Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет7/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   207

16 

Жарықбаев  ғылыми  еңбектерінде  Мəшһүр-Жүсіптің  «Түрлі  шығармалар»  аталатын  еңбегін 

талдап, оның ішіндегі адам баласының дүниені тануына қажет құндылықтардың мəнін ашады. Оны: 

«Мəшһүр  Жүсіптің  «Түрлі  шығармалар»  деп  аталатын  қолжазба  жинағында  адамның  дүние  тануы 

үшін есту мен көру мүшесінің зор маңыз алатыны айтылады. Көру сыртқы дүниемен шектелмей, ол 

заттарды  бейнелеу  арқылы  мыймен  де  жалғасып  жатады...  Танымның  келесі  бір  түрі  адамның  бір 

көрген  нəрсесін  қайта  жаңғырту  қабілеті,  М.  Жүсіп  Көпеевтің  тілімен  айтсақ,  бұл  сырттан  келген 

нəрсенің  бəрін  жазып  отыратын  хатшы  іспеттес  аппарат...  Адам  танымы  бес  бастаудан  нəр  алатын 

асау  өзен  секілді.  Оның  бірі – көру,  екіншісі – есту,  үшіншісі – түйсіну,  төртіншісі – иіс  сезу, 

бесіншісі – дəм...[3]»  дейді.  Автордың  философиялық,  тəлім-тəрбиелік  еңбектерін  психологиялық-

теориялық  жікке  бөліп,  оны:  Қабылдау,  Түйсік,  Тұлға,  Ес  пен  Зейін,  Эмоция,  Сезім,  Темперамент 

аталымдары  бойынша  қарастырады.  Негізінен  алғанда  Мəшһүр-Жүсіп  ақынның  психологиялық 

астарға  толы  еңбектері  ұшан-теңіз.  Жарықбаевтың  ғылымдағы  қалыптастырған  жолын  дала 

данышпанының  «Қан,  Жан,  Ақылға»  берген  анықтамалы  еңбегінен  де  қарастыруымызға  болады. 

Онда ғұлама: «Миың – кіріс, ғақылың (ақылың) – ғарыш ағзам, қуат – махафазан, лух лахфух. Қуат – 

тəңірің,  ғылым...[4]»  деп  пікір  білдіреді.  Дегенмен,  ойшылдың  адам  жанының  ерекше  белгілері 

туралы айтылған ойлары əзірге гуманитарлық ғылымның бұл құбылысқа қатысты терең қатпаларына 

жете  алмай  келе  жатқан,  табиғаты  толық  анықтала  қоймаған  нысандардардың  қатарына  жатады. 

Ақын өзінің шығармашылығында жан негізінен алғанда адами сезімнің көрінісі екендігін айта келіп, 

сол жанның жетілуі үшін, кемелденуі үшін, тазаруы үшін барлық сезім мүшелірінің, мидың, ақылдың 

зор  кешенді  қызмет  атқаратындығын  орынды  көрсете  білген.  Əрине,  жанның  сипатын  діндердің 

барлығы  бергісі  келеді.  М.Ж.  Көпейұлының  түсінігіндегі  адамның  жан  дүниесі  мұсылмандық 

ұстанымдардан туындайды [5]. Оның еңбектерінің психологиялық ерекшеліктері де сонда жатыр.  

Қорыта  айтқанда,  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  тарихына  назар  аударып,  оны  тарихи-

психологиялық  тұрғыда  зерделеуден  өткізетін  болсақ,  онда  бүгінге  күнге  дейінгі  кезеңдерінің 

барлығы  қатпар-қатпар  қиындықтар  мен  қайшылықты  кезеңдерге  толы  болғанын  байқаймыз. 

Дегенмен,  қаншама  ауыртпалы  заман  болса  да  жасындай  жарқырап  еліміздің  өткен  күндерінде 

көптеген дарынды тұлғалардың іргелі көш бастағандығы елдігімізде мадақ. Себебі біз, тəуелсіздіктің 

сындарлы  жылдары  уақыттың  қадірін  білуді  үйрендік.  Өткен  кезеңдер  мен  өмір  сүрген  парасатты 

тұлғаларды  қадірлеуді қазірдің өзінде қарқынды менгеру үстіндеміз. Рухани мəдениетімізді електен 

өткізу  бағытында  көптеген  жұмыстар  болашақта  да  атқарылғаны  баршамызға  аян.  Осы  тарихи 

мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып  өз  халқымыздың  өнегелі  тұлғалары  өрнектеген  рухани 

құндылықтарды əртүрлі қырларынан зерттеу мүмкіндіктері туындап отыр, солардың бел ортасында, 

ақын,  данагөй  ағартушы,  өз  халқының  патриоты – Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  да  бар.  Оның 

мұраларына  бас  ұру  ендігі  жас  ұрпақтың  еншісінде.  Өйткені  бізге  Мəшһүр-Жүсіптің  өркениетін 

қалай  зерттеу,  яки  қай  тұрғыдан  зерттеу  мəселесін  ғалым  Жарықбаев  Құбығұл  Бозайұлының  өзі 

екшелеп берді.  

 

Əдебиеттер 

1.  Көпейұлы М.Ж. Көп томдық шығармалары. – А.: Алаш, 2003. – 1-т. – 504 б. 

2.  Жарықбаев Қ. Қазақ тəлім-тəрбиесі. – АЛМАТЫ : Санат, 1995. – 352 ж. 

3.  Көпейұлы Мəшһүр Жүсіп. Таңдамалы. – Т.1.-Алматы: Ғылым, 1990. -287 б. 

4.  Көпеев Мəшһүр-Жүсіп // Психология: Энциклопедиялық сөздік / бас ред. Б.Ө. Жақып. Жоба авторлары 

Қ.Б. Жарықбаев, О.С. Оспанов. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б. 

5.  Бейсенов Б.Қ. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының əлеуметтік философиясы. – Алматы, 2002. – 20 б. 

 

 

Мырзатаева Б.П. 

(Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тұран университеті) 

 

ПРОФЕССОР Қ.Б. ЖАРЫҚБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 



ЭТНОСТЫҚ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ӨЗІНДІК САНА МƏСЕЛЕЛЕРІ 

 

Кеңес дəуірінен бері қазақ этнопсихологиясының теориялық мəселелерін жан-жақты қарастырып, 



оның дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі жəне бірегейі – педагогика жəне 

психология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Қ.Б.Жарықбаев.  Бұған  оның  ұлт  тілінде 

психологиядан  оқу  құралдарын  құрастырып,  халқымыздың  педагогикалық  жəне  психологиялық  ой-

пікірлерінің  даму,  қалыптасу  жолын  зерттеумен  айналысып,  тоталитарлық  кеңес  дəуірінің  өзінде 

ұлттық мінез-құлық проблемасына бет бұрып, оның өзектілігіне ғалымдар зерттеушілердің назарын 

аударған  академик  Т.Т.Тəжібаев  сынды  ұлағатты  ұстазының  ізін  жалғап,  ұлттық  психология 

мəселесіне ден қоюы жəне сол дəуірдің қуаты əлі таймаған 80-ші жылдары «Аталар сөзі – ақылдың 



17 

көзі» атты кітабын жариялауы дəлел болып табылады [1]. Cодан бері ғалымның еңбектерінде ұлттық 

психологияның  түбегейлі  мəселелері – ұлттық  өзіндік  сана,  ұлттық  мінез,  ұлттық  намыс,  ұлттық 

мақтаныш  жəне  т.б.  осы  секілді  ұғым-түсініктер  жиі  көтеріледі.  Олардың  кейбіреулері  жазылған 

еңбектері  мен  қорғалған  диссертацияларында  шешімін  тапқан.  Профессор  Қ.Б.  Жарықбаевтың 

этнопсихологияның  əдіснамасын  жасауға  арналған  біраз  еңбектері  бар.  Сонымен  қатар,  ғалымның 

қазақ  жастарына  ұлттық  тəлім-тəрбие  беру  арқылы  этностық  жəне  ұлттық  өзіндік  санасын 

қалыптастыруға байланысты зерттеулері бір төбе [ 2; 3; 4; 5; 6; 7] . 

Этностық  өзіндік  сананың  когнитивті  жағы  адамның  өткендегілерін,  белгілі  бір  оқиғалар,  есте 

қалатын  немесе  дəріптелген  күндер,  ұлттық  қаһармандар,  мəдениет,  ғылым  жəне  қоғам 

қайраткерлері, фольклор, дəстүрлер, ғұрыптар мен салттар жəне т.б. туралы білімдер мен түсініктерін 

тарихи  жəне  мəдени  есте  сақтаудан  көрінеді.  Осы  орайда  профессор  Қ.Б.Жарықбаевтың  ғылыми 

еңбектері мен мақалаларындағы психологиялық талдаулары ерекше құнды.  

Осы  ретте  профессор  Қ.Б.Жарықбаевтың  жоғарыда  аталған  «Аталар  сөзі – ақылдың  көзі»  атты 

еңбегінің  толықтырылып, 1996 жылы  «Қазақ  психологиясының  тарихы»  деген  атпен  басылып 

шыққан  кітабына  жеке  тоқталмай  кетуге  болмайды.  Бұл  еңбегінде  ғалым  оқырмандарға 

халқымыздың өмір салты мен өзіндік психологиясын, мақал-мəтелдеріндегі психологиялық ойы мен 

мінез-құлық  нормаларын  ғылыми  білімдермен  сабақтастыра  отырып  терең  талдап  таныстырады. 

Сонымен қатар, қазақ топырағында дүниеге келген ғұламалар Қорқыт ата, Əбу Насыр əл-Фарабидің, 

Ж.  Баласағұнидың,  М.Қашқаридің,  Қ.  Иассауидің  жəне  т.б.  бай  рухани  мұраларын,  ХV-ХІХ  ғғ. 

Асанқайғы,  М.Дулати,  Шалкиіз,  Ақтамберді,  Бұхар,  Дулат,  Махамбет  сынды  ақын-жырауларының 

тəлімдік  тағылымы  мол  шығармаларын,  ағартушы-ғалымдар  Ш.Уəлихановтың,  Ы.Алтынсариннің, 

ғұлама  ойшыл  А.Құнанбаевтың  адамның  жан-жүйесі  жайлы  мұралары  мен  психологиялық 

идеяларын,  ХХ  ғасырдағы  қоғам  қайраткерлері  Ш.Құдайбердиевтің,  А.Байтұрсыновтың, 

Х.Досмұмедовтың,  М.Жұмабаевтың,  Ж.Аумауытовтың  ұлттық  дəстүр,  салт-сана  туралы 

психологиялық  көзқарастары  мен  тұжырымдарын  да  жан-жақты  ашып  түсіндіреді.  Кеңестік 

Қазақстанда  ұлттық  психология  ғылымының  пайда  болуы  мен  дамуына  тоқталып,  М.Əуезовтың, 

С.Балаубаевтың,  Ш.Əлжановтың,  Т.Тəжібаевтың,  Б.Момышұлының  еңбектеріне  талдау  жасап, 

көптеген мəліметтер береді [2].  

Біз  заманымыздың  көрнекті  ғалымы,  профессор  Қ.Б.Жарықбаевтың  халқымыздың  ұлы 

ғұламаларының  шығармаларындағы  өнегелі  өсиеттері  мен  нақыл  сөздерінің  психологиялық  мəнін 

ашу  арқылы  этностық  мəдениетті,  ұлттық  қадір-қасиетті  жəне  олардың  жеке  басының  қасиеттерін 

жас  ұрпақтың  санасына  құйып, бойына дарыту – жас ұрпақтың ұлттық  өзіндік санасы қалыптасқан 

толық тұлға ретінде дамуының кепілі деп түсінетінін байқаймыз.  

Ғалымның  бұл  еңбегі  кейінгі 15-20 жыл  ішінде  қорғалған  этнопсихология  бағытындағы 

диссертациялық  жұмыстарда  қойылған  мəселенің  тарихи  негізін  қарастыруда  көптеген 

зерттеушілерге (соның ішінде осы мақала авторына да) үлкен көмегін тигізгені шындық. 

Сонымен қатар, «сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, осы аталмыш еңбектің соңында ғалым-

ұстаз  еліміздегі  ғылыми  психологияның  келешегі  туралы  сөз  қозғап,  этнопсихологиялық 

зерттеулерде  жекелеген  кемшіліктердің  орын  алып  отырғанын,  эксперименттік-психологиялық 

жұмыстардың  саны  əлі  де  мардымсыз  екені,  көптеген  этнопсихологиялық  түсініктердің  мазмұны, 

негізінен, шетелдік зерттеулердің мəліметтері мен тұжырымдарына сүйенетіні туралы, зерттеушілер 

көбінесе  американ,  француз,  неміс  т.б.  халықтардың  этностық  қарым-қатынастары  мен 

байланыстарына сілтеме жасайтынын айтады [2, 154 б.]  

Терең  білім  иесі,  ұлтжанды  ғалымның  бұл  орынды  сын-ескертпелері  де  еліміздегі  ұлттық 

психологияны  зерттеушілерге  бағыт-бағдар  беріп,  этнопсихологияның  ғылыми  деңгейінің 

көтерілуіне септілігін тигізсе деген игі ниетінен туындағаны сөзсіз. 

Бүгінде 70-ке  жуық  оқулық,  монографиялардың, 1000-нан  астам  ғылыми  мақалалардың  авторы, 

профессор  Қ.Б.Жарықбаев  Қазақстанда  этнопсихология  тұжырымдамасын  тұңғыш  ұсынған  бірден-

бір ғалым. Онда мынадай бөлімдер қамтылған:  

1) Этнопсихологиялық білім – болашақ мұғалімдер ізгілігінің негізі;  

2) Студенттерге берілетін этнопсихологиялық білімнің мазмұны;  

3) Этнопсихологиялық пəндерді біртіндеп оқыту (əр курстар бойынша);  

4) Болашақ мұғалімдерге арналған этнопсихологиялық білімнің жүзеге асырылуының шарттары;  

5) Болашақ ұстаздарға болашақ этнопсихологиялық білім берудің перспективалары [7].  

Ғалымның пікірінше этнопсихологиялық мəселелерді зерттеудің қазіргі жағдайы анағұрлым терең 

талдап қорытуды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жас ғылымның біздің республикамыздың жағдайындағы 

негізгі мəселелері туралы көзқарасында бірнеше тармақты атап көрсетеді. Олардың ішінде төмендегі 

тармақтары ерекше орын алады: 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау