. Курстық жұмыстың қорғалатын орны, уақыты, тақырыбы, автордың аты-жөні туралы директорат алдын-ала хабарландыру арқылы студенттер мен оқытушыларды құлақтандырады. Курстық жұмыс қорғалынатын комиссия отырысында жұмыстың жетекшісі кеңесші дауысқа ие болады.
Қорғауда студент 15-20 минуттік қысқаша баяндама жасайды. Онда курстық жұмыс тақырыбын таңдау себептерін, алға қойылған мақсаттары мен мінеттерін, зерттеу объектісін, қолданған зерттеу әдістерін, ұстанған болжамын, алған нәтижелерін, жасаған қортындыларын, олардың теориялық- практикалық маңыздылғы мен пайдасын сипаттап береді. Бұдан соң жетекшінің пікірі оқылады, қорғаушының қойылған сұрақтарға, ескертулерге берген жауабы тыңдалынады.
Комиссияларының курстық жұмыстардың бағалары, мамандық беру ашық отырысында комиссия мүшелерінің көпшілгінің ашық дауысымен ( “қарсы” және “қолдап”дауыс берушілер тең болғанда, төрағаның дауысы шешуі болып саналады) қабылданады.
Егер курстық жұмыстың қорңғалуы қанағаттанарлықсыз деп танылса, комиссиясы осы тақырыпты қайтадан толықтырып, түзетулерден кейін екінші рет қорғау немесе студент басқа тақырып бойынша курстық жұмыс жазу мүмкіндігін қарастырып, сәйкес шешім қабылдайды
Комиссиясының шешімімен “қанағаттанарлықсыз” баға алған студентке екінші рет жұмыс қорғауға мүмкіндігі ағымдағы жылы соңына дейін ғана беріледі.
Кешірмді себептермен (гер олардың дәлелді құжаттары болса) жұмыс қорғай алмаған студенттерге, факультетінің деканы келесі кезеңдегі жұмысына дейін оқу мерзімін ұзарта алады, бірақ бұл уақыт 1 жылдан аспауы тиіс.
Теориялық және практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырған таңдаулы курстық жұмыстар баспасөзде (институт тың ғылыми жинақтарында мақалалар немесе журналдарда методикалық нұсқаулар түрінде) жарияланады, ғылыми конфернециялар менг конкурстарға қатыстырылуға ұсынылады.
ӘДЕБИЕТ
1.Карлинский А.Е Принципы, методы и приемы лингвистических исследований.Алматы, 2003.–184 б.
2. Арнольд И.В. Основы научных исследований в лингвистике. М.,1991. –156 б.
3. Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. – тМ.: Наука, 1975.– 312 б.
А-ҚОСЫМШАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
__________________________________________ кафедрасы
Курстық жұмыс
Т А П С Ы Р М А С Ы
______________________________________________ пәні бойынша
_________ тобының студенті___________________________
1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
1.1_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1.2_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1.3_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1.4_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
2.1_____________________________________________________
2.2_____________________________________________________
2.3_____________________________________________________
2.4_____________________________________________________
КЖ-сты ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ ГРАФИГІ
Бөлім
|
КЖ-а/КЖ-сты орындау жұмалары (%)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
1
|
КЖ-а
/КЖ-с
беру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
КЖ-а/КЖ-сты
қорғау
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 КЖ-а/КЖ-с ЖАЗУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Автордың А.Ж.Т. Әдебиет атауы. Баспа орны (мысалы, М.:). Баспасы (мысалы, Ғылым), шыққан жылы. Әдебиеттің жалпы бет саны (мысалы, 239 б.)
2 Автордың А.Ж.Т. Мақала атауы // Журнал атауы. Шыққан жылы. Томы (мысалы, №3) нөмірі (мысалы, №3) беті (мысалы, 34 б. немесе 15 б.- 24 б.).
3 Автордың А.Ж.Т. Диссертация атауы: дис.ғылыми дәрежесі (мысалы, биолог.ғылым канд. дис.). М.: оқу орнының атауы (мысалы С. Торайгыров ат. ПМУ), жылы. Бет саны (мысалы 166б.).
Тапсырманы алдым: «___»___________200__ж.____________
(қолы)
Жоба жетекшісі____________________________ аты-жөні
(қолы)
Кафедра меңгерушісі_______________________ аты-жөні
(қолы)
Б- Қосымшасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
курстық жұмыс
Түсіндірме жазба
КЖ. 050207.19-10. * ___.10.ТЖ
Пән бойынша_________________________________________________
Тақырыбы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________
(баға)
Комиссия мүшелері Жетекші
кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент __аға оқытушы_____________________
_____Г.Х.Демесинова________ __Ж.Е.Ордабаева______________
_____________ ______________ _______________ __________________
(қолы) (күні) (қолы) (күні)
____________________________
_____Г.Х.Демесинова________
_____________ ______________
(қолы) (күні)
Нормабақылаушы Студент
__аға оқытушы_______________ ____________________________________
(қызметі, ғылыми дәрежесі) (аты-жөні)
____Г.Д.Ергазинова_____________ _________________________________________________
(аты-жөні) (аты-жөні)
____________ ________________ _______________ ______________
(қолы) (күні) (қолы) (күні)
2010
*сынақ кітапшасының соңғы екі цифрі
Достарыңызбен бөлісу: |