Аудан әкімінің есебі: елтай ауылдық округі qarasaı aýdandyq aptalyq qoģamdyq-saıası gazeti


№ 4  (8330),  25 января,  2019  год



жүктеу 14,79 Mb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата30.12.2019
өлшемі14,79 Mb.
#25460
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 

№ 4  (8330),  25 января,  2019  год. 

zgazeta@mail.ru //zgazeta.kz

ZAMAN  JARSHYSY

9

Ө Л Е Ң Г Е     Ә Р К І М Н І Ң - А Қ     Б А Р     Т А Л А С Ы . . .

Тамырымда маздап тұрған шоқ қаным,

Күлге айналып, күлгін тартып 

өшкенше.

Мұзға айналып лапылдаған от тәнім – 

Біздің дәурен ауған бұлттай көшкенше.

Айрылмасқа анттасқандай қос ғашық,

Құшақтасып құлағанша кірпігім.

Алау жүрек тауысқанша от шашып –

Жанып біткен бір талындай 

шырпының.

Шорт үзіліп...   ғайып болып лебізім,

Түнге сіңген жұлдыздай боп аққанша.

Екі айрылып ЖАН менен ТӘН егізім,

Бет-бетіне лаққанша.

Топырағыңа бағыш етіп тәнімді,

Құшағыңа жатқанша.

Жұлдыз қылып жарқыраған жанымды,

Аспаныңа жаққанша.

Жанарымнан көз жас емес сел төгіп,

Сен шақырсаң құстай ұшып жетермін.

Көктемдегі найзағайдай өртеніп,

ҚАЗАҚСТАН, сені сүйіп өтермін!



Мақсат ӘЛСЕЙІТОВ, 

Көлащы орта мектебінің мұғалімі,

Астана қаласының 15 жылдығына 

арналған республикалық ақындар 

мүшәйрасының жүлдегері.

Ана тілмен мәнді өмір сүргеніміз,

Адам болып жер басып жүргеніміз.

Туған тілді қалдырып қараңғыға,

Кімге қажет жүз тілді білгеніміз?!

 

Төнсе егер қасірет тілімізге,



Зар боламыз бүгінгі күнімізге

Ажырата ала-алмай қалғанымыз.

Өліміз бе, жоқ, әлде, тіріміз бе?

 

Басымыздан бағымыз көшпес үшін,



Қазақ деген атымыз өшпес үшін,

Тілімізді бәрінен биік қойсақ,

Ұлылығы ұлтымның өшпесі шын!

 

Жырға арқау тілімді етем бүгін,



Туған тілдің тілеймін бекемдігін,

Ұмытпайық ағайын, үлкен-кіші,

«Тіл – өмірдің шырағы» екендігін!

Айғаным ҚАСЫМБЕК,



Абай орта мектеп-гимназиясының 

11 сынып оқушысы.

ОСЕНЬ

День прохладен и угрюм.

Затянулись небеса.

Под печальный ветра шум

Осыпаются леса.

Пролетели над курганом

Птицы в дальние края.

Так, с мечтами и обманом

Юность кончится моя.

КОТ

Отвори мне, Леночка, наши ворота.

Я нашел на улице серого кота.

В комнату занес его, хлеба отломил,

В блюдечко хрустальное молока налил.

Досыта накушался, замурлыкал кот,

Лапою лохматою почесал живот.

ВОРОБЕЙ И 

СНЕГИРЬ

Утомился ветер снег носить, как пыль.

На кормушку сели воробей, снегирь.

Зёрен поклевали, полетали тише,

А потом уселись на соседней крыше.

Воробей чирикнул, а снегирь запел,

Радуясь удаче этих добрых дел.

Василий ВАРЕЕВ,

житель села Шамалган.

Отанымнан басталар болашағым,

Өтіп жатыр зырлауық тамаша күн.

Өмір деген, әйтеуір, кеңістікте,

Бетегеден биік, жусаннан аласамын.

Адамдардың күн кешем дүрмегімен,

Қош айтысып жатамын күндеріммен.

Құрдастарым кетіпті жыл құсындай,

Асық ойнап, доп қуып бірге жүрген.

Таң атады, қызарып күн батады,

Меніменен бір тұрып, бір жатады.

Ал, болашақ өзіңнің жай-күйіңді,

Мың бұралған күйлердей тыңдатады.

Таудай болған талабым шағылады,

Салындыдай мені енді не қылады?

Ал, болашақ өмірге інкәрлігім,

Бесіктегі сәбиден табылады.

Күнмен, түнмен уақыт үндеседі,

Жолаушыдай адамдар күн кешеді.

Сен болмасаң адамдар мына өмірдің,

Қызығын да, шыжығын білмес еді.

Тамаша ғой елім мен болашағым,

Өркен жайып ғылым мен тамаша күн.

Өткен күнге қарап ап келешекке

Көріпкелдей болжап ап бал ашамын.

Терезем тең, өзгемен таласамын,

Тату-тәтті еліммен жарасамын.

Ынтымақ, бірлікпенен басталады,

Туыс, бауыр, халқыммен болашағым.

Құрсағында жас сәби ананың да,

Ал, болашақ арулар жанарында.

Шыныменен мен бүгін біреулерге,

Ақ сақалды, сары түсті ағамын ба?

Болашағым келешек ғасырымда,

Уақыттар тынымсыз асығуда.

Шуағына бөленіп күн нұрының, 

Өмірдің өрлігіне бас ұруда...

Серік БЕЙСЕНБАЕВ, 

еңбек ардагері. 

Жармұхамбет ауылы.



НОЧЬ

Сквозь серые тучи пробивалась луна,

Скалы, горные кручи осветила она.

Освещенный луною 

стоит лес вдалеке.

Тишина над травою, 

рябь бежит по воде.

Тишину вдруг нарушив, 

ухнет филин в лесу.

Передать бы словами этой ночи красу.



СТРАШНЫЙ 

СОН

Недавно мне приснился сон…

Я словно лёгок, невесом.

Лечу над матушкой-землёй,

Деревья трогаю рукой.

И будто всё это реально – 

Река, озера, снег кристальный.

Вершины гор сияют светом.

Ну, ладно, суть-то не об этом.

Вот надвигается гроза…

На горизонте – полоса 

Несется жутко черным светом

И жжет глаза мои при этом.

И вот тьмы, ужаса полна

На мир нахлынула волна –

Так дерзко, нагло, беспардонно,

Сметая силой всё упорно. 

Пришла она из-за морей

От смерть несущих нам людей,

Что деньги, злато собирали, 

О власти только лишь мечтали,

Отца и мать не почитали,

Любовь забыли и не знали.

Их гнили запах ветер гнал.

Еще один в волну попал –

Вроде красивый и живой,

Но вот в душе уже гнилой.

Ведь человек внутри гниет

И этот смрад с собой несет.

Забыли люди о добре,

Увязли многие в дерьме,

Но зависть, алчность, бессердечность

Погубят в нас всех человечность.

Нам нужно это прекратить! 

Давайте будем все любить,

Не рваться к власти и к деньгам.

Пусть будет чуждо зло всем нам.

Пускай коварство и обман

Рассеются, как дым, туман.

Так вместе сможем победить.

И тьме придется отступить.

Пока мы не увязли в ней, 

Нам нужно действовать скорей!

Проснувшись, сон свой не забыл.

Всё на бумаге изложил.

Что пережил, страшней войны.

Виной же ужасам – все мы.

Нам это можно изменить,

Просто начав людей любить.  

Александр ПРОТОПОПОВ,

житель города Каскелена.

БОЛАШАҒЫМ

ҚАЗЫНАМСЫҢ, 

ТУҒАН  ЖЕР!

БАСЫМЫЗДАН 

БАҒЫМЫЗ 

КӨШПЕС ҮШІН

ЗИМНИЙ  ДЕНЬ

ЖЫЛДАР  ТОЛҚЫНЫ

ҚАЗАҚСТАН

Мәдина Ералиеваға арналады

Небосвод безоблачен и чист.

Нас морозным днем зима встречает.

Белизною снег глаза слепит,

Да, искрясь, на солнышке сверкает.

Спит земля недвижно, безмятежно,

Снежным вся застелена ковром.

Лишь весной она проснется, верно,

Крепким забываясь зимним сном.

Каркают вороны беспрестанно.

Видно, к непогоде, невпопад.

Завтра может повалить внезапно

С силой всей обильный снегопад.

Мы капризы зимушки суровой

С лютыми морозами снесем,

Свыкнемся с любой её погодой,

Трудные все дни переживем.

Наурыз уже не за горами.

В наши вскоре ты придешь дома.

С торжеством, немеркнущим 

с годами, 

Радостно с ним свидимся тогда!



Рысбай НОГАЙБАЕВ,

житель села Коксай.

Уақыт – толқын, тоқтамайсың, ағасың,

Өз жолыңды өзің іздеп табасың.

Жылдар жылжып екпіндетіп, тездетіп,

Бізден ұзап, қайда кетіп барасың?

Тағдыр деген бағынбайды адамға,

Болашақ беймәлім саған, маған да.

Тағдырыңның сынағында шытырман,

Құласаң да қайта тұрғын, бар алға.

Келгеннен соң адам болып өмірге,

Өтеу керек адамдықтың борышын.

«Адасқанның айыбы жоқ» деген бар,

Қолыңды соз да, бергін оған қол ұшын.

Ол да сенің сауап болар ірі ісің,

Адамдықтың асқақ биік шыңына,

Жету сенің жігерің мен күресің,

Тағдырыңның саған берген  сынағын,

Жеңе білу, ол да сенің бір ісің.

Тағдырының болашағын болжап ап,

Дайындалып оған  әр кез жүрген кім?

Алдың мұхит, артың теңіз болған соң

Сақтап сені, қоршап қойған пірің кім?

Адамдықтың аттамайық шеңберін,

Барша адамды бір өзіңдей тең көргін.

Өсер ұрпақ, келешекке үлгі боп

Саламатты, тәрбиелі жол бергін!



Еркетай МАУПАСОВ,

зейнеткер.

Батан ауылы.

Қазақтың ғажайып бір ару қызы,

Жарқырайды аспанның сан жұлдызы.

Сағынғанда, аңсағанда ән еркесін,

Еске түседі айында қараша 

қоңыр күзі...

Сыр бойының түлеп ұшқан 

бұлбұлы едің,

Халқының еркелеткен бір қызы едің.

Әдемі әніңді іздейтін әр кез елдің,

Сағынғанда айтайын жыр-сыры едің.

Ел-жұрттың әлдилеген «Ақ баяны»,

Әніңмен көп адам жатты оянып.

Сазың қалды жүректің түкпірінде,

Есімің ескірмейді аттай ағып.

Арамыздан ерте кеттің,  

қысқа болды ғұмырың,

Өнердегі бірісің ғой ірінің,

Қазақтың жүрегінде шын қаласың,

Алатаудың  алып шыңдарындай 

тұғырың!


     

   


Қатарбай РАХОВ.

Қаскелең қаласы. 



СЫР БОЙЫНЫҢ 

АРУ ҚЫЗЫ – ӘН ЕРКЕСІ 

Алыс кетсем өзіңді сағынамын,

Көңілім құлазиды, жабығамын.

Атыңнан айналайын, туған жерім,

Пір тұтамын, өзіңе табынамын!

Қанша алыс болсаң да ойымдасың,

Қазынамсың, асылым, барымдасың.

Саған тисе, бір тамшы пайдам болсын

Күш-жігерім сен үшін арындасын!

Құшағыңнан жусан иісі аңқыған,

Гүл оранған дархан дала шалқыған.

Бұлбұл құстың әсем әні арқылы

Көңіл, шіркін, тебіреніп толқыған.

Кіндік кесіп, кір-қоңымды жуған жер,

Қасиетіңнен,айналайын, туған жер.

Сен деп соғар дүрсілдеген жүрегім

Бар қазына қойнауыңда тұнған жер.

Бабаларым жан аямай қорғаған,

Қазір,міне, бейбіт заман орнаған.

Кей жастарды көрген сәтте бірақ та

Ұяламын, қылығынан арланам.

Тастап кетіп қазағының даласын,

Шетелдерге кетіп жатыр, қара, шын!

Дәстүр, дінін шығарып ап есінен

Өзге тілде тәрбиелеуде баласын.

Туған жері жақын болар адамға,

Ел қорғайтын біз болармыз даламда.

Өзге елдің сұлтаны боп күн кешпей

Өз еліңнің ұлтаны бол одан да!

Айсұлу СЬЕЗХАН,

Абай орта мектеп-гимназиясының 

10 сынып оқушысы.



жүктеу 14,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау