Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет4/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207

10 

күшейтіп,  адамды  ұлтшыл  қылу,  енді  біреулері  оны  бақытты,  келесілері  кісінің  мінезін  түзетіп, 

адамгершілік пен имандылыққа тəрбиелеудің қажеттілігіне ерекше мəн береді дейді.  

Ж. Аймауытов адам мен хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын тізбектей келіп, адамдық 

қасиет саналы өмір сүруі мен іс-əрекетің нəтижесі, ал адамдық шынайы қасиет – саналы өмір сүру, 

қауым  болып  бірлесіп,  əр  қоғамда  əрекет  етіп,  тіршілік  ету,  ұрпақ  өсіру,  бұлардың  бəр-бəрі – 

қоғамдық  еңбектің  жемісі,  əрі  тəрбиенің  түрлі-түрлі  болуынан  дейді.  Кісі  тонау,  өлтіру  сықылды 

бұзақылықтар  жасау  тəрбиені  дұрыс  берілмегенінен,  жетесіздіктен  дей  отырады.  Ол  тəрбиенің  сан-

саналы  болатындығын,оның  екі  басты  түрі  болатынын,  олар:  дене  тəрбиесі  мен  жан  (рух)  тəрбиесі 

екендігін ерекше атап кетеді.  

Ж. Аймауытов бала тəрбиесін ерекше əсер ететін себептерді былайша тізбектейді. Олар: мектеп 

(медресе), оқытушы (ұстаз, тəлімгер), құрбы-құрдас, замандастар, өскен орта, отбасы, əке-шеше, ата-

əже,  білім  мен  өнеге,  т.б.,  т.с.с.  Автор  бала  мінезін  жас  шыбыққа  теңейді, «сүйекке  сіңген  мінез 

сүйекпен кетеді» деп əке-шеше тəрбиесінің пəрменділігін атап өтеді. Тəлімгер-ғалым бала тəрбиесіне 

туған елдің əдіт-ғұрпы мен салт-сана, табиғат, тұрмыс əсер ететінін де еске салады. Мəселен, ойын-

сауық,  өлең-жырды  естіп  өткен  қазақ  баласы  өнерге  бір  табан  бейім  болып,  ал  діндар  отбасынан 

шыққан  бала  діншіл  келеді,  жастайынан  кемдік,  жоқшылық  көріп  өскен  бала  жасқаншақ,  бұйығы 

болып өседі. Бүлдіршінді дұрыс тəрбиелеу – əрбір тəрбиешінің (ата-ана, мұғалім, т.б.) өздері тəрбиелі 

болуынан, мұны бала санасына айтып ұқтырғаннан гөрі, жақсы, өнегелі  əсер ету қажет. Сондықтан 

балаға жақсы мінезбен бірге қоса жақсы іс-əрекетті көрсету қажет дейді автор. 

Психологиялық астарлары мол тəрбие процесінің жай-жапсарын көрсете келіп, автор сөз соңында 

адамның тəн сырқатын емдейтін дəрігер мамандығымен адам жанын сауықтыратын, оның ақыл-есін, 

мінез-құлқын  тəрбиелеп,  жетілдіретін  ұстаз  (мұғалім,  тəлімгер)  еңбегін  салыстыра  отырып,  бұл  екі 

мамандықтың  да  тəні  сау,  рухани  байлығы  мол  жан-жақты  жетілген  абзал  жанды,  сергек  маман 

болып,  олардың  жас  ұрпақ  тəрбиелеудегі  өлшеусіз  мол  еңбегінің  маңыздылығын  өте  орынды  атап 

өтеді. 


Ж.  Аймауытов  өзінің  тəрбие  процесі  жайлы  педагогикалық-психологиялық  толғаныстарын 1924 

жылы  Орынборда  жарық  көрген  «Тəрбие  жетекшісі»  атты  іргелі  еңбегінде  əрмен  қарай 

жалғастырады. 

1930-1945  жылдар  арасында  қазақ,  орыс  тілдерінде  жарияланған  еңбектер  саусақпен  санарлық 

болғанын  жоғарыда  айтқанбыз.  Осынау  төл  туындылар  одан  кейінгі  жылдары (1930-1940) С. 

Балаубаевтың,  С.  Қожахметовтың,  Ш.  Əлжановтың,  Ə.  Сыдықовтың  қаламдарынан  туындады. 

Бұлардың  ішіндегі  іргелі  еңбек – Т.Т.  Тəжібаевтың  «Психология  и  педагогическая  психология  К.Д. 

Ушинского» (1948) атты  орыс  тілінде  жарық  көрген  көлемді  еңбегі,  сондай-ақ  оның  «Абайдың 

психологиялық көзқарастары» («Халық мұғалімі», 1952, №2, 3) төл туындылары еді.  

Өткен  ғасырдың 50-жылдарынан  бастап  М.М.  Мұқанов  пен  Қ.Б.  Жарықбаевтың  жекелеген 

еңбектері  мен  газет-журналдарда  (қазақ,  орыс  тілдерінде)  психологияның  түрлі  саласынан  (жалпы, 

педагогикалық,  жас  ерекшелік,  əлеуметтік,  т.б.)  жазған  еңбектері  жарық  көрді.  Мəселен,  М.М. 

Мұқановтың  бір  өзі 10-нан  астам  жеке  еңбек  жазса,  Қ.Б.  Жарықбаев  қазақ  студенттеріне  арнап 

«Психология» (Алматы, 1962), оқу  құралын  жарыққа  шығарды. 1962-2017 жылдар  арасында  ол 80-

нен  аса  жеке  еңбек  (оқулық, монография, əдістеме, т.б.) пен 1200-ден астам мақалаларды жинақтар 

мен журналдарда (қазақ, орыс тілдерінде) жариялады. 

Қазақ,  орыс  тілдерінде  жарияланған  психологиялық  төл  туындылардың  саны  еліміз  егемендігін 

жариялап,  тəуелсіз  ел  болғаннан  кейін  үдей  түсті.  Мұның  басты  себебі, 1993 жылдан  бастап  Абай 

атындағы 

Қазақ 


педагогикалық 

университеті 

психологиядан 

кандидаттық, 

докторлық 

диссертациялардың қорғауы еді. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстанда психология ғылымынан 40-тан 

астам  докторлық, 150-дей  кандидаттық  диссертациялар  қорғалды.  Бұлардың  ішінде  О.  Айма-

ғанбетова,  М.  Ахметова,  Б.  Əмірова,  С.  Бердібаева,  Ə.  Көкебаева,  Қ.  Жарықбаевтың  ұлттық 

психологиядан  орыс,  қазақ  тілдерінде  жарық  көрген  еңбектерін  ерекше  атап  келтіруіміз  керек. 

Бұлардың  бəрі-бəрі  Қ.Б.  Жарықбаевтың  «Қазақ  психология  ғылымындағы  биобиблиографиялық 

көрсеткіштері» (1917-2017) атты жинағында жарияланғанын тағы да атап өткеніміз абзал. 

Тəуелсіздік  жылдарында  қорғалған  докторлық  диссертацияларды  айта  кететін  болсақ,  олар:  Ж. 

Намазбаева,  Х.  Шерьязданова,  Н.А.  Логинова,  В.К.  Шабельников,  Р.  Аязбекова,  О.  Аймағанбетова, 

С.Бердібаева,  Б.Əмірова,  О.  Саңғылбаев,  А.М.  Ким,  А.  Ақажанова,  А.  Ерментаева,  Н.  Ладзина,  Р. 

Каримова,  З.  Мадалиева,  А.  Сатова,  Н.  Тоқсанбаева,  Н.  Жиенбаева,  А.  Лекерова,  Н.  Шадрин, 

Н.Ахтаева, Д. Дүйсенбеков, М. Искакова, К. Наубаева, Ш. Байтикова, Қ. Ə. Көкебаева, Қ.Жарықбаев, 

А. Нұрмағамбетова, Ф. Ташимова, Н. Баримбеков, М. Перленбетовтың еңбектерін айтуға болады.  



11 

Бұл  диссертациялардың  тақырыптары  сан  алуан  болып  келеді  жəне  психологияның  қазақ 

психологиясы  тарихы  мен  теориясы,  этнопсихология,  жалпы,  жас,  педагогикалық,  əлеуметтік,  заң, 

экономика, т.б. салаларын қамтиды. 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне  келсек,  Қазақстанда  психологиядан  қорғалған  докторлық 

диссертациялардың  жалпы  саны  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Түркменстан,  Тəжікстан,  Əзірбайжан 

республикаларының  ғалымдарының  санынан  асып  отыр.  Бұл  еліміз  үшін  зор  мақтаныш.  Осы 

айтылғанға  орай, «Мəңгілік  Қазақ  елі»  ТМД-дағы  мемлекеттердің  ішінде  алдыңғылардың  сапында 

тұр. Бұл жайт еліміздің болашақта дамыған 30 елдің қатарына ұялмай қосылуына мүмкіндік туғызып 

отырған фактор екендігіне дау жоқ дер едік. 

Ілкі бастауын, ірге тасын Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов сынды тұлғалар қалаған 

қазақ  психологиясы  бір  ғасыр  көлемінде  кемелдене  түсіп,  өзінің  тарихи  маңыздылығын  күн  санап 

дəлелдеп келеді. Осыған орай, алдағы уақытта қазақ психологиясы жаңа белестерге көтеріліп, «Ұлы 

дала жан ілімі» ретінде рухани жаңғырудың негізгі күштерінің біріне айналатынына кəміл сенеміз.  



 

 

Жұбаназарова Н.С., Жұмағұлова Г.Ш., Болтаева А.М. 

(Қазақстан Республикасы Алматы қ, 

əль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті) 

 

Ш.Е. ƏЛЖАНОВТЫҢХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ  

 

ХХ  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  қазақтың  көптеген  зиялы  перзенттерінің,  көрнекті 



ғалымдарының  педагогикалық-психологиялық  ой-пікірлері,  еңбектері  қазіргі  заманғы  педагогика, 

психология  ғылымдарының  дамуына  арқау  болатындығы  сөзсіз.  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып 

Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шəрапи Əлжанов, Əлихан 

Бөкейханов  сынды  қазақтың  ағартушы  ғалымдары  өздерінің  қысқа  ғұмырына  қарамастан, 

педагогика,  психология  ғылымдарының  сан-салалы  жақтарын  талдаумен  қатар,  əлі  күнге  дейін 

өзектілігін  жоғалтпаған  мəселелерді  де  көтерген.  Халқымыздың  тəлім-тəрбиелік,  педагогикалық, 

психологиялық  мұрасы  ұшан  теңіз  екені  соңғы  кезде  айтыла  бастады.  Бұл  жөнінде  жазған  бірнеше 

докторлық,  кандидаттық  диссертациялар,  жарияланған  ғылыми  еңбектер  бар.  Əйтседе,  Ресей 

кезіндегі Қазақстандағы тəлім-тəрбие ғылымының, оның ішінде психология ғылымының тарихы əлде 

де  болса  өзінің  зерттеуін  күтіп  отыр.  Мəселен, 20-30 жылдар  аралығындағы  Қазақстандағы 

педагогикалық  психологияның  даму  жолын  зерттеу,  ұлы  адамдардың  жеке  психологиялық  ой-

пікірлерін,  мұраларын  психологиялық  тұрғыдан  қарастыру  əлі  толық  зерттелмей  келеді.  Бұл  біздің 

халық  алдындағы,  ғылым  алдындағы  үлкен  парызымыз  да,  қарызымыз  да  деуге  болады.  Осындай 

ғұлама қайраткерлердің қатарына педагогика жəне психология саласын зерттеген профессор Шəрапи 

Əлжановты жатқызуға болады.  

Профессор  Қ.Б.  Жарықбаевтың  айтуынша,  Ш.  Əлжанов  «өнер  мен  білім,  ғылым  мен  мəдениет 

саласындағы  тамаша  талантымен  танылған  ғалымдардың  бірі.  Оның  өлмес  мұраларын  жан-жақты 

зерттеу,  Тəуелсіздікке  қолы  жеткен  бүгінгі  Қазақстан  ғылымы  мен  мəдениетін  қалыптастыру  жəне 

оны есейту жолында қосқан үлесіне тиісті баға беру алдағы күннің сыбағасы». Сондықтан да Шəрапи 

Əлжановтың  еңбектерін  танып,  оның  ғылыми  мұраларын  бүгінгі  күннің  қолданыс  аясына  түсіру 

басты қажеттіліктердің бірі деп санаймыз [1]. 

Шəрапи  Əлжанов  тарихи  тағылымы  мол,  өзінің  құнды  ой-пікірлерімен  əйгілі,  қазақ  педагогика 

ғылымындағы көрнекті ғалымдарының бірі.  

Шəрапи  Əлжанов ауыл молдасынан  оқып хат таныған, əкесі жергілікті орыс, қазақ байларының 

малын  бағып,  өмірін  үнемі  жалшылықта  өткізген  кедей  шаруалардың  бірі.  Шəрапи  Əлжанов 1912 

жылы Шортанды станциясындағы орыс мектебіне оқуға түседі. Ол көреген əкенің ақылымен, тамыр 

орыстарының  үйінде  тұрып,  осы  мектепте  орысша  сауатын  ашады.  Ал, 1915 жылы  «Жоғары 

бастауыш  училище»  атты  мектепті  бітіреді.  Содан  кейін  оқуға  түсуге  қаражаты  болмай,  кейінгі 

жылдары Көкшетау уезінің əртүрлі шаруашылық мекемелерінде тілмаш болып өз қызметін атқарады.  

Атақты жазушы Төлеген Қажыбай өзінің Шəрапи Əлжанов туралы ой-толғамында оны жасынан 

білімге ала бөтен іңкəрлігімен ерекше ұмтылыс танытқан деп сипаттайды, оның жан дүниесі таза, аса 

кішіпейіл, білімді ғалымдардың бірі болғандығын əріптестері де, өзінің шəкірттері де аса бір ыстық 

ілтипатпен атайды [2]. 

Қазақстанның Солтүстік облыстарында Кеңес өкіметі орнаған тұста Ш. Əлжанов Қызылжардағы 

губерниялық  атқару  комитетіне  оқуға  түсуге  келеді. 1920 жылдың  басында  губерниялық  атқару 

комитеті Омбы қаласында ашылған кеңес-партия мектебіне оқуға жібереді. Бұл мектепте ол сегіз ай 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау