Аудан әкімінің есебі: елтай ауылдық округі qarasaı aýdandyq aptalyq qoģamdyq-saıası gazeti


№ 4  (8330),  25 qаńtаr,  2019  jyl



жүктеу 14,79 Mb.
Pdf просмотр
бет2/16
Дата30.12.2019
өлшемі14,79 Mb.
#25460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 

№ 4  (8330),  25 qаńtаr,  2019  jyl. 

zgazeta@mail.ru //zgazeta.kz

ZAMAN  JARSHYSY

2

Е Л     Е Р Т Е Ң І   –   С Е Н І М Д І     Қ О Л Д А !



(Соңы. Басы 1-бетте)

Мемлекет қоғамда жасампаздық, 

бастамашылық, шығармашылық, 

еңбекқорлық рухын қалыптастыруға 

баса мән берді. 

Халқымыздың «Ақыл – жастан, 

асыл – тастан» деген нақыл сөзі бекер 

айтылмаған. Біздің жастарымыздың 

бойында мұндай қасиеттер бар. 

Бизнеспен айналысамын деушілерге 

жол ашу аса маңызды. Шағын не-

сие берудің және оқыту ісінің оң 

тәжірибесі негізінде барлық өңірде 

«Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу 

қажет. Бұл жоба аясында жыл сайын 

білім алатын жұмыссыз жастар мен 

өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 

санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн.

Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық 

кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жо-

басы бойынша ауылдар мен шағын 

қалалардың 43 мың тұрғынын оқытып 

шығарды. Нәтижесінде 11 мыңнан 

астам бизнесжобалар іске қосылып, 

16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

Осыған байланысты жоба аясында 

жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 

проценті бюджетке салық төлеуде. 



Сондай-ақ Үкіметке «Бизнес-2020» 

жол картасы аясында жас кәсіпкерлер 

үшін грант бойынша бөлінетін қаржы 

көлемін екі есе арттыруды тапсырамын. 

Жалпы, үш жыл ішінде 300 мыңға 

жуық жастарымыз бизнестің қыр-

сырын меңгеріп шығады. Кем дегенде 

80 мың адам немесе олардың төрттен 

бірі өз кәсібін бастап, ел экономи-

касына елеулі үлес қосатын болады. 

Осындай арнайы білім алған мамандар 

нарыққа дайын стартаптар мен өнімдер 

ұсынуға тиіс. 



Бітіруші курстардағы 60 мыңға 

жуық студентті бизнеске баулу қажет. 

Үкіметке бұл бағдарламаны жүзеге 

асыру үшін 2019-2021 жылдары 32,1 

миллиард теңге бөлуді тапсырамын. 

Жастардың стартаптарына қолдау 

көрсететін қорлардың қызметін ын-

таландыру маңызды міндет саналады. 

Дамыған елдерде жастардың өз иде-

яларын жүзеге асыруға көмектесетін 

қорлар жұмыс істейді. Олар орталық 

және жергілікті органдар, универси-

теттер, сондай-ақ, жеке құрылымдар 

тарапынан қаржыландырылады. 



Үкіметке Жастар стартаптарын 

қолдау қорын құруды тапсырамын. 

У р б а н и з а ц и я   п р о ц е с і н і ң 

қарқындылығына қарамастан, ауыл 

жастарының үлесі әлі де жоғары – 43 

процент. 2018 жылдың 11 айы ішінде 

ауылдан қалаға көшкен жастардың 

саны 222 мыңнан асты. Сондықтан 

Үкімет пен әкімдіктер олардың білім 

алу, жұмысқа орналасу, демалыс және 

басқа мәселелерін жүйелі шешуге күш 

жұмылдыруға тиіс. 

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 

инфрақұрылымды дамытып, жергілікті 

жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту 

керек. Осыған орай «Дипломмен – 



ауылға!» бағдарламасына енгізілетін 

мамандықтардың тізімін кеңейтуді 

ұсынамын. 

Көшіп барғаны үшін төленетін 

жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 

айлық есептік көрсеткішке дейін 

арттырған жөн. Сондай-ақ жастарды 

ауыл шаруашылығымен айналысуға 

қызықтыра білу қажет. Дамыған ел-

дерде бұл бағыт жоғары өнімді әрі 

инновациялық салалардың бірі сана-

лады. Онда цифрлы технологиялар мен 

роботтандырылған кешендер белсенді 

қолданылады. 

БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға 

қарай әлемнің 70% дерлік халқы 

қалаларда тұратын болады. Жаһандық 

экономика қалалықтарға иек артады: 

600 мегаполис әлемдік ІЖӨ-нің 60%-

ін береді. 

Қарқынды урбанизация және халық 

санының өсуі жағдайында адамзат 

азық-түлік мәселесінің оңтайлы 

шешімін іздейді. 

Егер АҚШ тұрғынының қазіргі 

тамақтану деңгейін негізге алатын 

болсақ, онда 2030 жылға қарай азық-

түлік ресурсы тек 2,5 миллиард адамға 

ғана жетеді. Осыған байланысты 

әлемде аграрлық сектордағы ғылыми-

техникалық прогреске ресурс көптеп 

жұмсалуда. 

Ауыл шаруашылығы роботтанды-

ру, ақпараттандыру және селекция 

бағытында дамитын болады. 

А г р о ө н е р к ә с і п   к е ш е н і н д е г і 

«көк жағалылардың» уақыты бітті. 

Бүгінде АӨК жұмысшыларының жаңа 

толқыны қажет. Қазақстанда бұл сала 

стратегиялық болып саналады, өсім 

әлеуеті зор және келешекте отандық 

экономиканың басты драйверлерінің бірі 

бола алады. Осы орайда Қазақстанда 

әдебиет, танымал өнер арқылы 

жастардың қоғамдық санасында жаңа 

позитивті образдар қалыптастыру 

маңызды. 

Бүгінде студент жастарға айрықша 

назар аударған жөн. 

Тәуелсіздік жылдары ішінде 2,8 мил-

лион жоғары білімді маман даярланды. 

Егер 1991 жылы жоғары білімі бар 

жастардың саны 42 мың адам болса, 

2018 жылы 150 мыңнан астам адамды 

құрады. 

Халықтың білім деңгейінің жоғары 

болуы елдің жаһандық бәсекеге 

қабілеттілігінің маңызды факторы 

болып саналады. Осыған байланы-

сты біздің тарапымыздан жоғары 

білімнің қолжетімділігін арттыру 

және студент жастардың өмір сүру 

жағдайын жақсарту жөнінде шаралар 

қабылданып жатыр. 

Мәселен, бес әлеуметтік бастама 

аясында 2018-2019 оқу жылында 

қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұдан 

бөлек, 2022 жылдың аяғына дейін 70 

мың орыннан кем емес студенттік 

жатақхана құрылысын қамтамасыз ету 

қарастырылған. 

Студенттер қауымы еріктілік пен 

қайырымдылықтың қуатты ресурсы 

болып саналады. Бұл жас адамдардың 

еңбек нарығында жедел бейімделуіне 

және олардың әрі қарай өз жолын 

табуына септігін тигізеді. 

Мысалы, халықаралық бағалау 

бойынша әлемнің ең ірі үш жүз ком-

паниясы қызметкерлерінің үштен 

бірі апта сайын жұмыс уақытының 

1 сағатына жуығын волонтерлік 

қызметке жұмсайды. 

Үкіметке волонтерлік қызметпен 

б е л с е н д і   а й н а л ы с а т ы н   Ж О О 

студенттерінің стипендиясын 30%-ке 

дейін көтеруді тапсырамын. Бұл біздің 

студенттеріміз үшін елеулі қолдау бо-

лады. 

ҮШІНШІ. Қазіргі таңда өнерлі 

жастарды қолдау үшін белсенді жұмыс 

жүргізілуде. Қоғамда түрлі бағыттар 

бойынша креативті азаматтардың тұтас 

шоғыры қалыптасты. 

Бүгінде таланатты жастарымызға 

селективті көмек көрсету үшін де-

ректер қорын, жастардың зияткерлік 

банкін құру қажет. Мұндай қадам бізге 

болашақтың нағыз кристалдарын өсіруге 

мүмкіндік береді. 

Жас ғалымдарға белсенді қолдау 

көрсету де маңызды. 

У а қ ы т   б і з д і ң   « Б о л а ш а қ » 

бағдарламасын құрған кезде дұрыс 

шешім қабылдағанымызды көрсетті. 

Содан соң Назарбаев Университет 

пен Назарбаев зияткерлік мектептерін 

құрдық. 

Бүгінде 12 мың «Болашақ» түлегі 

ел игілігі үшін еңбектеніп жатыр. 

Жаңа кезеңде бұл бағдарлама ғылыми 

әлеуетті нығайтуға бағытталуы тиіс. 

Жас ғалымдарымызға өз идеяла-

рын нақты жобаларға айналдыруына 

көмектесуіміз керек. Бұл процеске На-

зарбаев Университетті де тарту керек. 

О с ы   м а қ с а т т а   Ү к і м е т к е   ж а с 

ғалымдардың фундаменталды және 

қолданбалы зерттеулерін гранттық 

қаржыландыруды үш миллиард теңгеге 

ұлғайтуды тапсырамын. 

Қазіргі жағдайда ғылым мен білімді 

барлық тілек білдірушілерге қолжетімді 

ету маңызды. 

Ғалым-педагогтер оқушылар «төрт 

К-ны»: сындарлы ойлауды, комму-

никацияны, коллаборацияны және 

креативтілікті дамытулары тиіс деп 

санайды. 

А д а м и   к а п и т а л ғ а   и н в е с т и -

ция салу мемлекеттің аса табысты 

бағыттарының бірі болып табылады. 

Жас тұрғындарының Сауаттылық 

индексінде Қазақстан 155 елдің ішінде 

15-ші орын алады. Жастардың білім 

деңгейі бойынша еліміз Швейцария, 

АҚШ, Норвегия және Финлянди-

яны басып озып, 9-шы орында тұр. 

Қазақстан «жаңа интеллектуалды 

держава» бола алады. 

Еліміздің аса ілгерінді технологиялық 

және цифрлы болашаққа дайындалуда 

екенін ескере келгенде, бізге білім 

саласындағы жетекші үрдістерден 

қалып қоймау ерекше маңызды. 

Қазақстан баршаға табыс пен өсіп-

өркендеуді қамтамасыз ететін өзінің 

жастарына қажетті білім мен машықтар 

беруі тиіс. Бұған қашықтықтан оқыту 

кең жол ашады. 

Мәселен, АҚШ-та 20 миллион 

ЖОО студенттерінің үштен бірі онлайн 

форматында оқытылады. Сондықтан 

елімізде қашықтықтан оқытуды 

қолдану ауқымын кеңейту қажет. 

Бүгін тұсауы кесілген Open University 

жобасы біздің жастарымызға осындай 

мүмкіндіктер береді. Үкіметке аталған 

жобаны еліміздің барлық ЖОО-лары 

мен колледждерінде, сондай-ақ жұмыс 

берушілер деңгейінде ілгерілетуге қолдау 

көрсетуді тапсырамын. 

Б ұ ғ а н   д е й і н   а й т қ а н ы м д а й , 

алғашқы жұмысшы мамандығын алу 

да маңызды саналады. Сондықтан 

сапалы техникалық және кәсіби 

білім беру жүйесін дамыту шешуші 

басымдықтардың бірі болып қалуы 

тиіс. 


Бүгінде техникалық және кәсіптік 

білім беру ұйымдарының желісі 128 

бірлікке көбейіп, 821 колледжді құрап 

отыр. 2017 жылдан бері тегін кәсіби-

техникалық білім беру бағдарламасы 

бойынша 155 мыңнан астам жас білім 

алуда. Аталған жұмысты жалғастыра 

беру қажет. Бұл – жаппай жұмыспен 

қамтуға апаратын төте жол. 

Үкіметке «100/200» (екі жүзге жүз) 

қағидаты бойынша «Жас маман» 

бағдарламасын жасау қажет. Үш 

жыл ішінде жоба еліміздің барлық 

өңірінен шамамен 200 мың жас азамат-

ты қамтитын болады. Оның аясында 

200 жаңғыртылған оқу орындарының 

базасында аса сұранысқа ие 100 

индустриялық және сервистік кәсіптер 

бойынша мамандар дайындау жүзеге 

асырылады. 

Әр өңірде кем дегенде 1 жетекші 

ЖОО мен 10 колледж жаңартылған 

оқыту бағдарламасымен және ішінде 

шетелдік мамандар да бар оқытушы-

лар құрамымен жаңаша жұмыс 

істейтін болады. Олардың қатарына 

конкурстық негізде еліміздің 20 

ЖОО-сы мен 180 колледжі кіріп, олар 

үшін шамамен заманауи 400 құрал-

жабдық жиынтығы сатып алынады. 

Осы маңызды жұмысқа өңірдің 

барлық жүйе құраушы кәсіпорындары 

мен ірі бизнесінің қатысуларын 

ұ с ы н а м ы н .   О с ы   б і л і м   б е р у 

мекемелерінің жанында сондай-ақ 

инновациялық жобаларға қолдау 

көрсететін стартап-орталықтар жұмыс 

істейтін болады. Нәтижесінде 3 жыл 

ішінде жаңа стандарттар бойынша 200 

мыңнан астам маман дайындалып, 15 

мыңнан астам оқытушы біліктілігін 

арттыратын болады. 



Жастар кешкі, жексенбілік және 

онлайн-курстарға бару арқылы өздерінің 

мүмкіндіктері мен перспективаларын 

кеңейте алады. Тұтастай алғанда, үш 

жылда аталған бағдарламаларды жүзеге 

асыру үшін республикалық бюджеттен 

60 миллиард теңге бөлінетін болады. 

Бұл бастамалардың бәрі «Жа-

стар – Ел тірегі» атты біртұтас 

жалпымемлекеттік жоба ретінде Еңбек 

және халықты әлеуметтік қорғау 

министрлігінің жастарды жұмысқа 

орналастыруға бағытталған қазіргі 

бағдарламаларымен біріктіріледі. 

Алдағы үш жыл ішінде осы жобаға 

бір миллионнан астам адамды тарту 

жоспарланып отыр.

Т Ө Р Т І Н Ш І .   Ж а с т а р д ы ң 

күш-жігерін жасампаздық пен өз 

мүмкіндігін жүзеге асыру арнасына 

бағыттаған маңызды. 



Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 

қарай «Жасыл Ел» қозғалысының ба-

засында «Жасыл қала – жасыл ауыл» 

жалпыұлттық жобасын іске қосу қажет. 

20 жылда Астананың айналасында 

қолмен отырғызылған орман пай-

да болды. Бұл – 80 мың гектар жа-

сыл екпелер, соның нәтижесінде 

қаланың іші экологиялық жағынан 

тазара түсті. Астананың үлгісі бойынша 

бүкіл өңірдегі елді мекендердің жасыл 

экожүйесін дамыту қажет. 

Бүгінде бүкіл еліміз бойынша 

жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс 

жұмыстарына жастарымыз белсенді 

атсалысуы керек. Осы саладағы 

компаниялардың бәрі студенттік 

құрылыс отрядтары үшін арнайы квота 

бөлгені жөн. 

О с ы ғ а н   б а й л а н ы с т ы   р у х а н и 

орталығымыз – Түркістан қаласын 

көркейту үшін зор мүмкіндіктер ашы-

лып отыр. Үкімет облыс әкімімен 

бірлесіп, бұл мәселені өз бақылауына 

алуы тиіс. 

Сондай-ақ былтыр өзім бастап бер-

ген «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде 

әскери-патриоттық тәрбие беру ісін 

дамыту қажет. Үкіметке 2025 жылға 



дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру 

бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. 

«Жас сарбаз» бастамасының 

үлгісімен еліміздегі волонтерлерді, 

ә с і р е с е   ә л е у м е т т і к   ж о б а л а р 

саласындағы еріктілерді біріктіру 

қажет. 


Қазір дүние жүзінде жастар туризмін 

дамытудың өзектілігі артып келеді. 

Бұл сала олардың өз еліне деген 

патриоттық сезімдерін қалыптастыру 

ісінде маңызды рөл атқарады. 

Әлемдік ішкі жалпы өнімдегі 

туризмнің үлесі – 10 процент. Жа-

стар туризмі халқымыздың бірлігін 

сақтап, төл мәдениетімізді дамыту 

мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ ішкі 

өңірлік байланыстарды нығайтуға, 

халықаралық серіктестікті кеңейтуге 

септігін тигізеді. 

Қ а з а қ с т а н д а   э к о л о г и я л ы қ , 

спорттық-сауықтыру және экстремал-

ды туризм орталықтары болуға лайықты 

жерлер көп. Осы айтылған бағыттарды 

дамыту үшін тиісті инфрақұрылымды 

жетілдіріп, жастардың туристік клуб-

тарын жаңғырту керек. 

Білім және ғылым министрлігіне 

ж о ғ а р ы   о қ у   о р ы н д а р ы н д а 

волонтерлердің арнайы курстарын ашу 

мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. 

Жастардың бойында әлеуметтік 

жауапкершілік пен қоршаған ор-

таны аялау сезімін қалыптастыру 

негізгі міндет саналады. Әсіресе 

үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, 

мейірімділік пен адамгершілік 

қасиеттерін дарытудың маңызы 

з о р .   К е з   к е л г е н   а д а м   ж а с ы 

ұлғайған шағында жастар тарапы-

нан жанашырлық пен қамқорлық 

күтетінін ұмытпаған жөн. 

Еліміздегі жарты миллионға 

жуық студент жастар үкіметтік емес 

ұйымдармен бірге мұқтаж жандарға 

елеулі көмек көрсете алады. 

А л ғ а   қ о й ы л ғ а н   м і н д е т т е р д і 

ауқымдандыруда «Нұр Отан» пар-

тиясына ерекше міндет жүктеледі. 

Қолданыстағы жобаларды жүзеге 

асыруға бақылау орната отырып, 

партия жастар саясатының драйверіне 

айналуы тиіс. 

Қазақстан халқы Ассамблеясынан 

да жұмысын жастар саясатына екпін 

түсіре отырып, қайта құру талап етіледі. 

Біздің басты формуламыз – халық 

бірлігі мен этносаралық келісім. 

Ассамблея егемен Қазақстанның 

қ ұ н д ы л ы қ т а р ы н ,   ұ р п а қ т а р 

с а б а қ т а с т ы ғ ы н ,   б і р л і к   п е н 

патриотизмді нығайту ісін ілгерілету 

бойынша нақты бағдарлама түзуі тиіс. 

Б і з д і ң   О т а н ы м ы з   б і р е у , 

Тәуелсіздігіміз – біздің басты 

байлығымыз, оны әрбір азамат көзінің 

қарашығындай сақтауы тиіс. 

БЕСІНШІ. Біздің жас отба-

сыларына, олардың денсаулығы 

мен әлеуметтік инклюзивтілігіне 

қ о л д а у   к ө р с е т у   с а л а с ы н д а ғ ы 

көзқарасымызды айтарлықтай өзгерту 

маңызды. Жастарды жаңа әлеуметтік 



рөлдері мен отбасылық өмірдің ыстық-

суығына дайындау қажет. Мұны орта 

мектептердің жоғары сыныптарынан 

бастаған жөн. 

Ана институтының қолдауымен 

бірге әке институтын дамыту, 

жасөспірімдердің бойында өз от-

басына деген жауапкершілік сезімін 

қалыптастыру маңызды. 

Отбасылардың ажырасу мәселесі 

бізді ерекше алаңдатады. Ғалымдар, 

қоғам белсенділері, бұқаралық 

ақпарат құралдары бұған ерекше на-

зар аударулары тиіс. 

ҮЕҰ-ның қатысуымен ерекше 

сұранысы бар адамдарға бағдарланған 

қызметтер көрсету саласын кеңейту 

қажет. 

Біздің әрқайсымыз өз тағды-



рымызды өзіміз жасаймыз. Өмірлік 

табысқа жету үшін, бірінші кезекте, 

отбасылық игіліктер мен кәсіби 

жетістіктердің кепілі болып табыла-

тын зор денсаулыққа ие болу қажет. 

Мемлекет азаматтардың денсау-

лығына тұрақты түрде қамқорлық 

көрсетіп келеді. Тәуелсіздік жылда-

рында заманауи құрал-жабдықтармен 

жарақтандырылған 219 жаңа ау-

рухана, 1200 жаңа емхана салын-

ды. Алайда, халықаралық зертте-

улер көрсеткендей, медицинаға 

денсаулықтың тек 10-15%-і ғана 

тәуелді. Сондықтан бойыңда ерік-

жігерді ерте қалыптастырып, тән 

саулығын нығайту маңызды. 

Тәні саудың – жаны сау екені 

баршаға аян. 

Республикалық жастар чемпио-

наттары мен студенттік универсиа-

далар өткізу дәстүрін қайта жаңғырту 

маңызды. 

Барша жастарды өздерінің әлеуетін 

белсенді жүзеге асыруға, мүмкіндіктерін 

барынша пайдалануға, заманауи білім 

алып, күннен-күнге шыңдала түсуге 

шақырамын. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 

мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты 

мақала дәл осы мақсатқа бағытталған. 

Мен сендердің өз елдеріңмен 

мақтанғандарыңды, оның тари-

хын жақсы білгендеріңді және алға 

сеніммен қарағандарыңды қалаймын. 

Қазақстанның болашағы берік қолда 

екеніне және сендер оны әлемнің аса 

дамыған 30 мемлекетінің қатарына 

қосатындарыңа сенімдімін. 



Құрметті форумға қатысушылар! 

Бүгін біздің арамызда өте ауқымды 

әңгіме қозғалды. Ұсынылған барлық 

идея жастар мен отбасыларды дамыту 

саласындағы арнайы Жол картасында 

көрініс табуы тиіс. 

Бар-жоғы екі жылдан кейін біз 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын 

атап өтетін боламыз. Бұл датаның 

жастарға патриоттық тәрбие бе-

руде маңызы аса зор. Осыған орай 

Үкіметке еліміз үшін маңызды осы 

мерейтойға дайындық пен оны мере-

келеу бойынша бағдарлама дайында-

уды тапсырамын. 

Ұ с ы н ы л ғ а н   б а р л ы қ   б а с т а м а 

мен жоба форумның қорытынды 

құжатында көрініс табуы тиіс. 



Қымбатты достар! 

Бүгін біз жастарға кеңінен жол 

ашатын маңызды бастамалармен 

таныстық. 

Қолға алған тың жобалардың бәрі 

табысты жүзеге асады деп ойлаймын. 

Жастық шақтың күш-қайратын 

егемен елімізді өркендетуге жұмсай 

беріңіздер! 

Сіздерге зор денсаулық, толағай 

табыс пен бақ-береке тілеймін!

(«Егемен Қазақстан» газеті, 

№15, 24 қаңтар, 2019)

Елбасымыз үнемі жастарды қолдап, 

ту ұстар тірек ретінде сенім артуы – біз 

үшін асқан жауапкершілік. Жалынды 

рухымыз жасқанбай, білімді, білікті, 

бәсекеге қабілетті жандар болсын 

деген ниетпен Президентіміз қашанда 

қолдап жүреді. Өз Жарлығымен 2019 

жылды Жастар жылы деп жариялағаны 

да баршаңызға мәлім. Күні кеше оның 

салтанатты ашылуы Елордамыз Астана 

қаласында болып, мемлекет басшысы 

арнайы қатысты. Жастардың жігеріне 

тағы қанат бітірген Нұрсұлтан Әбішұлы 

өнегелі сөзін айта келе, Үкіметке 

бірқатар шараларды пысықтауды тап-

сырды. 

Жас кәсіпкер болғандықтан Ұлт 



Көшбасшысының екінші тапсырмасында айтқан 

мына бір ұтқыр бағдарламасы өзім қатарлы 

жастарға қолдау деп түсінемін: «Шағын несие 

берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде 

барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын 

әзірлеу қажет. Соның аясында жұмыссыздар ара-

сынан жұмыспен қамтылғандарды 

100 мыңға жеткізу керек». Осындай 

жобалардың жүзеге асуы, шынымен 

де, жұмыссыздықтың алдын алуына 

септігі мол деп түсінемін. Соны-

мен қатар, Елбасы Үкімекте «Биз-

нес-2020» жол картасы аясында жас 

кәсіпкерлерге арналған грант бойын-

ша бөлінетін қаржы көлемін екі есе 

арттыруды тапсырды. Бұны да кәсіп 

ашам дейтін азаматтарға таптырмас 

мүмкіндік ретінде қарауға болады.

Санамызға серпіліс сыйлаған, 

ж а с т а р   қ а у ы м ы н а   ж о л   а ш қ а н 

Президентіміздің осындай байыпты 

бастамалары арқылы еліміз алға қарай 

ілгерілей түседі деп сенеміз. Біз – 

жастар тек артқан сенімді, үкілеген үмітті ақтауға 

тиіспіз деп ойлаймын. Барлық жастар қауымын 

Жастар жылымен құттықтаймын!



Жалғасхан ДӘЛІБАЕВ,

Қарасай аудандық мәслихатының депутаты, 

«Дәулет-Серпін 603» ЖШС-нің бас директоры.

Наш Президент всей душой, всем 

сердцем болеет за молодежь, забо-

тится о ее будущем. Свидетельством 

тому стало объявление 2019 года 

Годом молодежи. Большим вооду-

шевлением для нас стало мероприя-

тие, проходившее в городе Астане, в 

павильоне «Нұр Әлем». Посвящено 

оно было официальному открытию 

Года молодежи. 

Порадовало меня то, что в на-

шей стране так много юношей и 

девушек, которые несмотря на 

молодость уже достигли больших 

высот в самых разных сферах. 

Расул Абдуллаев и Тамила Розме-

това, например, смогли достичь 

успехов в предпринимательстве. Причем, ему 

всего 23 года, а ей – 27. Среди выступавших 

были девушка-беркутчи, ученик-изобретатель, 

рабочий-металлург и многие другие, вносящие 

большой вклад в жизнь страны и, тем самым, 

проявляющие свою любовь к ней. Слушая их 

выступления, каждый перепол-

нялся гордостью за наш Казахстан, 

взрастивший такие таланты.

Думаю, все это порадовало и 

Елбасы, которому участники цере-

монии выражали свою признатель-

ность и благодарность. Тамила, к 

примеру, сравнила землю с океаном 

возможностей, а оказываемую го-

сударством поддержку – с лифтом, 

который помогает подниматься на 

новые высоты. Так оно и есть. Вот 

и по итогам данной церемонии 

Президент страны Нурсултан На-

зарбаев поручил Правительству 

оказать поддержку молодежи по 

пяти направлениям. Значит, у нас 

появятся еще большие возможности, чтобы 

успешно учиться, добросовестно трудиться и 

гармонично развиваться. 



Ералы РАХМЕТКОЖАЕВ,

консультант районного филиала 

партии «Нұр Отан».

БІЗ  ҮШІН  КЕҢІНЕН  ЖОЛ  АШЫЛМАҚ

ДОСТИГАЯ   НОВЫХ   ВЫСОТ


жүктеу 14,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау